Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 6 маусымдағы № 380 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 маусымдағы
№ 380 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2298 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 4, 48-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелу жағдайларын айқындау туралы";

      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды гуманитарлық көмек ретінде Қазақстан Республикасының аумағына әкелудің мынадай жағдайлары айқындалсын:".

      2. "Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 желтоқсандағы № 1288 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 79, 681-құжат):

      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның денсаулық сақтау жүйесінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;";

      қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жазылсын.

      3. "Медициналық және фармацевтикалық қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 23 қазандағы № 669 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 60, 325-құжат.):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      "1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары медициналық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      2) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган фармацевтикалық қызметті жүзеге асыру бойынша лицензиар болып;

      3) тиісті аумақтардағы халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге медициналық және фармацевтикалық қызметке лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын органдар болып айқындалсын.".

      4. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысында:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.".

      5. "Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 шілдедегі № 515 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 37-38, 265-құжат):

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларын бекіту туралы.";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларында:

      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2009 жылғы 18 қыркүйектегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 6-бабының 12-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және бірыңғай дистрибьютордың тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін таңдау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) бірыңғай дистрибьютор – қызметін Кодекстің 77-бабына сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асыратын заңды тұлға;

      2) дәрілік зат – затты не заттардың құрамасын білдіретін немесе қамтитын, адам организмімен байланысқа түсетін, адамның ауруларын емдеуге, олардың профилактикасына немесе оның физиологиялық функцияларын фармакологиялық, иммунологиялық не метаболизмдік әсер ету арқылы қалпына келтіруге, түзетуге немесе өзгертуге немесе адамның аурулары мен жай-күйінің диагностикасына арналған зат;";

      3) медициналық бұйымдар – медициналық мақсаттарда жеке немесе өзара ұштастырылып, сондай-ақ арнайы бағдарламалық қамтылымды қоса алғанда, көрсетілген бұйымдарды мақсаты бойынша қолдану үшін қажетті керек-жарақтармен бірге қолданылатын, аурулардың профилактикасы, диагностикасы, оларды емдеу, медициналық оңалту және адам организмінің жай-күйін мониторингтеу, медициналық зерттеулер жүргізу, организмнің анатомиялық құрылымын немесе физиологиялық функцияларын қалпына келтіру, алмастыру, өзгерту, жүктілікті болғызбау немесе үзу үшін медициналық бұйымды өндіруші арнап шығарған және функционалдық мақсаты адам организміне фармакологиялық, иммунологиялық, генетикалық немесе метаболизмдік әсер ету жолымен іске асырылмайтын және дәрілік заттарды қолдану арқылы сүйемелденуі мүмкін кез келген құралдар, аппараттар, аспаптар, жабдық, материалдар және басқа да бұйымдар;

      4) екі кезеңдік рәсім пайдаланылатын конкурс (бұдан әрі – конкурс) – әлеуетті өнім берушілер арасында ашық бәсекелестікті көздейтін және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алудың ең төменгі бағасын айқындауға бағытталған, әлеуетті өнім берушіні осы Қағидаларға сәйкес аукционды қолдана отырып таңдау тәсілі;

      5) конкурстық өтінім – техникалық ерекшелікке және осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес жасалған әлеуетті өнім берушінің ұсынысы;

      6) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі ұзақ мерзімді шарт – бірыңғай дистрибьютор тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) талаптарына сәйкес келетін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектімен – Қазақстан Республикасының резидентімен жасасатын, қызметтер көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;

      7) бірыңғай дистрибьютордың ақпараттық жүйесі – бірыңғай дистрибьютордың қызметін автоматтандыратын және дистрибуция процесінде барлық мүдделі талаптармен электрондық құжаттар алмасу жүргізуге мүмкіндік беретін, бірыңғай дистрибьютор айқындайтын ақпараттық жүйе;

      8) амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді есепке алу ақпараттық жүйесі – амбулаториялық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек шеңберінде рецепттер жазып беруді, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тауарды босатуын немесе есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметті есепке алуды автоматтандыруға арналған денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындайтын ақпараттық жүйе;

      9) сарапшы – сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуге және (немесе) әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігіне сәйкестігіне қатысты сараптамалық қорытындыны дайындауға қатысу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы не тапсырыс беруші тартатын, өткізілетін мемлекеттік сатып алу саласында тиісті құжаттармен (дипломдармен, сертификаттармен, куәліктермен және басқа да құжаттармен) расталатын арнайы және (немесе) техникалық білімі, тәжірибесі мен біліктілігі бар жеке тұлға;

      10) аукцион – ең төмен бағаны айқындау мақсатында әлеуетті өнім берушілердің бағаларын салыстыру;

      11) әлеуетті өнім берушілердің үлестес тұлғасы – осы әлеуеттi өнiм берушiнiң шешiмдерiн айқындауға және (немесе) ол қабылдайтын шешiмдерге, оның iшiнде жазбаша нысанда жасалған мәмiленiң күшiне орай ықпал етуге құқығы бар кез келген жеке немесе заңды тұлға, сондай-ақ өзiне қатысты осы әлеуеттi өнiм берушiнiң осындай құқығы болатын кез келген жеке немесе заңды тұлға;

      12) техникалық ерекшелік – сатып алынатын көрсетілетін қызметтер сәйкес келуге тиіс талаптардың сипаттамасы;

      13) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызмет – операциялық қоймалардың және (немесе) бөлу орталықтарының арасында тауарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтің өнім берушісінің тапсырыс берушілерге қызмет көрсету туралы шарт шеңберінде тауарды қабылдаумен, сақтаумен, есепке алумен және тасымалдаумен байланысты дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің бірыңғай дистрибьюторға көрсетілетін қызметі;

      14) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің құны – көрсетілетін қызметтің осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметті сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы бойынша тауар бағасынан он екі пайыздан аспайтын мөлшердегі құны;

      15) өнім берушінің тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі шығынын өтеу – көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша бірыңғай дистрибьютордың дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтердің өнім берушісінің тауарларды өткізу және есепке алу шығындарын қордың қаражаты есебінен өтеуі;

      16) бірлесіп орындаушы – әлеуетті өнім беруші тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету шартын бірлесіп орындау үшін тартатын денсаулық сақтау субъектілері;

      17) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметін көрсету шарты – тиісті қаржы жылына арналған барлық қосымшаларына тараптардың қолдары қойылған, жазбаша нысанда тіркелген, осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес бірыңғай дистрибьютормен және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу қызметтерін жеткізушінің арасында жасалған шарт;

      18) бірыңғай дистрибьютордың үлестес тұлғасы – шешiмдерді тікелей және (немесе) жанама айқындауға және (немесе) бірыңғай дистрибьютор қабылдайтын шешiмдерге, оның ішінде шартқа байланысты ықпал етуге мүмкіндігі бар адам (ұсынылған өкілеттіліктер шеңберінде оның қызметін реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды қоспағанда), сондай-ақ өзiне қатысты бірыңғай дистрибьютордың осындай құқығы болатын кез келген адам;

      19) тиісті дистрибьюторлық практика (GDP) – дәрілік заттарды өндірушіден бөлшек саудада өткізуді немесе медициналық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарды қоса алғанда халыққа босатуды жүзеге асыратын субъектілерге дейін сақтау мен тасымалдауды қоса алғанда, беру тізбегінің барлық кезеңдерінде дәрілік заттардың сапасына кепілдік беретін сапаны қамтамасыз ету жүйесінің бір бөлігі;

      20) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызмет – дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы субъектілердің халықты дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен қамтамсыз етумен байланысты есепке алуды, сақтауды, халыққа өткізуді (рецептімен босату) қамтамасыз ететін қызметі;

      21) сатып алу – осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен және тәсілдермен тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді, сондай-ақ есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді бірыңғай дистрибьютордың сатып алуы;

      22) әлеуетті өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасуға үміткер кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      23) өнім беруші – осы Қағидаларға сәйкес қызметтер көрсету шартын жасасқан, кәсіпкерлік қызметтер жүзеге асыратын жеке тұлға, заңды тұлға (егер Қазақстан Республикасының заңдарында олар үшін өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда);

      24) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы;

      25) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;

      26) тауар – дәрілік заттар, медициналық бұйымдар;

      27) дәрілік заттың халықаралық патенттелмеген атауы – дәрілік заттың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған атауы;

      28) денсаулық сақтау субъектілері - денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жекеше медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      29) бірыңғай дистрибьютордың прайс-парағы – бірыңғай дистрибьютор сатып алған тауарлардың сипаттамалары, өлшем бірліктер, бөліп салынуы, өндірушінің атауы, өндірушінің елі, бір бірлік үшін бірыңғай дистрибъютордың үстеме бағасын ескере отырып, бірыңғай дистрибьютордың тізімі бойынша шекті бағадан аспайтын бағасы көрсетілген тауарлар тізімінен, сондай-ақ дәрілік заттар үшін саудадағы және халықаралық патенттелмеген атауына немесе құрамына, медициналық бұйымдардың сауда атауынан немесе құрамынан медициналық бұйымдар үшін саудадағы атауынан немесе құрамынан тұратын, тапсырыс берушілер мен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер үшін бірыңғай дистрибьютор бекітетін тауарларға баға ұсынысы;

      30) медициналық әлеуметтік сақтандыру қоры – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілері көрсететін қызметтерді медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алу мен оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      31) бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасы – бірыңғай дистрибьютор сатып алатын дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың жеткізу шартында көрсетілген бағасына денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекітетін үстеме баға;

      32) тауарларды сақтау және тасымалдау жөнінде көрсетілетін қызметтердің нақты бағасы (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет бағасы) – тауарды сақтау және тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтер құнының мына формула бойынша есептелген ақшалай мәні:

      сақтау жөнінде көрсетілетін қызметтер бойынша (W) = Wj*(S1+S2), мұндағы Wj – өңірге қарай конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан 1 паллета орынның құны (j), S1 – арнайы температуралық режимі бар паллета орындардың саны; S2 – арнайы температуралық режимі жоқ паллета орындардың саны;

      тасымалдаудың көрсетілетін қызметі бойынша (T) = Cij * K1 * K2, мұндағы Cij – автокөлік құралының жүк көтеру қабілетіне (i) және өңірге (j) қарай тасымалдаудың 1 км үшін конкурс нәтижелері бойынша қалыптасқан құны, К1 – тауарды тасымалдау үшін температура реттелетін жабдықты пайдалану қажет болғанда түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы); К2 – қысқы дизель отынын пайдаланылған кезде қысқы маусымдағы түзету коэффициенті (бағаның қымбаттауы);

      тиеу-түсіру жұмыстары бойынша (L) = Lj * Lki, мұнда Lj – конкурс нәтижесі бойынша қалыптасқан өңірге (j) қарай тиеу және түсіру жұмыстарының 1 нормо сағаты үшін құны; Lki – тоннаға (i) байланысты автомобильді түсіру/тиеу үшін жұмсалатын нормо сағаттардың саны;

      33) тауарларды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің құны – осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен көрсетілетін қызметтерді сатып алу нәтижелері бойынша белгіленген, бірыңғай дистрибьютордың үстеме бағасының есебінен көрсетілетін қызмет бағасын пайдалана отырып есептелген қызметтің құны;

      34) тауарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтің алдын ала құны – сақтау жөнінде көрсетілетін қызмет (теңге/паллета орын), тасымалдау (теңге/километр) және тиеу-түсіру жұмыстары (теңге/норма-сағат) көрсетілетін қызметтер бойынша кемінде үш прайс-парақты (баға немесе коммерциялық ұсыныстарды) ескере отырып, бірыңғай дистрибьютор қалыптастыратын тиісті қаржы жылына көрсетілетін қызметті сатып алу үшін бөлінген сома. Көрсетілетін қызметтердің нарықтық ұсыныстарын айқындау кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тапсырыс берушілердің бастапқы өтінімдерін және тиісті қаржы жылына бірыңғай дистрибьюторға ұсынылған қажеттіліктің алдын ала жиынтық есептеулерін жинау кезінде алынған көлемдері қолданылады;

      35) бөлу орталығы (фармацевтикалық хаб) – бірыңғай дистрибьютордың дәріханалық қоймасы (меншік құқығында немесе өзге заттай құқықта, оның ішінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты, дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсетудің ұзақ мерзімді шарты негізінде бірыңғай дистрибьюторға тиесілі қойма) немесе сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтер шеңберінде тауар жеткізушілерден тауарды, оның ішінде төмендемейтін қорды және ауыспалы қалдықтарды қабылдауды, есепке алу мен сақтауды қызмет көрсету өңірінде орналасқан операциялық қоймаларға және (немесе) тапсырыс берушілерге және тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге тауарларды босату мен тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің дәріханалық қоймасы;

      36) қызмет көрсету өңірі – бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікті қамтитын (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана), олардың бірінде бірыңғай бөлу орталығы орналасқан Қазақстан Республикасы аумағының бөлігі;

      37) операциялық қойма – әкімшілік-аумақтық бірлікте (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) орналасқан, бөлу орталығынан және (немесе) жеткізушіден тауарды қабылдауды, әкімшілік-аумақтық бірліктің (облыс, республикалық маңызы бар қалалар, астана) аумағында орналасқан тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерге және тауарларды есепке алуды, сақтауды, тапсырыс берушілерге босатуды және тасымалдауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау субъектілерінің дәріханалық қоймасы;

      38) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі қызметтерді көрсету шарты – тиісті қаржы жылына кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғамен немесе бірыңғай дистрибьютор немесе Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлғамен бірыңғай дистрибъютор жасасатын қызмет көрсетудің азаматтық-құқықтық шарты;

      39) тапсырыс берушілер – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелер, ведомстволық бөлімшелер (ұйымдар), сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарға, дауыс беру акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық қызметтер көрсететін мемлекеттік кәсіпорындарға, заңды тұлғаларға тиесілі денсаулық сақтау субъектілері;

      40) тапсырыс берушілердің қажеттілігі – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, сондай-ақ орталық атқарушы органдар және әскери-медициналық (медициналық) бөлімшелері, ведомстволық бөлімшелері (ұйымдары) бар өзге орталық мемлекеттік органдар ұсынған тапсырыс берушілердің бастапқы өтінімдерінің және қажеттілікті жиынтық алдын ала есептеу сомасы, оның ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен бірыңғай дистрибьюторға мәлімделген тауарлардың көлемі;

      41) паллета-орын – бір паллетаны сақтаудың көрсетілген қызметтері үшін есептеу бірлігі, мұнда паллета – жүктерді жинау, жинақтау, қайта тиеу және тасымалдау үшін негіз ретінде пайдаланылатын, қатты алаңы және ірілендірілген жүк бірлігін құру үшін жеткілікті орны бар көліктік ыдыс;

      42) норма-сағат – жұмыстарды орындау уақытының бірлігі, көрсетілетін қызметтерді жеткізуші жасайтын тиеу-түсіру жұмыстары үшін есептеу бірлігі: көлік құралын босату, тауарды сақтауға орналастыру, тауарды тиеу/орнын ауыстыру үшін жинақтау (жинау), паллеттеу (паллетаға орналастыру және қаптау материалымен орау), көлікке тиеу, жеткізу орнында түсіру.";

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының халқын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен үздіксіз қамтамасыз ету.";

      16-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;

      "4) дәрілік заттардың халықаралық патенттелмеген атаулары немесе құрамы, медициналық бұйымдардың атаулары немесе құрамы, олардың сипаттамалары және (немесе) техникалық сипаттамалары мен көлемдері көрсетілген әрбір лот бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің атауы;";

      39-тармақта:

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      5) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге рұқсаттардың және (немесе) хабарламалардың көшірмелері. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесін ұсынады;";

      10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) есепке алу жөніндегі қызметтерді сатып алу кезінде, қажет болған жағдайда – "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттер ашылатын күнге дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуге тиіс). Әлеуетті өнім беруші тиісті дәріханалық практика сертификатының (GPP) көшірмесін ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;

      11) бірлесіп орындаушылармен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі қызметтерді көрсету ниеті туралы шарттарының және (немесе) бірлесіп орындаушылармен қызметтерді көрсету кезеңіне дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың бөлшек саудасы объектілерінің атауларын, мекенжайларын; лицензияны және оларға қосымшаларды беру нөмірін және күнін, ұйым басшысының тегін, атын, әкесінің атын (болған жағдайда) көрсете отырып, екі кезеңдік конкурс өткізу арқылы тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарлама орналастырылғаннан кейін жасалған шарттардың көшірмелерін. Бір қаржы жылында бір көзден сатып алу тәсілімен тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды жүзеге асыру кезінде не екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып қайтадан тендер өткізу кезінде әлеуетті жеткізушілер бірлесіп орындаушылармен қызметтерді көрсету кезеңіне екі кезеңдік конкурс өткізу арқылы тауарларды есепке алу және өткізу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша хабарлама орналастырылғаннан кейін жасалған шарттар ұсынылады;";

      77-тармақта:

      6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мәліметтері мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде расталатын "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған тиісті фармацевтикалық қызметпен айналысуға және (немесе) медициналық бұйымдарды өткізуге арналған рұқсаттардың (хабарламалардың) көшірмелері ұсынылмаған не мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған көшірмесі ұсынылмаған;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) есепке алу жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде, қажет болған жағдайда – "салқындату тізбегінің" болуы туралы санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі ұсынылмаған (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс), әлеуетті өнім беруші тиісті дәріханалық практика сертификатының (GPP) көшірмесін ұсынған жағдайда, жоғарыда көрсетілген актілер ұсынылмайды;";

      95-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтауға және тасымалдауға, есепке алуға және өткізуге байланысты көрсетілетін қызметтерді сатып алу мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында көрсетілген жағдайларда бір көзден алу тәсілмен сатып алуды жүзеге асырады.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 6 иаусымдағы
№ 380 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 1288 қаулысына
қосымша

Өтініш берушінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі бөлігінде есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызметті жүзеге асыруға лицензия беруді келісетін мемлекеттік органдар

Р/с №

Келісетін мемлекеттік орган

Лицензияланатын қызмет түрі

Лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрі

Лицензиар

1

2

3

4

5

1

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарын әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттары бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

2

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі

Есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

1. Есірткі заттарды әзірлеу, өндіру, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
2. Психотроптық заттар мен прекурсорларды өндіру.
3. Психотроптық заттар мен прекурсорларды әзірлеу, қайта өңдеу, тасымалдау, жөнелту, сатып алу, сақтау, бөлу, сату, пайдалану, жою.
4. Құрамында есірткі заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау.
5. Құрамында психотроптық заттар бар өсімдіктер мен шөптерді өсіру, жинау, дайындау

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

3


Денсаулық сақтау саласындағы есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымына байланысты қызмет

сатып алу, сақтау, бөлу, өткізу, пайдалану, жою

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады