"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Занының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 245 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің карауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1."Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 3-4, 35-құжат; № 15-16, 109-құжат; № 20, 121-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; 14, 274-құжат; 1997 ж., № 12, 183-құжат; 1998 ж., № 5-6, 50-құжат; № 17-18, 224-құжат; 1999 ж., № 20, 727-құжат; 2000 ж., № 3-4, 63, 64-құжаттар; № 22, 408-құжат; 2001 ж., № 1,1-құжат; № 8, 52-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 18, 157-құжат; 2003 ж., № 4, 25-құжат; № 15, 139-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; № 14, 55, 58-құжаттар; № 23, 104-құжат; 2006 ж„ № 10, 52-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж.. № 3, 20-құжат; 2008 ж., № 12, 52-құжат; № 23, 114-құжат; № 24, 126, 129-құжаттар; 2009 ж., № 24, 122, 125-құжаттар; 2010 ж.. № 1-2, 2-құжат; № 5, 23-құжат; 2011 ж., 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; 17, 136-құжат; 2012 ж., № 2, 14-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22. 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 4-5, 24-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, ,84-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 15, 78-құжат; № 16, 79-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-VI. 159-құжат; № 23-I. 169-құжат; 2016 ж;. № 24, 124-құжат; 2017 ж. № 4, 7-құжат; № 22-III, 109-құжат; 2018 ж. № 13, 41-құжат; 2019 ж. № 26-құжат; №7, 37-құжат; № 15-16, 67-құжат;)
16-бап

      мынадай мазмұндағы он бірінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті төлемдер есебінен құрылған қорларды қоспағанда, бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізбестен, коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған мемлекеттік қорды таратуға жол берілмейді.".

      2. "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" 2001 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 1, 8-құжат; № 24, 338-құжат; 2003 ж., №11, 56-құжат; 2004 ж., № 5, 30-құжат; № 10, 56-құжат; 2005 ж., № 13, 53-құжат; 2006 ж., № 8, 45-құжат; № 15, 95-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; № 9, 67-құжат; № 17, 141-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 28-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 5, 43-құжат; № 17, 136-құжат; № 23, 179-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 64-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 11, 63, 67-құжаттар; №21, 122-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж„ № 16, 79-құжат; № 20-I, 110-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-I, 140-құжат; № 23-I, 166-құжат; № 23-ІІ, 170-құжат; 2016 ж., № 7-II, 55-құжат; 2017 ж., № 1-2, 3-құжат; № 4, 7-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; 2018 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне коммерциялық емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2018 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):

      26-бап:

      мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:

      "4. "Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген міндетті төлемдер есебінен құрылған қорларды қоспағанда, бөлінген бюджет қаражатының пайдаланылуына мемлекеттік аудит жүргізбестен, коммерциялық емес ұйым нысанында құрылған мемлекеттік қорды таратуға жол берілмейді.".

      3. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 3, 17-құжат; № 9, 86-құжат; № 24, 338-құжат; 2002 ж., № 10, 103-құжат; 2004 ж., № 10, 56-құжат; № 17, 97-құжат;      № 23, 142-құжат; № 24, 144-құжат; 2005 ж.. № 7-8, 23-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 13,      86, 87 құжаттар; № 15, 92, 95-кужаттар; № 16, 99-құжат; № 18, 113-құжат; № 23, 141-құжат; 2007 ж, № I. 4-құжат; № 2, 14-құжат; № 10, 69-құжат; № 12 , 88- құжат;      № 17, 139-құжат; № 20, 152-құжат; 2008 ж. № 21. 97-құжат; № 23, 114, 124-құжаттар; 2009 ж. № 2-3, 9-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж; № 1-2, 2-құжат: № 5, 23-құжат: № 7, 29, 32-құжаттар: № 24, 146-құжат: 2011 ж. № 1,3,7-құжаттар: № 2, 28-құжат; № 6, 49-құжат: №11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 118-құжат; №16, 129-құжат; 2012 ж. № 2,11-құжат; № 3, 21-құжат; № 5, 35-құжат; № 8, 64-құжат, № 14,92-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж. 2, 3-құжаттар; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 15, 81-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 115-құжат; 2014 ж., № 2, 10-құжат; № 3, 21-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 49-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 67-құжат; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-кұжаттар; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 21, 118, 122-құжаттар; № 22, 131-құжат; 2015 ж., № 9, 46-құжат; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 103-құжат; № 21-I, 121, 124, 125-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140-құжат; № 22-V, 154, 156, 158-құжаттар; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-I, 47, 49-құжаттар; № 8-ІІ, 72-құжат; № 23, 118-құжат; 2017 ж., № 3, 6-құжат; № 8, 16-құжат; № 13, 45-құжат; № 15, 55-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 12, 39-құжат; № 16, 56-құжат; № 21, 72-құжат; № 22, 83-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 1, 4-құжат; № 7, 37, 39-құжаттар):

      1) 27-бапта:

      1-тармақта:

      30) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 30-1) және 30-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "30-1) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

      30-2) жеке адамдардың, мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша және көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;";

      1) 31-бапта:

      1-тармақта:

      27) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 27-1) және 27-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "27-1) әлеуметтік шиеленіске және еңбек жанжалдарының туындау тәуекелдеріне мониторингті жүзеге асырады;

      27-2) жеке адамдардың, мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын қоса алғанда, тұрғылықты жері бойынша және олардың көпшілік демалатын орындарда спортпен шұғылдануы үшін инфрақұрылым жасайды;".

      4. "Қазақстан Республикасында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., № 17-18, 243-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; 2005 ж., № 6, 10-құжат; № 7-8, 19-құжат; 2006 ж; № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 15, 95-құжат; № 23, 144-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 1, 4-құжат; № 2, 18-құжат; №16, 129-құжат; 2008 ж, № 21, 97-құжат; № 24, 129-құжат; 2009 ж , № 15-16, 76-құжат; № 18, 84-құжат; 2010 ж . № 5, 23-құжат; 2011 ж; № 1, 2-құжат; № 6, 50-құжат: № 11, 102-құжат; № 12. 111-құжат: 2012 ж.№ 3, 21, 27-құжаттар: № 4, 32-құжат: № 8, 64-құжат; № 14, 92, 95-құжаттар; № 15, 97-құжат; 2013 ж; № 9, 51-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72, 75-құжаттар; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж; № 1, 4, 6-құжаттар; № 2, 10, 12 құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44 құжат; № 10, 52-құжат; № 14, №2, 10, 12-құжаттар; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 10, 52-құжат; № 14, 86-құжат; № 19-I, № 19-II, 96-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж. № 19-I, 99, 101-құжаттар; № 19-II, 103-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 21-I, 128-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 23-II, 170-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат; № 7-ІІ, 53-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 14, 51-құжат; № 22-ІІІ, 109-құжат):

      49-бап:

      2-1-тармақта "спорт алаңдарымен" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мүгедектер мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділікті ескере отырып, " деген сөздермен толықтырылсын.

      5. "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2014 ж., № 14, 85-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; 2015 ж., № 10, 50-құжат; № 20-IV, 113-құжат; № 22-I, 140-құжат; 2016 ж., № 2, 9-құжат; 2017 ж., № 10, 23-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 24, 93-құжат; 2019 ж., № 7, 36-құжат):

      1) 1-бапта:

      50) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "50) студенттік спорт - техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушыларды дене тәрбиесіне, оларды спорттық іс-шараларға қатысуға даярлауға бағытталған дене шынықтыру мен спорттың бір бөлігі;";

      мынадай мазмұндағы 58), 59) және 60) тармақшалармен толыктырылсын:

      "58) студенттердің республикалық спартакиадасы - кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының арасында кешенді республикалық қысқы және жазғы жарыстар;

      59) дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушы - кәсіптік білімі бар, оқу-жаттығу процесін әдістемелік және практикалық қамтамасыз етуді және оған басшылық жасауды, дене шынықтыру-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;

      60) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым.";

      2) 7-бап:

      мынадай мазмұндағы 49-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "49-1) ұлттық спорт түрлерінің тізбесін бекітеді;":

      3) 8-бапта:

      1-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 5-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "5-1) қалаларда, облыстарда, республикалық маңызы бар қалаларда, қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінде балалар-жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубтарының ашылуына жәрдемдеседі:"

      мынадай мазмұндағы 20-6) тармақшамен толықтырылсын:

      "20-6) облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің жұмысын ұйымдастырады.";

      2-тармақ:

      мынадай мазмұндағы 14-4) және 14-5) тармақшалармен толыктырылсын:

      "14-4) дене шынықтыру-сауықтыру және спорт ғимараттарының пайдаланылуы мен қолжетімділігін үйлестіреді;

      14-5) халықпен жұмыс істеу үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі нұсқаушылармен қамтамасыз етеді;";

      15-бапта:

      2-тармакта:

      бірінші абзацтағы "колледждерде" деген сөздер "техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "Дене мүмкіндіктері шектеулі" деген сөздер "Ерекше білім беруді қажет ететін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Білім берудің барлық деңгейлеріндегі дене тәрбиесі сабақтарында дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес ұлттық спорт түрлері бойынша міндетті компонент көзделеді.";

      18-бап:

      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:

      "3. Ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараттары:

      ауыл, кент тұрғындарын дене шынықтырумен және спортпен белсенді айналысуға, салауатты өмір саптына тарту үшін жағдай жасауға;

      ерікті негізде дене шыныктыру және спорт клубтары ұжымдарының тиісті аумақтар шегінде құрылуына және қызмет көрсетуіне ықпал етеді.";

      19-бап:

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары бейімдік дене шынықтыру және спорт жөніндегі даярлығын қамтиды.";

      40-бап:

      мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Спорттық медицина және бейімдік дене шынықтыру саласындағы мамандарды даярлау және біліктілігін арттыру техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының білім беру бағдарламалары арқылы іске асырылады.";

      8) 41-бапта:

      3-тармақта "республикалық" деген сөзден кейін "және өңірлік" деген сөздермен толықтырылсын.

      6. "Педагог мәртебесі туралы" 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 8-бапта

      4-тармақ үшінші абзадтағы "мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді." деген сөздер "мөлшерінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "сабақтан тыс спорттық сабақтарды жүргізгені үшін базалық лауазымдық жалақыдан 100% мөлшерінде қосымша ақы белгіленеді.";

      5-тармақта:

      "магистр дәрежесі" деген сөздерден кейін ", әдістемелік сүйемелдеу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Ресиубликасының
Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады