"Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 365 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 670 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 11.08.2023 № 670 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидаларын бекіту, олардың мөлшерін белгілеу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 1324 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 696-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 10 маусымдағы
№ 365 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1324 қаулысымен
бекітілген

Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Дене шынықтыру және спорт туралы" 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және спортшылар мен жаттықтырушыларға өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды (бұдан әрі – материалдық қамсыздандыру) төлеу тәртібін айқындайды.

      2. Материалдық қамсыздандыру Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын әрі дене шынықтыру және спорт саласында кемінде жиырма жыл еңбек өтілі бар мынадай спортшылар мен жаттықтырушыларға:

      1) Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлері және (немесе) спорттың олимпиадалық түрлері бойынша әлем чемпиондары атақтарын жеңіп алған спортшыларға;

      2) осы Қағидалардың 2-тармағы 1) тармақшасында көрсетілген спортшыларды дайындаған жаттықтырушыларға төленеді.

      Бір спортшыны дайындағаны үшін материалдық қамсыздандыру бір жаттықтырушыға төленеді. Спортшы осы Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген белгіленген талаптарды қайталап орындаған жағдайда материалдық қамсыздандыру басқа жаттықтырушыға да төленеді.

      3. Материалдық қамсыздандыру дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) бюджеттік бағдарламалары арқылы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленеді.

2-тарау. Спортшылар мен жаттықтырушыларға материалдық қамсыздандыру төлеуді жүзеге асыру тәртібі

      4. Материалдық қамсыздандыруды алуға құқығы бар адамдар (бұдан әрі – өтініш берушілер) мынадай құжаттарды ұсынады:

      1) спортшылар:

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      еңбек кiтапшасы не дене шынықтыру және спорт саласындағы жиырма жыл еңбек өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:

      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

      еңбек шартын жасау және тоқтату негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;

      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;

      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;

      Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшiрмесі;

      2) жаттықтырушылар:

      осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

      еңбек кiтапшасы не жаттықтырушылық жұмысының жиырма жылдық өтілін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың кез келгені:

      тоқтату күні мен оны тоқтатудың негіздемесі туралы жұмыс берушінің белгісі бар еңбек шарты;

      еңбек шартын жасау және тоқтау негізінде еңбек қатынастарының туындауын және тоқтатылуын растайтын жұмыс беруші актілерінен үзінді көшірме;

      қызметкерлерге жалақы төлеу ведомосынан үзінді көшірме;

      жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған қызметтік тізім (қызметкердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);

      қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтер қамтылған архивтік анықтама;

      Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлерi бойынша әлем чемпионы атағын жеңiп алған спортшының шын мәнiнде жаттықтырушысы болып табылатынын растайтын жұмыс орнынан (өтініш берген кезде жаттықтырушы болып жұмыс істемеген жағдайда – Қазақстан Республикасының Ұлттық Олимпиада комитетінен, Қазақстан Республикасының Ұлттық Паралимпиада комитетінен немесе спорт түрі бойынша республикалық және (немесе) өңірлік аккредиттелген спорт федерациясынан) анықтама;

      өзі жаттықтырған спортшының Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпионы мен жүлдегері және (немесе) олимпиадалық спорт түрлері бойынша әлем чемпионы атағын растайтын жарыстар хаттамасының көшірмесі.

      5. Ұсынылған құжаттарды қарау мерзімі – өтініш берілген сәттен бастап он жұмыс күні.

      6. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижелері бойынша уәкілетті орган осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген мерзімдерде материалдық қамсыздандыруды төлеу немесе төлеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды. Уәкілетті орган қабылданған шешім туралы өтініш берушілерге жазбаша түрде хабарлайды.

      7. Материалдық қамсыздандыруды төлеу өтініш берушілердің Қазақстан Республикасының шегінде екінші деңгейдегі банктегі жеке шотына материалдық қамсыздандыруды аудару жолымен жүргізіледі.

  Спортшылар мен жаттықтырушыларға
өмір бойы ай сайынғы материалдық
қамсыздандыруды төлеу қағидаларына
қосымша
  Нысан

      Кімге ______________________________________ (дене шынықтыру және спорт саласындағы ___________________________________________ уәкілетті орган басшысының лауазымы, ___________________________________________ тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) кімнен _____________________________________ (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________________________________ мекенжайы бойынша тұратын өтініш берушінің ЖСН_______________________

Өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуге өтініш

      Маған _______________________________________________________________________________________ (себебі көрсетіледі) _______________________________________________________________________________________ байланысты өмір бойы ай сайынғы материалдық қамсыздандыруды төлеуді сұраймын. Маған тиесілі соманы _______________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________ (банктің аты, банктің есептік шоты, өтініш берушінің жеке шотының нөмірі көрсетіледі) _____________________________________________________________________ аударуды сұраймын.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1._________________________________________________________________________________

      2. _________________________________________________________________________________

      3.__________________________________________________________________________________

      4.__________________________________________________________________________________

      5.__________________________________________________________________________________

      Өтініш берушінің қолы _____________________________

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады