Ұлттық режимнен алып тастауды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 шілдедегі № 538 қаулысы

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау, ұлттық экономиканы дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының аумағында шығарылмайтын тауарларды қоспағанда, осы қаулыға қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шет мемлекеттерде шығарылатын тауарларды (бұдан әрі – тауарлар) ұлттық режимнен алып тастау белгіленсін.

      2. Тауардың шығу тегі туралы "CT-KZ" нысанындағы сертификаты бар, Қазақстан Республикасының заңды тұлғасы шығаратын тауарлардың мемлекеттік сатып алуға қатысуына рұқсат берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және екі жыл бойы қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2019 жылғы 26 шілдедегі
  № 538 қаулысына
  қосымша

Шет мемлекеттерде шығарылатын, ұлттық режимнен алып тастауға жататын тауарлар тізбесі

Р/с №

Атауы

ЕАЭО СЭҚ ТН коды

1.

Жеңіл автомобильдер және жүк-жолаушы фургон автомобильдерді және жарыс автомобильдерін қоса алғанда, негiзiнен адамдарды тасымалдауға арналған өзге де моторлы көлiк құралдары (8702 тауар позициясындағы моторлы көлік құралдарынан басқа)

8703

2.

Электр трансформаторлары, статикалық электр түрлендіргіштер (мысалы, түзеткіштер) индуктивтілік орауыштар және дроссельдер

8504

3.

Оқшауланған сымдар (эмальданғандарын немесе анодталғандарын қоса алғанда), кабельдер (коаксиальды кабельдерді қоса алғанда) мен басқа да жалғағыш тетіктері бар немесе жоқ оқшауланған электр өткізгіштер; электр өткізгіштермен немесе жалғағыш тетіктермен жиынтықта болғанына немесе болмағанына қарамастан, жеке қабығы бар талшықтардан жасалған талшықты-оптикалық кабельдер

8544


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады