Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 17 ақпандағы № 64 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында кәсіпорынды мемлекеттік қайта тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 17 ақпандағы
№ 64 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. 2013 жылғы 24 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы шартқа сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы тауарлар, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:

      1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. 2001 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2000 жылғы 20 маусымда жасалған 1992 жылғы 15 мамырдағы Ұжымдық қауіпсіздік туралы шартқа қатысушы мемлекеттер арасындағы Әскери-техникалық ынтымақтастықтың негізгі принциптері туралы келісімге сәйкес қызметінің негізгі түрлерінің бірі Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының мұқтажы үшін қаруды, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, оларға қосалқы бөлшектер мен жиынтықтаушы бұйымдарды, өнімдерді, жабдықты және қосарлана қолданылатын тиісті технологияларды импорттау болып табылатын Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны сатып алатын әскери мақсаттағы өнім:

      1) құрлық әскерлерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      2) әскери-әуе күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      3) әскери-теңіз күштерінің қару-жарағы мен әскери техникасы, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері;

      4) оқ-дәрілер, оларға қосалқы және жиынтықтаушы бұйымдар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер, оның ішінде техникалық қызмет көрсету мен жөндеу, зияткерлік қызмет нәтижелері.".

      2. "Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 936 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "28) мемлекеттік кызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және бекіту;";

      459) тармақша алып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      "Республикалық мемлекеттік кәсіпорын" деген кіші бөлім алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:

      "9. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитеті

      Республикалық мемлекеттік кәсіпорын

      Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны".

      3. "Әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйымды айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 29 тамыздағы № 637 қаулысында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс комитетінің "Қазарнаулыэкспорт (Казспецэкспорт)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны әскери мақсаттағы тауарларды (өнімдерді), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарларды (өнімдерді), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтерді импорттауды, оқ-дәрілерді қоспағанда, пайдаланылмайтын мүлікті өткізуді (оның ішінде экспорттауды), құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жоюды және қайта өңдеуді, пайдаланылмайтын қорғаныс объектілерін мүліктік жалдауға (жалға) беру жөнінде қызметтер көрсетуді, қорғаныс өнеркәсібі саласындағы халықаралық көрмелерге қатысуды және оларды Қазақстан Республикасының аумағында ұйымдастыруды жүзеге асыратын уәкілетті ұйым болып айқындалсын.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады