Байланыс формасы

"Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 тамыздағы № 615 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 12 қыркүйектегі № 562 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Солтүстік Қазақстан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018 – 2021 жылдарға арналған кешенді жоспарында:

      он үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау. Көшіп келушілерге 2 142 үй салу республиканың жұмыс күші көп өңірлерінен 10 мыңға жуық адамды қабылдауға мүмкіндік береді, бұл еңбек нарығындағы жағдайды жақсартуға, ауылдардағы білім беретін мектептер желісін сақтап қалуға ықпал етеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады