Байланыс формасы

Объектіні ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 тамыздағы № 590 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 4-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ақтау қаласындағы "AKTAU RESORT HOTEL" көпфункциялы қонақ үй-туристік кешені" объектісі ерекше реттеуді және (немесе) қала құрылысы регламентациясын талап ететін объектілерге жатқызылсын.

      2. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады