«Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 қаулысы

ҚAУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮAЖ-ы, 2017 ж., № 19, 140-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларында:
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары көші-қон процестерін басқаруды және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді, оларды тиісті жергілікті өкілді органдар бекітеді.»;
      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.»;
      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:
      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);
      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);
      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.
      7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.
      8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.».
     2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                                               A. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады