Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту, "Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 маусымдағы № 449 қаулысы.

      2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Кодексінің 720-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі бекітілсін.

      2. "Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларын және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 18 сәуірдегі № 204 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2018 ж., № 20, 108-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Көмірсутек шикізаты кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындарының санатына жатқызу қағидаларында және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық бөлігінде салық салу тәртібінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Ағымдағы аяқталмаған күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ағымдағы күнтiзбелiк жылдың 1 қыркүйегінен кеш емес мерзімде осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтінішке электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:

      1) бірінші басшы немесе оны алмастыратын адам, сондай-ақ бас бухгалтер (бухгалтер) қол қойған алдыңғы қаржы жылындағы қаржылық есептілік;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың алдыңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебі (егер өтініш ағымдағы жылдың 1 маусымына дейін берілген болса, онда алдыңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылының аудиторлық есептілігі ұсынылады);

      3) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның өтініш берілген күннің алдындағы ағымдағы күнтізбелік жылдың есепті кезеңі үшін (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) қаржылық есептілігі;

      4) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған алдыңғы күнтізбелік жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

      5) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған ағымдағы күнтізбелік жылға арналған бюджеттің есеп-қисабы;

      6) жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның басшысы немесе оны алмастыратын адам растаған, өтініш берген күннің алдындағы ағымдағы күнтізбелік жылғы есепті кезең үшін (тоқсан, жартыжылдық немесе тоғыз ай) бюджеттің атқарылуы туралы есеп;

      7) салықтық есептілік (келісімшарт бойынша корпоративтік табыс салығы (бұдан әрі – КТС) және алдыңғы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша үстеме пайдаға салынатын салық (бұдан әрі – ҮПС) және ағымдағы және алдыңғы күнтізбелік жылдардағы келісімшарт бойынша пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық (бұдан әрі – ПҚӨС) бойынша декларациялар);

      8) КТС бойынша аванстық төлемдердің есеп-қисабы (егер жер қойнауын пайдаланушы аванстық төлемдердің төлеушісі болса) және ағымдағы есепті жылға жоспарланған КТС мөлшерінің есеп-қисабы;

      9) осы есеп-қисаптарды жер қойнауын пайдаланушы заңды тұлғаның бюджетіне, көмірсутек шикізатының болжамды бағасына және сол кезеңдегі келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарлы көлемдеріне егжей-тегжейлі байланыстырумен КТС бойынша салықтық міндеттемелердің есеп-қисабы, сондай-ақ ағымдағы салық кезеңіндегі келісімшарт бойынша таза кірістің, сату рентабельділігінің есеп-қисабы;

      10) келісімшарт бойынша рентабельділік көрсеткіштерінің есеп-қисаптары үшін пайдаланылған көмірсутек шикізатына болжамды бағаны негіздеу;

      11) құзыретті органмен келісілген келісімшарт бойынша көмірсутек шикізатын өндірудің жоспарланатын көлемі.";

      3-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Алдағы күнтiзбелiк жылға кен орнын (кен орындарының бiр тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен кен орындарының санатына жатқызу туралы өтiнiш ерте дегенде ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде, бірақ ағымдағы жылдың 31 желтоқсанынан кешіктірмей осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берiледi. Өтінішке осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа, электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріледі:";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қажет болған кезде уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есеп-қисаптарды сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұрау салуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұрау салынатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есеп-қисаптарды уәкілетті органға электрондық жеткізгіштерде береді.";

      16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жер қойнауын пайдаланушының кен орнын (кен орындарының бір тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындарының санатына жатқызу туралы өтініші осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысанда беріледі. Өтінішке электрондық жеткізгіштердегі мынадай құжаттардың көшірмелері қоса берілуге тиіс:

      1) кен орнының (кен орындарының бір тобының, кен орнының бір бөлігінің) қол жеткізілген технологиялық көрсеткіштерінің бекітілген жобалық шешімдерге сәйкестігі туралы есеп;

      2) Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі мемлекеттік комиссия хаттамасы;

      3) өтініш берілген күннің алдындағы соңғы тоқсан аяқталған күнгі жағдай бойынша келісімшарттық (лицензиялық) міндеттемелердің орындалуы туралы есеп;

      4) осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген құжаттар.

      17. Қажет болған жағдайда уәкiлеттi орган өтініш түскеннен кейін бес жұмыс күнiнен кеш емес мерзімде өтiнiш берушiден өтiнiште қамтылған мәлiметтерді негiздейтін басқа да құжаттар мен есеп-қисаптарды сұрата алады.

      Өтініш беруші уәкiлеттi органның тиісті сұрау салуын алғаннан кейін он жұмыс күнінен кеш емес мерзімде Қағидалардың осы тармағына сәйкес сұратылатын, өтiнiште қамтылған мәліметтерді негіздейтін құжаттар мен есеп-қисаптарды уәкілетті органға электрондық жеткізгіштерде береді.";

      22-тармақ мынадай мазмұндағы жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "Кен орнының бір бөлігі өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызылған жағдайда пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың төмендетілген мөлшерлемесін айқындау үшін келісімшарт бойынша барлық өндіру көлемі ескеріледі.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:

      "22-1. Кен орны (кен орындарының бір тобы, кен орнының бір бөлігі) өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз немесе сарқылған кен орындары санатына жатқызылған жағдайда, 2019 жылғы 1 қаңтардан кейін қабылданған Қазақстан Республикасы Yкіметінің шешімдері бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың төмендетілген мөлшерлемелері осындай шешім қабылданған жылдың 1 қаңтарынан бастап күнтізбелік үш жыл бойы қолданылады.

      Пайдалы қазбаларды өндіруге арналған салықтың төмендетілген мөлшерлемелерін қолдану мерзімі өткенге дейін жер қойнауын пайдаланушы осы Қағидалардың ережелеріне сәйкес уәкілетті органға өтінішпен қайта жүгінеді.".

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 449 қаулысымен
бекітілген

Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебиті аз және сарқылған кен орындары санатына жатқызылатын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесі

Р/с №

Кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) атауы мен координаталары

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың тіркелген күні / нөмірі

Лицензияның берілген күні мен нөмірі

Жер қойнауын пайдаланушының атауы

Пайдалы қазбалардың түрі

Көмiрсутек шикiзаты кен орны (кен орындары тобын, кен орнының бір бөлігін) өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған санатқа жатқызу өлшемшарттары

Көмiрсутек шикiзаты кен орнының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) санаты

Көмiрсутек шикiзаты кен орнын (кен орындары тобын, кен орнының бiр бөлiгiн) рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебитi аз және сарқылған кен орындары үшін пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық мөлшерлемесі (%)

1

2

3

4

5

6

7

8

9

1.

Маңғыстау облысы Түпқараған ауданының Қаражанбас мұнай-газ кен орны:

1997 жылғы 26 мамырда № 60 болып тіркелген, көмiрсутек шикiзатын өндіруді жүзеге асыруға арналған 1997 жылғы 23 мамырдағы келісімшарт

1997 жылғы 7 мамырдағы жер қойнауын пайдалану құқығына берілетін сериясы МГ № 239-Д лицензия (мұнай)

"Қаражанбасмұнай" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орны мұнайының қатпарлы жағдайындағы тұтқырлығы 378-ден бастап 541 мПа*сек дейін

Өте тұтқыр

0,5

1. 45010'05" с.е. 51015'00" ш.б.

2. 45010'30" с.е. 51025'10" ш.б.

3. 45008'42" с.е. 51026'27" ш.б.

4. 45007'05" с.е. 51036'20" ш.б.

5. 45005'10" с.е. 51035'40" ш.б.

6. 45005'10" с.е. 51029'25" ш.б.

7. 45005'50" с.е. 51026'27" ш.б.

8. 45005'00" с.е. 51026'00" ш.б.

9. 45005'20" с.е. 51024'20" ш.б.

10. 45006'05" с.е. 51024'30" ш.б.

11. 45007'45" с.е. 51017'00" ш.б.

12. 45007'55"с.е. 51015'10" ш.б.

2

Атырау облысы Мақат ауданының Жолдыбай мұнай-газ кен орны

1995 жылғы 15 қарашада № 34 болып тіркелген Жолдыбай және Жыланқабақ кен орындарында көмірсутегін жете барлауды, игеруді және өндіруді жүргізуге арналған 1995 жылғы 27 қыркүйектегі шарт

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1995 жылғы 7 маусымдағы сериясы МГ № 30 лицензия (мұнай)

"Таңдай Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 3 тоннадан аз мөлшерді құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 47042'00 с.е. 53039'06" ш.б.
2. 47042'16" с.е. 53038'48" ш.б.

3. 47042'46" с.е. 53038'17" ш.б.

4. 47042'52" с.е. 53039'00"ш.б.

5. 47042'11" с.е. 53039'57"ш.б.

6. 47042'03" с.е. 53040'09" ш.б.

7. 47041'56" с.е. 53039'49" ш.б.

3

Атырау облысы Жылыой ауданының Жыланқабақ мұнай кен орны

1995 жылғы 15 қарашада № 34 болып тіркелген Жолдыбай және Жыланқабақ кен орындарында көмірсутегін жете барлауды, игеруді және өндіруді жүргізуге арналған 1995 жылғы 27 қыркүйектегі шарт

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1995 жылғы 7 маусымдағы сериясы МГ № 29 лицензия (мұнай)

"Таңдай Петролеум" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 3 тоннадан аз мөлшерді құрайды

Дебиті аз

1,5

1.47037'17,6" с.е. 54025'05" ш.б.

2. 47037'20,7" с.е. 54026'03" ш.б.

3. 47037'23,1" с.е. 54026'03" ш.б.

4. 47037'33,3" с.е. 54027'07,8" ш.б.

5. 47037'00" с.е. 54026'26,6" ш.б.

6. 47036'43,5" с.е. 54025'50,1" ш.б.

7. 47036'38,2" с.е. 54025'27,6" ш.б.

8. 47036'33,3" с.е. 54024'42,8" ш.б.

9. 47036'46,0" с.е. 54024' 50,8" ш.б.

10. 47036'45,0" с.е. 54024'38,6" ш.б.

11. 47036'48,0" с.е. 54024'21,8" ш.б.

12. 47037'02,2" с.е. 54024'28,3" ш.б.

13. 47037'08,5" с.е. 54024'37,1" ш.б.

4

Қарағанды және Қызылорда облыстарында орналасқан Есжан мұнай-газ кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 662 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 14018145 лицензия

"САУТС-ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орнындағы орташа тәуліктік дебит тәулігіне 2-ден 3 тоннаға дейінгі мөлшерді құрайды

Дебиті аз

2,5

1. 46020'00'" с.е. 64030'00 ш.б.

2. 46040'00" с.е. 64030'00" ш.б.

3. 46040'00" с.е. 64050'00" ш.б.

4. 46030'00" с.е. 64050'00" ш.б.

5. 46030'00" с.е. 64056'05" ш.б.

6. 46028'00" с.е. 64056'00" ш.б.

7. 46026'55" с.е. 64057'30" ш.б.

8. 46021'56" с.е. 64058'07" ш.б.

9. 46020'00" с.е. 64059'00" ш.б.

10. 46020'00" с.е. 64048'50 ш.б.

11. 46026'56" с.е. 64037'23" ш.б.

12. 46027"50" с.е. 64035'47" ш.б.

13. 46025'07" с.е. 64036'08" ш.б.

14. 46022',03" с.е. 64037',25" ш.б.

15. 46020'00" с.е. 64040'58" ш.б.

5

Қарағанды және Қызылорда облыстарында орналасқан Қалжан мұнай-газ кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 2001 жылғы 24 сәуірдегі № 662 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 14018145 лицензия

"САУТС-ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орнындағы орташа тәуліктік дебит тәулігіне 1-ден 2 тоннаға дейінгі мөлшерді құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 46020'00" с.е. 64030'00" ш.б.

2. 46040'00" с.е. 64030'00" ш.б.

3. 46040'00" с.е. 64050'00" ш.б.

4. 46030'00" с.е. 64050'00" ш.б.

5. 46030'00" с.е. 64056'00" ш.б.

6. 46028'00" с.е. 64056'00" ш.б.

7. 46026'55" с.е. 64057'30" ш.б.

8. 46021'56" с.е. 64058',07" ш.б.

9. 46020'00" с.е. 64059'00" ш.б.

10. 46020'00" с.е. 64048'50" ш.б.

11. 46026'56" с.е. 64037'23" ш.б.

12. 46027'50" с.е. 64035'47" ш.б.

13. 46025'07" с.е. 64036'08" ш.б.

14. 46022'03" с.е. 64037'25" ш.б.

15. 46020'00" с.е. 64040'58" ш.б.

6

Қарағанды және Қызылорда облыстарында орналасқан Солтүстік Ақшабұлақ мұнай-газ кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 2001 жылғы 10 мамырдағы № 668 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 14018145 лицензия

"САУТС-ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орнындағы орташа тәуліктік дебит тәулігіне 1-ден 2 тоннаға дейін мөлшерді құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 46000'00" с.е. 65032'12" ш.б.

2. 46003'04" с.е. 65032'25" ш.б.

3. 46003'10" с.е. 65027'18" ш.б.

4. 46008'24"с.е. 65027'32" ш.б.

5. 46008'22" с.е. 65030'00" ш.б.

6. 46020'00" с.е. 65030'00" ш.б.

7. 46020'00" с.е. 65050'00" ш.б.

8. 46015'25" с.е. 65050'00" ш.б.

9. 46013'25" с.е. 65045'10" ш.б.

10. 46005'30" с.е. 65048'00" ш.б.

11. 46004'00" с.е. 65050'00" ш.б.

12. 46000'00" с.е. 65050'00" ш.б.

13. 46000'00" с.е. 65046'50" ш.б.

14. 46003'48" с.е. 65046'57" ш.б.

15. 46003'59" с.е. 65039'26" ш.б.

16. 46000'00" с.е. 65039'15" ш.б.

7

Қарағанды және Қызылорда облыстарында орналасқан Шығыс Ақшабұлақ мұнай-газ кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 2001 жылғы 10 мамырдағы № 668 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 14018145 лицензия 

"САУТС-ОЙЛ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Су басуы 85 %-дан 95 %-ға дейін

Су басқан

1,0

1. 46002'26" с.е. 65046'52" ш.б.

2. 46002'32" с.е. 65046'54" ш.б.

3. 46002'24" с.е. 65047'07" ш.б.

4. 46002'11" с.е. 65047'12" ш.б.

5. 46001'49" с.е. 65047'12" ш.б.

6. 46001'21" с.е. 65047'31" ш.б.

7. 46001'06" с.е. 65047'42" ш.б.

8. 46000'26" с.е. 65047'38" ш.б.

9. 46000'13" с.е. 65047'25",ш.б.

10. 46000'13" с.е. 65046'50" ш.б.

8

Ақтөбе облысы Темір ауданында орналасқан Кеңқияқ (тұз үсті) мұнай-газ кен орны

Көмiр-сутектер бойынша операциялар жүргізуге арналған 1997 жылғы 26 қыркүйектегі № 76 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1995 жылғы 7 қыркүйектегі сериясы МГ № 252 лицензия (мұнай)

"СНПС-Ақтөбемұнайгаз" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орнындағы мұнайдың тұтқырлығы 217,6 мПа*сек құрайды

Өте тұтқыр

2,1

1. 48033'23" с.е. 57005'52" ш.б.

2. 48035'06" с.е. 57006'48" ш.б.

3. 48035'09" с.е. 57010'14" ш.б.

4. 48034'16" с.е. 57011'14" ш.б.

5. 48033'26" с.е. 57012'34" ш.б.

6. 48032'33" с.е. 57014'25" ш.б.

7. 48032'00" с.е. 57013'45" ш.б.

8. 48031'56"с.е. 57011'18"ш.б.

9. 48032'21" с.е. 57010'06" ш.б.

10. 48032'25" с.е. 57009'11" ш.б.

11. 48032'46" с.е. 57007'43" ш.б.

12. 48032'58" с.е. 57006'47" ш.б.

9

Қарағанды облысындағы Құмкөл мұнай-газ конденсатты кен орны

Көмiр-сутектерді өндіруге арналған 1996 жылғы 10 желтоқсандағы № 49 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1996 жылғы 1 қарашадағы сериясы МГ № 259 лицензия (мұнай)

"Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орнын су басуы 97,9 %-ды құрайды

Су басқан

0,35

1. 46026'05" с.е. 56030'55" ш.б.

2. 46026'24" с.е. 65033'18" ш.б.

3. 46027'57" с.е. 65035'00" ш.б.

4. 46027'25" с.е. 65036'28" ш.б.

5. 46028'32" с.е. 65038'31" ш.б.

6. 46028'28" с.е. 65040'28" ш.б.

7. 46027'33" с.е. 65039'59" ш.б.

8. 46026'30" с.е. 65040'00" ш.б.

9. 46024'30" с.е. 65040'30" ш.б.

10. 46023'05" с.е. 65041'27" ш.б.

11. 46023'10" с.е. 65037'45" ш.б.

10

Атырау облысы Исатай ауданының Сазанқұрақ мұнай-газ кен орны

Көмiр-сутек шикізатын жете барлауға және өндіруге арналған 1997 жылғы 31 қазандағы № 80 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1997 жылғы 29 мамырдағы сериясы МГ № 245 лицензия (мұнай)

"Сазанқұрақ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орнындағы мұнайдың тұтқырлығы 434,93 мПа*сек құрайды

Өте тұтқыр

0,25

1. 46056'32" с.е. 50015'51" ш.б.

2. 46056'58" с.е. 50016'37" ш.б.

3. 46056'52" с.е. 50018'18" ш.б.

4. 46056'38" с.е. 50019'00" ш.б.

11

Қарағанды облысындағы Құмкөл және Шығыс Құмкөл мұнай-газ конденсатты кен орындары

Көмiр-сутек шикізатын жете барлауға және өндіруге арналған 1996 жылғы 6 мамырдағы № 38 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1995 жылғы 20 желтоқсандағы сериясы МГ № 296 лицензия (мұнай)

"Торғай Петролеум" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орнындағы су басу 91,5 %-ды құрайды

Су басқан

1,0

1. 46026'05" с.е. 65030'55" ш.б.

2. 46026'24" с.е. 65033'18" ш.б.

3. 46027'57" с.е. 65035'00" ш.б.

4. 46027'25" с.е. 65036'28" ш.б.

5. 46028'32" с.е. 65038'31" ш.б.

6. 46о55'55" с.е. 50019'50" ш.б.

7. 46055'25" с.е. 50018'58" ш.б.

8. 46055'48" с.е. 50017'10" ш.б.

12

Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында орналасқан Арман мұнай-газ кен орны

Көмiр-сутек шикізатын өндіруге арналған 1994 жылғы 19 маусымдағы № 12 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1994 жылғы 9 қыркүйектегі сериясы МГ № 6 лицензия

"Арман" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орнын су басуы 95,2 %-ды құрайды

Су басқан

0,25

1. 45024'39" с.е. 51041'16" ш.б.

2. 45026'55" с.е. 51048'34" ш.б.

3. 45025'18" с.е. 51049'42" ш.б.

4. 45022'53" с.е. 51042'25" ш.б.

13

Көкжиде (тұз үсті) мұнай кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1996 жылғы 30 желтоқсандағы № 50 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1995 жылғы 25 желтоқсандағы сериясы МГ № 293 лицензия (мұнай)

"КМК Мұнай" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 1,1-2 тоннаны құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 48031'56" с.е.
57011'17" ш.б.

2. 48031'55" с.е. 57013'01" ш.б.

3. 48032'00" с.е. 57013'45" ш.б.

4. 48032'33" с.е. 57014'25" ш.б.

5. 48033'02" с.е. 57017'47" ш.б.

6. 48031'00" с.е. 57024'00" ш.б.

7. 48030'00" с.е. 57023'00" ш.б.

8. 48030'01" с.е. 57016'29" ш.б.

9. 48029'59" с.е. 57011'41" ш.б.

14

Құмсай (тұз үсті) мұнай кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1996 жылғы 30 желтоқсандағы № 51 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1995 жылғы 25 желтоқсандағы сериясы МГ № 294 лицензия (мұнай)

"КМК Мұнай" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орны мұнайының тұтқырлығы 8 637,3 мПа*сек құрайды

Өте тұтқыр

0,35

1. 48036'31" с.е. 57009'18" ш.б.

2. 48037'24" с.е. 57009'44" ш.б.

3. 48038'37" с.е. 57016'01" ш.б.

4. 48038'58" с.е. 57016'31" ш.б.

5. 48038'58" с.е. 57018'04" ш.б.

6. 48038'15" с.е. 57018'07" ш.б.

7. 48037'26" с.е. 57016'24" ш.б.

8. 48035'44" с.е. 57018'14" ш.б.

9. 48035'08" с.е. 57019'05" ш.б.

10. 48033'34" с.е. 57017'21" ш.б.

11. 48034'37" с.е. 57016'25" ш.б.

12. 48036'04" с.е. 57014'53" ш.б.

13. 48035'13" с.е. 57011'20" ш.б.

14. 48035'46" с.е. 57010'00" ш.б.

15

Оңтүстік Қамыскөл мұнай кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1996 жылғы 5 шілдедегі № 43 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1996 жылғы 28 маусымдағы сериясы МГ № 85 лицензия (мұнай)

"Эмбаведь-ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 0,9 тоннаны құрайды

Дебиті аз

0,25

1. 47013'29" с.е. 54000'00" ш.б.

2. 47013'50" с.е. 53058'47" ш.б.

3. 47014'00" с.е. 53059'01" ш.б.

4. 47014'07" с.е. 53059'48" ш.б.

5. 47013'59" с.е. 54000'22" ш.б.

6.47013'29" с.е. 54000'14" ш.б.

16

Қырықмылтық мұнай кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1995 жылғы 10 тамыздағы № 29 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына арналған 1995 жылғы 10 тамыздағы сериясы МГ № 95 лицензия (мұнай)

"ANACO" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 1,86 тоннаны құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 47031'00" с.е. 54036'00" ш.б.



2. 47032'00" с.е. 54037'57" ш.б.

3. 47031'40" с.е. 54039'44" ш.б.

4. 47030'40" с.е. 54041'29" ш.б.

5. 47029'44" с.е. 54041'41" ш.б.

6. 47028'51" с.е. 54041'09" ш.б.

7. 47027'36" с.е. 54040'00" ш.б.

8. 47027'10" с.е. 54038'38" ш.б.

9. 47027'15" с.е. 54036'50" ш.б.

10. 47027'29" с.е. 54035'54" ш.б.

11. 47028'30" с.е. 54034'05" ш.б.

17

Төбеарал мұнай кен орны

Жер қойнауын пайдалануға арналған 2002 жылғы 11 ақпандағы № 880 келісімшарт


"Төбеарал Ойл" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Мұнай

Кен орындарындағы мұнайдың орташа тәуліктік дебиті тәулігіне 1,88 тоннаны құрайды

Дебиті аз

1,5

1. 46044'05" с.е. 49034'59" ш.б.



2. 46044'05" с.е. 49035'22" ш.б.

3. 46043'52" с.е. 49036'29" ш.б.

4. 46043'38" с.е. 49037'12" ш.б.

5. 46043'23" с.е. 49037'09" ш.б.

6. 46043'25" с.е. 49036'10" ш.б.

7. 46043'16" с.е. 49035'31" ш.б.

8. 46043'23" с.е. 49035'08" ш.б.

9. 46043'41" с.е. 49034'58" ш.б.

18

"Өзен" кен орнының бір бөлігі (14, 16, 17 көкжиегі)

Жер қойнауын пайдалануға арналған 1996 жылғы 29 мамырдағы № 40 келісімшарт

Жер қойнауын пайдалану құқығына 1995 жылғы 5 қыркүйектегі сериясы МГ № 254 лицензия (мұнай)

"Өзенмұнайгаз" акционерлік қоғамы

Мұнай

Кен орнының бір бөлігі бойынша мұнайды су басуы:
14-көкжиек - 86,3%;
16-көкжиек-91,0%;
17-көкжиек-91,0%

Су басқан

2,6

1. 43030'00" с.е. 52038'55" ш.б.



2. 43029'30" с.е. 52041'00" ш.б.

3. 43030'15" с.е. 52040'45" ш.б.

4. 43030'00" с.е. 52044'00" ш.б.

5. 43029'15" с.е. 52046'30" ш.б.

6. 43028'40" с.е. 52051'30" ш.б.

7. 43027'30" с.е. 52055'15" ш.б.

8. 43026'50" с.е. 52058'30" ш.б.

9. 43027'15" с.е. 53004'20" ш.б.


10. 43027'15" с.е. 53003'50" ш.б.









11. 43020'50" с.е. 53001'50" ш.б.









12. 43020'50" с.е. 52058'15" ш.б.









13. 43021'30" с.е. 52054'50" ш.б.









14. 43024'30" с.е. 52049'50" ш.б.









15. 43024'40" с.е. 52047'45" ш.б.









16. 43025'10" с.е. 52045'50" ш.б.









17. 43027'00" с.е. 52041'20" ш.б.









18. 43028'15" с.е. 52039'20" ш.б.









19. 43028'45" с.е. 52038'20" ш.б.








 
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 27 маусымдағы
№ 449 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 42, 400-құжат).

      2. "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 қазандағы № 877 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 55-56, 445-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Рентабельділігі төмен кен орындары санатына жатқызылған пайдалы қазбалардың кең таралғандарын қоспағанда, қатты түрлерi кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 13 маусымдағы № 651 және "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1132 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 579-құжат).

      4. "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 тамыздағы № 501 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 45, 283-құжат).

      5. "Рентабельділігі төмен, өте тұтқыр, су басқан, дебеті аз және сарқылған кен орындарының санатына жататын көмірсутек шикізаты кен орындарының (кен орындары тобының, кен орнының бір бөлігінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 18 маусымдағы № 673 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 20 қазандағы № 664 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 47-48-49, 323-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады