2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 3 қазандағы № 735 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаевқа 2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.10.2019 № 761 қаулысымен.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жығы 3 қазандағы
№ 735 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы ХАТТАМА

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі

      2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 7-бабының ережелерін негізге ала отырып,

      екі мемлекеттің арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамыту, олардың азаматтарының жол жүруін құқықтық реттеу мақсатында,

      бір мемлекет азаматтарының екінші мемлекеттің аумағында болуы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ниет білдіре отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 1-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Бір Тарап мемлекеті азаматтарының тұрақты тұратын жеріне қарамастан, осы Келісімге 1 және 2-қосымшаларда санамаланған жеке басын куәландыратын және азаматтығын растайтын құжаттардың негізінде екінші Тарап мемлекетінің аумағына визасыз келуге, кетуге, транзитпен өтуге, жүріп-тұруға және болуға құқықтары бар.

      2. Бір Тарап мемлекетінің аумағында уақытша болатын екінші Тарап мемлекеттерінің азаматтары болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында келген күнінен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде тіркелу (болатын жері бойынша есепке қою) міндетінен босатылады.

      3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген уақытша болу мерзімі шекараны кесіп өту үшін болатын Тарап мемлекетінің аумағына келу кезінде қойылған шекара қызметі органдарының белгісі бар қолданыстағы құжаттармен, бір Тарап мемлекетінің аумағына екінші Тарап мемлекеті азаматының келген күнінен бастап есептеледі.

      4. Бір Тарап мемлекетінің азаматы екінші Тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болған жағдайда аталған азамат болатын Тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес болатын Тарап мемлекетінің құзыретті органдарында тіркелуге (болатын жері бойынша есепке тұруға) міндетті.

      5. Бір Тарап мемлекетінің азаматтарын тіркеу келетін Тарап мемлекетінің Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезден бастап күнтізбелік 90 күннен аспайтын мерзімге жүргізіледі.".

2-бап

      Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезіндегі Тараптар арасындағы кез келген даулар мен келіспеушіліктер дипломатиялық арналар арқылы консультациялар немесе келіссөздер арқылы шешіледі.

3-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарлама алынған күнінен бастап күшіне енеді. Осы Хаттама Келісімнің қолданылуы тоқтатылған күннен бастап өз қолданысын тоқтатады.

      20___ жылғы " " ______________ _______________қаласында әрқайсысы қазақ, әзербайжан және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқасы болып табылады. Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Әзербайжан РеспубликасыныңҮкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады