Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумы 1986 жылғы 10 қазан N 18, Пленумның 1987 жылғы 2 қазандағы N 11 қаулысымен енгізілген өзгерістерімен бірге. Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2001.12.13. N 21 қаулысымен. ~P01021s

      Азаматтық істерді қарау практикасын талдап қорытуда республика соттарының істі қарауға әзірлеу жұмысында едәуір кемшіліктер бар екенін дәлелдейді. Көптеген істерге мұндай әзірлік жүргізілмеуде. Дауды шешерден бұрын судьялар істі сот мәжілісінде қарауға тағайындағанда кей жағдайларда талаптың негізін немесе талаптың өзін, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын анықтамай және істі шешуге қажет дәлелдемелерді сұратып алмайды. Істі сотта қарауға әзірлеу туралы ұйғарулар көбінесе шығарылмайды, ал кейбір соттар оларды немқұрайды (формально) шығарады, істің шынайы мән-жайын және тараптардың праволары мен міндеттерін жан-жақты толық әрі әділетті түрде айқындау үшін қажет нақтылы әрекеттер көрсетілмейді.
      Істі тиісті тәртіп бойынша әзірлемеу бірқатар жағдайда дауды алғашқы-ақ сот мәжілісінде шешуге мүмкіндік бермейді, істерді қарау кейінге қалдырылып, оларды қарау мерзімі бұзылады, ал кейде заңсыз және дәлелсіз шешімдер қабылданады.
      Сот жұмысындағы бұл көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында Қазақ ССР Жоғарғы Соты Пленумы қаулы етеді:
      1. Азаматтық істерді сотта қарауға әзірлеу азаматтық процестің өзіндік дербес және міндетті сатысы, оның мақсаты істің уақытымен әрі дұрыс шешілуін қамтамасыз ететіндігіне соттардың назары аударылсын. Судья істі сотта қарауға әзірлеу әрекетін АІЖК-нің 142-бабына сәйкес арызды соттың өндірісіне қабылданғаннан кейін жүргізеді.
      2. Істерді сотта қарауға әзірлік жүргізудің мақсаты мынада екендігі соттарға түсіндірілсін:
      а) білдірілген талаптың сипатын, тараптардың талаптары мен қарсылықтарын негіздейтін фактілер, сондай-ақ істі дұрыс шешуде маңызы бар басқа да фактілерді анықтау;
      б) тараптардың заңға байланысты қатынастарын және осы қатынастарды реттейтін заңды анықтау;
      в) іске қатыстыруға мүмкін болатын адамдар құрамы мәселесін шешу;
      г) істі шешуге қажетті дәлелдемелер көлемін және олардың уақытында ұсынылуын қамтамасыз етуді анықтау.
      3. АІЖК-нің 142-бабына сәйкес судья сотта істі қарауға әзірлік туралы ұйғарым шығаруға міндетті. Ұйғарымда істі сот мәжілісінде қарауға дейін орындалуы қажетті, нақты әрекеттер көрсетілуі тиіс. Соттың шешімі немесе ұйғарымы бұзылып, істі бірінші инстанцияда қайтадан қарауға жібергенде, егер оған қосымша әзірлік жүргізу қажет болған жағдайда да осындай ұйғару шығарылуы керек.
      Істі сотта қарауға әзірлеу барысында судья кемшіліктер байқайтын болса, ол оларды дереу толықтыру үшін қосымша әрекеттер жасап, тағы да ұйғарым шығаруы керек.
      Сотта істі қарауға әзірлік жөніндегі ұйғарым, сондай-ақ әзірлеуге байланысты шығарылған басқа да ұйғарымдарға шағым арыз берілмейді, өйткені, бұлар істің әрі қарай жүру мүмкіндігіне кедергі болмайды (АІЖК-нің 316-бабы), ал заңда көрсетілген шағым арыз беруге болатын ұйғарымдарға, атап айтқанда, талаптың орындалуын қамтамасыз ету, дәлелдемелерді қамтамасыз ету, арызды алмау туралы ұйғарымдарға жеке шағым және наразылық берулеріне болады (АІЖК-нің 56, 140 статьялары).
      Сотта істі қарауға әзірлік жүргізу мерзімі заңда көрсетілген (АІЖК-інің 106 ст.). Істі әзірлеу арызды қабылдаған күрделі істер бойынша судья әзірлеу мерзімін дәлелді ұйғарымымен жиырма күнге дейін ұзартуға праволы.
      4. Істің мән-жайын әбден толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін судья АІЖК-нің 142-бабына сәйкес іске қатысушы тараптарға олардың АІЖК-нің 23-бабында белгіленгендей праволары мен міндеттерін түсіндіруі керек, өйткені, сотта істі қарауға әзірлеу кезінде олар осы праволарды және міндеттерін пайдаланады.
      5. Сотта істі қарауға әзірлегенде, судья талапкердің осы немесе басқа жауапкерлерге өзара байланысты талаптары бары-жоғын анықтауға міндетті. Егер мұндай бірнеше талаптар болатын болса, судья оларды бөліп немесе бірге қарауға қосу мүмкіндігі мәселесін қарауға тиісті (АІЖК-нің 128-бабы).
      Бірнеше талаптарды бірге қосып қарау талаптардың түріне, олардың өзара және жалпы дәлелдемелері болуына байланысты барлық дау мәселелерін тезірек және дұрыс шешуге мүмкіндік беретін жағдайда орын алуы мүмкін.
      Талаптарды бөлек қарау орынды болады, егер процесті қиындатпаса және біріктірілген бір немесе бірнеше талапқа қатысы жоқ адамдарды шақырып алуды қажет етпейтін болса. Талаптарды біріктіру немесе бөлу судьяның жеке ұйғарымымен жасалуға тиісті.
      6. Жауапкердің талапқа қарсы еске алатындай қарсылық мәліметтері болатын болса, сотта іс қарауға әзірлік барысында оны судья шақырып алуы қажет.
      Жауапкермен әңгімелесуде, оның қарсылықтарының мәнін анықтау іске маңызы бар дәлелдемелерді дәлелдеуге және сұратып алуға мүмкіндік береді. Бұл арада жауапкерге алғашқы қойылған талаппен бірге, қаралатын қарсы талап қоюға оның праволы екенін түсіндіру қажет (АІЖК-нің 31-бабы).
      АІЖК-нің 132-бабында көрсетілген жағдай жоқтығына сүйеніп, қарсы талапты қабылдамау ұйғарымына шағым арыз беруге жатпайды, өйткені, ол өз алдына жеке талап қоюға кедергі болмайды.
      7. Даулы қарым-қатынастардың түрін дәлірек анықтауға, істі шешуге маңызды мәні болатын басқа да мәселелерді айқындау үшін судья қажет деп санаса, талапкерді және жауапкерді өзіне бір мезгілде шақырып алуына болады.
      Судья талаптардан сұрағанда, талапкер мен жауапкердің арасында бітім-келісімге келу мүмкіндігі бар-жоғын анықтауға тиісті. Бітім-келісім жасауға келіскен жағдайда бұл мәселені АІЖК-нің 164 бабына сәйкес сот мәжілісінде шешу керек. Мұндай келісім мүмкіндігі болмайтын болса, тараптарда пайда болған даудың қандай маңызды мәселелерінен келіспеушілік жоқ екенін (мысалы, бөлуге жататын мүлікті бағалауда) анықтау қажет. Сұраған кезде анықталған айқындықтар тараптардың қосымша арыздарымен бекімделеді.
      8. Үшінші жақтарды іске қатыстыру немесе іске кірістіру мәселесін шешуде (АІЖК-нің 142-бабының тармағы) соттардың ескеретін жайы АІЖК-нің 27 бабына сәйкес дербес талаптар қоятын үшінші жақтарды судья іске қатысуға тарта алмайды, қажет деп тапса, олар өз инициативасымен іске кірісуге праволы.
      Дербес талаптар қоймайтын үшінші жақтар судьяның немесе тараптардың инициативасымен талапкер немесе жауапкер жағында іске қатысуға тартылуы мүмкін (АІЖК-нің 28-бабы). АІЖК-нің 29 бабына сәйкес бұрынғы жұмысына қайта алу істеріне үшінші жақтар қатыстырылуына ерекше көңіл бөлу қажет.
      Сотта істі қарауға әзірлегенде, жұмыскерді көріне-көзге заңды бұза жұмыстан шығаруға немесе басқа жұмысқа ауыстыруға жарлық берген сол лауазымды адамды судья жауапкер жағына үшінші жақ ретінде іске қатыстырып, мәселені шешуге міндетті.
      9. Егерде iстi қарауға әзiрлiк үстiнде судья, келтiрiлген шығынның жауапкер ретiнде тартылған қызметкерлердiң кiнәсiнен ғана емес, шаруашылық субъектiсiнiң басқа да лауазымды тұлғасының кiнәсiнен болғандығы туралы мәлiметке ие болса, судья осы лауазымды тұлғаны екiншi жауапкер ретiнде iске тартуы қажет. <*>
       ЕСКЕРТУ. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының
                1998.05.15. N 5 қаулысымен. P98005s_
      10. Прокурордың іске қатысуы туралы мәселені шешуде (АІЖК-нің 142-бабы) еске алынатын жай, прокурор азаматтар мен ұйымдардың маңызды праволарына тиетін дауларды, сондай-ақ қоғамдық үлкен мәні бар күрделі істерді қарағанда қатысқаны орынды. Бұнымен қатар, заңда көрсетілген жағдайда прокурор іске міндетті түрде қатыстырылады.
      11. Судья істі сотта қарағанда, қоғамдық ұйым мен еңбек коллективтері өкілі қатысуы мәселесін (АЖК-нің 142-бабының 6 тармағы), даудың түрі мен қоғамдық маңызына байланысты шешеді. Егер қоғамдық өкілді қатыстыру орынды деп танылса судья тиісті қоғамдық ұйым мен еңбек коллективтеріне пайда болған дау туралы хабарлауға, мұндай хабардың мақсатын және іске қатысуға өкіл тағайындалатын болса оның өкілдігін қандай тәртіппен дайындау керек екенін түсіндіруге тиісті.
      12. АІЖК-інің 142-статьясының 7-тармағына сәйкес судья бар іс туралы және оны қарау уақыты туралы іске қатыстырылмайтын мүдделі мемлекеттік кәсіпорындарына, мекемелерге, ұйымдарға, колхозға, басқа кооперативтік ұйымдарға, немесе азаматқа хабарлауға тиісті.
      Мұндай заңды правосы мен міндеттеріне сот шешімі әсер етуі (мысалы, завод қарамағына жататын тұрғын үйді) тұрғын үйдi пайдалану правосы жөнiндегi азаматтар арасындағы дау туралы/ мүмкiн болатын азаматтар да, сондай-ақ мекемелерде жатады.
      13. Сотта iстi қайрауға әзiрлiк ретiнде дәлелдемелердi жинауда судья сот құрамымен iс қарағанда АIЖК нормаларын, атап айтқанда бұлар дәлелдемелердiң iске керектігi мен iске жататындығы туралы АIЖК-iнiң 51, 52 статьялары, жазба дәлелдемелердi сұратып алу және қарап көру туралы АIЖК-інің 62 және 65 статьялары, айғақты дәлелдердi, оның iшiнде тез бұзылатындарын да сұратып алу және қарау көру туралы АIЖК-iнiң 68 және 71 статьяларын басшылыққа алуға тиiсті.
      Жазба дәлелдемелердi сақтаған жерiнде қарап көру, оның iшiнде тез бұзылатындарын да қарап көруде протокол жазылады.
      Куәлардың жауабы, тараптар табыс ететiн және олардың өтiнiшi бойынша азаматтардан немесе ұйымдардан /АIЖК-iнiң 142 ст. 8, 9 т./ сұратып алған жазба және айғақты дәлелдердiң iске деген маңызы болуын ескере отырып, судья барлық жағдайда тараптарға бұл дәлелдемелерден нақ қандай мән-жай дәлелденетiн көрсетудi ұсынып отыруға тиiстi.
      14. Iстiң дәлелдемелерiн судья мәлiмделiнген талаптардың түрiн және қатынастарды реттейтiн заңды ескере отырып анықтайды. Азаматтық-праволық даулардың әрбiр категориясына дәлелдемелер бар, бұларсыз сотта iс қарауға тағайындалмайды.
      Мұндай дәлелдемелер, мысалы, мыналар:
      а) әкiмшiлiктiң инициативасымен жұмыстан шығарылған адамды бұрынғы жұмысына қайта алу iстерiне мына документтер алдырылуы керек: жұмысқа алу, ауыстыру және жұмыстан шығару туралы бұйрық көшiрмелерi, кәсiподақ комитетi мәжiлiсiнiң протоколы және жұмыстан шығаруға келiсiм бергенi туралы қаулысы (комитеттiң сайланған құрамын және мәжiлiске қатысқан комитет мүшелерiн көрсетсе), талапкердiң орташа табысы туралы және егер лауазымды адам АIЖК-iнiң 29 статьясымен материалдық жауаптылыққа тартылатын болса оның жалақысы туралы анықтамалар, жұмыскерге оның жұмыстан босатылуы туралы бұйрық қолына берiлгенi жөнiнде дәлелдеме.
      Бұл дәлелдемелерден басқа - жұмыстан шығару негізiне байланысты сұратып алуға тиiстi қосымша дәлелдемелер:
      еңбек шартымен немесе iшкi еңбек тәртiбi ережелерiмен өзiне жүктелген мiндеттердi дәлелсiз себептермен ұдайы орындамайтындығы үшiн жұмыстан шығарылған адамды бұрынғы жұмысына қайта алу талаптары бойынша - тәртiптiк немесе қоғамдық жазаға тартылғаны туралы документ /бұйрықтар, жолдастық соттың шешiмi т.б. көшiрмелерi/, сондай-ақ бұл жазаларды беруге негiз болған материалдар /баяндау хаттар, түсiнiктемелер және т.б./;
      жұмыскердiң саны немесе штаттың қысқартылуы себебiнен жұмыстан босатылған адамды бұрынғы жұмысына қайта алу туралы талаптар бойынша - жұмыскердiң штатын немесе санын қысқарту жөнiндегi документтер, штаттық кестеден үзiндi көшiрмелер /шығаруға дейiн және кейiн/, талапкерге өндiрiстiк мiнездеме, ЕТЗК-iнiң 34-статьясына сәйкес оған оны жұмыста қалдыруға право беруi мүмкiн деректер бар материалдар, сондай-ақ талапкердiң басқа жұмысқа ауыстыруды қабыл алмағанын растайтын немесе әкiмшiлiктiң жұмыскердi оның келiсiмiмен басқа жұмысқа ауыстыру мүмкiндiгi жоқ екенiн дәлелдейтiн дәлелдемелер;
      б/ жұмысшылар мен қызметкерлердiң еңбек мiндеттерiн орындау кезiнде кәсiпорындарға, мекемеге, ұйымға тигiзген зияны өтеу туралы талаптарға - жауапкердiң мiндеттi еңбек қызметiн айқындайтын лауазымдық нұсқау, зиян келтiргенi туралы фактыны растайтын дәлелдемелер, оның нақты мөлшерi /бағалау ведомстволары, акттер, счет-фактура және т.б./, жауапкердiң орташа айлық табысы, семья және материалдық жағдайы туралы анықтамалар. Зиянды толық мөлшерде өтеу талаптарға - жауапкердiң өзiне толық материалдық жауаптылық алуы туралы жазба шарты, зиян келтiруде жұмыскердiң iс-әрекетiнде қылмыстық белгi бар екендiгiн дәлелдейтiн үкiмiнiң немесе тергеу органдарының қаулысының көшiрмесi. Коллективтiк /бригадалық/ материалдық жауаптылық жағдайында да бұл туралы шартты және бригада мүшелерiнiң зиянды өтеу жөнiнде жазба есебiн сұратып алу қажет;
      в/ балаларды тәрбиелеуге ата-ананың бiреуiне алып беру немесе баланы қайтарып беру iсiне - балалардың тууы туралы куәлiк көшiрмесi, балаларды тәрбиелеуге талаптанған ата-аналардың тұрғын үй талабының мәнi туралы қорытындысы, ата-аналардың балаларға деген қарым-қатынасын сипаттайтын басқа да жазба деректер /халық сотының, жолдастық соттың, ата-аналық комитетiнiң, жасы толмағандардың iстерi жөнiндегi комиссияның және т.б. шешiмдерiнiң көшiрмелерi/, сондай-ақ ата-аналардың жұмыс орындағы және тұрған жерiндегi тәртiбi;
      г/ <*>
      ЕСКЕРТУ. 14-тармағы өзгерді - ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 1998.05.15.
               N 5 қаулысымен. P98005s_
      15. Сотта iстi қарауға әзiрлегенде судья iске қатысатын адамдардың пiкiрiн ескере отырып экспертиза /сарап/ тағайындау мәселесiн шешуге праволы. Экспертиза тағайындағанда АIЖК-iнiң 73-76 статьяларының талабы ескерiлiп, iске қатысатын адамдарға экспертінің алдына қорытынды берiлуге тиiс сұрақтарды қою правосын түсiндiруi қажет.
      АIЖК-iнiң 73 ст. сәйкес экспертизаның шешуiне ғылым, көркем-өнер, техника және қолөнер кәсiбi салаларынан тек арнайы мағлұматтар қажет ететiн сұрақтарды қою керек. Экспертизаның шешуiне сот қызметi бабымен шешiлуге жататын сұрақтарды қоюға болмайды, мысалы АIЖК-iнiң 29 тарауына сәйкес азаматтың әрекет қабiлеттiлiгi туралы сұрақты сот шешедi, сот-психиатрия экспертизасы оның тек ауруының түр-сипатына ғана қорытынды бередi.
      16. Судья даудың түр-сипатына қарай сотта iстi қарауға әрекет жасағанда тараптардан және iске қатысатын басқа адамдардан /АIЖК-iнiң 19 ст./ егер бұл адамдар ауруға, басқа елдi мекенде тұруына байланысты немесе қандай-да болса басқа себептермен өзi сотқа келе алмайтын болса олардан iске маңызы бар фактiлер туралы жазба түсiнiктемелер сұратып алуға праволы.
      Бiрақ, жазба түсiнiктеме беруден бас тарту немесе олардың белгiленген уақытта сотқа келiп түспеуi iстi сотта қарауға тағайындауға кедергі болмайды.
      17. АIЖК-iнiң 133 ст. сәйкес талаптың орындалуын қамтамасыз ету iстiң барлық жағдайында рұқсат етiледi, демек бұл процессуалдық әрекет сотта iстi қарауға әзiрлеу барысында да орын алуы мүмкiн.
      Талаптың орындалуын қамтамасыз ету туралы шешiм iске қатысты адамдардың өтiнiшi мен немесе судьяның инициативасымен қабылданады. Бұл мәселе жауапкерге және iске қатысатын басқа адамдарға хабарланбай шешiледi. Қабылданған шешiм туралы судья ұйғарым шығарады.
      Талаптың орындалуын қамтамасыз етуде мемлекеттік немесе қоғамдық мүлiкті ысырап қылумен, ұрлаумен және кем шығуымен келтiрiлген зиянның өтелуiне шара қолданылуына ерекше көңiл аудару қажет. Бұл жағдайда жауапкердiң мүлкiне, ақшалай сомасына арест салуға шұғыл шаралар қолдану қажет, сондай-ақ АIЖК-нің 134 ст. көрсетiлгендей талаптың орындалуын қамтамасыз ететiн басқа да шараларды қолдану керек.
      18. Өздерiне қажет дәлелдемелердi келтiру кейiннен мүмкiн болмауы немесе қиынға соғатындығы негiзбен қауіптенген адамдардың арызы бойынша судья дәлелдемелердi қамтамасыз етуге шаралар қолдануы керек. Бұл жағдайда ескерiлетiн жай дәлелдемелердi қамтамасыз ету шаралары тек сот арыз қабылданған соң ғана емес, тiптi iс басқа сотта болған жағдайда да дәлелдемелердi қамтамасыз ететiн шараларды қолдануға болады, өйткенi АIЖК-iнiң 56 және 57 ст. сәйкес дәлелдемелердi қамтамасыз ету туралы арыз процессуалдық әрекет жасалуға тиiстi сотқа берiледi. Бұл жағдайда протоколдар және басқа жинап алынған дәлелдемелер iстi қарайтын сотқа жiберiледi.
      19. Iстi сотта қарау оның барлық қажетті әзiрлеу әрекеттерi орындалып

болғаннан кейiн ғана тағайындалады. Бұнымен қатар судья iстi соттың 
көшпелi мәжiлiсiнде қарау орындылығы мәселесінде шешедi. Судья iстi сотта 
қарауға тағайындағандығы туралы ұйғарым шығаруға тиiстi /АIЖК-iнiң 143 
ст./.
     20. Қазақ ССР Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегі сот 
коллегиясы, облыстық және Алматы қалалық соттары iстердi кассациялық 
ретiнде және қадағалау ретiнде қарағанда олардың сотта iстi қарауға 
әзiрлеуiне көңiл аударсын, АIЖК-iнiң 142 ст. талабын соттардың сөзсiз 
орындауы қамтамасыз етiлсiн.
     
    
     Оқығандар:
     
     Багарова Ж.
     Қасымбеков Б.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады