"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 қыркүйектегі № 583 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 28, 243-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Осы қаулының 1-тармағының "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2020 жылғы 25 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін он бірінші, он сегізінші, отызыншы және отыз бірінші абзацтарын қоспағанда, осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі туралы ережеде:

      1-тармақ мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) тұтынушылардың құқықтарын қорғау;";

      16-тармақта:

      орталық аппараттың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 79-1) және 79-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "79-1) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін бекіту;

      79-2) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды бекіту";

      80) тармақша алып тасталсын;

      ведомстволардың функцияларында:

      мынадай мазмұндағы 51-3), 51-4), 51-5) және 51-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "51-3) тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;

      51-4) Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асыру;

      51-5) бақылау субъектісіне (объектісіне) бармай профилактикалық бақылауды Қазақстан Республикасының тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасын бұзу фактілері бойынша мемлекеттік органдардан, тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінен, тұтынушылардың заңды мүдделерін білдіретін өкілдерден, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы алынған ақпарат пен есептілік негізінде жүргізу;

      51-6) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін және оның мобильдік нұсқасын қалыптастыруды және жүргізуді қамтамасыз ету;";

      53) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "53) өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелерінде тұтынушыларға ақпарат, консультация беруді, оларды ағартуды, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруды жүзеге асыру;";

      55) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "55) зерттеулер, ақпараттық-ағартушылық жұмыс жүргізу, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша халыққа консультациялық көмек және тұтынушылардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруде оларға өкілдік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды, іске асыруды, іске асыру мониторингін және нәтижелерін бағалауды жүзеге асыру;";

      56) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "56) жыл сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстың Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңесте талқыланған нәтижелері туралы бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылатын баяндама ұсыну;";

      57) тармақша алып тасталсын;

      58) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "58) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық кеңестің қызметін қамтамасыз ету;";

      мынадай мазмұндағы 63-1), 63-2) және 63-3) тармақшалармен толықтырылсын:

      "63-1) тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесін әзірлеу;

      63-2) тұтынушылардың, оның ішінде Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы келіп түсетін шағымдарына, тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің қызметіне талдау жүргізу;

      63-3) Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесін қалыптастыру, жүргізу және пайдалану жөніндегі қағидаларды әзірлеу;".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады