Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 559 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Қазгеодезия" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық картографиялық-геодезиялық қоры" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен біріктіру және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) Кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорын жүргізу болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1165 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 83-84, 607-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесінде:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Қызметінің мәні топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстарды жүргізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық картографиялық-геодезиялық қорын жүргізу болып табылатын Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2001 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы Қазақстан-Түрікменстан мемлекеттік шекарасын делимитациялау және оны демаркациялау процесі туралы шартты, 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасының жекелеген учаскелері туралы шартты, 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Қазақстан-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартты, 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманы және 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-ресей мемлекеттік шекарасы туралы шартты іске асыру мақсатында сатып алатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер:

      Қазақстан Республикасының шектес мемлекеттермен мемлекеттік шекара сызығын межелеу және шегендеу (қайта шегендеу) жүргізу үшін қажетті жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.";

      2) "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 24 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 29, 248-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ережеде:

      Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесiнде:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитеті

      Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.".

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады