Байланыс формасы

"Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 13 маусымдағы № 403 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 256 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 23-24, 137-құжат) мынадай өзгерістер енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекiтiлген Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу қағидаларында:

      3-тармақтың 2) және 3) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) тұрғын үй-жайды жалдау бойынша:

      мемлекеттiк мекемелердiң басшылары мен басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары мен Жоғарғы Сотының судьялары үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөнiндегi шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулiгiне айлық есептiк көрсеткiштің он еселенген мөлшерiнен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен және аудан орталықтары мен аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде айлық есептік көрсеткіштің бес еселенген мөлшерінен аспауға тиiс;

      мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін тұрғын үй-жайды жалдау жөніндегі шығыстарды өтеу нормасы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Байқоңыр қалаларында – тәулігіне айлық есептік көрсеткіштің жеті еселенген мөлшерінен, облыс орталықтары мен облыстық маңызы бар қалаларда – айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен, аудан орталықтарында, аудандық маңызы бар қалаларда және Ақмола облысы Бурабай ауданының Бурабай кентінде – айлық есептік көрсеткіштің төрт еселенген мөлшерінен және ауылдық округтерде айлық есептік көрсеткіштің екі еселенген мөлшерінен аспауға тиіс;

      3) іссапарда болатын жерге және тұрақты жұмыс орнына кері қарай жол жүру бойынша (іссапарға жіберілген адамға әкімшілік тиісті қозғалыс құралын ұсынатын жағдайлардан басқа) көрсетілген жол жүру құжаттарының (жол жүру билеті мен отырғызу талонының, автобуспен жол жүрген кезде тек жол жүру билетінің) негізінде темiржолмен жүрген кезде – купе вагонының (жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) вагондарды қоспағанда) тарифі бойынша; су жолдарымен, тас және топырақ жолдармен – сол жергiлiктi жерде қолданылып жүрген жол жүру құны бойынша; ерекше жағдайларда (Қазақстан Республикасынан тыс жерге іссапарға жіберілген жағдайда, транзитпен жүріп өткен кезде, аталған көлік құралдары болмаған немесе іссапар шұғыл болған кезде) орталық атқарушы органның жауапты хатшысының (белгiленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкiлеттiктерi жүктелген лауазымды адамның), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысының бұйрығына (өкiміне) сәйкес темiржол көлiгiмен жол жүрген кезде жұмсақ дивандары төменде орналасқан, қалпын реттеу құрылғысы бар отыруға арналған жұмсақ креслолы екі орындық купе (ҰВ) тарифтері бойынша және әуе көлiгiмен экономикалық класс тарифі бойынша; мемлекеттік органның басшысына, мемлекеттік орган басшысының бірінші орынбасары мен орынбасарларына, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға, орталық атқарушы органның жауапты хатшысына (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамға), ал мұндайлар болмаған жағдайда – мемлекеттiк мекеме басшысына әуе көлiгiмен жол жүрген кезде экономикалық класс тарифі бойынша; Қазақстан Республикасының Парламентi Сенатының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Сенаты Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Парламентi Мәжілісінің Төрағасына, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасарына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, оның бірінші орынбасарына және орынбасарларына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысына, оның орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысына, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығына, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілеріне және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларға теңестірілген тұлғаларға әуе көлігімен жол жүрген кезде "Бизнес" класс тарифі бойынша;";

      7-тармақта:

      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, сондай-ақ олармен бірге жүретін адамдар (Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік хатшысының жұбайлары), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің қызметкерлері (күзетілетін тұлғамен бірге жүргенде) шетелге жол жүрген кезде шетелдік валютадағы көліктік шығыстар 1-сынып бойынша авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі;

      2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, орталық атқарушы органдар басшыларының бірінші орынбасарлары және орынбасарлары, жауапты хатшылары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар "Бизнес" класс авиабилетінің құны мөлшерінде шетелдік валютада өтеледі;";

      5) тармақшаның үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарларын, орталық атқарушы органдар басшыларының бірінші орынбасарларын және орынбасарларын, жауапты хатшыларын, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілін, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілін, Қазақстан Республикасынан Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесін қоспағанда, осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген лауазымды адамдар үшін – люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;

      Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының бірінші орынбасарлары, орынбасарлары, орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі, Еуропалық комиссияның (Еуропалық Кеңестің Венеция комиссиясы) мүшесі үшін – жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша;";

      5) тармақшаның алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысымен, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасымен, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрімен, Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің Төрағасымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге жүретін адамдар үшін іс жүзіндегі шығындар бойынша, оның ішінде броньдау бойынша шығыстар;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады