Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 19 тамыздағы № 608 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мыналар:

      1) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі - "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті "Алматы" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Алматы" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      3) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті "Сарыарқа" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Сарыарқа" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      4) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті Есіл ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті "Есіл" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      5) "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Астана қаласының Әділет департаменті "Байқоңыр" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті "Байқоңыр" ауданының әділет басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Министрліктің облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, аудандарда, қалаларда және қалалардағы аудандарда аумақтық органдары бар.";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Министрліктің орналасқан жері: 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, "Есіл" ауданы, Мәңгілік ел даңғылы, 8-үй.";

      16-тармақта:

      20) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) орталық атқарушы органдардың заң қызметтерінің қызметін үйлестіру және әдістемелік басқару, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері аппараттарының заң қызметтерімен өзара іс-қимыл жасау;";

      Министрліктің қарамағындағы аумақтық органдар тізілімінде:

      реттік нөмірлері 15, 215, 216, 217, 217-1-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті.";

      "215. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Алматы" ауданының әділет басқармасы.

      216. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Сарыарқа" ауданының әділет басқармасы.

      217. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Есіл" ауданының әділет басқармасы.

      217-1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Нұр-Сұлтан қаласының әділет департаменті "Байқоңыр" ауданының әділет басқармасы.".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады