Тұтынушыларды және тапсырыс берушілерді өлшеуден, есептен жеу және басқадай алдау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1984 жылғы 21 қыркүйек N 9, Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 22 желтоқсандағы N 27 Нормативтік қаулысымен.

      Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумы
      Қаулы етеді:
      1. Соттардың назары аталған кемшіліктерді жою қажеттілігіне және тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау туралы істерді қарау жөніндегі сот қызметін одан әрі жақсартуға аударылсын.
      2. Соттар жасалған қылмыстарды, оның мақсаттары мен себептерін толық және жан-жақты зерттеу және барлық айыпты адамдарды анықтау және жауапқа тарту тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдаумен күрестің тиімділігін арттыруға жағдай тудыратынын ескере отырып, заңдарды және КСРО Жоғарғы Сотының 1975-жылғы 14-наурыздағы Пленумының "Тұтынушыларды және тапсырыс берушілерді алдау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 2 қаулысының басшылыққа алатын түсініктемелерді дұрыс қолдануды қамтамасыз етсін.
      3. Соттарға жазаның даралығы жөніндегі ҚК-тің 34-бабының талаптарын қатаң сақтаудың қажеттілігі атап көрсетілсін, тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдын-ала бір топ адам болып немесе көп мөлшерде алдауды жүзеге асырған адамдарға жеңілдік жасалмасын.
      Тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдаған айыптыларға жаза ретінде бас еркінен айырусыз түзеу жұмыстарын жұмыс істейтін жерінде өтеуді тағайындаудың негізсіз фактілері жойылсын.
      4. Соттар әрбір жағдайда тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдауда айыпталған Қазақстан Республикасы Пленумының 1993-жылғы 24-маусымдағы "Соттардың жаза тағайындау кезіндегі заңдарды сақтауы туралы" N 2 қаулысының 18 тармағындағы ҚК-тің 166-бабының 1 бөлігі бойынша түзеу жұмыстарына немесе айып салуға сәйкес болған жағдайда, соттың осы адамдарға үкімде қабылданған шешім себептерін көрсете отырып, белгілі бір лауазымдық қызметті немесе жұмысты иемдену құқынан айыру түрінде қосымша жаза тағайындауға қақысы бар деген түсініктемелерді басшылыққа ала отырып, ҚК-тің 26-бабы көздеген қосымша жаза қолдану туралы мәселені талқылауы тиіс.
      Мұндайда соттардың халыққа қызмет көрсетіп жүрген және адамдарды есептен жеп айыпталған жүргізушілерге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру түрінде қосымша жаза қолдануға қақысы жоқ, өйткені олар жасаған қылмыс жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзумен байланысты емес. Мұндай жағдайда сауда кәсіпорындарында, қоғамдық тамақтандыруда, халыққа тұрмыстық және коммуналдық шаруашылық қызметін көрсету кәсіпорындарында лауазымды қызметті иемдену құқығын алып тастау түрінде қосымша жаза қолдану туралы мәселе талқылануы тиіс.
      5. Соттарға:
      а) сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық және газ шаруашылығының кез-келген қызметкері егер олар өлшеуден, таразыдан жесе, бөлшек баға есебінен, сондай-ақ тұрмыстық, коммуналдық қызмет бағасы мен тарифтерін асыра қойса немесе азаматтарды тауар сату немесе қызмет көрсетуде алдаса ҚК-тің 166-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік субъектісі болатынын түсіндіру керек.
      Бөлшек сауда жүйесі қызметкерінің өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденуге бағытталып жасалған алдау әрекетін оған сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін алаяқтық жолмен ұрлау ретінде саралау керек. (Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысының редакциясында);
      б) заңның мәні бойынша, егер алдыңғы қылмысты жасаған мерзімнен бері қылмыстық жауапқа тартудың белгіленген өту мерзімі бітпесе, егер айыпты осы қылмысы үшін сотталса, сотталғандығы алынып тасталмаса немесе белгіленген заң тәртібі бойынша одан арылмаған жағдайда екі немесе одан көп тұтынушы мен тапсырыс берушіні алдауды бірнеше рет жасаған деп түсіну керек;
      в) шығынды жасыру немесе сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену мақсатымен тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау ҚК-тің 76-4 және 166-баптарымен белгіленген қылмыс жиынтығын құрайды.
      Тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді алдау нәтижесінде құралған артық нәрселерді алу, егер іс жағдайына қарай сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденуге бағытталған пиғыл анықталмаса, жымқырушылық ретінде қарастырылмайды (Пленумның 1996-жылғы 20-желтоқсандағы N 11 қаулысының редакциясында);
      г) айыптының әрекетінен өзіне қатыссыз себептермен толық көлемде жүзеге асырылмаған ірі мөлшерде алдауға оқталғандық ретінде саралануы тиіс.
      6. Соттар тұтынушылар мен тапсырыс берушілерді ескерту жөніндегі қызметті жандандыруы тиіс, істерді қарау кезінде қылмысты жасауға жағдай тудырған жағдайларға сергек қарауы керек. Жеке ұйғаруларды орындауға бақылау күшейтілсін.
      Соттарға қажетті кездерде осы санаттағы істерді қоғамдық ұйымдар мен еңбек ұжымдарының өкілдерін қатыстыра отырып жылжымалы сот мәжілістерінде қарау ұсынылсын.
      7. Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы, облыстық, Алматы қалалық соттары аталған санаттағы істер жөніндегі сот тәжірибесін жүйелі түрде қорытындылап отырсын және аталған істерді қарау бойынша анықталған кемшіліктерді жою шаралары қабылдансын. 8. Осы қаулының қабылдануына байланысты Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1968-жылғы 12-маусымдағы "Тұтынушыларды және тапсырыс берушілерді өлшеуден, таразыдан, есептен жеу және басқа алдау туралы істер жөніндегі сот тәжірибесі туралы" N 3 қаулысы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1978-жылғы 22-маусымдағы Пленумының N 3 қаулысы, Қазақ КСР Жоғарғы Сотының 1978-жылғы 22-маусымдағы Пленумының N 13 қаулысы енгізген өзгертулері және толықтыруларымен қоса күшін жойды деп танылсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады