"Қапшағай – Күрті" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-67 км "Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы" Орталық-Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қарашадағы № 854 қаулысы.

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Еуропа Қайта құру және Даму Банкіне "Қапшағай – Күрті" республикалық маңызы бар автомобиль жолының 0-67 км "Астана – Қарағанды – Балқаш – Алматы" Орталық-Оңтүстік дәлiзiн реконструкциялау" жобасы бойынша "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде 34479731420 (отыз төрт миллиард төрт жүз жетпіс тоғыз миллион жеті жүз отыз бір мың төрт жүз жиырма) теңгеге дейінгі сомада Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады