"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 387 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 3 қарашадағы № 733 қаулысы.

            ЗҚАИ-ның ескертпесі!
            Осы қаулы 15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 24 сәуiрдегi № 387 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 22, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      ведомстволардың функцияларында:

      458) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "458) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабы 3-тармағының бірінші бөлігіне және 5-тармағына сәйкес күдікті операцияны жүргізуді тоқтата тұру туралы ақпаратты Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына беру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;";

      466) тармақша алып тасталсын;

      468) және 469) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "468) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын терроризмді және экстремизмді, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерін жасау және оларды тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға электрондық түрде жіберу;

      469) өзінің интернет-ресурсында орналастырылатын Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобының (ФАТФ) ұсынымдарын орындамайтын және (немесе) жеткілікті түрде орындамайтын мемлекеттердің (аумақтардың) тізбесін жасау;";

      471), 472) және 473) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "471) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілері хабарламаларының мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;

      472) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінен хабарламалар қабылдауды жүзеге асыру;

      473) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласында тәуекелдерді бағалауды жүргізу және кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шараларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіру;";

      476), 477), 478), 479) және 480) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "476) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-бабының 8-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны электрондық тәсілмен қаржы мониторингі субъектілеріне жеткізу;

      477) ұйымды немесе жеке тұлғаны терроризмді және экстремизмді, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбелерінен алып тастау туралы өтінішті қарау;

      478) күдікті операцияны тоқтата тұру туралы не күдікті операцияны тоқтата тұру қажеттігінің жоқтығы туралы шешім қабылдау және күдікті операция туралы хабарламаны берген қаржы мониторингі субъектісіне және мемлекеттік органға электрондық тәсілмен жеткізу;

      479) олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіздер бар операциялардың қатысушылары болып табылатын тұлғалардың банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын немесе электрондық ақшамен жасалатын операцияларын тоқтата тұру туралы шешім қабылдау немесе оны "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      480) банктік шоттар бойынша шығыс операцияларының немесе электрондық ақшамен жасалатын операциялардың тоқтатыла тұру туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, олар қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) немесе терроризмді қаржыландыруға бағытталған деп пайымдауға негіздер бар күдікті операцияларды тоқтата тұру қажеттігі туралы шешімдерді берген Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарын хабардар ету;";

      482) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "482) қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға қатысы бар жеке тұлғаларды, ұйымдар мен бенефициарлық меншік иелерін, басқа да байланысты қылмыстарды, ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды анықтау, сондай-ақ осындай тұлғалардың ақшасын және (немесе) өзге де мүлкін іздестіру мақсатында шет мемлекеттің құзыретті органымен халықаралық ынтымақтастық;";

      485) және 486) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "485) қылмыстық кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру типологияларын, схемалары мен тәсілдерін бекіту және оларды өзінің интернет-ресурсында орналастыру арқылы қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      486) жеке және заңды тұлғалардың қызметі қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және (немесе) терроризмді қаржыландырумен байланысты деп пайымдауға негіздер болған кезде Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарына олардың құзыретіне сәйкес ақпарат жіберу және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;";

      мынадай мазмұндағы 487-1), 487-2), 487-3), 487-4), 487-5), 487-6), 487-7), 487-8), 487-9), 487-10), 487-11), 487-12) және 487-13) тармақшалармен толықтырылсын:

      "487-1) Біріккен Ұлттар Ұйымының Қауіпсіздік Кеңесінен алған ақпарат негізінде "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағының 7) тармақшасында және 5-тармағының 7) тармақшасында көрсетілген ұйымдардың және (немесе) жеке тұлғалардың тізімдерін жасау;

      487-2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен жасалатын операцияларды тоқтатып қою бойынша қолданылатын шаралардың ішінара немесе толық күшін жою туралы өтініштерін Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетінің қарауын қамтамасыз ету және қабылданған шешім туралы өтініш берушіні, сондай-ақ өтінішті қанағаттандыру туралы қаржы мониторингі субъектісін хабардар ету;

      487-3) террористік әрекетке қатысы бар тұлғалардың тізімін қалыптастыру және оны өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      487-4) террористік әрекетке қатысы бар тұлғалар тізіміндегі жеке тұлғаларды "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізу жөнінде шаралар қабылдау;

      487-5) ұйымды немесе жеке тұлғаны жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесінен алып тастау туралы шешімді өзінің интернет-ресурсында орналастыру және оны тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жіберу;

      487-6) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 6-тармағына сәйкес жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген тұлғалардың операцияларын жүргізуді тоқтата тұру және осы шешімді қаржы мониторингі субъектісінің назарына жеткізу;

      487-7) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 12-1-бабының 6-тармағында көзделген операцияны жүргізу не операцияны жүргізуден бас тарту туралы шешім қабылдау және оны қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу, сондай-ақ Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін операция жүргізуге рұқсат беру ниеті туралы хабардар ету;

      487-8) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тиісті Комитетін жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізбесіне енгізілген жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткені туралы хабардар ету;

      487-9) Қазақстан Республикасының құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының өтініші негізінде шет мемлекеттердің құзыретті органдарына ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операцияларды іздестіру және (немесе) тоқтата тұру туралы сұрау салу жіберу;

      487-10) шет мемлекеттердің құзыретті органдарының ақшамен және (немесе) өзге мүлікпен операцияларды тоқтата тұру туралы сұрау салуды қанағаттандырғаны туралы Қазақстан Республикасының тиісті құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдарын және Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын хабардар ету;

      487-11) Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық шараларын әзірлеу тобы (ФАТФ) анықтаған кірістерді заңдастырудың (жылыстатудың) және терроризмді қаржыландырудың тәуекелдерін төмендету жөніндегі шаралар туралы шешімді қаржы мониторингі субъектілерінің назарына жеткізу;

      487-12) тиісті мемлекеттік органдарға кірістерді заңдастыру (жылыстату) және терроризмді қаржыландыру тәуекелдерін бағалау жөніндегі есепті жіберу, сондай-ақ осы есептен жариялануға жататын ақпаратты өзінің интернет-ресурсында орналастыру;

      487-13) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабы 1-тармағының 7) (адвокаттарды қоспағанда), 13), 15) және 16) тармақшаларында көрсетілген қаржы мониторингі субъектілерінің, сондай-ақ бухгалтерлік есепке алу саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын бухгалтерлік ұйымдардың және кәсіби бухгалтерлердің Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру және бұл туралы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына хабардар ету;".

      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы 2020 жылғы 15 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады