2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 22 қазандағы № 694 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мусин Бағдат Батырбекұлына 2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 22 қазандағы
№ 694 қаулысымен
мақұлданған
  Жоба

2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі

      2004 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 20-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімнің 3-бабының тоғызыншы абзацы алып тасталсын.

2-бап

      Келісім мынадай мазмұндағы 4-2-баппен толықтырылсын:

      "4-2-бап

      Бірлескен кәсіпорынның бюджеттік кредит бойынша міндеттемелері жай акцияларды қосымша орналастыру және оларды бюджеттік кредит берген Қазақстан тарапына беру арқылы Бірлескен кәсіпорынның жарғылық капиталына конвертацияланады.

      "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорация және/немесе оның ұйымдары өздерінің меншігіндегі және "Байқоңыр" кешенінің объектілерінде орналасқан "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенін құру үшін қажетті мүлікті Қазақстан тарапына бере алады.

      Берілетін мүліктің тізбесін және оны беру тәртібін "Байқоңыр" кешені жөніндегі Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясы бекітеді

      Мүлікті беруді және қабылдауды Тараптардың құзыретті органдары құрған бірлескен комиссия жүзеге асырады.

      Мүлікті беру және қабылдау Тараптар мемлекеттерінің экспорттық бақылау саласындағы заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      Ресей тарапының Бірлескен кәсіпорындағы өз үлесін Қазақстан тарапымен тепе-теңдікке дейін жеткізуге құқығы бар.".

3-бап

      Келісімнің 5-бабы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бап

      Тараптар орта класты тасымалдағыш зымыранмен "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінің ұшу сынақтарының басталуын 2023 жылы қамтамасыз етеді.

      Тараптар "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен саны жылына кемінде екі ұшырып ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша коммерциялық тапсырыстарды орындауды бірлесіп қамтамасыз етеді.

      Ресей тарапы:

      2025 жылға дейін "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранының кемінде үш сынақтық ұшырылуын жүзеге асыруды;

      2025 жылдан бастап 2036 жылғы аралық кезеңінде "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен саны жылына кемінде екі ұшырып ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстарды орналастыруды қамтамасыз етеді.

      Қазақстан тарапы:

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік жобаларын іске асыру шеңберінде 2025 жылдан бастап 2036 жылғы аралық кезеңінде "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенінен "Союз-5" тасымалдағыш зымыранымен және оның ықтимал модификацияларымен ғарыш аппараттарын орбиталарға шығару бойынша тапсырыстарды орналастыруды қамтамасыз етеді.".

4-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар арқылы алынған күннен бастап күшіне енеді.

      202_ жылғы "____"_________ ________________ қаласында әрқайсысы қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей. Осы Хаттаманың мәтіндері арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады