Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 19 қазандағы № 675 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 9-тармақтан қараңыз

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 2-тармағына, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасы туралы шарттың 7-бабына, 2005 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы шарттың 5-бабына, 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттаманың 7-бабына сәйкес Өзбекстан Республикасымен және Ресей Федерациясымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын (бұдан әрі – Мемлекеттік шекара) шегендеу, сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының (бұдан әрі – делегация) құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрылсын.

      2. Делегация:

      1) 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2001 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттік шекарасы туралы шартқа, 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 9 қыркүйектегi Қазақстан-Өзбекстан Мемлекеттiк шекарасының жекелеген учаскелерi туралы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы шартқа, 2005 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2005 жылғы 18 қаңтардағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Қазақстан-Ресей мемлекеттiк шекарасы туралы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын шегендеуді ұйымдастырсын және жүргiзсiн;

      2) шегендеу жұмыстарының қорытындысы бойынша Қазақстан-Өзбекстан және Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы халықаралық шарттардың жобаларын, онда осы шарттардың ажырамас бөлігі болып табылатын мемлекеттік шекара сызығы өтуінің сипаттамаларын, мемлекеттік шекара картасын, шекаралық белгілердің хаттамаларын, шекаралық белгілердің координаталары мен биіктіктерінің каталогын, шекаралық белгілер бағаналарының өзара орналасу схемаларын, аралдардың тиесілілік кестелерін қамти отырып дайындасын;

      3) 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған 2002 жылғы 10 мамырдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-Қытай Мемлекеттік шекара сызығын демаркациялау туралы хаттамаға сәйкес Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеруді және қажет болған жағдайда қайта шегендеуді ұйымдастырсын және жүргізсін;

      4) Мемлекеттік шекара сызығының белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі жұмыстардың қорытындысы бойынша Мемлекеттік шекара сызығын бірлесіп тексеру хаттамасын, сондай-ақ осы Хаттамаға қосымша болып табылатын мемлекеттік шекара картасын, шекаралық белгілердің хаттамаларын (шекаралық белгілердің орналасу схемасын қоса алғанда), шекаралық белгілердің координаталары мен биіктіктерінің каталогын, аралдардың тиесілілік кестесін, жойылып кеткен аралдардың кестесін, шекара бағаналарының түрлері мен мөлшерінің графикалық бейнелерін дайындасын;

      5) Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу барысында туындаған және Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу бойынша бірлескен комиссиялар шеше алмайтын мәселелердi Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қарауына ұсынсын;

      6) қажет болған жағдайда Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу процесі кезінде туындаған өзге де мәселелерді шешу үшін геодезия, картография, геология және орман шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын тәуелсіз сарапшыларды тартсын.

      3. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiкті атқарушы органдары, геодезия, картография, геология және орман шаруашылығы саласында қызметін жүзеге асыратын өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң сұратуы бойынша:

      1) делегация құрамында Қазақстан Республикасының шегiнде және одан тыс жерлерде жүзеге асырылатын жұмысқа өз өкiлдерiн жiберсiн;

      2) Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдем көрсетсiн және осы жұмыстардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнінде қажеттi шаралар қабылдасын.

      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі делегация мүшелеріне Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге жасалатын іссапар шығыстарына, Қазақстан Республикасының аумағында келіссөздер, консультациялар және кездесулер өткізу үшін ресми қабылдаулар ұйымдастыруға, үй-жайлар мен көлік құралдарын жалға алуға қаражат бөлу туралы шешімдер қабылдасын.

      5. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі топографиялық-геодезиялық, картографиялық және гидрографиялық жұмыстар жүргізу, Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу нәтижелері бойынша құжаттарды дайындау және басып шығару бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.

      6. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келісу бойынша):

      1) шекара белгілерін дайындау (сатып алу), жеткізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырсын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі топографиялық-геодезиялық, картографиялық және гидрографиялық жұмыстарды жүргізгеннен кейін, онымен бірлесіп шекара белгілерін орнатсын;

      2) орнатылған шекара белгілерін күтіп-ұстау мен сақтауды қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдасын;

      3) Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен және шекаралас мемлекеттермен шектесетін облыстардың әкімдерімен бірлесіп шекаралық соқпақтардағы ағаштарды кесу бойынша іс-шараларды жүзеге асырсын.

      7. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (келiсу бойынша), Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және шектес мемлекеттермен шекаралас облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері хаттамалық iс-шараларды ұйымдастыруды және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсетуді, делегациялар мүшелерiнiң жеке қауiпсiздiгiн, олардың мүлiктерi мен құжаттамаларына, оның iшiнде кедендiк шекарадан өту кезінде қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етудi, олардың тіркелуі мен Қазақстан Республикасының аумағында келiссөздер жүргiзу және Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен оның белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жұмыстарын жүргiзу кезiнде кедергісіз жүрiп-тұруын жүзеге асыру бойынша жәрдем көрсетудi қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аумағында келiссөздер, консультациялар және кездесулер өткiзу кезiнде Мемлекеттік шекара сызығын шегендеу мен белгіленуін бірлесіп тексеру және (немесе) қайта шегендеу жөніндегі бірлескен комиссиялардың жұмыс iстеуiне жағдай жасауды қамтамасыз етсiн.

      8. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

      1) "Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қайта шегендеу жөнiндегi бiрлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкiметтiк делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 804 қаулысы;

      2) "Қырғыз Республикасымен, Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен және Түрікменстанмен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын қайта шегендеу жөнiндегi бiрлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкiметтiк делегациясы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 804 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 21 мамырдағы № 300 қаулысы.

      9. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 6-тармағын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 19 қазандағы
№ 675 қаулысына
қосымша

Өзбекстан Республикасымен, Ресей Федерациясымен Мемлекеттік шекараны шегендеу және Қытай Халық Республикасымен Мемлекеттік шекара сызығын тексеру жөніндегі бірлескен комиссиялардағы Қазақстан Республикасының үкіметтік делегациясының құрамы

      Ескерту. Құрамға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 304 қаулысымен.

Аманжолова Зульфия Алтайқызы – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, жетекші Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаментінің директоры, жетекшінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің жетекшісі, жетекшінің орынбасары

Сыртқы саяси зерттеулер институты" акционерлік қоғамының ақпараттық-талдау материалдарын жасау бойынша қызметтерді көрсету жөніндегі штаттан тыс сарапшысы, жетекшінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің кеңесшісі, жетекшінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті директорының орынбасары, хатшы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитеті төрағасының орынбасары

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті бастығының орынбасары – Департаменттің әскери-топографиялық басқармасының бастығы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының басшысы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Шекараны күзету департаменті шекараны күзету басқармасының аға консультанты (келісу бойынша)

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитеті топографиялық-геодезиялық және картографиялық жұмыстар басқармасының бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының үшінші хатшысы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық құқық департаменті мемлекеттік шекара басқармасының атташесі

Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары

Алматы облысы әкімінің орынбасары

Атырау облысы әкімінің орынбасары

Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары

Павлодар облысы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы әкімінің орынбасары

Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының әкімі

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының әкімі

Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі

Ақтөбе облысы Шалқар ауданының әкімі

Атырау облысы Құрманғазы ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының әкімі

Батыс Қазақстан облысы Тасқала ауданының әкімі

Қостанай облысы Бейімбет Майлин ауданының әкімі

Қостанай облысы Денисов ауданының әкімі

Қостанай облысы Жітіқара ауданының әкімі

Қостанай облысы Қамысты ауданының әкімі

Қостанай облысы Қарабалық ауданының әкімі

Қостанай облысы Меңдіқара ауданының әкімі

Қостанай облысы Федоров ауданының әкімі

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданының әкімі

Қызылорда облысы Арал ауданының әкімі

Қызылорда облысы Қазалы ауданының әкімі

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының әкімі

Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі

Қызылорда облысы Сырдария ауданының әкімі

Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының әкімі

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының әкімі

Маңғыстау облысы Қарақия ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданының әкімі

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының әкімі

Түркістан облысы Жетісай ауданы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы Келес ауданы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары

Түркістан облысы Шардара ауданы әкімінің орынбасары

Жамбыл облысының әкімдігі жер қатынастары басқармасының басшысы

Қостанай облысы әкімдігінің жерді пайдалануды бақылау және қорғау басқармасының басшысы

Қызылорда облысының жер қатынастары басқармасының басшысы

Қызылорда облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Маңғыстау облысының жер қатынастары басқармасының басшысы

Маңғыстау облысының жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Павлодар облысы жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы

Павлодар облысы жер қатынастары басқармасының басшысы

Алматы облысының әкімдігі жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

Түркістан облысы жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары

Түркістан облысы Жетісай ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Түркістан облысы Келес ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Түркістан облысы Мақтаарал ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Түркістан облысы Шардара ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Арал аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Қазалы ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Қармақшы аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Жалағаш аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Сырдария аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Шиелі аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы

Павлодар облысы Железин ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Павлодар облысы Ертіс ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Павлодар облысы Успен ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Павлодар облысы Шарбақты ауданы жер қатынастары бөлімінің басшысы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Ертіс орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты басшысының бірінші орынбасары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Семей орманы мемлекеттік орман табиғи резерваты" республикалық мемлекеттік мекемесі директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Батыс Алтай мемлекеттік табиғи қорығы" республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті "Қазақ орман орналастыру кәсіпорны" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны орман орналастыру өндірісінің басшысы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Шығыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы

Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің басшысы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметі жетекшісінің орынбасары

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің бас сарапшысы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің сарапшысы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметі карталарының инженер-редакторы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің инженер-картографы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Геодезия және картография комитетінің "Ұлттық геодезия және кеңістіктік ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны Мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау қызметінің аудармашысы

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамының Түркістан облысы бойынша филиалының жер кадастры басқармасының басшысы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады