Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидаларын және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандардың тізбесін бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 9 қаулысы.

      "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы бірінші бөлігінің 24-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      1. Мыналар:

      1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары;

      2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтардың және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (келісу бойынша), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (келісу бойынша), облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 15 қаңтардағы
№ 9 қаулысына
1-қосымша

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтарды және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандарды белгілеу тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың оқ-дәрілер арсеналдары, базалары мен қоймалары (бұдан әрі – сақтау объектілері) –зымыран-артиллериялық қару-жараққа, броньды танк техникасына оқ-дәрілер, инженерлік оқ-дәрілер, сондай-ақ авиациялық зақымдау құралдары мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс зымырандары ұсталатын объектілер.

      Сақтау объектілері мынадай түрлерге бөлінеді:

      арсенал – 2 500 шартты вагоннан астам оқ-дәрі ұсталатын сақтау объектісі;

      база – 500-ден бастап 2 499 шартты вагонға дейін оқ-дәрі ұсталатын сақтау объектісі;

      қойма – 20-дан 499 шартты вагонға дейін оқ-дәрі ұсталатын сақтау объектісі.

      Осы Қағидалар 20 шартты вагоннан аз атыс қаруына патрондар, қол гранаталары, гранатаатқыштарға және зениттік қару-жараққа оқ-дәрілер, сондай-ақ калибрі 57 миллиметрге дейінгі оқ-дәрі ұсталатын сақтау объектілеріне қолданылмайды;

      2) шартты вагон – оқ-дәрілерді жеткізуді және сақтауды есепке алудың оқ-дәрілер көлемін білдіретін 20 тоннаға тең бірлігі;

      3) сақтау орны – оқ-дәрілерді сақтауға арналған құрылыс конструкциясы (сақтау орны) немесе арнайы жабдықталған ашық алаң;

      4) қорғаныш қалқаны – қоршаған топырақ үйіндісі, жасанды топырақ үйіндісі, қорғаныс құрылысы, ол топырақ үйіндісі жоқ ішкі қоршау жағынан техникалық аумақ ішіне орнатылады және жарылғыш заттардың детонациясы болған жағдайда олардың зақымдау қабілетін төмендету, сондай-ақ күзетілетін периметр жағынан оқ атудан бүркемелеуді қамтамасыз етуге арналған;

      5) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналы, базасы мен қоймасы жанындағы тыйым салынған аймақ (бұдан әрі – тыйым салынған аймақ) және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналы, базасы мен қоймасы жанындағы тыйым салынған аудан (бұдан әрі – тыйым салынған аудан) шегі – тыйым салынған аймақ және тыйым салынған аудан (құрлық, су, жер қойнауы, әуе кеңістігі) аумағының шегін айқындайтын сызықтар мен олар бойынша өтетін тік жолақтар;

      6) есеп – мемлекеттік органдардың бірінші басыларымен және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі бекіткен оқ-дәрілер қорының адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсері бойынша арақашықтықты және жарықшақтардың шашырау көрсеткіштерін есептеу алгоритмі.

2-тарау. Тыйым салынған аймақтарды және тыйым салынған аудандарды белгілеу тәртібі

      3. Сақтау объектілерінің айналасында тыйым салынған аймақ пен тыйым салынған ауданның шекарасы айқындалады.

      4. Тыйым салынған аймақтың шекарасы сақтау объектісінің сыртқы қоршауынан 400 метр қашықтықта болады. Жабдықталған қорғаныш қалқаны болған кезде тыйым салынған аймақ шегі екі есе азайтылады.

      5. Пайдаланылатын сақтау объектілері үшін тыйым салынған аудан шекарасы "Адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсер етуі бойынша арақашықтықты, жарылғыш зат массасын және жарықшақтардың жан-жаққа ұшу көрсеткішін есептеу алгоритмін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2021 жылғы 12 ақпандағы № 78 бұйрығына сәйкес соққы толқыны, оқ-дәрілер жарықшақтарының және олардың фрагменттерінің шашырауы түріндегі зақымдау факторларының әсерінен қауіпсіздікті қамтамасыз ету ескеріліп есептеледі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      6. Жаңадан салынып жатқан және реконструкцияланатын сақтау объектілері үшін тыйым салынған аймақтың және тыйым салынған ауданның ені Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамаға сәйкес айқындалады.

      7. Еңсерілмейтін мән-жайлар туындаған жағдайларда (тыйым салынған аудандардың шекарасына стратегиялық объектілердің немесе елді мекендердің кіруі, заңнаманың өзгеруі) Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етуді ескере отырып, сақталатын оқ-дәрілер мөлшерін және/немесе номенклатурасын қысқарту арқылы қолданыстағы сақтау объектілері бойынша тыйым салынған аудандардың енін азайтуға жол беріледі.

      8. Осы Қағидалар қолданысқа енгізілгеннен кейін үш ай мерзімде әскери бөлімнің қолбасшылығы:

      1) әрбір сақтау орнына арнап жарылғыш зат (бұдан әрі – ЖЗ) бойынша оқ-дәрілердің сақталатын қорының адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсері бойынша арақашықтықтың есебі көрсетілген жоспарды әзірлейді және бекітеді;

      2) А3 форматындағы сақтау объектісінің схемасына ЖЗ ең көп сақталатын сақтау орны бойынша оқ-дәрілер және олардың фрагменттері ықтимал жарылған кездегі зақым келетін аймақты түсіреді;

      3) жоспарды және схеманы кейіннен келісу үшін оларды қағаз және электрондық жеткізгіштерде үш данада ведомстволық бағыныстылаққа байланысты тиісінше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне жолдайды.

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі жоспарды және схеманы алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды келісу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарына жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары 10 (он) жұмыс күні ішінде әрбір сақтау орнына жарылғыш зат бойынша оқ-дәрілердің сақталатын қорының адамға, ғимаратқа және құрылысқа соққы толқынының әсер етуі бойынша арақашықтықтың есебі ескерілген жоспарды және схеманы келіседі және тыйым салынған аймақтың және тыйым салынған ауданның шекарасын бекіту туралы қаулы шығарады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы келісілген сәттен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізуді қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10-1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекарасы туралы мәліметтерді мемлекеттік жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізгеннен кейін күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде олардың шегінде орналасқан жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін мәжбүрлеп иеліктен шығаруға бастама жасайды.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      11. Тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың жоспары мен схемасы келісілгеннен кейін әскери бөлімнің қолбасшылығы жергілікті жерде тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандардың шекараларын көрнекі белгімен белгілейді, онда мемлекеттік және орыс тілдерінде "Тыйым салынған аймақ. Өтуге (көлікпен өтуге) тыйым салынған (жабық)", "Тыйым салынған аудан. Өтуге (көлікпен өтуге) шектеу қойылған" деген жазу (сары фонда ені 2 сантиметр қызыл жиегі бар көлемі 40 × 60 сантиметр, әріптердің биіктігі 5 сантиметр) болады. Белгілер есепте белгіленген шекаралардың периметрі бойынша орнатылады:

      1) тыйым салынған аймақтар кемінде 300 метр;

      2) тыйым салынған аудандарда 500 метр.

      12. Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің қолбасшылықтары тыйым салынған аймақтар мен тыйым салынған аудандардың шекаралары туралы мәліметтердің мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізілген туралы жергілікті атқарушы органның жауабын алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне хабарламалар жібереді.

      13. Сақтау объектілерінде, сақтау объектілерінің жанындағы тыйым салынған аймақтарда және тыйым салынған аудандарда табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде халықты, ғимараттар мен құрылыстарды қорғауды, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету мақсатында әскери бөлімнің қолбасшылығы алдын ала әзірленген және заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген хабардар ету және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерімен бірлескен іс-қимылдар жоспарын енгізеді.

      14. Төтенше жағдай туындаған жағдайда сақтау объектілері азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерін және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органын дереу хабардар етеді және бекітілген жоспарға сәйкес іс-шараларды жүзеге асырады.

      Жоспарды практикалық пысықтауды сақтау объектілері және азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері жылына кемінде бір рет жүргізеді.

      15. Тыйым салынған аймақтар және тыйым салынған аудандар аумақтарының шекараларын нақтылау, аумағында сақтау объектілері жанындағы тыйым салынған аймақтар және тыйым салынған аудандар белгіленген жер учаскелерін мемлекет мұқтажы үшін иеліктен шығару Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Сақтау объектілерінің қайта бейімделуі немесе олардың осындай шектерді белгілеу үшін негіз болған сипаттамаларының өзгеруі, сондай-ақ сақтау объектісі көшірілген немесе таратылған кезде тыйым салынған аймақтар және тыйым салынған аудандар шекаралары талаптарының қолданылуын тоқтату тыйым салынған аймақтардың және тыйым салынған аудандардың шекараларын нақтылау туралы шешімдер қабылдауға негіз болып табылады.

  Қазақстан Республикасы
  Үкіметінің
  2021 жылғы 15 қаңтардағы
  № 9 қаулысына
  2-қосымша

Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аймақтар және Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың арсеналдары, базалары мен қоймалары жанындағы тыйым салынған аудандар тізбесі

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Р/с №

Атауы

Орналасқан жері

1

2

3

1.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "44859 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Арыс қаласы, Дермене ауылдық округі, Орманды ауылы, Сабыр Рахымов көшесі, 27-құрылыс, пошталық индексі 160100

2.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "03876 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы, Орта Дересін ауылдық округі, пошталық индексі 100300

3.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "31765 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Балқаш қаласы, Парковая көшесі, 9-құрылыс, пошталық индексі 100300

4.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "18405 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Приозерск қаласы, Кеңес Армиясы бульвары, 13-үй, пошталық индексі 101100

5.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "31775 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Октябрь ауданы, Винницкая көшесі, 50, пошталық индексі 100029

6.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "27943 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Ново-Ахмирово ауылы, № 1 әскери қалашық, 17-үй, пошталық индексі 000070

7.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "30217 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Батыс өнеркәсіп торабы, 1-ші әскери қалашық, пошталық индексі 071400

8.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "10810 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз қаласы, Оңтүстік әскери қалашық, пошталық индексі 070202

9.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "40398 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Үшарал қаласы, пошталық индексі 040200

10.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "47007 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Жарма ауданы, Жаңғызтөбе кенті, пошталық индексі 060607

11.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "15701 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз ауданы, Аягөз қаласы, Алматы –Өскемен тасжолы, 1/3-ғимарат, пошталық индексі 070200

12.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "41446 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Аягөз қаласы, пошталық индексі 070200

13.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "32363 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, екінші желі, пошталық индексі 040800

14.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "18404 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі, 1-құрылыс, пошталық индексі 040013

15.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "12740 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі, Сарыөзек ауылы, № 102 учаске, № 8 әскери қалашық, 14-құрылыс, пошталық индексі 041100

16.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "29108 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Сарыөзек ауылдық округі, Сарыөзек ауылы, № 102 учаске, № 8 әскери қалашық, 14-құрылыс, пошталық индексі 041100

17.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "74261 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Панфилов ауданы, Жаркент қаласы, Головацкий көшесі, 2, пошталық индексі 041300

18.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "62064 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, пошталық индексі 040800

19.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "44803 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Саран қаласы, 9, пошталық индексі 010120

20.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "21751 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Талдықорған қаласының әуеайлағы, пошталық индексі 040500

21.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "55652 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Абай ауданы, әуежай, пошталық индексі 160003

22.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "01852 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жанама ауылдық округі, 3-ші әскери қалашық әскери бөлімі, 1-ғимарат, пошталық индексі 040200

23.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "30153 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, әуежай, пошталық индексі 130000

24.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "50185 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара кенті, Сарыарқа әуежайы, пошталық индексі 100009

25.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "64207 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, Луговой ауылы, пошталық индексі 080913

26.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "55078 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, есептік орам 050, 65-құрылыс, пошталық индексі 041000

27.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "65229 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Жетіген ауылы, пошталық индексі 040714

28.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "21742 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылы, пошталық индексі 080423

29.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "28349 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Қайнар разъезі, пошталық индексі 080100

30.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "35748 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Сәуле ықшам ауданы, 11/41, пошталық индексі 160000

31.

Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 27.04.2023 № 331 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

32.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "85395 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 166, пошталық индексі 080006

33.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "11971 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Меркі ауданы, Меркі ауылы, Сарымолдаев көшесі, 123-үй, пошталық индексі 080500

34.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "03811 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Т. Рысқұлов ауданы, Луговая станциясы, әскери қалашық, пошталық индексі 080913

35.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "66597 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Ж. Махамбетов ауылы, Жаңадария көшесі, 32, пошталық индексі 120013

36.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Құрлық әскерлерінің Әскери институты" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Алматы қаласы, Іле ауданы, Қараой тоғайы, Құрлық әскерлері Әскери институтының оқу-жаттығу орталығы

37.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "30212 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск қала үлгісіндегі кенті, пошталық индексі 080409

38.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "68665 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Алматы ауданы, Теміржол тұрғын алабы, Шалқар көшесі, 9/3-үй, пошталық индексі 010000

39.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "48386 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жетісу облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылдық округі, 1-құрылыс, пошталық индексі 040013

40.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "30238 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Есет батыр көшесі, 41, пошталық индексі 030007

41.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "41433 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Ғ. Берғалиев көшесі, 55А үй, № 4 қойма, пошталық индексі 060006

42.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "99116 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылы, № 11 әскери қалашық, пошталық индексі 130100

43.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "75488  әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, "Ару-Ана" шаруа қожалығы, № 64 ғимарат, пошталық индексі 130000

44.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "91678 әскери бөлімі" республикалық мемлекеттік мекемесі

Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Бауыржан Момышұлы ауылы, әскери қалашық, пошталық индексі 080300

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады