"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 4 ақпандағы № 29 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 наурыздағы № 181 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 15, 126-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсын өткізу қағидаларында:

      6-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конкурс Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың жәрдемдесуімен өткізіледі.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Атақ беру жөніндегі комиссия облыстық (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) комиссиялардың ұсыныстарын алқалы түрде қарағаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде іріктеу туралы бағдарламалар циклін әзірлеу үшін, сондай-ақ лауреат атағын беру бойынша үміткер-отбасылар туралы материалдарды ұлттық телеарнаға жолдайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады