2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы:

      1) 2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимде;

      2) 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығындағы кезеңде планшеттерді пайдалану арқылы өткізілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қоса беріліп отырған 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар:

      1) Жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін;

      2) есепті тоқсаннан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі (келісу бойынша):

      1) есепті жылдан кейінгі 10 қаңтардан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне Жоспар іс-шараларының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін;

      2) 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құрып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді жүктесін.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 16.09.2020 № 587 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 19 маусымдағы
№ 419 қаулысымен
бекітілген

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

      Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.05.2021 № 350 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Іс-шара

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі

Қаржыландыру көлемі (мың теңге)

Қаржыландыру көздері

1 2 3 4 5 6 7

1.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын дайындау мен өткізуге байланысты ұйымдастырушылық және нұсқаушылық мәселелерді шешу үшін арнайы комиссия құру

Премьер-Министр өкімі

СЖРА (келісу бойынша)

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

2.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге жәрдемдесу жөнінде өңірлік комиссиялар құру

әкімдердің өкімдері

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

3.

Санақ парақтарына, 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша әдіснамалық құралдарға, сондай-ақ мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл туралы бірлескен актілерге өзгерістер енгізу

бұйрықтар

СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы I – II тоқсандар

-

талап етілмейді

4.

Әкімшілік-аумақтық бірліктердің тізбесін және шекараларын нақтылау, көше атауларын, орам, үй және пәтер нөмірлерін ретке келтіру бойынша іс-шаралар өткізу, ПИК, ТҚК, басқарушы компаниялармен тұратын халық санын нақтылау бойынша жұмыстарды жүргізу

СЖРА-ға ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар
2021 жылғы I – II тоқсандар

бөлінген қаражат шегінде

жергілікті бюджет

5.

Жабдықтарды, ұйымдастыру техникасын, портативтік-есептеу құрылғыларын (планшеттер), бағдарламалық өнімдерді сатып алу, бағдарламалық қамтылым (е-Статистика) модульдерін пысықтау және басқалары

орындалған жұмыстар актісі

СЖРА (келісу бойынша), Қаржымині, ЦДИАӨМ

2019 жылғы ІІІ – IV тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

6.

Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) дайындау, бекіту және СЖРА-ға ұсыну

бекітілген картографиялық материалдар

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері, ЦДИАӨМ

2020 жылғы І – ІІ тоқсандар
2021 жылғы I – II тоқсандар

бөлінген қаражат шегінде

жергілікті бюджет

7.

Картографиялық материалдарды (елді мекендердің карталарын және схемалық жоспарларын) тираждау

картографиялық материалдар

СЖРА (келісу бойынша)

2020 жылғы І – ІІ тоқсандар
2021 жылғы II – III тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

8.

Халық арасында 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу мақсаттары мен тәртібі туралы жаппай түсіндіру жұмыстарын жүргізу

роликтер, баннерлер, жарнама және басқалар

СЖРА (келісу бойынша), АҚДМ, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер

9.

Санақ персоналын іріктеу және оқыту

бұйрық

СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша)

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

10.

Санақ персоналын үй-жайлармен қамтамасыз ету

СЖРА-ға ақпарат

облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан 2021 жылғы ІІ – IV тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттер

11.

Елді мекендердегі тұрғынжайлар, тұрғын үйлер (тұрғын ғимараттар) және тұрғын емес үй-жайлардың тізімін жасау

СЖРА-ға ақпарат

СЖРА ҰСБ аумақтық бөлімшелері (келісу бойынша), облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2020 жылғы ІІ тоқсан
2021 жылғы ІІ – III тоқсандар
 

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

12.

Санақ құралдарын (анықтамаларды, түсіндірмелерді, санақ персоналының куәліктерін және басқаларды) тираждау

орындалған жұмыстар актісі

СЖРА (келісу бойынша)

2020 жылғы I – II тоқсандар

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

13.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу бойынша күнтізбелік жоспарды әзірлеу және бекіту

бұйрық

СЖРА (келісу бойынша)

2020 жылғы IV тоқсан

-

талап етілмейді

14.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық халық санағын өткізу бойынша ұйымдастыру жоспарларын әзірлеу, бекіту және келісу

бұйрықтар

СЖРА (келісу бойынша)

2021 жылғы III тоқсан

-

талап етілмейді

15.

2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу, оның ішінде әскери бөлімдер аумақтарында және жабық әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын әскери қызметшілер (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда) мен азаматтық халық; бас бостандығынан айыру түрінде жазасын өтеп жатқан және тергеу изоляторларында отырған адамдар; өзге де институционалдық бірліктерде емдеуде жүрген адамдар; қызметтік іссапармен немесе қызметтік міндеттерін орындауға байланысты оқуда және өзге де себептермен елден тыс жерлерде жүрген Қазақстан Республикасының азаматтары (олардың отбасы мүшелерін қоса алғанда); әлеуметтік бейімделу немесе қамсыздандыру мекемелерінде тұратын және (немесе) орналасқан адамдар санағын жүргізу

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы дерекқорын қалыптастыру

СЖРА (келісу бойынша), Қорғанысмині, Қаржымині, ІІМ, ТЖМ, ҰҚК (келісу бойынша), СІМ, ДСМ, БҒМ, Еңбекмині, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктері

2021 жылғы 1 қыркүйектен бастап 15 қазан аралығындағы кезеңде интернет желісі арқылы онлайн режимінде, 2021 жылғы 1 – 30 қазан аралығында планшеттерді пайдалану арқылы

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет
 

16.

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқорын өңдеу

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағының дерекқоры

СЖРА (келісу бойынша)

2021 жылғы IV тоқсан, 2022 жыл

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

17.

2021 жылғы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағы қорытындыларын жиынтық деректер түрінде қалыптастыру және жариялау

қағаз және электрондық жеткізгіштердегі статистикалық жинақтар

СЖРА (келісу бойынша)

2022 жылғы ІІ тоқсан –2023 жылғы IV тоқсан

002101 "Статистикалық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы шеңберінде бөлінген қаражат шегінде

республикалық бюджет

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

АҚДМ

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;

БҒМ

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;

ДСМ

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;

Еңбекмині

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі;

Қаржымині

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;

Қорғанысмині

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi;

СЖРА

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі

СІМ

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі;

ТЖМ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі;

ҰҚК

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті;

ҰСБ

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы;

ЦДИАӨМ

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі;

ІІМ

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;

ПИК

үй-жайлар (пәтерлер) иелерінің кооперативі;

ТҚК

тұрғын үй кооперативі (тұрғын үй-құрылыс кооперативі).

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады