"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 25 шілдедегі № 528 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы

      Қазакстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы № 385 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 63, 397-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастыру және пайдалану тұжырымдамасында:

      "5. Ұлттық қор қаражатын қалыптастыру және пайдалану бойынша негізгі қағидаттар мен тәсілдер" деген бөлімде:

      "5.3. Ұлттық қор активтерін басқару" деген кіші бөлімде:

      сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жинақ портфелінің активтерін стратегиялық бөлу активтерді әртараптандыру саясатын жалғастыруға бағытталған және консервативті бөлуден (80% облигациялар, 20% акциялар) ұзақ мерзімді күтілетін кірістілікті арттыруға бағытталған теңдестірілген бөлуге (60% облигациялар, 30% акциялар, 5%-ға дейін баламалы құралдар және 5%-ға дейін алтын) көшуді болжайды.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады