"Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 414 қаулысы

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 178-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі оған "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Рухани-адамгершілік құндылықтарға, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысты ақпарат тарату "Қазақ газеттері" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 414 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріcтер

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 123-136-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 375-7-жол алып тасталсын.

      3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне дивидендтер мен ұйымдардағы қатысудың мемлекеттік үлестеріне кірістер туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 шілдедегі № 633 қаулысында:

      3-2-қосымшада:

      реттік нөмірі 7-жол алып тасталсын.

      4. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі" деген жол алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесінде:

      1-тармақта:

      "Жас өркен" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;" деген жол алып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады