Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлiгiнiң кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарын тарату туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 1 қарашадағы № 823 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары таратылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      реттік нөмірлері 35, 37 және 39-жолдар алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 1 қарашадағы
№ 823 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің таратылатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарының тiзбесi

      1. "Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      2. "Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

      3. "Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады