Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 18 ақпандағы № 67 қаулысы.

      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 304 қаулысымен.

      Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді 2020 жылдың наурыз – маусымында және қыркүйек – желтоқсанында запасқа шығару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарын 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 12 ақпандағы № 266 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 304 қаулысымен.

      1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) әскерге шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі саны 34 808 ер азаматты 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында әскерге шақыруды жүргізуді қамтамасыз етсін;

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әскерге шақыру пункттерін медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.05.2020 № 304; 24.06.2020 № 396 (01.06.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.10.2020 № 728 (01.11.2020 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулыларымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылушыларды жинау және әскерлерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырсын.

      3. Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өтінімдері бойынша запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне әскери қызметке шақырылған азаматтарды тасымалдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министрліктері мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтарды, сондай-ақ запасқа шығарылған мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді тасымалдауға арналған шығыстарды өтеуді республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаржы бөлу шегінде тікелей тасымалдауды жүзеге асыратын ұйымдарға олар ұсынған шоттар бойынша жүргізсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О реализации Указа Президента Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 266 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, в марте – июне и сентябре – декабре 2020 года, а также очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 февраля 2020 года № 67.

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 20.05.2020 № 304.

      В целях реализации Указа Президента Республики Казахстан от 12 февраля 2020 года № 266 "Об увольнении в запас военнослужащих срочной воинской службы, выслуживших установленный срок воинской службы, в марте – июне и сентябре – декабре 2020 года, а также очередном призыве граждан Республики Казахстан на срочную воинскую службу в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      Сноска. Преамбула в редакции постановления Правительства РК от 20.05.2020 № 304.

      1. Акимам областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента в установленном законодательством порядке организовать:

      1) работу призывных комиссий и обеспечить проведение призыва в марте – августе и сентябре – декабре 2020 года граждан мужского пола в количестве 34 808 человек в возрасте от восемнадцати до двадцати семи лет, не имеющих права на отсрочку или освобождение от призыва;

      2) медицинское обеспечение призывных пунктов в соответствии с законодательством Республики Казахстан.

      Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 20.05.2020 № 304; от 24.06.2020 № 396 (вводится в действие с 01.06.2020); от 30.10.2020 № 728 (вводится в действие с 01.11.2020).

      2. Министерству внутренних дел Республики Казахстан организовать усиленное дежурство сотрудников органов внутренних дел в местах сбора и отправки в войска призывников.

      3. Министерству индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан обеспечить перевозку уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы и граждан, призванных на воинскую службу в Вооруженные Силы Республики Казахстан, Министерство внутренних дел Республики Казахстан, Комитет национальной безопасности Республики Казахстан, Службу государственной охраны Республики Казахстан по заявкам Министерства обороны Республики Казахстан.

      4. Министерствам обороны, внутренних дел Республики Казахстан возмещение расходов на перевозку граждан, призванных на срочную воинскую службу, а также уволенных в запас военнослужащих срочной воинской службы производить непосредственно организациям, осуществляющим перевозку, по предъявленным ими счетам в пределах ассигнований, предусмотренных на эти цели в республиканском бюджете.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин