Байланыс формасы

"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже;

      2) Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті одан Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетін бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      3. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      5) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік мекемелер – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің аумақтық бөлімшелері;

      6) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі болып;

      7) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес республикалық мемлекеттік кәсіпорындар қайта аталсын.

      4. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 1-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі осы қаулыға 2-қосымшаның 2-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      3) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 3-4-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      4) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 5-6-тармақтарында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      5) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті осы қаулыға 2-қосымшаның 7-тармағында көрсетілген республикалық заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган болып айқындалсын.

      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне және оның ведомстволарына берсін;

      2) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес заңды тұлғалардың мемлекеттік акциялар пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берсін.

      6. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Ұлттық экономика, Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Ауыл шаруашылығы министрліктері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      7. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысының 1-тармағы 2) тармақшасының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 5-6, 64-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) аэроғарыш және электрондық өнеркәсіп салаларында, инновациялық қызмет, елдің ғылыми-техникалық дамуы, геодезия және картография, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында, байланыс, ақпараттандыру, "электрондық үкімет", мемлекеттік қызметтер көрсету аясында мемлекеттік саясатты дамыту салаларында (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылық етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. Министрліктің мынадай ведомстволары бар:

      1) "Аэроғарыш комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Ақпараттық қауіпсіздік комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Геодезия және картография комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. Министрлік өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. Министрлік мемлекеттiк мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарда шоттары бар.

      5. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

      6. Егер заңнамаға сәйкес Министрлікке осындай уәкiлеттiк берілген болса, ол мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      7. Министрлік өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Министрлік басшысының бұйрығымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. Министрліктің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. Министрліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Есiл ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, № 8 үй, "Министрліктер үйі" ғимараты, 2-кіреберіс.

      10. Министрліктің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" мемлекеттiк мекемесi.

      11. Осы Ереже Министрліктің құрылтай құжаты болып табылады.

      12. Министрліктің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      13. Министрліктің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында Министрлікке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Министрлікке заңнамалық актiлермен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда мұндай қызметтен алынған кiрiстер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.

2. Министрлiктің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Министрліктің миссиясы:

      реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін, геодезия және картография салаларын дамыту, ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, инновациялық қызметті қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі.

      15. Міндеттері:

      1) реттелетін салаларда тиімді мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен жүргізу, сондай-ақ бәсекеге қабілетті аэроғарыш өнеркәсібін дамыту және ақпараттандыру саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымды, геодезия және картография салаларын қалыптастыру және дамуын қамтамасыз ету, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, инновациялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, елді ғылыми-техникалық дамыту, байланыс қызметтері нарығының тиімді жұмыс істеуі;

      2) Министрліктің құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты жүзеге асыру және мемлекеттiк органдарды салааралық үйлестiру;

      3) реттелетiн салалардағы мемлекеттiк басқару және мемлекеттік бақылау;

      4) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылауды қамтамасыз ету;

      5) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру;

      6) Қазақстан Республикасының ғарыш саласын қалыптастыру және дамыту;

      7) ғарыштық технологиялар мен көрсетілетін қызметтер нарығын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

      8) Қазақстан Республикасында ғарыш қызметінің заңнамалық және шарттық-құқықтық базасын құру;

      9) өз құзыреті шегінде "Байқоңыр" кешенін Ресей Федерациясының жалға алуы жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

      10) пошта және байланыс саласында үйлестіру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында пошта саласындағы қызметті және байланыс саласында қызмет көрсететін немесе оларды пайдаланатын тұлғалардың қызметін реттеу;

      11) ақпараттандыру және "электрондық үкімет" саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      12) өз құзыреті шегінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      13) Қазақстан Республикасының байланыс инфрақұрылымын қалыптастыруды, дамытуды және қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастық;

      15) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, байланыс және мемлекеттік қызметтерді көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      16) мемлекеттік басқарудың тиісті саласында (аясына) басшылықты жүзеге асыру;

      17) геодезия және картография саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру;

      18) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру, дамыту;

      19) өз құзыретi шегiнде Министрлікке жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асыру.

      16. Функциялары:

      1) орталық аппараттың функциялары:

      реттелетiн салаларда мемлекеттiк саясатты қалыптастыруды және iске асыруды қамтамасыз ету;

      стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру;

      реттелетiн салалардағы біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және қабылдау;

      реттелетiн салалардағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу және бекіту;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      өз құзыреті шегінде реттелетін салалардағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және бекіту;

      реттелетiн салаларда салааралық үйлестiрудi жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      құзыреті шегінде жеке кәсiпкерлік мүдделерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердің, заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға сараптама жүргізуге қатысуға үміткер жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерін аккредиттеуді жүзеге асыру;

      сарапшылық кеңес құру;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес сарапшылық кеңес қызметі туралы ережені және оның құрамын бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін бекіту;

      реттелетін салаларда шет елдермен ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссиялардың (комитеттердің, кеңестердің) және олардың кіші комиссияларының (кіші комитеттердің, жұмыс топтарының) қазақстандық бөлігін жүргізу;

      реттелетін салаларда кадрлар қажеттілігін айқындау;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестеріне) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге, сондай-ақ сенімгерлік басқарудағы ұйымдарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      Министрлікте мемлекеттік құпиялардың және таратылуы шектелген қызметтік ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің сақталуын қамтамасыз ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      аэроғарыш өнеркәсібі мен ақпараттық қауіпсіздік саласында ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға және басқа да жұмыстарға басшылықты жүзеге асыру, олардың сапасын бақылауды ұйымдастыру;

      ғарышкерлікке кандидаттарды іріктеу және ғарышкерлікке кандидат, ғарышкер мәртебесін беру тәртібін бекіту;

      қызметтiк мiндеттерiн атқару кезінде алған жарақатының, мертігуінің, ауруының салдарынан болған мүгедектік белгіленген кезде, сондай-ақ қызметтік міндеттерін атқаруға байланысты қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда ғарышкерлікке кандидатқа, ғарышкерге бiржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындау;

      ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеу тәртiбiн бекіту;

      Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ережені бекіту;

      жеке және (немесе) заңды тұлғаларға ғарыш аппараттары транспондерлерін ұсыну тәртібін бекіту;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, Жердi қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі ұлттық операторының ғарыш түсірілімдерін жоспарлау, Жерді ғарыштан қашықтықтан зондтау деректерін алу, өңдеу және тарату тәртiбiн айқындау;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, дәлдiгi жоғары спутниктiк навигация жүйесi ұлттық операторының спутниктiк навигациялық қызметтердi ұйымдастыру және ұсыну тәртiбiн айқындау;

      ғарыш жүйелерінің ұлттық операторларын Қазақстан Республикасы Үкіметінің айқындауы үшін ұсыну;

      ғарыш инфрақұрылымы объектілерін жасау, пайдалану және дамыту шығындарының есептелу әдістемесін бекіту;

      Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ғарыш кеңістігінде ғарыш жүйелерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын, Қазақстан Республикасының аумағында ғарыш зымыран кешендерін құру және пайдалану (қолдану) қағидаларын бекіту;

      мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу қағидаларын бекіту;

      пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін айқындау;

      ғарыш қызметі саласындағы аяқталған жобалар бойынша нәтижелерді қабылдау тәртібін бекіту;

      ғарыш қызметi саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiру;

      ғарыш қызметi саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      халықаралық стандарттарға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалау тәртібін айқындау;

      ғарыш қызметі саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру тәртібін айқындау;

      ғарыш қызметі саласындағы және "Байқоңыр" кешені бойынша халықаралық шарттардан туындайтын Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды және құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз ету, сондай-ақ халықаралық шарттардың басқа да қатысушыларының өз міндеттемелерін орындауын қадағалау;

      Ресей Федерациясы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жүзеге асыратын ғарыш аппараттарын ұшыру және/немесе зымырандарды сынақтық ұшыру жоспарлары бойынша қорытындыларды әзірлеу, келісу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу;

      Қазақстан Республикасы үшін жасалатын ғарыш техникасын өндіруге арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

      ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі құқықтық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу, олардың іске асырылуы мен сақталуын бақылауды жүзеге асыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметті ведомствоаралық үйлестіру;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын бекіту;

      ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

      әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде, төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде интернет-ресурстарды және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін басқару жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын бекiту;

      электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін бекіту;

      қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін бекіту;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын бекіту;

      электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын бекіту;

      электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтік сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібін және мерзімдерін бекіту;

      ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйелерінің болуы туралы, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын талаптардың сақталуы туралы мәліметтерді банктердің Қазақстан Республикасының Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ұсыну қағидалары мен мерзімдерін келісу;

      өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық жасау;

      Қазақстан Республикасының Үкiметiне ақпараттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мәселелерiн құқықтық реттеу жөнiнде ұсыныстар, оның ішінде тиiстi шешiмдердiң жобаларын енгiзу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер талаптарының орындалмағаны үшін мемлекеттік органдар мен ұйымдар басшыларының жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;

      байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын бекіту;

      Қазақстан Республикасы радио қызметтері арасында барлық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдарға арналған 3 кГц-тен 400 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында жиіліктер белдеуін бөлу кестесін бекіту;

      күзетілетiн аймақтарды белгiлеу тәртiбі мен олардағы жұмыс режимiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасындағы телекоммуникация желiлерiн күзету қағидаларын бекiту;

      жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын бекіту;

      трафиктi өткiзу және өзара есеп айырысу тәртiбiн қоса алғанда, телекоммуникация желiлерiнің қосылу және өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

      өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының байланыс саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерін, оның iшiнде радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзірлеу және қабылдау;

      радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдарын пайдалану қағидаларын бекіту;

      байланыс саласындағы техникалық регламенттерді бекіту;

      нөмірлеу ресурсын бөлу және нөмірлерді беру, сондай-ақ оларды алып қою тәртібін айқындау;

      ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерінің басым байланыс операторлары үшін телекоммуникацияның басқа желiлерiн қосу қызметтерiн көрсетудiң, сондай-ақ желiлердiң өзара іс-қимылы және трафиктi өткiзу бойынша осыған байланысты мiндеттемелердің талаптарын айқындайтын қосылу шартының үлгі нысанын бекіту;

      радиоэлектрондық құралды немесе жоғары жиiлiктi құрылғыны пайдалануға арналған рұқсатты алып қою тәртiбiн белгілеу;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг қорытындысын ескере отырып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау;

      телекоммуникация желілері мен құралдарының техникалық үйлесімділігін қамтамасыз ететін нормаларды, байланыс қызметтерінің сапа көрсеткіштерін, тарифтеу бірліктері мөлшерлерін бекіту;

      Қазақстан Республикасының байланыс әкімшілігі ретінде өз құзыреті шегінде халықаралық байланыс одақтары мен ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру және қорғау;

      телекоммуникация желілері мен құралдары бүлінген кезде келтірілген шығындарды анықтау тәртібін айқындау;

      пошта байланысының қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту;

      Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес Қазақстан Республикасының Радиожиіліктер жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының ұсынымдары негізінде радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарларын бекіту;

      ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу тәртібін айқындау;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан және Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындаған өкiлеттiктер шегiнде әрекет ету, басқа мемлекеттермен, халықаралық одақтармен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл кезiнде Қазақстанның пошта байланысы саласындағы мүдделерiн бiлдiру және қорғау;

      арнаулы пошта байланысы қызметі қызметкерлерінің нысанды киімінің және Ұлттық пошта операторы жұмыскерлерінің нысанды киімінің (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын, онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту;

      радиожиілік спектрін жоспарлау және тиімді пайдалану;

      адресаттардың абонементтік жәшiгін пайдалану тәртібін айқындау;

      Ұлттық пошта операторын айқындау;

      пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасында пошта индекстерін беру жөніндегі қағидаларды бекіту;

      өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді бекіту және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;

      ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

      операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу қағидаларын бекіту;

      операторды тағайындау және тағайындалған оператордың өкілеттіктерін кері қайтарып алу;

      пошта операторларының атаулы құрылғыларды қолдану қағидаларын бекіту;

      электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінің жұмыс істеуі және электрондық абоненттік пошта жәшіктерінің бірыңғай жүйесінде пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушыларды авторландыру қағидаларын бекіту;

      абоненттік пошта жәшіктерін орналастыру, күтіп-ұстау және олардың техникалық сипаттамалары жөніндегі талаптарды бекіту;

      пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін бекіту;

      пошта операторларының қызметтер көрсетуіне қажетті және жеткілікті, пошта операторының көрсетілетін қызметтерін пайдаланушылардың дербес деректерінің бірыңғай тізбесін бекіту;

      пошта төлемінің мемлекеттік белгілеріне қойылатын талаптарды Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес айқындау;

      телекоммуникацияның әмбебап көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді қайта теңгерімдеу жоспарын бекіту;

      Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары болып табылатын куәландырушы орталықтарды аккредиттеу;

      байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемелерін бекіту;

      байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды басқару;

      телекоммуникациялар желілерінде мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтау мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу қағидаларын бекіту;

      ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қағидаларын және ұялы байланыс желілерінде абоненттік нөмірді көшіру қызметтерін енгізу күнін бекіту;

      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру қағидаларын бекіту;

      ұялы байланыстың абоненттік құрылғыларын тіркеу қағидаларын бекіту;

      қалааралық және (немесе) халықаралық байланыс операторы телекоммуникацияларының желілеріне қойылатын талаптарды бекіту;

      Қазақстан Республикасының байланысын дамыту мен жетілдірудің негізгі бағыттары мен басымдықтарын іске асыру, оның сапасын, қолжетімділігін және жұмыс істеуінің орнықтылығын арттыру және ұсыныстар әзірлеуді ұйымдастыру;

      субсидиялау мөлшерін есептеуді және уәкілетті органның байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндетті жүктеу тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;

      байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік органдарымен бірлесіп байланыс операторларының байланыс саласындағы ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      тарифтерді қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын бекіту;

      реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту;

      телекоммуникациялар және пошта байланысы секторында бекітілген байланыстың көрсетілетін қызметтерінің ең аз тізбесін әзірлеу;

      Ұлттық пошта операторының ұсынысы бойынша пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгiлерiнiң түрлерi мен шығарылу көлемiн бекiту;

      байланыс саласындағы қатынастарды реттеу мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      радиоэлектрондық құралдарды, жоғары жиiлiктi құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ оларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу қағидаларын және байланыс қызметтерiн көрсету қағидаларын әзiрлеу;

      байланыс саласындағы ұлттық ресурстарды тарату және пайдалану, сондай-ақ өз құзыреті шегінде байланыс саласында техникалық реттеу және метрология аясына қатысу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;

      бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік "112" қызметіне қоңырау шалушы абоненттің орналасқан жерін анықтау және әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар қатері төнген немесе туындаған және қатері жойылған, төтенше жағдай енгізілген кезде қорғаныс, қауіпсіздік және құқық тәртібі мүддесінде халықтың ұялы байланыс телефондарына қысқа мәтіндік хабарламалар жіберу жөнінде байланыс операторларының желілерін пайдалану тәртібін белгілеу;

      байланыс қызметтері нарығының жұмыс істеуі үшін өз құзыреті шегінде жағдайлар жасау;

      телекоммуникация желілерін ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісіне қосу және Қазақстан Республикасының ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісі бойынша трафикті өткізуді реттеу қағидаларын бекіту;

      телекоммуникация және пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтері саласындағы нарық субъектілерінің тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) және инфрақұрылымға кемсітушіліксіз қол жеткізуін қамтамасыз ету мақсатында тауар нарықтарына талдау жүргізу;

      пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісу, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды айқындау;

      пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;

      пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы аумағында пошта саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;

      филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;

      әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;

      іс-әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тарту;

      электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба мәселелері жөнінде мемлекеттік органдар мен ұйымдарға практикалық және әдістемелік көмек көрсету;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алуды және сақтауды ұйымдастыру;

      Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапының электрондық цифрлық қолтаңбасының төлнұсқалығын растау қағидаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының куәландырушы орталығының, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығының және Қазақстан Республикасы сенім білдірілген үшінші тарапының қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының негізгі куәландырушы орталығын, мемлекеттік органдардың куәландырушы орталығын, Қазақстан Республикасының ұлттық куәландырушы орталығын және Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапын қоспағанда, куәландырушы орталықтың тіркеу куәліктерін беру, сақтау, кері қайтарып алу және электрондық цифрлық қолтаңбаның ашық кілтінің тиесілілігі мен жарамдылығын растау қағидаларын бекіту;

      объектілік сәйкестендіргіштердің қазақстандық сегментіндегі объектілік сәйкестендіргіштерді тіркеу, қайта тіркеу және олардың күшін жою қағидаларын бекіту;

      шет мемлекеттердің куәландырушы орталықтарының, сенім білдірілген үшінші тараптарының Қазақстан Республикасының сенім білдірілген үшінші тарапымен өзара іс-қимылын тіркеу және тоқтату қағидаларын бекіту;

      электрондық цифрлық қолтаңбаның төлнұсқалығын тексеру қағидаларын бекіту;

      куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидаларын бекіту;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құруға, дамытуға және қолдап отыруға арналған шығындарды есептеу әдістемесі мен олардың нормативтерін бекіту;

      ақпараттық жүйелердің аудитін жүргізу қағидаларын бекіту;

      мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі ақпараттық жүйесінің ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту;

      куәландырушы орталықтың үлгілік ережесін бекіту;

      ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларын бекіту;

      операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту;

      операторға бекітіп берілетін мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының және "электрондық үкiметтiң" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін қалыптастыру қағидаларын бекіту;

      "электрондық үкіметтің" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптарды бекіту;

      ақпараттандыру объектілерін сыныптау қағидаларын және ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышын бекіту;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін интеграциялау қағидаларын бекіту;

      "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзінің жұмыс істеу қағидаларын және оған қойылатын техникалық талаптарды бекіту;

      Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі арқылы мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын ақпараттық жүйелер мен электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту;

      мемлекеттiк органдардың интернет-ресурстарын ақпараттық толықтыру қағидаларын және олардың мазмұнына қойылатын талаптарды бекіту;

      мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеу, іске асырылуын қолдап отыру және дамыту қағидаларын бекіту;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасын бекіту;

      инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелеріне ақпараттандыру саласындағы сараптаманы жүргізу қағидаларын бекіту;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың есеп-қисабын жасау, ұсыну және қарау жөніндегі нұсқаулықты бекіту;

      бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар үшін ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің құнын есептеу әдістемесін бекіту;

      қызметтер көрсету мен олардың құнын айқындау тәртібін қоса алғанда, "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;

      халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне ұсынылатын "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркі тартқан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларын, олардың құрамы мен мерзімділігін бекіту;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетудің сапасын бағалауды жүргізу;

      мемлекеттік органдар ашық деректердің интернет-порталына орналастыратын электрондық ақпараттық ресурстарды ашық деректерге жатқызу өлшемшарттарын, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен форматын бекіту;

      ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтер каталогын бекіту;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін тіркеу, "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алу және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыру қағидаларын бекіту;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау қағидаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту;

      "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторы әзірлеген ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметті жобалауға арналған тапсырманы бекіту;

      ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуына мониторингті, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру кезеңінде міндеттемелердің орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға салалық қорытынды беру;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде көп мәрте пайдалануға жататын стандартты шешімдерді айқындау және пайдалану тәртібін бекіту;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін және сервистік бағдарламалық өнімдерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдер ретінде көп мәрте пайдалануға жататын ақпараттық жүйелердің (немесе олардың бөліктерінің) тізбесін бекіту;

      сервистік интегратор қалыптастырған ақпараттандырудың сервистік моделі жөніндегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін келісуді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры айқындайтын құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесін пайдалану қағидаларын келісу;

      жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін айқындау;

      Қазақстан Республикасының аумағындағы жылжымайтын мүлік объектілерін адрестеу қағидаларын сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстері жөніндегi уәкiлеттi органмен бірлесіп әзірлеу және бекіту;

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға бағытталған немесе оларды көздейтін есептілікті ұсыну тәртібі мен мерзімдерін және нысандарын, сондай-ақ байланысты гранттарды пайдалану барысы мен нәтижелері туралы ұсынылатын ақпаратқа қойылатын талаптарды айқындау;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларын бекіту;

      ақпараттандыру саласында инвестициялар тарту жүйесін және инвестициялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды ынталандыру тетіктерін жетілдіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру;

      ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының тұжырымдамасына салалық қорытынды беру;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасын жетiлдiру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      мемлекеттік органдардың архитектураларын әзірлеуді үйлестіруді жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдардың архитектураларын іске асырудың мониторингін жүзеге асыру;

      ақпараттандыру саласындағы инвестициялық ұсыныстарға, бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне қорытынды беру;

      ақпараттандыру саласындағы тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға арналған шығыстардың бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған есеп-қисаптарын қарау және қорытынды беру;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға немесе дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды келісу;

      мемлекеттік органдардың архитектурасы жобаларын келісу;

      мемлекеттік органдар архитектураларын іске асыруды сүйемелдеуді ұйымдастыру;

      "электрондық үкімет" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша ашық бюджеттер интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісу бойынша заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібін белгілеу;

      жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтерді алу үшін ұялы байланыс операторы беретін абоненттің абоненттік нөмірін тіркеу және оны "электрондық үкіметтің" веб-порталының есептік жазбасына қосу қағидаларын бекіту;

      "электрондық үкіметтің" веб-порталы және жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы көрсетілетін электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де көрсетілетін қызметтер тізбесін бекіту;

      көрсетілетін қызметті алушыны сәйкестендіру тәсілін айқындау үшін электрондық нысандағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді сыныптау қағидаларын бекіту;

      жылжымалы желінің абоненттік құрылғысы арқылы алынған, электрондық нысандағы мемлекеттік және өзге де қызметтер көрсету нәтижелерінің міндетті деректемелерін, сондай-ақ олардың анықтығын тексеру тәртібін бекіту;

      мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін келісу;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілуге тиіс мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау саласындағы қызметті мемлекеттік реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      монополияға қарсы органмен және жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу органдарымен (тiркеушi органдар) келісу бойынша міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, жылжымалы мүлік кепілінің тізілімінен үзінді көшірме беру түрінде ақпараттық қызмет көрсету, өтініш берушінің кінәсінен жіберілген тіркеу құжаттарындағы қателерді түзету жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру кезінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша бірыңғай жиынтық төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органмен және монополияға қарсы органмен келісу бойынша бірыңғай жинақталған төлем шеңберінде "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын белгілеу;

      мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталында ақпарат орналастыру тәртібін белгілеу;

      жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен және жергілікті атқарушы органмен келісу бойынша елді мекендегі салық салу объектісінің орналасқан жерін ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) белгілеу;

      аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      салық органдарына жеке тұлғалардың салық салу объектілерінің – тұрғынжайлардың және саяжай құрылыстарының (оның ішінде жаңадан тұрғызылған); тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, іргеқабатының, жертөлесінің, гараждың құнын айқындауға негіз болатын мәліметтерді ұсыну;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындау;

      балаларға арналған жәрдемақыны тағайындау мен төлеу жөніндегі ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді сәйкес келтіру тәртібін және мерзімдерді айқындау;

      оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізбесін және оларды электрондық нысанға ауыстыру мерзімдерін әзірлеу және бекіту;

      Бірыңғай байланыс-орталығы қызметінің қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      Бірыңғай байланыс-орталығының орталық мемлекеттік органдармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерімен, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту;

      автоматтандырылуға жататын және жатпайтын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлескен бұйрықты бекіту;

      рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінің жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      бір өтініш негізінде электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізбесін әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      электрондық нысанда көзделген және (немесе) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін тексеруді жүзеге асыру;

      қызмет көрсетушінің мемлекеттік көрсетілетін қызмет сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізу тәртібін белгілеу;

      рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу және оларды бекіту;

      "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды ұйымдастыру;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асыру;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін және олардың қызмет көрсетушілермен өзара іс-қимылын үйлестіру;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      Бірыңғай байланыс орталығының жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру;

      электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тізілімін әзірлеу мен жүргізуді жүзеге асыру;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары мен регламенттерін әзірлеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асыру;

      орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттары және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметінің мониторингін жүргізу;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметінің есебін қалыптастыру тәртібін, ұсыну мерзімі мен үлгілік нысанын әзірлеу және бекіту;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгi мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрiлiм деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтарды, нормалар мен қағидаларды бекiту;

      республикалық бюджет қаражаты есебінен орындалатын топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар тізбесін бекіту;

      геодезия және картография саласындағы жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қойылатын талаптарды белгілейтін нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының құжаттарын қалыптастыру, жинақтау, сақтау және пайдалану қағидаларын бекіту;

      геодезиялық пункттерді қорғау, бұзу немесе қайта салу (орнын ауыстыру) туралы қағидаларды бекіту;

      конструкторлық бюролардың жұмыс істеу қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;

      Технологиялық саясат жөнiнде кеңес құру және оның ережесі мен құрамын бекіту;

      салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      технологияларды коммерцияландыруға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзiрлеу және бекіту;

      жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға арналған инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      инновациялық гранттар беру кезiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтының қызметтерiне ақы төлеу тәртiбiн әзiрлеу және айқындау;

      технологиялық бизнес-инкубациялау қызметтерін көрсету, сондай-ақ "Астана Хаб" халықаралық технологиялық паркінің көрсететін қызметтерін қоспағанда, осындай көрсетілген қызметтердің құнын айқындау, қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      тиісті салаға (мемлекеттік басқару саласына) басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органдармен келісу бойынша индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын және венчурлік қорларды ортақ қаржыландыруды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйе субъектілерінің тізбесін әзірлеу және бекіту;

      технологиялық болжау жүргізу әдістемесін әзірлеу және бекіту;

      бес жылда кемінде бiр рет қорытындылар шығара отырып технологиялық болжауды тұрақты негiзде жүргiзу;

      инновациялық гранттар берудiң басым бағыттары шеңберiнде технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;

      технологиялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негiзiнде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;

      ғылым саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп жер қойнауын пайдаланушының алдыңғы жылы өндіруге арналған шығыстарының бір пайызы мөлшерінде ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және (немесе) тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      жұмылдыру дайындығы саласындағы уәкілетті органға жұмылдыру дайындығын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығы жоспарын және тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсетудің тиісті кезеңіне сәйкес жоспарын әзірлеуге қатысу;

      дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде даму стратегиялары мен жоспарларын келісу;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      2) ведомстволардың функциялары:

      өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;

      өз құзыретi шегiнде халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      ведомствоның құзыреті шегінде реттеу, іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыру және Министрліктің стратегиялық функцияларын орындауға қатысу;

      адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, ведомствоның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша және Министрдің бұйрықтарында бекітілуі бойынша тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;

      Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы кодексінде белгіленген тәртіппен хаттамалар толтыру, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстерді қарау және әкімшілік жаза қолдану;

      Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң сақталуын қамтамасыз ету;

      өз құзыреті шегінде ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi іс-шараларды жоспарлау және өткiзу бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметiне басшылық ету;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануға жататын қызметтiң жекелеген түрлерiн лицензиялауды жүзеге асыру;

      өз құзыретi шегiнде техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарды әзірлеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

      біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен келісу;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік акциялар пакетіне (жарғылық капиталдағы қатысу үлестері) иелік ету және пайдалану құқығын, сондай-ақ республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органның функцияларын жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының атынан жасалатын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бойынша міндеттемелерді орындау;

      мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексеру парақтарын, тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттарын әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес соттарға талап-арыздар беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыру;

      ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар жүргiзудi қоса алғанда, ғарыш қызметi саласындағы жобалар мен бағдарламаларды iске асыруды қамтамасыз ету;

      ғарыш қызметi саласындағы жобаларға салалық сараптаманы жүзеге асыру;

      ғарыш объектiлерiн және оларға құқықтарды мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыру;

      ғарыш объектiлерiнiң тiркелiмiн жүргiзу;

      халықаралық стандарттар мен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш кеңістігіне ұшырылатын Қазақстан Республикасының ғарыш объектілерін таңбалауды айқындау;

      ғарыш инфрақұрылымы объектілерін құруға, пайдалануға және дамытуға арналған шығындарды есептеу әдістемесін әзірлеу;

      мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасында жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің күзет аймақтарын белгілеу тәртібін әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ғарыш айлағы персоналының, Байқоңыр қаласы тұрғындарының, лауазымды адамдардың, делегациялардың, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің, туристердің, қалаға жеке істері бойынша келетін азаматтардың – Қазақстан Республикасы азаматтарының және Ресей Федерациясы азаматтарының Қазақстан Республикасының қарамағындағы "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiне кiруiне рұқсат беру туралы шешiм қабылдау;

      Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiндегi объектiлердiң сақталуын және пайдаланылу шарттарын бақылауды жүзеге асыруға қатысу;

      ғарыш қызметiн жүзеге асыру кезiнде өз құзыретi шегiнде iздестiру, авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ аварияларды тергеп-тексеруге қатысу;

      ғарыш қызметi саласында мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмалардың тiзбесi бойынша Министрлікке ұсыныстар енгізу;

      Қазақстан Республикасы үшiн жасалатын ғарыш техникасы өндiрiсiне арналған мемлекеттiк тапсырмаларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      ғарышта орналасқан және қашықтықтан зондтаудың (ғарыш мониторингінің) бақылау құралдарын пайдалана отырып, қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру;

      су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру, қоршаған ортаны қорғау, тұрғындардың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органдармен бірлесіп су объектілеріне мемлекеттік мониторингті жүзеге асыру әдістемесін әзірлеу;

      "Байқоңыр" кешенiнiң зымыран-ғарыш қызметiнің әсеріне ұшырайтын аумақтарда қоршаған ортаның жай-күйiн бақылау жүйесiнің жұмыс істеуін ұйымдастыру;

      ғарыш қызметіне қазақстандық қатысушылар жүзеге асыратын жағдайда Қазақстан Республикасының аумағынан, сондай-ақ одан тыс жерлерде ғарыш объектілерін ұшыру туралы шешімдерді келісу және қабылдау тәртібін әзірлеу;

      Қазақстан Республикасының ғарышкерлер жасағы туралы ереженi әзiрлеу;

      1994 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясының Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру шарты бойынша жұмыстарды үйлестiрудi жүзеге асыру;

      ғарышкерлерге үміткерлерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі қызметті ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ ғарыш қызметі саласындағы кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторингті жүзеге асыру;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері мен телекоммуникация желілерінің орнықты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін ақпараттық қауіпсіздік қатерлерін анықтау, талдау және болдырмау бөлігінде ақпаратты қорғау құралдарын әзірлеу жөніндегі қызметті үйлестіруді жүзеге асыру;

      ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызу қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін өндірістік пайдалануға енгізуге қатысу;

      мемлекеттік құпияларды қорғау саласындағы заңнаманы сақтай отырып, ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі және оны қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шаралар туралы халықты хабардар ету, насихаттау және қарсы насихаттау қызметін жүргізу;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды әзірлеу;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілеріне жатқызылған ақпараттық жүйелердің ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынақтар жүргізу әдістемесі мен қағидаларын әзірлеу;

      ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтар нәтижелері бойынша акт беру;

      ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерінің және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде орындау үшін ұйғарымдар беру;

      домендік атаулардың әкімшісін және тіркеуішін айқындау бойынша ұсыныстар дайындау, интернеттің қазақстандық сегментiнiң кеңістігінде домендiк атауларды тiркеу, пайдалану және бөлу қағидаларын әзірлеу;

      электрондық ақпараттық ресурстарды сақтаудың бірыңғай ұлттық резервтік платформасын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету қағидаларын, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің электрондық ақпараттық ресурстарын резервтік көшірудің кезеңділігін әзірлеу;

      қорғау бейіндерін және қорғау бейіндерін әзірлеу әдістемесін әзірлеу;

      ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің жедел орталықтары мен Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығы арасында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті ақпарат алмасу қағидаларын әзірлеу;

      электрондық өнеркәсіп және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізілімін қалыптастыру және жүргізу қағидаларын, сондай-ақ электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның өнімін электрондық өнеркәсіптің және бағдарламалық қамтылымның сенім білдірілген өнімінің тізіліміне енгізу өлшемшарттарын әзірлеу;

      электрондық ақпараттық ресурстардың резервтік көшірмелерін электрондық ақпараттық ресурстарды резервтiк сақтаудың бірыңғай платформасына беру тәртібі мен мерзімдерін әзірлеу;

      Ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларына ден қоюдың дағдарысқа қарсы ұлттық жоспарын әзірлеу;

      мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде инвестициялық ұсыныстарға және бюджеттік инвестициялардың қаржылық-экономикалық негіздемелеріне ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында қорытындылар беру, сондай-ақ мемлекеттік техникалық қызмет сараптамаларының негізінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмалардың ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сараптама беру;

      "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуге қатысу;

      электрондық ақпараттық ресурстарды алу, көшiрмесін түсіру, тарату, түрлендіру, жою немесе бұғаттау бойынша құқыққа сыйымсыз әрекеттердi болдырмауды қоса алғанда, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қауiпсiз пайдалану мәселелерiнде ақпараттандыру объектілерінің меншiк иелерiне, иеленушілері мен пайдаланушыларына жәрдемдесуді ұйымдастыру;

      құзыреті шегінде табиғи монополиялар салаларында реттеу мен бақылауды жүзеге асыру;

      тарифтерді қалыптастыру қағидаларын әзірлеу;

      табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;

      реттеліп көрсетілетін қызметтерді берудің үлгілік шарттарын әзірлеу;

      реттеліп көрсетілетін қызметтердің тізбесін әзірлеу;

      шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қоспағанда, кәбілді арнаны мүліктік жалдауға (жалға) немесе пайдалануға беру қағидаларын әзірлеу;

      арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлікті көрсету арқылы кіру;

      радиожиілік спектрін бөліп беру және пайдалану мәселелері, радиоэлектрондық құралдар мен жоғарғы жиiлiктi құрылғыларды пайдалану жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi өз құзыреті шегінде әзірлеу;

      жиiлiктер белдеулерiн, радиожиiлiктердi (радиожиiлiк арналарын) иелiкке беру, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды пайдалану, сондай-ақ азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдардың электромагниттiк үйлесiмдiлiгiн есептеудi жүргiзу қағидаларын әзірлеу;

      радиожиілік спектрін тиімді пайдалану;

      радиоәуесқойлық қызметтердің радиоэлектрондық құралдары мен жоғары жиілікті құрылғыларын қоса алғанда, радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдау;

      Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиiлiктi құрылғылар үшін радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсаттар беру;

      радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар белгіленген стандарттар мен техникалық нормаларға сәйкес келмеген, азаматтардың қауіпсіздігіне, қоршаған ортаға қауіп төндірген жағдайда, сондай-ақ аса маңызды жұмыстар мен іс-шараларды орындаған кезде оларды пайдалануды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтата тұру;

      радиоэлектрондық құралдарға, оның ішінде халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің халықаралық шарттарға сәйкес жұмыс істейтін радиоэлектрондық құралдарына радиобөгеуілдерді жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру;

      азаматтық мақсаттағы иелікке берілген радиожиiлiктер белдеулерiнің электрондық дерекқорын жүргізу;

      нөмірлеудің бөлінген және резервтік ресурстарының тізілімін жүргізу;

      жиіліктер белдеулерін, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) иелікке беруді жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасындағы электромагниттік жағдайды көрсететін радиожиілік спектрінің республикалық дерекқорын жүргізу;

      импорттан өзгеше жағдайларда, азаматтық мақсаттағы, оның ішінде басқа тауарлардың құрамына кіріктірілген не кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге қорытындылар беру;

      азаматтық мақсаттағы, оның ішінде ішіне орнатылған не басқа тауарлардың құрамына кіретін радиоэлектронды құралдардың және жоғары жиілікті құрылғылардың импортына лицензиялар беру;

      ұлттық ресурстардың және байланыс операторларының тізілімін жүргізу;

      азаматтық пайдаланушыларға жиіліктер белдеуін, радиожиілікті (радиожиілік арнасын) бөлу, иелікке беру (тағайындау), шақыру сигналын иелікке беруді қоса алғанда, кеме станциясына рұқсаттар беру;

      радиоэлектрондық құралдарды және (немесе) жоғары жиілікті құрылғыларды пайдаланудың басталғаны туралы хабарлама болмаған және (немесе) техникалық сипаттамалары белгіленген нормаларға сәйкес келмеген жағдайда, радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды өшіру;

      бөлінетін жиілік белдеулерінің, радиожиіліктердің (радиожиілік арналарын) техникалық сараптамасы жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;

      радиобақылауды жүзеге асыру және байланыс саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың радиожиiлiк спектрiн пайдалануына және байланыс операторларының байланыс саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын субъектілерге қойылатын біліктілік талаптарын және байланыс қызметтерін көрсету қағидаларын сақтауына тексеру жүргiзу;

      байланыс саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылғаны анықталған кезде нұсқамалар жіберу;

      байланыс операторлары көрсететін байланыс қызметтерінің сапасын бақылауды жүзеге асыру;

      Халықаралық электр байланыс одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиіліктерді халықаралық үйлестіру жөніндегі іс-шараларды орындау;

      азаматтық мақсаттағы радиожиiлiк спектрі, радиоэлектрондық құралдар және (немесе) жоғары жиілікті құрылғылар мониторингін жүзеге асыру;

      радиожиілік спектрін пайдалануды реттеу;

      байланыс саласындағы мемлекеттік монополия субъектілері өндіретін және өткізетін көрсетілетін қызметтерге бағаларды реттеу;

      ауылдық елді мекендерде көрсетілетін, субсидияланатын байланыстың әмбебап қызметтеріне бағалардың шекті деңгейін реттеу;

      Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдарының, Мемлекеттік күзет қызметінің, әскери басқару, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының мұқтаждықтары үшін техникалық құралдарды орналастыруға қажетті байланыс желілері мен арналарын, кәбілдік кәріздердегі арналар мен алаңдарды беру бағаларын (тарифтерін) реттеу;

      телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін ұсыну жөніндегі заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;

      мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша белгілеу;

      электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба саласында Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасын сақтау тұрғысынан мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасының талаптарын бұзушылық анықталған кезде ұйғарым беру;

      мемлекеттік органдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану жөніндегі қызметінің тиімділігін бағалау;

      ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасының ақпараттандыру туралы заңнамасының талаптарын бұзушылықтар анықталған кезде ұйғарымдар беру;

      ақпараттандыру саласындағы стандарттау және сәйкестікті растау жөніндегі жұмыстарға қатысу;

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 2-тармағының 7) тармақшасында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген рұқсаттарды беру;

      геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiнiң қызметiн үйлестiру;

      Қазақстан Республикасының қауiпсiздiк мүдделерiн ескере отырып, геодезиялық және картографиялық жұмыстардың, аэроғарыштық түсiрулер деректерi мен материалдарын дайындау, есепке алу, сақтау, көбейту және пайдалану тәртiбiн регламенттейтiн нұсқаулықтардың, нормалар мен қағидалардың жобаларын әзірлеу;

      геодезиялық пункттердi бұзуға немесе қайта салуға (көшіруге) рұқсаттар беру;

      әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер арасындағы шекараның өзгерістерін, сондай-ақ жергiлiктi жердiң өзгерiстерiн және географиялық объектiлердiң атауларын көрсете отырып, кезекшi анықтамалық карта жүргiзу;

      мемлекеттiк, арнайы және (немесе) салалық мақсаттағы геодезиялық және картографиялық жұмыстарды орындауды ұйымдастыру;

      Ұлттық картографиялық-геодезиялық қор қалыптастыру және жүргiзу;

      геодезиялық және картографиялық қызмет субъектiлерiне жоспарланып отырған жұмыс учаскелерiндегi жергiлiктi жердiң геодезиялық және картографиялық тұрғыдан зерделенгендiгi туралы мәлiметтер беру;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес геодезиялық өлшеу құралдарының бiрлiгi мен дәлдiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру;

      құзыреті шегінде анықталған геодезия және картография саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар беру;

      геодезиялық және картографиялық қызметті мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      құзыреті шегінде анықталған геодезиялық және картографиялық жұмыстарды ұйымдастыру мен орындау тәртiбiн бұзушылықтарды жою, сондай-ақ көрсетiлген жұмыстарды немесе аэроғарыштық түсiрілімдерді жүргiзу нәтижесiнде алынған геодезиялық және картографиялық материалдар мен деректердi шоғырландыру, есепке алу, сақтау, пайдалану және iске асыру жөніндегі талапты енгізу;

      құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының геодезия және картография саласындағы заңнамасының бұзылу фактiлерi анықталған кезде геодезиялық және картографиялық жұмыстарды тоқтата тұру;

      геодезиялық пункттердi есепке алуды жүргізеді және олардың сақталуын қамтамасыз етудi бақылау;

      аэротүсiрiлiм жұмыстарын жүргiзуге рұқсаттарды тiркеу, есепке алу және беру;

      метрологиялық бақылау мен геодезиялық және картографиялық жабдықтарға, аспаптар мен құрал-жабдықтарға бақылау жүргiзу;

      Қазақстан Республикасы Ұлттық картографиялық геодезиялық қорының материалдары мен деректерiн қайтару мерзiмiн белгiлеу;

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен өзара келісілген жұмыс жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасының қорғанысы мен ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесіндегі геодезиялық және картографиялық қызметті жүзеге асыру;

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекарасының және жергiлiктi жерлерде әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер шекараларының дұрыс көрсетiлуiн және олардың картографиялық материалдарда көрсетiлуiн бақылау;

      республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар жүргізетін топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстардың бағаларын бекіту;

      Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде және Қазақстан Республикасы Министрінің бұйрықтарында көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

      17. Министрліктің құқықтары мен міндеттері:

      1) өз құзыретi шегiнде орындауға мiндеттi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдайды;

      2) заңнамада белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажеттi ақпарат пен материалдарды сұратады және алады;

      3) Қазақстан Республикасының Президентіне және Үкіметіне Министрлік реттейтін салалардағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;

      4) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі органды тексеру нәтижелері бойынша оны мәртебесінен айыру туралы ұсыныспен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жүгінеді;

      5) халықаралық шарттарды (келісімдерді) жасасу бойынша ұсыныстар енгізеді, шет елдердің тиісті ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдік заңды тұлғалармен келіссөздер жүргізеді, шарттар (келісімдер) жасасады;

      6) ұлттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;

      7) әрекеттерi (немесе әрекетсiздiгi) Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерінiң бұзылуына, ұлттық қауiпсiздiгiне қауіп төнуіне әкеп соғатын лауазымды адамдарды, мемлекеттiк қызметшiлердi тиiсті жауаптылыққа тартады;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады.

3. Министрліктің қызметiн ұйымдастыру

      18. Министрлікке басшылық етуді Министр жүзеге асырады, ол Министрлікке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

      19. Министрдi Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісімен консультациялардан кейін Премьер-Министрдің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және Қазақстан Республикасының Президенті лауазымнан босатады.

      20. Министрдің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалатын және лауазымнан босатылатын орынбасарлары болады.

      21. Министрдің өкілеттіктері:

      1) реттелетiн саладағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейді;

      2) өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды;

      3) ведомстволар актiлерiнiң қолданылуын толық немесе iшiнара тоқтатады немесе тоқтата тұрады;

      4) Министрлік атынан Қазақстан Республикасының Парламентiнде, мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік етеді;

      5) Министрліктің жұмыс регламентiн бекiтедi;

      6) Министрлікке келiсуге келiп түскен нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын келiседi және қолбелгі қояды;

      7) Министрлікте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;

      8) Үкімет тиісті шешім қабылдаған жағдайда жарғылық капиталына мемлекет қатысатын коммерциялық ұйымның басшылық органының немесе қадағалау кеңесінің құрамына кіреді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

      Министр болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

      22. Министр өз орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейді.

      23. Министрліктің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын жауапты хатшы басқарады.

4. Министрліктің мүлкі

      24. Министрліктің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

      Министрліктің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      25. Министрлікке бекiтiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады.

      26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Министрліктің өзіне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi дербес иелiктен шығаруға немесе өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату

      27. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесi

1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      Акционерлік қоғамдар

      1) "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті

      Акционерлік қоғамдар

      1) "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      2) "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      3) "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      4) "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

3. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті

      Республикалық мемлекеттік мекемелер

      1) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      6) "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар

      1) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;

      2) Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне";

      реттік нөмірлері 375-13, 376 және 376-1-жолдар алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне" деген кіші бөлімнің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне";

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне" деген бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 389-3, 389-4 және 389-5-жолдармен толықтырылсын:

      "389-3. "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      389-4. "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      389-5. "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.".

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік және мелиорация, жер ресурстары саласында басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің миссиясы – мемлекеттік саясатты тиімді қалыптастыру, үйлестіру және іске асыру жолымен агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жер ресурстарын басқару үшін жағдай жасау.";

      15-тармақтың 11-2) тармақшасы алып тасталсын;

      16-тармақтың 434-12), 434-15), 434-16), 434-17), 434-18) және 434-19) тармақшалары алып тасталсын;

      17-тармақта:

      397), 411-15) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "397) құзыреті шегінде жер заңнамасы саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды;";

      "411-15) құзыреті шегінде анықталған жер заңнамасы саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды жою бойынша орындалуы мiндеттi нұсқамалар береді;";

      411-5), 411-6), 411-7), 411-8), 411-9), 411-10), 411-11), 411-12), 411-17), 411-19), 411-20), 411-21), 411-23), 411-25), 411-26), 411-28), 411-29), 411-30), 411-34) тармақшалар алып тасталсын;

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар" деген бөлімде:

      22, 23-тармақтар алып тасталсын.

      3. "Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 1222 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасында:

      көрсетілген Қағидаға 2-қосымшада:

      "хаттаманың негізінде Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының шешімімен" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "хаттаманың негізінде Куәландырушы орталықтарды аккредиттеуді жүргізу қағидасына сәйкес Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің куәландырушы орталықтарды аккредиттеу жөніндегі комиссиясының шешімімен".

      4. "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ 6) тармақшадағы "жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады." деген сөздер алып тасталып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:

      "7) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту салаларындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік атқарушы органы болып табылады.";

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:

      "6) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті.";

      15-тармақ мынадай мазмұндағы 38-3) және 38-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "38-3) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру;

      38-4) мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту;";

      16-тармақ мынадай мазмұндағы 339-84) – 339-102) тармақшалармен толықтырылсын:

      "339-84) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқару;

      339-85) броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімін келісу;

      339-86) броньнан шығару тәртібімен әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың және олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі уәкілетті органның шешімін келісу;

      339-87) шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажеттілігі туралы сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органның ұсынысын келісу;

      339-88) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерін бекіту;

      339-89) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту;

      339-90) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;

      339-91) мемлекеттік материалдық резервке материалдық құндылықтарды жеткізуге тапсырысты орналастыру;

      339-92) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарын және тиісті кезеңге арналған тауарларды өндіру, жұмыстарды орындау және қызметтер көрсету жоспарын мемлекеттік органдардың қатысуымен әзірлеу, мемлекеттік органдардың, облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана әкімдіктерінің жұмылдыру жоспарларын келісу;

      339-93) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау номенклатурасы мен көлемі жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыруға қатысу;

      339-94) мемлекеттік органдардың жұмылдыру даярлығы саласындағы қызметін үйлестіру;

      339-95) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында зерттеулерді ұйымдастыру;

      339-96) жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласында әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

      339-97) жұмылдыру органдары мамандарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыру;

      339-98) жұмылдыру тапсырыстары бар ұйымдар банкрот болған, қайта ұйымдастырылған, таратылған, олардың жұмыс бейіні өзгерген кезде мемлекеттік органдардың ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне белгіленген жұмылдыру тапсырыстарын алып тастау және беру туралы ұсыныстар енгізу;

      339-99) Қазақстан Республикасында жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру қағидалары мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайынғы баяндамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының жұмылдыру дайындығын бағалауды жүзеге асыру;

      339-100) әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар өткізу;

      339-101) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың әскери міндеттілерді броньдау бойынша жұмысын үйлестіру;

      339-102) уәкілетті органға тұтынушылар құқықтарының бұзылуы туралы келіп түскен өтініштер бойынша және тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы қызмет туралы жыл сайынғы ақпаратты – есептік жылдан кейінгі жылдың 1 наурызынан кешіктірмей және жартыжылдық ақпаратты ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей ұсыну;";

      17-тармақ мынадай мазмұндағы 266-73)-266-92) тармақшалармен толықтырылсын:

      "266-73) мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен мемлекеттік материалдық резервтің номенклатурасы мен материалдық құндылықтардың сақталу көлемдері бойынша ұсыныстар әзірлеу және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге енгізу;

      266-74) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде сауда қызметінің субъектілерімен шарттар жасасу арқылы нарыққа реттеушілік әсер ету үшін мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды шығару;

      266-75) мемлекеттік материалдық резерв жүйесін басқаруды жүзеге асыру;

      266-76) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен келісу бойынша мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін әзірлеу;

      266-77) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізудің тиісті қағидаларын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну;

      266-78) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану қағидаларын әзірлеу;

      266-79) гуманитарлық көмек көрсету қағидаларын әзірлеу;

      266-80) жаңарту тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім қабылдау;

      266-81) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтауды және жаңартуды ұйымдастыру;

      266-82) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыру, сақтау, толықтыру, орнын ауыстыру, жаңарту және нысаналы пайдалану кезінде нормативтік құқықтық актілер талаптарының сақталуын қамтамасыз ету;

      266-83) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының орнын ауыстыруды қамтамасыз ету;

      266-84) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын орналастыруды, сапалық және сандық жағынан сақталуын есепке алуды және бақылауды қамтамасыз ету;

      266-85) қарызға беру тәртібімен мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы алушылармен шарт (келісімшарт) жасасу;

      266-86) мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарымен жасалатын операцияларға қатысушылармен жасалған шарттардан туындайтын талаптар бойынша борыш пен тұрақсыздық айыптарын өндiріп алуды жүзеге асыру;

      266-87) тиісті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары мен мамандарын мемлекеттік материалдық резерв саласында түгендеу жүргізуге тарту;

      266-88) сақтау пункттерінде сақтауда тұрған мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының сақталуына түгендеу жүргізу;

      266-89) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау және пайдалану тәртібін бұзуда кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту туралы мәселені шешу үшін тексеру (ревизия) материалдарын құқық қорғау органдарына жіберу;

      266-90) мұнай өнімдерін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператордан сатып алу;

      266-91) мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының есебін жүргізу;

      266-92) мемлекеттік резерв номенклатурасын толықтыру мақсатында жұмылдыру резервінің броньнан шығарылған материалдық құндылықтарының орнын ауыстыру туралы шешім қабылдау;";

      мынадай мазмұндағы бөлімдермен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тізбесі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі "Микрография ғылыми-зерттеу институты" республикалық мемлекеттік мекемесі.";

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті қарамағындағы ұйымдардың тізбесі

      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      5. "Ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар мен "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 437 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 33, 228-құжат):

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті ғарыш кеңістігін пайдалану саласындағы қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті "Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәлік" екінші санаттағы рұқсатын беретін уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      6. "Байланыс саласында қызметтер көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиарды және байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 543 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:

      1) байланыс саласындағы қызметтерді көрсету бойынша қызметті лицензиялауды жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;

      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес байланыс саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып айқындалсын.".

      7. "Экспорттық бақылау саласында рұқсат беру құжаттарын берудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 1083 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 72-73-74, 542-құжат):

      1-қосымшада реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

9.

"Экспорттық бақылауға жататын өнiмнiң номенклатурасын (тiзiмiн) бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулысына сәйкес экспорттық бақылауға жататын өнім: 1-санат бойынша өнім - "Материалдар, химикаттар, микроорганизмдер" мен "уыттар"; 9-санаттағы өнім - қозғалтқыш құрылғылары, ғарыш аппараттары мен қосалқы жабдықтар; Әскери тізім бойынша өнім



1-санат бойынша:
Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi;
9-санат бойынша:
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
Әскери тiзiм бойынша:
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi

  ";

      2-қосымшада реттік нөмірі 5-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5.

Тiзiмдерi, тiзбелерi экспорттық бақылаудың халықаралық режимдерiнде белгiленетiн зымырандық техника, қозғалтқыштар, олардың компоненттерi, зымырандық техника жасау кезiнде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің Көлік комитеті

  ".

      8. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 39 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 7, 31-құжат):

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету, сондай-ақ орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді, коммерциялық ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді және олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептік тіркеуді жүзеге асыру қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.";

      3-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;".

      9. "Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 14 наурыздағы № 137 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 19, 95-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесімен интеграцияланатын интернет-ресурстар мен ақпараттық жүйелердің тізбесінде:

      реттік нөмірі 19-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

119.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі"

жеке және заңды тұлғалар халыққа қызмет көрсету орталықтарында алған қызметтер туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  ".

      10. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі индустрия және индустриялық даму, тау-кен металлургиялық кешен, жергілікті қамтуды дамыту, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина өнеркәсiбi, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; бағалы металдар өндірісін және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және тарату; уран өндірісін қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, аэронавигация және әуежайлар қызметі саласындағы табиғи монополия, әуежайлар қызметі саласындағы қоғамдық маңызы бар нарықтар, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа) саласындағы мемлекеттік реттеу, қорғаныс өнеркәсібі, бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу, әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау салаларындағы (бұдан әрi – реттелетiн салалар) басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады";

      14 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің миссиясы:

      индустриялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, өнеркәсіптік қауіпсіздік, көмір өнеркәсібі, бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымын реттеу; экономика мен қоғамның қажеттiлiктерiн қанағаттандыратын көлік-коммуникация кешенін дамыту мақсатында теміржол, автомобиль, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары салаларында елді ғылыми-техникалық дамыту; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа), экспорттық бақылау, қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс салаларында мемлекеттік саясатты қалыптастыру.";

      15-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, индустриялық қызмет саласындағы жергілікті қамтуды дамыту, тау-кен металлургия кешені, машина жасау, көмір, химия, фармацевтика және медицина, жеңiл, ағаш өңдеу және жиһаз өнеркәсiбi, құрылыс индустриясы және құрылыс материалдарының өндiрiсi, салалық бағыттылығына сәйкес машиналар мен жабдықтардың қауiпсiздiгi және химия өнiмiнiң қауiпсiздiгi; экспорттық бақылау; өнеркәсіптік қауіпсіздік; энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру; кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау; бағалы металдар өндірісі және бағалы металдар мен асыл тастар, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары, зергерлік және басқа да бұйымдар айналымы; арнайы экономикалық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және тарату; уранды өндіруді қоспағанда, қатты пайдалы қазбалар бөлiгiнде жер қойнауын пайдалануды мемлекеттiк басқару; теміржол көлігі, автомобиль көлігі, ішкі су көлігі, сауда мақсатында теңізде жүзу салаларында, Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайдалану мен азаматтық және эксперименттiк авиация қызметi, автомобиль жолдары; сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі, тұрғын үй қатынастары, коммуналдық шаруашылық және коммуналдық қалдықтармен (қатты тұрмыстық қалдықтарды қоспағанда) жұмыс істеу, елді мекендер шегінде сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау (орталықтандырылған жылумен жабдықтау аймағында жылу энергиясын өндіруді жүзеге асыратын жылу электр орталықтары мен қазандықтардан басқа); қорғаныс өнеркәсібі салаларында мемлекеттiк саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу;";

      мынадай мазмұндағы 17-1), 17-2), 17-3), 17-4), 17-5), 17-6) 17-7) және 17-8) тармақшалармен толықтырылсын:

      "17-1) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешеннің тиімді жүйесін құру;

      17-2) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын қазіргі заманғы әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен), әскери мақсаттағы жұмыстармен және әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету;

      17-3) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының ғылыми-технологиялық және өндірістік әлеуетін өнеркәсіптің азаматтық салаларында пайдалану;

      17-4) мемлекетте қорғаныс қабілетін, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті арттыру және нығайту мүдделерінде қару-жарақтың, әскери және арнайы техниканың қазіргі заманғы түрлерін жасауды қамтамасыз ету;

      17-5) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарының экспорттық әлеуетін қолдау және одан әрі дамыту;

      17-6) қолданбалы зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды дамыту және оларды одан әрі коммерцияландыру;

      17-7) бірыңғай әскери-техникалық саясатты жүргізуге қатысу және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      17-8) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылық ету;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      33), 43), 55), 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62), 63), 64), 65), 66) және 67) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 709-1), 709-2), 709-3), 709-4), 709-5), 709-6), 709-7), 709-8), 709-9), 709-10), 709-11), 709-12), 709-13), 709-14), 709-15), 709-16), 709-17), 709-18), 709-19), 709-20), 709-21), 709-22), 709-23), 709-24), 709-25), 709-26) және 709-27) тармақшалармен толықтырылсын:

      "709-3) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерімен, басқа да әскерлермен және әскери құралымдармен, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      709-4) мемлекетте қорғаныс мұқтаждарын, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, қару-жарақтың, әскери, автомобиль және арнайы техниканың, техникалық және арнайы құралдардың қажетті түрлерімен қамтамасыз етуді ағымдағы және перспективалы жоспарлауды ұйымдастыруда қатысу;

      709-5) орталық атқарушы органдармен, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдармен, олардың ведомстволарымен әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және жүзеге асыру;

      709-6) қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласында басшылықты жүзеге асыру;

      709-7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік қорғаныстық тапсырысын қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларын әзірлеу;

      709-8) монополияға қарсы органмен келісу бойынша мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде әскери мақсаттағы тауарларға (өнімдерге), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларға (өнімдерге), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерге баға белгілеу қағидаларын әзірлеу;

      709-9) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларына сәйкес мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді) отандық өндірушілердің, әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді отандық берушілердің тізілімін қалыптастыру, бекіту және жүргізу;

      709-10) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыны таңдауды жүзеге асыру;

      709-11) мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты әзірлеу және қалыптастыру, оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекітуге ұсыну және бекітілген мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың тапсырмасын мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушыларға жеткізу;

      709-12) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушымен мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға шарт жасасу;

      709-13) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қаржыландыруды жүзеге асыру;

      709-14) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты уәкілетті органның бюджетінде көзделген болса, шарт сомасының үнемделуі орын алған, ол азайтылған не ұлғайтылған, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың мерзімі ұзартылған кезде жоспарлы кезеңге бөлінген шектерде мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражатын қайта бөлу туралы шешім қабылдау;

      709-15) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде бюджет қаражаты мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының бюджетінде көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушыларды әскери мақсаттағы тауарлармен (өнімдермен) және қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлармен (өнімдермен) қамтамасыз ету;

      709-16) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты алушының мемлекеттік мекемелеріне бөлу және олардың тактикалық-техникалық тапсырмаға (техникалық өзіндік ерекшелікке, тактикалық-техникалық сипаттамаларға) сәйкестігін қамтамасыз ету;

      709-17) қорғаныстық-өнеркәсіптік әлеуетті дамыту жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу;

      709-18) қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдарына мемлекеттік қолдау шараларын беру шешімдерін қабылдау және тәртібін айқындау;

      709-19) мемлекеттік білім беру тапсырысына қосу үшін қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен ұйымдары жүргізетін білікті кадр ресурстарына ағымдағы және перспективалы қажеттіліктер мониторингін ескере отырып, қорғаныстық-өнеркәсіптік кешен үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтардың тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру;

      709-20) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарды сертификаттау және оларға сертификат беру қағидаларын әзірлеу және бекіту;

      709-21) мемлекеттік авиацияның авиациялық техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу жөніндегі ұйымдарға қойылатын сертификаттау талаптарын әзірлеу және бекіту;

      709-22) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымы қағидаларын әзірлеу;

      709-23) қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға құқығы бар субъектілердің тізбесін әзірлеу;

      709-24) қару-жарақ пен әскери техниканың айналымына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      709-25) пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу, құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу, сондай-ақ пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру қағидаларын әзірлеу;

      709-26) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен пайдаланылмайтын мүлікке билік ету және пайдаланылмайтын мүлікті беру, өткізу және құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу және пайдаланылмайтын мүлікті жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына мүліктік салым ретінде не акционерлік қоғамдардың акцияларын сатып алу төлеміне беру туралы шешімдер қабылдау;

      709-27) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;";

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі" деген 1-бөлімде:

      "Акционерлік қоғамдар" деген кіші бөлім:

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 6), 7) және 8) жолдармен толықтырылсын:

      6) "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      7) "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      8) "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы.";

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорын" деген кіші бөліммен толықтырылсын:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің қайта аталатын аумақтық бөлімшелері – республикалық мемлекеттік мекемелерінің тізбесі

      1. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі – "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      2. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      4. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Шымкент қаласы және Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      5. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

      6. "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Астана қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы" республикалық мемлекеттік мекемесі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
  № 501 қаулысына
2-қосымша

Қайта аталатын мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны –Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігінің "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Инфракос" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      4. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығы" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

      5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      7. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс жəне аэроғарыш өнеркəсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің "Резерв" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
3-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен оның ведомстволарына берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Зерде" ұлттық инфокоммуникациялық холдингі" акционерлік қоғамы;

      "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитетіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Бәйтерек" Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорны" акционерлік қоғамы;

      "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы;

      "Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы" акционерлік қоғамы.

      Жауапкершілігі шектеулі серіктестік:

      "Ғалам" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 12 шілдедегі
№ 501 қаулысына
4-қосымша

Акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне берілетін заңды тұлғалардың тізбесі

      Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне:

      Акционерлік қоғамдар:

      "Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы" акционерлік қоғамы;

      "Қазтехнологиялар" акционерлік қоғамы;

      "Қазақстан инжиниринг" (Kazakhstan Engineering)" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады