Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 18 қаңтардағы № 18 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары;

      2) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      3) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары;

      4) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары;

      5) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      6) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары;

      7) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жүргізу қағидалары;

      8) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба бойынша кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары;

      9) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдіктер беру қағидалары;

      10) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне жүктелсін.

      4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне екінші деңгейдегі банктердің кредиттері/микроқаржы ұйымдарының микрокредиттері/лизингтік компаниялардың қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттарын, тетігін және тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау:

      1) екінші деңгейдегі банктер/микроқаржы ұйымдары/лизингтік компаниялар берген кәсіпкерлердің кредиттері/микрокредиттері/қаржылық лизинг шарттары;

      2) "жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін екінші деңгейдегі банктер берген кәсіпкерлердің кредиттері;

      3) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар берген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Осы Субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып, ретке келтірілген жиынтығы;

      2) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      2-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      3) банк – қызметті осы Субсидиялау қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      4) банк-төлем агенті – лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының қаржы агенттігімен келісілген және лизингтік компанияның/микроқаржы ұйымының жобалар бойынша субсидияларды аудару мен есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      5) банктік кредит (бұдан әрі – кредит) – мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдалану шарттарында банктік қарыз шартының негізінде кәсіпкерге банк беретін ақша сомасы;

      6) банктік қарыз шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де банктік қарыз шартына жатады);

      6-1) банктің/лизингтік компанияның өтініші – банктің/лизингтік компанияның қосылу шартына қосылу туралы өтініші;

      7) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған, банк-кастодиандағы шоттардағы ақша, арнайы қаржы компаниясы көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді қалыптастыру кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      8) даму банкі – "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамы және (немесе) оның үлестес лизингтік компаниясы;

      9) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      10) "жасыл" таксономия – қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      11) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      12) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше банктік кредиттер/лизингтік мәмілелер болады);

      13) жұмыс органы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – № 436 бұйрық) (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдіктерінің уәкілетті басқармасы;

      14) кәсіпкер – өз қызметін осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      14-1) кәсіпкердің өтініші – кәсіпкердің қосылу шартына қосылу туралы өтініші;

      15) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi осы кешендi басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      15-1) ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      15-1) тармақша 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 қаулысымен.

      16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      16-1) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      17) қаржылық лизинг шарты – лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг береді;

      17-1) қосылу шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін және қаржы агенттігінің интернет-ресурсында орналастырылатын стандартты нысандағы қосылу шарты нысанындағы субсидиялау шарты, оның талаптарын кәсіпкер және банк/лизингтік компания ұсынылған шартқа тұтастай қосылу жолымен қабылдайды;

      17-2) қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі – осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген тәртіппен келісілген, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерге бөле отырып, банк/лизингтік компания мен қарыз алушы арасындағы банктік қарыз/қаржылық лизинг шарты шеңберінде қол қойылатын кесте;

      18) лизингтік компания – қызметін осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      19) лизингтік мәміле (лизинг) – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимыл жиынтығы;

      20) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      21) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік пен жекеше әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      21-1) микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым;

      21-2) микрокредит – микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға "Микроқаржылық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған мөлшерде және тәртiппен ақылылық, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарымен Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында беретiн ақша;

      21-3) микрокредит бойынша шарт – микрокредит беру туралы шарт, оған сәйкес микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым қарыз алушыға микрокредит береді;

      21-4) нақты өңірлік бағдарлама – нақты өңірдің/қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында қаржы агенттігі жергілікті атқарушы органмен немесе өзге де заңды тұлғалармен бірлесіп іске асыратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекіткен бағдарлама;

      22) өңірлік үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      23) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      24) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      25) субсидиялау – кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындаудың орнына кредиттер/лизинг бойынша сыйақы ретінде кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылатын кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны.

      Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кәсіпкерлердің кредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функцияларын осындай кредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген банк жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі арнайы қаржы компаниясының банк бөлген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының банкке қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысанын көздейді;

      26) субсидиялау шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, банк/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкердің банк/лизингтік компания берген кредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін ішінара субсидиялайды;

      27) сыртқы бағалау ("жасыл" жоба бойынша) – "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жобаның осы кіші сектор үшін көзделген шекті мәндерді сақтау бөлігінде сәйкестігін бағалау рәсімі;

      28) сыртқы бағалау провайдері – қаралып отырған жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы тиісті қорытынды дайындай отырып, іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      28-1) санкциялар – ел немесе елдер тобы басқа елге қолданатын экономикалық сипаттағы, оның ішінде қаржылық операциялар жүргізудегі шектеу шаралары.

      29) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      30) шекті мән ("жасыл" таксономияның кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт) – "жасыл" таксономияның кіші секторы үшін белгіленген жобалардың немесе активтердің сандық және сапалық өлшемшарттарының шекті мәндері, оларға қол жеткізу жобаларды "жасыл", яғни тиісті "жасыл" таксономия ретінде саралау үшін қажет. Кіші сектор бойынша шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау талаптарында ("жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттардың талаптарына сәйкестікті растау не жекелеген кіші секторларға қатысты таңбалардың болуы) көрсетілуі мүмкін;

      31) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілген қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар;

      32) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Субсидиялау кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілген кредиттер бойынша сыйақы ретінде кәсіпкерлер төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      6. Субсидиялау қағидалары шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін, өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын/жоспарлайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерін, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғаларды субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне қаражатты аударуға өздерінің араларында жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Субсидиялау қағидалары шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші өздерінің араларында жасалатын субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Субсидиялау және (немесе) кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы)/Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы)/ұлттық жоба/тетік шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша субсидиялау нысанындағы қолдау шарасын қаржыландыру "БЖК-2025" бағдарламасы/тетік/ұлттық жоба шеңберінде бөлінген республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және БЖК-2025" бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты "БЖК-2020" бағдарламасы/"БЖК-2025" бағдарламасы/ұлттық жоба/тетік шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

      Сондай-ақ кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінген қаражат шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Қаржылық қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлескен қатысуымен ресурстық әлеуеті және кәсіпорындар құру қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері – Қазақстан Республикасының резиденттеріне ұсынылады.

      8. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Субсидиялау қағидаларының ережелерін ескеретін болады.

      9. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде мынадай бағыттар бойынша кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау түрінде қолдау көрсетілуі мүмкін:

      1) кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау;

      2) шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру;

      3) тетік шеңберінде жеке кәсіпкерлік субъектілерін субсидиялау.

      9-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/лизинг/исламдық қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялауға:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын;

      2) банктердің/лизингтік компаниялардың сыйақы мөлшерлемесі осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде арзандатылған кредиттерін/лизингтік мәмілелерін қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;

      6) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/лизингтік мәмілелер жатпайды.

      11. Мыналар:

      1) тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды, сондай-ақ моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) тетік шеңберінде 11-тармақтың 1) тармақшасында алып тастау көзделген қызмет түрлерін қоспағанда, кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде қатысушылар бола алмайды.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      11-1. Қатысушы лизингтік компанияларға қойылатын ең төмен талаптар, атап айтқанда:

      1) лизингтік компанияның меншікті капиталы өтініш берілген кезден бастап айдың соңғы күнтізбелік күнінің соңындағы жағдай бойынша және субсидиялау лимиті мерзімінің соңына дейін 1 (бір) млрд теңгеден төмен болмауға тиіс;

      2) негізгі қызметті өтінім беру алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асыру.

      Ескерту. 1-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      12. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар іске асырылу орны мен кәсіпкердің тіркелген орны ескеріліп, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласында айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға субсидиялауға жол беріледі.

      Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шарттары қолданылады.

      Кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      13. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытының қатысушылары қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" жобалардың сыныптамасына (таксономиясына) сәйкес "жасыл" жобаларды іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері болып табылады.

      14. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақтың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген талаптар қолданылмайды.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін және іске асырылатын жобада субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін шекті мәнге ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейтін жаңа кредиттер бойынша да жүзеге асырылады (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тауарларды таңбалауға арналған жабдықты сатып алуға бағытталған қаржы лизингі шарттары бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Мыналарды:

      1) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері іске асыратын жобаларды (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады);

      2) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдары мен лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жобаларды салалық шектеулерсіз мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша да жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін берілетін банктердің кредиттеріне де қолданылады.

      16. Субсидиялауға мыналар да жатады:

      1) жаңа кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер, сондай-ақ жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/қаржылық лизинг шарттары;

      2) осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар және кредиттік серіктестіктер, қаржы ұйымдары бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер.

      Бұдан бұрын:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы;

      нақты өңірлік бағдарламалар шеңберінде мақұлданған/берілген жобаларды да салалық шектеулерсіз субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл ретте жоғарыда көрсетілген бағдарламалар шеңберіндегі жобалар бойынша санкциялар қолданылатын, банктер бұрын мақұлдаған/берген кредиттер 2 (екі) жылдан астам мерзімге қайта қаржыландыруға жатады.

      Осы тармақшаның екінші және сегізінші абзацтарында көрсетілген шарттарда қарыздарды қайта қаржыландыруды жүргізу үшін банктің өтінішхатын қаржы агенттігі 2022 жылғы 1 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды;

      3) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын болса, айналым қаражатын толықтыруға берілген, бірақ кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын немесе 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын сомадағы кредиттер;

      4) жылдық 8 % номиналды сыйақы мөлшерлемесімен айналым қаражатын 100 % толықтыруға бағытталған кредиттер, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2020 жылғы 19 наурыздағы № 39 қаулысымен бекітілген Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жеңілдікпен кредит беру бағдарламасы шеңберінде мемлекет субсидиялайды;

      5) қайта бастау негізінде айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер (айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті қайта бастау мүмкіндігінің шарттары қаржы агенттігінің шешімінде көрсетілуі тиіс);

      6) бір кәсіпкер үшін 100 % айналым қаражатын толықтыруға (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) бағытталған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейінгі кредиттер;

      7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың бұрын бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шарттарында Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссиясы 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін ұсынған даму банкінің кредиттері;

      8) егер кредиттеу негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын болса, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін айналым қаражатын толықтыруға берілген кредиттер.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      16-1. ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      16-1-тармақ 01.01.2024 дейін қолданыста болды - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 қаулысымен.

      17. Кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қолданыстағы барлық кредиттер/лизингтік мәмілелер ескеріле отырып белгіленеді. Бұл ретте кредит/лизинг сомасы бір кәсіпкер үшін, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыру үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыру үшін кредит/лизинг берілген жағдайда, онда бұл сома 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      Бір мезгілде мына 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан көп жобалардың жиынтығы бір бизнес-жоба болып саналады:

      жоба бір объект ретінде (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан ажырағысыз байланысқан бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады) іске асырылады;

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно- және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қолданыстағы барлық кредиттерді/лизингтік мәмілелерді ескере отырып, кредиттің/қаржылық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно-, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде осы Субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторлары шеңберінде іске асыратын кәсіпкерлер үшін кредит/қаржылық лизинг шартының сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      Осы Субсидиялау қағидаларында белгіленген лимиттер шеңберінде субсидияланатын кредит бойынша негізгі борыш ішінара/мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда, кәсіпкерлердің кредиттерін субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар жобалар бойынша субсидиялау "БЖК-2020" бағдарламасының бұрын мақұлданған шарттарымен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 17-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      18. Инвестицияға бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг шарттары, оның ішінде "жасыл" жобаларды іске асыруға берілетін кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      19. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде және берілген мерзімін ұзарту үшін кредит мерзімін ұлғайту кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      20. Кәсіпкердің ағымдағы міндеттемелерін қайта қаржыландыру кезіндегі субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі қайта қаржыландыру жүзеге асырылған кредитор-банкте/лизингтік компанияда бірінші субсидиялау шартына қол қойған сәттен бастап белгіленеді.

      21. Кәсіпкерлердің субсидиялау құралы бойынша қаржы агенттігі мақұлдаған жобалары басқа банктерде/лизингтік компанияларда субсидиялаудың бұрын мақұлданған шарттарымен қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      22. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша, сондай-ақ "жасыл" жобаларды іске асыруға берілген кредиттер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Өз қызметін осы Субсидиялау қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай жүзеге асыратын және жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын кәсіпкерлер үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәнінің баламалы өзгеруіне азаяды.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Шекті сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және банктің/лизинтік компанияның кәсіпкер жобасы бойынша шешімі шыққан кезде қолданыста болған базалық мөлшерлеме есепке алынады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кредит/қаржылық лизинг шарты бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, банк/лизингтік компания кредитке/қаржылық лизинг шартын жасасуға, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      25. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін берілген кредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы қаржы жылынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді ағымдағы жылы өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе басқа да төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге қайтарылуға жатады.

      26. Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының 25-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда, банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      27. Лизингтің мынадай нысандары мен түрлері: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг және таза лизинг субсидиялауға жатады.

      28. Банктердің кәсіпкерлерді секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы қаржыландыруға бағытталған кредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі меншікті қаражаты не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен секьюритилендірілген облигацияларды сатып алады.

2-параграф. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      29. "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" (бұдан әрі – Өңірлік бағдарлама) бағыты шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін қаражат бөлу жергілікті бюджеттің микширленген қаражаты/қаржы агенттігінің қаражаты/өзге де қаржыландыру көздері есебінен жүзеге асырылады.

      Өңірлік бағдарлама шеңберінде субсидиялау әлеуметтік осал өңірлерде немесе төтенше жағдай/төтенше жағдай енгізілген кезеңде немесе өзге де жағдайларда жергілікті атқарушы органның кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келісімі бойынша жүзеге асырылады.

      30. Әлеуметтік осал өңірлерде немесе төтенше жағдай/төтенше ахуал енгізілген кезеңде субсидиялау шарттарын жергілікті атқарушы орган кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен жазбаша келіседі.

      31. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау салалық шектеулерсіз жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары Өңірлік бағдарламаға қатысушылар бола алмайды.

      32. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау Өңірлік бағдарлама шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/микрокредиттер бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі бизнесті сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/микрокредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерге ақы төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      33. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/МҚҰ-ның кредиттері/микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтауды/ұлғайтуды немесе кірістерді (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсіруді немесе төленетін салықтардың (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары түсініледі. Кәсіпкерлік субъектілерінің айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттері/микрокредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      Ескерту. 33-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/МҚҰ бұрын берген кредиттер/микрокредиттер де жаңа кредиттерге/микрокредиттерге жатады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің сомасы қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі үшін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспауға тиіс және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың кредиті бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі.

      МҚҰ үшін бір шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне қаржыландырудың ең жоғары лимиті 8 000 (сегіз мың) АЕК-тен аспайды.

      Ескерту. 35-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      36. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі 8,5 %-дан аспайтын, оның айырмасын қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін кредиттер/микрокредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейтін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 1 %-дан кем болмауы тиіс.

      37. Кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалған жағдайда, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      38. Мыналарды:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері бастама жасайтын кредит беру/микрокредит беру шарттарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің кредит/микрокредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды қоспағанда, Өңірлік бағдарлама шеңберінде банк/МҚҰ кредитке байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және (немесе) өзге де төлемдерді алмайды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/микрокредитті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/МҚҰ шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына нақты қол қойған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне өтелуге жатады.

      Банк/МҚҰ Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде шағын және орта кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді уақтылы өтемеген жағдайда банк/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Өңірлік бағдарлама шеңберінде қаржы агенттігі мен жергілікті атқарушы орган арасындағы жазбаша келісімге сәйкес шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың қосымша және/немесе өзге де шарттары көзделуі мүмкін.

3-параграф. Тетік шеңберінде субсидиялау шарттары

      41. Тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары субсидиялауға жатады.

      42. Банктер/лизингтік компаниялар:

      осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу бойынша;

      осы Субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша;

      осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберіндегі кредиттер/лизинг бойынша субсидиялауға арналған экономика салаларының тізбесіне сәйкес инвестицияларға және айналым қаражатын (оның ішінде жаңартылатын негізде) толықтыруға берген (беретін) жаңа және қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер субсидиялауға жатады.

      "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысы күшіне енгеннен кейін банктер/даму банкі/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/лизингтік мәмілелер қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер деп түсініледі.

      Ескерту. 42-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43. Айналым қаражатының мөлшері қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кредит сомасының 50 %-ынан аспайтын айналым қаражатын толықтыруға арналған кредитті субсидиялауға жол беріледі.

      Бұл шектеу банктердің/лизингтік компаниялардың және "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу жөніндегі жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға қолданылмайды. Бұл ретте, көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 (бір) жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.

      Тетіктің шеңберінде банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу және өндіру жөніндегі жобалар бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатына 100 % қаржыландыру кезінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру кезінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауына жол берілмейді.

      Тетік шеңберінде қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.

      Ескерту. 43-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      43-1. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Осы шарт бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Ескерту. 2-тарау 43-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      43-2. Қаржы агенттігі инвестициялық мақсаттарға бағытталған, қарыз сомасы 10 (он) млрд теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның келісуі бойынша қаржы агенттігінің ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген жобалардың қаржылық көрсеткіштерін бағалау әдістемесіне сәйкес кредиттер/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға қажеттіліктің жоқтығын көрсететін жеке кәсіпкерлік субъектісі қаржылық көрсеткіштері кезінде (өтелу мерзімін, таза пайданы, кірістіліктің ішкі нормасын, ақша ағындарын ескере отырып) субсидиялаудан бас тартады.

      Ескерту. 2-тарау 43-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      44. Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен өңдеу жөніндегі жобаларға/лизингтік мәмілелерге 10 (он) млрд теңгеден асатын сомаға кредит беру бойынша тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      Жеке кәсіпкерлік субъектісі көрсетілген қорытындыны алғанға дейін банкке/лизингтік компанияға мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) өтініш беруші бекіткен жобаның паспорты (өтініш берушінің толық атауы; заңды мекенжайы (индекс, облыс, қала/аудан, елді мекен, көше, телефон); бірінші басшы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, жұмыс/ұялы телефон нөмірі, электрондық мекенжайы туралы ақпаратты қоса алғанда); өтініш берушіні мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі мен күні; өтініш берушінің бизнес сәйкестендіру нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмірі; саланың, кіші саланың атауы; негізгі қызмет түрі (экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішінің кодын көрсете отырып); шығарылатын өнімнің заттай мәндегі 3 (үш) жылғы номенклатурасы; өтініш берушінің белгіленген қуаттылығы (заттай және ақшалай мәнде); қуаттылықтың ағымдағы жүктемесі (пайызы); өндірістік жабдықтың ағымдағы тозуы (пайызы); ағымдағы еңбек өнімділігі (мың теңге/адам және мың АҚШ доллары/адам);

      2) өтініш беруші бекіткен жобаның бизнес-жоспары;

      3) өтініш беруші бекіткен жобаны іске асыру жоспар-кестесі.

      Банк/лизингтік компания осы тармақта көрсетiлген құжаттарды мақұлдаған жағдайда банк/лизингтік компания оларды банктiң/лизингтік компанияның кредиттiк комиссиясы шешiм қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнi iшiнде қаржы агенттігіне жiбередi. Банктің/лизингтік компанияның кредиттік комиссиясының шешімі көрсетілген құжаттармен бір уақытта жіберіледі.

      45. Қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде банктен/лизингтік компаниядан түскен құжаттарды тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды.

      Олар тетік шарттарына сәйкес келген жағдайда салалық қорытындыны алу үшін тиісті салалық орталық уәкілетті органға сұрау салу жіберіледі.

      46. Салалық қорытындыны тиісті орталық уәкілетті мемлекеттік органдар қаржы агенттігінен сұрау салу түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде береді.

      Қажет болған жағдайда орталық уәкілетті мемлекеттік орган жеке кәсіпкерлік субъектісінен қосымша ақпарат/құжаттар сұратады.

      47. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша жобаларды субсидиялауды жұмыс органы № 436 бұйрыққа сәйкес жүзеге асырады.

      48. Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу, өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жөніндегі жобаларды қаржы агенттігі құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      49. Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтердегі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша 10 (он) млрд теңгеден асатын жобалар бойынша қаржы агенттігі салалық қорытынды келіп түскеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялау туралы шешім қабылдайды.

      49-1. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларға кредит беру кезінде кредиттің/қаржылық лизингтің ең жоғары сомасы субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 7 (жеті) жылдан аспайтын мерзіммен 5 (бес) млрд теңгеден аспайды. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 49-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Осы Субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібидегі қайта өңдеу бойынша экономика салаларының тізбесі және 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Осы субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 11,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру) бойынша өңдеу өнеркәсібіндегі жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,25 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең мәнге азаяды.

      Кредит/лизинг жеке кәсіпкерлік субъектісіне ұлттық валютада беріледі.

      Ескерту. 50-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      51. Инвестицияларға бағытталған кредиттер бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылдан аспайтын мерзімді құрайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылдан аспайтын мерзімді құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған күннен бастап белгіленеді.

      Тетікке 4-қосымшаға сәйкес инвестицияларға бағытталған экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі бойынша кредиттерді/қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі осы тармақтың бірінші және екінші абзацтарында көзделген жобаларды қоспағанда, 7 (жеті) жылдан аспайды.

      Ескерту. 51-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      51-1. ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі) шеңберінде облыс орталықтарында іске асырылатын әрі әлемнің он және одан да көп елдерінде кемінде 1000 (бір мың) қонақүй объектілері бар халықаралық қонақүй желілерінің қонақүй бизнесі саласындағы франшизаларын пайдаланатын "3", "4" және "5" жұлдыздар санатындағы қонақүйлерді салу және (немесе) реконструкциялау және жаңа қонақүйлерді жабдықтармен жарақтандыру бойынша жобаларды қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады. Бұл шарт осы Субсидиялау қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салалары тізбесінің ЭҚЖЖ 5510 (қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі), 5520 (демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру), 5530 (кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі) көзделген жобаларға қолданылмайды.

      Ескерту. Қағида 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      52. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның өкімі және/немесе өзге де құжаты және/немесе актісі негізінде кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша кейінге қалдыру ұсынылған кезде осы Субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі кейінге қалдырылған мерзімге ұзартылады.

      53. Бұл ретте шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері іске асыратын жобалар тетікте белгіленген шарттарда берілген кредиттердің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде субсидиялауға жатады.

      54. Банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кредит беру шарттарының жеке кәсіпкерлік субъектісінің бастамасымен өзгеруіне байланысты;

      2) жеке кәсіпкерлік субъектісінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзуы себебінен алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға (кедендік тазарту жөніндегі қызметтерді, лизинг нысанасын арнайы органдардың тіркеу қызметтерін өтеу) байланысты;

      5) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      55. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/қаржылық лизинг шартын субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда банк/лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап ағымдағы жылы қаржы агенттігінің шешімі қабылданған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Субсидиялау қағидаларының тармағында көрсетілген мерзімдерде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

4-параграф. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      56. Осы тараудың күші қолданылатын, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесі субсидиялауға жатады.

      57. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) берілген банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша, сондай-ақ 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) мақұлданған кредиттік желілер шеңберінде берілетін кредит қаражатына қатысты жүзеге асырылады.

      2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде сыйақы мөлшерлемесі мен өтеу мерзімі ұлғайтылмай қайта қаржыландырылған, бірақ 2020 жылғы 31 тамыздағы жағдай бойынша қолданыстағы кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатады.

      Кредит 2020 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) толық өтелген жағдайда субсидиялауға жол берілмейді.

      Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау берілген кредиттің/лизингтің ескіру мерзімі есепке алынбай жүзеге асырылады.

      58. 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша (қоса алғанда) негізгі борыш және/немесе есептелген сыйақы бойынша 180 (бір жүз сексен) күннен астам (қоса алғанда) мерзімге мерзімі өткен берешегі бар кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидиялауға жатпайды.

      59. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген мөлшерде жүзеге асырылады, бұл ретте номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 6 %-ын шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Бұл ретте мемлекеттің номиналды сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мөлшері мынадай болады:

      1) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша төлемдерді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) төлеген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы айырма;

      2) 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) кредит бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі мен 6 (алты) пайыз арасындағы, бірақ 12 %-дан аспайтын айырма.

      2021 жылғы 1 қаңтардан бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда), 2021 жылғы 1 сәуірден бастап (қоса алғанда) 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) шағын және орта кәсіпкерлік субъектісінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі 18 %-дан асатын кредиттік шарттары/лизингтік мәмілелері, оның ішінде 2020 жылғы 16 наурыздан бері төлемдерді төлеу жүзеге асырылмаған кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша номиналды мөлшерлемені банк/лизингтік компания 18 %-ға дейін төмендетуге (қайта құрылымдауға) тиіс.

      Осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында қызметін жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиті бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 18 %-дан аспауға тиіс.

      60. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша субсидиялау мерзімі 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) 12 (он екі) айды құрайды.

      Кредиттік шарт/лизингтік мәміле 2020 жылғы 16 наурыздан кейін жасалған кезде субсидиялау мерзімі кредиттік шарт/лизингтік мәміле жасалған күннен бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейін (қоса алғанда) есептеледі.

      2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) осы Субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес қызметін экономиканың ең көп зардап шеккен секторларында жүзеге асыратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемелері де субсидиялауға жатады.

      61. Банк кредиттер бойынша негізгі борышты және номиналды сыйақы мөлшерлемесін төлеу бойынша мерзімін кейінге шегіндірген кезде субсидиялау көзделген қаражатты қаржы агенттігі банкке аударады және ол мерзімін кейінге шегіндіру кезеңі аяқталғаннан кейін пайдаланылатын болады. Бұл ретте егер төтенше жағдай немесе шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңіне есептелген сыйақы сомасы мерзімін кейінге шегіндіру шеңберінде 2021 жылғы 15 наурыздан кейінгі кезеңге ауыстырылса, онда мұндай мерзімі кейінге шегіндірілген төлемдер мерзімін кейінге шегіндіру кезеңінде субсидиялануға жатады.

      62. Егер 2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға дейінгі (қоса алғанда) және 2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) кезеңде қарыз алушы кредит бойынша төлемдерді төлеген жағдайда, осы кезеңге есептелген субсидиялау сомасы қарыз алушының ағымдағы шотына есепке жатқызылады.

      2020 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2020 жылғы 20 қазанға дейінгі кезеңде кредит өтелген жағдайда 2020 жылғы 16 наурыздан бастап кредитті өтеу күніне дейінгі кезең үшін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бір бөлігінің сомасы қарыз алушыға банктің/лизингтік компанияның хаты және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесі не шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесі (төлемдер тізілімі) және тиесілі субсидиялар сомасы және субсидияларды төлеу үшін қажетті деректер (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) негізінде төленеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің қолданысы 2020 жылғы 16 наурыздан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      63. Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің мемлекет субсидиялайтын бір бөлігін ай сайын есептеу үшін кредиттік шарт/лизингтік мәміле бойынша ағымдағы айдың соңғы жұмыс күніне қолданылатын пайыздық мөлшерлеме пайдаланылатын болады.

      64. Осы Субсидиялау қағидаларына 5 және 6-қосымшаларға сәйкес ЭҚЖЖ бойынша экономиканың ең көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша банк/лизингтік компания 2021 жылғы 15 қазанға дейін (қоса алғанда) қаржы агенттігіне:

      1) кредит/лизингтік мәміле бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін;

      2) осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнаманың көшірмесін ұсынады.

      65. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын қаржы агенттігінің уәкілетті органы банк/лизингтік компания ұсынған тізбеге сәйкес құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарайды.

      66. Қаржы агенттігі мақұлдаған экономиканың ең көп зиян шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төленуге тиіс субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдер кестесін не тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген және субсидиялар төлеу үшін қажетті деректері (жобаны тіркеу және іске асыру орны, бизнес сәйкестендіру нөмірі, кредиттік шарттың деректемелері) бар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін (төлемдер тізілімін) ұсынады.

      Бұл ретте алуға тиесілі субсидия сомасын банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының нормаларын ескере отырып, дербес есептейді, қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды.

      Қарыз алушының кредиттері/лизингтік мәмілесі бойынша төлемдер кестесі өзгерген жағдайда (кредитті/лизингтік мәмілені ішінара өтеу, қайта құрылымдау және өзге де себептер) банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне банктің/лизингтік компанияның хатын және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасы/өзгертілген тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдер кестесін ұсынады.

      Қаржы агенттігі қаражатты аударуды банк/лизингтік компания ұсынған субсидиялардың тиесілі сомалары көрсетілген төлемдер кестесіне/төлемдер тізіліміне сәйкес қаржы агенттігінің банктегі/банк-төлем агентіндегі шоттарына өткен кезең үшін өтеуге арналған сомаларды ескере отырып (қажет болған кезде) жүргізеді.

      67. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 67-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68. Экономиканың неғұрлым көп зардап шеккен секторларындағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша осы Субсидиялау қағидаларының 14-тармағының екінші және үшінші бөліктерінде және 16-тармағының 6) тармақшасында көзделген талаптар қолданылмайды.

4-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары

      Ескерту. 2-тарау 4-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны ескерілмей жүзеге асырылады.

      68-2. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің/лизингтік компаниялардың жаңа кредиттері/лизингтік мәмілелері бойынша жүзеге асырылады.

      68-3. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде бұрын мемлекеттік қолдау алмаған, кредиттерді/лизингтік мәмілелерді қайта қаржыландыруға бағытталған, бұрын банктер/лизингтік компаниялар қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім бірінші кредит/лизинг берілген күннен бастап есептеледі) берген және осы Субсидиялау қағидаларында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін кредиттер/лизингтік мәмілелер де субсидиялауға жатады.

      Қаржы агенттігінің субсидиялау құралы бойынша мақұлдауын алған әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары бұрын мақұлданған субсидиялау шарттарында басқа банктерде/лизингтік компанияларда қайта қаржыландырылуы мүмкін.

      68-4. Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде мына мақсаттарға берілетін кредиттер/лизинг бойынша жүзеге асырылады:

      инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда).

      68-5. Жаңа кредиттерге/лизингтік мәмілелерге қаржы агенттігіне жоба енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттер/лизингтік мәмілелер де жатады.

      68-6. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын кредит/лизинг сомасы бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін 1,5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Айналым қаражатын толықтыруға бір әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі үшін кредит сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін құрайды.

      68-7. Субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 14,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/лизингтер бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

      Ескерту. 68-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      68-8. Кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/лизингтік мәмілелерді субсидиялау мерзімі 3 (үш) жылды құрайды.

      68-9. Қаржы агенттігі қолданыстағы кредитті/лизингті субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі ағымдағы жылы шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне барлық тараптар бірінші субсидиялау шартына қол қойған нақты күннен бастап 3 (үш) ай ішінде өтелуге тиіс.

      Банк/лизингтік компания ағымдағы жылы алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді Субсидиялау қағидаларының осы тармағында көрсетілген мерзімдерде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісіне уақтылы өтемеген жағдайда банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

5-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасауы

      69. Кәсіпкер банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға:

      1) жаңа кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына/тетікке сәйкес келетін шарттарда банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарында бекітілген нысан бойынша кредит/микрокредит беруге/қаржыландыруға арналған өтінішпен;

      2) қолданыстағы кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты, оның ішінде "жасыл" жобаны іске асыруға арналған кредит бойынша осы Субсидиялау қағидаларына 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70. Банк/МҚҰ/лизингтік компания жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және кредит/микрокредит/лизинг беру немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесін осы Субсидиялау қағидаларында/тетікте белгіленген мөлшерге дейін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда қаржы агенттігіне хабарлай отырып, 3 (үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жазбаша жауап жолдайды.

      Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаны іске асыру үшін кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мүмкіндіктерін пайдалану мақсатында жобаны қарау кезінде оны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызу жобаның мәлімделетін мақсатына және шеңберінде жобаны іске асыру жоспарланып отырған экономикалық қызмет түріне сәйкес жүзеге асырылады. "Жасыл" таксономияның тиісті кіші секторы бойынша шекті шектеулер болмаған жағдайда, қаралатын жобаны "жасыл" таксономияның белгілі бір кіші секторына жатқызуды банк дербес жүзеге асырады. Осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қарыз алушыға қаржылық қолдау алуға жәрдемдесу мақсатында банк қарыз алушыны қаржы агенттігіне қайта жібереді және осы қолдауды алу шарттарын түсіндіреді, оның ішінде қаржы агенттігіне қаралатын жобаның "жасыл" таксономияның шекті шектеуіне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынудың ықтимал қажеттігі туралы хабарлайды.

      "Жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздеген жағдайларда, өтініш берушінің қаржы агенттігіне іске асырылуы көзделіп отырған немесе іске асырылып жатқан жобаның "жасыл" таксономияның шекті мәніне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын ұсынуы осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржылық қолдау алудың міндетті шарты болып табылады.

      Жобаларды сыртқы бағалау провайдерлерінің санаттары бойынша "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігіне жекелеген ережелер, олар дайындайтын қорытындылардың форматы мен мазмұнына қойылатын талаптар осы Субсидиялау қағидаларының 8-параграфында белгіленеді. "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Шекті өлшемшарт сертификаттау/таңбалау ("жасыл" құрылыс, энергия тиімділігі, органикалық өнім өндіру, көлік және т.б. саласындағы "жасыл" таксономияда көрсетілген стандарттар мен таңбаланымдардың талаптарына сәйкестікті растау) болып табылатын жағдайларда, тиісті сертификаттарды/таңбаланымдарды ұсыну жеткілікті растау (сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысына балама) болып табылады. Белгіленген жоба бойынша стандарттарға, таңбаларға және талаптарға жоспарланған сәйкестік мәлімделетін жағдайларда ғана сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын алу талап етіледі. Кейіннен осы стандарттарға, таңбалануға және талаптарға сәйкестікті куәландыратын сертификаттар мен құжаттардың көшірмелері қаржыландырудың мақсатты пайдаланылуын растау болып табылады.

      Ескерту. 70-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      71. Банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның оң шешімі бар кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш-сауалнамамен жүгінеді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжат (кәсіпкердің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған көшірме), дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары, ол мыналарды қамтиды:

      қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдер (осы абзацтың талабы "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

      өңірлік бағдарлама бойынша:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жобаны қаржыландыру күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту;

      тетік бойынша:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу шарты (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      3) тауарлардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына өткізілуін растайтын тауарға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      4) "жасыл" жоба бойынша сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы/сертификат ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға арналған өтініш берілген кезде).

      Кәсіпкер өңірлік/жергілікті үйлестірушіге өтінім дайындау және құжаттар жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін жүгіне алады.

      Кәсіпкер өтінім берген сәтте сұратылып отырған кезең үшін салық берешегінің жоқ екені туралы анықтаманың болуы талап етіледі;

      5) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобаларға мынадай талаптар қойылады:

      100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру;

      қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын 50 %-дан аспайтын мөлшерде толықтыруға: жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      6) тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу жөніндегі талап қойылады;

      7) сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/ сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша мынадай талаптар қойылады:

      Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) 8-1-тармағына сәйкес отандық өнім тауарларын орналастыру;

      объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде тізбесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу.

      Ескерту. 71-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      72. Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген және (немесе) құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға/кәсіпкерге ұсынылған құжаттарды пысықтау үшін қайтарады.

      Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келген және (немесе) құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі құжаттар топтамасын алғаннан кейін төртінші күні кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      Қаржы агенттігі жоба осы Субсидиялау қағидаларының 1-тарауының 10 және 11-тармақтарында, 2-тарауының 1, 2, 3, 5, 7 және 8-параграфтарында көрсетілген шарттарына сәйкес келмеген жағдайда дәлелді негіздемесімен субсидиялар беруден бас тартады.

      Ескерту. 72-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      73. Отырыстар өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      74. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылы субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      75. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте, қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда, шешімде:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң, кәсіпкер ұсынған сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде кәсіпкердің шекті өлшемшарттарға қол жеткізуі жөніндегі міндеттемесі көрсетіледі.

      Ескерту. 75-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75-1. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы өңірлік бағдарлама шеңберінде оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін ұлғайту немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тарау 75-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      75-2. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шығарылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізу үшін сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелері көрсетіледі.

      Ескерту. 2-тарау 75-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      76. Тетік шеңберінде жобаны қаржы агенттігі құжаттар мен қажетті ақпарат келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      Тиісті салалық орталық уәкілетті органның қорытындысы бар қаржы агенттігінің шешімі құжаттар топтамасы мен қажетті ақпарат банктен қаржы агенттігіне келіп түскен күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде беріледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде жеке кәсіпкерлік субъектісінің мыналар бойынша міндеттемелері көрсетіледі:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректердің негізінде жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша 10 %-ға жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді).

      Бұл ретте тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу көрсетіледі.

      Ескерту. 76-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      77. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттама ресімдеп, оған қол қояды және шешім оң болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні, шешім теріс болған жағдайда осы Субсидиялау қағидаларына 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні (бұдан әрі – тиісті хат) банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      78. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешімінің қолданылу мерзімі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) айды құрайды.

      Бұл ретте 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шарттарын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар бойынша 2021 жылғы 1 маусымнан бастап 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің мерзімі бұрын мақұлданған шарттармен 2022 жылғы 1 шілдеге дейін ұзартылады.

6-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      79. Кәсіпкер осы Субсидиялау қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім береді, оған мыналар қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыру бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық-экономикалық қорытындысы/экономикалық қорытындысы, бұл құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін ашатын басқа құжаттар), сондай-ақ жобаның тиімділігін орындау кезеңдері;

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекет аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарларды өткізуді растайтын тауарларға ілеспе құжаттардың көшірмелері (бар болса);

      3) банктің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның ұлттық жобаға/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін шарттармен кредит беру/қаржылық лизинг шартын жасау немесе кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржылық лизинг шарты бойынша сыйақы мөлшерлемесін азайту мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатының сканерленген көшірмесі;

      4) сыртқы бағалау провайдері қорытындысының/сертификаттың сканерленген көшірмесі ("жасыл" таксономия қаралатын жоба жататын белгілі бір кіші сектор бойынша шекті шектеуді көздейтін жағдайларда, "жасыл" жобаны іске асыру мақсаттары үшін кредит алуға өтініш берген кезде).

      Ескерту. 79-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      80. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі/жеке кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша мәліметтер, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқтығы туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерде айқындалады.

      81. Кәсіпкер құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      82. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимылдар жүзеге асырылады:

      1) тіркелген өтінімді осы Субсидиялау қағидалары/тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарауға қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы.

      83. Қаржы агенттігі материалдарды өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      84. Кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары/тетік шарттарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тарту жібереді.

      85. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім толық құжаттар топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      86. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтінімдерін қарауы осы Субсидиялау қағидаларының 5-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

      87. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қолданылу мерзімі қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      88. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзіндіні жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді. Бір мезгілде қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингік компанияға ілеспе хатпен хаттамадан үзіндіні жібереді.

      Ескерту. 88-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      89. Қатысушылардың субсидиялар ұсыну үшін бұдан әрі өзара іс-қимылы осы Субсидиялау қағидаларының 7-параграфына сәйкес жүзеге асырылады.

7-параграф. Субсидиялау тетігі

      90. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы шешім оң болған кезде қаржы агенттігі, банк/МҚҰ/лизингтік компания мен кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға субсидиялау шартына өтеу кестесіне сәйкес сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      Ескерту. 90-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      91. Банк/МҚҰ/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының шеңберінде қолданыстағы кредит/микрокредит/лизинг бойынша субсидиялау шартына қол қойылған/кәсіпкердің өтінішін берген кезге дейін кәсіпкердің банктік қарыз шартында/микрокредит бойынша шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген негізгі борыш пен сыйақыны уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығарады, ал жаңа/қолданыстағы кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша банк/МҚҰ/лизингтік компания мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/микрокредит беру/қаржылық лизинг шарты талаптарының өзгеруіне байланыстыларды;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатындарды;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланыстыларды;

      4) қаржылық лизинг шартын орындауға байланыстыларды (бөгде ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, арнаулы органдардың лизинг нысанасын тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) қоспағанда, кәсіпкерден кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттенеді.

      Ескерту. 91-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      92. Банктер/лизингтік компаниялар тетік шеңберіндегі жаңа кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша мыналарды:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру талаптарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуының себебі бойынша алынатын;

      3) кепіл затына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, жеке кәсіпкерлік субъектісінен кредитке/лизингке байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттемелер қабылдайды.

      Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      93. Субсидиялау шартын:

      1) банк/МҚҰ/лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттама/шешім алған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде;

      2) қаржы агенттігі:

      банктен/МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңба қойылады.

      Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      94. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушісінен субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды. Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі келісілмейді/кәсіпкердің өтінішін қаржы агенттігі қабылдамайды.

      Ескерту. 94-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      95. Егер банк/лизингтік компания осы Субсидиялау қағидаларының 93-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімдерде субсидиялау шартын уақтылы жасаспаған жағдайда банк/МҚҰ/лизингтік компания кідірту себептерін түсіндіре отырып, қаржы агенттігін ресми хатпен хабардар етеді.

      Ескерту. 95-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      96. Егер банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының және/немесе субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне, осы Субсидиялау қағидаларының/тетіктің талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі банкті/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны және кәсіпкерді 1 (бір) жұмыс күні ішінде бұл туралы хабардар етеді.

      Ескерту. 96-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      97. Банк/МҚҰ/лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      98. Банк/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Ескерту. 98-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      99. Субсидиялау шарты кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күнінен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын, бірақ қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен ерте болмайтын мерзімге белгіленуі мүмкін.

      Субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайтын субсидиялау мерзімінің басталуы ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды. Осы абзац ұлттық жоба шеңберінде Субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады.

      Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      100. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/микрокредит/лизинг бойынша сыйақыны есепке жазу субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, банк/МҚҰ/лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      Ескерту. 100-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді.

      Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      101-1. Қосылу шарты бойынша кредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланған жағдайда, кәсіпкер 3 (үш) айды құрайтын қаржы агенттігінің уәкілетті органының оң шешімінің қолданылу мерзімі ішінде кәсіпкердің өтінішіне қол қояды және банкке/лизингтік компанияға ұсынады. Банк/лизингтік компания кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген қол қойылған өтінішін және қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде қаржы агенттігіне қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Қаржы агенттігі субсидиялау үшін қаражат болған кезде кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін субсидиялаудың толтырылған талаптарының қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне сәйкестігі тұрғысынан қарайды, сондай-ақ қосылу шартына төлемдер кестесін сыйақының субсидияланатын бөлігін есептеудің дұрыстығы тұрғысынан келіседі және кәсіпкердің өтінішін алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жауапты жұмыскердің қолымен растайды.

      Ескертулер болған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің банктік қарыз/қаржылық лизинг шартымен қоса берілген өтінішін және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қайтарады.

      Ескерту. 2-тарау 101-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101-2. Субсидияларды төлеу банк/лизингтік компания ұсынған және қаржы агенттігі келіскен қосылу шарты (субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы мөлшерлемесінің бөлігін көрсете отырып) бойынша төлемдер кестесінің негізінде жүзеге асырылады.

      Қосылу шарты бойынша төлемдер кестесі бойынша субсидиялау мерзімі банк/лизингтік компания және кәсіпкер төлемдер кестесіне қол қойған күнге дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын белгіленеді. Көрсетілген шарт ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге (транштарға) қолданылмайды, бұл ретте қосылу шарты бойынша төлемдердің кейінгі кестелері кәсіпкердің өтінішінсіз ұсынылады.

      Ескерту. 2-тарау 101-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101-3. Жобалар бойынша субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органнан қаражат болған кезде төленеді.

      Ескерту. 2-тарау 101-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      101-4. Сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, банк/лизингтік компания дербес айқындайды. Егер кредит/лизинг бойынша сыйақыны есептеу кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күннен кейінгі күннен басталатын жағдайда, кәсіпкер, банк/лизингтік компания қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      Ескерту. 2-тарау 101-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      102. Банк қаржы агенттігіне субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      103. Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ лизингтік компаниялар/МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда лизингтік компания/МҚҰ субсидияларды аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      104. Өңірлік үйлестіруші сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау үшін көзделген қаражат түскен кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы "Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" және "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыттарын іске асыруға бөлінген соманың 50 %-ы мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      104-1. Өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында "Шағын жеке және орта жеке кәсіпкерлік субъектілерін өңірлік қаржыландыру" бағытын іске асыруға бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігі көрсеткен шотқа қаражат аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Ескерту. 2-тарау 104-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      105. Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілігіне қарай жүзеге асырылады.

      Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      106. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/даму банкіндегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық пошта бойынша жіберу арқылы банкті/даму банкін/МҚҰ-ны/лизингтік компанияны бір мезгілде хабардар етеді. Хабарламада банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.

      Ескерту. 106-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      107. Банктің/даму банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі төмендеген және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған (бір немесе бірнеше жағдайдың басталуы), оның ішінде:

      Standard&Poors рейтингтер шәкілі бойынша халықаралық рейтингтік агенттіктер беретін кредиттік рейтингі "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      пруденциялық нормативтер қатарынан 2 (екі) ай бойы бұзылған кезде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша толық төлем жүргізу (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) фактісі туралы хабарламасының негізінде не субсидиялау шарттарына төлем кестелерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін өтейтін төлемдермен жүзеге асырады.

      Банкте/даму банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда аталған көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер кестесін/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      Ескерту. 107-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      108. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Банк/даму банкі/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қалдықтардан есептеп шығара алмайды.

      Ескерту. 108-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      109. Кәсіпкер банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына сәйкес өтеу кестесіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде сыйақы төлеуді жүргізеді.

      Ескерту. 109-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      110. Кәсіпкердің кредит/лизинг бойынша (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) төлемді толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша банк/даму банкі/банк-төлем агенті кәсіпкердің кредиті бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      111. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді іс жүзінде өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда (кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша жоспарлы төлемді өтеген күнге қаржы агенттігінің шотында қаражат болған кезде) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 111-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      112. Банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер банк/МҚҰ/лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер лизингтік компания/банк алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамаған жағдайларда бұл туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде тиісті хатпен хабардар етеді.

      Ескерту. 112-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      113. Осы Субсидиялау қағидаларының 112-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 113-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      114. Қаржы агенттігі кредит бойынша ай сайын/лизинг бойынша тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға осы Субсидиялау қағидаларына 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      115. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының талаптарына сәйкес банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді берген/кейінге қалдырған кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың мерзімі осы Субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Кәсіпкердің жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда ол сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит/микрокредит/лизинг мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең алуға/кейінге қалдыруға құқылы. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуға тиіс.

      Кәсіпкер кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдікті кезеңнің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      Ескерту. 115-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      116. Кәсіпкердің банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына, қаржы агенттігінің уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі тетік шеңберінде банк/даму банкі/лизингтік компания сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша кредит/микрокредит/лизингтік мәміле мерзімі ұзақтығының үштен бір бөлігінен не жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең берген/кейінге қалдырған кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдік кезеңі/кейінге қалдыру мерзімі тетік шеңберінде қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      Бұл тармақтың қолданылуы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Кәсіпкер кредитті/лизингтік мәмілені (негізгі борышты және сыйақыны) мерзімінен бұрын өтеген/қайта қаржыландырған жағдайда жеңілдік кезеңінің/кейінге қалдырудың қолданылу уақытында кәсіпкерге субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап мерзімінен бұрын толық өтеу/қайта қаржыландыру күніне дейінгі кезең үшін субсидиялар өтеледі.

      Ескерту. 116-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      117. Егер банк/МҚҰ/лизингтік компания қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарын (кредиттің/микрокредиттің/лизингтің сомасы және (немесе) сыйақы мөлшерлемесі, жеңілдікті кезең, кәсіпкер атауының өзгеруі/борышты аудару) өзгерткен жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне кредиттер/микрокредиттер/қаржылық лизинг шарттары бойынша тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қолданыстағы қаржыландыру талаптарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      Ескерту. 117-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      118. Қаржы агенттігі қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға хаттамадан үзінді жібереді.

      Ескерту. 118-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      119. Қолданыстағы банктік қарыз шартының/микрокредит бойынша шарттың/қаржылық лизинг шартының талаптарындағы өзге де өзгерістер туралы банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық топтамасын алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және қаржыландыру шартына жүргізілген өзгерістерді хатпен келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Бұл ретте қаржыландыру талаптарына жүргізілген өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      Ескерту. 119-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      119-1. Қосылу шарты бойынша субсидиялау кезінде төлем кестесінде көзделген қолданыстағы банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының талаптарына өзгерістер енгізілген кезде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне өзгерістерді ескере отырып, банктің/лизингтік компанияның хатын және қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін жібереді.

      Бұл ретте егер банк/лизингтік компания кредит/лизинг сомасын және (немесе) сыйақы мөлшерлемесін, жеке сәйкестендіру нөмірін/бизнес-сәйкестендіру нөмірін ауыстыра отырып, кәсіпкердің атауын/борышты аудару мынадай шарттарды өзгерткен жағдайда, бұл өзгерістерді қаржы агенттігі 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің уәкілетті органның қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізу мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзінді көшірмені банкке/лизингтік компанияға және кәсіпкерге жібереді.

      Кәсіпкердің өтінішінде көзделген талаптар өзгерген жағдайда, кәсіпкер қаржы агенттігінің үзінді көшірмесін алғаннан кейін банкке/лизингтік компанияға қосылу шартына қосымша өтініш жібереді, ол, өз кезегінде, осы өтінішті қаржы агенттігіне қосылу шартына өзгертілген кестемен ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 119-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      120. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтату жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагердің (мұрагерлердің) мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау туралы мәселе қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      Ескерту. 120-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      121. Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылында өңірлік үйлестірушілері/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылы жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

8-параграф. "Жасыл" жобаларды іске асыруға арналған кредиттер бойынша сыйақыны субсидиялау шеңберінде жобаларды сыртқы бағалау

      122. "Жасыл" кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау шеңберінде "жасыл" жобалардың "жасыл" таксономияға сәйкестігіне сыртқы бағалауды төменде келтірілген санаттардағы, жобаларды ұстаушыларға, өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өндірушілерге (орындаушыларға), өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізушілер мен тұтынушыларға тәуелсіз, жобалардың қоршаған ортаға әсерін бағалау немесе шаруашылық және өзге де қызметтің "жасыл" таксономияның нақты қосалқы секторларына қатысты экологиялық, салалық, санитариялық құрылыс талаптары мен нормаларына сәйкестік саласында расталатын құзыреті бар түрлі меншік нысанындағы ұйымдар жүргізе алады.

      123. Тексеру жүргізу қорытындылары бойынша сыртқы бағалау провайдері жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндерге сәйкестігі туралы мынадай қорытындылардың бірімен қорытынды шығарады:

      1) сәйкес келеді;

      2) сәйкес келмейді.

      Берілген қорытындының қолданылу мерзімі 6 (алты) айды құрайды.

      124. Сыртқы бағалау провайдерлерінің көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы қорытындыларының атаулары әртүрлі болуы мүмкін, оның ішінде "Қазақстан Республикасының "жасыл" таксономиясына сәйкестігі туралы сараптамалық қорытынды", "сәйкестігі туралы қорытынды" және тағы басқа. Сыртқы бағалау қорытындысын ресімдеу тәртібі жобаның белгілі бір түріне және бағалау жүргізілетін шекті өлшемшарттың ерекшелігіне байланысты айқындалады.

      125. Тәуелсіз бағалау қорытындысына сыртқы бағалауды жүзеге асыратын ұйымның сарапшысы мен басшысы қол қояды және ол ұйым мөрімен (бар болса) расталады. Егер қорытындыға есеп айырысу құжаттары қоса берілсе, оларға сарапшы/басшы қол қояды және мөрмен (бар болса) расталады. Қорытынды қысқа сипатта болады және бір парақта баяндалуы мүмкін. Қорытынды кіріспе, негіздейтін (талдамалық) ақпаратты, қорытындыларды, сондай-ақ өзінің құзыретін растайтын құжаттардың, лицензиялардың, аккредиттеу туралы куәліктердің (оның ішінде, қажет болған кезде, ұйымның тартылған қызметкерлерінің) көшірмелері қоса берілген сыртқы бағалау провайдері туралы ақпаратты қамтиды. Қорытындының кіріспе бөлігінде бағалау және оның негіздері туралы жалпы мәліметтер беріледі, талдау бөлігінде талдау алгоритмі, белгіленген фактілер және қажет болса, негіздемеде пайдаланылған анықтамалық-нормативтік құжаттарға, материалдар мен есептерге сілтемелер қысқаша баяндалады.

      126. Көзделіп отырған және қаралып отырған жобалардың "жасыл" таксономияның шекті мәндеріне сәйкестігі туралы сыртқы бағалау провайдерлері, сондай-ақ жоба бойынша кәсіпкер мәлімдеген "жасыл" таксономияның көрсеткіштері мен шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуын сыртқы тексеруді жүзеге асыратын ұйымдар мынадай санаттарда ұсынылуы мүмкін:

      1) сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу жөніндегі ұлттық орган аккредиттеген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сондай-ақ мәртебесі өзі резиденті болып табылатын мемлекеттің құзыретті органының аккредиттеуімен расталатын сәйкестікті растау жөніндегі шетелдік органдар;

      2) қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган лицензиялаған, табиғат қорғауға қатысты жобалау мен нормалау, экологиялық сараптама және экологиялық аудит саласындағы ұйымдар (экологиялық аудиторлар);

      3) "Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты" акционерлік қоғамы жүргізетін энергия-аудиторлық сараптамаларды талдау нәтижелері бойынша ескертулері жоқ энергия-аудиторлық ұйымдар;

      4) АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі комитетінің жасыл қаржыландыру саласындағы лицензиясы бар консалтингтік компаниялар;

      5) жаңа ғимараттар салуға, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ғимараттар мен құрылыстарды өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаға ведомстводан тыс кешенді сараптаманы жүзеге асыруға сараптама ұйымы өкілеттіктерінің құзыретін аккредиттеу жөніндегі уәкілетті орган аккредиттеген мемлекеттік сараптама ұйымдары немесе мемлекеттік емес сараптама ұйымдары;

      6) "жасыл" технологиялардың сервистік операторы – "жасыл" технологиялар мен жобалардың тізілімін жүргізу, "жасыл" технологияларды коммерцияландыру және технологиялық бизнес-инкубациялау, "жасыл" жобаларды іске асыру үшін "жасыл" қаржыландыруды, оның ішінде инвестициялар мен гранттарды тартуға жәрдемдесу, "жасыл экономика" мәселелері бойынша ақпараттық-талдамалық, құқықтық, әдіснамалық, консультациялық және сараптамалық-талдамалық қолдауды жүзеге асыру "Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасы бойынша халықаралық ынтымақтастықты және тәжірибе алмасуды ұйымдастыру бойынша кешенді қызметтер көрсететін қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның ведомстволық бағынысты ұйымы;

      7) мақұлданған халықаралық верификатор ретінде климаттық облигациялар бастамасын (Climate Bonds Initiative) аккредиттеу туралы куәлігі бар халықаралық және ұлттық аудиторлық және консалтингтік ұйымдар.

      127. Cыртқы бағалау қорытындыларын қарау кезінде тиісті біліктілік құжаттарының көшірмелері және/немесе олардың тиісті ресми жарияланатын тізілімдерге енгізілуі олардың құзыретінің жеткіліктігін растау болып табылады.

9-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру, тоқтату және қайта бастау

      128. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігінің уәкілетті органы банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның өтінішхаттары (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      Ескерту. 128-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      129. Қаржы агенттігі банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның хабарламасы және/немесе мониторинг нәтижелері негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтата тұрады, бұл ретте субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының шарттарына және/немесе уәкілетті органның шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/субсидиялау шартына төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес төлемдерді төлеу бойынша банк/МҚҰ алдындағы міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) төтенше жағдайдың/ахуалдың қолданысы кезеңінде туындаған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің қаржылық лизинг шартына төлемдерді өтеу кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес лизингтік төлемдерді енгізу бойынша лизингтік компания/банк алдындағы міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) рет және одан көп орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      7) Қазақстан Республикасының қаржылық лизинг туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасын талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту бойынша, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы (кәсіпкерлердің "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытындағы жобалары бойынша);

      9) өңірлік бағдарлама шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту бойынша немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу бойынша немесе жоба қаржыландырылған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға өсіру бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      10) кәсіпкерлердің тетік шеңберінде мыналар:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін сақтау/ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салықтар төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді);

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар немесе салық төлемдері бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе өндіріс көлемін ұлғайту (ақшалай мәнде) немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына берілетін кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      11) кәсіпкердің жоспарланған "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттары:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда жоба субсидияланғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң кәсіпкер ұсынатын сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысы негізінде шекті өлшемшарттарға қол жеткізбеуі;

      12) ЭҚЖЖ 1101 (спирттік ішімдіктерді тазарту, ректификациялау және араластыру) бойынша акцизделетін өнімді шығаратын жобалар бойынша мынадай:

      100 % инвестициялық мақсаттар: жұмыс орындарын ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру;

      қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және 50 %-дан аспайтын мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға: жұмыс орындарын ұлғайту;

      және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) және/немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірісті 20 %-ға өсіру (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды қамтамасыз етеді) талаптарын орындамау;

      13) тетікке 4-қосымшаға сәйкес экономиканың негізгі (басым) секторларының тізбесі шеңберінде іске асырылатын жобалар бойынша мынадай:

      салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе жұмыс органы/қаржы агенттігі кредит қаражаты бойынша субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      субсидиялау кезеңінде дивидендтер төлеуге тыйым салу бойынша талаптар орындалмаған кезде;

      14) сауда орталықтарын/заманауи форматтағы сауда объектілерін/сауда қызметіндегі көпфункционалды кешендерді салу, кеңейту жобалары бойынша, кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі қабылданған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) 10 %-ға ұлғайту, жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, "Қазақстанда жасалған" деген таңбасы бар азық-түлік және азық-түлік емес тауарларды өткізуге арналған сауда орындарының болуы бойынша, сондай-ақ объектінің аумағында азық-түлік тауарларын, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өткізу бойынша міндеттемелерді орындамау фактілері анықталған кезде субсидиялауды тоқтата тұрады.

      Ескерту. 129-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      130. Қаржы агенттігі осы Субсидиялау қағидаларының 129-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату/тоқтатуды кейінге қалдыру не қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтата тұрған күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте кредитті/микрокредитті/лизингтік мәмілені мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау кредит қаражатын/лизингтік мәмілелерді мақсатсыз пайдалану сомасына барабар түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдаланылуын растайтын кредиттің/микрокредиттің/лизингтің қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдаланудың мөлшеріне барабар түрде төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер кестесіне/қосылу шарты бойынша төлемдер кестесіне сәйкес жалғастырылады. Кредиттің/микрокредиттің/лизингтік мәміленің толық мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда субсидиялау мерзімі басталған күннен бастап субсидиялау тоқтатылады.

      Ескерту. 130-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      131. Субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін кәсіпкер жойған жағдайда қаржы агенттігі 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      132. Қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі шыққан күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі хаттамадан үзіндіні ресімдейді және тиісті хабарлама хатпен банкке/даму банкіне/ МҚҰ-ға/лизингтік компанияға жібереді.

      Ескерту. 132-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      133. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді, осы Субсидиялау қағидаларының 129-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша субсидиялау тоқтатылған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      134. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге, банкке/даму банкіне/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Осы Субсидиялау қағидаларының 120-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігінің шешімі бар кредиттер/микрокредиттер/лизинг қайта бастауға жатпайды.

      Ескерту. 134-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      135. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/МҚҰ-ға/лизингтік компанияға кредитті/микрокредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      Ескерту. 135-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      135-1. Мынадай:

      1) кәсіпкер банк/даму банкі/лизингтік компания алдында банктік қарыз шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша кредитті толық өтеген (кәсіпкердің банкке/лизингтік компанияға кредитті/лизингті толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған;

      3) кәсіпкер өзінің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан өз бастамасы бойынша бас тартқан жағдайларда қосылу шарты бойынша субсидияларды төлеу тоқтатылады.

      Ескерту. 2-тарау 135-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      136. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда, банк/даму банкі/лизингтік компания қолданыстағы кредит/лизинг бойынша кәсіпкерге бұрын қолданыста болған қаржыландыру шарттарын (оның ішінде сыйақы мөлшерлемесін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және өзге де шарттарды) белгілейді.

      137. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігін кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Ескерту. 137-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      138. Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Ескерту. 138-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      139. Кәсіпкер кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің көшірмесін не банктің/даму банкінің/МҚҰ-ның/лизингтік компанияның төлемдерді өтеудің электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген кестесі бар және төленуге тиесілі субсидиялар сомасы көрсетілген хатын жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/лизинг бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда банк/даму банкі/лизингтік компания қаржы агенттігіне төлемдерді өтеу кестесін немесе қосылу шарты бойынша төлемдер кестесін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімді қоса бере отырып, банктік қарыз шартына/микрокредит бойынша шартқа/қаржылық лизинг шартына қосымша келісімнің осындай жағдайлар бойынша біріктірілген көшірмелерін не банктің/даму банкінің/лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) өзгертілген төлемдерді өтеу кестесі бар және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын ұсынуға жол береді.

      Ескерту. 139-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      140. Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкердің кредит/микрокредит/лизинг бойынша негізгі борышы мерзімінен бұрын толық өтелген жағдайда банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

      Бұл ретте банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания салыстырып тексеру актісінде субсидияларды іс жүзінде есептен шығару сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидияларды аудару сомалары мен күндерін көрсетеді.

      Ескерту. 140-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      141. Кәсіпкердің мақсатсыз пайдаланылуы анықталған кредиті/микрокредиті бойынша банк/даму банкі/МҚҰ қаржы агенттігіне құжаттарды кредитті/микрокредитті мақсатсыз пайдалану фактісін растайтын құжаттармен қоса ұсынады.

      Ескерту. 141-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      142. Осы Субсидиялау қағидалары/тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін кәсіпкерлікті ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына мыналар жатады:

      1) банк/даму банкі/МҚҰ ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті/микрокредитті мақсатты пайдалануын мониторингтеу;

      2) банк/даму банкі/МҚҰ/лизингтік компания ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (қаржылық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Субсидиялау қағидаларының/тетіктің талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу.

      "Жасыл" кредиттер бойынша қаржылық қолдау қаражатының мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде шекті өлшемшарттар:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестікті (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздейтін жағдайларда провайдерлердің сыртқы бағалауы негізінде қаржы агенттігі қарыз алушының орындалуы тиіс "жасыл" жоба бойынша мәлімделген "жасыл" таксоманияның шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын қарыз алушы ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң қарыз алушы мәлімделген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалау не қаржы агенттігіне ұсынылатын энергия аудитін жүргізеді. Қарыз алушы мәлімдеген жоба бойынша "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

      Ескерту. 142-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      143. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты, оның ішінде "БЖК-2020" бағдарламасының/"БЖК-2025" бағдарламасының/тетіктің шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 143-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      144. Жергілікті және/немесе республикалық бюджеттер қаражаты есебінен 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау үшін көзделген және "БЖК-2025" бағдарламасы мен тетік бойынша аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игергенге дейін пайдаланады.

      Ескерту. 144-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      145. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша Сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      146. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы және "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      147. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда, жобаның осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келуі қамтамасыз етіледі.

      148. Бұрын бекітілген "БЖК-2025"/"БЖК-2020" бағдарламалары шеңберінде осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Осы Субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бойынша кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына, кәсіпкер атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттарына өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 148-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      148-1. Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша субсидиялау шарттарына кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қол қоюға тиіс.

      Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағида 148-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      148-2. 2022 жылғы 26 шілдеге дейін мақұлданған тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттармен қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттарына кепілгерге, тең қарыз алушыға, кредиттің мақсаты мен мерзіміне, кредит сомасын азайтуға, сыйақы мөлшерлемесіне, банкке/лизингтік компанияға, кейінге қалдыруға/жеңілдікті кезеңге, өтеу күніне, өтеу шарттарына, айналым қаражатын толықтыруға арналған лимиттің жаңартылуына/жаңартылмауына қатысты өзгерістер енгізуге, кәсіпкердің атауын, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағида 148-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтерді көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингін көздейді

      ** апартаменттер мен пәтерлерді қоспағанда

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-1-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Шөлмектерге құйылатын алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да сусындар өндірісі

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

31

Жиһаз өндірісі

Құрылыс материалдары және өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдарының өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу жөніндегі экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

С СЕКЦИЯСЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ1

1

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

Етті қайта өңдеу және консервілеу

1011

Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

1012

Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

1013

2

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды қайта өңдеу және консервілеу

1020

3

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

Картопты қайта өңдеу және консервілеу

1031

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

1039

4

Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру

Май және тоң май өндіру

1041

Маргарин және оған ұқсас тағамдық тоң майларды өндіру

1042

5

Сүт өнімдерін өндіру

Сүтті қайта өңдеу және ірімшік жасау

1051

Балмұздақ өндіру

1052

6

Ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

Ұн-жарма өнімдерін өндіру

1061

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

1062

7

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

1071

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

1072

Макарон өнімдерін өндіру

1073

8

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.8

9

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

10.9

10

Сусындар өндіру

Спирттік ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру

11012

Уыт өндіру

1106

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және бөтелкелерге құйылатын басқа да сусындарды өндіру

1107

11

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

12

Киім өндіру

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

13

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Былғарыны илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, қайыс-ертоқым бұйымдарын өндіру; үлбірді илеу және бояу

15.1

Аяқ киім өндіру

15.20

14

Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

16.1

Сүректен, тоздан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

16.2

15

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

16

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

17

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

1920

18

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азотты қосылыстарды, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.13

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

2020

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттарды, баспаханалық бояулар мен мастикаларды өндіру

2030

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

Сіріңке өндіру

20512

Желім өндіру

2052

Эфир майларын өндіру

2053

Фотоматериалдар өндіру

20591

Желатин өндіру

20592

Тоқыма бұйымдарды әрлеуде пайдаланылатын материалдарды өндіру

20593

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелерді, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдарды өндіру

20594

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

2060

19

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру

2110

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру

2120

20

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Резеңке бұйымдарын өндіру

22.1

Пластмасса бұйымдарын өндіру

22.2

21

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдарды өндіру

23.1

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.2

Саздан құрылыс материалдарын өндіру

23.3

Өзге де фарфор және қыш бұйымдарын өндіру

23.4

Цемент, әктас және құрылыс гипсін өндіру

23.5

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен бұйымдар өндіру

23.6

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Түрпіленген бұйымдар және өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

23.9

22

Металлургия өндірісі

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

2410

Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру

2420

Суықтай сымдау

2431

Суықтай қалыптау немесе ию

2433

Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру

2434

23

Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру

Металл есіктер мен терезелер өндіру

2512

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру

2521

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.94

24

Компьютерлер және перифериялық жабдық өндіру

Компьютерлер және перифериялық жабдық өндіру

265

25

Электр жабдықтарын өндіру

Электр жабдықтарын өндіру

27

26

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықты өндіру

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

2812

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

2814

Лифт өндіру

28224

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерді және перифериялық жабдықты қоспағанда)

2823

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

2824

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

2825

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге де машиналар мен жабдықтарды өндіру

2829

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28302

27

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

Автомобильдер өндіру

29.1

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29201

Автомобильдердің өзге бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

29.3

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

3020

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

29

Жиһаз өндіру

Жиһаз өндіру

31

30

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

31

Электр энергиясын өндіру

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35112

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35114

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35115

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35119

      Ескертпелер:

      1 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өннеркәсіптік тазартуды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты қайта өңдеу және консервілеу.

      2 Спирттік ішімдіктер өндіретін мекемелерді салу және (немесе) реконструкциялау, жаңғырту.

      3 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.

      4 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      5 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші





1

2

3

4

A СЕКЦИЯСЫ АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1

Бір- немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру

0111

Күріш өсіру

0112

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

0113

Тоқыма дақылдарды өсіру

0116

Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

0119

2

Көпжылдық дақылдарды өсіру

Жүзімді өсіру

0121

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

0124

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

0125

3

Мал шаруашылығы

Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту

0141

Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту

0142

Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды көбейту

0143

Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды көбейту

0144

Қойларды және ешкілерді көбейту

0145

Шошқаларды өсіру

0146

Ауыл шаруашылығы құстарын көбейту

0147

Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01491

4

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет және ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және мал басын көбейтуге мүмкіндік беретін қызмет

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет

0163

5

Балық аулау

Тұщы суда балық аулау

0312

6

Балық өсіру

Теңізде балық өсіру

0321

Тұщы суда балық өсіру

0322

      Ескертпе:

      1 Араларды өрбіту, балды және ара балауызын өндіру бойынша ғана жобалар қаржыландырылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
сыйақы мөлшерлемесінің бір
бөлігін субсидиялау
қағидаларына
4-қосымша

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

B СЕКЦИЯСЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

1

Тас көмірді байыту

Тас көмірді байыту

051031

2

Тұз өндіру

Тұз өндіру

0893

E СЕКЦИЯСЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

3

Суды жинау, өңдеу және тарату

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

4

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

3811

H СЕКЦИЯСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ

5

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49392

6

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

523

Жүкті қоймалау және сақтау

52104

I СЕКЦИЯСЫ ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

7

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55105

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55205

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

55305

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

55906

J СЕКЦИЯСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

8

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да ілеспе көрсетілетін қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

6201

9

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

P СЕКЦИЯСЫ БІЛІМ БЕРУ

10

Білім беру

Білім беру

857

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Q СЕКЦИЯСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

11

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

868

      Ескертпелер:

      1 Үйіндіден тас көмірді бөліп алу.

      2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша

2020 жылғы 16 наурыздан бастап 2021 жылғы 15 наурызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде субсидиялауға жататын экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

10.1

Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі

2.

10.91.0

Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азық өндірісі

3.

10.92.0

Үй жануарларына арналған дайын азық өндірісі

4.

13.91.1

Тоқылған және трикотаж кездемелерді шығару және өңдеу

5.

13.91.2

Жасанды тері өндірісі

6.

13.92.0

Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі

7.

13.93.0

Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі

8.

13.94.1

Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, шпагат және тор өндірісі

9.

13.94.2

Торлар мен жіп бұйымдарының өндірісі

10.

13.95.0

Киімнен басқа, тоқылмаған тоқыма бұйымдарының өндірісі

11.

13.96.0

Өзге де техникалық және өндірістік мақсаттағы тоқыма бұйымдарының өндірісі

12.

13.99.1

Тоқыма галантереясының өндірісі

13.

13.99.2

Киізден басылған бұйымдардың өндірісі

14.

13.99.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі

15.

14.1

Теріден жасалған киімнен басқа киім өндірісі

16.

15.1

Былғары илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, ер-тұрман бұйымдарының өндірісі; теріні илеу және бояу

17.

18.1

Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.

18.2

Жазылған ақпарат жеткізгіштерін дыбыстап шығару

19.

22.2

Пластмасса бұйымдарының өндірісі

20.

31.0

Жиһаз өндірісі

21.

33.11.1

Металл цистерналарын, резервуарлар мен контейнерлерді жөндеу

22.

33.11.2

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу

23.

33.11.3

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын жөндеу

24.

33.11.9

Өзге де металл бұйымдарын жөндеу

25.

33.12.1

Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

26.

33.12.2

Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

27.

33.12.3

Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

28.

33.12.4

Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

29.

33.12.5

Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

30.

33.12.6

Офистік машиналар мен есептеуіш техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

31.

33.13.1

Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

32.

33.13.2

Бақылау жабдығын жөндеу

33.

33.13.3

Сәулелендіргіш, электрмедициналық және электртерапиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

34.

33.13.4

Оптикалық аспаптар мен фотографиялық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету

35.

33.14.1

Электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету

36.

33.14.2

Электр таратушы және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

37.

33.14.3

Электр жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

38.

33.14.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

39.

33.15.1

Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету

40.

33.15.2

Спорттық және серуендеу қайықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

41.

33.16.0

Әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету

42.

33.17.1

Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу

43.

33.17.2

Трамвайларды, метро вагондары мен троллейбустарды жөндеу

44.

33.17.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу

45.

33.19.0

Өзге де жабдықтарды жөндеу

46.

33.2

Өнеркәсіптік машиналар мен жабдықты монтаждау, орнату

47.

45.20

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

48.

45.32.1

Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

49.

45.32.2

Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы

50.

45.40.2

Мотоциклдер, мотороллерлер, олардың бөлшектері мен құрал-саймандарының бөлшек саудасы

51.

45.40.3

Мотоциклдер мен мотороллерлерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

52.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда)

53.

49.10.0

Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі

54.

49.31.1

Автобустармен тасымалдау

55.

49.31.2

Трамвайлармен тасымалдау

56.

49.31.3

Троллейбустармен тасымалдау

57.

49.31.4

Метрополитенмен тасымалдау

58.

49.31.9

Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау

59.

49.32

Такси қызметі

60.

49.39.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

61.

49.4

Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

62.

49.50

Құбыр көлігінің қызметі

63.

50.10

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі

64.

50.20

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі

65.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

66.

51.21

Жүк әуе көлігінің қызметі

67.

52.22

Су көлігінің қосалқы қызметі

68.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

69.

52.24

Жүктерді көліктік өңдеу

70.

52.29.1

Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер

71.

52.29.2

Көліктегі техникалық қадағалау

72.

52.29.9

Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер

73.

53.10

Ортақ пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді ұсыну шеңберіндегі пошта қызметі

74.

53.20

Пошта және курьерлік өзге де қызмет

75.

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерді ұсынуы

76.

55.20.0

Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру

77.

55.30.0

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

78.

55.30.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі

79.

55.30.2

Жол бойында белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі

80.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

81.

56.21

Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу

82.

56.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет

83.

56.30.0

Сусындарды ұсыну

84.

58.11.0

Кітап шығару

85.

58.12.0

Анықтамалықтар мен мекенжайлық тізімдерді шығару

86.

58.13.0

Газет шығару

87.

58.14.0

Журналдар мен мерзімдік басылымдарды шығару

88.

58.19.0

Баспа қызметінің өзге де түрлері

89.

58.2

Бағдарламалық қамтылымды шығару

90.

59.11.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

91.

59.12.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды аяқтау жөніндегі қызмет

92.

59.13.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

93.

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

94.

59.20.0

Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет

95.

60.10.0

Радио хабарлар тарату

96.

60.20.0

Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату қызметі

97.

61.10.9

Өзге де сымдық телекоммуникациялық байланыс

98.

61.20.2

Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы желісі арқылы теле-, радио хабарларды таратуды ұйымдастыру

99.

61.30.2

Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет

100.

61.30.3

Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет

101.

61.90.1

Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

102.

61.90.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет

103.

62.01

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

104.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда объектілерін) жалға беру)

105.

69.10

Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары)

106.

70.22

Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және өзге де басқару мәселелері бойынша консультациялар беру

107.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

108.

71.20.9

Техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі

109.

73.11

Жарнама агенттіктерінің қызметі

110.

77.35.1

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау

111.

77.35.2

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі

112.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

113.

82.19.0

Құжаттарды көшіру, дайындау жөніндегі және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет

114.

82.30.0

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

115.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

116.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

117.

85.3

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

118.

85.42.1

Жоғары білім беру

119.

85.42.2

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

120.

85.51.0

Спорт және демалыс саласындағы білім беру

121.

85.52.0

Мәдениет саласындағы білім беру

122.

85.53.0

Көлік құралдарын жүргізушілерді дайындайтын мектептердің қызметі

123.

85.59.1

Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі

124.

85.59.2

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері

125.

85.59.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет

126.

85.60.1

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет

127.

85.60.9

Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет

128.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жекеменшік ұйымдар)

129.

86.10.3

Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі

130.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жекеменшік ұйымдар)

131.

86.90

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

132.

90.01.1

Театр қызметі

133.

90.01.2

Концерт қызметі

134.

90.01.3

Цирктердің қызметі

135.

90.02.0

Мәдени-ойын-сауықтық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет

136.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

137.

91.02.0

Музейлер қызметі

138.

93.11.0

Спорттық құрылысжайларын пайдалану

139.

93.12.0

Спорт клубтарының қызметі

140.

93.13

Фитнес клубтардың қызметі

141.

93.19.0

Спорт саласындағы өзге де қызмет

142.

93.21.0

Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі

143.

93.29.1

Би залдары, дискотекалар қызметі

144.

93.29.9

Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет түрлері

145.

94.91.0

Діни ұйымдардың қызметі

146.

95.11.0

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу

147.

95.12.0

Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу

148.

95.21.0

Электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу

149.

95.22.0

Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу

150.

95.23.1

Аяқ киімдерді жөндеу

151.

95.23.2

Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу

152.

95.24.0

Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу

153.

95.25.1

Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу

154.

95.25.2

Зергерлік бұйымдарды жөндеу

155.

95.29.1

Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу

156.

95.29.2

Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

157.

95.29.3

Тері мен былғары бұйымдарын және бас киімдерді жөндеу

158.

95.29.4

Музыкалық аспаптарды жөндеу

159.

95.29.5

Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу

160.

95.29.6

Велосипедтер жөндеу

161.

95.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

162.

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

163.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

164.

96.04.0

Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

165.

96.09.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша

2021 жылғы 1 сәуірден бастап 2021 жылғы 31 тамызға (қоса алғанда) дейінгі кезеңде субсидиялауға жататын экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі

Р/с №

ЭҚЖЖ

Қызмет түрлері

1

2

3

1.

47

Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда)

2.

49.10.0

Қалааралық қатынастағы жолаушылар теміржол көлігінің қызметі

3.

49.31.1

Автобуспен тасымалдау

4.

49.31.2

Трамваймен тасымалдау

5.

49.31.3

Троллейбуспен тасымалдау

6.

49.31.4

Метрополитенмен тасымалдау

7.

49.31.9

Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау

8.

49.32

Такси қызметі

9.

49.39.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

10.

49.4

Жүк автомобилі көлігінің қызметі және көшіру бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну

11.

50.10

Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі

12.

50.20

Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі

13.

51.10

Әуе жолаушылар көлігінің қызметі

14.

51.21

Жүк әуе көлігінің қызметі

15.

52.22

Су көлігінің қосалқы қызметі

16.

52.23.2

Әуежайлар қызметі

17.

52.24

Жүктерді көліктік өңдеу

18.

52.29.1

Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер

19.

52.29.2

Көліктегі техникалық қадағалау

20.

52.29.9

Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер

21.

55.10

Қонақ үйлердің және осыған ұқсас тұруға арналған орындардың қызметтер ұсынуы

22.

55.20.0

Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру

23.

55.30.0

Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер

24.

55.30.1

Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

25.

55.30.2

Жол бойында белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

26.

56.10

Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша қызмет көрсету

27.

56.21

Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу

28.

56.29

Тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет

29.

56.30.0

Сусындар ұсыну

30.

59.11.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет

31.

59.12.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды аяқтау жөніндегі қызмет

32.

59.13.0

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет

33.

59.14

Кинофильмдер көрсету жөніндегі қызмет

34.

68.20

Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда объектілерін) жалға беру)

35.

71.20.1

Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі

36.

71.20.9

Техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі

37.

73.11

Жарнама агенттіктерінің қызметі

38.

74.10

Мамандандырылған дизайнерлік қызмет

39.

74.20

Фотография саласындағы қызмет

40.

77.35.1

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау

41.

77.35.2

Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі

42.

79.1

Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі

43.

79.9

Броньдау жөніндегі өзге де қызметтер және ілеспе қызмет

44.

81.2

Тазалау қызметі

45.

82.19.0

Құжаттарды көшіру, дайындау жөніндегі және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет

46.

82.30.0

Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру

47.

85.10

Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру)

48.

85.20

Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

49.

85.30

Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер)

50.

85.42.1

Жоғары білім беру

51.

85.42.2

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру

52.

85.51.0

Спорт және демалыс саласындағы білім беру

53.

85.52.0

Мәдениет саласындағы білім беру

54.

85.53.0

Көлік құралдарын жүргізушілерді дайындайтын мектептердің қызметі

55.

85.59.1

Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі

56.

85.59.2

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері

57.

85.59.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет

58.

85.60.1

Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет

59.

85.60.9

Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет

60.

86.10

Аурухана ұйымдарының қызметі (жекеменшік ұйымдар)

61.

86.10.3

Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі

62.

86.2

Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жекеменшік ұйымдар)

63.

86.90

Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет

64.

90.01.1

Театр қызметі

65.

90.01.2

Концерт қызметі

66.

90.01.3

Цирктердің қызметі

67.

90.04

Концерттік және театр залдарының қызметі

68.

91.01.2

Оқу залдарының, лекторийлердің, демонстрациялық залдарының қызметін қоса алғанда, кітапхана қызметі

69.

91.02.0

Музейлер қызметі

70.

93.11.0

Спорт құрылыстарын пайдалану

71.

93.12.0

Спорт клубтарының қызметі

72.

93.13

Фитнес-клубтардың қызметі

73.

93.19.0

Спорт саласындағы өзге де қызмет

74.

93.21.0

Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі

75.

93.29.1

Би залдары, дискотекалар қызметі

76.

93.29.9

Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет түрлері

77.

95.22.0

Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу

78.

95.23.1

Аяқ киімдерді жөндеу

79.

95.23.2

Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу

80.

95.24.0

Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу

81.

95.25.1

Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу

82.

95.25.2

Зергерлік бұйымдарды жөндеу

83.

95.29.1

Трикотаж және тоқылған бұйымдарды жөндеу

84.

95.29.2

Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу

85.

95.29.3

Тері мен былғары бұйымдарын және бас киімдерді жөндеу

86.

95.29.4

Музыкалық аспаптарды жөндеу

87.

95.29.5

Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу

88.

95.29.6

Велосипедтер жөндеу

89.

95.29.9

Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

90.

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

91.

96.02

Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі

92.

96.04.0

Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет

93.

96.09.0

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
7-қосымша
Нысан
Қайда: __________________
қаржы агенттігі
Кімнен __________________
(бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________сауалнама-өтініш

      Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына сәйкес Сізден кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің _____________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастамашылық етуіңізді сұраймын:

      1. Субсидиялау қағидаларының/тетіктің бағыттары (бағытқа қанатбелгі қойыңыз)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг

      1. Жоба бойынша ақпарат

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жоба іске асырылатын жер (облыс, қала)


Сала (ЭҚЖЖ сәйкес)


Банк/микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – МҚҰ)/лизингтік компания атауы


Кредит/микрокредит/лизинг сомасы


Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық болып табылады әрі төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенемін.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді беруге және ашуға міндеттенемін.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруге міндетті емес.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның өтініш беруіне мүмкіндік беретінін кәсіпкер растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтініштің көрсетілген деректердің анық еместігін растайтын мәліметтер анықталған уақытта кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкіндігімен, бұл ретте қаржы агенттігінің кері қайтару себептерін хабарламауының мүмкін екендігімен келісемін.

      Осы арқылы кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегілермен келісетінін растайды:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға бере алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Субсидиялау қағидалары/тетік шеңберінде тек субсидиялау үшін беріледі.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал кәсіпкер берген құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау берілмеген жағдайдың өзінде қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Қаржы агенттігі кәсіпкерден немесе банктен/даму банкінен/ МҚҰ-дан/лизингтік компаниядан алған олардың ақпаратын жарнама науқанын жүргізу кезінде, ақпаратты қаржы агенттігінің ресми сайтында орналастыру кезінде пайдаланады.

      6. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне кінәраттары болмайды.

      4. Қосымшалар

      (________________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      ____________________________________________________ ________________

      Кәсіпкердің (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (қолы, күні)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
8-қосымша
Нысан

Өтініш

      Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне (бұдан әрі – тетік):

      (қажетті бағытқа қанатбелгі қойыңыз)


Субсидиялау қағидалары шеңберінде "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты


Тетік шеңберінде басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг

      шеңберінде қатысу және ____________ жылғы № ____ банктік қарыз шарты/микрокредит бойынша шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде берілген кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты/"жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін мынадай шарттарда субсидиялау нысанында мемлекеттік қолдау алу мақсатында Сізден:

Кредиттің/микрокредиттің нысаналы мақсаты


"Жасыл" жобаларды іске асыру мақсаттары үшін кредит болған жағдайда: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Кредит/микрокредит/лизинг сомасы


Сыйақы мөлшерлемесі


Кредит/микрокредит валютасы


Кредит/микрокредит/лизинг мерзімі


      субсидиялау мақұлданған жағдайда кредит/микрокредит/қаржылық лизинг шарты бойынша номиналдық сыйақы мөлшерлемесін Субсидиялау қағидалары шеңберінде/тетікке қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауыңызды сұраймын.

      _______________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _______________________________________________________________________

      (қолы, күні) мөр орны (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
9-қосымша
  Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "_____________________________"




Көшірме: "_______________________" акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банкі)/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – Қор) сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының (бұдан әрі – Субсидиялау қағидалары)/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының _____________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында 20___ жылғы "___" _________ қарағанын және мақұлдағанын хабарлайды.

      Субсидиялау үшін бюджетте қаражат болмаған жағдайда, Қор Субсидиялау қағидаларының 94-тармағына сәйкес субсидиялау шартына қол қоймайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
10-қосымша
  Нысан


20__ жылғы "__" ______


Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "_____________________________"




Көшірме: "_______________________" акционерлік қоғамы (екінші деңгейдегі банкі)/жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (лизингтік компания)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігі уәкілетті органының отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға ________ бастап __________ дейінгі аралықтағы кезең үшін субсидиялау туралы есеп

      Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Банктің/даму банкінің/ микроқаржы ұйымының/ лизингтік компанияның атауы

Кәсіпкер өтініш жасаған орын

Кәсіпкердің атауы

Банктік қарыз шартының (бұдан әрі – БҚШ) (транш)/ микрокредит бойынша шарттың (бұдан әрі – МШ) (транш)/ қаржылық лизинг шартының (бұдан әрі – ҚЛШ) (транш) нөмірі

БҚШ (транш)/ МШ (транш)/ҚЛШ (транш) күні

Кредит (транш)/ микрокредит (транш)/лизинг (транш)/сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Кредит (транш)/ микрокредит (транш)/лизинг (транш) бойынша сыйақы мөлшерлемесі

Субсидиялау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржы агенттігі аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

10

11






      Ескертпе:

      *Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді/микрокредиттерді субсидиялау жобалары бойынша өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға субсидиялау туралы есеп ұқсас нысан бойынша жеке ұсынылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс), Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға (бұдан әрі – ұлттық жоба) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін ислам банктерінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруы бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарларға үстеме бағаның бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетіктерін айқындайды.

      2. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ақпараттық жүйе – ақпараттық өзара іс-қимыл арқылы белгілі бір технологиялық әрекеттерді іске асыратын және нақты функционалдық міндеттерді шешуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсетуші персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдастырылып ретке келтірілген жиынтығы;

      2) банк-төлем агентi – исламдық лизингтік компанияның қаржы агенттігімен келісілетін және исламдық лизингтік компаниялардың исламдық лизинг шарттары бойынша субсидиялар сомасын аударуға және есептен шығаруға арналған исламдық лизингтік компанияның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;

      3) жергілікті үйлестіруші – құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      4) жоба – бизнестің әртүрлі бағыттарында кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын іс-қимылдар мен іс-шаралардың жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше түрлі қаржыландыру алуға болады);

      5) ислам банкі – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      6) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу мүмкіндігін беруі және/немесе ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлікті (лизинг нысанын) беруі;

      7) исламдық лизингтік компания – осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысатын, акционерлік қоғам нысанында құрылған, банк болып табылмайтын өз қызметін "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-1-тарауына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлға;

      8) исламдық лизинг шарты – исламдық лизингтік компания кәсіпкерге мүлікті (лизинг нысанын) лизинг (жалға беру) шарттарымен беретін исламдық лизингтік компания мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім;

      9) исламдық қаржыландыру бойынша субсидиялау шарты (бұдан әрі – субсидиялау шарты) – қаржы агенттігі кәсіпкерді уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания берген қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауарға үстеме бағаны/жалдау төлемінің бір бөлігін ішінара субсидиялайтын қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім;

      10) кәсіпкер – өз қызметін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      11) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      12) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді не кәсіпкерге лизинг (жалға беру) шарттарында мүлік (лизинг нысанын) береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жекелеген шарттар жасасады);

      13) мемлекеттік даму институттары – экономиканың әртүрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар;

      14) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      15) субсидиялар – субсидиялау шарттарының негізінде кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға өтеусіз және қайтарымсыз негізде төлейтін мерзімді төлемдер;

      16) субсидиялау – кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол кәсіпкердің операциялық қызметіне жататын белгілі бір шарттарды болашақта орындауға айырбас ретінде қаржыландырулар бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға кәсіпкер төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      17) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      18) электрондық өтінім – мемлекеттік қолдау алуға өтінім, ондағы ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылады және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылады;

      19) электрондық құжаттар топтамасы – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті қызметкерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және мәліметтерін (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      3. Субсидиялау кәсіпкерлер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігі/жалдау төлемінің бір бөлігі ретінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      4. Қаржы агенттігінің көрсетілген қызметтеріне уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен ақы төлейді.

      5. Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына республикалық бюджет қаражаты есебінен аударады.

      6. Өңірлік үйлестіруші ұлттық жоба шеңберінде жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгі нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттен және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және ұлттық жоба шеңберінде пайдаланылмаған қаражатты ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдалануға болады.

      8. Мыналар:

      1) мемлекеттік даму институттары кредиторы болып табылатын, сондай-ақ осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларын іске асыру шеңберінде сыйақы мөлшерлемесі арзандатылған ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың қаржыландыру шарттарын қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражатының есебінен арзандатылған қаржыландыру;

      2) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) қайтарымды, қайталама немесе қосалқы лизинг бойынша;

      5) ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған қаржыландыру осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қаржыландыру субсидиялауға жатпайды.

      9. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, өз қызметін тау-кен өндіру өнеркәсібінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тікелей немесе жанама түрде тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда);

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалары (осы тармақшаның күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде қатысушы бола алмайды.

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша субсидиялар беру шарттары

      10. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жобаларын іске асыратын және (немесе) іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытына қатысушылар болып табылады. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде іске асырылатын жобалар ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде бір кәсіпкер үшін 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға рұқсат етіледі.

      Қаржыландыру ұлттық валютада жүзеге асырылады.

      11. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ жаңғыртуға, айналым қаражатын толықтыруға және өндірісті кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге және франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      Кәсіпкерлердің айналым қаражатын толықтыруға, сондай-ақ ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттері бойынша осы тармақта көзделген талаптар қолданылмайды.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      12. Жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 12 (он екі) ай ішінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруға бұдан бұрын берген қаржыландыру да жаңа қаржыландыруға жатады.

      13. Кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын/қаржыландыру шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған, жоба қаржы агенттігіне енгізілгенге дейін 2 (екі) жыл ішінде (мерзім алғашқы қаржыландыру берілген күннен бастап есептеледі) екінші деңгейдегі банктер/лизингтік компаниялар/ислам банктері/исламдық лизингтік компаниялар бұрын берген және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының өлшемшарттарына сәйкес келетін қаржыландыру да субсидиялауға жатады.

      14. Егер кредит беру негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) жаңғырту және (немесе) өндірісті кеңейту шеңберінде, бірақ қаржыландыру сомасының немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры қаражатының, немесе мөлшері 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын қаржыландырудың 30 %-ынан асырмай жүзеге асырылса, субсидиялау айналым қаражатын толықтыруға берілетін (берілген) кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      15. 100 % айналым қаражатын толықтыруға жұмсалған 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін кепілдік беру құралын қолдану арқылы қаржыландырған кезде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялауға (кредиттерге, қаржыландыру шарттарына немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және кәсіпкердің негізгі қызметін жүзеге асыруымен байланысы жоқ басқа да мақсаттарды қоспағанда) рұқсат етіледі.

      16. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын қаржыландырудың/исламдық лизинг шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды. Егер бірнеше үлестес кәсіпкерге бір бизнес-жобаны іске асыруға қаржыландыру ұсынылса, оның сомасы 3 (үш) млрд теңгеден аспауы керек.

      Мынадай екі шартқа да сәйкес келетін екі және одан да көп жобалар бір бизнес-жоба болып есептеледі:

      жоба бір объект ретінде іске асырылады (физикалық немесе технологиялық тұрғыдан тығыз байланысты бірыңғай ғимарат/құрылыс/объект болып табылады);

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады.

      Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендердегі, оның ішінде моно және шағын қалалардағы, ауылдық елді мекендердегі жобалар бойынша қаржыландыру/ислам лизингі шартының сомасы бір кәсіпкер үшін 1,5 млрд теңгеден аспайды.

      Бұл ретте 4,5 млрд теңгеге дейінгі кредиттік лимиті бар 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы") бұрын мақұлданған шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

      17. Инвестицияларға бағытталған қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған қаржыландыру бойынша субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды құрайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалса, субсидиялаудың жалпы мерзімі қаржы агенттігі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      18. Қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемінің бір бөлігін төлеу және мерзімін шегеру кезінде өкім және/немесе өзге де құжат және/немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде қаржыландыру бойынша берілген мерзімін ұзарту үшін қаржыландыру мерзімін ұлғайту осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерім ұсынылған мерзімге ұзартылады.

      19. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар бойынша субсидиялау тауардың номиналды үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 13,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      20. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шеңберінде ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарттарының) өзгеруіне байланысты;

      2) қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді кәсіпкердің бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанасын арнаулы органдардың тіркеуі бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

      21. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржыландыруды субсидиялау туралы шешім қабылдаған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге ағымдағы жылдың басынан бастап қаржы агенттігі шешім қабылдаған күнге дейінгі кезеңде ұсталған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді өтейді.

      Бұл ретте осы комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер қаржы агенттігінен қол қойылған шарт алынған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге өтелуі тиіс.

      22. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания бұрын алынған комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 21-тармағында көрсетілген мерзімде кәсіпкерге уақтылы өтемеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      23. "Қаржы лизингі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес лизингтің мынадай: ішкі лизинг, банктік лизинг, толық лизинг, таза лизинг және исламдық лизинг нысандары мен түрлері субсидиялауға жатады.

2-параграф. Субсидиялар беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      24. Кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға:

      1) жаңа қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына сәйкес келетін шарттарда қаржыландыру беруге (ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның ішкі нормативтік құжаттарымен бекітілген нысан бойынша) арналған өтініш бойынша;

      2) қолданыстағы қаржыландыру бойынша осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялар алу ниеті туралы ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны хабардар ететін өтінішпен және қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың номиналды үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларында көзделген мөлшерге дейін төмендету туралы өтінішпен жүгінеді.

      25. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания жобаның қаржылық экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және қаржыландыру беру немесе қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету туралы оң шешім болған жағдайда 3(үш) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге жобаны қаржыландыруға әзір екендігі туралы жазбаша жауап жолдап, қаржы агенттігін хабардар етеді.

      26. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның оң шешімін алған кәсіпкер қаржы агенттігіне осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкердің өтініш-сауалнамасымен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:

      1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік (кәсіпкердің қолымен расталған көшірме), жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама;

      2) қаржы агенттігі субсидиялау туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша кезеңдерді қамтитын кәсіпкер жобасының бизнес-жоспары (осы абзацтың талабы "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде қатысуға өтініш берілген жағдайда қолданылады);

      3) өтініш берілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірілмей, салық органынан берілген бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешегінің жоқ екені туралы анықтама;

      4) тауарлардың Кеден одағына мүше мемлекеттің бірінің аумағынан Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағына қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      5) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаты.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      27. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға/кәсіпкерге пысықтау үшін қайтарады. Құжаттар топтамасы бойынша кемшіліктер болмаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысына шығарады.

      28. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында айқындалады.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін жобаларды бюджет қаражаты болған жағдайда ғана қарайды.

      30. Кәсіпкердің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органы құжаттар топтамасы бар ақпарат түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды. Бұл ретте қаржы агенттігінің уәкілетті органы оң шешім қабылдаған жағдайда шешімде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемесі көрсетіледі ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберіндегі кәсіпкерлердің жобалары бойынша);

      Ескерту. 30-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      31. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға және кәсіпкерге осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 4, 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ілеспе хатпен (бұдан әрі – тиісті хат) хаттамадан үзінді көшірме жібереді.

      32. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) айды құрайды.

3-параграф. "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкердің электрондық өтінімді беру тәртібі

      33. Кәсіпкер "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді береді, оған мына құжаттардың электрондық топтамасы қоса беріледі:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруының бизнес-жоспары не жоба бойынша сараптамалық қорытынды (банктің/лизингтік компанияның тиісті жұмыскерінің техникалық/экономикалық қорытындысы (осы құжаттар болмаған жағдайда жобаның мәнін анықтайтын басқа құжаттар);

      2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің бірінің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше басқа мемлекеттің аумағына тауарлардың қозғалысын растайтын тауарлардың ілеспе құжаттарының көшірмелері (бар болса);

      3) ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның қаржыландыруды ұсыну немесе тауардың үстеме бағасын/кәсіпкердің жалдау төлемінің бір бөлігін төмендету мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хаттың электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      34. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлігі және дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламасы, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, субъектінің кірістері, төленген салықтар туралы мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы анықталады.

      35. Кәсіпкер құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда ақпараттық жүйе оның өтінімін тіркеуден бас тартады.

      36. Кәсіпкердің электрондық өтінімі ақпараттық жүйе арқылы мақұлданған жағдайда мынадай іс-қимыл:

      1) тіркелген өтінімді осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау үшін қаржы агенттігіне жіберу;

      2) кәсіпкерден түскен өтінімді қаржы агенттігінің қарауы жүзеге асырылады.

      37. Қаржы агенттігі жобаны өтінім тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.

      38. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қаржы агенттігі дәлелді бас тартуды жібереді.

      39. Кәсіпкер және/немесе ұсынылған материалдар осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келген жағдайда электрондық өтінім құжаттардың толық топтамасымен қаржы агенттігінің уәкілетті органына қарауға жіберіледі.

      40. Қаржы агенттігі уәкілетті органының кәсіпкерлердің өтініштерін қарау тәртібі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 2-тарауында регламенттелген.

      41. Қаржы агенттiгi уәкiлеттi органының шешiмi қаржы агенттігі уәкiлеттi органының шешiмi қабылданған күннен бастап қолданылу мерзімі 3 (үш) ай болатын тиiстi хаттамамен ресiмделедi.

      42. Қаржы агенттігі ақпараттық жүйе арқылы тиісті хатпен хаттамадан үзінді көшірмені жүктейді және электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында кәсіпкердің "жеке кабинетіне" жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      43. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінен қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін алғаннан кейін және субсидиялау туралы оң шешім болған кезде қаржы агенттігі, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және кәсіпкер арасында субсидиялау шарты жасалады, оған сәйкес қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыру шартының өтеу графигіне және субсидиялау шартының талаптарына сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін төлеуді жүзеге асырады.

      44. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ағымдағы қаржыландыру бойынша субсидиялау шартына қол қойылған сәтке дейін кәсіпкердің қаржыландыру шартында/исламдық лизинг шартында көзделген өзіндік құнының сомасын/жалдау төлемінің сомасын және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын жалдау төлемін уақтылы өтеу жөніндегі міндеттемелерін орындамағаны үшін айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептен шығаруға міндетті, ал жаңа/ағымдағы қаржыландырулар бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      1) кәсіпкердің бастамасымен қаржыландыру талаптарының (исламдық лизинг шарты) өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің қаржыландыру (исламдық лизинг шарттары) бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен өндіріп алынатын;

      3) лизинг (жалдау) нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг (жалдау) нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) исламдық лизинг шартын орындауға байланысты (басқа ұйымдардың кедендік тазарту сияқты көрсетілетін қызметтерін, лизинг (жалдау) нысанын арнаулы органдардың тіркеу бойынша көрсетілетін қызметтерді, банктердің көрсетілетін қызметтерін өтеуді) алынатындарды қоспағанда, қаржыландыруға байланысты комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмауға және белгілемеуге міндеттеме қабылдайды.

      45. Субсидиялау шартын:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания:

      қаржы агенттігінен хаттаманы/шешімді алған сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жасайды;

      2) қаржы агенттігі:

      ислам банкінен/исламдық лизингтік компаниядан субсидиялау шартын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жасайды.

      Субсидиялау шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте субсидиялау шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбамен қол қойылады.

      46. Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      47. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания субсидиялау шартын осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 45-тармағының 1) тармақшасында белгіленген мерзімде уақтылы жасамаса, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін кідіріс себептерін түсіндіре отырып, ресми хатпен хабардар етеді.

      48. Егер банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының және (немесе) субсидиялау шартының талаптары қаржы агенттігінің уәкілетті органының шешіміне және осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына сәйкес келмесе, қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қоймайды. Бұл ретте қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны және кәсіпкерді хабардар етеді.

      49. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания ескертулерді жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қояды.

      50. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің ескертулерімен келіспеген жағдайда қаржы агенттігі түпкілікті шешім қабылдау үшін осы мәселені қаржы агенттігінің уәкілетті органына шығарады.

      51. Субсидиялау шарты оған кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания және қаржы агенттігі қол қойған күннен бастап күшіне енеді. Бұл ретте субсидиялау мерзімінің басталуы субсидиялау шартында белгіленуі мүмкін, алайда субсидиялау шартына қол қойылған күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай, бірақ ерте дегенде қаржы агенттігінің шешімі шыққан күнінен белгіленуі мүмкін (бұл норма ашық кредиттік желілер шеңберінде берілген кейінгі кредиттерге қолданылмайды. Осы тармақтың күші осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары бекітілген күннен бастап мақұлданған жобаларға қолданылады).

      52. Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемнің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін төлеу күнін кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания дербес айқындайды. Егер қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін есептеу субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күннен кейінгі күні басталса, субсидиялау шартына кәсіпкер, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қол қойған күн субсидиялау кезеңіне қосылмайды.

      53. Қаржы агенттігі субсидиялау шартына қол қойғаннан кейін субсидияларды төлейді. Субсидиялар тиісті өңірлік үйлестірушіден түскен қаражат болған кезде төленеді.

      54. Ислам банкі қаржы агенттігіне жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомасын аудару үшін ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ исламдық лизингтік компаниялар қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда исламдық лизингтік компаниялар жасалған субсидиялау шарттары бойынша субсидиялар сомаларын аудару үшін шот ашады.

      55. Өңірлік үйлестіруші қаражат түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне соманың 50%-ы мөлшерінде қаражатты қаржы агенттігі көрсеткен шотқа аударуды жүзеге асырады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылатын болады.

      Ұлттық жобаны/тетікті іске асыру шеңберінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына қаражат аударуға арналған шартқа сәйкес жүзеге асырады. Бұл ретте бірінші төлем қаржы агенттігіне тиісті қаржы жылында көзделген қаражат сомасының 50 %-ы мөлшерінде аударылады. Кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдері бойынша қажеттілік бойынша жүзеге асырылады.

      Ескерту. 55-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) ислам банкінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына аударуды жүзеге асырады. Бұл ретте қаражатты аударғаннан кейін қаржы агенттігі ислам банкін/исламдық лизингтік компанияны электрондық пошта бойынша қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін жіберу жолымен бір уақытта хабардар етеді. Хабарламада ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлем жүргізілген кезең көрсетіледі.

      Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ислам банкінің/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының өзге де нашарлау белгілері орын алған жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингі Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмен түскен жағдайда;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген жағдайда;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған жағдайда кәсіпкердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын сыйақы бөлігі) жүргізу фактісі туралы ислам банкінің/банк-төлем агентінің хабарламасы негізінде не субсидиялау шарттарына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      Ислам банкінде/банк-төлем агентінде жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды субсидиялау шартына төлемдер графигін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      57. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау сомаларын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания шоттағы қаражаттың жалпы ағымдағы қалдықтарын есептен шығара алмайды.

      58. Кәсіпкер қаржыландыру шартына/исламдық лизинг шарты бойынша өтеу графигіне сәйкес ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидияланбайтын бөлігінде ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға төлеуді жүргізеді.

      59. Қаржыландыру бойынша кәсіпкердің төлемді толық төлеу (өзіндік құн сомалары/жалдау төлемінің сомалары және ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын субсидияланбайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) фактісі бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне жатқызуға қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      60. Қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді кәсіпкер нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидия сомасы есептен шығарылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      61. Ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкер берешекті өтегенге дейін ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан қаражатты есептен шығаруды жүргізбейді және мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;

      2) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдында лизингтік (жалдау) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көзделген жағдайлар орын алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      62. Қаржы агенттігі тауарларға үстеме бағаны субсидиялау бойынша ай сайын/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау бойынша тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 25 (жиырма бес) күніне дейін өңірлік үйлестірушіге/уәкілетті органға осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидиялау туралы есеп жібереді.

      63. Кәсіпкердің қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шарттарының талаптарына, қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасына сәйкес қаржы агенттігі ислам банкі/исламдық лизингтік компания ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе өзіндік құны сомасын/жалдау төлемінің сомасын өтеу бойынша жеңілдікті кезең берген/мерзімін кейінге қалдырған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау төлемінің бір бөлігінің субсидияланатын бөлігінде субсидияларды аударуды жүзеге асыра алады.

      Бұл ретте жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру мерзімі қаржы агенттігінің шешімінде көрсетіледі.

      64. Егер ислам банкі/исламдық лизингтік компания қолданыстағы қаржыландыру шартының/исламдық лизинг шартының талаптарын (исламдық қаржыландыру кезінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/жалдау төлемінің бір бөлігі, төлемдерді төлеу бойынша жеңілдікті кезең/мерзімін кейінге қалдыру, өтеу күні, кәсіпкердің атауын өзгерту/борышты аудару) өзгертсе, ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол өз кезегінде 7 (жеті) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасымен қоса, қаржыландырудың қолданыстағы талаптарына енгізілетін өзгерістер жөніндегі ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Қарау нәтижелері бойынша қаржы агенттігінің уәкілетті органы қаржыландырудың қолданыстағы шарттарына өзгерістер енгізудің мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды, ол қаржы агенттігі уәкілетті органының шешім қабылдаған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді. Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер хаттамада/шешімде анық көрсетіледі.

      Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хаттаманың үзінді көшірмесін жібереді.

      65. Қолданыстағы қаржыландыру шартының талаптарындағы өзге өзгерістер туралы ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігін тиісті хатпен хабардар етеді, ол өз кезегінде құжаттардың толық пакетін алған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде қолданыстағы қаржыландыру талаптарына енгізілетін өзгерістер бойынша шешім қабылдайды және хатпен қаржыландыру талаптарына енгізілген өзгерістерді келіседі немесе келісуден бас тартады (бұл ретте хаттың көшірмесінде қаржы агенттігін және жергілікті үйлестірушісін көрсетеді).

      Бұл ретте қаржыландыру шарттарында болған өзгерістер (келісуден бас тарту) келісу хатында анық көрсетіледі.

      66. Кәсіпкер қайтыс болған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкердің қайтыс болғаны туралы мәліметтерді (ақпаратты) алғаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне тиісті хабарлама жібереді, ол мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған кезге дейін субсидиялауды уақытша тоқтата тұру бойынша ақпаратты қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарады. Мұрагер (-лер) дің мұрагерлік құқығы басталған жағдайда субсидиялауды қайта бастау мәселесі қайтадан қаржы агенттігі уәкілетті органының қарауына шығарылады.

      67. Ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде субсидиялауға бөлінген және ағымдағы қаржы жылы өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі пайдаланбаған қаражат кезекті қаржы жылында жобаларды, оның ішінде кезекті қаржы жылында мақұлданған жобаларды субсидиялауға пайдаланылуы мүмкін.

5-параграф. Субсидиялауды тоқтату және қайта бастау

      68. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның өтінішхаты (хабарламалары), сондай-ақ мониторинг нәтижелері негізінде қабылдайды.

      69. Қаржы агенттігі ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның хабарламалары және/немесе мониторингтеу нәтижелерінің негізінде мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын жаңа қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану фактісін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына барабар тоқтатыла тұрады;

      2) кәсіпкердің субсидиялау жүзеге асырылатын исламдық лизинг шарты бойынша лизинг (жалдау) нысанасын алмауы;

      3) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары талаптарына және/немесе өңірлік үйлестіру кеңесінің/қаржы агенттігі уәкілетті органының шешіміне сәйкес келмеуі;

      4) кәсіпкердің қаржыландыру шартына төлемдер графигіне сәйкес ислам банкі алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамауы;

      5) кәсіпкердің төлемдерді өтеу графигіне сәйкес ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы лизингтік (жалгерлік) төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 2 (екі) және одан көп рет орындамауы;

      6) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап-арызды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұруы;

      7) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг (жалдау) нысанасын талап ету;

      8) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша міндеттемелерді орындамауы ("Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша кәсіпкерлердің жобалары бойынша) фактілерін анықтаған кезде кәсіпкерді субсидиялауды тоқтатады.

      Ескерту. 69-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      70. Қаржы агенттігі осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 69-тармағында көрсетілген фактілер анықталғаннан кейін 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімінде субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіздеме көрсетіледі.

      Субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатқан күннен бастап жүзеге асырылады, бұл ретте қаржыландыруды мақсатсыз пайдаланған кезде субсидиялау қаржыландыруды мақсатсыз пайдалану сомасына пропорционалды түрде тоқтатылады. Мақсатқа сай пайдалануды растайтын қаржыландырудың қалған бөлігі бойынша және кәсіпкер мақсатсыз пайдалану мөлшеріне пропорционалды төленген субсидиялар сомасын қайтарған жағдайда субсидиялау төлемдер графигіне сәйкес жалғастырылады.

      71. Кәсіпкер субсидиялауды тоқтата тұру үшін негіз болып табылған себептерді қаржы агенттігінің уәкілетті органы қарағанға дейін жойған жағдайда қаржы агенттігі субсидиялауды қайта бастау туралы оң шешім қабылдайды.

      72. Қаржы агенттігі 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімін ресімдейді және тиісті хатпен ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға хабарлама жібереді.

      73. Кәсіпкерді субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі оларға тоқтата тұру кезеңінде төленбеген субсидияларды төлейді. Субсидиялау осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 69-тармағының 4) немесе 5) тармақшаларында көрсетілген себептер бойынша тоқтатыла тұрған жағдайда, субсидиялау қайта басталған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің мерзімін өткізіп алу күнінен бастап төленуге жататын субсидиялар төленеді.

      74. Кәсіпкерді субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хатпен кәсіпкерге ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді, онда субсидиялау шартын бұзу күні мен бұзу себебін көрсетеді.

      Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының 66-тармағын қоспағанда, кәсіпкерлерді субсидиялауды тоқтату туралы қаржы агенттігі уәкілетті органының шешімі бар қаржыландыру қайта бастауға жатпайды.

      75. Мынадай:

      1) кәсіпкер ислам банкі/исламдық лизингтік компания алдындағы қаржыландыру шарты/исламдық лизингтік шарт бойынша қаржыландыруды толық өтеген (кәсіпкер ислам банкіне/исламдық лизингтік компанияға қаржыландыруды толық өтеген күн субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);

      2) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      3) субсидиялау шарты кәсіпкердің бастамасы бойынша бұзылған жағдайларда субсидияларды төлеу тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      76. Субсидиялау тоқтатылған жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания кәсіпкерге бұрын қолданылған қаржыландыру талаптарын (оның ішінде ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының/жалдау ақысының бір бөлігін, комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді және басқа да шарттарды) қолданыстағы қаржыландыру шарты бойынша белгілей алады.

      77. Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеу фактісі туралы қаржы агенттігін 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабардар етеді.

      Кәсіпкер негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара/толық өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң хабардар еткен/хабардар етпеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      Кәсіпкер қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасын/жалдау төлемінің сомасын ішінара мерзімінен бұрын өтеген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания төлемдерді өтеу графигін өзгерте отырып, субсидиялау шартына тиісті қосымша келісімде қоса бере отырып, қаржыландыру шартына/исламдық лизингтік шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеу графигі өзгертілген және төленуге тиісті субсидиялар сомасы көрсетілген хатын қаржы агенттігіне жолдайды.

      78. Кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған, кәсіпкерді қаржыландыру бойынша өзіндік құн сомасы/жалдау төлемінің сомасы мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелген жағдайда ислам банкі/исламдық лизингтік компания өзара есеп айырысуды салыстырып қарау актісін қаржы агенттігіне 7 (жеті) жұмыс күні ішінде ұсынады.

      Бұл ретте ислам банкі/исламдық лизингтік компания салыстырып қарау актісінде субсидиялардың нақты есептен шығарылған сомалары мен күндерін көрсетеді, ал қаржы агенттігі субсидиялардың аударылған сомалары мен күндерін көрсетеді.

      79. Нысаналы мақсатта пайдаланылмағаны анықталған кәсіпкерді қаржыландыру бойынша ислам банкі/исламдық лизингтік компания қаржыландыруды мақсатты пайдаланбау фактісін растайтын құжаттармен қоса, құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      80. Осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жобаларға мониторинг жүргізу қағидаларының негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігінің функцияларына:

      1) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шарты жасалған кәсіпкердің жаңа кредитті мақсатқа сай пайдалануын мониторингтеу;

      2) ислам банкі/исламдық лизингтік компания ұсынатын деректердің негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын (исламдық лизинг шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалану) мониторингтеу;

      4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының талаптарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігі тұрғысынан мониторингтеу жатады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      81. Субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен, оның ішінде "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде мақұлданған және қол қойылған жобалар бойынша қабылданған міндеттемелерді қаржыландыру жүзеге асырылады.

      82. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін субсидиялау үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) бойынша аударылған қаражат жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      83. Ислам банктері "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде тауарға үстеме бағаның бір бөлігін және ислам банктерінің кірісін құрайтын жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған субсидиялау шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      84. 2018 жылғы 27 қаңтарға дейін мақұлданған жобалар бойынша субсидиялау шартын жасау өңірлік үйлестіру кеңесі хаттамасының қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін бұрын мақұлданған шарттармен жүзеге асырылады.

      85. Бұрын "БЖК-2020" бағдарламасы және "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      86. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      87. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда әрекет етеді.

      Ағымдағы қаржыландыру шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидаларының қолданыстағы талаптарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

      кімнен _______________

Өтініш

      Мына:

      (бағытты белгілеу қажет)

      "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты шеңберінде 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) қатысу және _______ жылғы ________ № ______ ________________ шарттың негізінде берілген қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанында мынадай шарттармен мемлекеттік қолдау алу мақсатында:

Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Қаржыландыру сомасы


Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы/ жалдау төлемінің бір бөлігі


Қаржыландыру валютасы


Қаржыландыру мерзімі


      Субсидиялау мақұлданған жағдайда қаржыландыру бойынша номиналдық (ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауардың үстеме бағасын/жалдау төлемінің бір бөлігін) Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысуға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету мүмкіндігін қарауды сұраймын.

      __________ _________ _______________________________________

      (қолы) күні, (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
3-қосымша
  Нысан
  Кімге: _____________________
  қаржы агенттігі
  Кімнен: _____________________
  (бұдан әрі – кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары аясында қаржыландыру бойынша ислам банктерінің/исламдық лизингтік компаниялардың кірісін құрайтын кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарлардың үстеме бағасының бір бөлігін/жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені қаржы агенттігінің ________________ жөніндегі уәкілетті органының қарауына шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Бағыт (бағытты белгілеу керек)


"Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты

      2. Жоба бойынша ақпарат

Құрылтайшы(лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Іс жүзіндегі мекенжайы


Бірінші басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)


Жобаның қысқаша сипаттамасы


Жобаның іске асыру орны (облыс, қала)


Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Банктің/лизингтік компанияның атауы


Қаржыландыру сомасы


Қаржыландырудың нысаналы мақсаты


      3. Кепілдіктер мен келісімдер

      Кәсіпкер қаржы агенттігіне төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

      1. Осы өтінішпен бірге не қаржы агенттігінің сұратуы бойынша қаржы агенттігіне берілетін (берілген) немесе табысталатын барлық деректер, ақпарат және құжаттама дұрыс әрі және төменде көрсетілген күнгі шындыққа толық сәйкес келеді. Көрсетілген деректер өзгерген жағдайда қаржы агенттігіне дереу хабарлауға міндеттенеді.

      2. Қаржы агенттігінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. Қаржы агенттігі көрсетілген растаулар мен кепілдіктердің шынайылығын тексеруді қамтамасыз етпейді.

      4. Кәсіпкерге жалған, толық емес және/немесе шынайы емес мәліметтерді бергені үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік туралы ескертілді.

      5. Кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келіседі, бұл ретте қаржы агенттігі өтінішті кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Кәсіпкер осы арқылы қаржы агенттігіне төмендегілерге келісім береді:

      1. Қаржы агенттігі осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға бере алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ қаржы агенттігі талап еткен барлық құжаттар Ислам банктері қаржыландырған кезде субсидиялау қағидалары шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. Қаржы агенттігі кәсіпкер өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады. Кәсіпкер ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, қаржы агенттігінде сақталады.

      4. Қаржы агенттігінің осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) қаржы агенттігінің субсидиялауды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Кәсіпкер субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен қаржы агенттігіне наразылықтары болмайды.

      ______________________________________________________________

      4. Қосымшалар

      (________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      _______________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ______________ __________________

      (қолы) күні

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

20___жылғы "___" ____________



Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "______________________________"




Көшірме: акционерлік қоғам (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) "_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органының отырысында қарағанын және " ___" _________ 20__жылғы мақұлдағанын хабарлайды.

      Өңірлік филиал директоры

      ______________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

20___жылғы "___" ____________



Кәсіпкерлік субъектісі (бұдан әрі – КС) "______________________________"




Көшірме: акционерлік қоғам (екінші деңгейдегі банк)/жауапкершілігі шектеулі серіктестік (лизингтік компания) "_____________________________"

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде ислам банктері кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырған кезде ислам банктерінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасының бір бөлігін және жалдау төлемінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларының _________ бағыты шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі бойынша "_______________" КС жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының кезекті отырысында қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. _____________________ бас тартылсын (бас тарту себебі).

      2. _____________________ ұсынылсын.

      Өңірлік филиал директоры

      __________________________________________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде ислам
банктері кәсіпкерлік
субъектілерін қаржыландырған
кезде ислам банктерінің кірісін
құрайтын тауардың үстеме
бағасының бір бөлігін және
жалдау төлемінің бір бөлігін
субсидиялау қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

Өңірлік үйлестірушісіне/уәкілетті органға ______________бастап ______________ аралығындағы кезеңде субсидиялау туралы есеп

Ислам банкінің/ исламдық лизингтік компания ның атауы

Кәсіпкерлік субъектісі жүгінген орын

Кәсіпкерлік субъектісінің атауы

Қаржыландыру шартының (транш) нөмірі

Қаржыландыру шартының (транш) күні

Қаржыландыру (транш) сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6







Ислам банкінің/исламдық лизингтік компанияның кірісін құрайтын жалдау ақысының бөлігін/кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру операциялары бойынша тауарларға қосылған бағаның мөлшерлемесі (транш)

Субсидия лау шартының нөмірі

Субсидиялау шартының күні

Кезең ішінде қаржылық агенттік аударған субсидиялар сомасы, теңге

Кезең ішінде есептен шығарылған субсидиялар сомасы, теңге

7

8

9

11






  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдарының сауда-саттығын ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      3) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясында қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      4) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      5) АХҚО қор биржасының исламдық бағалы қағаздарды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында исламдық бағалы қағаздарды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеу шеңберіндегі нормативтік құжат;

      6) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      7) АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығы субъектілерімен өзара қарым-қатынастарының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      8) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      9) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      10) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес қолданыстағы табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      11) "жасыл" облигация – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген, тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      12) "жасыл" облигациялар қағидаттары – капитал нарықтарының халықаралық қауымдастығы әзірлеген "жасыл" облигациялар шығарылымының халықаралық ерікті стандарты және (немесе) (Climate Bond Initiative) климаттық бондтар бастамасының климаттық бондтар стандарты;

      13) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар мен "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      14) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын, кәсіпкерлік қызметтің түрлі бағыттарындағы іс-шаралар мен іс-қимылдар жиынтығы;

      15) исламдық бағалы қағаздар – шығарылу шарттары материалдық активтерге бөлінбейтін үлесті иелену құқығын және (немесе) оларды пайдаланудан түскен активтерге, көрсетілетін қызметтерге немесе қаржыландыру үшін осы бағалы қағаздар шығарылған нақты жобалардың активтеріне билік ету құқығын куәландыратын, исламдық қаржыландыру қағидаттарына сәйкес келетін эмиссиялық бағалы қағаздар;

      16) исламдық бағалы қағаздарды орналастыру – бағалы қағаздардың бастапқы нарығында купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздарды сату;

      17) исламдық бағалы қағаздарды өтеу – ұстаушыға тиесiлi исламдық бағалы қағаздар санының осы шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны қатынасына барабар үлеске сәйкес келетiн ақша сомасын бөлiнген активтер есебiнен исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектiсiнде белгiленген мерзiмдерде төлеу;

      18) исламдық бағалы қағаздарды ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар бойынша құқықтары бар тұлға;

      19) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, исламдық бағалы қағаздардың сатуға болжанатын, шығарылым көлемі, шығарылымдағы исламдық бағалы қағаздар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және исламдық бағалы қағаздарды сатып алу туралы инвестордың шешіміне ықпал етуі ықтимал басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      20) кәсіпкер – өз қызметін осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      21) купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау – эмитенттерді мемлекеттік қаржылық қолдау нысаны, ол купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар ұстаушыға немесе купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға эмитент төлейтін шығыстарды ішінара өтеу үшін пайдаланылады;

      22) купондық сыйақы мөлшерлемесі – облигация шығарылымының проспектісінде белгіленген және облигация орналастыру салдарынан эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигацияны ұстаушыға мерзімдік негізде төлеуге жататын купондық сыйақының пайызбен көрсетілген мөлшері;

      23) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      24) купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар исламдық бағалы қағаздар – эмитент шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) қаржы агенттігі купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген исламдық бағалы қағаздар;

      25) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      26) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;

      27) ақпаратты тасымалдаудың қаржылық автоматтандырылған жүйесі (бұдан әрі – АТҚАЖ) – жіберілетін құжаттаманы рұқсатсыз қолжетімділіктен қорғай алатын арнайы байланыс арнасы;

      28) қаржылық консультант – эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша эмитентке жасалған шартқа сәйкес консультациялық қызметтер ұсынатын ұйым;

      29) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі, сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, оларды тiкелей жүргiзу арқылы сауда-саттықты ұйымдық және техникалық қамтамасыз етудi осы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      30) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасы мен АХҚО қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тiзiмi санатына және (немесе) секторына қосу, оларды қосу және онда болуы үшін қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленеді;

      31) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      32) облигациялар шығару проспектісі – эмитент, оның қаржылық жай-күйі, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналыста болуы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      33) облигацияларды орналастыру – купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      34) облигацияларды өтеу – облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен сыйақы мен номиналды құнды төлеу арқылы орналастырылған купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигацияларды (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша эмитенттiң іс-қимылы;

      35) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде купондық сыйақының субсидияланатын мөлшерлемесі бар облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      36) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      37) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығы – орталық депозитарийдiң бағалы қағаздар нарығы субъектiлерiмен өзара қарым-қатынас шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      38) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      39) субсидиялау шарты – қаржы агенттігі мен эмитент арасында жасалатын екі жақты жазбаша келісім, оның шарттары бойынша қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар, исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялайды;

      40) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздардарды орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушыға кезеңдік негізде төленуге тиіс, облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгілніп, пайызбен берілген сыйақы мөлшерлемесі;

      41) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) – "жасыл" жобаның "жасыл" таксономияда көзделген шекті мәндердің сақталуы бөлігінде "жасыл" таксономия жобаларының кіші секторларына сәйкестігін тексеруді қоса алғанда, "жасыл" облигациялардың Капитал нарықтары халықаралық қауымдастығының "жасыл" облигациялар қағидаттарының және басқа да танымал стандарттардың негізгі элементтеріне сәйкестігін бағалау рәсімі;

      42) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын, іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      43) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      44) халықаралық сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ISIN) – сәйкестендiру және есепке алуды жүйелеу мақсатында бағалы қағаздар мен басқа да қаржы құралдарына орталық депозитарий беретiн әрiптiк-цифрлық код;

      45) эмитент – купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды шығаратын кәсіпкер.

      3. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде қор биржасының және (немесе) АХҚО қор биржасының бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау эмитенттер облигациялар бойынша, исламдық бағалы қағаздарға сыйақы түрінде төлейтін шығыстардың бір бөлігін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің кәсіпкерлермен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      5. Қаржы агенттiгiнiң көрсетілетін қызметтерiн уәкiлеттi орган республикалық бюджет қаражаты есебiнен төлейдi.

      6. Ұлттық жоба шеңберінде купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Ұлттық жоба шеңберінде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық бюджеттен және (немесе) Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан субсидиялауға бөлінген және ұлттық жобаны іске асыру шеңберінде пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба шеңберіндегі жобаларды субсидиялауға және кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушысы бола алады.

      9. "Жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушылары бола алады.

      10. Мыналар:

      1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі жобаларды іске асыратын эмитенттер;

      3) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаларды іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      4) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау кезінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер, олармен үлестес тұлғалар, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) эмитенттердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде қатысушы бола алмайды.

2-параграф. Субсидиялау шарттары

      11. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын эмитенттің облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығарудың жиынтық номиналды құны бір эмитент үшін 3 (үш) млрд теңгеден аспайды.

      12. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару жобасында облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешендер ретінде сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) өндірісті кеңейтуге арналған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару шеңберінде, бірақ облигациялар шығарылымының жиынтық номиналды құнының 30 %-нан асырмай жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыру болып табылады деп көрсетілген облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды қоспағанда, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, ағымдағы міндеттерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын қор биржасының және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша жүзеге асырылады.

      Бір кәсіпкер үшін айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеге дейін толықтыруға эмитент шығарған облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауға жол беріледі.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге бағытталған жобалар деп салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын міндетті түрде қаржы агенттігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға арттыруды көздейтін эмитенттердің жобалары түсініледі.

      Эмитент, сондай-ақ кірістің (сатудан түскен кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе қаржы агенттігінің шешімі күнінен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      13. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау шығару проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және (немесе) қолданыстағы "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылатыны көрсетілген, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      14. "Жасыл" облигацияларды іске асыруға берілетін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау субсидиялау шарты жасалған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін іске асырылатын шекті маңызы бар жобаларға ("жасыл" таксономия кіші секторы бойынша шекті өлшемшарт болған кезде) қол жеткізуді көздейді (осы өлшемшартты орындау мерзімін ұзарту сыртқы бағалаумен айқындалған объективті себептер болған кезде қаржы агенттігінің шешімі негізінде жүзеге асырылады).

      15. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін, оның ішінде "жасыл" облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша субсидиялау облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің мөлшері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 5 (бес) жылды қоса алғандағы мерзімнен аспайтын айналыс мерзімімен облигациялар бойынша 5 %-ға ұлғайтылған базалық мөлшерлемесінің жалпы шамасынан аспайтын шартпен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте көрсетілген жалпы шаманың 6 %-ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      16. Орналастырылған облигациялар (эмитент сатып алғандарын шегергенде) немесе орналастырылған исламдық бағалы қағаздар бойынша есептелген (эмитент сатып алғандарды шегергенде) сыйақы мөлшерлемесі ғана субсидиялауға жатады.

      17. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды, исламдық бағалы қағаздар шығару проспектілеріне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      18. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау мерзімі 5 (бес) жылды құрайды, бірақ облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайды. Егер бір жоба бойынша бірнеше субсидиялау шарты жасалатын болса, онда субсидиялаудың жалпы мерзімі бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      Қайта қаржыландыру кезінде субсидиялау мерзімі субсидиялау кезінен бастап 2 (екі) жылдан, бірақ облигация немесе исламдық бағалы қағаздар айналымы мерзімінен аспайтын жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қою кезінен бастап белгіленеді.

      Купондық сыйақыны төлеу бойынша мерзімі шегерілген кезде өкім және (немесе) өзге де құжат және (немесе) қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның актісі негізінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларында көзделген субсидиялау мерзімі шегерілген мерзімге ұзартылады.

      "Жасыл" облигацияларға қатысты субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылды құрайды. Субсидиялау мерзімі қаржы агенттігі "жасыл" жоба бойынша бірінші субсидиялау шартына қол қойған кезден бастап белгіленеді.

      19. Купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялауды облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектілерінде сыйақыны төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және бір айда 30 (отыз) күнге есептегенде жылына екі реттен аспайды деп белгіленген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша ғана жүзеге асыруға болады.

      20. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Эмитенттің купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде есепке алынады. Купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялармен немесе исламдық бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) қолданыстағы АХҚО құқығымен нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде және АХҚО қор биржасының орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      21. Эмитент купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды ұстаушылардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкілін таңдауды бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және (немесе) брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кəсіби қатысушылары қатарынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың өкiлi эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      22. Кәсіпкер немесе қаржылық консультант субсидиялауды алу үшін қаржы агенттігіне субсидиялаудың үлгілік шартын жібереді, оған мынадай құжаттар топтамасын (басшының мөрімен (болған жағдайда) және қолымен расталған көшірмелер) қоса береді:

      1) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша эмитенттің өтініш-сауалнамасы;

      2) осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес өтінім туралы ақпарат (эмитенттің қолы қойылған);

      3) облигациялар шығару проспектісінің жобасы не исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінің жобасы;

      4) эмитент уәкілетті органының облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздарды шығару туралы шешімі;

      5) эмитентті мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік (анықтама);

      6) егер эмитенттің негізгі қызметі лицензиялануы тиіс болса, лицензиялар;

      7) барлық өзгерістерімен және (немесе) толықтыруларымен жарғы/ құрылтай шарты (акционерлік қоғам акцияларды шығару проспектісін және бағалы қағаз ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірмені қосымша ұсынады);

      8) берілгені жүгінген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспаған бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ екені туралы салық органының анықтамасы;

      9) салық декларацияларының соңғы 3 (үш) қаржы жылғы көшірмелері (егер кәсіпкердің жұмыс істеу мерзімі 3 (үш) жылдан кем болса, салық декларациясының соңғы қаржы жылғы көшірмесі);

      10) қаржылық консультанттың эмитенттің қаржылық жай-күйі туралы қорытындысы;

      11) сыртқы бағалау ("жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын жоба бойынша) нәтижелері бойынша қорытынды.

      23. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 22-тармағында көрсетілген құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді (құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайда, ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, пысықтау үшін оларды эмитентке бес күн мерзімде қайтарады);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын толық құжаттар топтамасымен қоса қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      24. Отырыстарды өткізу тәртібі, қаржы агенттігінің уәкілетті органы мүшелерінің саны, сондай-ақ эмитенттердің жобаларын қарауға арналған тиісті нысандар қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен айқындалады.

      25. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында субсидиялау үшін бюджет қаражаты болған жағдайда қарайды.

      26. Қаржы агенттігі өзінің уәкілетті органы шешім қабылдағаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде хаттаманы ресімдейді, оған қол қояды және хаттамадан үзінді көшірмені ілеспе хатпен эмитентке/қаржы консультантына, қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді.

      27. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешімінің қолданылу мерзімі шешім қабылданған күннен бастап 6 (алты) айды құрайды.

      28. Қаржы агенттігі уәкілетті органының хаттамасынан үзінді көшірмені алғаннан кейін кәсіпкер эмитенттің және ол шығаратын облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытынды алу үшін құжаттарды қор биржасына/АХҚО қор биржасына жібереді, бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуден, қор биржасында/АХҚО қор биржасында листинг рәсімін өтеді, қор биржасының/АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне/АХҚО актілеріне сәйкес облигацияларды орналастыруды жүзеге асырады.

      29. Субсидиялау шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган/АХҚО қор биржасы тіркеген облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісін;

      2) қор биржасының/АХҚО қор биржасының эмитент облигацияларын немесе исламдық бағалы қағаздарды қор биржасының/АХҚО қор биржасының ресми тізіміне (листинг) енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарий арасында төлем агентінің қызметтер көрсету шартының жасалғаны туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру қорытындысы туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      30. Эмитент осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 29-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі мен эмитент арасында субсидиялау шарты жасалады.

      Тиісті уәкілетті органнан/өңірлік үйлестірушіден субсидиялау үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда субсидиялау шартына қол қойылмайды.

      Субсидиялау шарты тараптардың қол қойған күнінен бастап күшіне енеді.

      Эмитент субсидиялау шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийге/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына/АХҚО қор биржасына сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігінің мөлшері және облигациялар немесе орналастырылған исламдық бағалы қағаздар саны туралы мәліметтерді міндетті түрде қамтитын субсидиялау шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Субсидиялау тетігі

      31. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигацияларды немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздарды орналастырған күннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей, орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялардың немесе купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын исламдық бағалы қағаздардың жалпы саны туралы ақпаратты орналастырады.

      32. Эмитент орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес 6 (алты) айда бір рет не 12 (он екі) айда бір рет сыйақыны төлеу тізілімін бекіту күні орталық депозитарийдегі/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіндегі шотқа сыйақының толық сомасын аударады.

      33. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі төлем агентінің қызметтерін көрсету шартында белгіленген мерзім ішінде облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың банк шоттарына ақша аударуды жүзеге асырады.

      34. Орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитент төлеген сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігін және негізгі қарызды (графикте болса) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарына аударғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, облигация ұстаушылардың өкіліне немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне және қаржы агенттігіне (ҚААТЖ жүйесі арқылы):

      1) ISINе облигациялары не исламдық бағалы қағаздары;

      2) тізілімді тіркеген күнгі жағдай бойынша облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарындағы облигациялардың немесе исламдық бағалы қағаздардың саны;

      3) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың шоттарына аударған сыйақының жалпы сомасы;

      4) орналастырылмаған облигациялардың не исламдық бағалы қағаздардың саны/сомасы;

      5) орталық депозитарий/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі эмитенттен алған сома туралы мәліметтер қамтылған субсидиялау туралы есепті жібереді.

      35. Қаржы агенттігі орталық депозитарийдің/АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің хабарламасы, ақпараты және анықтамасы негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде субсидиялау бойынша бюджет қаражаты болған жағдайда облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін өтеу үшін банктегі эмитенттің есеп айырысу шотына қолма-қол жасалмайтын төлем арқылы субсидиялар сомасын аударуды жүзеге асырады.

5-параграф. Субсидиялау шартын тоқтата тұру/қайта бастау/тоқтату тәртібі

      36. Эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату және қайта бастау туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      37. Қаржы агенттігі мынадай:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан түскен қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купондық сыйақыны төлеу міндеттемесін орындамауы;

      4) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қоюды қамтамасыз ету бойынша шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда, шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін) және (немесе) эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      5) қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар жөніндегі деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерді орындамауы;

      6) эмитент "жасыл" облигациялар бойынша көзделіп отырған "жасыл" облигациялар бойынша мәлімделген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттары мыналарды:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндерін;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлерін;

      3) қалдықтардың үлесін азайтуды/кәдеге жаратуды;

      4) су тұтынуды төмендетуді;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігін (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көздеген фактілер белгіленген жағдайларда эмитент ұсынатын сыртқы бағалау провайдері қорытындысының негізінде жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткеннен кейін осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізбесе, эмитенттің жобасын субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      38. Субсидияларды тоқтата тұру кезеңінде купондық сыйақы мөлшерлемесі субсидияланатын облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша сыйақы төлеу жүзеге асырылған жағдайда орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығына/АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидаларына сәйкес облигация немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушыларға эмитент есебінен осы сыйақыны төлеу толық жүзеге асырылады.

      39. Қаржы агенттігі осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының 37-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийін және эмитентті хабардар етеді.

      Эмитент облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар бойынша купонды төлеу міндеттемелерін орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті жабу үшін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішіндегі мерзім беріледі.

      40. Қаржы агенттігі тоқтата тұру кезеңі үшін төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем жүргізеді.

      Субсидиялауды тоқтата тұру кезеңінде эмитентке төленбеген купонның субсидияланатын бөлігіне төлем қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды қайта бастау туралы шешім қабылдағаннан кейін эмитент шотына ақша аудару арқылы жүзеге асырылады.

      41. Эмитентті субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен субсидиялау шартын бұзу күнін және бұзу себептерін көрсете отырып, эмитентке, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге, АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне субсидиялау шартын біржақты бұзу туралы хабарламаны жібереді.

      Тоқтатылған жобалар қайта бастауға жатпайды.

      42. Субсидиялар төлеу:

      1) эмитент облигацияларды толықтай өтеген жағдайда (егер субсидиялау мерзімі облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастыру мерзіміне тең болса, эмитент облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды толықтай өтеген күн субсидиялауды тоқтату күні болып есептеледі);

      2) облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығаруды мемлекеттік тіркеу сот шешімі бойынша жарамсыз деп танылған;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигация шығарылымы жойылған;

      4) субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылданған;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша субсидиялау шарты бұзылған;

      6) субсидиялау шартының қолданылу мерзімі аяқталған жағдайларда тоқтатылады, ал субсидиялау шарты бұзылды деп танылады.

      43. Облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар мерзімінен бұрын өтелген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

      44. Эмитенттің мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған облигациялары немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады.

      Қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау және (немесе) жобаның сәйкес келмеу фактілері анықталған жағдайда және қаржы агенттігінің уәкілетті органы субсидиялауды тоқтату туралы шешім қабылдаған кезде эмитент қаржы агенттігі төлеген сыйақы сомасын қайтаруды жүзеге асырады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      45. Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, қор биржасы және (немесе) АХҚО қор биржасы және облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар өкілі жүзеге асырады. Қаржы агенттігі мониторингті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      46. Қаржы агенттігі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитент, облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі ұсынған деректер мен құжаттардың негізінде субсидиялау шартын жасасқан эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алынған ақшаны пайдалануын мониторингтеуді;

      2) орталық депозитарий немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректердің негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеуді;

      3) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының шарттарына сәйкестігін мониторингтеуді жүзеге асырады.

      47. Облигация ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар өкілі мониторинг шеңберінде:

      1) эмитенттің облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгіленген облигациялар ұстаушылар немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылар алдындағы міндеттемелерін орындауын бақылауды;

      2) эмитенттің облигацияларды немесе исламдық бағалы қағаздарды орналастырудан алған ақшаларды мақсатқа сай пайдалануын бақылауды;

      3) субсидиялау шартына/субсидиялау шартына қосымша келісімге қол қоюды сүйемелдеуді, субсидиялау үшін құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне жіберуді;

      4) облигацияларды ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздарды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған, оның ішінде облигациялар немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісінде белгілеген, эмитенттің міндеттемелерді орындамау мәселелері бойынша меншігінде эмитенттің орналастырылған облигацияларының немесе исламдық бағалы қағаздардың елу және одан көп пайызы бар (сатып алынғандарын есепке алмағанда) облигациялар ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың атынан сотқа талап арыз беру арқылы шаралар қабылдауды;

      5) тоқсанына кемінде бір рет облигацияларды ұстаушыларды және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды/АХҚО-ның қаржы нарығын реттеу жөніндегі уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда аталған тармақшаларына сәйкес өзінің әрекеттері және осындай әрекеттердің нәтижелері туралы хабардар етуді жүзеге асырады.

      48. Мониторингті жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен және (немесе) облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілінен мониторингтеу нысанасына қатысты, оның ішінде салықтық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жоба іске асырылып жатқан жерге барып оның іске асырылуын мониторингтейді.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатын нысаналы пайдалану мониторингі шеңберінде қаржы агенттігі эмитенттің бұл шекті өлшемшарттарда:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төменгі мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төменгі деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкестігі (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлігінде) көзделген жағдайларда, провайдерлердің тәуелсіз бағалауы негізінде "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының көзделіп отырған "жасыл" жобасы бойынша мәлімделген жетістігін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      Жобаны субсидиялау басталғаннан бастап 2 (екі) жыл өткен соң эмитент қаржы агенттігіне ұсынылатын көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізуге тиісті тәуелсіз бағалауды не энергия аудиттерін жүргізеді. Жоба бойынша эмитент мәлімдеген "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарының кейіннен орындалуына сыртқы тексерулерді жобаның "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарына сәйкестігі туралы бастапқы қорытындыны берген бағалау провайдерлері жүргізуі мүмкін.

      "Жасыл" таксономияны қолдану Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      49. Мониторингті жүзеге асыру үшін эмитент облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкіліне жоба іске асырылып жатқан жерге бару құқығымен мониторингтеу нысанасына жататын, оның ішінде салықтық және коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты ұсынады және қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді.

      50. Облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі өз әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның/АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органның актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органды АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес хабардар етеді.

      51. Мониторингтеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ есептілік нысандарын қаржы агенттігі мен облигация ұстаушылардың немесе исламдық бағалы қағаздар ұстаушылардың өкілі әрқайсысы өз функциялары бөлігінде дербес белгілейді.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      52. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) бойынша аударылған қаражатты жергілікті және (немесе) республикалық бюджеттердің есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      53. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда әрекет етеді.

      Қаржыландырудың ағымдағы шарттары өзгерген жағдайда жобаның осы Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
  мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де бейметалл
минералдық өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларымен электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станциялармен электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтер, автофургондарға арналған тұрақтар және тұруға арналған автотіркемелермен қызмет көрсету

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Жеке меншік немесе жалданатын жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20.1

Жеке меншік жылжымайтын мүлікті жалдау және басқару

68.20.2

Жалға алынатын жылжымайтын мүлікті жалдау (қосалқы жалдау) және пайдалану

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, прокат және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етумен әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етусіз әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалар, архивтер, музейлер және өзге де мәдениет саласындағы қызметтер

93

Спорт, демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдауды және лизингті көздейді.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
  кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

  Қайда: ___________________
"Даму" кәсіпкерлікті дамыту
қоры" акционерлік қоғамының
(бұдан әрі – "Даму" қоры)
өңірлік филиалы
Кімнен: __________________
(бұдан әрі – эмитент (кәсіпкер)

№ __________ өтініш-сауалнама

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау қағидалары) сәйкес Сізден төмендегіге сәйкес "Даму" қорының кредит комитетінің қарауына кредит бойынша/Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қор биржасының ресми тізіміне қосылған, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне қосылған "жасыл" облигация/исламдық бағалы қағаз бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау туралы мәселені шығаруға бастама жасауды сұраймын:

      1. Қатысушы туралы мәліметтер

Эмитенттің (кәсіпкердің) атауы


Құрылтайшы (лар) туралы деректер


Заңды мекенжайы


Нақты мекенжайы


Пошталық мекенжайы


Мемлекеттік тіркелген/қайта тіркелген күні


Мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік №


Қызмет түрлері


Жетекшілік ететін ведомство, холдинг немесе негізгі компания


Жұмыс тәжірибесі


      2. Басшылық

      Бірінші басшы

Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі


Лауазымы


Жұмыс/үй телефоны


Туған жылы мен жері


Жеке куәлігінің №, сериясы


Тұрғылықты (нақты) жері


Тіркелген жері


Жұмыс тәжірибесі


      3. Байланыс жасайтын адам

(Аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, лауазымы, телефоны)


      4. Меншік иелері

      (құрылтайшы, қатысушылар, акционерлік қоғам үшін – акциялардың 5 және одан көп пайызына иелік ететін акционерлер)

Атауы/ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

%

Деректемелері



















      5. Ағымдағы қызмет туралы ақпарат

Сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Кіші сала (ЭҚЖЖ-ға сәйкес)


Өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің түрлері


Жылдық айналымы


Соңғы есепті күнге пайда немесе шығын


Жұмыскерлердің нақты саны

__________________________ оның ішінде әйелдер __________________

Жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)


"Жасыл" облигацияға қатысты:
"жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары


Жобаның іске асырылатын жері (облыс, қала)


Жұмыс орындарының саны


      6. Кепілдіктер мен келісімдер

      Эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына мынаны мәлімдейді және кепілдік береді:

      1. "Даму" қорына осы өтінішпен бірге не "Даму" қорының сұратуы бойынша берілген (ұсынылған) немесе ұсынылатын барлық деректер, ақпарат пен құжаттама дұрыс болып табылады және төменде көрсетілген күнге шындыққа толық сәйкес келеді, көрсетілген деректер өзгерген жағдайда ________________ дереу хабардар етуге ("Даму" қорының тиісті өңірлік филиалының атауы) міндеттенемін.

      2. "Даму" қорының бірінші талап етуі бойынша осы өтінішті қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны құрайтын кез келген ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ статистикалық деректерді ұсынуға және ашуға міндеттенеді.

      3. "Даму" қоры көрсетілген куәландыру мен кепілдіктердің анықтығын тексеруге міндетті емес.

      4. Эмитентке (кәсіпкерге) жалған, толық емес және/немесе дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      5. Эмитент (кәсіпкер) эмитенттің (кәсіпкердің) жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамның осы өтінішті беруіне мүмкіндік беретінін растайды.

      6. Көрсетілген деректер мен ақпараттың дұрыс емес екені анықталған жағдайда, осы өтініш көрсетілген деректердің дұрыс емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде кері қайтарылуы мүмкін екендігімен келіседі, бұл ретте "Даму" қоры кері қайтару себептерін хабарламауы мүмкін.

      Осы арқылы эмитент (кәсіпкер) "Даму" қорына төмендегілерге келісім береді:

      1. "Даму" қоры осы өтініште көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсына алады.

      2. Осы өтініште қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ "Даму" қоры талап еткен барлық құжаттар ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау үшін ғана ұсынылған.

      3. "Даму" қоры эмитент (кәсіпкер) өзі туралы хабарлайтын кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдырады, ал эмитент (кәсіпкер) ұсынған құжаттар және өтініштің түпнұсқасы субсидиялау ұсынылмаса да, "Даму" қорында сақталады.

      4. "Даму" қорының осы өтінішті қарауға қабылдауы, сондай-ақ эмитенттің (кәсіпкердің) ықтимал шығыстары (субсидиялауды алуға қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.) "Даму" қорының субсидиялауды беру немесе эмитент (кәсіпкер) шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      5. Субсидиялау туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанын және келісетінін растайды, кейіннен "Даму" қорына наразылықтары болмайды.

      6. Қосымшалар:

      ( ________________ бағыты бойынша көзделген құжаттар)

      ____________________________________________________________

      ________________________________ ___________________________
(аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі) (қолы, күні)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
  бойынша купондық сыйақы
мөлшерлемесін субсидиялау
қағидаларына
3-қосымша

Өтінім туралы ақпарат

Р/с №

Талаптар

Жоба

Шарттарға сәйкестігі

1

2

3

4

1.

Эмитент атауы



2.

Эмитенттің бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН)



3.

Эмитенттің тіркелген күні



4.

Кәсіпкерлік субъектісі



5.

Жоба іске асырылатын жер



6.

ЭҚЖЖ саласы (5 мәндік)



7.

Жобаның атауы

1-мысал: инвестициялар (такси қызметі үшін саны 10 дана автокөлік сатып алу)
2-мысал: Айналым қаражатын толықтыру (ет өнімдерін өндіру үшін шикізат сатып алу)
3-мысал: Инвестициялар (тігін цехының қызметі үшін тұрғын емес үй-жайды күрделі жөндеу/реконструкциялау) және т.б.
4-мысал: Аралас жобалар:
жер учаскесі бар өндірістік базаны сатып алу және бетон қоспаларын өндіру қызметі аясында айналым қаражатын толықтыру


8.

Жобаның мақсаты
"Жасыл" облигацияға қатысты: "жасыл" жоба жататын "жасыл" таксономия санаты/санаттары



9.

Жобаның құны



10.

Эмитенттің облигациялары бойынша немесе исламдық бағалы қағаздары бойынша купондық сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау сомасы



11.

Эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды құны 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды) "Жасыл" облигацияға қатысты: эмитенттің бір облигация шығарылымының жалпы номиналды сомасы 3 млрд теңгеден аспауға тиіс (асады/аспайды)

Мысалы: асады/аспайды


12.

Субсидиялау мерзімі



13.

Пайыздық мөлшерлеме



14.

Мөлшерлеменің субсидияланатын бөлігі



15.

Тау-кен өндіру өнеркәсібінде қызметін жүзеге асырады

Иә/жоқ


16.

Кредиттің нысаналы мақсаты акцизделетін тауарлар/өнім шығаруды көздемеуге тиіс

Иә/жоқ


17.

Жобаны ірі салық төлеушілер тізбесіне енгізілген минералды шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын металлургия өнеркәсібінде іске асырады

Иә/жоқ


18.

Құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) – мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар және акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) 50 және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларды (ӘКК) және мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) кәсіпорындарды қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылады

Иә/жоқ


19.

Ескертпе:

Мысалы:


      Жобаның ерекше шарттары: жоба бекітілгеннен кейін нақты мерзімге дейін орындалуы тиіс ерекше шарттар. Мысалы:

      Купондық сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау жүзеге асырылатын облигация немесе исламдық бағалы қағаздар шығару проспектісіне субсидиялаудың бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.

      ________________ эмитенттің қолы.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберіндегі кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 94-бабының 2-тармағына (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленген және кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингісі бойынша міндеттемелерінің орындалуын ішінара қамтамасыз ету ретінде кепілдіктер беру тетігі мен шарттарын айқындайды.

      2. Кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба)/"Қолжетімді кредит беру міндеттерін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген Басым жобаларды кредиттеу мен қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизингі бойынша жүзеге асырылады.

      3. Осы Кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) банк – осы Кепілдік беру қағидаларын/тетікті іске асыру шеңберіндегі екінші деңгейдегі банк;

      1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      2) банктік кредит/қаржылық лизинг шарты (бұдан әрі – кредит/қаржылық лизинг шарты/қаржылық лизинг) – банк/лизингтік компания кәсіпкерге кредиттік шарт/қаржылық лизинг шарты негізінде мерзімділік, ақылылық, қайтарымдылық, қамтамасыз етілу және нысаналы пайдаланылу шарттарында беретін ақша сомасы. Кредиттік желі де банктік кредитке жатады.

      Ислам банкі үшін кредит қаржыландыру – қаржыландыру шартына сәйкес ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу деп түсініледі;

      3) бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры – зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлеу бойынша қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға (бұдан әрі – БЖЗҚ);

      4) жергілікті үйлестіруші – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын, құжаттарды дайындау және жинау бойынша кәсіпкерлерді консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органның (қаланың/ауданның) құрылымдық бөлімшесі;

      5) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, бизнестің түрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы (бір жоба шеңберінде бірнеше кредиттер/қаржылық лизинг шарттары алынуы мүмкін).

      Бір жоба бір мезгілде мынадай 2 (екі) өлшемшартқа сәйкес келетін екі және одан да көп жобалардың жиынтығы болып саналады:

      жоба бір объект ретінде жүзеге асырылады (физикалық немесе технологиялық жағынан бір-бірімен тығыз байланысты бір ғимарат/құрылым/объект болып табылады);

      жоба ЭҚЖЖ бір кіші сыныбы шеңберінде іске асырылады;

      6) жобаның экономикалық орындылығы мен тиімділігі – қаржы агенттігінің бағалауы бойынша кәсіпкердің жоспарланған кредитті/қаржылық лизингті өтеуіне мүмкіндік беретін табысты және рентабельді жоба;

      7) инвестициялық мақсаттар – негізгі құралдарды сатып алу, кеңейту, жаңғырту, оның ішінде жабдықтарды, негізгі құралдарды, өндірісті сатып алу және/немесе қызметтер көрсету үшін жағдайлар жасау;

      8) кәсіпкер – өз қызметін осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі және өз қызметін тетік шеңберінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ "Астана" халықаралық қаржы орталығының аумағында тіркелген заңды тұлғалар;

      9) кепілдік – кәсіпкердің кепілдік беру сомасы шегінде кепілдік беру шартынан туындайтын, кредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдындағы жауап беру міндеттемесі;

      10) кепілдік шарты – қаржы агенттігі, банк пен кәсіпкер арасында жасалған, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша кепілдік беру туралы үшжақты жазбаша келісім.

      Кепілдік шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      11) кепілдік беру – кепілдік шартынан туындайтын, кәсіпкердің кепілдік сомасы шегінде кредит шарты/қаржылық лизинг шарты бойынша негізгі борыштың бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындау үшін қаржы агенттігінің банк/лизингтік компания алдында жауап беру міндеттемесі;

      12) кредит шарты – шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит беретін, кәсіпкер мен банк арасында жасалатын жазбаша келісім. Қайта қаржыландырылатын қарыз болған жағдайда кредиттік желі ашу туралы келісім/қосымша келісім де кредит шартына жатады.

      Ислам банкі үшін кредит шарты қаржыландыру шарты – шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге-сатып алушыға немесе тауар сатушыға коммерциялық кредит беретін, ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалған жазбаша келісім деп түсініледі. Шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасатын бас қаржыландыру келісімі де қаржыландыру шартына жатады. Коммерциялық кредит деп тауардың бағасы мен тауардың үстеме бағасынан қалыптасатын тауарды сату бағасы бойынша төлемді кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу арқылы кәсіпкерге тауарды сату жолымен сауда делдалы ретінде кәсіпкердің сауда қызметін ислам банктерінің қаржыландыруы түсініледі;

      13) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (бұдан әрі – франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      14) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      14-1) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредит саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктер шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      15) қаржылық лизинг шарты – шарттары бойынша лизингтік компания/банк кәсіпкерге қаржылық лизинг беретін, лизингтік компания/банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім;

      16) лизингтік компания – осы Кепілдік беру қағидалары/тетік шеңберінде қызметін жүзеге асыратын лизингтік мәмілеге қатысушы;

      17) лизингтік мәміле (лизинг)/қаржылық лизинг – лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған, келісілген іс-қимылдарының жиынтығы;

      18) мемлекеттік-жекешелік әріптестік – мемлекеттік әріптес пен жекеменшік әріптес арасындағы "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін ынтымақтастық нысаны;

      19) мүліктік кешен – мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына ғимараттарды, құрылыстарды, жабдықтарды, мүкәммалды, шикізатты, өнімді, жер учаскесіне арналған құқықты, талап ету құқығын, қарыздарды, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге (фирмалық атауы, тауар белгілері) құқықты және басқа да айрықша құқықтарды қоса алғанда, оның қызметіне арналған барлық мүлік түрлері кіреді;

      20) номиналды сыйақы мөлшерлемесі – кредит шартында/қаржылық лизинг шартында көзделген жағдайларда не тараптардың келісімі бойынша банк/лизингтік компания біржақты тәртіппен өзгерте алатын, жасасу сәтінде кредит шартында/қаржылық лизинг шартында белгіленген кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесі.

      Ислам банкі үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі деп тауардың үстеме бағасы – тауар бағасынан түсетін пайыз (пайда) не тіркелген сома түрінде көрсетілуі мүмкін ислам банкінің коммерциялық кредит берумен байланысты кірісі түсініледі;

      20-1) нақты өңірлік бағдарлама – нақты өңірдің/қаланың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін одан әрі қаржыландыру мақсатында қаржы агенттігі жергілікті атқарушы органмен немесе өзге де заңды тұлғалармен бірлесіп іске асыратын, қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекіткен бағдарлама;

      20-2) санкциялар – ел немесе елдер тобы басқа елге қолданатын экономикалық сипаттағы, оның ішінде қаржылық операциялар жүргізудегі шектеу шаралары;

      21) өңірлік үйлестіруші – облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      22) портфельдік кепілдік беру – қаржы агенттігі банк/кәсіпкер үшін белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдіктер беру нысаны;

      23) тауар – коммерциялық кредит шарттарында одан әрі кәсіпкерге беру мақсатында ислам банкі тауар сатушыдан сатып алу-сату шарты бойынша сатып алатын, оған қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасымен ислам банктеріне сатып алу-сату мәмілелерін жасауға рұқсат етілген жылжитын немесе жылжымайтын мүлік;

      24) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      25) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде үш жылдан кем уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкер жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін жаңа қызмет түрін құрған жағдайда, оның ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      26) ЭҚЖЖ – экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес экономика секторлары;

      27) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға берілетін өтініш;

      28) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке өзі болған кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, электрондық-цифрлық нысанда түпнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) толық көрсететін құжаттар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      4. Кепілдік беру кәсіпкерлерге қаржылық қолдау көрсету құралы болып табылады және кредит ресурстарын кеңейту мен оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      5. Кепілдік беру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      6. Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына ұлттық жоба және тетік бойынша республикалық бюджет және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен аударады.

      Кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші қаржы агенттігіне өздерінің арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде ұлттық жоба бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен аударады. Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      Жобаларға кепілдік беру кезінде ұлттық жоба және тетік шеңберінде кепілдіктер сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражат қаржы агенттігі шығарған кепілдіктер үшін төлемақы болып табылады.

      Жобаны одан әрі қарау және қаржыландыру осы Кепілдік беру қағидаларында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      7. Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдік беруге бөлінген және ұлттық жоба және/немесе тетік шеңберінде пайдаланылмаған қаражат тетік және/немесе ұлттық жоба шеңберінде жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      8. Қаржылық қолдау шаралары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер кәсіпкерлерінің қатысуымен жаңадан құрылған және Қазақстан Республикасының аумағында, сондай-ақ ресурстық әлеуеті және Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасы резиденттерінің бірлесіп қатысуымен кәсіпорындар құру қажеттілігі бар Қазақстан Республикасының шекара маңындағы аумақтарында жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне – Қазақстан Республикасының резиденттеріне ұсынылады.

      9. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін кредиттік ресурстардың құнын төмендету және банктердің/лизингтік компаниялардың ұйымдық-техникалық мүмкіндіктерін тарту жолымен олардың қаржыландыруға қолжетімділігін ұлғайту мақсатында қаржы агенттігі арқылы халықаралық қаржы институттарының кредиттік ресурстарын тарту жөніндегі шаралар қабылданатын болады.

      10. Өңірлік үйлестірушілер облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың даму жоспарларын әзірлеу кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының ережелерін ескеретін болады.

      11. Кәсіпкерге/индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне осы Кепілдік беру қағидаларының барлық құралдары шеңберінде кешенді қолдау көрсетілуі мүмкін.

      11-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/лизинг бойынша кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру тәртібі

1-параграф. "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша кепілдіктер беру шарттары

      12. Экономиканың басым секторларында меншікті және тиімді жобаларды іске асыратын және/немесе іске асыруды жоспарлайтын ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер/кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің тіркелген жерін ескермей-ақ, "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағытына қатысушылар бола алады.

      Жаңа тиімді инвестициялық жобалар, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, франчайзингке бағытталған жобалар деп қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кәсіпкерлердің төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) міндетті түрде 10 %-ға ұлғайтуды көздейтін жобалары түсініледі.

      Сонымен бірге кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясы деректерінің, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуін немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санының 10 %-ға ұлғаюын растайды.

      100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға және/немесе жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      Бұл ретте, осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының, БЖЗҚ, облыс, астана, республикалық маңызы бар қалалар әкімдігінің және қаржы агенттігінің қаражаты есебінен іске асырылатын бағдарламалар шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау алатын кәсіпкерлердің кепілдік беруге қатысуына жол жіберіледі.

      Ескерту. 12-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      13. Мыналар:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары берген;

      3) сыйақы мөлшерлемесі осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде арзандатылған кредиттерді/қаржылық лизингті қоспағанда, сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;

      4) овердрафт түріндегі;

      5) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

      6) кредит/қаржылық лизинг алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің;

      7) ломбардтардың, микроқаржылық, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметіне бағытталған кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатпайды.

      14. Осы Кепілдік беру қағидаларын іске асыру шеңберінде:

      1) моторлы көлік құралдарын шығаруды және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирт бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлер;

      2) қиыршықтас және құм карьерлерін игеруге арналған жобаларды қоспағанда, жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлайтын кәсіпкерлер;

      3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке меншік мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер;

      5) кәсіпкерлердің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалары (осы тармақша 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады) қатысушылар бола алмайды.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      15. Республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, жобаларды моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, "Кәсіпкерлерді/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін қолдау" бағыты бойынша іске асыру орны мен кәсіпкердің тіркелген жерін ескере отырып, салалық шектеулерсіз мемлекеттік қолдау ала алады. Жобалар бойынша кредит/лизинг сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды. Бұл ретте республикалық маңызы бар қалаларды/облыс орталықтарын қоспағанда, елді мекендерде бір кәсіпкер үшін сауда қызметі саласындағы айналым қаражатын 100 (бір жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға толықтыруға кепілдік беруге жол беріледі.

      Экономиканың басым секторлары шеңберінде жобаларды моно-, шағын қалаларда және ауылдық елді мекендерде іске асыратын кәсіпкерлер үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес кредит/лизинг сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспайды.

      Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша кепілдіктер беру шарттары қолданылады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кәсіпкерлер бастама жасаған кредит беру шарттарын өзгертуге байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитке/қаржылық лизинке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      17. Ішінара кепілдік беру тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға, франчайзингке, оның ішінде осы Кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында іске асырылатын жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған жобаларды іске асыруға банктер/лизингтік компаниялар беретін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша ұсынылады. Кәсіпкерлер үшін ішінара кепілдік беру өтеусіз негізде ұсынылады. Кепілдіктер мөлшері кәсіпкерлік түріне және жоба шеңберіндегі кредит/қаржылық лизинг сомасына байланысты болады. Кепілдік беру ұсынылатын кәсіпкердің кредиті/лизингтік мәмілесі ұлттық валютада беріледі.

      Қайта қаржыландыру кредиттер бойынша салалық шектеулерсіз және:

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 сәуірдегі № 354 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта кәсіпкерлік жобаларын қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 желтоқсандағы № 1276 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібінде кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 124 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өңдеу өнеркәсібіндегі кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспары;

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы;

      нақты өңірлік бағдарламалар шеңберінде санкция қолданылатын банктер бұрын мақұлдаған/берген шарттарда жүзеге асырылады.

      Осы тармақтың екінші абзацында көрсетілген шарттарда қарыздарды қайта қаржыландыруды жүргізуге арналған банктің өтінішхатын қаржы агенттігі 2022 жылғы 1 қазанға дейін (қоса алғанда) қабылдайды.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      18. Кепілдік кәсіпкерлердің/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобаларын қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде салалық шектеулерсіз жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер/қаржылық лизинг бойынша да беріледі (осы тармақтың күші 2020 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға қолданылады).

      19. Қаржы агенттігінің шешімімен кредит(-тер)/қаржылық лизинг бойынша қамтамасыз ету ретінде берілетін мүлік сақтандыруға жатуы мүмкін.

      20. Қаржы агенттігі кәсіпкерден үлестес және байланысты заңды және жеке тұлғалардың кепілдіктер беруін талап ете алады.

      21. Қаржы агенттігі кепілдіктердің ең жоғары сомасын белгілей отырып, қаржы агенттігі мен банк арасында екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып, осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес портфельдік кепілдік беру әдісін қолдана алады.

      Банктер жобаны іріктегеннен кейін қол қою үшін қаржы агенттігіне кепілдік шартын ұсынады. Мәлімделген жоба осы Кепілдік беру қағидаларының және жасалған негіздемелік келісімнің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік шартына қол қоюдан бас тарта алады.

      22. Кепілдік беру банк/лизингтік компания кәсіпкердің жобасы бойынша шешім қабылдаған күні 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінен аспайтын банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. 22-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      23. Ішінара кепілдік беру:

      1) кредит негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) айналым қаражатының мөлшері кредит сомасының 30 %-ынан аспайтын өндірісті кеңейтуге бағытталған;

      2) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуды жүргізуді және өтініш берушінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге мақсаттарды қоспағанда);

      3) жоба шеңберіндегі кредит 100 % мөлшерде Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін жеңілдікті кредиттеу бағдарламасы бойынша жылдық 8 %-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша айналым қаражатын толықтыруға бағытталған (бұл ретте берілетін кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды) жағдайларда айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредит сомасына толықтыруға арналған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      23-1. Ішінара кепілдік беру бір кәсіпкерге тамақ өнімдері саудасы саласындағы айналым қаражатын 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын сомаға толықтыруға бағытталған кредиттер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      Ескерту. Қағида 23-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Ісін жаңа бастаған кәсіпкер үшін:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит(-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешек есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      25. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден астам мөлшердегі кредиттеріне кепілдік беру осы Кепілдік беру қағидаларының 26-тармағында айтылған шарттарда жүзеге асырылады.

      26. Кәсіпкерлер үшін кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберіндегі кредит (-тер) сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспайды.

      Кепілдік беру жүзеге асырылатын лизинг нысанасының сомасы 1 (бір) қарыз алушыға 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит(-тер)/қаржылық лизинг сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері)/қаржылық лизинг бойынша берешек есепке алынбай есептеледі.

      2) кепілдік мөлшері:

      360 (үш жүз алпыс) млн теңгеге дейін кредит сомасының 85 %-ынан;

      600 (алты жүз) млн теңгеге дейін кредит сомасының 70 %-ынан;

      1 (бір) млрд теңгеге дейін кредит сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Кәсіпкер бұл ретте берілетін кепілдіктерге байланысты кепілдік құны 15 %-дан 50 %-ға дейінгі мөлшерде кредит бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі;

      3) берілетін кепілдіктің мерзімі – кредит/қаржылық лизинг шарты мерзімінен аспайды;

      4) кредит/қаржылық лизинг шартының валютасы – теңге.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      26-1. Жобаларды Шымкент қаласында, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, оның ішінде көрсетілген өңірлердің облыс орталықтарында іске асыратын жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлер осы Кепілдік беру қағидаларына 1-1-қосымшаға сәйкес өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесіне сай мемлекеттік қолдау ала алады. Жобалар бойынша кредит сомасы 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды, кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-ынан аспайды, бұл ретте кәсіпкер құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшерінде кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді ұсынады (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі мен шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді).

      Ескерту. Қағида 26-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      27. Кәсіпкер сомасы қоса алғанда 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер бойынша жобаны іске асыру үшін жобаны іске асырудың жалпы құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде өз қаражатының (ақшасының, жылжитын/жылжымайтын мүлкінің) қатысуын қамтамасыз етеді.

      28. Кепілдік шарты жасалатын кредит/қаржылық лизинг дербес кредит шарты/қаржылық лизинг шарты түрінде ресімделеді.

      29. Облыс (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне төлейтін кепілдіктің құны кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданысы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке (100 %/20 %) тең мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

      Қаржы агенттігі ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастайды.

      30. Қаржы агенттігі төлеген банк/лизингтік компания талаптарының көлемі қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ы шегінен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизинг шарттары бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      31. Қаржы агенттігі жарнамалау науқанын өткізеді және өзінің ресми интернет-ресурсында ұлттық жобаны іске асыру туралы ақпаратты орналастырады.

      32. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген;

      3) әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

1-1-параграф. Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары

      Ескерту. 2-тарау 1-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32-1. Кодекстің 232-1-бабында көзделген әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау салалық шектеулерсіз және жобаны тіркеу және іске асыру орны есепке алынбай жүзеге асырылады.

      32-2. Кредиттерге кепілдік беру инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға, кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін банктің жаңа кредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      32-3. Ішінара кепілдік беру:

      инвестициялар (негізгі құралдарды сатып алу, құру және жаңғырту және (немесе) қолданыстағы бизнесті кеңейту);

      айналым қаражатын толықтыру (кредиттерге қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысулар жүргізуді және әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің негізгі қызметті жүзеге асыруына байланысты емес өзге де мақсаттарды қоспағанда) мақсаттарына әлеуметтік кәсіпкерлік шеңберінде берілетін кредиттер бойынша жүзеге асырылады.

      100 % айналым қаражатын толықтыруға және (немесе) жобалар шеңберінде ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттерге тиімділік өлшемшарттарына қол жеткізу туралы талаптар қолданылмайды.

      32-4. Кепілдік беру шарттары:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын жоба шеңберінде кредит (-тер) сомасы банктің кредиттері бойынша 360 (үш жүз алпыс) млн теңгеден аспайды.

      Бұл ретте кредит (-тер) сомасы кәсіпкер үшін онымен үлестес тұлғалардың кредиті (-тері) бойынша берешегі есепке алынбай есептеледі;

      2) кепілдік мөлшері кредит сомасының 85 %-нан аспайды, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі бұл ретте құны кредит сомасының кемінде 15 %-ы мөлшеріндегі кредит (кепіл) бойынша қамтамасыз етуді береді (қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептегенде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына қатысу үлестерінің кепілі ескерілмейді);

      3) берілетін кепілдік мерзімі – кредит мерзімінен аспайды;

      4) кредит валютасы – теңге.

      32-5. Кепілдік беру банктің әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісінің жобасы бойынша шешім қабылдаған күніне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын, 5 (бес) пайыздық тармаққа ұлғайтылған номиналды сыйақы мөлшерлемесі бар банктің кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

2-параграф. Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдіктер беру шарттары

      33. Кепілдік беру тетікте белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынылады.

      34. Мыналар:

      осы Кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі және өңдеу өнеркәсібіндегі қайта өңдеу бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша;

      осы Кепілдік беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес тау-кен өндіру өнеркәсібі мен көрсетілетін қызметтер бойынша жобалар шеңберінде кредиттер/қаржылық лизингтер бойынша кепілдік беруге арналған экономика салаларының тізбесіне сәйкес банктер/лизингтік компаниялар инвестицияларға және айналым қаражатын толықтыруға (оның ішінде жаңартылатын негізде) беретін кредиттер/қаржылық лизинг кепілдік беруге жатады.

      Ескерту. 34-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      34-1. Санкция қолданылатын және тетікте көрсетілген талаптарға сәйкес келетін банктер/лизингтік компаниялар бұрын берген кредиттерді/қаржылық лизинг шарттарын қайта қаржыландыруға бағытталған кредиттер де/қаржылық лизинг те кепілдік беруге жатады.

      Бұл ретте қайта қаржыландыру банктердің/лизингтік компаниялардың меншікті қаражаты есебінен ғана жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Тетік шеңберінде:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;

      2) мемлекеттік даму институттары берген;

      3) овердрафт түріндегі;

      4) сомасы (өзінің қатысуын есепке алғанда) инвестициялық жобаны іске асыруға жеткіліксіз;

      5) кредит алуға өтініш берген күннің алдындағы соңғы есепті күнге салық төлемдері, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және бюджетке әлеуметтік аударымдар бойынша берешектері бар кәсіпкерлердің кредиттері және қаржылық лизингі кепілдік беруге жатпайды.

      36. Қаржы агенттігі:

      1) жоба экономикалық тұрғыдан орынсыз және тиімсіз болған;

      2) жоба тетік шарттарына сәйкес келмеген;

      3) тетікке әлеуетті қатысушының және онымен үлестес заңды және жеке тұлғалардың кредиттік тарихы теріс болған жағдайларда, кепілдік беруден бас тартуы мүмкін.

      37. Қаржы агенттігі төлеген банктің/лизингтік компанияның талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ы шегінен асқан кезде мұндай банктің/лизингтік компанияның кредиттері/қаржылық лизингі бойынша одан әрі кепілдік беру тоқтатыла тұрады.

      38. Өңдеу өнеркәсібі шеңберінде айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі, ол бойынша айналым қаражатының мөлшері жоба сомасының 50 %-ынан аспауға тиіс. Егер осы кредиттің мөлшері жобаның жалпы кредиттелетін сомасының 50 %-ынан аспаса, 100 %-ы айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредитке кепілдік беруге жол беріледі.

      Банктердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобаларын қаржыландыру шеңберінде кепілдік беру 100 %-ды қоса алғандағы мөлшердегі айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредит бойынша (кредиттерге немесе лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу жөніндегі есеп айырысуларды жүргізуді қоспағанда) жүзеге асырылуы мүмкін.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын толықтыру мақсатында банктердің өз қаражаты есебінен 100 % қаржыландыру кезінде тетік шеңберінде мынадай іріктеу өлшемшарттары белгіленеді:

      өтінім беру сәтінде мерзімі өткен салық берешегінің болмауы;

      салық және өзге де міндетті төлемдер, кредиттерге, қарыздар мен лизинг шарттарына қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатында қаржыландыруға жол берілмейді.

      Қатысу үлестерін сатып алуға бағытталған жобаларға кепілдік беруге жол берілмейді.

      39. Банк/лизингтік компания шешім қабылдаған күні номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 4,5 (төрт жарым) пайыздық тармаққа ұлғайтылған банктердің/лизингтік компаниялардың кредиттері/қаржылық лизингі кепілдік беруге жатады. Кепілдік кредит/қаржылық лизинг мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.

      Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      40. Қарыз алушының бір жобасы шеңберіндегі кепілдік мөлшері 1 млрд теңгені қоса алғандағы сомадан аспайтын кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Бұл ретте кредит (кепіл құны) бойынша қамтамасыз етудегі айырманы кәсіпкер жабады. Қамтамасыз ету мөлшерінің жеткіліктілігін есептеу кезінде талап ету құқығының кепілі және шаруашылық серіктестердің жарғылық капиталына қатысу үлесінің кепілі ескерілмейді.

      Қаржылық лизинг бойынша кепілдіктің ең жоғары мөлшері қоса алғанда сомасы 1 (бір) қарыз алушыға 1 млрд теңгеден аспайтын лизинг нысанасы құнының 70 %-ынан аспайды. Қосымша қамтамасыз ету ретінде жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/ қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қабылдауға жол беріледі.

      41. Қаржы агенттігі кепілдіктің ең жоғары сомасын белгілей отырып, қаржы агенттігі мен банк арасында екі жақты негіздемелік келісім жасай отырып, тетік шеңберінде портфельдік кепілдік беру әдісін қолданады. Қаржы агенттігі банкті таңдауды өз бетінше жүзеге асырады.

      Портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігі банкке кәсіпкерлердің жобаларын осы Кепілдік беру қағидаларының және негіздемелік келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес кредиттеу құқығын береді.

      Банктер жобаны іріктегеннен кейін қол қою үшін қаржы агенттігіне кепілдік шартын береді. Жобаның мәлімделген нысаналы мақсаты Бағдарламаның талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі кепілдік шартына қол қоюдан бас тарта алады.

      42. Тетік шеңберінде банктер/лизингтік компаниялар:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредит беру/қаржылық лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкер кредит/қаржылық лизинг бойынша міндеттемелерді бұзуы себебі бойынша алынатын;

      3) лизинг нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, лизинг нысанасын сақтандыруға, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;

      4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен/қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге төлемдер алмайды.

      43. Қаржы агенттігі іске асырылып жатқан тетікті жарнамалау науқанын өткізе және өзінің ресми интернет-ресурсында тетіктің іске асырылуы туралы ақпаратты орналастыра алады.

3-параграф. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимыл жасасуы

      44. Кәсіпкердің/ісін жаңа бастаған кәсіпкердің кепілдік алу үшін қаржы агенттігіне және кейін кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінуі мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) кәсіпкер кепілдік алуға өтінішпен қаржы агенттігіне жүгінеді;

      2) қаржы агенттігі кәсіпкерден құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін жобаны қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады;

      3) қаржы агенттігі кепілдік беру туралы шешім қабылдаған жағдайда, кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берілетін кепілдік шарттары, сондай-ақ оларға сәйкес осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде кепілдік берілуі мүмкін банктің/лизингтік компанияның кредит/қаржылық лизинг беруінің шарттары көрсетілген кепілдік беру мүмкіндігі туралы алдын ала кепілдік хат алады;

      4) кәсіпкер кепілдікпен кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінеді;

      5) банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;

      6) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген шарттарда кредит/қаржылық лизинг бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк/лизингтік компания қол қойылған кредиттік шартты/қаржылық лизинг шартын қоса алғанда, қажетті құжаттардың көшірмелерін қаржы агенттігіне жолдайды.

      Қаржы агенттігі банкке/лизингтік компанияға жіберетін кепілдік шартын ресімдейді және қол қояды. Банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепіл шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      7) банк/лизингтік компания кепілдік беру мүмкіндігі туралы қаржы агенттігінің хатында көрсетілген кепілдік және кредит/қаржылық лизинг шарттарына сәйкес келмейтін өзге шешім қабылдаған жағдайда кепілдік беруді қарау рәсімі осы Кепілдік беру қағидаларының 46-тармағына сәйкес жүргізіледі.

      45. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда банк қаржы агенттігіне банктік кредит шартының көшірмелерін ұсынады, оның негізінде қаржы агенттігі банкке жіберілетін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қояды. Банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      46. Кәсіпкер кредит/қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

      Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды, жобаға кешенді сараптама жүргізеді, кәсіпкер ұсынған құжаттарды, кәсіпкердің қаржылық жағдайын талдайды, кәсіпкер ұсынған кепіл мүлкін бағалау туралы қорытындының негізінде кәсіпкердің қамтамасыз етуінің кепілдік құнына бағалау жүргізеді және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтің компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті органның қарауына шығарады.

      47. Оң шешім қабылданған жағдайда банктің/лизингтік компанияның ішкі кредит саясатын іске асыратын уәкілетті орган шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне мыналарды:

      кепілдік сомасын есептеумен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатты;

      кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес кәсіпкердің жобасы бойынша банк/лизингтік компания қаржы агенттігіне беретін құжаттар тізбесін ұсынады.

      Банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне берген кезде салық берешегінің жоқтығы туралы өзекті анықтаманың болуы талап етіледі.

      Ескерту. 47-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      48. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан құжаттарды және кәсіпкерден өтінішті алғаннан кейін 500 (бес жүз) млн теңгеден аспайтын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 5 (бес) жұмыс күні ішінде және 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер/қаржылық лизинг бойынша 10 (он) жұмыс күні ішінде алынған құжаттарды қарайды және жобаны кепілдік беру/бермеу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агентінің уәкілетті органының қарауына шығарады. Кәсіпкердің және онымен үлестес тұлғалардың/компаниялардың қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша жоба шеңберінде алынған кредиттер бойынша жиынтық берешегі, портфельдік кепілдік беру шеңберінде берілген кепілдіктерді қоспағанда, 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын жағдайда, кейінгі жобаларды қарау 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 48-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      49. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған жағдайда, қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулер немесе қосымша құжаттар ұсыну туралы ақпарат жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады.

      Кәсіпкердің жобасы және (немесе) ұсынылған материалдар осы Кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, қаржы агенттігі нақты сәйкессіздіктерді көрсете отырып, дәлелді бас тартуды жібереді.

      Ескерту. 49-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      50. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешімі көрсетілген осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша алдын ала кепілдік хат жібереді.

      51. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      52. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер кредит шарты/қаржылық лизинг шарты, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Кредит шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуіне қол жеткізу немесе еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемін 10 %-ға ұлғайту мәндері көрсетіледі.

      Банктің/лизингтік компанияның қаржы агенттігінің оң шешімі бар хатын алғаннан кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруіне жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредит шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

      3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

      5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын тоқсанына бір реттен асырмай ұсынады.

      Портфельдік кепілдік беру кезінде осы Кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына қол қоя алады.

      Ескерту. 52-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      53. Өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган шығарылған кепілдіктерге ақы төлеу мақсатында кезекті жылдың басында кредиттерге/қаржылық лизингке кепілдік беруге бөлінген нысаналы трансферттер сомасының 50 %-ын қаржы агенттігіне аударады.

      54. Нысаналы трансферттердің қалған бөлігі жылдың басында қаржы агенттігіне аударылған қаражаттың бірінші жартысы толық игерілгеннен кейін кепілдік шарттарының жасалуына қарай қаржы агенттігіне былайша аударылады:

      1) кепілдік шарты жасалғаннан кейін қаржы агенттігі өңірлік үйлестірушіге/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тиісті хабарлама жібереді;

      2) өңірлік үйлестіруші/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігінен кепілдік беру шартын жасасу туралы хат алғаннан кейін қаржы агенттігінің ағымдағы шотына кепілдік сомасының 20 %-ы мөлшерінде қаражат аударуды жүзеге асырады.

      55. Жобаларға кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жеткіліксіздігі қалыптасқан жағдайда облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі/кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді. Қаржы агенттігі ұлттық жоба және/немесе тетік шеңберінде кепілдік шарттарының қолданысын мерзімінен бұрын тоқтату есебінен босаған қаражат болған кезде ұлттық жобаны және/немесе тетікті іске асыру шеңберінде жобаларға кепілдік беруді қайта бастайды.

      56. Қаржы агенттігі кейіннен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде өтеген кезде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттер және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры нақтыланғанға дейін ағымдағы қаржы жылына арналған кепілдік шарттарын жасасады.

      Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-шы күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.

      Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін және/немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

      57. Кредиттің/қаржылық лизингтің мақсатқа нысаналы пайдаланылмауы анықталған жағдайда қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған кредит/қаржылық лизинг сомасына барабар азайту туралы шешім қабылдайды.

      Кәсіпкер:

      қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде 10 %-ға бюджетке төленетін салықтарды (корпоративтік табыс салығын/жеке табыс салығын) ұлғайту, сондай-ақ жұмыс орындарын сақтай отырып, еңбекақы төлеу қорының өсуіне қол жеткізу немесе жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеген жағдайда кепілдік беру шартының күші жойылмайды;

      тетік шеңберінде мынадай:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттік қаражат бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толықтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу жөніндегі шарттарға қол жеткізбеген жағдайда кепілдік шартының күші жойылмайды (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді). Өлшемшарттарға қол жеткізілмеген жағдайда, кепілдік жойылмайды.

      Ескерту. 57-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі); 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      58. Қаржы агенттігі кредит/қаржылық лизинг толық нысаналы пайдаланылмаған жағдайда, кепілдіктің күшін жояды.

      59. Банктің/лизингтік компанияның қызметін жүзеге асыруға басталған шектеулер немесе тыйым салулар, сондай-ақ банк/лизингтік компания акцияларының 10 %-ынан астамына қатысты меншік құқығының біржолғы сатылғаны немесе өзгеше біржолғы ауысқаны және/немесе иелік ету және пайдалану құқығының ауысқаны туралы банк/лизингтік компания 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей жазбаша түрде хабарлайды.

4-параграф. Тетік шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдіктер беруі

      60. Кәсіпкер тетік шеңберінде кредит немесе қаржылық лизинг алу үшін банкке/лизингтік компанияға өтінішпен жүгінеді.

      Банк/лизингтік компания 20 (жиырма) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде банктің/лизингтік компанияның ішкі құжаттарында белгіленген рәсімге сәйкес өз бетінше кәсіпкердің өтінішін қарайды және қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда жобаны қаржы агенттігінің ішінара кепілдігімен кредит/қаржылық лизинг беру мүмкіндігі туралы шешім қабылдау үшін банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органының қарауына шығарады.

      Банк/лизингтік компания банктің/лизингтік компанияның уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы мәселені қарау үшін осы Кепілдік беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес қаржы агенттігіне құжаттарды ұсынады.

      Кәсіпкер банкке/лизингтік компанияға өтінім берген, сондай-ақ банк/лизингтік компания құжаттарды қаржы агенттігіне ұсынған кезде өтінім берген күні салық берешегінің жоқтығы туралы анықтаманың болуы талап етіледі.

      61. Қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан келіп түскен құжаттарды және кәсіпкерден келіп түскен өтінішті тетік шарттарына сәйкестігі тұрғысынан 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      62. Қаржы агенттігі құжаттарды қарағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беру туралы шешім қабылдайды.

      Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе қосымша құжаттарды ұсыну қажет болған жағдайда қаржы агенттігі 3 (үш) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға анықталған ескертулерді/қосымша құжаттарға сұрау салуды жою және (немесе) ақпарат ұсыну үшін жібереді. Бұл ретте қаржы агенттігі үшін жоғарыда көрсетілген құжаттарды қарау мерзімі жаңартылады.

      63. Банк портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда:

      банк қаржы агенттігіне кредит шартының көшірмелерін ұсынады;

      қаржы агенттігі кепілдік шартын ресімдеп, оған қол қояды және оны банкке жібереді;

      банк кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді.

      Портфельдік кепілдік беру кезінде тетіктің шарттарына сәйкес келген жағдайда, банк кредит берілгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде кепілдік шартына қол қоя алады.

      64. Қаржы агенттігі кепілдік беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде банкке/лизингтік компанияға осы Кепілдік беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы шешімі бар алдын ала кепілдік хат жібереді, онда мынадай шарттар көрсетіледі:

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % инвестициялық мақсаттарға берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу;

      жұмыс органы/қаржы агенттігі қарыз алушының бір жобасы шеңберінде 50 %-дан аспайтын мөлшерде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді);

      жұмыс органы/қаржы агенттігі 100 % айналым қаражатын толтыру мақсатында берілетін кредит қаражаты бойынша кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректердің негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын немесе салық төлемдерін немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту немесе кірістің (өткізуден түскен кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін кызметтердің құны) 10 %-ға өсуіне қол жеткізу (тетіктің талаптарына сәйкес салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салықтық төлемдердің ұлғаюын қамтамасыз етеді).

      65. Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатын алғаннан кейін:

      1) банк/лизингтік компания мен кәсіпкер банктік қарыз шартын/қаржылық лизинг шартын, кепіл(-дер) шартын (шарттарын) жасасады. Банктік қарыз шартының/қаржылық лизинг шартының көшірмесі қаржы агенттігіне жіберіледі.

      Қаржы агенттігінің оң шешімі бар хаты келіп түскеннен кейін банктің/лизингтік компанияның қалауы бойынша кредит сомасының 50 %-ына дейінгі мөлшерде ішінара кредит беруге жол беріледі;

      2) қаржы агенттігі банктен/лизингтік компаниядан кредиттік шарттың/қаржылық лизинг шартының көшірмесін алғаннан кейін кепілдік шартын ресімдейді және оған қол қойып, банкке/лизингтік компанияға жібереді;

      3) банк/лизингтік компания кепілдік шартына қол қояды, оған кәсіпкердің қол қоюын қамтамасыз етеді және қол қойылған кепілдік шартын қаржы агенттігіне жібереді;

      4) банк/лизингтік компания қаржы агенттігінен қол қойылған кепілдік шартын алғаннан кейін кәсіпкерге кредит/қаржылық лизинг беруді жүзеге асырады;

      5) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша банк/лизингтік компания тоқсан сайынғы негізде қаржы агенттігінің тоқсанына бір реттен аспайтын сұрау салуына сәйкес жобаның қаржы мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын ұсынады.

      66. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

5-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беруі

      67. Кәсіпкер осы Кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімі;

      4) кепілдік сомасының есебімен кредит/қаржылық лизингін беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар банк/лизингтік компания хатының электрондық көшірмесі (сканерленген көшірмесі).

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі қатысушыға немесе басшыға берілген заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден кәсіпкер жөніндегі, оның ішінде заңды тұлғаны/жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түрлеріне арналған лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) жөніндегі мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің бар/жоқ екендігі туралы мәліметтерді алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректер алу техникалық тұрғыдан мүмкін болмаған немесе деректер дұрыс болмаған жағдайда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      68. Банк/лизингтік компания "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы кәсіпкерден электрондық өтінімді алған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Кепілдік беру қағидаларының 47-тармағында көрсетілген құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне ұсынбаған жағдайда қаржы агенттігі кәсіпкерге кепілдік беру туралы мәселені қараудан бас тартады.

      69. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі кәсіпкердің "жеке кабинетіне" электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында жіберіледі.

      70. Кепілдік беру үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы осы Кепілдік беру қағидаларының 2 – 5-параграфтарында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      71. Кепілдік беру қағидалары және тетік шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      72. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) және тетік бойынша аударылған, кепілдік беру үшін көзделген қаражатты жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің және/немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      73. Кепілдік беру жүзеге асырылатын, кредит сомасы 1 (бір) млрд теңгеден асатын тетік шеңберіндегі жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Бұл норма қаржы агенттігі тарапынан 1 (бір) млрд теңгеге дейінгі сомадағы кредиттерге кепілдік беруді көздейтін шарттар күшіне енгенге дейін шешім қабылданған жобалар бойынша қолданылады.

      74. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде 2021 жылғы 1 шілдеге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      75. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Кепілдік беру қағидалары ресми жарияланған күнге дейін мақұлданған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайларда жобаны ұлттық жобаның қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 75-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      76. Бұрын бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 522 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – "БЖК-2020" бағдарламасы) және "БЖК-2025" бағдарламасының шеңберінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы 2020 жылғы 26 тамызға дейін мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      77. Бұрын бекітілген "БЖК-2020" бағдарламасы шеңберінде 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 "БЖК-2025" бағдарламасы бойынша Кредиттер бойынша кепілдік беру қағидалары бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар, сондай-ақ 2020 жылғы 1 қаңтардан кейін жасалған кепілдік беру шарттары кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

      Кредит/лизинг/кепілдік сомасы/мерзімі ұлғайған, ЭҚЖЖ өзгерген жағдайда, жобаның Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкестігі қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. 77-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      77-1. Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін қаржы агенттігінің уәкілетті органы бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Қаржы агенттігі жаңадан құрылған облыс орталықтарында 2022 жылғы 7 маусымға дейін (қоса алғанда) мақұлдаған жобалар бойынша кредиттің/лизингтің/кепілдіктің сомасын/мерзімін ұлғайтуға, ЭҚЖЖ кодын өзгертуге қатысты қаржыландырудың ағымдағы шарттармен өзгерістер енгізуге жол беріледі.

      Қаржыландырудың өзге де шарттары өзгерген жағдайда жобаны осы Кепілдік беру қағидаларының қолданыстағы шарттарына сәйкес келтіру қамтамасыз етіледі.

      Ескерту. Қағида 77-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингін көздейді

      ** апартаменттер мен пәтерлерді қоспағанда

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер
беру қағидаларына
1-1-қосымша

Өңдеу өнеркәсібі салаларының тізбесі

      Ескерту. Қағида 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.07.2022 № 505 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Тамақ өнімдері мен сусындар өндірісі

10

Тамақ өнімдерінің өндірісі

11.06

Уыт өндірісі

11.07

Шөлмектерге құйылатын алкогольсіз сусындар, минералды сулар және басқа да сусындар өндірісі

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарының өндірісі

14

Киім өндірісі

15

Былғары және оған жататын өнімдер өндірісі

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі

17

Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі

31

Жиһаз өндірісі

Құрылыс материалдары және өзге бейметалл
минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге бейметалл минералды өнімдер өндірісі

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарының өндірісі

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі

27

Электр жабдықтарының өндірісі

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндірісі

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі

30

Өзге көлік құралдарының өндірісі

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндірісі

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
2-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешенде және өңдеу өнеркәсібінде қайта өңдеу жөніндегі экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

С СЕКЦИЯСЫ ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ1

1

Етті қайта өңдеу және консервілеу және ет өнімдерін өндіру

Етті қайта өңдеу және консервілеу

1011

Ауылшаруашылығы құсының етін қайта өңдеу және консервілеу

1012

Еттен және ауылшаруашылығы құсының етінен жасалған өнімдерді өндіру

1013

2

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

Балықты, шаян тәрізділерді және моллюскаларды өңдеу және консервілеу

1020

3

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

Картопты қайта өңдеу және консервілеу

1031

Жеміс және көкөніс шырындарын өндіру

1032

Жемістерді және көкөністерді қайта өңдеу және консервілеудің өзге де түрлері

1039

4

Өсімдік және мал майы мен тоң майын өндіру

Май және тоң май өндіру

1041

Маргарин және оған ұқсас тағамдық тоң майларды өндіру

1042

5

Сүт өнімдерін өндіру

Сүтті қайта өңдеу және ірімшік жасау

1051

Балмұздақ өндіру

1052

6

Ұн-жарма өнімдерін, крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

Ұн-жарма өнімдерін өндіру

1061

Крахмал және крахмал өнімдерін өндіру

1062

7

Нан-тоқаш, макарон және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

Ұзақ сақтауға арналмаған нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

1071

Кептірілген нан және печенье, ұзақ сақтауға арналған ұннан жасалған кондитерлік өнімдер өндіру

1072

Макарон өнімдерін өндіру

1073

8

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

Өзге де тамақ өнімдерін өндіру

10.8

9

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

Жануарларға арналған дайын азық өндіру

10.9

10

Сусындар өндіру

Уыт өндіру

1106

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және бөтелкелерге құйылатын басқа да сусындарды өндіру

1107

11

Тоқыма бұйымдарын өндіру

Тоқыма бұйымдарын өндіру

13

12

Киім өндіру

Үлбірден тігілген киімді қоспағанда, киім өндіру

14.1

Тоқылған және трикотаж киімдер өндіру

14.3

13

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

Былғарыны илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, қайыс-ертоқым бұйымдарын өндіру; үлбірді өңдеу және бояу

15.1

Аяқ киім өндіру

15.20

14

Жиһазды қоспағанда, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

Ағаш кесу және сүргілеу өндірісі

16.1

Сүректен, тоздан, сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру

16.2

15

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

17

16

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

Полиграфиялық қызмет және осы салада көрсетілетін қызметтерді ұсыну

18.1

17

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

Мұнай өңдеу өнімдерін, шымтезек пен көмірден брикеттер өндіру

1920

18

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштарды және азотты қосылыстарды, алғашқы нысандардағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру

20.13

Пестицидтер мен өзге де агрохимиялық өнімдер өндіру

2020

Бояулар, лактар және осыған ұқсас бояғыш заттар, баспаханалық бояулар мен мастикалар өндіру

2030

Сабын, жуу, тазалау, жылтырату, парфюмерлік және косметикалық құралдар өндіру

20.4

Сіріңке өндіру

20512

Желім өндіру

2052

Эфир майларын өндіру

2053

Фотоматериалдар өндіру

20591

Желатин өндіру

20592

Тоқыма бұйымдарды өңдеу үшін пайдаланылатын материалдарды өндіру

20593

Техникалық көміртекті (күйе), көміртекті нанотүтікшелер, наноталшықтар және басқа көміртекті наноматериалдар өндіру

20594

Басқа химиялық өнімдер өндіру

20599

Жасанды және синтетикалық талшықтар өндіру

2060

19

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

Негізгі фармацевтикалық өнімдер өндіру

2110

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдар өндіру

2120

20

Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру

Резеңке бұйымдарын өндіру

22.1

Пластмасса бұйымдарын өндіру

22.2

21

Өзге де бейметалл минералды өнімдер өндіру

Шыны және шыныдан жасалған бұйымдар өндіру

23.1

Отқа төзімді бұйымдар өндіру

23.2

Саздан құрылыс материалдарын өндіру

23.3

Өзге де фарфор және қыш бұйымдарын өндіру

23.4

Цемент, әктас және құрылыс гипсін өндіру

23.5

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен бұйымдар өндіру

23.6

Тасты кесу, өңдеу және әрлеу

2370

Түрпілі бұйымдар және өзге бейметалл минералды өнімдер өндіру

23.9

22

Металлургия өндірісі

Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіру

2410

Болаттан құбырлар, түтіктер, қуыс профильдер, фитингтер өндіру

2420

Суықтай сымдау

2431

Суықтай қалыптау немесе ию

2433

Суықтай сымдау арқылы сымдар өндіру

2434

23

Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру

Металл есіктер мен терезелер өндіру

2512

Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын өндіру

2521

Металды соққылап өңдеу, сығымдау, қалыптау, бейіндеу; ұнтақтық металлургия

25.5

Металдарды өңдеу және металдарға қаптамалар жалату; машина жасаудың негізгі технологиялық процестері

25.6

Пышақ бұйымдарын, аспаптарды және темір бұйымдарын өндіру

25.7

Өзге де дайын металл бұйымдарын өндіру

25.94

24

Компьютерлер және перифериялық жабдық өндіру

Компьютерлер және перифериялық жабдық өндіру

265

25

Электр жабдықтарын өндіру

Электр жабдықтарын өндіру

27

26

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

Гидравликалық және пневматикалық жабдықтар өндіру

2812

Өзге де крандар, клапандар мен вентильдер өндіру

2814

Лифт өндіру

28224

Офистік техниканы және жабдықты өндіру (компьютерлерді және перифериялық жабдықты қоспағанда)

2823

Механикаландырылған қол аспаптарын өндіру

2824

Өнеркәсіптік тоңазыту және желдету жабдығын өндіру

2825

Басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы өзге машиналар мен жабдықтарды өндіру

2829

Ауылшаруашылық машиналарын өндіру

28302

27

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

Автомобильдер өндіру

29.1

Автомобильдерге арналған шанақтарды өндіру

29201

Автомобильдердің өзге бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

29.3

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

Теміржол локомотивтерін және жылжымалы құрамды өндіру

3020

Басқа топтамаларға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

30.9

29

Жиһаз өндіру

Жиһаз өндіру

31

30

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

32

31

Электр энергиясын өндіру

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35112

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35114

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35115

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35119

      Ескертпелер:

      1 Оның ішінде: айран, консервіленбеген қойылтылған сүт, дән түйіршіктерін, глюкоза-фруктоза шәрбатын, қарақұмық өндіру, сондай-ақ картопты өнеркәсіптік тазартуды және шай мен кофе өндіруді қоспағанда, картопты қайта өңдеу және консервілеу.

      2 Оның ішінде: дезинфекциялау құралдарын, зарарсыздандырғыштарды өндіру.

      3 Оның ішінде асыл емес (бағалы емес) металдардан жасалған бөшкелер, барабандар және басқа да ыдыстар өндіру.

      4 Оның ішінде: өкпені жасанды желдету аппаратын; медициналық мақсаттарда пайдаланылатын өзге де электр және электрондық жабдықтарды; діріл-акустикалық аппараттарды; медициналық білезіктерді; пациенттің мониторларын; телекардиографтарды; диализаторларды өндіру.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
3-қосымша

Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 3-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші





1

2

3

4

A СЕКЦИЯСЫ АУЫЛ, ОРМАН ЖӘНЕ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

1

Бір- немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру

0111

Күріш өсіру

0112

Көкөністер, бақша дақылдарын, тамыр жемістілер мен түйнек жемістілерді өсіру

0113

Тоқыма дақылдарды өсіру

0116

Өзге де бір-немесе екіжылдық дақылдарды өсіру

0119

2

Көпжылдық дақылдарды өсіру

Жүзімді өсіру

0121

Дәнді және сүйекті жемістерді өсіру

0124

Басқа да жемістер, жидектер және жаңғақтарды өсіру

0125

3

Мал шаруашылығы

Сүтті бағыттағы ірі қара малды көбейту

0141

Басқа да ірі қара малды және енекелерді көбейту

0142

Жылқыларды және басқа да жылқы тұқымдастарды көбейту

0143

Түйелерді және өзге де түйе тектес жануарларды көбейту

0144

Қойларды және ешкілерді көбейту

0145

Шошқаларды өсіру

0146

Ауыл шаруашылығы құстарын көбейту

0147

Жануарлардың басқа түрлерін өсіру

01491

4

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет және ауылшаруашылық дақылдарын өсіру және мал басын көбейтуге мүмкіндік беретін қызмет

Астықты өңдеу жөніндегі қызмет

0163

5

Балық аулау

Тұщы суда балық аулау

0312

6

Балық өсіру

Теңізде балық өсіру

0321

Тұщы суда балық өсіру

0322

      Ескертпе:

      1 Араларды өрбіту, балды және ара балауызын өндіру бойынша ғана жобалар қаржыландырылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
4-қосымша

Тау-кен өндіру өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бойынша экономика салаларының тізбесі

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 28.04.2023 № 342 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с

Тауарлар тобының атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің атауы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші

1

2

3

4

B СЕКЦИЯСЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ ӨНЕРКӘСІБІ ЖӘНЕ КАРЬЕРЛЕРДІ ҚАЗУ

1

Тас көмірді байыту

Тас көмірді байыту

051031

2

Тұз өндіру

Тұз өндіру

0893

E СЕКЦИЯСЫ СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ; ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЖИНАУ, ӨҢДЕУ ЖӘНЕ ЖОЮ, ЛАСТАНУДЫ ЖОЮ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ

3

Суды жинау, өңдеу және тарату

Суды жинау, өңдеу және тарату

36

4

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

Қауіпсіз қалдықтарды жинау

3811

H СЕКЦИЯСЫ КӨЛІК ЖӘНЕ ҚОЙМАЛАУ

5

Құрлық және құбырмен жүретін көліктің қызметі

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі

49392

6

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

Жүкті қоймалау және қосалқы көлік қызметі

523

Жүкті қоймалау және сақтау

52104

I СЕКЦИЯСЫ ТҰРУ ЖӘНЕ ТАМАҚТАНУ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

7

Уақытша тұру жөнінде қызмет көрсету

Қонақүйлердің және тұруға арналған соған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55105

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55205

Кемпингтердің, автофургондарға және тұруға арналған автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

55305

Тұруға арналған өзге де орындардың көрсетілетін қызметтері

55906

J СЕКЦИЯСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС

8

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет

6201

9

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

Ақпараттық қызмет көрсету саласындағы қызмет

63

P СЕКЦИЯСЫ БІЛІМ БЕРУ

10

Білім беру

Білім беру

857

Басқа топтамаларға енгізілмеген білім берудің өзге де түрлері

85.59

Q СЕКЦИЯСЫ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ХАЛЫҚҚА ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ

11

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

868

      Ескертпелер:

      1 Үйіндіден тас көмірді бөліп алу.

      2 Тау шаңғысы курорттарын салу, егер конвейерлер, арқанды жолдар, тау шаңғысы және арқанды көтергіштері қалалық және қалааралық көлік тасымалы жүйесіне кірмесе, оларды басқару.

      3 Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтарында көліктік транзиттік терминалдар, құрғақ порттар, қойма үй-жайларын салу.

      4 Азық-түлік өнімдерін сақтау және өткізу бойынша көтерме-тарату орталықтарын құру, көкөніс және жеміс қоймаларын салу.

      5 Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан, Алматы облыстары), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      6 Студенттік және мектеп жатақханаларын салу және (немесе) реконструкциялау.

      7 Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру мекемелерін салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

      8 Медициналық мекемелерді салу және (немесе) жөндеу және (немесе) медициналық мекемелерді қажетті медициналық жабдықтармен (компьютерлік томограф, магнитті-резонанстық томограф, УДЗ аппараты, кардиомонитор, неонаталдық ӨЖЖ аппараты, ӨЖЖ аппараты, жасанды қанайналым аппараты, ангиографиялық жүйе және т.б.) жарақтандыру, сондай-ақ санаториялық-курорттық мекемелер салу және (немесе) реконструкциялау және (немесе) жабдықтармен жарақтандыру.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жобаның шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
  "__________________"
  акционерлік қоғамына

Алдын ала кепілдік хат

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаның шеңберінде кредиттер/қаржылық лизинг бойынша кепілдіктер беру қағидаларының (бұдан әрі – Кепілдік беру қағидалары)/Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінің (бұдан әрі – тетік) ___________ бағытын іске асыру шеңберінде "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қаржы агенттігі) "_____________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ЖК/ЖШС/АҚ) "_____" __________ жобасы бойынша қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы өтінімін қарап, мақұлдағанын хабарлаймыз.

      Қаржы агенттігі "_______________" ЖК/ЖШС/АҚ "_______________" ___________ жобасы бойынша мынадай талаптармен кепілдік беруге әзір:

      1) кепілдік сомасы: __________________ (_________________________) теңге, бұл кредит сомасының _______ %-ын құрайды;

      2) кепілдік мерзімі __________________;

      3) кепілдік берудің өзге талаптары Кепілдік беру қағидалары/тетік шарттарына сәйкес жасалуға тиіс кепілдік шартымен реттеледі;

      *талаптарды кесте нысанында қосуға жол беріледі.

      Осы алдын ала кепілдік хаттың қолданылуы __________ дейінгі мерзімді құрайды.

      Кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттеріне ішінара кепілдік беру түріндегі мемлекеттік қолдау талаптарын реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізілген жағдайда, қаржы агенттігі жоғарыда көрсетілген кепілдік беру талаптарын қайта қарауға және оларды толығымен немесе ішінара өзгертуге не жоюға құқылы, бұл жөнінде банк кепілдік шартына қол қойғанға дейін хабардар етіледі.

      Құрметпен,

      ___________ _____________ _____________________________________

      (лауазымы) (қолы) мөр орны (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кредиттер/қаржылық лизинг
бойынша кепілдіктер беру
қағидаларына
6-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша банк* қаржы агенттігіне беретін құжаттардың тізбесі

      Ескерту. 6-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Банктен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылатын электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттар тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

банктің уәкілетті жұмыскері қол қойған және банктің мөрімен/мөртабанымен куәландырылған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

3

Банктен кредит алуға арналған өтінім

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Банктің уәкілетті органының қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит беру туралы шешімі, банктің кредиттік, кепіл және заң басқармасының (болған жағдайда) және тәуекелдерді басқару басқармасының сараптамалық қорытындылары

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Соңғы есептік күнгі жағдай бойынша кәсіпкердің қаржылық құжаттары (берешектің туындау күнін, берешекті өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, тауарлық-материалдық қорларды (бұдан әрі – ТМҚ) толық жазу, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кәсіпкердің мөрімен расталған жыл басындағы және соңғы есептік күнгі жағдай бойынша (жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша берешектің туындау күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, кредиторлық және дебиторлық берешекті толық жазу, негізгі құралдарды, ТМҚ-ны толық жазу) кәсіпкердің қаржылық құжаттары (заңды тұлғалар үшін)**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есептердің баптарын толық жазу – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, басқа да кірістер мен шығыстар, қаралған кезең үшін өткізілген өнімнің ақшалай және заттай мәндегі көлемі**

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсете отырып, қызмет көрсететін банктен несие берешегінің бар (жоқ) екендігі туралы, соңғы 12 айдағы айналымдары, сондай-ақ құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша мерзімінде төленбеген (№ 2 картотека) есеп айырысу құжаттары туралы анықтама

банк нысаны бойынша түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарындағы мерзімі өткен берешегінің (банктерден басқа, кредиттері болса) болуы туралы анықтамалар

түпнұсқа (күнтізбелік 30 күнге дейін түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірмеге жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттары туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

11

Лицензиялар***, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш беруші қызметінің түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты бағытталатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

уәкілетті орган лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылытиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.с.с. салада пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б.;
3) жобаға өзінің қатысатынын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешімдер қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

13

Бизнес-жоспар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме немесе түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және аяқталған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

16

Банк қарызын, банк атынан кепіл және кепілдік шартын жасайтын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен расталған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасаған кезге қарай ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      * Ұлттық жоба/тетік бойынша осы тізбені қаржылық лизинг шарттары бойынша лизингтік компаниялар да ұсынады.

      ** 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 айдан аспауға тиіс.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар*

      1. Кәсіпкер жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Жеке кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама***

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме не түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама***

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа не банктің уәкілетті тұлғасы түпнұсқамен салыстырып тексерген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

5

Кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

6

Кредит алу туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

банк бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөр бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

банктің уәкілетті органының түпнұсқасымен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттінінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылатын электрондық формат

      Ескертпе:

      *** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары (бұдан әрі – Мемлекеттік гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      2) бизнес-жоба – сипаттама, есеп айырысу, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру және кәсіпкердің өз қаражатымен (бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен ақша қаражатымен, ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) қоса қаржыландыру мерзімдері қамтылған, өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын кәсіпкердің жоспары жаңа бизнес-идеяларды іске асыру және жаңа жұмыс орындарын құру үшін берілетін мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % деңгейінде;

      3) веб-портал – интернет желісінде орналастырылған, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін интернет-ресурс;

      4) грант беру туралы шарт – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталында (бұдан әрі-веб-портал) жасалатын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын, оның шарттары бойынша кәсіпкерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға нысаналы мемлекеттік грант берілетін үшжақты келісім;

      5) жаңа бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада байқаудан өту кезінде) іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар да жатады. Нарыққа жаңа және (немесе) жетілдірілген немесе басқа кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) енгізу жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі болуы тиіс;

      6) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      7) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, тізілімде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (сәйкестендіру) және оның жеке деректері мен баптауларына рұқсат беру үшін қажетті шот;

      8) жоба – кәсіпкер кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;

      9) кәсіпкер – заңды тұлға құрмай-ақ дара кәсіпкер болып табылатын шағын кәсіпкерлік субъектісі, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі, ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер, ісін жаңа бастаған кәсіпкер, "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушы;

      10) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) кворум – дауыс беру кезінде конкурстықконкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;

      12) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      13) конкурстық комиссия – мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалы-кеңесші орган;

      14) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      15) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      16) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына алып келуі мүмкін болатын кездегі конкурстықконкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      17) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      18) өтінім – осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      19) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      21) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаныңүшінші жәнетөртінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші, төртінші жәнебесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      22) ісін жаңа бастаған жас кәсіпкер – жасы 29-ға (қоса алғанда) дейінгі, өңірлік үйлестірушіге мемлекеттік грант алу үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелген мерзімі 3 (үш) жылдан аз мерзімді құрайтын кәсіпкер (жасы ісін жаңа бастаған дара кәсіпкердің өңірлік үйлестірушіге жүгінген күнімен айқындалады, жұмыс істеп жатқан үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      23) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – мемлекеттік грант алу үшін дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі өңірлік үйлестірушіге жүгінген кезде 3 (үш) жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (ісін жаңа бастаған кәсіпкердің жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен ерекшеленетін қызметтің жаңа түрін құру шартымен жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      24) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

      25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы;

      3. Мемлекеттік гранттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге, оның ішінде ісін жаңа бастаған жас кәсіпкерлерге өтеусіз негізде беріледі.

      Бұл ретте экономиканың басым секторларында мемлекеттік грант беру бөлігіндегі талап әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне және "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға қолданылмайды.

      Мемлекеттік грант әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілеріне, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын "Бір ауыл – бір өнім" бағдарламасына қатысушыларға берілмейді.

      4. Мемлекеттік гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      5. Мемлекеттік гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен қызмет көрсетуші арасында тиісті шарт жасасқаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      7. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары күшіне енген күні қолданыста болатын және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген грант беру туралы шарттар қаржыландыруға жатады.

      8. Қаржы агенттігінің қызметтерін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.

2-тарау. Мемлекеттік гранттарды беру тәртібі мен шарттары

1-параграф. Мемлекеттік гранттар беру шарттары

      9. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 21-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге құжаттарды толық көлемде ұсынған Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер мемлекеттік гранттар алуға конкурстық іріктеудің қатысушылары бола алады.

      10. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беру туралы қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы бола алады.

      Мыналар:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және (немесе) жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін бизнес-жобаның міндетті шарттары болып табылады.

      11. Кәсіпкерлер мемлекеттік грант қаражатын келесі мақсаттарға пайдаланады:

      1) тауарларды шығару немесе қызметтер көрсету үшін қажетті негізгі құралдарды (оның ішінде негізгі құралдарды салу/жаңғырту/реконструкциялау/ күрделі жөндеу), шикізат пен материалдарды сатып алу;

      2) материалдық емес активтерді сатып алу;

      3) технологияны сатып алу;

      4) кешенді кәсіпкерлік лицензияға (франчайзингке) құқықтарды сатып алу;

      5) зерттеу жұмыстарына және (немесе) жаңа технологияларды енгізуге байланысты шығыстар.

      Мемлекеттік грант қаражатын өзге мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспауы тиіс.

      Бұл ретте, егер іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкер қызметін жүзеге асырмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске асыру және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер мемлекеттік грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

      12. Мыналарға:

      1) жылжымайтын мүлікті және (немесе) жер учаскесін сатып алуға;

      2) жалдау ақысының төлемі ретінде;

      3) негізгі құралдарды/активтерді сатып алуға (қызметтерді алуға/жұмыстарды орындауға), үлестес/байланысты компаниялардан/ тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған);

      4) пайдалануда болған негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алуға;

      Бұл ретте негізгі құралдарды (жабдықтарды) сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс;

      5) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес шанағы немесе кабинадан оқшауланған жүк платформасы бар жүктерді тасымалдауға арналған автокөлікті, сондай-ақ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдері мен жеңіл автокөлік құралдарын жалға алуға және прокаттауға байланысты жобаларды қоспағанда, жеңіл автокөлікті сатып алуға;

      6) өңдеуші өнеркәсіпке жататын тамақ өнімдерін өндіру жөніндегі жобаларды қоспағанда, ауыл шаруашылығы жануарларын (ірі/ұсақ қара малды, құсты, бал арасын, сондай-ақ өзге де ауыл шаруашылығы жануарларын) сатып алуға мемлекеттік грант қаражатын пайдалануға болмайды.

      Кәсіпкердің жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагент шотына қолма-қол ақшасыз төлем арқылы жүзеге асырылады (пайдалануда болған автокөлікті жеке тұлғадан сатып алуға жол беріледі).

      13. Бір кәсіпкер үшін мемлекеттік грант сомасы мемлекеттік грант алуға ұсынылған өтінімге байланысты 5 (бес) млн теңгеге дейін құрайды.

      14. Мемлекеттік гранттар мынадай кәсіпкерлерге берілмейді:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысындағы, сондай-ақ қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрған;

      2) салықтар мен мемлекеттік бюджетке басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру қызметінің негізгі түрі болып табылатын;

      4) мемлекеттік грант алуға өтінім беру кезінде ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушылары тізіліміндегі;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру бойынша қолдау алғандарға (оның ішінде "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы және "Бизнестің жол картасы – 2020" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қолданылу кезеңінде);

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелгендерге және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлап отырғандарға берілмейді.

      15. Конкурсты өткізу үшін облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімінің шешімімен мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.

      Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері конкурстық комиссияның төрағасы бола алмайды.

      Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.

      Конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызын жаңарта отырып, жыл сайынғы негізде бекітіледі.

      Конкурстық комиссия мүшесінің еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырысын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда төрағамен келісім бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді. Комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссияның хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде дауыс беруге құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып саналады.

      Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері бұл туралы өздеріне белгілі болған кезде конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделері қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына көшеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және (немесе) мүшесі мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.

      17. Өңірлік үйлестіруші конкурстық комиссияның жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде мемлекеттік гранттар түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысы ішінде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді жартыжылдық негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысы бар мәселелер бойынша мемлекеттік гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы кеңес береді;

      4) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер мен оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) кәсіпкерлерге мемлекеттік грант берілгені туралы хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы хабарлайды;

      7) мемлекеттік грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге хаттамадан үзінді көшірме және мемлекеттік грант беру туралы дәлелді бас тарту веб-портал арқылы автоматты түрде жіберіледі.

      18. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырады.

      19. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      20. Мемлекеттік гранттар алуға арналған өтінімді қарау мына шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттарды беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант алуға конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру;

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) есепке алу мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде алынған, бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоғы туралы мәліметтерді растау;

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен қоса қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-қимылы нәтижесінде расталған кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүліктің болуы "Жылжымайтын мүлік тізілімі";

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікті қоса қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және (немесе) "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-қимылы арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы.

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір өтінім ғана беруге құқылы. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде қабылданады.

      21. Мемлекеттік грант алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге pdf форматындағы құжаттардың келесі сканерленген көшірмелерін тіркейді:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен расталған, өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтама (бар болса);

      2) "2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкердің "Бастау Бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өткенін растайтын, ескіру мерзімі 3 (үш) жылдан аспайтын құжаттың көшірмесі;

      3) ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды қоса қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттар, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлік;

      4) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтері бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарламаның көшірмесі (ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы нәтижесінде мәліметтер түспеген жағдайда).

      22. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама, заңды тұлға/дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық кезеңдері туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер бюджет, жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) бойынша берешек туралы мәліметтер, отбасы құрамы туралы мәліметтер, "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      23. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне кіруге рұқсат беру үшін:

      1) кәсіпкерлер, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде дербес тіркелу үшін ЭЦҚ-ға ие болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мына мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін бір жұмыс күні ішінде өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіру кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жыл сайын жібереді.

      Өтінімді жасау және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесі тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қоюы арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің болуы анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      Кәсіпкер ұлттық жобаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      24. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген сәттен бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаның ЭЦҚ пайдалана отырып, оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Кәсіпкер толық емес құжаттар топтамасын ұсынған не анық емес деректерді немесе осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

      26. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы қалыптастырады;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады.

      Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты хабарлама жіберіледі.

      Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылымның ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесіне сәйкес белгіленеді;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау бойынша шешім қабылдау үшін конкурстық комиссияның мүшелеріне мақұлданған өтінімдерді және кәсіпкердің электрондық құжаттамасын қарау қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      27. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

      28. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

      29. Мемлекеттік грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына саны кемінде 2 (екі) адам болатын байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың аккредиттелген өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында байқаушылар осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы тиісті келісімге қол қояды.

      30. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) ұсынылған құжаттардың толықтығы мен анықтығы тұрғысынан мәлімделген жобаны қарауды;

      2) осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс беру;

      3) мемлекеттік гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі жөніндегі ақпарат жария етуге жатпайды.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті мемлекеттік уәкілетті органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай өлшемшарттар негізінде (оның ішінде осы мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның қолданысқа енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі).

      Бұл ретте бизнес-идеяның жаңалығы критерийіне облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      32. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және конкурстық комиссияның төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервілеу жүргізіледі.

      33. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссияның шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      34. Жоба бойынша оны бағалау үшін балл беру осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      35. Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл осы Мемлекеттік гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) баллды құрайды.

      36. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша баллдар тең болған жағдайда, бұдан бұрын кезектілік бойынша өтінім берген кәсіпкерлердің мемлекеттік грант алуға басым құқығы болады.

      37. Конкурстық комиссия мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      38. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қаржы агенттігі мен кәсіпкер хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін ғана веб-портал арқылы қарайды.

2-параграф. Мемлекеттік гранттарды беру тетігі

      39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      40. Өңірлік үйлестіруші грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін кәсіпкерге оның банктік есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Мемлекеттік грант қаражатын дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударуға болмайды.

      Өңірлік үйлестіруші мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда грант беру туралы шартты қаражат түскеннен кейін қалыптастырады.

      Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы қосымша қаржыландыру алынған кезде кәсіпкердің шотына аударылады.

      41. Мемлекеттік грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      42. Кәсіпкер мемлекеттік грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға және грант беру туралы шарттың талаптарын орындауға міндетті. Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын Өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      43. Осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді қолма-қол және (немесе) веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаны іске асыру орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады.

      44. Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеу қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) мемлекеттік гранттың нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі шарттарды орындауын мониторингтеу;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

      45. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) веб-порталда мемлекеттік гранттарды алушылардың тізілімін жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың нысаналы пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және өңірлік үйлестірушіге кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есеп береді.

      46. Қаржы агенттігі кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және (немесе) кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін, не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді.

      Кәсіпкердің мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы алынған ақпараттың негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір реттік қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін қаржы агенттігінің мониторингтік есебін алған күннен бастап 20 жұмыс күнінен кешіктірмей осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, содан кейін өз шешімі туралы өңірлік үйлестіруші мен қаржы агенттігін веб-портал арқылы хабардар етеді.

      Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса, кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын сол хабарламада көрсетілген тәртіппен және мерзімде қайтаруға міндетті.

      47. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, сондай-ақ осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік грант қаражатын осы Қағидалардың 51-тармағында белгіленген мерзімде қайтару қажеттігі туралы хабарлама жібереді, және мақсатқа сай пайдаланылмаған мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды атқарады. Мемлекеттік грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша мемлекеттік грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруға жол беріледі.

      48. Конкурстық комиссия мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге грант қаражатын қайтару үшін мынадай мерзімдерді көрсете отырып хабарлама жібереді:

      1) 1 (бір) айға дейін – егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      2) 3 (үш) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса;

      3) 6 (алты) айға дейін – егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса.

      49. Өңірлік үйлестіруші мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы хабарламаның орындалу мерзімдеріне мониторингті тұрақты негізде жүзеге асырады және кәсіпкер тарапынан хабарлама орындалмаған жағдайда мемлекеттік грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асырады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарды өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдарды өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және ақпарат жазылған жеткізгіштерді жаңғырту

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдарын жасау

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру

23

Өзге де металл емес минералдық өнімдерді өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Өзге көлік құралдарын жасау

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндеріне және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдерінде тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу жөнінде консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланылатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Кәсіпкерлердің мемлекеттік гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісім

      Мен, ________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) осы келісіммен кәсіпкерлердің мемлекеттік

      гранттар алуға өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі бола

      отырып, конкурсқа қатысушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жария етпеуге міндеттенемін. __________________ _____________________________________
қолы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ___________________________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: ________________________________________;

      байланыс телефоны ___________________________________________________;

      Конкурстың нысанасы: Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған

      ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны:

      субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі:

      конкурсқа қатысу үшін үміткерлер бекітілген нысан бойынша электрондық өтінімді

      және толық конкурстық құжаттар топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді беру мерзімі 20___жылғы "__"__________бастап

      20___ жылғы "__" ________дейін.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің

      ресми сайтында танысуға болады: ______________________________________.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін өтінім

  ___________________________
  облысы (республикалық маңызы
бар қала, астана)
  ___________________________
  ___________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің
аты (бар болса)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін (өз бизнесін құруға) мемлекеттік гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысу туралы мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы __________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) _______________________

      басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) _________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) _______________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы __________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді _______________________________________________________

      берілген күні ____________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарлама күні __________________________________________________

      2. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ______________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК __________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге __________________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с

Жыл

Сома, теңге

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі ашу)

1




2




      Мынаны:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар осы Мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде мемлекеттік гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерді тексеруіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтындығымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестірушінің кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар мемлекеттік грант ұсынылмаса да, өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (мемлекеттік грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушінің мемлекеттік грант беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемесі болып табылмайды.

      Конкурстың шарттарымен және 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Жаңа бизнес-идеяларды іске
асыру үшін мемлекеттік грант
беруге арналған конкурстық
іріктеуге қатысу үшін өтінімге
қосымша

      Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ________________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы __________________________________________;

      жобаны іске асыру орны ________________________________________________;

      жобаны іске қосу күні __________________________________________________;

      қызметтің бейінді бағыты (жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент

      және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады) ____________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы

      аудиториясы __________________________________________________________;

      жер учаскесінің және (немесе) үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік)

      _____________________________________________________________________;

      учаскенің және (немесе) үй-жайдың кадастрлық нөмірі (бар болса) ___________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (бар болса

      тізбелеу):_____________________________________________________________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің

      қызметі туралы деректер:

      секциясы: _____________________________________________________________;

      бөлімі: ________________________________________________________________;

      тобы: _________________________________________________________________;

      сыныбы: ____________________________________________________________;

      кіші сыныбы: _______________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа шығару стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі

      жағдайы мен даму перспективаларын талдау ______________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу _____________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _______________;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға

      әзірлігін растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) ___________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін

      факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша

      артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы,

      өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ______;

      жасалатын өнімнің бәсекелік артықшылықтары, техникалық-экономикалық

      сипаттамаларын аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалары

      бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау келтіріледі (аналогтармен

      салыстыра отырып, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді өндіру үшін ұсынылатын

      техникалық деңгейі мен құны, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіш атауы

Көрсеткіш мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкер саны ______________________________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы

      жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы) _____________________________________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай ______________________________________________;


Шығыс түрлері

Шығыс баптарының атауы

Шығыс сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Мемлекеттік грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орын саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл ішінде сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орын саны, адам






Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалту, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf форматында)

1

2

3

1

Кәсіпкердің ұлттық жоба шеңберінде курстарда қысқа мерзімді оқытудан өткенін растайтын құжат (бар болса)


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын мемлекеттік грант көлемінің кемінде 20 % ақшалай қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және (немесе) жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) Сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге әзірлігін сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) Сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) Сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (жобаны іске асыруға маусымдылықтың, мереке күндерінің әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңалығын сипаттаңыз (өзіндік ерекшелігі, қолданылуы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтардың болуы).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына 5-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Р/с

Заңды тұлғаның атауы/кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаны іске асыру орны

Мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысын өткізу күні мен уақыты



















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
6-қосымша

Кәсіпкердің жобасын бизнес-идеялар шеңберінде бағалау өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарт атауы

Сипаттамасы мен салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңалығы

1-ден 10 баллға дейін

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

1-ден 10 баллға дейін

3.

Дайындық дәрежесі

1-ден 10 баллға дейін

4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы

1-ден 10 баллға дейін

5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары

1-ден 10 баллға дейін

6.

Жобаның экономикалық орындылығы

1-ден 10 баллға дейін

7.

Жобаның таныстырылымы

1-ден 10 баллға дейін


ЖИЫНЫ

Баллдар қосындысы

      Бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер:

      1. Грант беру туралы мәселені қарау кезінде бизнес-жобаның жаңалығын бағалау мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы);

      жобада ұсынылатын шешімдердің жаңалығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегияны құру, өнімді өндіру материалы/тәсілі);

      жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы);

      өндірілетін тауарға/көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы);

      бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде өнімді немесе бизнес-процесті нарыққа шығару стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, қаржыландыруға жеке капиталды тарту перспективасы).

      2. Бизнес-жобаның тиімділігін бағалау өлшемшарттары:

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі;

      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы);

      бір жеткізушіге немесе сатып алушылардың тар шеңберіне тәуелділік;

      тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды жеткізуге/ қызметтер/ жұмыстар көрсетуге/технологияларды/франшиза/патент сатып алуға және т.б. шарттардың/ келісімшарттардың болуы.;

      бизнес-жобаны іске асыру үшін өз үй-жайының болуы;

      жеке өзінің қатысуы.

      3. Бизнес-жобаның дайындық дәрежесін бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі;

      білікті мамандар тобының болуы;

      жобаларды іске асыруда тәжірибенің болуы;

      бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе);

      жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтау үшін меншікті және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау келтіру).

      4. Жобаның экономикалық орындылығын бағалау келесі өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылады:

      құрылатын жұмыс орындарының саны;

      бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы).

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Мемлекеттік гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ хаттамасы

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _________________ өтінім берілген күні: ___________________

      заңды тұлға үшін: атауы ___ БСН ___ басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      дара кәсіпкер үшін: атауы ___ ЖСН ____ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы ___________________________________________________

      бизнес-жобаны іске асыру орны ___________________________________________

      мемлекеттік гранттың сұратылатын сомасы, теңге ___________________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге комиссияның барлығы ___________ мүшесі қатысты, оның ішінен:

      ___дауыс берді; ___дауыс берген жоқ.

      Комиссияның жобаны қарау нәтижелері:

Р/с

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңалығы


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Дайындық дәрежесі


4.

Меншікті инфрақұрылымның болуы


5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары


6.

Жобаның экономикалық орындылығы


7.

Жобаның таныстырылымы



ЖИЫНЫ:


      Жоба бойынша ықтималды ең жоғары балл қосындысы ___ баллды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ______ мың теңге сомаға мақұлданды / мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ деректері; ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

      2. …..

      3. …..

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде жаңа
бизнес-идеяларды іске асыруға
мемлекеттік гранттар беру
қағидаларына 8-қосымша

      Нысан

  __________________________
  __________________________
(жеке кәсіпкердің, заңды
тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Мемлекеттік грант қаражатын қайтару қажеттілігі туралы ХАБАРЛАМА

      Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуына жүргізілген мониторинг барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы: __________________________

      ______________________________________________________________________

      ______________________________________________________________________

      (мемлекеттік грант қаражатын мақсатсыз пайдалану/не жобаның және (немесе)

      кәсіпкердің мемлекеттік гранттар беру шарттарына және (немесе) конкурстық комиссияның шешіміне және (немесе) грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмеуі не жұмыс орын санына жеткенде кәсіпкердің міндеттемелерін орындамауы)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ұсынған ақпарат негізінде конкурстық комиссия Сізбен грант беру туралы шартты бұзу туралы 20___ жылғы "__" ______ № ____ шешім қабылдады.

      Осы арқылы _______________________________ Сізге (өңірлік үйлестірушінің атауы) 20___ жылғы "__" ______ № ______ грант беру туралы шарт негізінде берілген Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде Сізге берілген мемлекеттік грант қаражатын 20___ жылғы "__" ____ дейін мерзімде қайтару қажеттілігі туралы хабарлайды. Осы хабарлама көрсетілген мерзімде орындалмаған жағдайда ______________________ (өңірлік үйлестірушінің атауы) мемлекеттік грант қаражатын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      ___________________ ____________________________________
лауазымы (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Хабарламаны тапсыру туралы мәліметтер

      _________________________________________________________

      _________________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) )

      _________________________________________ (күні, уақыты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары

      Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидалары (бұдан әрі – Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді әрі шағын және орта кәсіпкерлік және индустриялық аймақтардың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) аяқталмаған құрылыс – тапсырыс беруші пайдалануға беру үшін белгіленген тәртіппен қабылдамаған және мақсатына сай (тұру, қызметтер көрсету, өнім шығару, пайда алу және басқа да пайдалану түрлері) пайдаланылмайтын құрылыс объектісі;

      2) бюджеттік инвестициялық жоба (бұдан әрі – БИЖ) – жаңа объектілер құруға (салуға) не қолданыстағыларын реконструкциялауға, сондай-ақ белгілі бір уақыт кезеңі ішінде бюджеттік бағдарлама әкімшісі тікелей бюджет қаражаты есебінен іске асыратын ақпараттандыру объектілерін құруға, енгізуге және дамытуға бағытталған және аяқталған сипатқа ие іс-шаралар жиынтығы;

      3) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингтеу – бюджет қаражаты бөлінген кезден бастап пайдалануға беру кезіне дейін жаңа объектілер құру (салу), қолданыстағыларын реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді құру, енгізу және дамыту барысы туралы ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;

      4) бюджеттік процесс – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингтеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, уәкілетті органның, өңірлік үйлестірушінің, ӨҮК, бюджеттік бағдарлама әкімшісінің) тізілімдегі дербес веб-парақшасы;

      6) жеке шот – өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін тізілімдегі жазбалардың жиынтығы;

      7) жеке қаржыландыру жоспары – шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын мемлекеттік мекеменің негізгі құжаты;

      8) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;

      9) заманауи форматтағы сауда объектілері – тауарлардың бір мың және одан да көп атауы (бірліктері) бар мамандандырылған немесе аралас ассортименті бар, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ қосымша сауда қызметтерін көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдалана отырып, төлемдерді жүзеге асыруға арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек және сауда алаңының шаршы метріне сату өнімділігі жоғары, аумақ шекарасы шегіндегі автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуын көздейтін кемінде 500 шаршы метр сауда алаңы бар стационарлық сауда объектілері;

      10) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылыстардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;

      11) кәсіпкер – өз қызметін Кодекске сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      12) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      13) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салу орындылығы, негізділігі және нәтижелерін бағалау туралы мәліметтер қамтылған құжат;

      14) құрылыс жобасы – көлемді жоспарлау, конструктивті, технологиялық, инженерлік, табиғатты қорғау, экономикалық және өзге де шешімдер қамтылған жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы, сондай-ақ құрылысты ұйымдастыруға және жүргізуге, аумақты инженерлік дайындауға, абаттандыруға арналған сметалық есептеулер (құрылыс жобаларына аяқталмаған объектілердің құрылысын консервациялау және өз ресурстары таусылған объектілерді кейіннен кәдеге жарату жобалары да жатады);

      15) құрылыстың сметалық құны (бұдан әрі – сметалық құн) – сомасы жобалық материалдар мен сметалық-нормативтік база негізінде айқындалатын, объект салуды жүзеге асыру үшін қажетті ақша;

      16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;

      17) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) нəтижелер көрсеткіштері – стратегиялық жоспарды, аумақтарды дамыту бағдарламасын және (немесе) бюджеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі мемлекеттік орган қызметін сипаттайтын нысаналы индикаторлардың, тікелей жəне түпкілікті нəтижелердің жиынтығы;

      19) объектiнi пайдалануға қабылдау актiсi – бекiтiлген жобаға және мемлекеттiк (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкес объект құрылысының аяқталуын және объектiнiң пайдалануға толық әзірлігін растайтын құжат;

      20) өңірлік үйлестірушісі – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі;

      21) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;

      22) өтінім – осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген қағаз немесе электрондық нысандағы өтініш;

      23) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      24) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеу мүмкіндігін беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      25) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      26) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтер, сондай-ақ негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындаумен пайдалар мен шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырылуы мен тиімділігін зерделеу нәтижелері қамтылатын құжат;

      27) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функцияларға, өкілеттіктерге және көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу толығымен осы функцияларды жүзеге асыратын ұйымның қызметіне, өкілеттіктеріне немесе қызметтер көрсетуіне байланысты болатын олардың көлемінің сандық сипаттамасы;

      28) түпкiлiктi нәтиже – мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін бюджеттік бағдарлама көрсеткіші;

      29) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      30) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтардың жобаларына өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      4. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту жекелеген жобалар үшін дербес (оның ішінде бірнеше жобаларды қамтамасыз ету үшін), сол сияқты индустриялық аймақтар құру шеңберінде жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрған өндірістерді жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған шағын және орта кәсіпкерліктің жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу болып табылады.

      5. Шағын және орта кәсiпкерлік пен индустриялық аймақтар жобаларының инфрақұрылымын дамытуға қаражат бөлу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      6. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге көзделген қаражат белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаның жеке қаржыландыру жоспарының негізінде төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттермен аударылады.

      7. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу нысанында қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалануға жол беріледі.

      8. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді беруші арасында тиісті шарт жасалғаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

2-тарау. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу тәртібі

1-параграф. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шарттары

      9. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша қызметін экономиканың басым секторларында, өңдеу өнеркәсібінің салаларында және көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерінде жүзеге асыратын кәсіпкерлер, сондай-ақ жобаларын моноқалаларда, шағын қалалар мен ауылдық елді мекендерде салалық шектеулерсіз және кәсіпкердің тіркелген жерін есепке алусыз іске асыратын кәсіпкерлер үшін жүзеге асырылады.

      10. Бөлінген қаражат: су бұру, сумен жабдықтау (сумен жабдықтау үшін ұңғыма бұрғылау), газдандыру, су таратқыштар, бу құбырлары, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, кірме теміржолдар, телефон желілері, кіші электр станциялары, электр беру желілері, септиктер, бу-газды құрылғылар инфрақұрылымын салуға (реконструкциялауға) бағытталады.

      11. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің объектілері аумағының шекарасына дейін жүзеге асырылады, бұл ретте кәсіпкерлік объектісінің ішкі аумағына инфрақұрылымды жеткізуге қаражат бөлу көзделмейді.

      12. Инфрақұрылымды аумақтың шекарасына дейін және индустриялық аймақ ішінде жеткізу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергiлiктi бюджеттен қоса қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      13-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      13. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестициялардың көлемі 200 (екі жүз) млн теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 50 (елу) млн теңгеден кем болмауға тиіс, бұл ретте Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жобалар үшін 5 (бес) млрд теңгеден аспайтын сомадағы инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды), сондай-ақ "2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жобаларды қоспағанда, инфрақұрылымды (коммуникациялардың барлық түрлеріне) салудың (реконструкциялаудың) ең көп сомасы 1 (бір) млрд теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.

      14. Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның қарауы үшін экспортқа бағдарлануды және импорт алмастыруды салалық бағалауды, сондай-ақ тиісті саланы дамытуға экономикалық әсерді қамтитын тиісті салалық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет.

      15. Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу мынадай өлшемшарттарға сай келетін индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобалары үшін жүзеге асырылады:

      1) жобаға салынған инвестиция көлемі 10 (он) млрд теңгеден кем болмауға тиіс;

      2) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны 1 (бір) млрд теңгеден кем болмауға, бірақ 10 (он) млрд теңгеден аспауға тиіс;

      3) жобаларды салуға дайындық дәрежесі кемінде 30 %.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      16. Мынадай өлшемшарттарға сай келетін заманауи форматтағы сауда объектілерін салу жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге жол беріледі:

      1) Астана, Алматы және Шымкент қалаларында – кемінде 3 (үш) мың шаршы метр сауда алаңы бар;

      2) облыстарда – сауда алаңы кемінде 1 (бір) мың шаршы метр.

      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      17-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      17. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сай келмейтін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына инфрақұрылым жеткізу жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу өлшемшарттарына сай келетін шағын және орта кәсіпкерлік пен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      18-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      18. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу жергілікті бюджеттен құрылыс құнының кемінде 10 %-ы мөлшерінде қоса қаржыландыру кезінде жүзеге асырылады.

      Жергілікті атқарушы органдар шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері мен индустриялық аймақтың жобаларына жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу кезінде халықты жұмыспен қамту орталықтарының жолдамалары бойынша қатысушыларға құрылыс (реконструкциялау) кезінде жаңадан құрылатын жұмыс орындарының кемінде 10 %-ын береді.

      19. Инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) құны шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерінің жобалары құнының және (немесе) индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жобасы құнының 50 %-ынан аспауға тиіс.

      20. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу (реконструкциялау) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      21. Өткен қаржы жылында тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген БИЖ-ді іске асыру үшін жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан қайтадан қаржыландыру жүзеге асырылмайды.

      22. Республикалық және жергілікті бюджеттерден құрылысқа (реконструкциялауға) жоба алдындағы (ТЭН) немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге байланысты шығындарды қаржыландыруға жол берілмейді.

      23. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК жұмыс органы болып табылады, ол:

      1) кезеңді негізде өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары және веб-портал арқылы ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау ұсыну барысын жария етуді қамтамасыз етеді;

      2) кәсіпкерлердің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды ұсыну шарттары мен тәртібі бойынша кәсіпкерлерге консультация береді.

      24. Жергілікті бюджеттік бағдарламаның әкімшісі жеке қаржыландыру жоспары бекітілгеннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оны веб-порталға орналастырады.

2-параграф. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларына және индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      25. Кәсіпкер инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі қамтылған осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған өтінішпен өңірлік үйлестірушіге жүгінеді, оған мына құжаттар қоса беріледі:

      1) бизнес-жоспар;

      2) Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      26. Өңірлік үйлестіруші құжаттарды алғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

      1) кәсіпкердің жобасын осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК қарауына құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін енгізеді;

      4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізу күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.

      27. Кәсіпкер құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық емес екенін анықтаған, сондай-ақ кәсіпкер және (немесе) ұсынылған материалдар, объектілер, мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өңiрлiк үйлестiрушi кәсiпкерге мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауабы бар хабарлама жiбередi.

      28. ӨҮК отырысы жобалардың қалыптастырылуына қарай өткізіледі. ӨҮК мүшелерінің саны кемінде 10 (он) адамды құрайды, оның кемінде 50 %-ы кәсіпкерлер қоғамдастығының өкілдері болады.

      ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.

      29. ӨҮК өткізетін отырыс шеңберінде мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігін тексеру;

      2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарау және талқылау;

      3) талқылаудың нәтижелері бойынша ӨҮК осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкестігі тұрғысынан өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      30. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      31. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделгеннен кейін кәсіпкерге ӨҮК шешімі туралы хабарлама жібереді. ӨҮК теріс шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге уәжді жауап жолдайды.

      32. Өңірлік үйлестіруші ӨҮК хаттамасы ресімделген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толық құжаттар топтамасын қоса бере отырып, кәсіпкерлер жобаларының тізімін, ӨҮК хаттамасын БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөніндегі шараларды қабылдау үшін жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісіне жолдайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      33-тармақ жаңа редакцияда көзделген – ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 қаулысымен (01.01.2026 бастап қолданысқа енгізіледі).

      33. Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі қаражат бөлу қажеттілігі туралы бюджеттік өтінімді қалыптастырады және:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 13, 15 және 16-тармақтарының өлшемшарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары және индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобалары бойынша – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға;

      2) жергілікті бюджет қаражаты есебінен инфрақұрылымды жеткізуді жоспарлап отырған және құрылыс құнынан 10 % мөлшерде жобаларды қоса қаржыландыруды көздейтін кәсіпкерлердің мақұлданған жобалары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жібереді.

      34. Жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бюджеттік өтінімде қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.

      35. Бюджеттік өтінім келіп түскеннен кейін уәкілетті орган мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік процесс шеңберінде бюджеттік өтінімнің осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының шарттарына және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкестігін қарайды;

      2) қажет болған жағдайда жергілікті бюджет бағдарламаларының әкімшілерінен БИЖ-ді іріктеу бойынша неғұрлым толық талдау және шешім қабылдау үшін қажетті қосымша мәліметтер мен құжаттарды талап етеді;

      3) құжаттардың толық топтамасы бар БИЖ тізбесін қалыптастырады;

      4) шығыстар көлемін негіздеу үшін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жиынтық бюджеттік өтінім жібереді;

      5) жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне бюджеттік комиссияның қарау қорытындысы және шешімі бойынша өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салуды (реконструкциялауды) қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы хабарлайды.

      36. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган мыналарды жүзеге асырады:

      1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептеу кезінде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың деректер базасы да пайдаланылады.

      Бюджеттік өтінім жасалуы және ұсынылуы бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық/жергілікті уәкілетті орган оны бюджеттік бағдарлама әкімшісіне қараусыз қайтаруға міндетті;

      2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік өтінімдер мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджеттік комиссияның қарауына жібереді;

      3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді;

      4) Қазақстан Республикасы Үкіметінің/жергілікті атқарушы органдардың республикалық бюджет туралы заңды іске асыру/жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулы жобасын әзірлейді.

      37. Республикалық бюджет туралы заңды іске асыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының Президенті республикалық бюджет туралы заңға қол қойған күннен бастап күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қабылданады.

      38. Жергілікті атқарушы органның жергілікті бюджет туралы мәслихат шешімін іске асыру туралы қаулысы (аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің шешімі) мәслихат жергілікті бюджетті бекіткеннен кейін күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде қабылданады.

      39. Республикалық бюджет туралы заңға және мәслихаттардың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттер туралы шешімдеріне, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың қаулыларына, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің кезекті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді іске асыру туралы шешімдеріне, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына, бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдеріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттік сыныптамасына, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің анықтамалығына сәйкес жеке қаржыландыру жоспарлары, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарлары, төлемдер бойынша түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспары, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспары әзірленеді.

      40. Кәсіпкерлік субъектілерінің объектілеріне және индустриялық аймақтарға өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру белгіленген тәртіппен бекітілген төлемдер бойынша тиісті бюджеттік бағдарламаны қаржыландырудың жеке жоспары негізінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер аударуы арқылы жүзеге асырылады.

3-параграф. Индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларға жетіспейтін инфрақұрылымды алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы

      41. Өңірлік үйлестіруші индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын әзірлейді және оны ӨҮК қарауына жібереді.

      ӨҮК жоба осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына, жергілікті кәсіпкерліктің мүмкіндіктеріне сәйкес келген жағдайда оң шешім шығарады.

      42. Өңірлік үйлестірушісі ӨҮК оң шешімін алғаннан кейін Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес құжаттардың толық топтамасын қоса бере отырып, индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасын уәкілетті органның және индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қарауына жібереді.

      43. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган өтінім келіп түскен кезден бастап 1 (бір) ай ішінде уәкілетті органға "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес индустриялық аймақты құру немесе дамыту жобасының шарттарға сәйкестігі тұрғысынан қорытынды жібереді. Индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті орган 1 (бір) ай ішінде қорытынды бермеген жағдайда, ол оң шешіммен берілді деп саналады.

      44. Өңірлік үйлестірушілер Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізуге арналған бюджеттік өтінімді, оның ішінде құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындысы бойынша өнім өндірісінің көлемі туралы болжамды ақпарат береді.

      45. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган индустриялық-инновациялық даму саласындағы уәкілетті органның қорытындысын ескере отырып, өтінім келіп түскен кезден бастап осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 1-параграфында регламенттелген тәртіппен индустриялық аймақтарды құру немесе дамыту жөніндегі жобаларды қарайды.

4-параграф. Кәсіпкердің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінімді беру тәртібі

      46. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтінім беру субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы электрондық түрде жүзеге асырылуы мүмкін.

      47. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыру мынадай шарттар сақталған жағдайда беріледі:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім беру.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-қимылы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өтінімді тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-қимылының нәтижесінде расталған кәсіпкердің субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерлерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеуді өз бетінше жүзеге асыруға мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркеу жүргізілген кезден бастап берілген болып есептеледі.

      48. Кәсіпкерлердің жобалары мен индустриялық аймақтарға жетіспейтін инфрақұрылымды қаржыландыруды алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге PDF форматындағы мынадай сканерленген құжаттардың көшірмелерін ұсынады:

      1) бизнес-жоспар;

      2) уәкілетті орган бекіткен Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, мониторингтеу және іске асырылуын бағалау қағидаларына сәйкес ТЭН әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН-і;

      3) сараптаманың оң қорытындысы бар жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.

      49. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, субъектінің санаты туралы хабарлама бойынша мәліметтер автоматты түрде "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелер арқылы айқындалады.

      50. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне қолжетімділік беру үшін:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өз бетінше тіркелу үшін кәсіпкерлердің ЭЦҚ-сы болуға тиіс;

      2) өңірлік үйлестірушісі жыл сайын көрсетілетін қызметтерді берушіге ЭЦҚ-сы бар өз жұмыскерлерінің өзектілендірілген тізімдерін, сондай-ақ ӨҮК мүшелерінің өзектілендірілген тізімдерін жібереді.

      51. Жеке кабинетте тіркелу үшін кәсіпкер мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) жеке кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН), толық атауы; бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) және ЖСН;

      3) байланыс деректері (пошталық мекенжайы, телефоны, электрондық пошта мекенжайы);

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелері.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде кәсіпкер бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      52. Кәсіпкердің өтінімді қалыптастыруы және тіркеуі жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 47-тармағы 3) тармақшасының талаптарын субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің тексеруі үшін қажетті мәліметтер енгізіле отырып, өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім кәсіпкердің ЭЦҚ қол қою арқылы субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады. Өңірлік үйлестірушінің веб-порталда көрсетілген электрондық мекенжайына өтінімнің қарауға түскені туралы электрондық хабарлама жіберіледі.

      Өңірлік үйлестіруші өтінімді ӨҮК қарауына жіберген кезге дейін тіркелген өтінімде қателіктер анықталған жағдайда, кәсіпкер қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді қайтарып алуға құқылы.

      53. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды (бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады);

      2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;

      3) ӨҮК барлық мүшелерін өтінім бойынша дауыс беру қажеттігі туралы хабардар етеді. Бұл хабарлама ӨҮК әрбір мүшесінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      54. Кәсіпкер және/немесе мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдар, объектілер, деректер мен мәліметтер Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда өңірлік үйлестіруші өтінімді тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге уәжді бас тарту жібереді.

      55. Дауыс берудің аяқталу күні өңірлік үйлестіруші өтінімнің қабылданғанын растаған күннен бастап бесінші жұмыс күніне белгіленеді.

      Дауыс беруді ӨҮК әрбір мүшесі субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде отырыс өткізбей жеке жүзеге асырады.

      56. ӨҮК конкурстық іріктеуді жүргізу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкес веб-порталда мыналарды жүзеге асырады:

      1) осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының өлшемшарттарына сәйкестігі тұрғысынан кәсіпкердің жобалары мен қоса берілетін құжаттарды, сондай-ақ кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салықтық түсімдер, өнім өндіру көлемдері туралы болжамды ақпаратты қарау;

      2) "келісемін" немесе "қарсымын" тармақтарын белгілеу әдісімен дауыс беру және жобаларды конкурсқа жіберу.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша дауыстар саны қосылады және субсидиялаудың ақпараттық жүйесі автоматты түрде қорытынды шешімді айқындайды.

      Кәсіпкердің жобасына субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркелген ӨҮК мүшелері санының үштен екісінен кем дауыс берілген жағдайда, субсидиялаудың ақпараттық жүйесі хаттаманы қалыптастырудан бас тартады және өңірлік үйлестірушіге өткізілмеген конкурс туралы хабарлама жібереді.

      57. ӨҮК шешімі ӨҮК отырысы өткізілген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде тиісті хаттамамен ресімделеді.

      58. Хаттамаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, ӨҮК құрамы қол қояды. ӨҮК хаттамасына қол қойылғаннан кейін жоба бойынша кәсіпкердің құжаттамасы БИЖ-ді одан әрі іске асыру жөнінде шаралар қабылдау үшін өңірлік үйлестірушінің, кәсіпкердің және жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      59. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары шеңберінде қатысушылардың жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу үшін одан әрі өзара іс-қимылы осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидаларының 3 және 4-тарауларында айқындалған тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.

      60. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділігі бар көрсетілетін қызметтерді берушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты адамдардың тізімін жібереді.

3-тарау. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуді мониторингтеу

      61. Осы Инфрақұрылымды жеткізу қағидалары шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізуді мониторингтеуді кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысын әзірлеу немесе түзету, оған қажетті сараптамаларды жүргізу, сондай-ақ бюджеттік инвестицияларды жоспарлау, қарау, іріктеу, іске асырылуын мониторингтеу және бағалау қағидаларының негізінде жергілікті бюджеттік бағдарламалардың уәкілетті органы/әкімшісі жүзеге асырады.

      62. БИЖ-ді іске асыру мониторингі:

      1) БИЖ-ді іске асыру барысы туралы ақпарат жинауды;

      2) бюджеттік бағдарламаларға сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындауды;

      3) БИЖ бойынша қаржы қаражатының игерілген сомасы жөнінде ақпарат жинауды көздейді.

      63. Мониторинг қорытындысы есепті қаржы жылы ішінде БИЖ бойынша орындалған жұмыстардың нақты және жоспарлы көлемдері мен қаржы қаражатының игерілген сомалары туралы ақпаратты қамтитын қағаз және электрондық жеткізгіштердегі есеп болып табылады.

      PDF форматындағы есептің сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.

      64. Нысаналы даму трансферттері есебінен іске асырылатын республикалық және жергілікті БИЖ бойынша жылдық мониторингті республикалық бюджеттiк бағдарламалардың әкiмшiлерi мемлекеттiк жоспарлау жөніндегі орталық уәкiлеттi органға, оның iшiнде электрондық порталға жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешiктiрмей мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) республикалық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері және кредиттер есебінен іске асырылатын жергілікті БИЖ туралы ақпарат қамтылады.

      65. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын БИЖ іске асырылу барысы туралы жылдық мониторингті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындайды және есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) сәуірінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдіктеріне ұсынады.

      Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері БИЖ-ді іске асырудың жылдық мониторингін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін ұсынады.

      Жиынтық ақпаратта:

      1) жергілікті бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын БИЖ туралы ақпарат;

      2) аяқталған және өтпелі жобалар, әзірленетін ЖСҚ саны бойынша ақпарат;

      3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттер есебінен қаржыландырылатын БИЖ тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, нақты орындалу, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.

      66. Жергілікті атқарушы органдар нысаналы трансферттерді олардың тиісті бюджеттік бағдарламаларда белгіленген нысаналы мақсатына сәйкес қана пайдаланады.

      67. Мемлекеттiк аудиттiң нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға сәйкес нысаналы трансферттердiң нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмаған сомалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған тәртіппен мемлекеттік аудит нәтижелерi бойынша қабылданатын аудиторлық қорытындыға қол қойылғаннан кейін 3 (үш) айдан кешiктiрмей осы трансферттерді бөлген жоғары тұрған бюджетке мiндеттi түрде қайтарылуға тиiс.

      68. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының резервiнен бөлiнгендердi қоспағанда, республикалық/облыстық бюджеттен бөлінген нысаналы даму трансферттерiнiң тиiстi қаржы жылында пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары нысаналы мақсаты сақтала отырып, келесі қаржы жылында пайдаланылуы (толық пайдаланылуы) мүмкін.

      69. Қаржы жылы ішінде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң/облыстың жергiлiктi атқарушы органының шешiмi бойынша пайдалануға (толық пайдалануға) рұқсат берілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары ағымдағы қаржы жылының соңына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.

      70. Қазақстан Республикасының Үкiметi, облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы ағымдағы қаржы жылында одан әрі пайдалану (толық пайдалану) туралы шешім қабылдамаған республикалық, облыстық және аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттердің пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары жылдың басындағы бюджет қаражатының қалдығы есебінен ағымдағы қаржы жылының 1 (бірінші) наурызына дейін оларды бөлген жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға тиіс.

      71. Мониторинг нәтижелері бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізілмеген және жергілікті бюджеттен қоса қаржыландыру қамтамасыз етілмеген жағдайда, БИЖ-ді іске асыруға жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу қайта жүзеге асырылмайды.

      72. Өңірлік үйлестірушілер жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 10 (оныншы) ақпанынан кешіктірмей, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға шағын және орта кәсіпкерлік жобаларының іске асырылу мәртебесі туралы ақпарат береді. Жобалар пайдалануға берілген жағдайда өңірлік үйлестірушілер құрылған тұрақты және уақытша жұмыс орындары, салық аударымдары, өнім шығару және еңбекақы төлеу қорының ұлғаюы туралы ақпарат береді.

      Ескерту. Қағидалар 72-тармақпен толықтырылды – ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жеткізу
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдау мен лизингін көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылым жеткізу
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға өтініш

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда- ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      ____________________________________________________________________
(бұдан әрі – кәсіпкер) (заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысаны, атауы; дара кәсіпкердің аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі, паспорттық деректері)

      ____________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның орналасқан жері, пошталық мекенжайы; дара кәсіпкердің тұрғылықты жері)

      ___________________________________________________________________
(жобаны іске асыру орны)

      __________________________________________________________________
(қала (аудан) коды көрсетілген байланыс телефонының нөмірі, электрондық пошта мекенжайы)

      ____________________________________________________________________
(банктік деректемелері)

      ___________________________________________________________________
(қызметтің бейіндік бағытын көрсету)

      ___________________________________________________________________

      (экономика саласын, экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) көрсету)

      ____________________________________________________________________

      (ұйым басшысы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс телефоны)

      ____________________________________________________________________

      (жобаның жауапты орындаушысы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі, лауазымы, байланыс телефоны)

      ___________________________________________________________________

      қажетті ақша қаражаты (меншікті қаражаты, қарыз қаражаты)

      ___________________________________________________________________

      инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттілігінің негіздемесі.

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға конкурстық іріктеуге қатысатыны туралы мәлімдейді. Кәсіпкер конкурс шарттарымен танысты және Ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларына сәйкес қажетті құжаттарды бекітеді.

      __________________________________________________________________

      Қолы (тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), лауазымы)

      Өтініштің № "___" _____________ 20___ жыл "____" сағат "____" мин

      Мен өзім ұсынған мәліметтердің дұрыс екенін растаймын және ӨҮК мәліметтерін тексеруге қарсы емеспін. Кәсіпкер осы өтінімге қол қоя отырып, мыналарды мәлімдейді және оларға кепілдік береді:

      1. Барлық деректер, ақпарат және құжаттама анық және төменде көрсетілген күнге толық сәйкес келеді.

      2. Кәсіпкерге жалған, толық емес және (немесе) анық емес мәліметтерді ұсынғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық туралы ескертілді.

      3. Кәсіпкер кәсіпкердің жарғылық құзыреті осы өтінішке қол қоятын адамға осы өтінішті беруге мүмкіндік беретінін растайды.

      4. Көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, көрсетілген деректердің анық емес екенін растайтын мәліметтер анықталған кез келген кезеңде осы өтінімді қабылдаудан бас тартылуы мүмкін екендігімен келісемін.

      Кәсіпкер осымен:

      1. Өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органдарға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екендігіне келісім береді.

      2. Осы өтінімде қамтылған барлық мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылған.

      3. Ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым қаржыландырылған жағдайда ақпаратқа, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратқа, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерге қол жеткізуді ұсынады.

      4. Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы мәселені қарау тәртібімен танысқанымды және келісетінімді растаймын.

      ____________________________ _______________________________

      Басшы (дара кәсіпкер (қолы) (қолын таратып жазу)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
өндірістік (индустриялық)
инфрақұрылымды жеткізу
қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу үшін электрондық өтінім

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. ___________ облысының (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) _____________________________________________________. (заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      2. Ұсынылып отырған 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыруға арналған конкурстық іріктеуге қатысу туралы материалдарды қарастыруды сұраймын.

      3. Өтініш беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      басшының ЖСН ________________________________________________

      мекенжайы ____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ___________________________________________

      дара кәсіпкер үшін:

      атауы _________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ____________________________

      ЖСН __________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі _________________________________________________________

      кім берді ______________________________________________________

      берілген күні ___________________________________________________

      мекенжайы _____________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі ____________________________________________

      Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері _________________________________________________

      хабарланған күні ______________________________________________

      4. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: _____________________________________________

      Банктің атауы: __________________________________________________

      БСК ___________________________________________________________

      ЖСК___________________________________________________________

      БСН ___________________________________________________________

      Кбе ____________________________________________________________

      5. Жоба туралы мәліметтер:

      жобаның атауы __________________________________________________

      жобаның қысқаша сипаттамасы ____________________________________

      жобаны іске асыру орны __________________________________________

      қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _________________

      қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________________

      инфрақұрылымды жеткізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі _____

      құрылыстың құны, мың теңге ______________________________________

      жобаның құны (инвестициялар), мың теңге __________________________

      салық салу жүйесі: _______________________________________________

      экономика саласын көрсету: _______________________________________

      ЭҚЖЖ:________________________________________________________

      жалдамалы жұмыскерлер саны _____________________________________

      6. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсерлік:

Р/с №

Жылдар

Факт

Болжам

ағымдағы жыл

1-ші жыл

2-ші жыл

3-ші жыл

1

2

3

4

5

6

1

Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам



-

-

2

Салықтар түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге





3

Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге





      7. Берілген құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (pdf. форматында)

1

2

3

1

Бизнес-жоспар


2

Жобаның ТЭН-і


3

Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама


      Мыналарға:

      1) өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда, өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуі мүмкін екендігімен;

      2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екендігімен;

      3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жетіспейтін өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;

      4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда, осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбауы мүмкін екендігімен;

      5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ-ға ұсынуға құқылы екендігімен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдайтынымен, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.с.с.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеу міндеттемесі болып табылмайтынымен келісемін.

      Конкурс шарттарымен және 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды жеткізу қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш беруші 20__ жылғы "___" _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы "___" __________ сағ. 00:00-де қабылдады:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар), Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және кредиттер/микрокредиттер/ екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі – ЕДБ)/микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыруы бойынша шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы қаржы компаниясы – жобалық қаржыландыру және секьюритилендіру мәмілелерін жүзеге асыру үшін "Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын, пайдасына талап ету құқығы берілетін заңды тұлға;

      1-1) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      2) банк-төлем агенті – қаржы агенттігімен келісілген және жобалар бойынша субсидияларды аударуға мен есептен шығаруға арналған МҚҰ-ның арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын МҚҰ-ның уәкілетті банкі;

      3) бөлiнген активтер – жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру мәмілелерінде арнайы қаржы компаниясына берілген талап ету құқықтары, оған берілген талап ету құқықтары бойынша алынған кастодиан банктегі шоттардағы ақша, көрсетілген ақшаны инвестициялау нәтижесінде арнайы қаржы компаниясы сатып алған қаржы құралдары, қаржы құралдарын сату нәтижесінде алынған ақша, сондай-ақ қосымша қамтамасыз етуді жасау кезінде туындайтын мүлік пен мүліктік құқықтар;

      4) ислам банкі – "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-тарауында көзделген банк қызметін лицензия негізінде, осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк;

      5) ислам банкі беретін қаржыландыру (бұдан әрі – қаржыландыру) – ислам банкі кәсіпкерге беретін тауар үшін төлемнің мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу;

      6) кәсіпкер – Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес айқындалатын шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісі, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      7) кредит шарты – банк пен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша банк кәсіпкерге кредит береді (кредиттік желі ашу туралы келісім де кредиттік шартқа жатады);

      8) кредитті/микрокредитті нысаналы пайдалану – кәсіпкердің қарыз шарты бойынша алынған кредитті/микрокредитті осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін және активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);

      9) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      10) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      11) қаржыландыру шарты – ислам банкі мен кәсіпкер арасында жасалатын жазбаша келісім, оның шарттары бойынша ислам банкі кәсіпкерге – тауарды сатып алушыға немесе сатушыға коммерциялық кредит береді (қаржыландыру шартына бас қаржыландыру келісімі де жатады, оның шеңберінде ислам банкі мен кәсіпкер коммерциялық кредит беру (қаржыландыру) туралы жеке шарттар жасасады);

      12) микрокредит – микроқаржы қызметін жүзеге асыратын ұйым шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектісіне Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында ұсынатын, республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген сегіз мың еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын ақша;

      13) микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – МҚҰ) – микрокредиттер беру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын микроқаржы ұйымы;

      14) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      15) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім – ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында жасалатын, сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді іске асыру шеңберінде тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын жазбаша келісім;

      16) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге субсидиялар беру нысаны.

      Секьюритилендіру тетігі арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері де субсидиялауға жатады. Мұндай жағдайда кәсіпкерлердің осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде субсидиялау құралы бойынша қолдау тапқан кредиттерін/микрокредиттерін әкімшілендіру (сүйемелдеу) функциясын осындай кредиттерді/микрокредиттерді арнайы қаржы компаниясына берген ЕДБ/МҚҰ жүзеге асырады.

      Секьюритилендіру тетігі кәсіпкерлерді: арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ бөлінген активтерімен қамтамасыз етілген облигацияларды шығаруы; қаржы агенттігінің арнайы қаржы компаниясы шығарған, бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды сатып алуы (секьюритилендіру мәмілесі); арнайы қаржы компаниясының ЕДБ/МҚҰ-ға қаржы агенттігінен тартылған қаражатты беруі арқылы мемлекеттік қаржылай қолдау нысанын көздейді;

      17) портфельдік ішінара кепілдік беру – ЕДБ/МҚҰ үшін қаржы агенттігі белгілеген лимит шеңберінде кәсіпкерлерге кепілдік беру нысаны;

      18) секьюритилендіру – бөлінген активтермен қамтамасыз етілген облигацияларды шығару арқылы ақшалай талап етуді беруге орай қаржыландыру;

      19) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді қаржыландыру жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге көзделген қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      4. Сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба мен "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі (бұдан әрі – тетік) бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігімен арада жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігіне оның арнайы шотына аударады.

      5. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба бойынша өңірлік үйлестіруші олардың арасында жасалатын ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Ұлттық жоба шеңберінде субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      5-1. Қаржы агенттігі ұлттық жоба тиімділігінің жалпы кешенді жылдық талдамалық есебін қалыптастыру мақсатында есепті жылдан кейінгі жылғы шілдеден кешіктірмей ұлттық жобаның/тетіктің іске асырылуын кредиттер/микрокредиттер бойынша субсидиялау және кепілдік беру бөлігінде мониторингтеудің нәтижелерін уәкілетті органға жібереді.

      Ескерту. 1-тарау 5-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-тарау. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну тәртібі

1-параграф. "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты бойынша субсидиялар және кепілдіктер беру шарттары

      6. Кәсіпкерлер "Микро- және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағытының қатысушылары болып табылады.

      6-1. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлердің жобалар;

      2) ұлттық даму институттары кредитор болып табылатын кредиттер/микрокредиттер;

      3) сыйақы мөлшерлемесі осы Қағидаларды іске асыру шеңберінде арзандатылған ЕДБ/МҚҰ кредиттерді/микрокредиттерді/қаржыландыруын қоспағанда, олар бойынша сыйақы мөлшерлемесі бюджет қаражаты есебінен арзандатылған кредиттер/микрокредиттер;

      4) ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпорындардың үлестерін, акцияларын мүліктік кешен ретінде сатып алуға бағытталған кредиттер/микрокредиттер;

      5) овердрафт түріндегі кредиттер "Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау" бағыты шеңберінде субсидиялауға және кепілдік беруге жатпайды.

      Ескерту. 2-тарау 6-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      7. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін, сондай-ақ сауда саласындағы (тамақ өнімдерінің саудасына жол беріледі) қызметті қоспағанда, салалық шектеулерсіз инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Жобаларды елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы ұйымдарының, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жүзеге асырылатын инвестициялық мақсаттарға арналған кредиттің/микрокредиттің/ қаржыландырудың ең жоғары сомасы 20 (жиырма) млн теңгеден және айналым қаражатын толықтыруға 5 (бес) млн теңгеден аспайды. Айналым қаражатын толықтыруға арналған кредиттерге/микрокредиттерге/қаржыландыруға жаңартылатын және/немесе жаңартылмайтын негізде кредит желісі түрінде жол беріледі. Бір қарыз алушыға арналған лимит 20 (жиырма) млн теңгені құрайды. Кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды өтеген кезде Қағидаларда белгіленген лимит шегінде оны қайта алуға жол беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      8. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      9. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 15,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша ғана жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Елді мекендерде, оның ішінде моно- және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын шағын және микрокәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген базалық мөлшерлемеден аспайтын және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады. Жоғарыда көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар қаржы агенттігінің уәкілетті органы кәсіпкерлер олар бойынша өз міндеттемелерін толық орындағанға дейін бұрын мақұлдаған шарттарда қолданылады.

      Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін субсидиялау және кепілдік беру ломбардтардың, микроқаржы, факторингтік ұйымдардың және лизингтік компаниялардың қызметін қоспағанда, салалық шектеулерсіз және номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған, оның 16,75 %-ын мемлекет субсидиялайтын, ал айырмасын кәсіпкер төлейтін базалық мөлшерлемеден аспайтын кредиттер/қаржыландыру бойынша жүзеге асырылады.

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2022 жылғы 6 желтоқсанға белгілеген базалық мөлшерлеме азайған жағдайда мемлекет субсидиялайтын сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің азаятын мәніне тең өзгеруіне азаяды.

      Жезқазған және Қонаев қалаларында іске асырылатын жобалар үшін 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі өтінімдер бойынша елді мекендерде, оның ішінде моно және шағын қалаларда, ауылдық елді мекендерде жобаларды іске асыратын кәсіпкерлердің кредиттері/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесіне кепілдік беру және субсидиялау шарттары қолданылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 28 %-дан аспайтын, оның ішінде номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50 %-ын мемлекет субсидиялайтын МҚҰ микрокредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша МҚҰ микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау "Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысында көзделген тәртіппен оқытудан өткен "Бастау Бизнес" жобасы түлектерінің номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 20 %-дан аспайтын, оның 6 %-ын кәсіпкер төлейтін, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын микрокредиттері бойынша жүзеге асырылады.

      Бұл ретте шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін портфельдік ішінара кепілдік мөлшері кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ын қоса алғанға дейінгі соманы құрайды, кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың қалған сомасын ЕДБ/МҚҰ қалауы бойынша кәсіпкер өтейді.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 17.02.2023 № 139 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Инвестициялық мақсаттарға кредиттер/микрокредиттер/ қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 (үш) жылды, айналым қаражатын толықтыру 2 (екі) жылды құрайды.

      11. Ұсынылатын портфельдік ішінара кепілдік мерзімі кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімінен аспайды.

      12. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру қаржы агенттігі уәкілетті органының ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес іріктелетін ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/қаржыландыруы бойынша жүзеге асырылады.

      13. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы әрбір ЕДБ/МҚҰ үшін оның өңірлік филиалдары бөлінісінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/ислам банкінің кірісін құрайтын тауардың үстеме бағасын портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру лимитін айқындайды.

      14. Қаржы агенттігі төлеген ЕДБ/МҚҰ талаптары қаржы агенттігінің кепілдігі бойынша қалыптастырылған кредиттік портфель көлемінің (берешек қалдығының) 10 %-ынан жоғары шектен асқан жағдайда қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді тоқтатады. Мұндай жағдай туындаған кезде жаңа жобалар қарауға жіберілмейді.

      Бұл ретте қаржы агенттігі бұрын жасалған шарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.

      15. Секьюритилендіру тетігі (мәмілесі) арқылы кәсіпкерлерді қаржыландыруға бағытталған ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері субсидиялауға жатады. Бұл ретте қаржы агенттігі секьюритилендірілген облигацияларды меншікті не өзге қаржыландыру көздерінен тартылған қаражат есебінен сатып алады.

2-параграф. Шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды беру шеңберінде ЕДБ/МҚҰ лимитін айқындау тәртібі

      16. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы ЕДБ/МҚҰ лимиттерін ЕДБ/МҚҰ-мен алдын ала келісу бойынша жыл сайын бекітеді, сондай-ақ лимит игерілген жағдайда жыл ішінде қосымша ұлғайтылуы не секвестрленуі мүмкін.

      17. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін ЕДБ:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;

      2) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сай болуы тиіс.

      18. Лимиттің бөлінуіне қатысу үшін МҚҰ:

      1) МҚҰ меншікті капиталы құжаттар тапсырылған күні Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі деңгейден төмен болмауы;

      2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде есептік тіркеудің болуы;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пруденциялық және өзге де нормативтерін орындауы;

      4) қаржы агенттігінің ішкі құжаттарына сәйкестік талаптарына сәйкес болуы тиіс.

      19. Егер ЕДБ/МҚҰ лимитінің игерілу көлемі қаржы агенттігі лимитті айқындаған кезден бастап 6 (алты) ай өткеннен кейін 30 %-дан кем болса, лимиттерді басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөлуге рұқсат етіледі.

      20. ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасында лимит айқындалғаннан кейін сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісім жасалады, онда:

      1) ЕДБ/МҚҰ лимиттерін игеру мерзімдері;

      2) портфельдік ішінара кепілдікті төлеу тәртібі;

      3) сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды төлеу тәртібі;

      4) жобаларды іске асыру мониторингін жүзеге асыру;

      5) субсидиялау тоқтатылған (қаражатты мақсатқа сәйкес пайдаланбау) жобалар арасында босаған лимиттерді қайта бөлу шарттары көрсетіледі.

      21. ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің негізгі борышты ішінара/мерзімінен бұрын толық өтеуі туралы, сондай-ақ төлем графигінің өзгергені туралы қаржы агенттігін хабардар етпеген/уақтылы хабардар етпеген жағдайда қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді, бұл ретте хабарлау мерзімдері ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағаның бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген.

      Кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша негізгі борышты мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматта (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигі бар және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хат жібереді.

      Кәсіпкер күнтізбелік ай ішінде кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша негізгі борышты бірнеше рет мерзімінен бұрын ішінара өтеген жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне осындай жағдайлар бойынша біріктірілген кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына қосымша келісімнің көшірмесін не ЕДБ/МҚҰ-ның электрондық форматтағы (XLS немесе XLSX) төлемдерді өтеудің өзгертілген графигімен және төлеуге тиесілі субсидиялар сомасын көрсете отырып хатын ұсынуға жол беріледі.

3-параграф. Портфельдік ішінара кепілдік беру тәртібі

      22. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға кредит/микрокредит/қаржыландыруды ұсыну өтінімімен жүгінеді.

      23. Қарыз алушының кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша кепілдік қамтамасыз етуі жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының 85 %-ына дейінгі мөлшерде кепілдік беруді қамтамасыз етеді.

      24. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптама жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік кепілдік беру шеңберінде қаржы агенттігінің кепілдігімен кредит/микрокредит/қаржыландыруды беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін және кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хатты береді.

      Бұл ретте деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді.

      Ескерту. 24-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      25. Жоғарыда көрсетілген құжаттардың негізінде қаржы агенттігі хабарлама хат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ЕДБ/МҚҰ-ға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кепілдік міндеттеме жібереді.

      Кепілдік міндеттеме қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік міндеттеменің электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады. Өтінім автоматтандырылған сервис арқылы қаралған жағдайда кепілдік міндеттемені қаржы агенттігі сервис арқылы жібереді.

      26. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимитті асырған жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      27. Өтінім қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисі арқылы қаралған жағдайда ЕДБ/МҚҰ кепілдік міндеттемені алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігін кәсіпкерге кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың берілгені туралы сервис арқылы хабардар етеді.

      28. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі портфельдік ішінара кепілдік беру бойынша лимитті басқа ЕДБ/МҚҰ-ға қайта бөле алады.

      29. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға кепілдік төлеуі ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      30. Егер кәсіпкер кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаған/тиісінше орындамаған күннен бастап күнтізбелік 120 (бір жүз жиырма) күн ішінде кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне талап қоя алады.

      31. Қаржы агенттігі ЕДБ/МҚҰ кредиттері/микрокредиттері/ қаржыландыру бойынша кепілдіктерді талапты алған сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күні ішінде төлейді.

      Ескерту. 31-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      32. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда қаржы агенттігінің кепілдігі жойылады/кепілдік сомасы мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасына барабар төмендейді.

      33. Кепілдіктің күшін жою/кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша кепілдік сомасын төмендету есебінен қаражат босаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ бөлінген лимит шеңберінде жаңа жобалар бойынша өтінімдерді қарайды.

      34. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасаған кредиттеу/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

      35. Қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылының республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерін нақтылағанға дейін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігі бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің 10 %-ынан аспайтын көлемде республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражатты одан әрі өтеу кезінде кепілдік шарттарын жасасады.

      Бюджетті кезекті нақтылау кезінде кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның/облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімдігінің қаражатты кейіннен өтеуі үшін қаржы агенттігі ай сайын, 10-күнге дейінгі мерзімде өтелетін соманы көрсете отырып, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органды/облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігін жасалған кепілдік шарттары туралы хабардар етеді.

      Ағымдағы қаржы жылында республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден қаражат бөлінген кезде бірінші кезекте бұрын жасалған кепілдік шарттары бойынша өтеу жүзеге асырылады, ал қалған сома жаңа жобаларға бөлінеді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес бұрын жасалған кепілдік шарттарын өтеуге бөлінген қаражат жеткіліксіз болған жағдайда қаржы агенттігі республикалық және/немесе жергілікті бюджеттерден берілген қаражат толық өтелгенге дейін жобаларға кепілдік беруді тоқтата тұрады.

4-параграф. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау тәртібі

      36. Кәсіпкер ЕДБ/МҚҰ-ға қаржыландыру беруге өтініммен жүгінеді.

      37. ЕДБ/МҚҰ жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігіне кешенді бағалау/сараптау жүргізеді. ЕДБ/МҚҰ портфельдік субсидиялау шеңберінде кредит/микрокредит/қаржыландыру беру туралы оң шешім қабылдаған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне:

      1) кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының көшірмесін немесе кредиттік шарт/қаржыландыру шарты бойынша қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне деректерді береді;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хабарлама хат жібереді (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама хат талап етілмейді).

      38. Кредит шартына/қаржыландыру шартына қол қойған кезде кәсіпкер кредит қаражатын мақсатқа сай пайдалану бойынша өзіне міндеттеме алады. Кәсіпкер осы міндеттемені орындамаған жағдайда:

      1) субсидиялау тоқтатылады, кәсіпкер қаржы агенттігіне төленген субсидиялар сомасын өтейді;

      2) кәсіпкерді қаржыландыру шарттары қайта қаралады, оған сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

      Ескерту. 38-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      39. ЕДБ субсидиялар сомаларын аудару үшін қаржы агенттігіне ағымдағы шот ашады.

      Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ МҚҰ қаржы агенттігімен келісу бойынша банк-төлем агентін айқындайды, онда МҚҰ субсидияларды аударуға арналған ағымдағы шот ашады.

      40. Кредиттік шарттарға/қаржыландыру шарттарына қол қойылуына қарай ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 37-тармағын ескере отырып төлемдерді жүзеге асыру үшін құжаттар топтамасын жібереді.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігі алдыңғы кезеңдер үшін субсидиялардың өтелуін ескере отырып, ЕДБ/МҚҰ ұсынған кредиттік шарттың/қаржыландыру шартының төлем графигін ескере отырып, ай сайын аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) банктегі/банк-төлем агентіндегі ағымдағы шотқа аударуды жүзеге асырады.

      Бұл ретте ЕДБ/МҚҰ осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып алуға тиесілі субсидия сомасын өзі есептейді, көрсетілген есептемелерді тексеруді қаржы агенттігі жүзеге асырмайды.

      Субсидиялау үшін көзделген қаражат аударылғаннан кейін қаржы агенттігі қаражаттың аударылғаны туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы ЕДБ/МҚҰ-ға бір мезгілде хабарлайды. Хабарламада ЕДБ/МҚҰ атауы, өңірі, кәсіпкердің атауы, субсидиялар сомасы және төлемнің қай кез үшін жүзеге асырылғаны көрсетіледі.

      41. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды ЕДБ/банк-төлем агентінің кредиттік рейтингі және қаржылық жағдайының нашарлауының өзге де белгілері төмендеген жағдайда, оның ішінде:

      халықаралық рейтингтік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингтер шкаласы бойынша "В" деңгейінен төмендеген;

      К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;

      қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциялық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкерлердің кредит бойынша толық төлемді (негізгі борыш, сыйақының субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлігі) жасау фактісі туралы ЕДБ/МҚҰ-ның хабарламасы негізінде не кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін негізге ала отырып, қысқа мерзімді кезеңге сыйақының субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.

      ЕДБ/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзетілген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына төлем графиктерін ескере отырып, аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.

      42. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігінің хабарламасы негізінде кәсіпкерлердің жобалары бойынша субсидиялар сомасын қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан есептен шығаруды жүзеге асырады. ЕДБ/банк-төлем агенті шоттардағы қаражатты жалпы ағымдағы қаражат қалдықтарының есебінен шығара алмайды.

      43. Кәсіпкер кредиттік шартқа/қаржыландыру шартына сәйкес өтеу графигіне сай сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігінде ЕДБ/МҚҰ сыйақысын төлеуді жүргізеді.

      Кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша төлемді (негізгі борыш пен сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігі) толық төлеуді жүргізу фактісі бойынша ЕДБ/МҚҰ кәсіпкердің кредиті/микрокредиті/қаржыландыруы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу есебіне қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан ақшаны есептен шығаруды жүзеге асырады.

      44. Кәсіпкер кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша жоспарлы төлемді нақты өтеген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткен соң сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланатын бөлігін өтеу үшін қаржы агенттігінің ағымдағы шотынан субсидиялар сомасын есептен шығарған жағдайда ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне 50 (елу) АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

      45. ЕДБ/МҚҰ қаржы агенттігіне ресми хатпен осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимит бойынша талаптарды сақтау үшін қарыз алушы туралы ақпаратты жіберуге міндетті.

      46. Қарыз алушы осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген лимиттен асқан жағдайда қарыз алушының жобасын қаржыландыруға жол берілмейді не қаржыландыру мөлшері белгіленген лимит деңгейіне дейін қысқартылады.

      47. Қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі ЕДБ/МҚҰ және қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырылады.

      48. Бұл ретте қаржы агенттігінің ЕДБ/МҚҰ-ға субсидиялар төлеуі тиісті өңірлік үйлестірушіден қаражат болған кезде жүзеге асырылады.

      49. Осы Қағидалардың 14-тармағында көрсетілген ЕДБ/МҚҰ көрсеткіші нашарлаған жағдайда қаржы агенттігі лимит шеңберінде жаңа жобаларды субсидиялауды тоқтатады.

      50. Кредит/микрокредит/қаржыландыру мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған жағдайда, оның ішінде қаржы агенттігі мақсатсыз/ішінара мақсатсыз пайдалануды өз бетінше анықтаған кезде де қаржы агенттігі сыйақы мөлшерлемесі/үстеме бағаны субсидиялауды тоқтатады, бұл ретте субсидиялау кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың мақсатқа сәйкес пайдаланылмаған сомасына барабар, тоқтатылады.

      51. Қаржы агенттігі субсидиялауды тоқтатуды ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көрсетілген рәсімдерге сәйкес жүзеге асырады.

      52. ЕДБ/МҚҰ:

      1) субсидиялау жүзеге асырылатын кредитті/микрокредитті/ қаржыландыруды мақсатқа сәйкес/ішінара мақсатқа сәйкес пайдаланбау, бұл ретте субсидиялау кредитті/микрокредитті/қаржыландыруды мақсатқа сәйкес пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;

      2) жобаның және/немесе кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салыну (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатыла тұру фактілері анықталған кезде 5 (бес) жұмыс күні ішінде субсидиялауды тоқтату туралы мәселені қарау үшін қаржы агенттігіне хабарлама жібереді.

      53. Кредиттер/микрокредиттер/қаржыландыру бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тоқтатылған кезде ЕДБ/МҚҰ қаржыландыру шарттарын қайта қарайды, оларға сәйкес номиналды сыйақы мөлшерлемесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген және 7 (жеті) пайыздық тармаққа ұлғайтылған базалық мөлшерлемеден аспайды.

      Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      54. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауды қайта бастау ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімде көзделген шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      55. ЕДБ/МҚҰ:

      1) кәсіпкер бастама жасайтын кредит беру/қаржыландыру шарттарының өзгеруіне байланысты;

      2) кәсіпкердің кредит/микрокредит/қаржыландыру бойынша міндеттемелерін бұзу себебінен алынатындарды қоспағанда, кредитке/ микрокредитке/қаржыландыруға байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

5-параграф. Қаржыландыру тетігі

      56. Өңірлік үйлестіруші қаражат түскен кезден бастап субсидиялау және кепілдік беру туралы шарт негізінде 10 (он) жұмыс күні ішінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін қаржы агенттігі көрсеткен шотқа тиісті қаржы жылы бөлінген соманың 50 % мөлшерінде қаржы агенттігіне қаражат аударуды жүзеге асырады. Бұдан кейінгі төлемдер қаржы агенттігінің өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялау және ішінара кепілдік беру шеңберінде және өңірлік үйлестірушілер/қаржы агенттігі ағымдағы қаржы жылы пайдаланбаған, бөлінген қаражат кезекті қаржы жылы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны субсидиялауға және жобаларға, оның ішінде кезекті қаржы жылы мақұлданған жобаларға ішінара кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

      Жобаларға ішінара кепілдік беру үшін бюджет қаражатының жетіспеуі пайда болған жағдайда облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қосымша қаражат алғанға дейін жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беруді тоқтата тұру үшін бұл туралы қаржы агенттігін хабардар етеді.

      57. Облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімдігі қаржы агенттігіне төлейтін кепілдік құны портфельдік ішінара кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды және шығарылған кепілдіктер үшін төлем болып табылады. Портфельдік ішінара кепілдік шартының қолданылуы мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сома кейіннен жобаларға портфельдік ішінара кепілдік беру үшін пайдаланылады. Қаржы агенттігі алынған қаражатты түрлі қаржы құралдарына өз қалауы бойынша орналастыра алады.

3-тарау. Жобаларды іске асыру мониторингі

      58. Осы Қағидалар шеңберінде жобаларды іске асыру мониторингін қаржылық агенттік кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын Жобалар мониторингін жүргізу қағидаларының негізінде жүзеге асырады.

      58-1. Банк/МҚҰ жобаның осы Қағидалардың және ЕДБ/МҚҰ мен қаржы агенттігі арасындағы сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін /үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің шарттарына сәйкестігіне мониторингті, атап айтқанда:

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде кредитті/қаржыландыру шартын/микрокредитті мақсатқа сай пайдалану мониторингін;

      төлем тәртібінің мониторингін (тұрақты негізде);

      кредиттік шарт/қаржыландыру шарты/микрокредит жасалған кезден бастап 1 (бір) жылдан кешіктірілмейтін мерзімде жобаның және (немесе) кәсіпкердің ұлттық жобаның, Қағидалар мен сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін/үстеме бағаны портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы келісімнің талаптарына сәйкестігінің мониторингін жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-тарау 58-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      59. Қаржы агенттігі:

      1) кәсіпкер инвестициялық жобалар (инвестициялық транш бойынша аралас кредиттік желілер) бойынша кредит шарты бойынша негізгі борыш сомасын өтеу жөніндегі міндеттемелерді күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде (немесе кепілдік шартында белгіленген өзге де мерзімде) орындамаған;

      2) қаржы агенттігіне хабарлама жіберілген жағдайда осы Қағидалардың 52-тармағының 1) және 2) тармақшаларына сәйкес ЕДБ/МҚҰ бойынша кредиттік қаражаттың мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайларда мониторинг жүргізеді.

      Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігі іріктеп мониторинг жүргізеді.

      Ескерту. 59-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4-тарау. Өтпелі ережелер

      60. 2022 жылғы 1 қаңтарға дейін сыйақы мөлшерлемесінің/үстеме бағасының бір бөлігін субсидиялау және ішінара кепілдік беру үшін көзделген және "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – "БЖК-2025" бағдарламасы) және Тетік бойынша жергілікті және/немесе республикалық бюджеттердің қаражаты есебінен аударылған қаражатты қаржы агенттігі толық игерілгенге дейін пайдаланады.

      61. Бұрын бекітілген "БЖК-2025" бағдарламасы шеңберінде осы Қағидалар бекітілгенге дейін мақұлданған жобалар бұрын мақұлданған шарттарда қолданылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      *Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалға алуды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
2-қосымша
Нысан
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ-ға

Хабарлама-хат

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ (бұдан әрі – қор) мен _______________ АҚ (екінші деңгейдегі банктің атауы көрсетіледі) (бұдан әрі – банк) арасында сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялау және ішінара кепілдік беру туралы қол қойылған _______________ № _____ келісім шеңберінде Банк "_______________" жеке кәсіпкерінің/жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің/акционерлік қоғамының/шаруа қожалығының (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ) (оның ішінде кредит бойынша қоса қарыз алушылар көрсетіледі) өтінімін қарап, төмендегі шарттарда* мақұлдағанын хабарлаймыз:

Банктің қарыз шарты/Қаржыландыру шарты**


Қарыз алушының бизнес-сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН/БСН)


Қарыз алушының заңды және нақты (бар болса) мекенжайы


Тіркелген күні (ЖК/ЖШС/АҚ/ШҚ)


Банктің атауы


Қарыз алушы шотының нөмірі


Бенефициар коды (КБЕ)


Банкке өтініш берілген күн


Банктің уәкілетті органы шешім қабылдаған күн


Қорландыру бағдарламасы


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты


Осы шарт жасалған күнгі кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру валютасы


Кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі (аяқталу күнін көрсете отырып, айлармен)


Кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың сыйақы мөлшерлемесі


Қаржыландыру саласы


Кепілдік мөлшері (кредит сомасының %-ын көрсете отырып)


Кепілдік мерзімі (басталу және аяқталу күнін көрсете отырып)


Кредит бойынша кепілдікті қамтамасыз ету (қордың кепілдігінен басқа) – атауы, мекенжайы, нарықтық және кепілдік құны


Жоба іске асырылатын жер (қаланы/ауданды міндетті түрде көрсете отырып, облыс)


      * шарттарды кесте нысанында қосуға жол беріледі

      ** көшірмесі қоса беріледі

      Құрметпен, ___________ ____________ ____________________________________

      (лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын,
оның ішінде микрокәсіпкерлік
субъектілерінің
кредиттері/микрокредиттері
бойынша сыйақы
мөлшерлемесінің бір бөлігін
портфельдік субсидиялауды
және ішінара кепілдік беруді
ұсыну қағидаларына
3-қосымша
Нысан
  Кепілгердің атауы:
"Даму" кәсіпкерлікті
дамыту қоры" АҚ
Мекенжайы:_________________
Кімге:______________________
(банктің/МҚҰ толық атауы
және деректемелері)

№ _______ кепілдік міндеттемесі

      Ескерту. 3-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

_____________ қаласы

20____ жылғы "____"__________

      Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері/микрокредиттері бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін портфельдік субсидиялауды және ішінара кепілдік беруді ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) шарттарын, сондай-ақ _______ "_______________" (бұдан әрі – қарыз алушы) _______________ АҚ-мен (бұдан әрі – Банк/МҚҰ) мынадай:

      1) кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасы ____________________;

      2) кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесі/ислам банкінің кірісін құрайтын тауарға үстеме баға _____________________________________;

      3) кредит/микрокредит/қаржыландыру мерзімі ____________ (айлармен);

      4) кредиттің/микрокредиттің/қаржыландырудың нысаналы мақсаты _____, негізгі шарттармен 20___ жылғы "___"_________ №______ (шарттың толық атауы және оның деректемелері көрсетіледі) кредит шартын/қаржыландыру шартын (бұдан әрі – кредит шарты/қаржыландыру шарты) жасасқанын назарға ала отырып,

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ жоғарыда көрсетілген кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша кепілгер болып табылатынын растайды және қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша міндеттемелерін орындамауынан және (немесе) тиісінше орындамауынан туындаған Банктің/МҚҰ-ның есептелген сыйақысын/үстеме баға сомасын, комиссияларды, тұрақсыздық айыбын, өсімпұлдарды, айыппұл санкцияларын, борышты өндіріп алу бойынша сот шығасыларын, басқа да шығындарын ескермей, негізгі борыш қалдығына тең соманы Банкке/МҚҰ-ға оның талабы бойынша төлеу міндеттемесін өзіне алады.

      Кепілдік қарыз алушы кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борыш сомасын қайтару жөніндегі міндеттемелерді орындамаған жағдайда ғана орындалуға жатады.

      Кепілгердің Банк/МҚҰ алдындағы жауапкершілігі _______________ (___________________________) теңге _______ тиын (соманы дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады) мөлшеріндегі кепілдік сомасымен шектеледі, бұл кредит/микрокредит/қаржыландыру сомасының _____ %-ын құрайды.

      Кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу/ішінара өтеу кезінде кепілгердің жауапкершілігі негізгі борышты өтеу сомасына тең сомаға азайтылады.

      Кепілдік бойынша кепілгер міндеттемелерінің мөлшері кепілгер орындаған талап сомасына азайтылады.

      Кепілдік қарыз алушының кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша негізгі борышты өтеу міндеттемесін және кепілдік беруші мен Банк/МҚҰ арасында жасалған 20 __ жылғы "___" __________ № _____ портфельдік субсидиялау және кепілдік беру туралы келісімде (бұдан әрі – келісім) көзделген өзге де құжаттарды орындамағанын/тиісінше орындамағанын растайтын құжаттардың түпнұсқаларын қоса бере отырып, Банктің/МҚҰ-ның жазбаша төлем талабының түпнұсқасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде орындалуға тиіс.

      Кепілдік Келісімде көзделген барлық талаптар мен шарттар сақталған кезде ғана орындалуға тиіс.

      Осы кепілдік міндеттеме оған қол қойылған кезден бастап күшіне енеді және 20 __ жылғы "___" __________ қоса алғанда қолданыста болады, бұл құжат бізге қайтарылатынына немесе қайтарылмайтынына қарамастан, толық және автоматты түрде аяқталады. Бұл ретте Сіздің жазбаша талабыңызды біз жоғарыда көрсетілген күні Астана қаласының уақытымен сағат 16:00-ден кешіктірмей алуымыз тиіс.

      Кепілгер, Банк/МҚҰ және қарыз алушы (бұдан әрі – тараптар) арасында туындайтын барлық құқықтар мен міндеттер, оның ішінде кепілдікті ұсыну және орындау тәртібі, кредит шарты/қаржыландыру шарты бойынша талап ету құқықтарының Банктен/МҚҰ-дан кепілгерге өту тәртібі, кепілдікті тоқтату негіздері және осы кепілдік міндеттемеге байланысты тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының заңнамасымен, Қағидалармен, келісіммен реттеледі, бірақ онымен шектелмейді.

      _______________________________ (бірінші басшының қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 30.07.2020 № 491 қаулысымен; жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары – әйелдерге кәсіпкерлік қызметке қатысуды ынталандыру, экономикалық белсенділікті арттыру үшін көрсетілетін қызметтерді алуда қаржылай емес қолдау көрсетуге арналған алаң;

      2) әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар (ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда);

      3) банк – ұлттық жобаға қатысатын екінші деңгейдегі банк;

      4) "Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталы – "бір терезе" қағидаты бойынша кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау шараларын көрсету жөніндегі онлайн-платформа;

      5) бұқаралық ақпарат құралы (бұдан әрі – БАҚ) – мерзімді баспасөз басылымы, теле-, радио арнасы, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзімді немесе өзге де үздіксіз бұқаралық тарату нысаны;

      6) "Бір ауыл – бір өнім" (бұдан әрі – БАБӨ) – кемінде бір бәсекеге қабілетті өнім өндіру арқылы ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жергілікті шикізаттан өнім әзірлеу және ілгерілету бойынша көрсетілетін қызметтер;

      7) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, өтініш берушінің, уәкілетті органның, қаржылай емес қолдау операторының) дербес веб-парақшасы;

      8) "Кәсіпке бағыт" – анықталған қажеттіліктердің негізінде салалық (бейінді) оқытуды ұсыну жөніндегі бағыт;

      9) кәсіпкер (бұдан әрі – ШОК субъектісі) – өз қызметін Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асыратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі;

      10) кәсіпкерлер палатасының филиалы – моноқалаларда, шағын қалаларда және аудан орталықтарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн-режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      11) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі – КҚКО) – облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, кәсіпкерлер палаталары жанынан және моноқалалардағы, шағын қалалар мен аудан орталықтарындағы облыстардың кәсіпкерлер палатасы филиалдары жанынан құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға, оның ішінде онлайн режимде ұсынуға арналған инфрақұрылымдық кешен;

      12) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшесі (бұдан әрі – КҚКО бөлімшесі) – облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада кәсіпкерлер көп жиналатын жерлерде құрылған, кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мемлекеттік қолдау шараларын көрсетуге және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынуға арналған жұмыс орны;

      13) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      14) кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органның (әкімдіктің) құрылымдық бөлімшесі;

      15) консультант – Қазақстанның микро, шағын және орта кәсіпорындарында бизнес-шолу жүргізу тәжірибесі бар, сондай-ақ Еуропалық сапа менеджменті қорының әдіснамасы бойынша оқытудан өткен жеке тұлға;

      16) консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компания – белгілі бір мамандық бойынша консультациялық көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын, сәтті іске асырылған жобаларды растаған және "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құралдарын іске асыруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес біліктілік іріктеуінен өткен заңды тұлға және (немесе) дара кәсіпкер;

      17) кооперациялық жоба – іске асыру процесінде шетелдік әріптестермен кооперацияны жолға қою арқылы қол жеткізілетін қандай да бір белгіленген және әзірленген іс-қимыл бағдарламалары арқылы мақсаттар мен оларға қол жеткізу жолдарын айқындау жоспары;

      18) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне/"Бизнеске арналған үкімет" сервисінің веб-порталына қол жеткізуді және иесі ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;

      19) қаржы агенттігі – қаржылық қолдауды іске асыру мен мониторингтеуді, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау ұсынылуын мониторингтеуді жүзеге асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      20) қаржылай емес қолдау операторы – "Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтері бағдарламасы" құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын "Атамекен" Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;

      21) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы – пайдаланушыларға электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шаралары ұсынылатын, қаржылай емес қолдау операторының онлайн-платформасы;

      22) құрал – ұлттық жоба шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа көрсетілетін қаржылай емес қолдау шарасы;

      23) мамандандырылған көрсетілетін қызметтер – бұл клиентте туындайтын мәселелер бойынша біржолғы консультациялық көрсетілетін қызметтер;

      24) менеджер-консультант – өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың негізінде кәсіпкерлік қызметпен айналысуға үміткер жеке тұлғалар мен шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне консультациялық, ақпараттық және түсіндіру қызметтерін көрсету шеңберінде өтеулі қызметтер көрсететін жеке тұлға;

      25) менти – кәсіпкерлік салада білімі мен дағдылары бар, жаңадан білім алуға және өзін-өзі дамытуға, өз бетінше жұмыс істеуге және командада жұмыс істеуге дайын болуға тілек білдірген кәсіпкер әйел;

      26) ментор – кәсіпкерлік саласында білімі мен тәжірибесін беруге кәсіпкер әйелдерді сүйемелдеу бойынша қызмет көрсету үшін тартылатын, кәсіпкерлік қызметті жүргізуде табысты тәжірибесі бар кәсіпкер әйел;

      27) менторлық – кәсіпкерлік саласындағы білімі мен тәжірибесін беру үшін кәсіпкер әйелдерді сүйемелдеу жөніндегі көрсетілетін қызмет;

      28) микрокәсіпкерлік субъектілері – жұмыскерлерінің жылдық орташа саны он бес адамнан аспайтын немесе жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің отыз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыратын шағын кәсіпкерлік субъектілері;

      29) оқытуды аяқтағаны туралы сертификат – оқытудан өткенін растайтын құжат;

      30) оқыту модулі – кәсіптік құзыреттер алу мақсатында зерделенетін, жалпы оқыту бағдарламасының тәуелсіз, қисынды аяқталған буынын білдіретін белгілі бір ақпарат көлемі;

      31) онлайн-оқыту – компьютердің немесе Интернетке қосылған басқа да құрылғының көмегімен білім беру ортасына толықтай енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілікті арттыруға мүмкіндік беретін білім мен дағдылар алу;

      32) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары – электрондық форматта мемлекеттік қаржылай емес қолдау шараларын алуға арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған арнайы жабдықталған орындар. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтары КҚКО базасында құрылады;

      33) өзіне-өзі қызмет көрсету аймақтарын басқару орталығы – ұлттық жоба шеңберінде қатысушыларды оқытуды жүзеге асыруға және консультациялық қызметтер көрсетуге арналған, техникалық жүйелерге біріктірілген, техникалық құралдармен және мамандандырылған бағдарламалық өнімдермен жарақтандырылған, мамандардың дербес жұмысы үшін арнайы ұйымдастырылған жұмыс орындары кешені;

      34) өңірлік кәсіпкерлер палатасы – қаржылай емес қолдау операторының облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың өңірлік кәсіпкерлер палатасы;

      35) өтінім – қажетті құжаттар қоса берілген, ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға арналған өтініш;

      36) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтер жиынтығы және өзге де мәліметтер қамтылған электрондық құжат;

      37) өтініш беруші – ұлттық жоба шеңберінде мемлекеттік қолдау шараларын алуға жүгінген тұлға;

      38) халықаралық шетелдік ұйымдар (бұдан әрі – ХШҰ) – шағын және орта кәсіпкерлік кәсіпорындарына шетелдік тағылымдамаларды ұйымдастыруға және шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнатуға жәрдемдесетін және (немесе) шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамытуға жәрдемдесуге бағытталған үкіметтік емес ұйымдар, шетелдік коммерциялық ұйымдар, шетелдік жергілікті атқарушы органдар;

      39) шағын кәсіпкерлік субъектілері – заңды тұлға құрмаған дара кәсіпкерлер және жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жүз адамнан аспайтын және жылдық орташа кірісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің үш жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын, кәсіпкерлікті жүзеге асыратын заңды тұлғалар;

      40) шетелдік салалық сарапшы – экономиканың белгілі бір саласында 20 (жиырма) және одан астам жыл кәсіби тәжірибесі бар, кәсіпкерлерге жаңа басқару әдістерін, өндіріс технологияларын, жабдықтарды енгізу және персоналды оқыту мәселелері бойынша консультация беру үшін тартылған ірі компания басшысы немесе меншік иесі;

      41) ісін жаңа бастаған кәсіпкер – банкке/лизингтік компанияға кредит/лизинг шарты үшін жүгінген кезде дара кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз уақытты құрайтын кәсіпкер (жұмыс істеп тұрған үлестес кәсіпкердің ағымдағы қызметінен өзгеше жаңа қызмет түрін құру шартымен ісін жаңа бастаған кәсіпкердің ісін жаңа бастаған/жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес болуына жол беріледі);

      42) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылып, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған мемлекеттік қолдау алуға арналған өтініш;

      43) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұны өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

      3. Кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шаралары кәсіпкерлер субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа мынадай құралдар бойынша мемлекеттік қаржылай емес қолдау көрсетуді көздейді:

      1) кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету;

      2) "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту;

      3) кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдауды ұсыну;

      4) Еуропа Қайта құру және Даму банкінің Қазақстан Республикасындағы шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы;

      5) іскерлік байланыстарды кеңейту.

2-тарау. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету

      4. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа өтеусіз негізде ұсынылатын ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер кешенін қамтиды.

      "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдарында, ал онлайн-режимде – қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      5. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      6. "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралын қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті шарт жасалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті шарт жасалады.

      7. Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын ақылы қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына жасалған ақылы қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде өтейді.

      8. Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін өңірлік кәсіпкерлер палатасының "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге жұмсалған шығыстарын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ағымдағы қаржы жылына ақылы қызмет көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      9. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету мыналарды:

      мемлекеттік қолдау шаралары туралы ақпараттандыру және консультация беру бойынша:

      1) ШОК субъектілері мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік қаржылай және қаржылай емес қолдау шаралары туралы консультация беруді;

      2) кәсіпкерлік қызметті жүргізуді бастау мәселелері бойынша консультация беруді (ЭҚЖЖ және оңтайлы салық салу жүйесін таңдау);

      3) шарттардың үлгілерін және бастапқы бухгалтерлік құжаттарды дайындау мәселелері бойынша консультация беруді;

      4) екінші деңгейдегі банктерде, қаржы ұйымдары мен даму институттарында қаржыландыруға дейін және одан кейін қажетті құжаттарды жинау бойынша көрсетілетін қызметті;

      5) бизнес-жоспарлау мәселелері бойынша консультация беруді;

      құқықтық мәселелер және рұқсат құжаттарын алу бойынша:

      1) ШОК субъектілерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу, тарату мәселелері бойынша консультация беруді;

      2) лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу мәселелері бойынша консультация беруді;

      3) сатып алуға/конкурстарға/тендерлерге қатысу және жер учаскесін алу үшін құжаттар жинау және өтінім ресімдеу жөнінде көрсетілетін қызметті;

      4) инженерлік желілерге (газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, кәріз, электрмен жабдықтау)  қосылу кезінде құжаттар мен техникалық шарттар алу жөнінде көрсетілетін қызметті қамтиды.

      10. Өзі келген кәсіпкерлерге және кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну тетігі мыналарды қамтиды:

      1) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді алу үшін өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарының КҚКО-на жүгініп, менеджер-консультант оған кезектілік ретімен қызмет көрсетеді;

      2) көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:

      жеке куәлігін не оның "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған электрондық нұсқасын (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісінің тіркелгені туралы анықтаманы/хабарламаны;

      қажет болған жағдайда, нотариат растаған сенімхатты (түпнұсқасын);

      3) менеджер-консультант өтініш берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндетті түрде толтырылатын "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіріп, қызметтерді көрсетуге арналған сауалнама-өтінім ұсынады;

      4) өтініш беруші өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша түрде де, сол сияқты жазбаша түрде де алады;

      5) өтініш берушінің қалауы бойынша менеджер-консультант шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) көрсетілетін қызметтер ұсынылғаннан кейін менеджер-консультант өтініш берушінің деректерін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді;

      7) өтініш беруші көрсетілетін қызметтерді шектеусіз күнтізбелік бойы тұрақты негізде алады;

      8) ШОК субъектілеріне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы құралды қаржыландыру шеңберінде телефонмен пікіртерім немесе sms-хабарламалар арқылы пікіртерім жолымен сапа аудитін жүргізеді.

      11. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету тетігі мыналарды қамтиды:

      1) көрсетілетін қызметтерді электрондық нысанда алу үшін өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі;

      2) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелгеннен кейін өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес қажетті консультацияны/көрсетілетін қызметті таңдайды және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді алуға арналған электрондық сауалнама-өтінімді толтырады;

      3) өтініш беруші электрондық өтінімге мынадай құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді:

      жеке куәлік не оның "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған электрондық нұсқасын (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама/хабарлама (болған жағдайда);

      нотариалды куәландырылған сенімхат (қажет болған жағдайда);

      4) өтініш беруші жеке басын сәйкестендіруді екі факторлы аутентификациялау әдісімен жүргізу арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қызметтер көрсетуге арналған электрондық өтінімге қол қояды;

      5) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      6) электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында бөлінгеннен кейін өтінім берушіге оның өтінімі жұмысқа келіп түскені туралы электрондық поштасына немесе ұялы телефонына хабарлама жіберіледі;

      7) өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы өтініш берушінің жеке кабинетінде көрсетіледі;

      8) қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты 1 (бір) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы ұсынылған деректерді тексеруді жүргізеді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) Қағидалардың осы тармағының 3) тармақшасына сәйкес келмеген жағдайда, менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, өтінімді пысықтауға жібереді;

      9) электрондық өтінімді қараудың нәтижесі өтініш берушіге хабарламамен қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне sms-хабарлама арқылы немесе электрондық өтінімнің мәртебесі көрсетіле отырып, электрондық поштаға жіберіледі;

      10) өтініш беруші жеке кабинетінде қаржылай емес қолдау операторының менеджер-консультанты көрсеткен қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ұсынылған қызметтің көрсетілуіне қанағаттанбаған жағдайда, өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыс құралдары бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың әрекеттеріне шағымданады.

      12. Қызметтерді толық емес және сапасыз көрсеткені үшін жауапкершілікті өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтер көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант көтереді.

      13. Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтерді іске асыру шеңберінде қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есептіден кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға "Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа ақпараттық-консультациялық қызметтер көрсету" құралы бойынша көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша құралдың іске асырылуы туралы есебін жолдайды.

      14. Қаржылай емес қолдау операторы өтініш берушілерге құралды қаржыландыру шеңберінде кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халық үшін ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтердің қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз ұсынылуын қамтамасыз етеді.

      15. Күнтізбелік жыл ішінде қаржылай емес қолдау операторы қаржы ұйымдары мен даму институттарын тарта отырып, мемлекеттік қолдау шаралары бойынша семинарлар өткізеді.

      16. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ШОК субъектілерін және кәсіпкерлік бастамасы бар халықты ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер, көрсетілетін қызметтердің басталуы мен орны туралы БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

3-тарау. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту"

      17. "Мен – кәсіпкер" кәсіпкерлік әлеуетін дамыту" құралын (бұдан әрі – құрал) қаржылай емес қолдау операторы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, сондай-ақ аудан орталықтарына барып көрсетеді.

      18. Құрал мынадай екі бағыт бойынша іске асырылады:

      1) Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында құзыреттіліктерді оқытуды және бейіндік (кәсіптік) оқытуды қамтитын "Кәсіпке бағыт";

      2) кәсіпкер әйелдер мен кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге арналған көрсетілетін қызметтерді қамтитын әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталықтары (бұдан әрі – "ӘКДО").

      19. Құрал кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа, сондай-ақ ШОК субъектілеріне өтеусіз негізде ұсынылады.

      Құралдарды іске асыруды қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Қаржылай емес қолдау операторы қызметтер көрсетуді консультациялық, білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияларды және жоғары білікті, оның ішінде шетелдік сарапшыларды тарту жолымен өтінімдердің негізінде ғана қамтамасыз етеді.

      Қаржылай емес қолдау операторы құралдардың іске асырылу барысы туралы қаржылай емес қолдау операторының сайтында және (немесе) БАҚ арқылы хабарлайды.

      20. "Кәсіпке бағыт" бағыты анықталған қажеттіліктер негізінде бейіндік (кәсіптік) оқыту ұсынуды қамтиды.

      "Кәсіпке бағыт" ШОК субъектілері үшін облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы онлайн/офлайн форматта жүзеге асырылады.

      Мынадай іріктеу өлшемшарттарына сай келетін кәсіпкерлер:

      ШОК субъектісі Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабына сәйкес келеді;

      оқуға қатысуға үлкен ынта білдірген ШОК субъектісі "Кәсіпке бағыт" бағытының қатысушылары болып табылады.

      "Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша өтінімдерді қабылдау осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қағаз немесе электрондық түрде жүзеге асырылады.

      Оқытуды ұйымдастыру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

      өтінімдер жинау, неғұрлым сұранысқа ие білімді анықтау немесе топ жинау туралы хабарландыру орналастыру;

      топ жинау (кемінде 10 адам);

      білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді іздестіру, әлеуетті жеткізушілер арасында конкурс жариялау;

      білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен шарт жасасу, оқыту бағдарламасын және білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді алудың шарттарын дайындау;

      бір бейінді (кәсіптік) бағыт бойынша жылына бір реттен артық емес курстық оқыту.

      Көрсетілетін қызметті алушы іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келмеген жағдайларда оқытудан бас тартылады.

      21. "ӘКДО" бағыты мынадай көрсетілетін қызмет түрлерін қамтиды:

      1) консультациялар;

      2) кәсіптік және бизнес оқытуды, сондай-ақ дәстүрлі қолөнер түрлеріне оқытуды ұйымдастыру (Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынымы бойынша);

      3) менторлық;

      4) қаржыландыру (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) тартуға оқыту;

      5) әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөнінде көрсетілетін қызметтер (кәсіпкер әйелдерді хабардар ету);

      6) бизнес шолу жүргізу;

      7) "Бір ауыл – бір өнім" жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан жасалған өнімдерді ілгерілету және әзірлеу жөнінде көрсетілетін қызметтер.

      ӘКДО қызметтері Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік қызметпен айналысатын не айналысуға ниет білдірген, 18 жастан асқан әйел жынысты азаматтарына және әйелдер кәсіпкерлігі субъектілеріне көрсетіледі.

      Консультация беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді ӘКДО өңірлік консультанты:

      тікелей жүгінген кезде;

      телефон арқылы (оның ішінде қаржылай емес қолдау операторының байланыс орталығы арқылы) ұсынады.

      Алғашқы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "ӘКДО" бағыты бойынша өтінім нысанын толтырады. Анықталған қажеттіліктердің негізінде көрсетілетін қызметті алушы басқа да қаржылай емес қолдау шараларына жіберіледі.

      Онлайн-форматта толтырылатын өтінім хабар алмасуға арналған мобильді қосымша арқылы немесе оқыту курстары туралы хабарландыруда өз деректерін электрондық сауалнама нысандарында толтыру жолымен "ӘКДО" консультантына жіберіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушыны оқытуды ұйымдастыру процесі мынадай кезеңдерден тұрады:

      өтінімдерді жинау, неұрлым сұранысқа ие білімді анықтау немесе топ жинау туралы хабарландыру орналастыру;

      топ жинау (кемінде 10 адам);

      білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді жеткізушілерді іздестіру, әлеуетті жеткізушілер арасында конкурс жариялау;

      білім беру жөнінде көрсетілетін қызметтерді жеткізушімен шарт жасасу, оқыту бағдарламасын және білім беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді алудың шарттарын дайындау;

      бір бейінді (кәсіптік) бағыт бойынша жылына бір реттен артық емес курстық оқыту.

      Өткізілген тестілеудің қорытындысы бойынша шекті мән кемінде 70 (жетпіс) пайызға жеткен кезде оқытудан өткені туралы сертификат қызмет көрсетудің нәтижесі болады.

      Оқыту кестесі әйелдердің ата-аналық және отбасылық міндеттері ескеріле отырып ұйымдастырылады.

      Егер оқыту көрсетілетін қызметті алушының тұрғылықты жерінен тыс елді мекендерде жүргізілсе, онда көлік шығыстарын және (немесе) тұруға арналған шығыстарды көрсетілетін қызметті алушы өзі төлейді.

      Менторлық қызметтерді, менти бизнесі басшысының құзыретіне бағалау жүргізетін және оның құзыреттілігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейтін ментор көрсетеді.

      Менторды өтінім түскеннен кейін 30 күнтізбелік күн ішінде қаржылай емес қолдау операторы тағайындайды және ментиді 6 айдан аспайтын мерзімге немесе күнтізбелік жылдың соңына дейін сүйемелдейді.

      Ментор тәлімгерлікті онлайн/офлайн форматта 5 менти үшін жүзеге асырады.

      Егер менти менторлықты алудан бас тартса, ӘКДО консультанты оны басқа ниет білдірген ментиге ауыстырады.

      Ментор ретінде бизнесте 5 жылдан астам еңбек өтілі бар және тиісті дайындықтан өткен кәсіпкер әйелдер болады.

      Халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу жөніндегі көрсетілетін қызметтер әйелдер кәсіпкерлігінің бизнес-әлеуетін дамытуға бағдарланған форумдар, конференциялар және басқа да іс-шаралар өткізу туралы қызықтыратын бизнес бағыттары бойынша ақпарат жинау арқылы жүзеге асырылады.

      Халықаралық жобалар, форумдар, конференциялар, конкурстар және басқа да іс-шаралар туралы ақпарат беру халықаралық жобаларға қатысуға жәрдемдесу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі болады.

      Консультанттың бизнес-шолу жүргізу жөнінде көрсетілетін қызметі өтінім берілген кезден бастап 3 (үш) ай ішінде жүргізіледі.

      Бизнес-шолу бизнестің әлеуетін, қызметкерлердің құзыреттілігі мен оның орнықтылығын арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында, сондай-ақ ШОБ қызметкерлерінің құзыретін арттыруға ұсынылатын оқыту үшін жүргізіледі.

      Бизнес шолу жүргізілгеннен кейін бизнесті жақсарту бойынша ұсынымдар көзделген есеп қалыптастырылады. Бизнес-шолудың есебі оны қалыптастырғаннан кейін 15 күнтізбелік күн ішінде ШОК пен қаржылай емес қолдау операторына жіберіледі.

      22. БАБӨ көрсетілетін қызметтері жергілікті қоғамдастықтың әлеуетін дамыту және нығайту, сондай-ақ ауыл тұрғындарының әл-ауқаты деңгейін арттыру мақсатында осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес өтінім нысаны бойынша өнім өндірушілерге көрсетіледі.

      БАБӨ көрсетілетін қызметтер мыналарды қамтиды:

      өңірлерде жергілікті шикізаттан жасалған тауарлар көрмесін өткізу және БАБӨ жобасына тауарларды іріктеу;

      өңірде БАБӨ жобасы бойынша жұмысты үйлестіру;

      барлық мүдделі тараптардың қатысуымен БАБӨ жобасы бойынша оқыту;

      тауар өндірушілерді өндіріс технологиясы бойынша оқыту;

      өнімді жылжыту және өткізу саласындағы қолдау, тауар белгілерін әзірлеу;

      бренд-комитеттерін құру;

      өндірілген жергілікті өнімді сертификаттауға қолдау көрсету;

      нарық өнімін әзірлеуге қолдау көрсету, жаңа немесе инновациялық өнімді әзірлеуге тапсырыс беру, өндіріс стандартын әзірлеу.

      23. ӘКДО осы Қағидалардың 21-тармағында айқындалған көрсетілетін қызметті алушыларға өңірдегі әйелдердің анықталған қажеттіліктеріне сәйкес жоспарланып отырған оқыту түрлері және басқа да іс-шаралар туралы БАҚ арқылы және (немесе) қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

4-тарау. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету

      24. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы өтеусіз негізде экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілерін қолдау үшін мамандандырылған қызмет түрлерін (бұдан әрі – сервистік көрсетілетін қызметтер) көрсетуге бағытталған.

      25. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      26. Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын қаржыландыру кезінде республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік сатыл алу туралы тиісті шарт жасалады.

      Жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылған жағдайда, Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес мемлекеттік сатып алу туралы тиісті шарт жасалады.

      27. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберіндегі қаржылай емес қолдау операторының қаржылай емес қолдау шараларын көрсету шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына арналған өтеулі қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      28. "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палатасын шеккен қаржылай емес қолдау шараларын көрсету шығыстарын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган мен өңірлік кәсіпкерлер палатасы арасында жасалатын ақылы қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі жергілікті уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына ақылы қызметтер көрсету туралы жасалған шарт шеңберінде өтейді.

      29. ШОК субъектілері үшін сервистік қолдау көрсетуді ұсыну қажеттілікке сәйкес облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы жергілікті жерлерде және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.

      30. Экономиканың барлық секторларында жұмыс істейтін ШОК субъектілеріне сервистік қолдау шеңберінде сервистік қызмет көрсетудің мынадай түрлері ұсынылады:

      1) бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ;

      бухгалтерлік заңнама мәселелері бойынша консультацияларды;

      салық заңнамасы мәселелері бойынша консультацияларды;

      бастапқы құжаттарды өңдеу, салықтарды және бюджетке басқа да аударымдарды есептеу мәселелері бойынша консультацияларды;

      бухгалтерлік есепті жүргізу бойынша консультацияларды;

      "1С-Бухгалтерия" бағдарламасымен жұмыс бойынша консультацияларды;

      салықтық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      статистикалық есептерді дайындау және тапсыру бойынша консультацияларды;

      бөгде ұйымдар үшін қаржылық қызмет бойынша қосымша есептер жасау бойынша консультацияларды;

      салықтық есептер дайындауды;

      статистикалық есептер дайындауды қамтитын статистикалық есептілікті жасауға байланысты көрсетілетін қызметтер.

      2) заң мәселелері және мыналарды;

      лицензиялар мен рұқсат құжаттарын алу бойынша консультацияларды;

      құқықтық қолдай отырып, лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарын алу бойынша көрсетілетін қызметтерді;

      кәсіпкерлік субъектісін тіркеуге, қайта тіркеуге құжаттар дайындауды;

      кәсіпкерлік субъектісін тарату бойынша консультациялар;

      шарттардың жобаларын электрондық форматта әзірлеу;

      азаматтық, еңбек және кәсіпкерлік құқық саласындағы консультациялар;

      мемлекеттік сатып алуға байланысты консультацияларды;

      конкурсқа/тендерге қатысу үшін өтінімдер дайындауды;

      сатып алуды ұйымдастырушылардың әрекетіне/әрекетсіздігіне шағым жасау жөніндегі көрсетілетін қызметті қамтитын конкурстық (тендерлік) рәсімдер бойынша көрсетілетін қызметтер.

      3) қаржыландыру және мемлекеттік қолдау шараларын алу мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер:

      кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру және жүргізу мәселелері бойынша консультациялар;

      екінші деңгейдегі банктерде, басқа қаржы ұйымдарында, сондай-ақ даму институттарында қаржыландыру үшін құжаттарды дайындау мәселелері бойынша сүйемелдеу;

      4) бизнес-жоспарды әзірлеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер мыналарды:

      бизнес-жоспарды әзірлеу үшін ақпарат жинау бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша консультацияларды;

      бизнес-жоспарды әзірлеуді;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша консультацияларды;

      тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарын талдау бойынша әзірлемелерді қамтиды.

      31. Қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын ШОК субъектілеріне көрсетілетін сервистік қызметтер, сервистік көрсетілетін қызметтердің басталуы мен көрсетілетін орны туралы БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы хабарлайды.

      32. ШОК субъектілеріне бизнес-жоспарды әзірлеу бойынша көрсетілетін қызметтерден басқа, кәсіпкерлік қызметті жүргізу бойынша бекітілген сервистік көрсетілетін қызметтер шеңберінде тұрақты негізде кешенді сервистік қолдау көрсетіледі, сондай-ақ ШОК субъектілері 1 (бір) күнтізбелік жылда 1 (бір) рет қана алатын тауарларды және (немесе) жұмыстарды және (немесе) көрсетілетін қызметтерді ілгерілету жоспарының талдауын алады.

      33. Кәсіпкердің жеке қатысуымен сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға мүдделі ШОК субъектілері КҚКО-ға немесе КҚКО бөлімшесіне жүгінеді және менеджер-консультант кезектілік тәртібімен қызмет көрсетеді;

      2) сервистік көрсетілетін қызметтерді алуға үміткер ШОК субъектілері мынадай құжат түрлерін:

      жеке куәлік немесе "цифрлық құжаттар" сервисінен алынған оның электрондық көшірмесін (сәйкестендіру үшін);

      ШОК субъектісін тіркеу туралы анықтама/хабарлама;

      қажет болған жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхатты (түпнұсқа) ұсынады;

      3) менеджер-консультант ШОК субъектілеріне, көрсетілетін қызметті алған кезде өтініш берушіні міндетті түрде фотоға түсіре отырып, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметті ұсынуға арналған сауалнама-өтінім береді;

      4) ШОК субъектісі өз қалауы бойынша ақпаратты ауызша да, сол сияқты жазбаша түрде де алады;

      5) менеджер-консультант ШОК субъектілерінің қалауы бойынша шағымдар мен ұсыныстар кітабын ұсынады;

      6) тиісті сапада және толық көлемде қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант пен ШОК субъектілері арасында осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылады;

      7) ШОК субъектілеріне көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау мақсатында қаржылай емес қолдау операторы құралды қаржыландыру шеңберінде телефон арқылы пікіртерім немесе sms-хабарламалар арқылы пікіртерім жүргізу жолымен сапа аудитін жүргізеді;

      8) қызмет көрсетілгеннен кейін менеджер-консультант ШОК субъектілерінің деректерін осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізіліміне енгізеді.

      34. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы онлайн-режимде сервистік қызметтер көрсету мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ШОК субъектілері сервистік қызметті алу үшін қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі. Қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркелу кезінде ШОК субъектілері қажетті деректерді толтырады және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында жеке кабинет ашады;

      2) ШОК субъектілері қажетті сервистік көрсетілетін қызметтерді таңдайды және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қызметтер көрсетуге арналған электрондық сауалнама-өтінім толтырады және осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжаттардың электрондық көшірмесін тіркейді;

      3) Осы Қағидалар шеңберінде сервистік қызметтер көрсетуге арналған электрондық өтінімге екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен тұлғаны сәйкестендіру арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында ЭЦҚ пайдалану арқылы қол қойылады;

      4) қаржылай емес қолдау операторының веб-порталына келіп түскен электрондық өтінім өтінім берілген сәттен бастап 24 сағат ішінде менеджер-консультанттар арасында кезектілік және жүктелім тәртібімен бөлінеді;

      5) ШОК субъектілері электрондық өтінімді менеджер-консультантқа бөлгеннен кейін электрондық поштаға немесе ұялы телефонға оның электрондық өтінімінің жұмысқа қабылданғаны туралы хабарлама алады;

      6) электрондық өтінімнің мәртебесі туралы ақпарат шок субъектісінің жеке кабинетінде қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетіледі;

      7) менеджер-консультант электрондық өтінімді жұмысқа алғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасына сәйкес ұсынылған құжаттардың толықтығына тексеру жүргізеді. Ұсынылған құжаттар толық болмаған және (немесе) сәйкес келмеген жағдайда, менеджер-консультант бас тарту себебін көрсете отырып, пысықтауға электрондық өтінім жібереді;

      8) менеджер-консультант сервистік қызмет көрсетеді және қызмет көрсету нәтижесін ШОК субъектісіне қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетіне жібереді (sms-хабарлама арқылы немесе электрондық өтінім мәртебесін көрсете отырып, электрондық поштаға ақпарат);

      9) көрсетілген қызметтің нәтижелерін алғаннан кейін ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетінде екі факторлы теңтүпнұсқаландыру әдісімен тұлғаны сәйкестендіру немесе ЭЦҚ пайдалану арқылы осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілген қызметтер актісіне қол қойып, жұмыстардың орындалу фактісін растайды;

      10) ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталындағы жеке кабинетте менеджер-консультант көрсеткен сервистік қызметтің сапасына бағалау жүргізеді;

      11) ұсынылған қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, ШОК субъектілері қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы өтініш беру немесе қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында көрсетілген байланыс құралдары бойынша қолдау қызметіне жүгіну арқылы менеджер-консультанттың әрекеттеріне шағым жасайды.

      35. Қызметтерді толық емес және сапасыз көрсеткені үшін өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен менеджер-консультант арасында жасалған қызметтерді көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес менеджер-консультант жауап береді.

      36. Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарт шеңберінде:

      1) қаржылай емес қолдау операторы тоқсан сайын, есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей, уәкілетті органға кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету жөніндегі көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген нысан бойынша кәсіпкерлік қызметті сервистік қолдау құралының іске асырылуы туралы есепті жібереді;

      2) қаржылай емес қолдау операторы ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың алғашқы 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей, кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралының іске асырылуына мониторинг жүргізу мақсатында қаржы агенттігіне құралдың іске асырылуы туралы мәліметтерді жібереді;

      3) қаржы агенттігі "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралының іске асырылу барысы туралы мониторингті жүзеге асырады. Қаржы агенттігінің мониторингтік тексеруді жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетуге мониторинг жүргізу әдістемесінде келтірілген.

      37. Қаржылай емес қолдау операторы шок субъектілеріне қаржы жылғы 12 (он екі) ай бойы сервистік қолдауды үздіксіз ұсынуды қамтамасыз етеді.

      38. Қаржылай емес қолдау операторы есепті жылдың маусым айынан кешіктірмей ШОК субъектілері арасында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету құралының көрсетілетін қызметтері бойынша ұзақтығы кемінде 3 (үш) минут бейнероликтер әзірлеп, интернет-ресурстарда орналастырады.

      39. Уәкілетті органмен келісу бойынша оқыту бейнероликтерін әзірлеу және орналастыру кәсіпкерлік қызметті жүргізуді сервистік қолдау құралын қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылады.

      40. Қаржылай емес қолдау операторы уәкілетті органға әзірленген және орналастырылған, уәкілетті органмен келісілген оқыту бейнероликтері бойынша есеп береді.

5-тарау. Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы

      41. Еуропа Қайта Құру және Даму банкі (бұдан әрі – ЕҚДБ) сыртқы бизнес-консультанттарды тарту арқылы "Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын (бұдан әрі – ЕҚДБ бағдарламасы) іске асырады.

      42. ЕҚДБ бағдарламасы мынадай төрт бағытта жүзеге асырылады:

      1) кәсіпорынның өсуі үшін талап етілетін өзгерістерді енгізу үшін кәсіпорынға консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компанияларды тарту;

      2) кәсіпорындардың өсуі мен дамуына көмек көрсету үшін шетелдік салалық сарапшыларды тарту;

      3) кәсіпкерлер үшін тақырыптық тренингтер, семинарлар, конференциялар және басқа да оқыту іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу арқылы ШОК субъектілері үшін консультациялық көрсетілетін қызметтерге сұранысты ынталандыру және нарықтарды дамыту болып табылады;

      4) жаттықтырушыларға арналған тренингтер сериясын өткізу арқылы жергілікті бизнес-консультанттардың құзыреттерін дамыту.

      43. ЕҚДБ бағдарламасын қаржыландыру уәкілетті орган мен ЕҚДБ арасында тиісті шарт жасасу жолымен республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      44. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарту жөніндегі шығыстарды төлеу қоса қаржыландыру қағидаты бойынша республикалық бюджет қаражаты және ШОК субъектілерінің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      45. ЕҚДБ ШОК субъектілеріне консультациялық қызметтерді жеткізуші компаниялардың консультациялық жобаларын және біліктілігі жоғары шетелдік сарапшыларды іске асыруға тарту арқылы үздіксіз қолдау көрсетуді қамтамасыз етеді.

      46. ЕҚДБ бағдарламасының қатысушылары базалық және қосымша өлшемшарттарға жауап беретін кәсіпорындар болып табылады.

      Базалық іріктеу өлшемшарттары:

      1) кәсіпорын көлемі – консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізуші компаниялар тартылатын жобалар үшін 250 қызметкерге дейін және шетелдік салалық сарапшыларды тартылатын жобалар үшін 500 қызметкерге дейін;

      2) меншік нысаны – 49%-дан аспайтын шетелдік капитал қатысатын жеке кәсіпорын;

      3) қызмет саласы – бүкіл экономика секторларындағы салалық шектеулерсіз қызмет;

      4) бизнесті жүргізудің табысты тәжірибесі – өтінім берген сәтте 2 (екі) жыл (арнайы бастамаларды қоспағанда);

      5) ЕҚДБ бағдарламасына қатысуға арналған:

      осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасы;

      кәсіпорынның құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      толық өткен екі жыл және өтінім берген кездегі соңғы есепті кезең үшін қаржылық есептердің көшірмелері қамтылған өтінім құжаттамасының толық топтамасы.

      47. Қатысушыларды іріктеудің қосымша өлшемшарттары (бұл өлшемшарттарға сәйкестікті кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін ЕҚДБ жергілікті мамандар тобы бағалайды):

      1) өміршеңдік – көзге көрінетін бәсекелестік артықшылықтарының болуы тұрғысынан одан әрі өсу әлеуеті, кірістілік (оң жалпы пайда), консультациялық жобаларды енгізу және олардың нәтижелерін қолдану үшін жеткілікті қаржылық және операциялық ресурстардың болуы (ЕҚДБ банкроттық сатысында тұрған немесе толық қайта құрылымдауды талап ететін кәсіпорындарға қолдау көрсетпейді);

      2) басшылық тарапынан қарым-қатынас – ЕҚДБ мамандарымен және консалтингтік компаниялармен ынтымақтастыққа әзірлік;

      3) жоғары бедел/парасаттылық – кәсіпорын мен оның басшылығының сенімге әрі жоғары беделге ие болуы;

      4) штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі – іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтерді алуға нақты қажеттілік, сондай-ақ штаттан тыс консультанттармен жұмыс тәжірибесі аз немесе ондай тәжірибесі жоқ кезде алатын қолдауды қолдану қабілеті және (немесе) жобаны толық көлемде қаржыландыру үшін қаражаттың болмауы;

      5) қаржылық міндеттемелер – кәсіпорынның жалпы жобаны іске асыру құнының 25-75%-ын төлеуге әзірлігі және мүмкіндігі.

      48. ЕҚДБ бағдарламасы бойынша сыртқы консультанттарды тарта отырып, озық кәсіпорындардың консультациялық жобаларын ұйымдастыру және қоса қаржыландыру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ЕҚДБ біліктілікке алдын ала іріктеу жүргізеді және ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыруға қойылатын талаптарға сай келетін консультациялық көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер дерекқорын жүргізеді;

      2) консультанттар нақты бейіндегі консультациялық қызметтер көрсету және нақты білім салаларында жұмыс істеу үшін біліктіліктері болуы тұрғысынан бағалаудан өтеді:

      жұмыс тәжірибесі – компания қызметінің сипаттамасы, оның мемлекеттік тізілімде тіркелгені туралы куәліктің көшірмесі, меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан және (немесе) құрылтай шартынан үзінді көшірме), кемінде алдыңғы екі жыл үшін жылдық қаржылық есептілік (пайда мен залал туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп, баланс); егер қолдануға болатын болса, консультациялық қызметтердің түрлері бойынша бөліп төлеу мөлшерлемелерін көрсете отырып, компанияның/жеке консультанттың мамандану сипаттамасы (адам-күнмен есептелген);

      клиентпен жұмыс және ұсынымдар – пікірлер мен ұсынымдарды қоса алғанда, соңғы 2 жылда іске асырылған жобалардың сипаттамасы (консалтингтік компанияның мамандануы шеңберінде) және клиент-компанияның консультациялық жобалар басшыларының байланыс деректері;

      кадрлармен жасақталу – барлық консультанттармен әңгімелесу өткізу және олардың түйіндемелерін зерделеу;

      3) кәсіпорынның қажеттіліктері айқындалып, жобаны орындау үшін белгіленген нысан бойынша консультациялық қызметтер көрсетуге техникалық тапсырма дайындалғаннан кейін ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде белгіленген талаптарға жауап беретін консалтингтік компаниялардан коммерциялық ұсыныстар сұратылуы мүмкін (консультантты кәсіпорынның өзі таңдайды, консультанттарға бірінші жоба сәтті іске асырылғанға дейін басқа жобаларды қатар орындауға тыйым салынады);

      4) Қолдау көрсетілетін жобалар КҚКО және Қазақстан Республикасы Үкіметінің басқа да бастамалары шеңберінде көрсетілетін қызметтермен толықтырылады.

      49. ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде жобаларды іске асыру тетігі:

      1) ЕҚДБ кәсіпкерлерді құралға қатысу өлшемшарттары және өтінім топтамасына қойылатын талаптар туралы ақпаратты қоса алғанда, ЕҚДБ бағдарламасы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді, сондай-ақ әлеуетті клиенттерге жобалау өтінімін дайындауға жәрдемдеседі;

      2) өтініш беруші ЕҚДБ бағдарламасының көмегімен қолдау үшін ЕҚДБ-ға мынадай қажетті құжаттар топтамасын ұсынады:

      Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "ЕҚДБ бағдарламасы" құралын беруге "Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық көрсетілетін қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға арналған өтінімнің толтырылған түпнұсқасы;

      құрылтай құжаттарының көшірмелері;

      өткен толық екі жыл және өтінім берген сәттегі ағымдағы қаржы кезеңі үшін қаржылық есептердің көшірмелері;

      3) кәсіпорынның өміршеңдігін, қажеттіліктерін, басымдықтарын айқындау және өтінім бойынша түпкілікті шешім қабылдау үшін ЕҚДБ маманы кәсіпорынды тексеру және диагностикалау бойынша ЕҚДБ бағдарламасының стандартты рәсімдерін орындағаннан кейін оның іріктеу өлшемшарттарына сәйкестігін бағалау үшін кәсіпорынға барады;

      4) әлеуетті консультациялық жоба кәсіпорын басшылығымен талқыланады;

      5) ЕҚДБ кәсіпорын үшін жергілікті және халықаралық сарапшылардың дерекқорынан жобаны іске асыруға жарамды консалтингтік компаниялардың және (немесе) сарапшылардың тізімін дайындайды және жоба бойынша әлеуетті консультанттармен, атап айтқанда, халықаралық сарапшылармен келіссөздер жүргізуге жәрдемдеседі;

      6) өтініш беруші консалтингтік компанияны және (немесе) сарапшыны таңдау туралы түпкілікті шешім қабылдайды;

      7) кәсіпорын мен консалтингтік компания бірлесіп техникалық тапсырманы әзірлейді, оны ЕҚДБ-мен келіседі және бекітеді;

      8) ЕҚДБ гранттар бойынша қолданыстағы матрица-нұсқаулықты негізге ала отырып, консультациялық жобаны бірлесіп қаржыландыру мөлшері бойынша шешім қабылдайды;

      9) кәсіпорын және консалтингтік компания және (немесе) сарапшы ЕҚДБ мақұлдаған жобаға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес консультациялық қызметтер көрсету туралы шарт жасасады;

      10) ЕҚДБ мен кәсіпорын ЕҚДБ бағдарламасы шеңберінде консультациялық жобаға грант беру туралы келісім жасасады;

      11) ЕҚДБ жобаның іске асырылуына мониторинг жүргізеді;

      12) жоба аяқталғаннан кейін консультант қорытынды таныстырылым өткізеді және бенефициар-кәсіпорын мен ЕҚДБ-ға жобаның нәтижелері туралы есеп береді;

      13) кәсіпорын қатысу туралы шартқа және (немесе) грант беру туралы келісімге сәйкес сарапшы және (немесе) консалтингтік компания көрсететін қызметтерге ақы төлейді;

      14) грант беру туралы келісім шеңберінде орындалған жұмыстардың мәлімделген техникалық тапсырмаға сәйкестігін, жобаның сәтті аяқталуын және кәсіпорынның консалтингтік компанияның жоба құнын төлеу фактісін тексергеннен кейін ЕҚДБ бенефициар-кәсіпорынға белгіленген мөлшерде грант төлейді;

      15) жоба аяқталғаннан кейін бір жыл өткен соң ЕҚДБ маманы бенефициар кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жобаның әсерін бағалау үшін барып, қорытынды бағалау жүргізеді.

      50. ЕҚДБ жыл сайын уәкілетті органға есепті жылдан кейін 2 (екі) ай ішінде ЕҚДБ бағдарламасының іске асырылу барысы туралы есеп береді.

6-тарау. Іскерлік байланыстар

      51. "Іскерлік байланыстар" құралы ХШҰ қолдауымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыстар орнату есебінен кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған.

      52. Құралға мынадай өлшемшарттарға сәйкес келетін:

      1) өз қызметін қабылдаушы тараптың талаптарына сәйкес экономика секторларында жүзеге асыратын;

      2) жылдық орташа табысы кемінде 10000 (он мың) айлық есептік көрсеткіштен кем емес ШОК субъектілерінің жоғары буын басшылары қатысады.

      53. "Іскерлік байланыстар" құралы шетелде тақырыптық бизнес-тағылымдаманы, сондай-ақ ұқсас бейіндегі кәсіпорындарға баруды және шетелдік әріптестермен:

      1) технологиялар трансферті және жабдықтар сатып алу;

      2) тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді өзара беру;

      3) франшиза сатып алу;

      4) бірлескен кәсіпорындар құру мәселелері бойынша іскерлік байланыстар орнатуды көздейді.

      Тағылымдамадан өту форматын, сондай-ақ мерзімін қабылдаушы ел қаржылай емес қолдау операторына хат жолдау арқылы айқындайды.

      54. Кәсіпкерлер үшін шетелдік тағылымдамаларды "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қажеттіліктерін және қабылдаушы елдер салаларының даму деңгейін ескере отырып, ХШҰ ұйымдастырады.

      55. ХШҰ-мен өзара іс-қимыл қолданыстағы кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган мен қабылдаушы елдің уәкілетті органы арасындағы ынтымақтастық туралы халықаралық келісімдер шеңберінде, сондай-ақ қаржылай емес қолдау операторы мен ХШҰ арасындағы келісімдер шеңберінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 55-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.03.2023 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      56. "Іскерлік байланыстар" құралының іс-шараларын қаржыландыру Заңның 39-бабы 3-тармағының 36) тармақшасына сәйкес тиісті мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ байланысты және байланысты емес ХШҰ гранттарының қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      57. Уәкілетті орган мен қаржылай емес қолдау операторы арасында жасалатын өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт күшіне енгенге дейін қаржылай емес қолдау операторының "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберіндегі қаржылай емес қолдау шараларын көрсетуге арналған шығыстарын уәкілетті орган ағымдағы қаржы жылына жасалған өтеулі қызметтер көрсету туралы шарт шеңберінде өтейді.

      58. Қаржылай емес қолдау операторы "Іскерлік байланыстар" құралына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталғанға дейін 2 (екі) ай бұрын әлеуетті қатысушыларды құралға БАҚ арқылы немесе қаржылай емес қолдау операторының интернет-ресурстарында ақпарат орналастыру арқылы қатыса алатындары туралы хабарлайды.

      59. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шарасын алуға өтінім қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы электрондық нысанда және (немесе) облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы, өңірлік кәсіпкерлер палаталары филиалдарында өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы ұсынылады.

      60. "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде қаржылай емес қолдау шараларын алуға электрондық нысанда өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) өтініш беруші қаржылай емес қолдау операторының веб-порталында тіркеледі және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға электрондық өтінімді, "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жоба шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      2) "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша қатысушының электрондық өтінімі веб-портал арқылы тіркелгеннен кейін қаржылай емес қолдау операторының орындаушысы құжаттардың толықтығын тексереді;

      3) электрондық өтінім қаржылай емес қолдау операторының қарауына жіберіледі және 10 (он) жұмыс күні ішінде қаралады.

      "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада, өңірлік кәсіпкерлер палаталарының филиалдарында қаржылай емес қолдау шараларын алуға өтінім беру мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      өтініш беруші осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыруға арналған тағылымдамаға қатысуға арналған өтінімді, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұлттық жоба аясында "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберінде қатысушының жазбаша міндеттемесін толтырады;

      Өтінімді қаржылай емес қолдау операторы 10 (он) жұмыс күні ішінде қарайды.

      61. Қабылданған өтінімдер бойынша қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, кооперациялық жобаларды қорғауды ұйымдастырады және қатысушылар әзірлеген үздік кооперациялық жобаларды іріктейді. Өтініш берушіні іріктеу кезінде:

      шетелдік компаниялармен ынтымақтастық ниеті;

      басқарушылық әлеуеті;

      шет тілін білу (шет тілінде тағылымдамадан өту кезінде) өлшемшарттар болып табылады.

      62. Үздік кооперациялық жобалар айқындалғаннан кейін қаржылай емес қолдау операторы шетелде бизнес-тағылымдамаға қатысуға келісу үшін іріктелген ШОК субъектілерінің тізімдерін уәкілетті органға жібереді.

      63. ХШҰ топтық бағдарламалар күнтізбесін жасайды және қаржы жылының бірінші тоқсанында тақырыптық бизнес-тағылымдамалар өткізу үшін әріптес кәсіпорындарды іздестіреді.

      64. Қаржылай емес қолдау операторы қатысушыларды шетелдік тағылымдамаға жібереді.

      65. Халықаралық көлік шығыстары республикалық бюджет есебінен немесе қатысушылардың өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

      66. "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары көліктік шығыстарды және шетелдік тағылымдамаға ұшу пунктіне дейінгі Қазақстан Республикасының аумағында тұру шығыстарын өздері төлейді.

      67. Тағылымдаманың нәтижесі бойынша "Іскерлік байланыстар" құралының қатысушылары алған білімін, тәжірибесін және технологияларын ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындайды.

      68. Шетелдегі бизнес-тағылымдаманың нәтижелері бойынша қатысушы Қазақстан Республикасына келген сәттен бастап 2 (екі) ай ішінде қаржылай емес қолдау операторына келісілген нысан бойынша (қатысушыларды тағылымдамаға қабылдайтын елдің шарттарына сәйкес нысан) бизнес-тағылымдаманың нәтижелері және өз бизнесін дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы есептік ақпарат ұсынады.

      69. Қаржылай емес қолдау операторы ХШҰ-мен бірлесіп, бизнес-тағылымдамадан өткен соң бір жылдан кейін ынтымақтастық орнатылған шетелдік серіктес компанияның атауын көрсете отырып, "Іскерлік байланыстар" құралына қатысушы ШОК субъектілерінің даму жоспарларының іске асырылуына мониторинг жүргізеді және уәкілетті органға жібереді.

      70. Қаржылай емес қолдау операторы ШОК субъектілеріне қаржы жылының 12 (он екі) айы ішінде үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді.

7-тарау. Қаржылай емес қолдау құралдарын іске асырудың тиімділігін талдау

      71. 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде қаржылай емес қолдау құралдарын іске асырудың тиімділігіне талдау кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекіткен жеке кәсіпкерлік субъектілерін қолдаудың қаржылай емес мемлекеттік шараларының тиімділігіне талдау жүргізу әдістемесіне сәйкес жүргізіледі.

      72. Талдаудың қорытындысы бойынша кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаны пайдаланушының портретін сипаттайтын, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметтің экономикалық немесе басқарушылық тұрғыдан нәтижелі болуының жақсаруын/нашарлауын, қолдау құралдарын алу жылдамдығы мен сапасын айқындайтын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның ішкі факторларына баға беретін кешенді талдамалық есеп жасалады.

  2021 – 2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті
дамыту жөніндегі ұлттық
жоба шеңберінде кәсіпкерлікті
қаржылай емес қолдау
шараларын ұсыну
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер" құралы бойынша қызметтер көрсетуге сауалнама-өтінім

1

Өтініш берілген күн


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә.


3

Өтініш беруші тұратын облыстың атауы


4

Өтініш беруші тұратын қала/моноқала/шағын қала/аудан орталығының атауы


5

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жынысы


6

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы өрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің туған күні


7

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы кКөрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты


9

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген өтініш берушінің мүгедектігі


10

Ақпараттық-консультациялық сипаттағы көрсетілетін қызметке жүгінген заңды тұлғаның, өтініш берушінің ЖСН ДК/БСН


11

Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъект санаты


14

ШОК субъектісінің экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің бойынша кіші саласы


16

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның атауы


17

Көрсетілетін қызметтің/консультацияның кіші түрінің атауы


18

Телефон (ШОК субъектісінің/жеке тұлғаның мобильді, жұмыс/үй)


19

E-mail (шок субъектісінің/жеке тұлғаның)


20

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      * Өтінішке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға (қажет болған жағдайда адамға) сенімхатты қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтер ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болатыным туралы хабардармын және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына менің дербес деректерімді өңдеуге, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотоға түсіруге, сондай-ақ дербес деректерді және өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп алуға және пайдалануға келісім беремін.

      * Мен көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) мақсатында телефон және (немесе) SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      * Мен қаржылай емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға өз келісімімді беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Күні: 20 жылғы " "

      (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлер мен кәсіпкерлік бастамасы бар халыққа арналған ақпараттық-консультациялық көрсетілетін қызметтер" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      (толтырылған күні: күні, айы, жылы):

р/с №

Қызмет көрсету форматы

Облыс / қала

Елді мекен (Моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек/әйел)

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жүгінген кездегі жасы

Қызмет көрсетуге өтініш берген субъектінің жас санаты

Мүгедектік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген /қызметтің басталған күн

Көрсетілетін қызметті аяқтау /аяқталу күні

Өтініш берішінің телефоны (ұялы, жұмыс/ үй)

Өтініш берушінің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24























  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

"Кәсіпке бағыт" бағыты бойынша өтінім



Ұйымның атауы


Ұйымды тіркеу нысаны

Жеке кәсіпкер

Құрылған жылы


Серіктестік

Акционерлік компания

Басқа

Ұйымның тіркеу нөмірі (БСН)


ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі


Кәсіпкерлік субъектісі

☐ Микро
☐ Шағын
☐ Орташа

Жылдық айналымдар

☐ 500 мың теңгеге дейін
☐ 500 мың теңгеден бастап -1 млн теңге
☐ 1 млн теңгеден бастап -2 млн теңге
☐ 2 млн теңгеден бастап -5 млн теңге
☐ 5 млн теңгеден бастап -10 млн теңге
☐ 10 млн теңгеден бастап-50 млн теңге
☐ 50 млн теңгеден бастап және одан жоғары

Тіркеу орны

Облыс


Қала


Пошта индексі


Көшесі, ш/а


Email адрес


Веб-сайт




Байланысушы тұлға (құрылтайшы немесе бірінші басшы)

А.Т.Ә.




Лауазымы




Ұялы телефоны




email:




Қызметкерлердің орташа айлық саны, барлығы, оның ішінде:


Бұрын қаржыландыру алдыңыз ба, жоқ па?

☐ Жеңілдікті несиелеу 6 %
☐ Грант 200 АЕК
☐ "Бизнестің жол картасы – 2025" гранты
☐ Субсидиялау
☐ Кепілдік
☐ Басқа

Бізге жүгінген кезде сізде қандай проблемалар мен қажеттіліктер болды?


Сізге бейінді оқыту қажет пе жоқ па, болса, қандай оқыту қажет?

☐ Ауыл шаруашылығын жүргізу бойынша оқыту (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы)
☐ Азық-түлік өндірісін оқыту
☐ Бьюти индустрия саласында оқыту
☐ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша оқыту
☐ Тігін өндірісі, киім құрастыру бойынша оқыту
☐ Білім беру саласында оқыту
☐ Басқа ________________________________
(өз нұсқаңызды жазыңыз)
☐ Жоқ, қажет емес

Сізге кооперация және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту қажет пе жоқ па? (қажеттісін белгілеу)

☐ Кооперация бойынша оқыту
☐ Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту
☐ Жоқ, қажет емес

Егер сізге оқыту қажет болса, онда Сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?

Онлайн
Офлайн (бетпе-бет)

Консультанттың Т.А.Ә.


Консультанттың қолы


Кеңесшінің жұмысын бағалаңыз

☐ Өте жақсы
☐ Жақсы
☐ Жаман

Сіздің тілектеріңіз/пікірлеріңіз/ескертулеріңіз


Клиенттің Т.А.Ә.


Клиенттің қолы

☐ Мен жұмыс аясында менің деректерімді өңдеуге келісемін (белгі қойыңыз)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының бағыты бойынша өтінім

Өтініш берген күні


Облысы


Қала/Аудан


Елді мекен (ауыл, кент)


Клиенттің ЖСН


Т.А.Ә.


Жасы

18-29
30-49
50-57
57 және одан жоғары

Көрсетілетін қызметті алушының санаты

Көп балалы тұлғалар/отбасылар
NEET санатындағы жастар
Аз қамтылған адамдар/отбасылар
Еңбекке қабілетті мүгедек
Қоныс аударушылар (қандастар)
Басқа

Мүгедектігінің бар/жоғы

Иә
Жоқ

Ұялы телефон


E-mail


Компанияның ұйымдық-құқықтық нысаны/жеке тұлға

□ Жеке тұлға
□ ЖК
□ ЖШС
□ ШҚ
□ БЖТ төлеуші
□ Басқа

Клиент ұйымының атауы


Ұйымның БСН (бар болса)


Ауыл шаруашылық бизнес түрлері

□ етті Ірі қара мал (бордақылау)
□ етті Ірі қара мал (өңделген өнім)
□ Сүтті ірі қара мал
□ Жылқы шаруашылығы (қымыз және өңделген өнім)
□ Жылқы шаруашылығы (бордақылау)
□ Қой шаруашылығы (оның ішінде, ешкі)
□ Түйе шаруашылығы
□ Құс шаруашылығы
□ Шошқа шаруашылығы

□ Балық өсіру
□ Жануарлардың өзге де түрлерін өсіру (қоян)
□ Жылыжай шаруашылығы
□ Маусымдық дақылдарды өсіру
□ Көпжылдық дақылдарды өсіру
□ Ет өнімдерін өндіру
□ Жемістер мен көкөністерден өнімдер шығару
□ Майлар мен майларды өндіру

□ Сүт өнімдерін өндіру
□ Ұн өндірісі
□ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер өндірісі
□ Өндіріс
□ макарон бұйымдар
□ Жемшөп өндірісі
□ Сүт қабылдайтын пункт
□ Жүнді өңдеу
□ Ара шаруашылығы
□ Өзге де


Ауылшаруашылық емес бизнес түрлері

□ Дәріхана
□ Тігін цехы (ателье, тоқу цехы)
□ Массаж қызметі
□ Шеберхана (жөндеу жабдықтары, кәдесыйлар, құралдар және т. б.)
□ Балабақша (шағын орталық)
□ Репетиторлық қызметтер
□ Монша қызметі
□ Тамақтану қызметтері
□Туризм (қонақ үйлер, кемпингтер, лагерьлер)

□ Автосервис (ТЖО, шиномонтаж, Автобөлшектер)
□ Сұлулық салондарының қызметтері (шаштараз)
□ Дүкен (азық-түлік, тұрмыстық, құрылыс)
□ Жеңіл автокөлік қызметтері
□ Жолаушылар автомобиль қызметі
□ Жүк көлігі қызметтері
□ Арнайы техника қызметтері
□ Ойын-сауық қызметтері
□ Ағаш өңдеу
□ Металл өңдеу

□ Металл-пластикалық бұйымдар
□ Құрылыс материалдарын өндіру
□ Құрылыс қызметтері
□ Басқа тұрмыстық өнімдер өндірісі
□ Полиграфиялық қызметтер (фотосалон)
□ Салттық қызметтер
□ Ветеринарлық қызметтер және ветеринарлық дәріханалар
□ Киіз үй өндірісі
□ Сауда және кеңсе ғимараттарының құрылысы
□ Өзге де


ЭҚЖЖ бойынша қызмет түрі


Кәсіпкерлік субъектісі

□ микро
□ шағын,
□ орта
□ ірі

Өтініш берген кездегі жұмыскерлердің саны (адам саны)


Жылдық айналымдар

□ 500 мың теңгеге дейін
□ 500 мың теңгеден -1 млн теңге
□ 1 млн теңгеден бастап -2 млн теңге
□ 2 млн теңгеден - 5 млн теңгеге дейін
□ 5 млн теңгеден - 10 млн теңгеге дейін
□ 10 млн теңгеден - 50 млн теңгеге дейін
□ 50 млн теңгеден бастап және одан жоғары

Бұрын қаржыландыру алдыңыз ба, жоқ па?

□ Жеңілдікпен кредиттеу 6 %
□ 200 АЕК грант
□ "Бизнестің жол картасы – 2025" гранты
□ Субсидиялау
□ Кепілдендіру
□ Басқа

1. Бізге жүгінген кезде сіздің қандай проблемаларыңыз бен қажеттіліктеріңіз болды?


2. Сізге даму әлеуетін анықтау, бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеуге көмек көрсету үшін ағымдағы бизнес жағдайын сыртқы бағалауды ұйымдастыру қажет пе, жоқ па
(тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін).

□ Иә
□ Жоқ

3. Оқытуды ұйымдастыру:
3.1. Сізге бизнес жүргізу үшін оқыту қажет пе, жоқ па?
(қажеттісін көрсету)

□ Жеке өсу
□ Бейінді оқыту
□ Жоқ, қажет емес

3.2. Егер сізді бейінді оқыту қызықтырса, онда Сізге оқытудың нақты қай түрі қажет?

□□ Ауыл шаруашылығын жүргізу бойынша оқыту (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы)
□□ Азық - түлік өндірісін оқыту
□□ Бьюти индустрия саласында оқыту
□ Нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді өндіру бойынша оқыту
□ Тігін өндірісі, киім құрастыру бойынша оқыту
□ Білім беру саласындағы оқыту
□ Басқа ____________________________________
(өз нұсқаңызды жазыңыз)
□ Жоқ, қажет емес

3.3. Сізге кооперация және әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту қажет пе, жоқ па? (қажеттісін көрсетіңіз)

□ Кооперация бойынша оқыту
□ Әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша оқыту
□ Жоқ, қажет емес

4. Ментордан сүйемелдеу алғыңыз келе ме, жоқ па?
(тек жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлер үшін)

□ Иә
□ Жоқ

5. Сізге қаржыландыруды тартуға (краудфандинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) оқыту қажет пе, жоқ па?

□ Талап етілмейді
□ Иә, қажет

6. Әйелдер кәсіпкерлігіне қатысты халықаралық жобалар туралы ақпарат алғыңыз және оған қатысқыңыз келе ме, жоқ па? (кәсіпкер әйелдерге ақпарат беру)

□ Иә
□ Жоқ

Егер сізге оқыту қажет болса, онда сізге қандай форматта оқу ыңғайлы?

□ Онлайн
□ Офлайн (күндізгі)

Консультанттың А.Т.Ә.


Консультанттың қолы


Консультанттың жұмысын бағалаңыз

□ Өте жақсы
□ Жақсы
□ Жаман

Сіздің тілектеріңіз/пікірлеріңіз/ ескертулеріңіз


Клиенттің А.Т.Ә.


Клиенттің қолы

□ Мен ӘКДО жұмысы аясында менің деректерімді өңдеуге келісемін (белгі қойыңыз)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік көрсетілетін қызметті ұсынуға сауалнама-өтінім

1

Өтініш берген күні


2

Өтініш берушінің Т.А.Ә.


3

Өтініш беруші тұратын облыстың атауы


4

Өтініш берушінің қала/моноқала/шағын қала/аудан орталығының атауы


5

Сервистік көрсетілетін қызметке өтініш берушінің жынысы


6

Сервистік көрсетілетін қызметке өтініш берушінің туған күні


7

Өтініш берушінің жасы (өтініш берген сәтте)


8

Өтініш берушінің жас санаты


9

Өтініш берушінің мүгедектігі


10

Жеке кәсіпкердің ЖСН / заңды тұлғаның, өтініш берушінің БСН


11

Шағын және орта кәсіпкерлік (бұдан әрі – ШОК) субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны


12

ШОК субъектісінің атауы


13

Субъектінің санаты


14

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша саласы


15

ШОК субъектісі қызметінің ЭҚЖЖ бойынша кіші саласы


16

Қызметтің/консультацияның атауы


17

Кіші қызмет түрінің атауы / консультациялар


18

Телефон (ШОК субъектісінің мобильді, жұмыс/үй)


19

E-mail (ШОК субъектісі)


20

Менеджер-консультанттың Т.А.Ә.


      * Өтінішке: жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеке кәсіпкердің/шаруа немесе фермер қожалығының куәлігін/хабарламасын, заңды тұлғаны тіркеу туралы анықтаманы, уәкілетті адамға (қажет болса) сенімхатты қоса беремін.

      * Мен ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын, дұрыс емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы хабардармын және "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына менің дербес деректерімді өңдеуге, сондай-ақ "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес фотофиксацияға, дербес деректерді жинауға, өңдеуге, сақтауға, сақтауға және т.б. және өзге де ақпаратты түсіру және пайдалануға келісім беремін.

      * Көрсетілген қызметтердің сапасын бағалау (аудит) және мониторингтеу мақсатында жүргізілетін телефон және (немесе) SMS-сауалнама жүргізуге келісім беремін.

      * Мен қаржылай емес қолдау құралдары шеңберінде көрсетілген қызметтердің нәтижелерін ұсынуға келісім беремін.

      Тегі, аты, әкесінің аты (болса)

      Күні: 20 жылғы " "

      (қолы)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
6-қосымша

      Нысан

№ КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР АКТІСІ

      _____________________ (қызмет көрсету орны) 20 жылғы " "

      № _________ ____________ шарт негізінде әрекет ететін менеджер-консультант

      _________________ (бұдан әрі – "орындаушы") бір тараптан және _________

      негізінде әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі, клиент_____

      (бұдан әрі "тапсырыс беруші" деп аталатын) ____________ екінші тараптан

      төмендегілер туралы осы актіні жасады:

      Орындаушы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету бойынша мынадай қызметтерді көрсетті, ал тапсырыс беруші алды:

      ____________________________________________________________________
(қызмет түрі)

      ____________________________________________________________________
(қызмет түрі)

      ТАРАПТАРДЫҢ МЕКЕНЖАЙЛАРЫ МЕН ДЕРЕКТЕМЕЛЕРІ

Орындаушы:

Тапсырыс беруші:

___________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
менеджер-кеңесші)
Жеке сәйкестендіру нөмірі:
____________________________________
Мекен-жайы: ____________________________________
Телефон: _______________________________
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

___________________________________
(ұйымның атауы)
Жеке сәйкестендіру нөмірі/бизнес сәйкестендіру нөмірі:
______________________________________
Заңды мекен-жайы:
______________________________________
Телефон: _________________________________
___________ ________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

"Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралы шеңберінде көрсетілген қызметтер тізілімі

      Толтырылған күні: 20 жылғы " ".

р/с №

Қызмет көрсету форматы

Облыс/қала

Елді мекен (моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Өтініш берушінің тегі, аты, Әәкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек/әйел)

Туған күні (күні, айы, жылы)

Жүгінген кездегі жасы

Қызмет көрсетуге өтініш берген субъектінің жас санаты

Мүгедектік

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысаны

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген /қызметтің басталған күні

Қызметті аяқтау /аяқталу күні

Телефон (өтініш берушінің мобильді, жұмыс/ үй)

Өтініш берушінің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24























  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
8-қосымша

Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетілуіне мониторинг жүргізу әдістемесі

      1. Қаржылай емес қолдау операторы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау шараларын ұсыну қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 30-тармағында көрсетілген сервистік көрсетілетін қызметтер тізбесіне сәйкес "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асырады.

      2. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері үшін сервистік қолдау көрсету облыс орталықтарындағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы өңірлік кәсіпкерлер палаталары арқылы және қаржылай емес қолдау операторының веб-порталы арқылы жергілікті жерлерде жүзеге асырылады.

      3. "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы (бұдан әрі-қаржы агенттігі) осы кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсетілуіне мониторинг жүргізу әдістемесіне (бұдан әрі – әдістеме) 8.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдаудың іске асырылу барысы туралы ақпарат көзі болып табылатын сервистік қолдау бойынша қызметтер көрсетілуіне мониторингті жүзеге асырады. Сервистік қолдау жөніндегі ақпарат, шарттар мен көрсетілген қызметтер актілерінің көшірмелері осы әдістеменің 12-тармағында көрсетілген параметрлер бойынша тексеріледі.

      4. Сервистік қолдау бойынша көрсетілетін қызметтерді мониторингтеу мыналарды көздейді:

      1) мынадай көрсеткіштерді:

      өңірлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер санын;

      өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер санын;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының санын;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе қызмет алған клиенттер санын (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызмет алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет ескеріледі);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттен сервистік қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет ескеріледі);

      өңірлер бөлінісінде кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызмет алған клиенттер санын;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша көрсетікіштер санын;

      қаржылай емес қолдау операторының офлайн және онлайн ремиде көрсеткен қызметтерінің санын тексеруді және өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштерді талдау;

      2) қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және (немесе) қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды іске асыру сапасына мынадай:

      алынған қызметтердің және (немесе) консультациялардың сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік қызметке және (немесе) консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржы құралдарын алуға мүдделілігі өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу.

      Осы әдістемеге 8.2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы пікіртерім жүргізуге арналған сұрақтар тізбесіне сәйкес есепті кезеңде қызметтер алған клиенттердің жалпы санының кемінде 10% көлемінде телефон арқылы пікіртерім жүргізу.

      5. Мониторинг жүргізу көздері мыналар болып табылады:

      осы әдістемеге 8.1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) өңірлік кәсіпкерлік палаталары (бұдан әрі – ӨКП) қаржы агенттігіне офлайн және онлайн режимдерде, excel электрондық форматында көрсетілген қызметтер бойынша ұсынатын сервистік қолдауды іске асыру барысы туралы ақпарат (бұдан әрі – ақпарат).

      6. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП осы әдістеменің 5-тармағына сәйкес ақпаратты ілеспе хатпен қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарына есепті тоқсаннан кейінгі алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей, ал қорытынды ақпаратты - есепті жылғы желтоқсанның алғашқы 3 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынады. Бұл ретте қаржылай емес қолдау операторының және (немесе) ӨКП-ның қолы қойылған қағаз жеткізгіштегі ілеспе хатта барлық ұсынылған құжаттар беттерінің саны көрсетіле отырып, санамаланады.

      7. Қаржы агенттігі деректерді дұрыс енгізбеу және (немесе) ақпаратты сапасыз толтыру анықталған жағдайларда 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржылай емес қолдау операторына хабарлама-хат жібереді.

      Қаржылай емес қолдау және (немесе) ӨКП операторы ұсынған осы әдістеменің 4-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген статистикалық көрсеткіштерді талдау үшін деректердің бірінің ақпараттың болмауы сапасыз толтыру болып саналады.

      8. Қаржылай емес қолдау операторы хабарлама-хат келіп түскен күннен бастап ескертулердің күрделілігіне қарай 1 (бір) жұмыс күнінен 5 (бес) жұмыс күніне дейінгі мерзімде ескертулерді жояды және қаржы агенттігіне жібереді.

      9. Қаржы агенттігі осы әдістеменің 7-тармағында көрсетілген мерзімді бұза отырып, қаржылай емес қолдау операторы ұсынған деректерді қоспай есепті кезең үшін сервистік қолдау бойынша көрсетілетін қызметтердің іске асырылу мониторингі бойынша есепті (бұдан әрі – есеп) қалыптастырады. Есеп нысаны осы әдістемеге 8.3-қосымшада келтірілген.

      10. Есепті қаржы агенттігі қағаз және электрондық жеткізгіштерде ұсынады. CD немесе DVD форматындағы дискілер және (немесе) USB-флеш-жинақтағыш электрондық жеткізгіш болып танылады. Есеп уәкілетті органға ресми хатпен ұсынылады және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шартта көрсетілген есепті айдан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның кеңсесінде тіркеледі.

      11. Қаржы агенттігі есепте қаржылай емес қолдау операторының осы әдістеменің 7-тармағында көзделген ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтамау жағдайларын көрсетеді.

      12. Қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП электрондық түрде ұсынатын ақпаратты Қаржы агенттігінің өңірлік филиалы мынадай параметрлер бойынша тексереді:

      1) қаржылай емес қолдау операторы және (немесе) ӨКП ұсынған ақпараттың осы әдістемеге 8.1-қосымшада көрсетілген нысанға сәйкес келуі;

      2) ақпаратта толтырылған деректердің толықтығы, оның ішінде: облыс/қала, елді мекен, қызмет көрсету орны, клиенттің атауы, Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса), Жекке кәсіпкердің (бұдан әрі – ЖК) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) /бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі –ЖСН) БСН), заңды тұлғаның жынысы, туған күні, жасы, мүгедектігі, ұйымдық-құқықтық нысаны, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саласы (бұдан әрі – ЭҚЖЖ), ЭҚЖЖ бойынша кіші сала, мамандандырылған қызметтің атауы, мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы, өтініш берген/қызметтің басталған күні, қызметтің аяқталған/аяқталған күні, жұмыс және (немесе) үй телефоны және (немесе) ұялы, электрондық пошта (мүмкіндігінше).

      Қызмет көрсету форматы – офлайн немесе онлайн режимдердегі қызмет көрсетіледі.

      Облыс/қала – сервистік қолдау көрсетілген облыстың немесе қаланың атауы көрсетіледі. Мысалы: Ақмола облысы немесе Астана қаласы.

      Елді мекен – КҚКО базасында сервистік қолдау көрсетілген жағдайда қызмет көрсетілген қала, кент немесе ауыл көрсетіледі. Мысалы:

      Павлодар қаласы, Заводской ауылы немесе Никольское селосы.

      Офлайн режимде көрсетілген қызметтерді көрсету орнын КҚКО, базасында онлайн режимде көрсетілген қызметтер бойынша қызмет көрсетілген КҚКО бөлімшелері көрсетеді, өзіне – өзі қызмет көрсету аймағын басқару орталығы (бұдан әрі – КҚКО) көрсетіледі.

      Клиент кәсіпорнының атауы – клиент жүгінген компанияның толық атауы. Мысалы: Есенғазин Бақытбек Омарғалиұлы ЖК немесе London – EC жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС).

      Клиенттің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) – сервистік қолдау алуға жүгінген компания өкілінің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) толық көрсетіледі. Мысалы: Тұрсынбекова Ботагөз Алмасқызы немесе Аденов Айса.

      ЖК ЖСН/заңды тұлғаның БСН-жеке кәсіпкердің 12 таңбалы жеке сәйкестендіру нөмірі немесе компанияның бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі. Мысалы: 830514301719 немесе 100164017356.

      Жынысы – сервистік қолдау алуға жүгінген клиенттің жынысы көрсетіледі. Мысалы: еркек немесе әйел.

      Туған күні – клиенттің туған күні "күні.ай.жыл". Мысалы: 25.09.1954.

      Жасы – бұл тармақ клиенттің туған күніне сәйкес есептеледі. Мысалы: егер клиенттің туған күні 1985 ж. 10.01. болса, жүгінген кездегі жасы (2022 ж. 01.01. жағдай бойынша) – 36.

      Мүгедектік егер сервистік қолдауға немесе ақпараттық қамтамасыз ету жөніндегі қызметтерге жүгінген клиенттің мүгедектігі болған жағдайда, мүгедектік тобы көрсетіледі; мүгедектік болмаған жағдайда оның болмауы көрсетіледі. Мысалы: 1 топ немесе жоқ.

      Ұйымдық-құқықтық нысаны-Клиентті кәсіпкер ретінде тіркеу нысаны. Мысалы: ЖК (Жеке кәсіпкер) немесе ШҚ (шаруа қожалығы).

      Кәсіпкерлік субъектісінің санаты-сервистік қолдау көрсетуге немесе ақпараттық қамтамасыз етуге байланысты шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне осы санаттардың қайсысына клиент жататынын көрсету қажет. Мысалы: шағын немесе орта.

      ЭҚЖЖ бойынша сала – ЭҚЖЖ-ға қатаң сәйкестікте кәсіпорындар қызметінің түрі көрсетіледі. Мысалы: көлік және қойма немесе өңдеу өнеркәсібі.

      ЭҚЖЖ бойынша кіші сала-экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішіне қатаң сәйкестікте кәсіпорын қызметінің кіші түрі көрсетіледі. Мысалы: жер үсті көлігі және құбырлар арқылы тасымалдау немесе қабырға блоктарын өндіру.

      Мамандандырылған қызметтің атауы – Қағидаларда көрсетілген сервистік қызметтер тізбесіне сәйкес қызметтің атауы көрсетіледі.

      Мамандандырылған қызметтің кіші түрі-Қағидаларда көрсетілген сервистік қызметтер тізбесіне сәйкес қосалқы қызметтердің атауы көрсетіледі.

      Жүгінген/қызметті бастаған күні – клиенттің сервистік қолдау алу үшін және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша жүгінген күні немесе қызметті ұзақ мерзімді көрсеткен жағдайда (мысалы, бизнес – жоспарды әзірлеу) – сервистік қолдау көрсетуді бастаған күні көрсетіледі.

      Қызметтің аяқталу/аяқталу күні – қызметтің аяқталу күні немесе ұзақ мерзімді қызмет көрсету жағдайында (мысалы, бизнес-жоспарды әзірлеу) – сервистік қолдау көрсетудің аяқталу күні көрсетіледі. Бұл ретте қызмет көрсету аяқталған/аяқталған күннен бастап көрсетілген болып саналады.

      Жұмыс және (немесе) үй және (немесе) ұялы телефоны – клиенттің бір және (немесе) бірнеше телефон нөмірлері көрсетіледі.

      Электрондық пошта – бар болса, клиенттің электрондық поштасы көрсетіледі.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне 8.1-қосымша
  Нысан

Сервистік қолдауды іске асыру барысы туралы ақпарат

Қызмет көрсету форматы

Облыс / қала

Елді мекен (Моноқала, шағын қала және аудан орталығы)

Қызмет көрсету орны

Кәсіпорынның атауы

Клиенттің тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)

Заңды тұлғаның Бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе дара кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі

Жынысы (еркек / әйел)

Клиенттің туған күні

Жүгінген кездегі жасы

Қызметке жүгінген өтініш берушінің жас санаты

Өтініш берішінің мүгедектігі

Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13



























      кестенің жалғасы

Кәсіпкерлік субъектісінің санаты

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша сала

Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуіші бойынша кіші сала

Мамандандырылған қызметтің атауы

Мамандандырылған қызметтің кіші түрінің атауы

Қызмет көрсеткен компанияның және (немесе) консультанттың Т. А. Ә.

Өтініш берген/ қызметтің басталған күні

Қызметтің аяқталу / аяқталу күні

Телефон (ұялы телефон./ үй. Клиенттің

Клиенттің электрондық мекенжайы

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23





















      Ескертпелер:

      БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖК – жеке кәсіпкер;

      ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ЭҚЖЖ – Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші.

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
8.2-қосымша

      Нысан

Сервистік қолдауды іске асыру мониторингі шеңберінде жүргізілетін телефон арқылы пікіртерім жүргізуге арналған сұрақтар тізбесі

      1. Алдыңыз ба Сіз кеңесті, не қызметті ____ күні _____ (атауы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының бөлімшелері кәсіпкерлер).

      2. Алынған қызметтің және (немесе) консультацияның сапасын 5-тен қалай бағалайсыз баллдық шкала? (мұнда 1 жаман, 5 жақсы)

      3. Алынған қызмет және (немесе) кеңес Сіздің бизнесіңізге көмектесті ме?

      ☐ Жоқ, көмектеспеді.

      ☐ Иә, ішінара көмектесті.

      ☐ Иә, көмектесті.

      4. Сіз мемлекеттік қаржылық құралдарды алуға мүдделісіз беқолдау?

      ☐ Иә

      ☐ Жоқ

  Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге
сервистік қолдау көрсетілуіне
мониторинг жүргізу
әдістемесіне
8.3-қосымша

      Нысан

Сервистік қолдаудың іске асырылу мониторингі туралы есеп

      1. Кіріспе: "Кәсіпкерлік қызметті жүргізуге сервистік қолдау көрсету" құралын іске асыру туралы жалпы ақпарат.

      2. Келесі көрсеткіштерді тексеру мен өңдеуді қамтитын статистикалық көрсеткіштерді талдау:

      көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлік бөліністе;

      көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлер бойынша экономика салалары бөлінісінде;

      өңірлер бойынша ұйымдық-құқықтық нысан бөлінісінде клиенттер кәсіпорындарының саны;

      өңірлер бойынша гендерлік бөліністе көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттерден сервистік көрсетілетін қызметтерді және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің гендерлік қатыстылығы бір рет ескеріледі);

      жас санаты бойынша клиенттер саны (бір өкіл бірнеше клиенттерден сервистік қызметтерді және ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтерді алу үшін жүгінген жағдайда, осы клиенттің жас санаты бір рет ескеріледі);

      кәсіпкерлік субъектісінің санаты бойынша көрсетілетін қызметтерді алған клиенттер саны, өңірлер бөлінісінде;

      өңірлік бөліністе көрсетілген қызметтер тізбесі бойынша сандық көрсеткіштер;

      қаржылай емес қолдау операторы офлайн режимде көрсеткен қызметтер саны;

      онлайн режимде көрсетілген қызметтер саны.     

      3. Қаржы агенттігінің өңірлік филиалдарының желісі және (немесе) қаржы агенттігінің Call-орталығы арқылы клиенттерге телефон арқылы пікіртерім жүргізу жолымен, клиенттердің қанағаттануын бағалау және мемлекеттік қолдау құралдарының қаржылық қажеттілігін талдау арқылы жүргізілетін сервистік қолдауды немесе ақпараттық қамтамасыз етуді іске асыру сапасына мынадай өлшемшарттар бойынша аудит жүргізу:

      алынған қызметтердің және (немесе) консультациялардың сапасын бағалау бойынша көрсеткіштер;

      алынған сервистік қызметке және (немесе) консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      ақпараттық қамтамасыз ету бойынша қызметтер шеңберінде алынған консультацияға қанағаттану бойынша көрсеткіштер;

      клиенттердің мемлекеттік қолдаудың қаржы құралдарын алуға мүдделілігі.

      4. Қорытынды: негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар.     

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
9-қосымша

      Нысан

"Қазақстан Республикасының Шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы" құралын ұсынуға өтінім

Кәсіпорын туралы ақпарат

Кәсіпорынның толық атауы:


Тіркеу нөмірі:


Мекен-жайы: факс:


Телефон: веб-сайт:


Электрондық пошта:


Басшының ресми лауазымы:


Басшының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) :


Басшының жасы:


Басшының жынысы:


Жылдық айналым (евро):


Құрылған жылы:


Қосылған құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік (болған жағдайда):


Қызметкерлер: қызметкерлердің жалпы саны:


Әйел жынысты қызметкерлер саны:


Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың атауы:


Кәсіпорынның сипаттамасы (тарихы, өнімдер, қызметтер, клиенттер, өндіріс көлемі және дамудың негізгі кезеңдері)


Кәсіпорынның даму тарихы (соңғы 5-10 жылда):


Дамудың маңызды кезеңдері (жекешелендіру, құрылымдық өзгерістер, салалық стандарттарды енгізу және басқалар):


Меншік иелерінің құрылымы (қатысу үлестерін немесе акцияларды бөлу, % - бен):


Жергілікті %


Шетелдік %


Жеке %


Әйелдер %


Қызмет түрлері және олардың кірістердегі үлесі:


Кредит беру (кәсіпорын алған/алуды жоспарлаған кредиттер туралы ақпарат беруді өтініш):


Кредиттік ұйымның атауы


Жобаның жалпы сомасы


Алынған кредиттің жалпы сомасы


Кредиттік шартқа қол қойылған күн (күні, айы, жылы)


Жылдық пайыздық мөлшерлеме


Кредит алу мақсаты (инвестициялар, Айналым капиталы, аралас)


Кредит қанша айға алынды


Сіз осы кредиттік ұйымда бірінші рет кредит алып отырсыз ба?


Жобаның сипаттамасы:


Жобаның көмегімен шешілетін кәсіпорынның негізгі мәселелерінің сипаттамасы:


Қажетті кеңес беру қызметтері:


Жоба нәтижесінде кәсіпорын қызметінде күтілетін өзгерістер


Тартылатын консультант (компанияның атауы, байланыс деректері, жауапты тұлғаның аты):


Жобаның басталуының күтілетін күні:


Сіздің кәсіпорынның жобаны іске асыруға жауапты қызметкері:


Тегі, Аты, Әкесінің аты (болған жағдайда):


Лауазымы:


Мекен-жайы:


Телефон:


Эллектрондық пошта:


Сіздің кәсіпорныңызда сыртқы консультанттарды тарту бойынша тәжірибесі бар ма? Егер "иә" болса, қысқаша ақпарат беріңіз:


Өтінім құжаттамасының пакетіне кіретін құжаттар тізбесі:


Өтінімнің толтырылған түпнұсқасы


Тіркеу сертификатының көшірмесі


Акциялардың бақылау пакетіне меншік құқығы туралы куәлік (жарғыдан немесе құрылтай шартынан үзінді)


Компанияның мөрімен расталған алдыңғы 2 (екі) жыл үшін жылдық қаржылық есептіліктің (пайда мен шығындар туралы есеп, ақша қаражатының қозғалысы, бухгалтерлік баланс) көшірмелері


  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
10-қосымша

      Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерліктің жоғары және орта буын басшыларының біліктілігін арттыру үшін тағылымдамаға қатысуға өтінім

      1. Өтініш беруші туралы ақпарат

Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) :


Туған күні:


Жынысы:

ер/әйел

Компанияның атауы:


Лауазымы:


Компанияның ағымдағы қызметі:


Компанияның жоспарланған қызметі:


Құрылған күні:


Компанияның мекен-жайы: компанияның заңды мекен-жайы: компанияның нақты мекенжайы (заңды мекенжайдан өзгеше болған жағдайда):

Облыс:

Қала (аудан көрсетілген елді мекен):

Пошта индексі:

Меншіктің ұйымдық-құқықтық нысаны:

 
жеке кәсіпкер ___ жауапкершілігі шектеулі серіктестік ___
акционерлік қоғам
____ басқа______

Компанияның ресми сайты (болған жағдайда):


Байланыстар:

Ұялы телефон:

Электрондық пошта:
Телефон (факс):

      2. Тағылымдамаға қатысу мақсаты

Сіздің компанияңыздың ___________(қабылдаушы елмен), сондай-ақ басқа елдермен ынтымақтастығының жоспарланған нысаны

Импорт ____ Экспорт ____ Дистрибуция______
Бірлескен кәсіпорын құру ______ Франчайзинг______
Лицензиялау _____ Көрме _________
Басқа:________________________________________

Неліктен сіз тағылымдамаға қатысқыңыз келеді ( (қабылдаушы елмен), оның ішінде басқа елдермен экономикалық ынтымақтастыққа қатысты Өз кәсіпорныңыздың жоспарларын сипаттаңыз)


Бизнес-жоспарыңыздың қысқаша сипаттамасы:


      Өтінімге келесі құжаттарды қоса беру қажет:

      1. Сауалнама.

      2. Кооперациялық жоба.

      3. Дербес деректерді қорғау туралы өтініш.

      4. "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру шеңберіндегі қатысушының міндеттемесі.

      5. Сіздің компанияңыз туралы ақпарат немесе power Point презентациясы бар буклет.

      6. Сіз сатып алғыңыз/сатқыңыз келетін өнімнің, жабдықтың және т.б. техникалық ерекшелігі.

      7. Фирмалардың (қабылдаушы елдің) сіздің ұсыныстарыңызға/өтініштеріңізге қызығушылығын білдіретін хаттары.

      8. "Іскерлік байланыстар" құралы бойынша шетелдік тағылымдамаға қатысуға үміткерлер үшін салық төлеушінің соңғы 12 (он екі) айдағы кірістерін растау туралы Мемлекеттік кірістер департаментінен анықтама.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
11-қосымша

      Нысан

  "Атамекен" Қазақстан
Республикасының Ұттық
кәсіпкерлер палатасы басқарма
төрағасының орынбасары
__________________________
аты, әкесінің аты (бар болса),
тегі пошталық мекенжайы,
байланыс телефоны
  ____________________________
  ___________________________
  ____________________________

Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыру аясындағы қатысушының міндеттемесі

      Осы арқылы мен, ____________________________________________________

      тағылымдамаға қатысушының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса), паспорт деректері _________________________________________________________________,
(лауазымы, кәсіпорынның атауы)

      Мен:

      1) кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобаның шарттарына сәйкес келетінімді растаймын және мен:

      1) Қазақстан Республикасының аумағында тағылымдамадан өту пунктіне дейінгі көлік шығыстарын өз бетімше төлеуге;

      2) тағылымдама шеңберінде сабақтарды/іс- шараларды өткізіп алынған жағдайда, болмау және (немесе) келмеу себептері туралы жазбаша түсініктеме және дәлелді себептердің бар-жоғын растайтын құжаттарды ұсына отырып (телефон, телеграф арқылы, электрондық пошта арқылы немесе өзге де тәсілмен), "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасын (бұдан әрі – "Атамекен" ҚР ҰКП) хабарлауға;

      3) Қазақстан Республикасының аумағында және қабылдаушы елдің аумағында тұру және көлік шығыстарын өз бетімше төлеуге (өз қаражаты есебінен тағылымдамадан өтуге ниет білдірген қатысушылар үшін);

      4) дәлелді себептер бойынша бас тарту жағдайларын қоспағанда, тағылымдамаға қатысуды мерзімінен бұрын тоқтатуға байланысты тағылымдаманы ұйымдастыруға жұмсалған соманы өтеуге;

      5) қайтып оралғаннан кейін менің тағылымдамаға қатысқанымды растайтын құжаттарды (отырғызу талондары, шекаралық бақылаудан өткені туралы белгілері бар паспорт беттерінің көшірмелері, шақырушы тараптың (халықаралық және шетелдік ұйымның) мөрі бар іссапар куәліктері) "Атамекен" ҚР ҰКП-ға ұсынуға;

      6) тағылымдама нәтижелері бойынша алынған білімді, тәжірибені және технологияларды ескере отырып, кәсіпорынды дамытудың егжей-тегжейлі жоспарын дайындауға және оны Қазақстан Республикасына оралған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде "Атамекен" ҚР ҰКП-ға жіберуге;

      7) "Атамекен" ҚР ҰКП бірінші талап етуі бойынша кәсіпорынның даму жоспарының іске асырылуына немесе "Іскерлік байланыстар" құралын іске асыруға байланысты өзге де іс-әрекеттерге мониторинг жүргізу үшін барлық қажетті мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға;

      8) кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді мониторингтеу, тағылымдаманы жеке жоспарда және кәсіпорын үшін бағалау мақсатында тағылымдамадан кейін өткізілетін семинарларға қатысуға;

      9) кешенді бағалау және оны жақсарту мүмкіндігі үшін шетелдік тағылымдамадан кейін кәсіпорынның дамуын, кәсіпорында болып жатқан өзгерістерді және тұлғалық өзгерістерді қадағалау бойынша сауалнама жүргізуге қатысуға;

      10) тағылымдамадан өту кезінде өздерімен бірге туыстарын, кәмелетке толмаған балаларын алып жүрмеуге;

      11) "Атамекен" ҚР ҰКП ұсынатын логистиканы ұйымдастыру жөніндегі шарттарды қабылдауға;

      12) халықаралық шетелдік ұйым тарапынан тағылымдаманы ұйымдастыруға байланысты мәселелерге белсенді қатысуға міндеттенемін.

      Ескертпелер:

      1) тағылымдамаға одан әрі қатысудан бас тартудың дәлелді себептеріне мыналар жатады:

      емдеу мекемесінің тиісті құжаттарымен расталған, тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін денсаулық жағдайы;

      басталуы тағылымдамаға қатысуға кедергі келтіретін және құжатпен расталған отбасылық мән-жайлар (мысалы, жақын туысының ауруы немесе қайтыс болуы);

      тағылымдамаға жіберу күніне дейін кемінде күнтізбелік 30 (отыз) күн бұрын алдын ала "Атамекен" ҚР ҰКП-ның тағылымдамаға қатысудың мүмкін еместігі туралы жазбаша хабарламасы;

      уәкілетті орган құжатпен растаған еңсерілмейтін күш мән-жайлар әрекетінің, яғни төтенше және сол жағдайлар кезіндегі еңсерілмейтін мән-жайлар (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар және т.б.) салдары;

      2) кәсіпорын деп шетелге шығу кезінде тағылымдамаға қатысушы жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлік субъектісі түсініледі.

      Міндеттеменің шарттары Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі мен Германия Федеративтік Республикасының Экономика және энергетика министрлігі арасындағы үкіметаралық келісімге сәйкес қарастырылған.

      Тағылымдама елі өзгерген жағдайда міндеттеме шарттары өзгертіледі.

      20__ ж. "____" _____________ Қолы: ________

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлікті қаржылық емес
қолдау шараларын ұсыну
қағидаларына
12-қосымша

      Нысан

"Іскерлік байланыстар" құралына қатысушылардың қызметіне кейінгі мониторинг нысаны

р/с №

Компанияның атауы

Қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)

Лауазымы

Қызметтің қысқаша сипаттамасы

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші бойынша саланың/кіші саланың атауы

Активтердің орташа жылдық құны, мың тг.

Компанияның жылдық орташа айналымы, мың тг.

Жұмыс орындарының саны, адам

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін

Құралға қатысқанға дейін

Кейін













      кестенің жалғасы

Өткен жылға төленген салық көлемі, мың тг.

Құралға қатысу мақсаты

Тағылымдама елі

Шетелдік серіктес компанияның атауы

Белгіленген ынтымақтастық түрі

Құралға қатысу нәтижесі

Ескерту

Аймақ









      Ескертпе: басқа да оң нәтиже болған жағдайда, "Ескерту" бағанындағы ақпаратты көрсету қажет.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидаларман толықтырылды - ҚР Үкіметінің 02.02.2022 № 43 қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары (бұдан әрі – Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес әзірленді және кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру шарттары мен тетігін айқындайды.

      2. Эмитенттердің облигациялары, оның ішінде "Астана" халықаралық қаржы орталығының қор биржасы бағалы қағаздарының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – АХҚО) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;

      2) АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органы – АХҚО юрисдикциясындағы қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеуді жүзеге асыратын тәуелсіз уәкілетті орган;

      3) АХҚО қор биржасы – АХҚО-да қаржы құралдары мен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға;

      4) АХҚО қор биржасының облигацияларды шығару жөніндегі актісі – АХҚО қор биржасында облигацияларды шығару тәртібін регламенттейтін АХҚО биржалық реттеуі шеңберіндегі нормативтік құжат;

      5) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, Қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті берген лицензия негізінде депозитарлық қызметті жүзеге асыратын жеке компания;

      6) АХҚО қор биржасының тіркеушісі – АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген, қызметі бағалы қағаздар тізілімін қалыптастыру және жүргізу бойынша қызметтер көрсетуге негізделетін жеке компания;

      7) АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің қағидалары – АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің бағалы қағаздар нарығының субъектілерімен өзара қарым-қатынасының шарттары мен тәртібін айқындайтын құжат;

      8) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті орган – бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган;

      9) банк-төлем агенті – банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым;

      10) "жасыл" жобалар – бекітілген сыныптама (таксономия) негізінде айқындалған, Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес қолда бар табиғи ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыруға, қоршаған ортаға теріс әсер ету деңгейін төмендетуге, энергия тиімділігін, энергия үнемдеуді арттыруға, климаттың өзгеру салдарларын жұмсартуға және климаттың өзгеруіне бейімделуге бағытталған жобалар;

      11) "жасыл" облигация – "жасыл" жобаларды іске асыру мақсатында ақша қаражатын тарту үшін кәсіпкерлік субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығаратын және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес шығарылып, АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген тіркелген кірісі бар борыштық құрал;

      12) "жасыл" таксономия – Қазақстан Республикасының экология заңнамасына сәйкес "жасыл" облигациялар және "жасыл" кредиттер арқылы қаржыландыруға жататын "жасыл" жобалардың сыныптамасы;

      13) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін, кәсіпкер бастамашылық қызмет ретінде жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі бағыттарындағы іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы;

      14) кәсіпкер – өз қызметін осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 1-қосымшасына сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларында жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығына сәйкес облигациялар түрінде қаржы құралдарын шығаратын шағын және (немесе) орта кәсіпкерлік субъектісі;

      15) кепілдік – қаржы агенттігінің облигацияларды ұстаушылар алдындағы кәсіпкердің орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін орындауы үшін облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес кепілдік сомасы шегінде жауап беру міндеттемесі;

      16) кепілдік берілген облигациялар – эмитент шығарған және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, қаржы агенттігі кепілдік сомасы шегінде облигациялар бойынша кепілдік шартының талаптарына сәйкес орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеу бойынша кәсіпкердің міндеттемелерін орындауды жүзеге асыратын облигациялар, оның ішінде "жасыл" облигациялар;

      17) қамтамасыз етілген облигация – эмитент міндеттемелерін орындау эмитент мүлкінің кепілімен толық немесе ішінара, үшінші тұлғалар кепілдігімен қамтамасыз етілген облигация;

      18) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      19) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – өз қызметін қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген өкілеттіктері шегінде жүзеге асыратын, тұрақты түрде жұмыс істейтін алқалы орган;

      20) қаржылық консультант – эмитентке жасалған шартқа сәйкес эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының ресми тізіміне енгізу мәселесі бойынша консультациялық қызметтер көрсететін ұйым;

      21) қор биржасы – акционерлiк қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, дауыс беретін акцияларының жалпы санының кемінде жиырма бес пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі болатын, сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етудi осы сауда-саттықты ұйымдастырушының сауда жүйелерiн пайдалана отырып, тiкелей жүргiзу арқылы жүзеге асыратын заңды тұлға;

      22) листинг – бағалы қағаздарды қор биржасындағы және/немесе АХҚО қор биржасындағы бағалы қағаздардың ресми тiзiмiнiң санатына және (немесе) секторына қосу, оларға қосу және оларда болуы үшін қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының iшкi құжаттарында бағалы қағаздарға және олардың эмитенттерiне арнайы (листингтiк) талаптар белгiленген;

      23) облигация ұстаушы – бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімі жүйесінде немесе номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде тіркелген, облигациялар бойынша құқығы бар тұлға;

      24) облигациялар бойынша кепілдік беру шарты – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында жасалатын үшжақты жазбаша келісім, оның талаптары бойынша қаржы агенттігі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілері шығарған және қызметін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының тізіміне енгізілген орналастырылған облигациялардың номиналды құны сомасының бір бөлігін төлеуге кепілдік береді.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты қағаз жеткізгіште/электрондық нысанда жасалады, бұл ретте кепілдік шартының электрондық нысанына Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады;

      25) облигациялар шығарылымының проспектісі – эмитент, оның қаржылық жайғдайы, сатылуы болжанатын облигациялар, шығарылым көлемі, шығарылымдағы облигациялар саны, оларды шығару, орналастыру, олардың айналысы, сыйақы төлеу, өтеу рәсімі мен тәртібі туралы мәліметтерді және инвестордың облигацияны сатып алу туралы шешіміне ықпал етуі мүмкін басқа да ақпаратты қамтитын құжат;

      26) облигацияларды орналастыру – облигацияларды бастапқы бағалы қағаздар нарығында сату;

      27) облигацияларды өтеу – орналастырылған облигацияларды эмитенттiң облигациялар шығару проспектiсiнде белгiленген тәртiппен облигацияның сыйақысы мен номиналды құнын төлеу жолымен (кейiннен сату мақсатынсыз) айналыстан алып қою бойынша іс-қимылы;

      28) облигацияларды ұстаушылардың өкiлi – осы облигациялар эмитентінің үлестес тұлғасы болып табылмайтын, бағалы қағаздардың қайталама нарығында облигациялардың айналыста болуы, облигациялар бойынша сыйақы төлеу және оларды өтеу процесінде эмитентпен жасасқан шарт негізінде облигациялар ұстаушылардың мүддесінде әрекет ететін бағалы қағаздар нарығының кәсiби қатысушысы;

      29) орталық депозитарий – "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыратын мамандандырылған коммерциялық емес акционерлік қоғам;

      30) өңірлік үйлестіруші – жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;

      31) сыйақы мөлшерлемесі – облигацияны орналастыру нәтижесінде эмитент алған ақшаны пайдаланғаны үшін облигация ұстаушыға мерзімді негізде төленуге тиіс, облигациялар шығарылымының проспектісінде белгілеген пайызбен көрсетілген сыйақы мөлшерлемесі;

      32) сыртқы бағалау провайдері – тиісті қорытынды дайындай отырып, "жасыл" облигация шығару арқылы қаржыландырылатын іске асырылуы көзделген немесе іске асырылып жатқан "жасыл" жоба бойынша тәуелсіз бағалауды жүзеге асыратын ұйым;

      33) уәкілетті орган – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган;

      34) эмитент – облигациялар шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкер;

      35) электрондық өтінім – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылатын және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылатын мемлекеттік қолдау алуға өтініш;

      36) электрондық құжаттар топтамасы – өтініш берушінің немесе осы құжатты куәландыруға өкілеттілігі бар тұлғаның не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы өзі қатысқан кезде берген жазбаша келісімі негізінде кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының уәкілетті жұмыскерінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, төлнұсқа құжаттың түрін және ақпаратын (деректерін) электрондық-цифрлық нысанда толық көрсететін құжаттар.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      4. Эмитенттердің облигациялары бойынша, оның ішінде АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, "жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру кәсіпкерлерді қаржылық қолдау құралы болып табылады және кәсіпкерлік субъектілерінің қаржы ресурстарына қол жеткізуін кеңейту және қамтамасыз ету үшін пайдаланылады.

      5. Қаржы агенттігі кепілдігінің құнын уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді және кепілдік сомасының 20 %-ын құрайды. Кепілдік шартының қолданылуы тоқтатылған кезде сома жобаларға кейін кепілдік беру үшін пайдаланылады.

      Босаған қаражат есебінен кепілдік беру көлемі кепілдік шарттарының қолданысы тоқтатылуы есебінен қалыптастырылған босаған қаражат көлемінің 5-ке тең (100 %/20 %) мультипликаторға көбейтіндісіне тең.

      Қаржы агенттігі алынған қаражатты өзінің қалауы бойынша әртүрлі қаржы құралдарына орналастыра алады.

      6. Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін көзделген қаражатты ұлттық жоба бойынша республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган қаржы агенттігіне олардың арасында жасалатын қаражатты аударуға арналған шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.

      Ұлттық жоба бойынша жергілікті бюджет қаражаты есебінен облигациялар бойынша кепілдік беру үшін көзделген қаражатты өңірлік үйлестіруші ұлттық жоба шеңберінде олардың арасында жасалатын субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың негізінде қаржы агенттігіне аударады.

      Субсидиялау және кепілдік беру туралы шарттың үлгілік нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.

      7. Облигациялар бойынша кепілдік беру нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық және/немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      Республикалық және/немесе жергілікті бюджеттен ұлттық жоба шеңберінде кепілдік беруге бөлінген және пайдаланылмаған қаражат ұлттық жоба/"Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі шеңберінде жобаларды субсидиялауға және/немесе кепілдік беруге пайдаланылуы мүмкін.

2-тарау. Кәсіпкерлік субъектілері шығарған облигациялар бойынша кепілдік беру тәртібі

1-параграф. Эмитенттерге қойылатын шарттар мен талаптар

      8. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша экономиканың басым секторларындағы жобаларды іске асыру үшін облигациялар шығару мен орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысушылар бола алады.

      9. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде "жасыл" жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) АХҚО актілеріне сәйкес "жасыл" облигацияларды шығаруды және орналастыруды жүзеге асыратын эмитенттер де қатысушылар бола алады.

      10. Мыналар осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына қатысулар бола алмайды:

      1) моторлы көлік құралдарын және дәрілік зат ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіруді көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруды жүзеге асыратын эмитенттер;

      2) қиыршық тасты және құмды карьерлерді игеру жобаларын қоспағанда, тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі және карьерлерді игерудегі жобаны іске асыруды жоспарлайтын эмитенттер;

      3) құрылтайшылары (оның ішінде қатысушылары, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар/мекемелер, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық компаниялар мен акцияларының (жарғылық капиталына қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, қаржы агенттігінің уәкілетті органы өтінімді қарау сәтінде ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған кәсіпкерлерді қоспағанда) тиесілі ұйымдар болып табылатын эмитенттер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері;

      4) меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген кәсіпкерлер.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2-параграф. Кепілдік беру шарттары

      11. Орналастырылған облигацияларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигацияларға кепілдік беру эмитенттің орналастырылған облигациялардың, оның ішінде "жасыл" облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігін төлеу жөніндегі міндеттемелерін өтеу үшін пайдаланылады және мемлекеттің бизнеспен өзара іс-қимылының тиімді тетіктері арқылы жүзеге асырылады.

      12. Орналастырылған облигацияларға, оның ішінде кәсіпкерлік субъектілері шығарған "жасыл" облигацияларға кепілдік беру жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін шығарылған облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      13. Эмитенттің кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялары, оның ішінде "жасыл" облигациялары шығарылымының жиынтық номиналды құны бір эмитентке 5 млрд теңгеден аспауға тиіс. Кепілдік мөлшері облигациялар шығарылымы көлемінің 50 %-ынан жоғары болмауға, бірақ бір эмитентке 2,5 млрд теңгеден аспауға тиіс, бұл ретте эмитент облигациялар (кепілдік) бойынша құны облигациялар шығарылымы көлемінің кемінде 50 %-ы мөлшерінде қамтамасыз етуді ұсынады.

      14. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру, олар бойынша облигациялар шығарылымының проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты:

      1) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешендер ретінде кәсіпорындарды сатып алу;

      2) айналым қаражатын толықтыру болып табылатындығы көрсетілген облигацияларды қоспағанда, жаңа тиімді инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыруды қаржыландыру үшін және осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде жобалар бойынша ағымдағы міндеттемелерді қайта қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген "жасыл" облигацияларды қоса алғандағы облигациялар бойынша жүзеге асырылады:

      15. Кепілдік беру салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде жұмыс орындарының орташа жылдық санын қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін 10 %-ға міндетті ұлғайтуды көздейтін жобалар бойынша жүзеге асырылады.

      Кәсіпкер қаржы агенттігі шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін кірістің (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) өсуін немесе төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) ұлғаюын немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің 10 %-ға ұлғаюын да растайды.

      16. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, сондай-ақ АХҚО актілеріне сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізілген, шығарылым проспектісінде облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны пайдаланудың нысаналы мақсаты жаңа және/немесе қазіргі бар "жасыл" жобаларды қаржыландыру немесе қайта қаржыландыру болып табылады деп көрсетілген "жасыл" облигациялар бойынша жүзеге асырылады.

      17. Орналастырылған облигацияларға кепілдік беру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған және АХҚО қор биржасының және (немесе) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген облигациялар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.

      18. Эмитент сатып алғандарын қоспағанда, орналастырылған облигациялардың, оның ішінде "жасыл" облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігі кепілдік беруге жатады.

      19. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру жүзеге асырылатын облигациялар шығарылымы проспектісіне кепілдік берудің бүкіл мерзімі ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу Бағалы қағаздар нарығы туралы заңда немесе АХҚО-ның қолданыстағы құқығында белгіленген жағдайлардан басқа, қаржы агенттігінің уәкілетті органымен келісу бойынша мүмкін болады.

      20. Облигациялар/"жасыл" облигациялар бойынша кепілдік беру мерзімді ұзарту құқығынсыз 5 (бес) жылға дейінгі мерзімі құрайды, бірақ облигациялардың айналыс мерзімінен аспайды.

      21. Орналастырылған облигациялардың номиналдық құны сомасының бір бөлігіне кепілдік беру облигациялар шығарылымы проспектісінде сыйақы төлеу кезеңділігі жылына 360 (үш жүз алпыс) күн және айына 30 (отыз) күн есебінен жылына екі реттен артық болмайтыны белгіленген облигациялар бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

      22. Эмитенттің кепілдік берілген облигациялары номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде ескеріледі. Кепілдік берілген облигациялармен мәмілелерді тіркеу бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі тиісті уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актісінде көзделген тәртіппен номиналды ұстау жүйесінде (орталық депозитарийдің және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінде) жүзеге асырылады.

      23. Кепілдік берілген облигацияларды ұстаушылардың өкілін таңдауды эмитент бағалы қағаздар нарығында кастодиандық және/немесе брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары арасынан дербес жүзеге асырады. Бұл ретте облигацияларды ұстаушының өкілі эмитенттің үлестес тұлғасы болмауға тиіс және облигацияларды шығару жөніндегі андерайтер бола алмайды.

3-параграф. Қатысушылардың өзара іс-қимылы

      24. Кепілдік алу үшін эмитент қаржы консультантымен бірлесіп мынадай кезеңдерден өтеді:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының алдын ала қорытындысын алу. Алдын ала қорытынды алу үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

      өтінішті және құжаттар топтамасын, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына беру;

      эмитентті және оның бағалы қағаздарын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/талаптарына сәйкестігін тексеру;

      2) қаржы агенттігіне кепілдік алуға өтініш беру (оның ішінде Egov немесе Damu-online арқылы өтініш беруге болады);

      3) шығарылым проспектісін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органда тіркеу және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеуі;

      4) қор биржасына және/немесе АХҚК қор биржасына листингке өтінішті және құжаттардың толық топтамасын беру.

      25. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі облигацияларды ұстаушылар өкілінің ішкі құжатында белгіленген рәсімге сәйкес эмитенттің қамтамасыз етуінің кепілдік құнын бағалауды дербес жүргізеді.

      26. Кепілдік беруге өтініш беру үшін эмитентке осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес құжаттар топтамасына қосымша қаржы агенттігіне мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

      1) қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік талаптарға сәйкестігі туралы алдын ала қорытындысы;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасы;

      3) қаржы агенттігіне өтінім берген күнге салық берешегінің жоқтығы туралы анықтама;

      4) 50 %-дан кем емес өтімді кепілдің болуын растау үшін бағалау компаниясының қорытындысы.

      Көрсетілген, оның ішінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларына 2-қосымшада көрсетілген құжаттар қаржы агентіне Egov немесе Damu-online қосымшалары арқылы онлайн ұсынылуы мүмкін.

      27. Қаржы агенттігі құжаттарды алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде эмитенттен/қаржы консультантынан келіп түскен құжаттарды және эмитенттен түскен өтініштерді осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының шарттарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды:

      1) құжаттар топтамасының толықтығын тексереді. Құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған не белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттар ұсынылған жағдайларда, ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды эмитентке пысықтау үшін қайтарады. Ұсынылған құжаттарға ескертулер болған және/немесе құжаттар топтамасы толық болмаған кезде қаржы агенттігі эмитентке жою үшін ескертулерді және (немесе) жетіспейтін құжаттарды, ақпаратты ұсынуға сұрау салуды құжаттар топтамасын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жібереді. Бұл ретте, қаржы агенттігі үшін құжаттарды қарау мерзімі қайта басталады;

      2) облигациялар шығарылымы проспектісі жобасының нысаналы мақсатын осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;

      3) толық құжаттар пакетін қоса бере отырып, қаржы агенттігінің ішкі құжаттарымен бекітілген нысан бойынша эмитенттің жобасын қаржы агенттігінің уәкілетті органының қарауына шығарады.

      28. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы жобаларды тиісті қаржы жылында кепілдік беру үшін бюджет қаражаты болған кезде қарайды.

      29. Қаржы агенттігінің уәкілетті органы кепілдік беру (бермеу) туралы оң/теріс шешім қабылдағаннан кейін қаржы агенттігі эмитентке/қаржы консультантына, облигацияларды ұстаушылардың өкіліне, қор биржасына/АХҚО қор биржасына қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі (мүмкін еместігі) туралы шешімімен хат жібереді.

      Қаржы агенттігінің кепілдік беру мүмкіндігі туралы оң шешімі бар хатта салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталу/ұлғаю немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кірістің: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе еңбекақы төлеу қоры көлемдерінің ұлғаю немесе бюджетке төленетін салықтар көлемінің (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) 10 %-ға өсу мәндері көрсетіледі.

      30. Қаржы агенттігі кәсіпкердің жобасы бойынша теріс шешім қабылдаған жағдайда, мұндай шешім туралы хатта теріс шешімнің себебі көрсетіледі.

      31. Қаржы агенттігінен алдын ала кепілдік хатты алғаннан кейін эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес мемлекеттік емес облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуден өтеді – тек қор биржасы үшін қолданылады;

      2) қор биржасында және/немесе АХҚО қор биржасында листинг рәсімінен өтеді, облигацияларды қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ішкі қағидаларына және бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органдардың нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес орналастыруды жүзеге асырады.

      32. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты эмитент:

      1) бағалы қағаздар нарығын реттеу жөніндегі тиісті органның және/немесе АХҚО қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының және/немесе АХҚО қор биржасының тіркелген облигациялар шығарылымының проспектісін;

      2) қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының эмитенттің облигацияларын биржаның ресми тізіміне (листингке) енгізу туралы хабарламасын;

      3) эмитент пен орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі арасында төлем агентінің қызметтерін көрсетуге шарт жасасу туралы хабарламаны;

      4) орталық депозитарийдің және/немесе АХҚО қор биржасы орталық депозитарийінің есепке алу жүйесінен үзінді көшірмені немесе облигацияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті ұсынғаннан кейін жасалады.

      33. Эмитент осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 32-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін қаржы агенттігі, облигацияларды ұстаушылардың өкілі және эмитент арасында облигациялар бойынша кепілдік беру шарты жасалады.

      Облигациялар бойынша кепілдік беру үшін бюджеттен қаражат болмаған жағдайда тиісті уәкілетті органнан/ өңірлік үйлестірушіден кепілдік беру шартына қол қойылмайды.

      34. Эмитент облигациялар бойынша кепілдік беру шартын жасасқан күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей орталық депозитарийге және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне және қор биржасына және/немесе АХҚО қор биржасына міндетті түрде облигациялар кепілдігінің мөлшері және орналастырылған облигациялар саны туралы мәліметтерді қамтитын облигациялар бойынша кепілдік беру шартының жасалғаны туралы хабарлама жібереді.

4-параграф. Облигациялар бойынша кепілдік беру шартының тоқтатылуы

      35. Эмитенттің жобасына кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешімді қаржы агенттігі қабылдайды.

      36. Қаржы агенттігі эмитенттің жобасына кепілдік беру шартын тоқтату/жою туралы шешімді мынадай фактілер анықталған кезде, олар анықталған кезден бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдайды:

      1) кепілдік беру жүзеге асырылатын облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау. Облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактілері анықталған кезде қаржы агенттігі кепілдік сомасын нысаналы пайдаланылмаған сомаға барабар төмендету туралы шешім қабылдайды;

      2) жобаның және (немесе) эмитенттің осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шарттарына сәйкес келмеуі;

      3) эмитенттің шоттарындағы ақшаға тыйым салу (талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз ететін шоттағы ақша жеткілікті болған жағдайда, талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және/немесе эмитенттің шоты бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;

      4) эмитенттің салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санын ұлғайту, еңбекақы төлеу қорының көлемін ұлғайту немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсуі бойынша міндеттемелерін орындамауы.

      37. Эмитенттің нысаналы пайдаланылмағаны анықталған облигациялары бойынша облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау фактісін растайтын құжаттарды ұсынады. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты жойылады.

      Кәсіпкер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде салық декларациясының деректері, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары және (немесе) әлеуметтік аударымдар бойынша деректер негізінде қаржы агенттігінің уәкілетті органы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарының орташа жылдық санының сақталу/ұлғаю немесе кірістің өсуіне қол жеткізу (өткізуден түсетін кіріс: негізгі қызметтен өткізілген тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны) немесе еңбекақы төлеу қоры көлемінің ұлғаю немесе бюджетке төленетін салықтар (корпоративтік табыс салығы/жеке табыс салығы) көлемінің 10 %-ға өсу көрсеткіштеріне қол жеткізбеген жағдайда, кепілдік шартының күші жойылмайды.

      38. Қаржы агенттігі осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының 36-тармағында көрсетілген фактілерді анықтағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде кепілдік беруді тоқтату немесе қайта бастау туралы шешім қабылдайды және тиісті хатпен облигацияларды ұстаушылардың өкілін, орталық депозитарийді және эмитентті хабардар етеді.

      39. Эмитент облигациялар бойынша купондық сыйақыны төлеу бойынша міндеттемелерді орындамаған жағдайда, эмитентке туындаған берешекті күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жабу үшін мерзім беріледі. Бұл ретте облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігін эмитенттің пайда болған мерзімі өткен берешегі туралы хабардар етеді.

      40. Эмитентке кепілдік беру шартының қолданылуын тоқтату туралы шешім қабылданған кезде қаржы агенттігі тиісті хаттармен эмитентке, облигациялар ұстаушылардың өкіліне және орталық депозитарийге және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийіне кепілдік беру шартын бұзу күні және бұзу себебі көрсетілетін кепілдік беру шартын біржақты бұзу туралы хабарлама жібереді.

      41. Облигациялар бойынша кепілдік беру шарты мынадай жағдайда бұзылды деп танылады:

      1) эмитенттің облигацияларды толық өтеуі;

      2) облигациялар шығарылымын мемлекеттік тіркеуді сот шешімі бойынша жарамсыз деп тану;

      3) бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органның және/немесе АХҚО қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органының шешімі бойынша облигациялар шығарылымының күшін жою;

      4) қаржы агенттігінің кепілдік беруді тоқтату туралы шешім қабылдауы;

      5) эмитенттің бастамасы бойынша облигациялар бойынша кепілдік беру шартын бұзу;

      6) облигациялар бойынша кепілдік беру шартының қолданылу мерзімінің аяқталуы.

      42. Облигацияларды мерзімінен бұрын өтеген жағдайда эмитент қаржы агенттігін осындай өтеу күнінен кейінгі 2 (екі) жұмыс күні ішінде осы облигацияларды мерзімінен бұрын өтеу фактісі туралы хабардар етеді.

5-параграф. Эмитенттің "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық өтінім беруі

      43. Кәсіпкер осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы жүгінген кезде қаржы агенттігіне электрондық нысанда мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) кәсіпкердің электрондық цифрлық қолтанбасымен куәландырылған электрондық сұрау салу нысанындағы өтініш;

      2) кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісім;

      3) оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім;

      4) эмитенттің және оның бағалы қағаздарының листингтік талаптарға сәйкестігі туралы қор биржасының және/немесе АХҚК қор биржасының алдын ала қорытындысы бар электрондық көшірме (сканерленген көшірме);

      5) кепілдік сомасының есептемесі бар облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасы.

      Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылған жағдайда, кепілдік тарту туралы шешім қабылдаған кәсіпкердің уәкілетті органының шешімі заңды тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен келісу нысанында расталады.

      Кәсіпкер бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны/дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік, қызмет түріне лицензия (егер қызмет түрі лицензияланатын болса) бойынша мәліметтерді және бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтерді қаржы агенттігі "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден деректерді алу техникалық жағынан мүмкін болмаған немесе деректер анық болмаған жағдайларда, қаржы агенттігі құжаттарды кәсіпкерден сұратады.

      44. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі кәсіпкерге электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.

3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингтеу

      45. Осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі, биржа және облигацияларды ұстаушылардың өкілі жүзеге асырады.

      Қаржы агенттігі мониторингті кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын Жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      46. Қаржы агенттігінің функциялары:

      1) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі және/немесе АХҚО қор биржасының тіркеушісі ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде кепілдік шарты жасалған эмитенттің облигациялық қарызды нысаналы пайдалануын мониторингтеу;

      2) орталық депозитарий және/немесе АХҚО қор биржасының орталық депозитарийі ұсынатын деректер негізінде эмитенттің төлем тәртібін мониторингтеу;

      3) жобаның іске асырылуын мониторингтеу;

      4) жобаның және/немесе эмитенттің кепілдік беру рәсімдері мен шарттары бөлігінде осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының талаптарына сәйкестігін мониторингтеу.

      47. Облигацияларды ұстаушылар өкілінің функциялары:

      1) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындауын бақылау;

      2) эмитенттің облигацияларды орналастырудан алынған ақшаны нысаналы пайдалануын бақылау;

      3) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүліктің жай-күйін бақылау;

      4) эмитенттің облигацияларды ұстаушылар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын мүлікке қатысты эмитентпен кепіл шартын жасасу;

      5) эмитенттің қаржылық жай-күйін мониторингтеу және оның корпоративтік оқиғаларын талдау;

      6) эмитенттің проспектіде белгіленген міндеттемелерді орындамауы мәселелері бойынша облигацияларды ұстаушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оның ішінде меншігінде эмитенттің орналастырылған (сатып алынғандарын шегергенде) облигацияларының елу және одан да көп пайызы бар облигацияларды ұстаушылардың атынан сотқа талап қою арқылы шаралар қолдану;

      7) облигациялар ұстаушыларды және қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының уәкілетті органын осы тармақтың жоғарыда санамаланған тармақшаларына сәйкес өз іс-әрекеттері және осындай іс-әрекеттердің нәтижелері туралы тоқсанына кемінде бір рет хабардар ету;

      8) кепілдік сомасы 500 (бес жүз) млн теңгеден асатын кепілдік беру жобалары бойынша қаржы агенттігінің сұрау салуына сәйкес тоқсан сайынғы негізде жобаның қаржылық мониторингін жүргізу үшін қажетті құжаттар топтамасын қаржы агенттігіне тоқсанына бір реттен артық емес ұсыну.

      48. Қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының функциялары:

      1) эмитент құжаттарының толық пакетін листингке, оның ішінде облигациялар шығарылымы проспектісінің жобасын тексеруді жүргізеді;

      2) "жасыл" облигацияларды қоса алғанда, эмитенттің облигацияларын қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының ресми тізіміне енгізу туралы алдын ала қорытынды береді;

      3) қажет болған жағдайда эмитенттің және оның бағалы қағаздарының қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының өлшемшарттарына/ талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

      49. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі эмитенттен мониторинг нысанасына қатысты, оның ішінде салық құпиясын құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратады, жергілікті жерге барып жобаның іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асырады.

      "Жасыл" облигациялар бойынша қаржылық қолдау қаражатының нысаналы пайдаланылуын мониторингтеу шеңберінде қаржы агенттігі "жасыл" таксономияның шекті өлшемшарттарында:

      1) энергия тұтынуды төмендетудің нақты ең төмен мәндері;

      2) парниктік газдар шығарындыларының ең төмен деңгейлері;

      3) қалдықтардың үлесін азайту/кәдеге жарату;

      4) су тұтынуды төмендету;

      5) ең озық қолжетімді технологиялар анықтамалықтарының талаптарына сәйкес келу (шекті өлшемшартта көрсетілген бөлікте) көзделген жағдайларда, провайдерлердің тәуелсіз бағалауының негізінде эмитенттің белгіленетін "жасыл" жоба бойынша мәлімделген осы шекті өлшемшарттарға қол жеткізуін тексереді.

      Сыртқы бағалау провайдерінің қорытындысын эмитент ұсынады.

      50. Мониторинг функцияларын жүзеге асыру үшін облигацияларды ұстаушылардың өкілі эмитенттен мониторинг нысанасына жататын, оның ішінде салық және коммерциялық құпияны құрайтын қажетті құжаттар мен ақпаратты жергілікті жерге бару құқығымен сұратады.

      51. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі өз іс-әрекеттері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына және/немесе АХҚО актілеріне сәйкес қор биржасының және/немесе АХҚО қор биржасының уәкілетті органын хабардар етеді.

      52. Қаржы агенттігі облигацияларды орналастырудан түскен қаражатты нысаналы пайдаланбау, осы Облигациялар бойынша кепілдік беру қағидаларының және/немесе кепілдік шартының талаптарын бұзу, қаржы агенттігінің кепілдік беру туралы шешімінде белгіленген кепілдік беру талаптарын орындамау фактілері анықталған кезде кепілдіктің күшін жояды.

      53. Бекітілген нысанға сәйкес эмитент жобасының іске асырылу барысының ағымдағы мониторингі туралы есепті облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне есепті айдан кейінгі айдың 5 (бесінші) күнінен кешіктірмей жазбаша түрде ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

      54. Эмитент жобаларының іске асырылу барысының кеңейтілген мониторингі туралы есепті облигацияларды ұстаушылардың өкілі қаржы агенттігіне есепті кезеңнен кейінгі айдың 30 (отызыншы) күнінен кешіктірмей қаржы агенттігі тиісті хатта облигацияларды ұстаушылардың өкіліне жіберген нысан бойынша жазбаша түрде ұсынады және қаржы агенттігі айқындаған жауапты орындаушының электрондық мекенжайына қосымша жібереді.

      55. Облигацияларды ұстаушылардың өкілі бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу жөніндегі уәкілетті органға және/немесе АХҚО-ның қаржылық көрсетілетін қызметтерді реттеу жөніндегі уәкілетті органына өз қызметін жүзеге асыруға қойылған шектеулер немесе тыйым салулар туралы, сондай-ақ облигацияларды ұстаушылар өкілі акцияларының 10 %-ынан астамына қатысты меншік құқықтарының біржолғы сатылуы немесе өзге де біржолғы ауысуы және/немесе иелену және пайдалану құқықтарының ауысуы туралы жазбаша түрде 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде хабарлайды.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Агроөнеркәсіптік кешен

01

01.11 "Дәнді дақылдарды (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіруді" қоспағанда, өсімдік және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызметтер көрсету

03

Балық аулау және балық өсіру

10

Тамақ өнімдерін өндіру

11.06

Уыт өндіру

11.07

Алкогольсіз сусындарды, минералды суларды және басқа да бөтелкелерге құйылатын сусындарды өндіру

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

08.12.1

Қиыршық тасты және құмды карьерлерді қазу

09

Кен өндіру өнеркәсібінде кызметтер көрсету

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндірісі

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштерін жаңғырту

20

Химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдары және өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісі

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургия өндірісі

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11.4

Жел электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.5

Күн электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.9

Өзге де электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

35.11.2

Су электр станцияларының электр энергиясын өндіруі

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де көрсетілетін қызметтер

Көлік және қоймалау

45.2

Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу

49.3

Құрлықтағы өзге де жолаушылар көлігінің қызметі

49.41

Жүк автомобиль көлігінің қызметі

50

Су көлігінің қызметі

52

Жүктерді қоймалау және қосалқы көлік қызметі

53

Табиғи монополиялар саласына жататын қызметті қоспағанда, пошта және курьерлік қызмет

Туризм

55.10

Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызмет көрсетуі

55.20

Демалыс күндерінде және қысқа мерзімді тұрудың өзге де кезеңдеріне тұрғын үй беру

55.30

Кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтардың және тұруға арналған автотіркемелердің қызмет көрсетуі

Ақпарат және байланыс

58

Баспа қызметі

59.14

Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет

61

Телекоммуникациялар

62

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа ілеспе көрсетілетін қызметтер

Меншік немесе жалға алынған мүлікті басқару немесе жалға беру

68.20.1

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау

68.20.2

Қойма ғимараттары мен алаңдарын жалдау (қосалқы жалдау)

Кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет

69.2

Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру

71

Сәулет, инженерлік ізденістер; техникалық сынақтар мен талдау саласындағы қызмет

72

Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер

74

Өзге де кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет

75

Ветеринариялық қызмет

Жалдау, жалға беру және лизинг

77.11

Жеңіл автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарын жалдау және лизинг*

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

81

Ғимараттарға қызмет көрсету және аумақтарды абаттандыру жөніндегі қызмет

Білім беру

85

Білім беру

Денсаулық сақтау және әлеуметтік көрсетілетін қызметтер

86

Денсаулық сақтау саласындағы қызмет

87

Тұратын жерді қамтамасыз етіп әлеуметтік қызметтер көрсету

88

Тұратын жерді қамтамасыз етпей әлеуметтік қызметтер көрсету

Өнер, ойын-сауық және демалыс

91

Кітапханалардың, архивтердің, музейлердің қызметі және мәдениет саласындағы өзге де қызметтер

93

Спорт, ойын-сауықты ұйымдастыру (дискотекалар мен караокені қоспағанда) саласындағы қызмет

Өзге де көрсетілетін қызмет түрлерін ұсыну

95

Компьютерлерді, жеке пайдаланатын заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу

96.01

Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

      * Осы ЭҚЖЖ отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін жалдауды және лизингті көздейді

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде
кәсіпкерлік субъектілері
шығарған облигациялар
бойынша кепілдік беру
қағидаларына
2-қосымша

Кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы агенттігіне ұсынылатын құжаттар тізбесі

      1. Жалпы құжаттар

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Эмитенттен/эмитент өкілінен құжаттар тізбесіне ілеспе хат

түпнұсқа/электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) қолданылған электрондық формат

2

Құжаттар топтамасындағы барлық құжаттардың тізімдемесі немесе құжаттарды қабылдау-тапсыру актісі

эмитент/эмитент өкілі қол қойған және эмитенттің/эмитент өкілінің мөрімен расталған түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

3

Қор биржасы үшін облигациялар шығаруға өтінім

көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Қор биржасының алдын ала қорытындысы

түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Эмитенттің соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, таратып жазылған кредиторлық және дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, тауарлық-материалдық қорлардың (бұдан әрі – ТМҚ) таратып жазылуы, соңғы 12 айдағы кірістер мен шығыстар туралы есеп (жеке кәсіпкерлер үшін)*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Кәсіпкердің мөрімен расталған (заңды тұлғалар үшін)* эмитенттің жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша қаржылық құжаттары (берешектің пайда болған күнін, өтеудің жоспарланған күнін және берешектің нысанасын көрсете отырып, жыл басындағы және соңғы есепті күнгі жағдай бойынша кредиторлық және таратып жазылған дебиторлық берешек, негізгі құралдардың, ТМҚ-ның таратып жазылуы)

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Кірістер мен шығыстар туралы есеп баптарының таратылып жазылуы – өткізуден түскен кіріс, өзіндік құны, кезең шығыстары, өзге де кірістер мен шығыстар, қаралатын кезең үшін ақшалай және заттай мәндегі өткізілген өнімнің көлемі*

Нотариат куәландырған көшірме/түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Қызмет көрсететін банктің толық деректемелерін көрсетуді қоса алғанда, құжаттарды қарау сәтіндегі жағдай бойынша қызмет көрсететін банктен несие берешегінің болуы (болмауы) туралы, соңғы 12 айдағы айналымдар, сондай-ақ мерзімінде төленбеген есеп айырысу құжаттары туралы анықтама (№ 2 картотека)

банк нысаны бойынша түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

9

Несие берешегінің, оның ішінде басқа қаржы ұйымдарынан мерзімі өткен берешектің болуы туралы анықтама (банктерден басқа кредиттер болған кезде)

түпнұсқа (түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме күнтізбелік 30 күнге дейін жол беріледі)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

10

Банктердегі барлық шоттар туралы мәліметтер

хаттың түпнұсқасы/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

11

Лицензиялар**, патенттер, квоталар және т.б. (өтініш берушінің қызмет түрі лицензияланатын немесе қарыз қаражаты жұмсалатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін өткізу лицензияланатын жағдайда)

лицензия туралы ақпаратты қамтитын мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

12

Жобаны іске асыру жөніндегі құжаттар (бар болса):
1) келісімшарттар, сатып алу-сату шарттары, ниет шарттары, жұмыстар жүргізу, қызметтер көрсету шарттары, орындалған жұмыстар актілері, төлем шоттары және т.б.;
2) жоспарланатын жұмыстар бойынша смета, құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізуге тиісті рұқсат (кредит құрылыс, реконструкциялау және т.с.с саласында пайдалану үшін берілген жағдайда) және т.б.;
3) жобаға жеке қатысқанын растайтын құжаттар;
4) қаралатын жоба бойынша шешім қабылдау үшін банк пайдаланатын құжаттар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық нұсқа

13

Бизнес-жоспар

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

14

Соңғы және ағымдағы жылдар үшін қолданыстағы және қолданылып болған келісімшарттар (бар болса)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

15

Кредиттік келісімдер (қолданыстағы кредиттер болған кезде)

көшірмелер/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

16

Банк атынан банктік қарыз, кепіл және кепілдік шартын жасасатын тұлғаның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

банктің мөрімен куәландырылған көшірмелер (банк кепілдік шартын жасасу кезіне қарай ұсынуы мүмкін)/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      * 500 млн теңгеден асатын кредиттер бойынша.

      Ескертпе: қаржылық есептіліктің ескіру мерзімі банк құжаттар топтамасын ұсынған күнге 6 айдан аспауға тиіс.

      2. Кәсіпкердің құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын құжаттар

      1. Эмитент жеке кәсіпкер болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жеке басты куәландыратын құжат

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

2

Жеке кәсіпкердің тіркелгені туралы хабарлама**

уәкілетті орган жеке кәсіпкер ретінде тіркеу туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Қол қою үлгілері, мөрдің бедері (бар болса) бар құжат

түпнұсқа не түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме /ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

4

Кәсіпкердің/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кәсіпкердің/кепілгердің дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі

түпнұсқа қаржы агенттігінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      2. Кәсіпкер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тіркелген заңды тұлға болып табылатын жағдайда:

Р/с №

Құжаттың атауы

Нысан

1

2

3

1

Жарғы, оған енгізілген өзгерістер мен толықтырулар

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

2

Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік/анықтама**

уәкілетті орган заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады

3

Уәкілетті органның бірінші басшыны тағайындау туралы шешімі

түпнұсқа немесе түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме

4

Банкте және қаржы агенттігінде кәсіпкердің атынан құжаттарға қол қоюға уәкілеттік берілген тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат, сондай-ақ оның өкілеттіктерін растайтын құжаттар

уәкілетті орган жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

5

Кепілдіктер тарту туралы шешім қабылдаған уәкілетті органның шешімі

қаржы агенттігі бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

6

Қор биржасы уәкілетті органының шешімі

қор биржасы бекіткен нысан бойынша түпнұсқа/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

7

Бірінші басшының, бас бухгалтердің қол қою және кәсіпкердің мөрі бедерінің (бар болса) үлгілері бар құжат

түпнұсқамен салыстырып тексерілген көшірме/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

8

Кәсіпкердің/құрылтайшының/кепілгердің кредиттік бюроға ақпарат беруге және кредиттік есеп алуға келісімі

түпнұсқа қаржы агенттінінің атына беріледі/ЭЦҚ қолданылған электрондық формат

      Ескертпе:

      ** Шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бойынша, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және жеке кәсіпкерді тіркеу, кәсіпкерлік субъектісінің санаты, лицензия туралы хабарлама бойынша мәліметтерді уәкілетті орган "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" порталы арқылы алған кезде жоғарыда көрсетілген мәліметтерді қоспағанда, өтінішке құжаттардың электрондық көшірмелері қоса беріледі.

      Бірнеше беттен тұратын құжат ұсынылған жағдайда, мұндай құжат тігіліп, нөмірленеді не құжаттың әр парағында уәкілетті тұлғалардың қолы қойылып, мөрімен/мөртабанымен бекітіледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысымен
бекітілген

2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары

      Ескерту. Қаулы қағидалармен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 31.01.2023 № 64 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған осы "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары (бұдан әрі – Инвестициялық гранттар беру қағидалары) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 94-бабының 4-2-тармағына сәйкес әзірленді және шағын кәсіпкерлік субъектілеріне жабдық сатып алуға инвестициялық гранттар беру тәртібін айқындайды.

      2. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларында мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бизнес-жоба – кәсіпкердің өз бизнесін құру (тауарлар өндіру, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) мүмкіндігін ашатын, сипаттама, есептемелер, болжамдар нысанында орындалған, сондай-ақ жобаны іске асыру және ұсынылатын инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы деңгейінде кәсіпкердің өз қаражатымен (бизнес жобаға қатысатын ақша қаражатымен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) бірлесіп қаржыландыру және жаңа жұмыс орындарын құру мерзімдерін қамтитын жоспары;

      2) бизнес-идея – тауарларды шығаруды, қызметтерді көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін нақты жобаны іске асыруға бағытталған кәсіпкерлік бастама (жаңа бизнес-идеяларға сондай-ақ конкурстан өту кезінде нақты елді мекенде немесе ауылдық округте іске асырылмайтын тауарларды шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстарды орындауды көздейтін жобалар жатады). Жаңа бизнес-идеяны іске асырудың нәтижесі жаңа және (немесе) жетілдірілген және (немесе) басқа да кәсіпорындардың практикасында іске асырылған және технологиялық алмасу (патентсіз лицензиялар, ноу-хау, консультациялар) арқылы таратылатын тауарларды (өнімдерді)/көрсетілетін қызметтерді/жұмыстарды әзірлеу және (немесе) нарыққа енгізу;

      3) веб-портал – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді ұсынатын интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;

      4) грант беру туралы шарт – кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін нысан бойынша, веб-порталда, өңірлік үйлестіруші, қаржы агенттігі және кәсіпкер арасында электрондық түрде жасалатын үшжақты келісім, оның талаптары бойынша кәсіпкерге жабдық сатып алуға нысаналы инвестициялық грант беріледі;

      5) жеке кабинет – пайдаланушының (кәсіпкердің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның, ұлттық институттың, қаржы агенттігінің, өңірлік үйлестірушінің, конкурстық комиссияның) тізілімдегі дербес веб-парағы;

      6) жеке шот – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде ашылатын, веб-порталда инвестициялық гранттарды алушылардың тізілімінде тіркелген пайдаланушы туралы ақпаратты көрсететін, оны тану (аутентификациялау) және оның жеке деректері мен баптауларына қол жеткізуді ұсыну үшін қажетті шот;

      7) жоба – кіріс алуға бағытталған және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін бастамашылық қызмет ретінде кәсіпкер жүзеге асыратын бизнестің әртүрлі бағыттарындағы іс-әрекеттер мен іс-шаралар жиынтығы;

      8) инвестициялық грант – шағын кәсіпкерлік, оның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілеріне бизнес-жобаны іске асыру мақсатында қажетті жабдықты өтеусіз негізде сатып алу үшін берілетін бюджет қаражаты;

      9) инвестициялық жоба – жаңа өндірістер құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға инвестицияларды көздейтін іс-шаралар кешені;

      10) кәсіпкер – дара кәсіпкер және (немесе) заңды тұлға болып табылатын және инвестициялық грант беруге өтінім беру кезінде кәсіпкер ретінде тіркелгеніне кемінде 1 жыл болған шағын кәсіпкерлік субъектісі;

      11) кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган – жеке кәсіпкерлікті дамыту және қолдау саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады;

      12) кворум – дауыс беру кезінде конкурстық комиссия мүшелері санының үштен екісінен астамының қатысуы;

      13) кешендi кәсiпкерлiк лицензия (франчайзинг) – айрықша құқықтар кешенiнiң құқық иеленушiсi оны басқа тұлғаға өтеулi негiзде пайдалануға беретiн кәсiпкерлiк қызмет;

      14) конкурстық комиссия – инвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі алқалық-кеңесші орган;

      15) көрсетілетін қызметтерді жеткізуші – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға, оны мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайды;

      16) қаржы агенттігі – "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы;

      17) мүдделер қақтығысы – конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері оның өз өкілеттіктерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына әкеп соғатын конкурстық комиссия мүшесінің жеке мүдделері арасындағы қайшылық;

      18) өтінім – осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес қажетті құжаттар қоса берілген электрондық нысандағы өтініш;

      19) өңірлік үйлестіруші – облыстың (астананың, республикалық маңызы бар қалалардың) әкімі айқындайтын, жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) деңгейінде ұлттық жобаны іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімшесі;

      20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі – "электрондық үкімет" веб-порталымен өзара іс-қимыл жасау, өтінімді тіркеу, сондай-ақ өтінімді мемлекеттік қолдауды ұсыну шарттарына сәйкестігіне автоматты түрде тексеру арқылы оны өңдеуге мүмкіндік беретін, мемлекеттік қолдау процестерін орындау бойынша қызметтер көрсетуге арналған ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың, қызмет көрсететін персоналдың және техникалық құжаттаманың ұйымдық-ретке келтірілген жиынтығы;

      21) үлестес компаниялар/тұлғалар – "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабында айқындалған заңды тұлғаның үлестес компаниялары/ тұлғалары, сондай-ақ жеке тұлғаның үлестес тұлғалары:

      жақын туыстары, жұбайы (зайыбы), жұбайының (зайыбының) жақын туыстары (бұдан әрі – жақын туыстары);

      өндірістік кооперативтің ірі акционері/ірі қатысушысы/мүшесі және (немесе) лауазымды адамы осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары болып табылатын заңды тұлға;

      осы жеке тұлға және (немесе) оның жақын туыстары бақылайтын заңды тұлға;

      осы тармақшаның 3) және 4) абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалар өздеріне қатысты ірі акционерлер (ірі қатысушылар) болып табылатын немесе мүліктегі тиісті үлеске құқығы бар заңды тұлға;

      осы тармақшаның үшінші, төртінші және бесінші абзацтарында көрсетілген заңды тұлғалардың лауазымды адамдары;

      22) электрондық өтінімдер тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ пайдаланушылар туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;

      23) "электрондық үкімет" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

      24) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

      3. Шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бесекеге кабилеттілік" инвестициялық гранттары (бұдан әрі – инвестициялық гранттар) кәсіпкерлерге жабдық сатып алу мақсаттары үшін беріледі.

      4. Инвестициялық гранттар кәсіпкерлерге осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларының тізбесі бойынша экономиканың басым секторларында өтеусіз негізде беріледі.

      Бұл ретте, акцизделетін өніммен байланысты қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлерге инвестициялық грант берілмейді.

      5. Инвестициялық гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      6. Инвестициялық гранттар нысанындағы қолдау шараларын қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Инвестициялық гранттар беру мақсатында республикалық бюджеттен қаражатты кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өңірлік үйлестірушіге аударады.

      7. Субсидиялаудың ақпараттық жүйесін пайдалану жөніндегі шарттар мен талаптар өңірлік үйлестіруші мен көрсетілетін қызметтерді жеткізуші арасында тиісті шарт жасасқаннан кейін туындаған қатынастарға қолданылады.

      8. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган республикалық бюджет қаражаты есебінен төлейді.

2-тарау. Инвестициялық гранттарды берудің тәртібі мен шарттары

1-параграф. Инвестициялық гранттарды беру шарттары

      9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 728 қаулысымен бекітілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба (бұдан әрі – ұлттық жоба) шеңберінде өз қызметін жүзеге асыратын, алдыңғы 3 жыл салық аударымдарының ұлғаюын және еңбекақы төлеу қорының өсуін қамтамасыз еткен (жыл сайын өткен жылмен салыстырғанда өтінім берілген күнге дейін) және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 21-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге толық көлемде құжаттар ұсынған кәсіпкерлер гранттар беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысушылар бола алады.

      10. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының талаптарына сәйкес келетін әрбір кәсіпкер грант беруге қолданыстағы шарттар болмаған кезде бір бизнес-жоба бойынша инвестициялық гранттар беру мақсатында конкурстық іріктеуге қатысушы болып табылады.

      Жабдықты сатып алуға арналған бизнес-жобаның міндетті шарттары:

      1) кәсіпкердің жобаны іске асыруға арналған шығыстарды берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы мөлшерінде, оның ішінде бизнес-жобаға қатысатын жеке жылжымалы немесе жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруы (ақшалай қаражатпен);

      2) жаңа жұмыс орындарын құру;

      3) өнім шығаруды ұлғайту;

      4) кәсіпкердің бизнес-жобасында инфрақұрылымның болуы және/немесе жобаны іске асыру үшін жеткілікті инфрақұрылым құру көзделген инвестициялық жоспардың болуы.

      11. Кәсіпкерлер инвестициялық грант қаражатын қажетті жабдықты сатып алу мақсатында ғана пайдаланады.

      Инвестициялық грант қаражатын өзге де мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.

      Кәсіпкердің бизнес-жобаны іске асыру мерзімі грант беру туралы шартқа қол қойылған күннен бастап 18 (он сегіз) айдан аспайды.

      Бұл ретте, егер бизнес-жобаны іске асырудың көрсетілген мерзімі ішінде кәсіпкердің қызметі жүзеге асырылмаса, сатып алынған негізгі құрал іске асырылса және бизнес-жобаны іске қосу және одан әрі іске асыру үшін ұқсас/баламалы құралмен ауыстырылмаса, кәсіпкер инвестициялық грант қаражатын толық көлемде өтеуге міндетті.

      12. Инвестициялық грант қаражаты мыналарға:

      1) үлестес/байланысты компаниялардан/тұлғалардан және (немесе) кәсіпкердің жақын туыстарынан ("Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес айқындалған) жабдық сатып алуға;

      2) пайдалануда болған жабдықты сатып алуға пайдаланылмайды.

      Кәсіпкердің жабдықты сатып алуға арналған инвестициялық грант қаражатын игеруі кәсіпкерлік субъектісі ретінде тіркелген контрагенттің шотына қолма-қол ақшасыз жолмен жүзеге асырылады.

      Бұл ретте жабдықты сатып алу тиісті құжаттармен (жабдыққа шарт/келісімшарт/паспорт/сапа сертификаты) расталуға тиіс.

      13. Бір кәсіпкер үшін инвестициялық грант сомасы инвестициялық грант беруге ұсынылған өтінімге байланысты 10 (он) млн теңгеге дейін құрайды.

      14. Гранттар мынадай:

      1) қайта ұйымдастыру, тарату немесе банкроттық сатысында тұрған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметі тоқтатыла тұрған;

      2) мемлекеттік бюджетке салықтар және басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар;

      3) қызметінің негізгі түрі жылжымайтын мүлікті жалға беру болып табылатын;

      4) инвестициялық грант беруге өтінім беру кезінде берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30%-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландыруды растамаған (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен);

      5) мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізілімінде бар;

      6) конкурсқа қатысушының кредиттік тарихына сәйкес қаржылық міндеттемелері бойынша мерзімі өткен берешегі бар;

      7) осы Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде жабдық сатып алуға ұсыну бойынша қолдау алған;

      8) конкурс өткізілетін өңірге сәйкес келмейтін басқа өңірде тіркелген және бизнес-жобаны іске асыруды жоспарлаған кәсіпкерлерге берілмейді.

      15. Конкурс өткізу үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана әкімінің шешімімен инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия құрылады және оның құрамы бекітіледі.

      Кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың біртұтастығы, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі конкурстық комиссия қызметінің негізгі қағидаттары болып табылады.

      16. Конкурстық комиссия төрағадан, төрағаның орынбасарынан және конкурстық комиссия мүшелерінен тұрады.

      Төраға ретінде конкурстық комиссияның отырыстарына жергілікті атқарушы органдар мен қаржы агенттігінің өкілдері жіберілмейді.

      Конкурстық комиссия жергілікті атқарушы органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ғылыми-білім беру мекемелерінің өкілдерінен, салалық сарапшылардан, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарынан кемінде 7 (жеті) адамнан құралады.

      Конкурстық комиссияның құрамы конкурстық комиссия мүшелерінің бұрын бекітілген санының кемінде 50 (елу) пайызын жаңарта отырып, жыл сайынғы негізде бекітіледі.

      Еңбек заңнамасына сәйкес конкурстық комиссия мүшесінің жұмыс орны (лауазымы) сақталады.

      Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның отырыстарын ұйымдастыруды жүзеге асырады, атап айтқанда төрағамен келісу бойынша отырыстардың өткізілетін орнын, күнін және уақытын айқындайды, конкурстық комиссияның мүшелеріне алдағы отырыс туралы хабарлайды, отырысты өткізу үшін қажетті материалдарды оның мүшелеріне жеткізеді. Конкурстық комиссия отырыстары бейнеконференцбайланыс режимінде өткізілуі мүмкін.

      Конкурстық комиссия хатшысы оның құрамына кірмейді және шешім қабылдау кезінде оның дауыс беруге құқығы жоқ.

      Конкурстық комиссияның отырысы кворум болған кезде заңды болып есептеледі.

      Конкурстық комиссияның отырысы кезеңінде мүдделер қақтығысы туындаған кезде конкурстық комиссияның мүшелері бұл туралы өздеріне белгілі болған кезде конкурстық комиссияның төрағасын жазбаша нысанда хабардар етеді.

      Конкурстық комиссия төрағасының мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда оның өкілеттігі конкурстық комиссия төрағасының орынбасарына өтеді.

      Бұл ретте конкурстық комиссияның төрағасы және/немесе мүшесі оған қатысты мүдделер қақтығысы туындаған кәсіпкердің өтінімін қарау кезінде дауыс беруге қатыспайды.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында конкурстық комиссияның мүшелері мен хатшысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісімге қол қояды.

      17. Конкурстық комиссияның жұмыс органы өңірлік үйлестіруші болып табылады, ол:

      1) өңірлік үйлестірушінің ресми сайтында, сондай-ақ веб-порталда осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялауды жүзеге асырады;

      2) ұлттық жобаны іске асырудың бүкіл мерзімі ішінде инвестициялық гранттар түрінде кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсету барысын өңірлік бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жария етуді жартыжылдық негізде қамтамасыз етеді;

      3) кәсіпкерлерге конкурсқа қатысу мәселелері және оны өткізуге қатысы бар мәселелер бойынша, инвестициялық гранттар беру шарттары мен тәртібі туралы консультация береді;

      4) кәсіпкерлерден конкурсқа қатысуға өтінімдерді және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына сәйкес оларға қоса берілетін құжаттарды қабылдайды;

      5) конкурсты ұйымдастырады және өткізеді;

      6) хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде веб-портал арқылы инестициялық грант берілгені туралы кәсіпкерлерді хабардар етеді;

      7) инвестициялық грант беруден бас тартылған жағдайда хаттама қалыптастырылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде кәсіпкерге веб-портал арқылы автоматты түрде жүктелген инвестициялық грант беруден бас тарту туралы хаттама және дәлелді бас тарту жіберіледі.

      18. Өңірлік үйлестіруші инвестициялық гранттар беру жөніндегі жеке қаржыландыру жоспары (бұдан әрі – қаржыландыру жоспары) бекітілгеннен кейін оны 3 (үш) жұмыс күні ішінде веб-порталда орналастырады.

      19. Өтінімдерді қабылдау кәсіпкердің тіркелген жері (заңды мекенжайы) бойынша жүзеге асырылады.

      20. Инвестициялық гранттар алуға өтінімді қарау мынадай:

      1) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы осы Инвестициялық гранттарды беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша (конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаны міндетті түрде толтыра отырып) жабдық сатып алу үшін инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім беру шарты сақталған кезде жүзеге асырылады.

      "Электрондық үкімет" веб-порталы мен субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады;

      2) өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде тіркеу;

      3) деректері субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің "Заңды тұлғалар" немесе "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқорларымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде расталған, кәсіпкерді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шотының болуы шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде жеке шоттың болуы кәсіпкерге өтінімді субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өзінің тіркеуді жүзеге асыруына мүмкіндік береді, бұл жағдайда өтінім беру талап етілмейді және ол осындай тіркелген кезден бастап берілген болып есептеледі;

      4) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйесінің ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде алынған мемлекеттік кірістер органдарында есепке алу жүргізілетін бюджетке төленетін міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқтығы туралы мәліметтерді растау;

      5) бизнес-жобаға қатысатын жылжымайтын мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесімен және "Жылжымайтын мүлік тізілімі" мемлекеттік деректер базасымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде расталған, кәсіпкердің жер пайдалану және (немесе) жеке меншік құқығындағы жер учаскесінің (учаскелерінің) немесе өзге де жылжымайтын мүлкінің болуы;

      6) бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы мүлікпен бірлесіп қаржыландыруды растау мақсатында – кәсіпкерде субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің ауыл шаруашылығы техникасының мемлекеттік тізілімімен және/немесе "Автомобиль" дерекқорымен ақпараттық өзара іс-әрекеттесуі арқылы расталған жылжымалы мүліктің болуы;

      7) алдын ала құнын (келісімшарт, шарт, прайс) көрсете отырып, сатып алынатын жабдық туралы ақпаратты растау шарттары сақталған кезде жүзеге асырылады.

      Конкурсқа қатысу үшін кәсіпкер бір ғана өтінім береді. Өтінімдер конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде қабылданады.

      21. Инвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлер өтінімге мынадай құжаттардың:

      1) басшының қолымен және өтініш берушінің мөрімен (болған жағдайда) расталған өтінім беру кезіндегі жалдамалы жұмыскерлердің орташа саны туралы анықтаманың;

      2) берілетін инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 %-ы мөлшерінде бизнес-жобаны іске асыруға арналған шығыстарды бірлесіп қаржыландырудың (бизнес-жобаға қатысатын ақшалай қаражатпен, жылжымалы/жылжымайтын мүлікпен) болуын растайтын құжаттардың, кәсіпкердің ағымдағы шотында ақшалай қаражаттың болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірменің немесе бизнес-жобаға қатысатын жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттардың;

      3) кәсіпкердің экономиканың басым секторларында қызметті жүзеге асыруы туралы мәліметтер бар дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама көшірмесінің (ақпараттық жүйелердің өзара іс-әрекеттесуі нәтижесінде мәліметтер келіп түспеген жағдайда);

      4) сатып алу шарттарын көрсете отырып жабдықты сатып алу туралы тараптардың ниетін растайтын алдын ала келісім көшірмесінің PDF форматындағы сканерленген көшірмелерін тіркейді.

      22. Кәсіпкер туралы мәліметтер, оның ішінде заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу туралы куәлік және (немесе) дара кәсіпкерді тіркеу туралы хабарлама туралы мәліметтер, заңды тұлға/дара кәсіпкер қызметінің түрлері туралы мәліметтер, тарату, қайта ұйымдастыру немесе банкроттық сатылары туралы, сондай-ақ тоқтатылған қызмет туралы мәліметтер, бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешектің жоқ/бар екендігі туралы мәліметтер, жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің болуы туралы мәліметтер, кредиттер (қарыздар) берешек туралы мәліметтер "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде айқындалады.

      23. Веб-портал (бұдан әрі – жеке кабинет) арқылы тізілім деректеріне кіруге рұқсат беру үшін:

      1) кәсіпкерлердің, өңірлік үйлестірушінің, қаржы агенттігінің, кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – пайдаланушылар) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде өзі тіркелуі үшін ЭЦҚ-сы болады;

      2) өңірлік үйлестіруші жыл сайын көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге ЭЦҚ-сы бар өз қызметкерлерінің өзектендірілген тізімдерін жібереді.

      Пайдаланушылар жеке кабинетте тіркелу үшін мынадай мәліметтерді:

      1) жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлер үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда);

      2) заңды тұлғалар үшін – бизнес-сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын; бірінші басшының тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда) және ЖСН;

      3) байланыс деректерін (пошта мекенжайын, телефонын, электрондық пошта мекенжайын).

      4) екінші деңгейдегі банктегі банктік шоттың деректемелерін көрсетеді.

      Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде пайдаланушы бір жұмыс күні ішінде жеке кабинетке енгізілген жеке шоттың деректерін өзгертеді.

      Субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсат кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға тұрақты түрде онлайн-режимде өтеусіз негізде беріледі.

      Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган жыл сайын субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне кіруге рұқсаты бар көрсетілетін қызметтерді жеткізушіге дербес деректерді қорғау жөніндегі талаптарға сәйкес жауапты тұлғалардың тізімін жібереді.

      Өтінімді қалыптастыру және тіркеу жеке кабинетте мынадай тәртіппен жүргізіледі:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 20-тармағы 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларының талаптарын тексеруі үшін қажетті мәліметтерді енгізе отырып өтінім қалыптастырылады;

      2) өтінім субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде кәсіпкердің ЭЦҚ-сымен қол қою арқылы тіркеледі және өңірлік үйлестірушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      Егер өңірлік үйлестіруші өтінімді қабылдаған кезге дейін тіркелген өтінімде қатенің бар екенін анықтаған жағдайда, кәсіпкер кері қайтарып алу себебін көрсете отырып, өтінімді кері қайтарып алады.

      Кәсіпкер ұлттық жобаға қатысу үшін өтінімді дайындау және құжаттарды жинау мәселелері бойынша консультациялық қолдау алу үшін өңірлік үйлестірушіге жүгінеді.

      24. Өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өтінімді тіркеген кезден бастап 4 (төрт) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламаға ЭЦҚ-ны пайдалана отырып қол қою арқылы оның қабылданғанын растайды. Бұл хабарлама кәсіпкердің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

      25. Кәсіпкер құжаттар топтамасын толық ұсынбаған не анық емес деректерді немесе осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларының шарттарында белгіленген нысандарға сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынған жағдайда, өңірлік үйлестіруші ұсынылған құжаттар бойынша нақты кемшіліктерді көрсете отырып, ұсынылған құжаттарды кәсіпкерге қайтарады.

      26. Өңірлік үйлестіруші өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде:

      1) субсидиялаудың ақпараттық жүйесі арқылы кәсіпкерлердің мақұлданған өтінімдерінің тізбесін қалыптастырады;

      2) осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күн тәртібін, күнін, уақытын көрсете отырып, инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесін ақпараттық жүйе арқылы қалыптастырады.

      Кесте қалыптастырылғаннан кейін өтінімдері мақұлданған өтінімдер тізбесіне енген барлық кәсіпкерлерге таныстырылымның күні, уақыты мен орны және кәсіпкерлердің жобалары бойынша дауыс беру туралы автоматты түрдегі хабарлама жіберіледі;

      Конкурстық комиссия отырысында кәсіпкерлердің әрбір жобасы бойынша таныстырылымның ұзақтығын өңірлік үйлестіруші айқындайды және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 5-қосымшаға сәйкес bнвестициялық гранттар алуға үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесіне сәйкес белгіленеді;

      3) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде конкурстық комиссия мүшелерінің авторландырылуын қамтамасыз етеді;

      4) мәлімделген жобаларды мақұлдау/мақұлдамау жөнінде шешім қабылдау үшін кәсіпкердің мақұлданған өтінімдерін және электрондық құжаттамасын қарау қажеттілігі туралы конкурстық комиссия мүшелеріне хабарлама жібереді.

      27. Бюджет қаражаты болған жағдайда конкурс жылына кемінде 1 (бір) рет өткізіледі.

      28. Кәсіпкер өзінің бизнес-жобасын конкурстық комиссияның отырысында, оның ішінде бейнеконференцбайланыс арқылы жеке таныстырады.

      Конкурстық комиссия мүшелерін, хатшысын және байқаушыларды қоспағанда, бизнес-жобаны таныстыру кезінде үшінші тұлғалардың қатысуына тыйым салынады.

      29. Инвестициялық грант беру тетігінің ашықтығы мақсатында өзінің бизнес-жобасын таныстыратын кәсіпкерді хабардар ете отырып, аудио немесе бейне жазба жүргізіледі.

      Конкурстық комиссияның отырысына саны кемінде 2 (екі) адам болатын байқаушылар шақырылады.

      Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, бұқаралық ақпарат құралдарының аккредиттелген, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері қатыса алады.

      Конкурстық комиссияның отырысы барысында байқаушылар өздерінің бизнес-жобаларын таныстыратын кәсіпкерлерге сұрақ қоймайды. Байқаушыларға конкурстық комиссияның жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауына, кәсіпкерлердің дербес деректеріне, кәсіпкерлер қатысатын конкурстық рәсімдерге қатысты мәліметтерді жариялауына, техникалық жазба құралдарын пайдалануына жол берілмейді.

      Кәсіпкерлік бастамаларды жария етуді болдырмау мақсатында байқаушылар осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті келісімге қол қояды.

      30. Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына сәйкес:

      1) мәлімделген жобаны ұсынылған құжаттардың толықтығы мен дұрыстығына қарауды;

      2) осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкерді бағалау өлшемшарттарына сәйкес әрбір мәселе бойынша балл қою әдісімен дауыс беруді жүзеге асырады; 3) инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қол қою дауыс беру нәтижелері мен конкурстық комиссияның қорытынды шешімі көрсетілген осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша веб-портал арқылы жүзеге асырылады.

      Кәсіпкерлерді іріктеу кезінде конкурстық комиссия мүшелерінің дербес дауыс беруі бойынша ақпарат жарияланбауға тиіс.

      Конкурстық комиссия өтінімдерді зерделеу кезінде өңірлік үйлестіруші арқылы тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардан, сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардан өтінімде көрсетілген мәліметтердің шындыққа сәйкестігі туралы ақпаратты сұратады.

      31. Конкурстық комиссия конкурстық өтінімдерді қарау кезінде мынадай:

      1) бизнес-идеялардың жаңашылдығы;

      2) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау);

      3) бизнес-жобаның енгізуге дайындығы (өндірісті ұйымдастыру мәселесін пысықтау, жобаны орналастыру үшін үй-жайдың, өткізу нарығының болуы, өндірісті іске қосу үшін жобаның дайындық деңгейі) өлшемшарттары (оның ішінде осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарын басшылыққа ала отырып) негізінде бизнес-идеяларды іске асыру үшін инвестициялық грант беру мүмкіндігі/мүмкін еместігі туралы шешім қабылдайды.

      Бұл ретте бизнес-идеяның жаңашылдығы өлшемшартына облыста (республикалық маңызы бар қалаларда, астанада) тауарлар шығаруды, қызметтер көрсетуді, жұмыстар орындауды, жаңа немесе жетілдірілген технологияларды қолдануды көздейтін жобалар жатады.

      32. Конкурстық комиссия отырысының хаттамасы веб-портал арқылы қалыптастырылады, оған конкурстық комиссияның мүшелері, хатшысы және төрағасы ЭЦҚ арқылы қол қояды.

      Конкурстық комиссияның хаттамасына қол қою кезінде қаралған өтінімдерге сәйкес қаржыландыру жоспарында бюджет қаражатының көлемін автоматты түрде резервтеу жүргізіледі.

      33. Конкурстық комиссияның отырысы хаттамасының қолданылу мерзімі – конкурстық комиссия шешімі қабылданған күннен бастап 9 (тоғыз) ай.

      34. Жоба бойынша оны бағалау үшін балл беру осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшада көрсетілген бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары негізге алына отырып жүзеге асырылады.

      35. Конкурстық комиссия мүшесі кәсіпкердің бір жобасы бойынша беретін ең жоғары балл осы Инвестициялық гранттар беру қағидаларына 6-қосымшаға сәйкес бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттарына сәйкес 70 (жетпіс) балды құрайды.

      36. Дауыс беру қорытындысы бойынша конкурстық комиссия мүшелері қойған балдар саны жинақталады және конкурстық комиссияның қорытынды шешімі айқындалады. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша балдар тең болған жағдайда, бұдан бұрын кезектілік бойынша өтінім берген кәсіпкерлердің инвестициялық грант алуға басым құқығы болады.

      37. Конкурстық комиссияның мүшелері мәлімделген жобаны қарау кезінде дискрециялық тәсілді басшылыққа ала алмайды. Жобаны қарау мерзімі 5 (бес) жұмыс күнін құрайды.

      38. Хаттама бекітілгеннен кейін кәсіпкерлерге веб-порталда тіркелу кезінде көрсетілген телефон нөміріне және электрондық пошта мекенжайына тиісті хабарлама жіберіледі. Бұл ретте қаржы агенттігі мен кәсіпкер хаттаманы оған қол қойылғаннан кейін ғана веб-портал арқылы қарайды.

2-параграф. Инвестициялық гранттарды беру тетігі

      39. Өңірлік үйлестіруші веб-портал арқылы өткізілген конкурс нәтижесі бойынша:

      1) грант беру туралы электрондық шартты қалыптастырады және оны конкурстық комиссияның хаттамасы бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігіне келісуге жібереді;

      2) қаржы агенттігі грант беру туралы шарттың жобасын келіскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде кәсіпкермен, қаржы агенттігімен грант беру туралы шартқа қол қоюды қамтамасыз етеді.

      40. Инвестициялық гранттарды мемлекет кәсіпкерлердің инвестициялық гранттар беруге өтінімдерін іріктеу бойынша өткізілетін конкурстардың қорытындылары бойынша өңірлік үйлестірушілер арқылы береді.

      41. Грант беру туралы шарт жасалғаннан кейін өңірлік үйлестіруші кәсіпкерге оның банктік есеп айырысу шотына ақша қаражатын аударуды жүзеге асырады. Инвестициялық грант қаражаты дара кәсіпкер ретінде тіркелмеген жеке тұлғаның шотына аударылмайды.

      42. Өңірлік үйлестіруші мақұлданған өтінімдерді қаржыландыруға қаражат жетіспеген жағдайда қаражат түскеннен кейін грант беру туралы шартты қалыптастырады.

      43. Мақұлданған өтінімдер бойынша бюджет қаражаты ішінара жетіспеген жағдайда Бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі грант беру туралы шартты қалыптастырады. Қаражат траншқа жасалған өтінімдерге сәйкес аударылады, қаражаттың жетіспейтін қалдығы қосымша қаржыландыру алынған кезде кәсіпкердің шотына аударылады.

      44. Инвестициялық грант беру туралы шартқа қосымша келісімдерді шарт тараптары веб-портал арқылы жасайды.

      45. Кәсіпкер грантты нысаналы мақсаты бойынша пайдаланады және инвестициялық грант беру туралы шарттың талаптарын орындайды.

      Осы тармақтың шарттары орындалмаған жағдайда кәсіпкер грант қаражатын өңірлік үйлестірушінің бірінші жазбаша хабарламасы бойынша осындай хабарламада көрсетілген тәртіпте және мерзімде қайтарады.

3-тарау. Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлердің жобаларын іске асыру мониторингі

      46. Осы Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуын мониторингтеу функцияларын жүзеге асыру үшін қаржы агенттігі кәсіпкерден барлық қажетті құжаттар мен ақпаратты, оның ішінде коммерциялық және банктік құпияларды құрайтын ақпаратты, сондай-ақ бастапқы статистикалық деректерді қолма-қол және/немесе веб-портал арқылы (тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) сұратады, жобаның іске асырылу орнына шығумен мониторингті жүзеге асырады.

      47. Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде жобалардың іске асырылуын мониторингтеуді қаржы агенттігі кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Ұлттық жоба шеңберінде іске асырылатын жобаларға мониторинг жүргізу қағидалары негізінде жүзеге асырады.

      Мыналар:

      1) инвестициялық гранттың мақсатты пайдаланылуын мониторингтеу;

      2) қаржы агенттігі бекітетін мониторингтеу жөніндегі жоспарға сәйкес кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды орындау бойынша қызметін мониторингтеу;

      3) кәсіпкердің жаңа жұмыс орындарын құру, өнім шығаруды ұлғайту жөніндегі шарттарды орындауына мониторинг жасау;

      4) кәсіпкердің грант беру туралы шарт талаптарын орындауын мониторингтеу қаржы агенттігінің функцияларына жатады.

      48. Мониторинг шеңберінде қаржы агенттігі:

      1) инвестициялық гранттарды алушылардың тізілімін веб-порталда жүргізеді (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін);

      2) кәсіпкерлер алған қаражаттың мақсатты пайдаланылуына мониторинг жүргізеді және кәсіпкерлердің бизнес-жобаларды іске асыруы туралы есепті өңірлік үйлестірушіге ұсынады.

      49. Қаржы агенттігі кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдаланғанын не жобаның және/немесе кәсіпкердің инвестициялық гранттар беру шарттарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмегенін не кәсіпкердің жұмыс орындарының санына жеткен соң міндеттемелерін орындамауын анықтаған кезде ол өңірлік үйлестірушіге кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы ақпаратты конкурстық комиссияның қарауына шығару үшін қағаз жеткізгіште немесе веб-портал арқылы (веб-порталда тиісті функционал іске асырылғаннан кейін) енгізеді.

      Кәсіпкердің инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалануы туралы алынған ақпараттың негізінде бағдарламаның өңірлік үйлестірушісі анықталған ескертулерді жою үшін бір мәрте қосымша мерзім беру туралы не кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдау үшін осы ақпаратты конкурстық комиссияның келесі отырысына шығарады, осыдан кейін веб-портал арқылы кәсіпкерді және қаржы агенттігін өзінің шешімі туралы хабардар етеді.

      Егер конкурстық комиссия ұсынған қосымша мерзім өткеннен кейін жоба бойынша ескертулер жойылмаса, жоба іске асырылмаса, кәсіпкер өңірлік үйлестірушінің алғашқы жазбаша хабарламасы бойынша грант қаражатын осындай хабарламада көрсетілген тәртіпте және мерзімде қайтаруға міндетті.

      50. Конкурстық комиссия кәсіпкермен грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдаған жағдайда, өңірлік үйлестіруші мұндай шешім қабылданғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей кәсіпкерге грант беру туралы шартты бұзу жөнінде тиісті хабарламаны веб-порталда, сондай-ақ осы Инвестициялық гранттар беру туралы қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Инвестициялық гранттар беру қағидаларының 51-тармағында белгіленген мерзімдерде инвестициялық грант қаражатын қайтару қажет екені туралы хабарлама жібереді және мақсатсыз пайдаланылған инвестициялық грант қаражатын қайтару бойынша іс-шараларды жүргізеді. Инвестициялық грант қаражатының бір бөлігі мақсатсыз пайдаланылғаны анықталған жағдайда конкурстық комиссияның тиісті шешімі бойынша инвестициялық грант қаражатының мақсатсыз пайдаланылған сомасын ғана қайтаруға жол беріледі.

      51. Конкурстық комиссия инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы шешім қабылдаған жағдайда өңірлік үйлестіруші қайтару үшін мынадай:

      1) егер қайтару сомасы 100 АЕК (қоса алғанда) дейін болса – 1 (бір) айға дейінгі;

      2) егер қайтару сомасы 500 АЕК (қоса алғанда) дейін болса – 3 (үш) айға дейінгі;

      3) егер қайтару сомасы 500 АЕК-тен асатын болса – 6 (алты) айға дейінгі мерзімдерді көрсете отырып кәсіпкерге грант қаражатын қайтару туралы талап жібереді.

      52. Өңірлік үйлестіруші тұрақты негізде инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы талаптың орындалу мерзімдерін мониторингтеуді жүзеге асырады және кәсіпкер тарапынан талап орындалмаған жағдайда инвестициялық грант қаражатын қайтару жөніндегі іс-шараларды Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен, оның ішінде сот тәртібімен жүзеге асырады.

  2021 – 2025 жылдарға
арналған кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі ұлттық жоба
шеңберінде шағын бизнес
субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
1-қосымша

Экономиканың басым секторларының тізбесі

ЭҚЖЖ коды

Атауы

1

2

Жеңіл өнеркәсіп және жиһаз өндіру

13

Тоқыма бұйымдарын өндіру

14

Киім өндіру

15

Былғары және оған жататын өнімдерді өндіру

16

Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдардын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндіру

17

Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру

18

Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат жеткізгіштердін жаңғырту

19

Кокс және мұнай өңдеу өнімдерін өндіру

20

Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру

21

Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндіру

22

Резеңке және пластмасса бұйымдар өндіру

31

Жиһаз өндіру

Құрылыс материалдарын және өзге де металл емес минералдық өнімдер өндіру

23

Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндіру

Металлургия, металл өңдеу, машина жасау

24

Металлургиялық өндіріс

25

Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру

26

Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндіру

27

Электр жабдықтарын өндіру

28

Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтар өндіру

29

Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру

30

Басқа көлік құралдарын өндіру

31

Жиһаз өндіру

33

Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату

Өнеркәсіптің басқа да секторлары

32

Өзге де дайын бұйымдар өндіру

35.11

Электр энергиясын өндіру

35.3

Бумен, ыстық сумен және кондицияламен қамтамасыз ету

36

Суды жинау, өңдеу және тарату

37

Ағынды суларды жинау және өңдеу

38

Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)

39

Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы өзге де қызметтер

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар алуға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурс шеңберінде кәсіпкерлік бастамалар туралы мәліметтерді жария етпеу туралы келісім

      Мен, ________________________________________________________________

      (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі) инвестициялық гранттар алуға кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның мүшесі/қадағалаушы болып табыла отырып, осы келісіммен қонкурсқа қатысушылардың кәсіпкерлік бастамаларын жария етпеуге міндеттенемін. ______________________

      ______________________________________
қолы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Конкурс өткізу туралы хабарландыру

      Конкурсты ұйымдастырушы: ____________________________________________;

      электрондық пошта мекенжайы: __________________________________________;

      байланыс телефоны ____________________________________________________;

      Конкурстың нысанасы: кәсіпкерлерге инвестициялық гранттар беру.

      Конкурс нысаны: ашық конкурс.

      Конкурсқа қатысу үшін өтінімдер беру орны: субсидиялау ақпараттық жүйесінің веб-порталы.

      Конкурстық құжаттаманы ұсыну тәртібі: конкурсқа қатысу үшін үміткерлер 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларына 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтінімді және конкурстық құжаттаманың толық топтамасын ұсынады.

      Өтінімдерді беру мерзімі: 20_ жылғы "_" ____ бастап 20__ жылғы "__" _____ аралығында.

      Көрсетілген мерзім өткеннен кейін келіп түскен өтінімдер қабылданбайды.

      Осы хабарландырумен және конкурстық құжаттамамен өңірлік үйлестірушінің:

      _______________________________________ ресми сайтында танысуға болады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

Жабдық сатып алу үшін инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінім

  ___________________________
облысы (республикалық маңызы
бар қаласы, астана)
____________________________
____________________________
(заңды тұлғаның толық атауы,
жеке тұлғаның аты, әкесінің аты
(бар болса), тегі)

      Ұсынылған материалдарды қарауды сұраймын және кәсіпкерлерге инвестициялық гранттар беру үшін конкурстық іріктеуге қатысатыным туралы мәлімдеймін.

      1. Өтінім беруші туралы мәліметтер:

      заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) __________________________________

      басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі____________________________________

      басшының жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) __________________________

      мекенжайы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_______________________________________________________

      жеке тұлға, дара кәсіпкер үшін:

      атауы _____________________________________________________________________

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі _____________________________________________

      ЖСН _____________________________________________________________________

      жеке басын куәландыратын құжат:

      нөмірі ____________________________________________________________________

      кім берді __________________________________________________________________

      берілген күні ______________________________________________________________

      мекенжайы ________________________________________________________________

      телефон (факс) нөмірі_______________________________________________________

      Жеке тұлға, дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:

      орналасқан жері ____________________________________________________________

      хабарлама күні _____________________________________________________________

      2. Кәсіпкердің екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шотының болуы туралы мәліметтер:

      Банк деректемелері: ________________________________________________________

      Банктің атауы: _____________________________________________________________

      БСК ______________________________________________________________________

      ЖСК _____________________________________________________________________

      БСН ______________________________________________________________________

      Кбе ______________________________________________________________________

      3. Сұратылатын ақша қаражаты, барлығы, мың теңге ____________________________;

      оның ішінде жылдар бойынша:

Р/с №

Жылы

Сома, тг

Мақсаты (бизнес-жобаны егжей-тегжейлі аша отырып)

1




2




      Мыналарды:

      1) бұрын берілген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешегім жоқ екенін;

      2) осы өтінімде қамтылған инвестициялық грант беруге арналған конкурстық іріктеуге қатысуға өтінімге қосымшаға сәйкес жоба туралы мәліметтерді, сондай-ақ өңірлік үйлестіруші талап еткен барлық құжаттар Инвестициялық гранттар беру қағидалары шеңберінде инвестициялық гранттар беру үшін ғана ұсынылғанын растаймын.

      Мен:

      1) осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды өңірлік үйлестірушінің бірінші талабы бойынша ұсынуға және ашуға;

      2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні жедел хабардар етуге кепілдік беремін.

      Мен:

      1) өңірлік үйлестіруші мен конкурстық комиссияның ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізуіне жол берілетінімен;

      2) өңірлік үйлестірушінің көрсетілген деректердің анықтығын тексермеуіне жол берілетінімен;

      3) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық емес екені анықталған жағдайда, осы өтінімді қараудың кез келген кезеңінде оны қабылдаудан бас тартылатынымен;

      4) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ұлттық жоба шеңберінде ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамына ұсынуға құқылы екенімен;

      5) өңірлік үйлестіруші кәсіпкер өзі туралы хабарлаған кез келген ақпаратты тексеру құқығын өзіне қалдыратынымен, ал кәсіпкер ұсынған құжаттар инвестициялық грант берілмесе де өңірлік үйлестірушіде сақталатынымен;

      6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қарауға қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (нысаналы грант алу үшін қажетті құжаттарды ресімдеуге) өңірлік үйлестірушіні нысаналы инвестициялық грант беруге немесе кәсіпкер шеккен шығасыларды өтеуге міндеттемейтінімен келісемін.

      Конкурстың шарттарымен және 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидаларымен таныстым.

      Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауапкершілік туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім беруші қол қойып, 20__ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де жіберді:

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

      Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:

      Өңірлік үйлестіруші: 20 __ жылғы "__" ______ сағат 00:00-де қабылдады

      ЭЦҚ деректері

      ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты

  Инвестициялық грант беруге
арналған конкурстық іріктеуге
қатысуға өтінімге
қосымша

      Нысан

Жоба туралы мәліметтер

      1. Жалпы ақпарат:

      жобаның атауы ___________________________________________________;

      жобаның қысқаша сипаттамасы _____________________________________;

      жобаның іске асырылу орны ________________________________________;

      жобаның іске қосылу күні __________________________________________;

      қызметтің бейіндік бағыты (*жоба облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада іске асырылған жағдайда толтырылады)____________;

      өнімді/көрсетілетін қызметті пайдаланушылардың нысаналы аудиториясы ________________;

      жер учаскесінің және/немесе үй-жайдың болуы (жалға алу немесе жеке меншік) ___________;

      учаскенің және/немесе үй-жайдың кадастрлық нөмірі (болған жағдайда) _________________;

      қажетті жабдықтың/қосалқы материалдардың болуы (болған жағдайда тізбелеу): __________.

      Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ) бойынша кәсіпкердің қызметі туралы деректер:

      секциясы: __________________________________________________________;

      бөлімі: _____________________________________________________________;

      тобы: ______________________________________________________________;

      сыныбы: ___________________________________________________________;

      кіші сыныбы: _______________________________________________________.

      2. Жобаны/өнімді нарыққа ілгерілету стратегиясы:

      өнім нарығының көлемі мен сыйымдылығы, жоба іске асырылатын саланың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талдау _________________________________;

      ұсынылатын өнім алуы мүмкін нарықтың әлеуетті үлесін негіздеу ___________;

      зерттелетін нарықтардағы негізгі үрдістер, күтілетін өзгерістер _____________-;

      өнімді әлеуетті тұтынушылармен уағдаластықтардың болуы және өнімді сатып алуға әзірлікті растайтын құжаттар (ниеттер хаттамалары, алдын ала жеткізу шарттары, жеткізу шарттары) __________________________________________________________;

      осы нарықта өнімді табысты өткізуге елеулі ықпал етуді қамтамасыз ететін факторлардың болуы (баға саясаты, өнімнің техникалық сипаттамалар бойынша артықшылығы, нарықтағы беделі, контрагенттермен қарым-қатынасы, еңбек ұжымы, өнімнің қатардағы емес сапасы, географиялық және өзге де ерекшеліктері) ________________;

      жасалатын өнімнің бәсекелестік артықшылықтары, техникалық-экономикалық сипаттамаларды аналогтармен салыстыру (техникалық және құндық сипаттамалар бойынша баламалы шешімдерге салыстырмалы талдау (өндіріске ұсынылатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық деңгейі мен құны аналогтармен салыстыра отырып, ақпарат көзіне сілтемелер):

Көрсеткіштердің атауы

Көрсеткіштердің мәні

ұсынылатын үлгі

№ 1 аналог

№ 2 аналог





      3. Жоба командасы:

      жалдамалы қызметкерлер саны ______________________________;

      кәсіпкерлік қызмет саласындағы және іске асыру жоспарланып отырған саладағы жұмыс тәжірибесі (тиісті құзыреттің, машықтардың, дағдылардың немесе білімнің болуы)

      _____________________________________________________________________.

      4. Жобаны іске асыру:

      жобаның өтелу мерзімі, ай _____________________________________________;


Шығыстардың түрлері

Шығыстар баптарының атауы

Шығыстар сомасы, мың теңге

Меншікті қаражат



Инвестициялық грант қаражаты



Барлығы:



      5. Жоба бойынша күтілетін экономикалық әсер:

      5.1 өтінім берілген күнге ақпарат:

Басшыны қоспағанда, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарының саны, адам


Алдыңғы қаржы жылындағы салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге


      5.2 болжамды ақпарат:

Жылдар

Болжам

4 жыл бойынша сомасы

ағымдағы жыл

1-жыл

2-жыл

3-жыл


Құрылатын жаңа жұмыс орындарының саны, адам






Салықтар түріндегі жаңа түсімдердің сомасы, мың теңге






Таза пайда, мың теңге






      6. Тәуекелдерді басқару:

Тәуекел түрлері

Тәуекелдің басталу ықтималдығы

Тәуекелді реттеу тәсілдері

Мүліктік (өндірістік және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның өз мүлкінің бір бөлігін жоғалтуы, оның бүліну және толық табыс алмау ықтималдығы)



Маркетингтік (тауарды өткізу көлемінің немесе бағасының төмендеуінен толық пайда алмау ықтималдығы)



Салалық (саланың экономикалық жай-күйінің өзгеруі нәтижесінде борышкердің өз міндеттемелерін орындамауы салдарынан шығындардың ықтималдығы)



      7. Ұсынылған құжаттар туралы мәліметтер:

Р/с №

Құжаттың атауы

Электрондық файлдың атауы (.pdf форматында)

1

2

3

1

Сатып алу шарттарын көрсете отырып, тараптардың жабдық сатып алу туралы ниеттерін растайтын алдын ала келісімнің көшірмесі


2

Кәсіпкердің шотында ұсынылатын инвестициялық грант көлемінің кемінде 30 % ақша қаражатының болуы туралы банктік шоттан үзінді көшірме немесе жылжымалы және/немесе жылжымайтын мүліктің бағалау құнын растайтын құжаттар


      8. Қосымша мәліметтер:

      1) бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігін сипаттаңыз (нарықтық қажеттілікті пысықтау – маркетингтік талдау) (жобаны бағалау өтінімде көрсетілген деректерге негізделуге тиіс);

      2) сіздің пікіріңізше, бизнес-жобаның енгізуге дайындығын сипаттаңыз (өндірісті іске қосу үшін жобаның әзірлік деңгейі);

      3) жобаны іске асырудан қандай экономикалық пайда бар екенін сипаттаңыз;

      4) сіздің пікіріңізше, осы жоба бойынша өтелу мерзімі жобаны тиімді басқару үшін қаншалықты жеткілікті екенін сипаттаңыз;

      5) осы жоба бойынша жаңа жұмыс орындарын есептеу кезінде сіздің нені басшылыққа алғаныңызды, бұл санның қажетті нәтижелерге қол жеткізуге сәйкестігін сипаттаңыз;

      6) осы жобаны іске асыру үшін кәсіпкердің жұмыс тәжірибесін оның мақсатқа қол жеткізу үшін сәйкестігі бөлігінде сипаттаңыз;

      7) сіздің пікіріңізше, жобаны іске асырудан таза пайда алу қаншалықты тұрақты болатынын сипаттаңыз (маусымдылықтың, мереке күндерінің жобаны іске асыруға әсер етуіне байланысты бағаланады);

      8) тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда, жобаны басқа салаға қайта бағдарлау бойынша жоспарланып отырған іс-қимылдарыңызды сипаттаңыз (бағалау кезінде өтінімде көрсетілген деректерді басшылыққа алу, сондай-ақ жобаның бағыттылығына сүйену қажет);

      9) жобаны іске асыру үшін өткізу нарықтарын, әлеуетті сатып алушыларды іздеу бойынша бар әзірлемелерді немесе әлеуетті тапсырыс берушілермен алдын ала уағдаластықтарды сипаттаңыз;

      10) бизнес-идеяның жаңашылдығын сипаттаңыз (бірегейлігі, қолданушылығы, пайдалылығы, іске асыру мүмкіндігі, аналогтарының болуы).

      9. Қосымша ақпарат:

      Жобаны іске асырудың соңына қарай негізгі жоспарлы экономикалық көрсеткіштер (өндіріске арналған шығыстар, пайда, таза пайда, шығарылатын өнімнің рентабельділігі), көрсеткіштердің Excel форматындағы есебін қоса берілсін.

      Excel форматында кесте түріндегі есептерді қоса бере отырып, айлар бойынша бөліністе кірістердің, шығыстардың, ақша қозғалысының жоспар-болжамының есебі. Кірістердің қызмет түрлері бойынша таратып жазылған, шығындардың шығындар баптары бойынша таратып жазылған есебі.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырыстарының кестесі

Р/с №

Заңды тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

Бизнес-жобаның атауы (қысқаша сипаттамасы)

Бизнес-жобаның іске асырылу орны

Инвестициялық гранттың сұралатын сомасы, теңге

Конкурстық комиссия отырысының өткізілу күні мен уақыты



















  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
6-қосымша

Бизнес-идеялар шеңберінде кәсіпкердің жобасын бағалау өлшемшарттары

Р/с

Өлшемшарттың атауы

Сипаттамасы және салмағы

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы

1-ден 10 балға дейін

2.

Бизнес-жобаның тиімділігі

1-ден 10 балға дейін

3.

Әзірлік дәрежесі

1-ден 10 балға дейін

4.

Жеке инфрақұрылымның болуы

1-ден 10 балға дейін

5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары

1-ден 10 балға дейін

6.

Жобаның экономикалық орындылығы

1-ден 10 балға дейін

7

Жобаның таныстырылымы

1-ден 10 балға дейін


ЖИЫНЫ:

Балдар жиынтығы

      Бағалау өлшемшарттары бойынша түсініктемелер:

      1) инвестициялық грант беру туралы мәселені қарау кезінде бизнес-жобаның жаңашылдығын бағалау мынадай факторларға сүйене отырып жүзеге асырылады:

      жобаның өзектілігі мен бірегейлігі (бизнес-жобаны іске асыру өңірінде аналогтардың болмауы);

      жобада ұсынылған шешімдердің жаңашылдығы (өткізу арналары, маркетингтік стратегияны құру, өнім өндірудің материалы/тәсілі);

      жобаның технологиялық деңгейі (технологиялық жарақтандырудың болуы);

      өндірілетін тауарға/ұсынылатын көрсетілетін қызметке патенттің болуы (зияткерлік меншік объектісінің болуы);

      бизнесті кеңейту перспективасы (оның ішінде өнімді немесе бизнес-процесті нарыққа ілгерілету стратегиясының болуы, нарық қажеттілігінің болуы, жеке капиталды қаржыландыруға тарту перспективасы).

      2) бизнес-жобаның тиімділігін бағалау өлшемшарттары:

      бизнес-жобаның өтелу мерзімі;

      бизнес-жобаның бәсекеге қабілеттілігі (бәсекеге қабілетті артықшылықтардың болуы);

      бір жеткізушіге не сатып алушылардың аз мөлшеріне тәуелділік;

      тауарды/негізгі құралдарды/шикізат пен материалдарды/қызметтерді көрсетуді/жұмыстарды/технологияларды/франшизаларды/патенттерді сатып алуға және т.б. шарттардың/келісімшарттардың болуы;

      бизнес-жобаны іске асыру үшін өз үй-жайының болуы;

      жеке өзінің қатысуы.

      3) бизнес-жобаның дайындық дәрежесін бағалау мынадай:

      өткізу нарығының болуы және бизнес-жобаның ұсынылатын нәтижелерін коммерцияландыру мүмкіндігі;

      білікті мамандар командасының болуы;

      жобаларды іске асыруда тәжірибенің болуы;

      бизнесті әртараптандыру (тәуекелдер (экономикалық, маркетингтік) туындаған жағдайда жобаны басқа салаға қайта бағдарлау мүмкін бе);

      жобаның құны (бизнес-жобаны толық аяқтау үшін меншік және тартылған капиталдың жеткіліктілігі, салыстырмалы талдау жүргізу) өлшемшарттарына сүйене отырып жүзеге асырылады.

      4) жобаның экономикалық орындылығын бағалау мынадай:

      құрылатын жұмыс орындарының саны;

      бизнес-жобаның өңір үшін маңыздылығы (іске асыру саласы, әлеуметтік-экономикалық әсердің болуы) өлшемшарттары негізінде жүзеге асырылады.

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
7-қосымша

      Нысан

Инвестициялық гранттар беруге үміткер кәсіпкерлердің өтінімдерін іріктеу жөніндегі конкурстық комиссия отырысының № __ ХАТТАМАСЫ

      1. Кәсіпкер туралы қысқаша мәліметтер:

      өтінім нөмірі: _____________ өтінімнің берілген күні: _____________________

      заңды тұлға үшін:

      атауы _____________________ БСН _________________________
басшының аты, әкесінің аты (бар болса), тегі

      дара кәсіпкер үшін:

      атауы ________________________

      ЖСН ____________________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі __________

      2. Жоба туралы қысқаша мәліметтер:

      бизнес-жобаның атауы ___________________________________________________

      бизнес-жобаның іске асырылу орны ________________________________________

      инвестициялық гранттың сұратылатын сомасы, теңге _________________________

      3. Комиссия мүшелері:

      1) _______________________ аты, әкесінің аты (болған жағдайда), тегі

      2) …..

      3) …..

      Жоба бойынша дауыс беру нәтижелері:

      дауыс беруге барлығы _________________ комиссия мүшесі қатысты, оның ішінде:

      ___ дауыс берді; ___ дауыс берген жоқ.

      Жоба комиссиясының қарау нәтижелері:

Р/с №

Өлшемшарт атауы

Орташа балл:

1.

Бизнес-жобаның жаңашылдығы


2.

Бизнес-жобаның тиімділігі


3.

Әзірлік дәрежесі


4.

Жеке инфрақұрылымның болуы


5.

Жобаның аналогтармен салыстырғанда артықшылықтары


6.

Жобаның экономикалық орындылығы


7.

Жобаның таныстырылымы



ЖИЫНЫ:


      Жоба бойынша ықтималдығы ең жоғары балл ___ балды құрайды.

      Комиссия шешімі: жоба ______ мың теңге сомаға мақұлданды / мақұлданбады.

      Комиссия мүшелерінің қолдары:

      1. ЭЦҚ-дан деректер; ЭЦҚ-мен қол қойылған күн және уақыты.

      2. …..

      3. …..

  2021 – 2025 жылдарға арналған
кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі
ұлттық жоба шеңберінде шағын
бизнес субъектілерінің бәсекеге
қабілеттілігін арттыруға
бағытталған "Бәсекеге
қабілеттілік" инвестициялық
гранттарын беру қағидаларына
8-қосымша

      Нысан

  ___________________________
  ___________________________
(жеке кәсіпкердің, заңды
тұлғаның аты, әкесінің аты (бар
болса), тегі

Инвестициялық грант қаражатын қайтару қажеттілігі туралы ХАБАРЛАМА

      2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде шағын бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған "Бәсекеге қабілеттілік" инвестициялық гранттарын беру қағидалары шеңберінде кәсіпкерлер жобаларының іске асырылуына жүргізілген мониторинг барысында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы: ____________________________________________

      _____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________анықтады.

      (инвестициялық грант қаражатын мақсатсыз пайдалану/не жобаның және/немесе кәсіпкердің инвестициялық гранттар беру шарттарына және/немесе конкурстық комиссияның шешіміне және/немесе грант беру туралы шарттың талаптарына сәйкес келмеуі не жұмыс орындарының санына жеткенде кәсіпкердің міндеттемелерін орындамауы)

      "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы ұсынған ақпарат негізінде Конкурстық комиссия Сізбен 20___ жылғы "__" ______ № __ грант беру туралы шартты бұзу туралы шешім қабылдады.

      Осы арқылы __________________________________________________________
(өңірлік үйлестірушінің атауы)

      Сізге 20__ жылғы "__" ____ № __ грант беру туралы шарт негізінде берілген 2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде Сізге берілген инвестициялық қаражатын қайтару қажет екені туралы хабарлайды.

      Осы Хабарлама көрсетілген мерзімдерде орындалмаған жағдайда _____________

      (өңірлік үйлестірушінің атауы)

      инвестициялық грант қаражатын қайтару туралы талаппен сотқа жүгінуге құқылы.

      ___________________ _________________________________________________
лауазымы (аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      Хабарламаны тапсыру туралы мәліметтер

      _________________________________________________

      _________________________________________________

      (жеке кәсіпкердің, заңды тұлғаның

      аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

      __________________________________________________
(күні, уақыты, қолы)

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2019 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 1060 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 25-26, 139-құжат).

      2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 15 маусымдағы № 373 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 23, 186-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 шілдедегі № 459 қаулысы.

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасын бекіту, "Бизнестің жол картасы-2020" іске асыру жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 10 маусымдағы № 556 қаулысына өзгерістер енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 940 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 68-69-70, 435-құжат).

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 25 тамыздағы № 523 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы.

      6. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 943 қаулысы.

      7. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 4 мамырдағы № 248 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 13, 121-құжат).

      8. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 28 маусымдағы № 459 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 23-24, 225-құжат).

      9. "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 628 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 34-35, 321-құжат).

      10. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2016 жылғы 19 сәуірдегі № 234 және "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 5 қыркүйектегі № 660 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 38-39, 339-құжат).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады