Дәрілік заттарды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшерін айқындау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шiлдедегi № 498 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 731 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2 т. қараңыз

      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 11-3) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Дәрілік заттарды таңбалауда қолданылатын бақылау (сәйкестендіру) белгісі, сәйкестендіру құралы құнының шекті мөлшері бір бірлігі үшін қосылған құн салығынсыз 2,40 теңге мөлшерінде айқындалсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә. Смайылов

Об определении предельного размера стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке лекарственных средств

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 июля 2022 года № 498. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2023 года № 731.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 29.08.2023 № 731 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание ИЗПИ!
Порядок введения в действие см. п.2

      В соответствии с подпунктом 11-3) статьи 6 Закона Республики Казахстан "О регулировании торговой деятельности" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Определить предельный размер стоимости контрольного (идентификационного) знака, средства идентификации, применяемых в маркировке лекарственных средств в размере 2,40 тенге за единицу без налога на добавленную стоимость.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении шестидесяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Смаилов