"Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына толықтыру мен өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 маусымдағы № 369 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы Қалжат (Алматы облысы), Бақты және Майқапшағай (Шығыс Қазақстан облысы) өткізу пункттерінде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін медициналық бұйымдар мен дәрілік заттарды, азық-түлік өнімдері мен инвестициялық келісімшарттар, ізгілік көмек, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде өткізілетін тауарларды тасымалдауды жүзеге асыратын адамдар мен көлік құралдарын, сондай-ақ бос жүк көлік құралдарын қоспағанда, адамдарды, көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу шектелсін.";

      көрсетілген қаулыға қосымшада:

      1) және 3) тармақшалар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қабылдаған шешім туралы шекаралас мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы белгіленген тәртіппен хабарласын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады