Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату және жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түрімен ауыстыру туралы заңды қолданудағы республика соттарының тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1968 жылғы 12 наурыз N 2, Пленумның 1971-жылғы 28-желтоқсандағы N 11 және 1984-жылғы 29-маусымдағы N 4 қаулыларымен енгізілген өзгертулер мен толықтыруларымен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2001.12.13. N 20 қаулысымен. ~P01020s


      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы сотталғандарды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі істерді дұрыс қарайтынын атап көрсетеді.
      Соған қарамастан бұл санаттағы істерді қарауда республика соттарының жұмысында елеулі кемшіліктер мен заңды бұрмалаушылықтар кездесіп келеді.
      Соттар іс материалдарының сапалы және толық болуына әркез тиісті талаптар қоймайды, еңбек-түзеу мекемелері мен байқау комиссияларының ұсыныстарында сотталған адамдардың жеке басын сипаттайтын деректер мен дәлелдердің, оның түзелгендігі туралы жасалған қорытындының толық еместігіне назар аудармайды.
      Жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы істі қарағанда заң талаптарына (ҚК-тің 46 және 47-баптары) қайшы келсе де, соттар сотталған адамның еңбек ету мен оқуға шын мәнінде адал қарайтындығы, оның тәртібінің үлгілі екендігі, түзелгендігін дәлелдейтін мәселелердің негізін ашып алуға тиісті шаралар қолданбайды.
      Оның түзелгендігі туралы қорытынды заңда көрсетілген жаза бөлігін өтеу фактілеріне, белгіленген тәртіпті және т.б. бұзғаны үшін сөгісінің жоқтығына сүйеніп қана жұмсалады. Соның салдарынан кейде бас бостандығынан айыру орындарынан өзінің түзелгендігін дәлелдемеген адамдар босатылып жіберіледі, олардың кейбіреулері қайтадан қылмыс жасайды.
      Кейбір жағдайда соттар істі қарауға қабылдап алып, ҚК-тің 46-1-бабына сәйкес мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға жатпайтын адамдарды мерзімінен бұрын жазадан босатып жібереді.
      Мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды дұрыс қолданбаумен қатар, өзінің түзелгенін дәлелдеп, заңда көрсетілген жаза бөлігін өтеп шықса да, тәжірибеде сотталғандарды негізсізден босатпай тастау да кездеседі.
      Сот тәжірибесінде заңда көрсетілмеген негіз бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудан бас тартатын жағдайлар да ұшырасады. Целиноград облысы Қорғалжын ауданының, Павлодар, Гурьев, Семей қалаларының соттары сотталғандарды жазадан шартты түрде босатудан бас тарта отырып, өздерінің ұйғарымдарында тағайындалған жазаның жеңілдігіне, жасалған қылмыс зардабының ауырлығына, бас бостандығынан айыру орындарында аз болғанына, мас күйінде топ болып қылмыс жасағанына, сотталған адамның мойындамағанына және т.т. сілтеме жасаған.
      Кей жағдайда соттар ҚІЖК-нің 354-бабының талаптарына қарамастан, бірінші ұсынысты қайтарып жібергеніне алты ай өтпегеніне қарамастан мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөніндегі екінші ұсынысты қараған (Пленумның 1984-жылғы 29-маусымдағы N 4 қаулысының абзацы).
      Мерзімінен бұрын шартты түрде босату жөніндегі істерді соттар үнемі ойластырып, кәсіби шешпейді, іс жүргізу төмен деңгейде өтеді, істі жүргізу барысында сабақтастық сақталмайды.
      Іс жүргізудегі қарабайырлық фактілері біржолата жойылмай келеді. Кейбір халық соттары бір мәжілісте шартты түрде мерзімінен бұрын босату жөніндегі 30-40-істі қарайды, оның өзі оларды қараудың сапасына кері әсерін тигізуде.
      Көп іс бойынша сот мәжілісінің хаттамалары ұқыпсыз жасалады. Онда сот ісін жүргізу барысы, сотталғандардың және сотқа шақырылған басқа да адамдардың түсініктері толық көрсетілмейді, іс бойынша дұрыс шешім қабылдауға қажетті көптеген мәні бар мәселелер ұмыт қалып қояды, мұның өзі ұйғарымның негізділігіне көбіне күдік туғызады.
      Ұйғарымдар да күткендегідей жасалмайды. Оларда босату дәлелдері мен негіздері кей кезде жан-жақты жазылмайды, сотталғандарды босатуға тиісті жазаның өтелмеген мерзімі, басқа да деректер көрсетілмейді.
      Қызылорда қалалық, Целиноград облысы Қорғалжын ауданының, Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданының соттары кейбір істер бойынша ҚІЖК-нің 359-бабына сәйкес кассациялық шағымға жатпаса да өздерінің ұйғарымдарында 7 күн мерзім ішінде қайта шағымдануға болады деп көрсеткен.
      Босатылғандар жазаның өтелмеген мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасаған жағдайда оның ҚК-тің 46-бабының 10-бөлігінде және 47-бабының 9-бөлігінде көрсетілген зардаптары шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдарға кей кез түсіндірілмейді (Пленумның 1984-жылғы 29-маусымдағы N 4 қаулысы редакциясының абзацы).
      Сотталғандарды босату жөніндегі ұйғарымдар көшірмесі кейбір істер бойынша үкім шығарған соттарға, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандары өз бақылауына алған ұжымдарға жіберілмейді.
      Бұл санаттағы істерді қарау жөніндегі халық соттарының жұмысына көптеген облыстық соттар тарапынан қамқорлық жасау нашарлап кеткен, бұл мәселелер жөніндегі КСРО Жоғарғы Соты Пленумының нұсқаулары мен заң талаптарының орындалуы тексерілмейді, кемшіліктерді жоюды халық соттарына жете іскер көмек көрсетілмейді.
      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы
      Қаулы етеді:
      1. Республика соттарының назары сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы заңды қолдануда жіберіліп отырған елеулі кемшіліктерге аударылсын және олардан ҚК-тің 46, 46-1, 47-баптарының талаптарын дәл және бұлжытпай орындау талап етілсін.
      (Пленумның 1971-жылғы 28-желтоқсандағы N 11 қаулысының редакциясы).
      2. Соттар істі қарағанда, заңның мәні бойынша (ҚК-тің 46 және 47-баптары), егер сотталған адам түзелгенін дәлелдесе ғана оған заңда көрсетілген жаза мерзімінің бөлігі өтелгеннен соң босатуға болатынын ескеруі қажет.
      Сондықтан да соттар сотталған адам шартты түрде мерзімінен босатуға жата ма, жатпай ма, жазаның заңда көрсетілген бөлігін өтеді ме, өтемеді ме деген мәселені ғана еңбекке деген көзқарасын және оның түзелмегендігін дәлелдейтін басқа да мәліметтерді мұқият зерттеуі тиіс.
      3. Соттар өз тәжірибесінде қасақана тәртіп бұзушыларды негізсізден босатуды, өзінің түзелгендігін дәлелдейтін, яки заңда көрсетілмеген негіздер бойынша сотталғандарды босатудан бас тарту, сондай-ақ ҚК-тің 354-бабының 5-бөлігінде көрсетілгендей, сотталған адамға түзелгендігі дәлелденбеуі себепті алғашқы ұсыныс қайтарылғаннан соң алты ай өтпестен оны қайта қарау фактілерін болдырмауға тиіс (Пленумның 1984 жылғы 29-маусымдағы N 4 қаулысының редакциясы).
      4. Соттар тиісті сот құжаттарын толтыруды қамтамасыз етуі қажет. Заңға сәйкес сот мәжілісінің хаттамасында сот мәжілісінің барлық өту барысы көрсетілуге, сот құрамы мен іс жүргізуге қатысушылардың бүкіл жұмысы, сотқа шақырылған барлық адамдардың дәлелдері және сотталған адамды босату туралы ұсыныс жасағандардың түсініктері толық жазылуға тиіс.
      Сотталған адамды босату немесе одан бас тарту туралы әрбір ұйғарымды судьяның бірі жазып, заңға сәйкес толтыруы тиіс. Онда сотталған адамды сипаттайтын деректер мен соттың сотталған адамды босату қажеттігі немесе босатудан бас тарту туралы шешімінің негізді дәлелдері жазылуға, жазаның өтелмеген мерзімінің бөлігі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
      5. Соттар сотталған адам өтелмеген жаза мерзімі ішінде жаңадан қылмыс жасаған жағдайда ҚК-тің 46-бабының 10-бөлігінде және 47-бабының 9-бөлігінде көрсетілген зардапты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарға түсіндіретін болсын (Пленумның 1984-жылғы 29-маусымдағы N 4 Қаулысының редакциясы).
      6. Соттар шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандарды бақылауды өз міндетіне алуға және оларды жазаның өтелмеген бөлігі ішінде тәрбие жұмыстарын жүргізуге тілек білдірген ұжымдар мен адамдарға беруді істе кеңінен қолдануы тиіс. Келісім жазбаша түрде: ұжым үшін - жалпы жиналыстың хаттамасы немесе өкілетті органның (жергілікті комитет, комсомол комитеті, басқарма, т.б.) шешімі түрінде, азаматтар үшін - шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғандардың тәртібіне бақылау жасау және олармен тәрбие жұмысын жүргізу туралы міндеттеме түрінде көрсетілуге тиіс.
      7. Шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға болмайтындарға, сондай-ақ жазаның заң талап ететін бөлігінде өтемеген сотталғандарды мерзімінде босату туралы ұсыныс сотта қаралмай-ақ қайтарылатыны соттарға түсіндірілсін.
      8. Облыстық соттар сотталғандарды жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы істі қарау жөніндегі халық соттарының жұмысына бақылауды күшейтсін, соттардың жұмысын жақсартуға бағытталған пәрменді шараларды қолданатын, бұл істер жөніндегі сот тәжірибесін қорыта отырып, кездескен кемшіліктерді жоятын, іскер көмек көрсете отырып, олардың жұмысын тексеретін болсын.

      Оқыған:
           (Қасымбеков Б.А.)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады