"Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 281 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері";

      15-тармақта:

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) әлемдегі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайды, шет мемлекеттердің сыртқы және ішкі саясатын, халықаралық ұйымдардың қызметін талдау және Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 10) және 11) тармақшалармен толықтырылсын:

      "10) "Дамуға ресми көмек туралы" 2014 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың дамуға ресми көмек саласындағы қызметін үйлестіру;

      11) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзырет шегінде Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдардың өкілдіктерімен, сондай-ақ консулдық мекемелермен барлық ресми істерді жүргізу.";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын iске асыру;";

      мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "14-1) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастық саласында Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруды қамтамасыз ету;";

      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "22) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу;";

      23) және 24) тармақшалар алып тасталсын;

      27) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "27) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының орындалуын жалпы қадағалау мен бақылауды жүзеге асыру;";

      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) Қазақстан Республикасының қатысушы болу ниеті бар халықаралық шарттар ережелерінің, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларының Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзгe де міндеттемелеріне сәйкестігі туралы және оларды жасасуға, күшіне енуіне, орындауға, өзгертуге, олардың тоқтатыла тұруына және тоқтатылуына байланысты басқа да мәселелер бойынша қорытынды беру;";

      34) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "34) халықаралық шарттарды жасасу, олардың күшіне енуі, оларды орындау, өзгерту, тоқтата тұру және тоқтату мәселелерi бойынша шет мемлекеттермен немесе халықаралық ұйымдармен қатынас жасау;";

      36) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "36) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені" жинағында және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста жариялау үшін Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын ұсыну;";

      мынадай мазмұндағы 36-1), 36-2), 36-3) және 36-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "36-1) Қазақстан Республикасының Парламентi ратификациялаған, күшiне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң ресми басылымдарында жариялану үшін ұсыну;

      36-2) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасудың ағымдағы және перспективалық жоспарларының жобаларын әзірлеу;

      36-3) орталық мемлекеттік орган әзірлейтін халықаралық шартты жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту;

      36-4) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімін жүргізу тәртібін әзірлеу;";

      39) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "39) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының дипломатиялық және қызметтік паспорттарын ресімдеу, беру, ауыстыру, алып қою және жою;";

      мынадай мазмұндағы 39-1), 39-2) және 39-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "39-1) Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының және Қазақстан Республикасы қызметтік паспортының үлгілерін, оларды ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін әзірлеу;

      39-2) қайтып оралуға арналған куәліктің үлгісін, оны ресімдеу, беру және ауыстыру тәртібін әзірлеу;

      39-3) шетелде тұрақты тұру құқығына құжаттар алған Қазақстан Республикасы азаматтарынан – жеке куәлігін және өзге мемлекеттің азаматтығын қабылдаған жағдайда – паспортын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен алып қою;";

      61-4), 61-8), 61-9), 61-15), 61-16), 61-17) және 61-26) тармақшалар алып тасталсын;

      63) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "63) мына:

      дипломатиялық өкілдікті, халықаралық ұйымды және (немесе) оның өкілдігін, консулдық мекемені тіркеу;

      дипломатиялық өкілдіктің, халықаралық ұйымның және (немесе) оның өкілдігінің басшыларын, персонал мүшелерін, консулдық мекемелердің қызметкерлерін Қазақстан Республикасында аккредиттеу тәртібін бекіту;";

      мынадай мазмұндағы 64), 65), 66), 67), 68) 69), 70), 71), 72), 73), 74), 75), 76), 77), 78), 79), 80), 81), 82), 83), 84), 85), 86) және 87) тармақшалармен толықтырылсын:

      "64) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының межелеуге, шегендеуге және қайта шегендеуге байланысты мәселелер бойынша қызметін үйлестіру, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимі туралы шарттарды жасасу бойынша келіссөздерге қатысу;

      65) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының сыртқы саяси, халықаралық-құқықтық жағынан қорғалуын қамтамасыз етуді жүзеге асыру;

      66) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасына кіру және Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттарды ресімдеу;

      67) Қазақстан Республикасына қатысты шет мемлекеттердiң шекара және виза саясатындағы өзгерістер, басқа мемлекеттердегi мемлекеттік шекаралар арқылы өткізу тәртiбі, шектес мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын межелеуді, шегендеуді немесе қайта шегендеуді жүргiзу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметiн хабардар ету;

      68) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметiнің шекара өкiлдерi реттемеген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы режимін сақтау мәселелерін және шекарадағы тосын оқиғаларды дипломатиялық құралдармен және әдістермен шешу;

      69) Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкiлдiктердiң және консулдық мекемелердiң, сондай-ақ оларға теңестiрiлген, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің қызметкерлеріне шекаралық және өзге де бақылау түрлері жүзеге асырылатын өткізу пункттеріндегі үй-жайларға және өзге де орындарға жіберу үшін рұқсаттамалар беруді жүзеге асыру;

      70) шектес мемлекеттермен шекара өкілдерінің тізімдерімен алмасуды жүзеге асыру;

      71) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қорғау мәселелері бойынша халықаралық іс-шараларды өткізу кезінде уәкілетті органдардың лауазымды адамдарын шетелге іссапарға жіберуге арналған қаражатты пайдалану жөнінде шешімдер қабылдау;

      72) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      73) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына келуіне шақыруларын ресімдеу, шақыруларын келісу, Қазақстан Республикасының визаларын беру, күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту тәртібін айқындау;

      74) Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясаты туралы ақпараттың шетелде таратылуына жәрдемдесу;

      75) бұрынғы отандастармен және этникалық қазақтармен байланысты және қарым-қатынасты дамытуға жәрдемдесу;

      76) шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың келуіне визалар беру есебінің бірыңғай дерекқорын қалыптастыру, мәліметтердің жүйелі түрде жаңартылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ ішкі істер және ұлттық қауiпсiздiк органдарымен уақтылы ақпарат алмасуды жүзеге асыру;

      77) шет мемлекеттердің сыртқы саяси ведомстволарының, дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің, халықаралық ұйымдардың және олардың өкілдіктерінің шақыруларын қабылдау және келісу;

      78) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға Қазақстан Республикасының визаларын беру, олардың күшін жою, қалпына келтіру, сондай-ақ олардың қолданылу мерзімдерін ұзарту және қысқарту не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының визаларын беруден бас тарту туралы шешім қабылдау;

      79) Қазақстан Республикасына өз еркімен қоныс аударуға ниет білдірген этникалық қазақтарға келу, оның ішінде оралмандарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге келу шарттары, қабылдау шарттары мен әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беру;

      80) Қазақстан Республикасына келу туралы өтініштер берген көшіп келушілердің, оның ішінде этникалық қазақтардың құжаттарын қабылдау, тіркеу, оларды халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін келуге визаларды ресімдеу;

      81) өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      82) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардан Қазақстан Республикасының азаматтығы мәселелері бойынша өтініштер қабылдау және қажетті құжаттармен бірге оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына жіберу;

      83) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалтуын тіркеу;

      84) Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерде тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылуын тiркеу;

      85) Министрдің бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу қағидаларында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты және уақытша тұратын Қазақстан Республикасы азаматтарының есебін жүргізу;

      86) Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын адамдарға Қазақстан Республикасы азаматтығының тиесілігін айқындау;

      87) Қазақстан Республикасының азаматтығы, Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту мен одан айыру және Қазақстан Республикасының азаматтығына жататындығын айқындау мәселелері бойынша өтініштерді Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қабылдау, ресімдеу және қарау тәртібін әзірлеу және бекіту.";

      ведомстволардың функцияларында:

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) шет елде Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпарат таратуға жәрдемдесу;";

      35), 36), 37), 38) және 41) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 48-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "48-1) инвестициялық келісімшарттың қолданысын біржақты тәртіппен мерзімінен бұрын тоқтату туралы инвесторға хабарлама жіберу;";

      мынадай мазмұндағы 50-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "50-1) инвесторлар үшін "бір терезе" ұйымдастыру қағидаларын, сондай-ақ инвестицияларды тарту кезінде өзара іс-қимыл тәртібін әзірлеу;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қызметін ұйымдастыру";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мүлкі";

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігін қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады