Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 шілдедегі № 554 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 шілдедегі
№ 554 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Нұр-Сұлтан қаласы" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 21-141-жол алып тасталсын.

      2. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 375-9-3 және 375-9-4-жолдармен толықтырылсын:

      "375-9-3. "Отандастар қоры" коммерциялық емес акционерлік қоғамы 50 %;

      375-9-4. "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы.";

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетіне" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 375-11-жол алып тасталсын;

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Азаматтық қоғам істері комитетіне" деген кіші бөлімде:

      реттік нөмірі 375-12-жол алып тасталсын.

      3. "Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 наурыздағы № 142 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      1) тармақшада:

      он төртінші және он бесінші абзацтар алып тасталсын;

      он тоғызыншы абзац алып тасталсын;

      жиырмасыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін және құрамын бекіту;";

      елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы және алпыс бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "республикада ішкі саяси тұрақтылықты, этносаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      республикада этносаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;

      этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      жастар арасында этносаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жүз жетінші абзацпен толықтырылсын:

      "жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын бекіту;";

      2) тармақшада:

      мынадай мазмұндағы отыз бесінші, отыз алтыншы, отыз жетінші және отыз сегізінші абзацтармен толықтырылсын:

      "міндетті теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле, радиоарналардың тізбесін қалыптастыру және бекіту бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;

      телерадио хабарларын тарату мақсатында жиіліктер жолағын, радиожиіліктерді (радиожиілік арналарын) бөлу бойынша конкурстар ұйымдастыру және өткізу;

      телерадио хабарларын таратуды дамыту мәселелері жөніндегі комиссияның ережесін әзірлеу және құрамына ұсыныстар енгізу;";

      мынадай мазмұндағы алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші және алпыс тоғызыншы абзацтармен толықтырылсын:

      "республикада конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған халықаралық, республикалық және өзге де іс-шаралар, акциялар мен конкурстар өткізуді ұйымдастыру;

      республикада діни қызметті, конфессияаралық келісімді зерделеу және талдау жүргізу;

      конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      жастар арасында конфессияаралық келісімді және толеранттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру мен іске асыруды жүзеге асыру;";

      мынадай мазмұндағы жүз сегізінші абзацпен толықтырылсын:

      "жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру қағидаларын әзірлеу;";

      жүз жиырма алтыншы абзац алып тасталсын;

      Министрліктің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі";

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі "Мемлекеттік радиожиілік қызметі" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны." деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің "Талдау және ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады