Соттардың азаматтық істерде және қылмыстық істерде сот шығындарын өндіру жөніндегі заңдарды қолдану тәжірибесі туралы

Күшін жойған

Қаулы Қазақ КСР Жоғарғы Соты Пленумы 1990 жылғы 24 желтоқсан N 8 (Қазақстан Республикасы (Қазақ КСР) Жоғарғы Соты Пленумы қаулыларының жинағы, 1997 ж., 1 том, 17 бет). Күші жойылды - ҚР Жоғарғы Сотының 2006.12.25. N 9 Нормативтік қаулысымен.

      Сот шығындарын өндіру туралы заңдарды қолдану практикасын зерттеу бұл мәселеге республика соттарының тиісті көңіл бөлмейтіндігін көрсетті. Осының нәтижесінде соттардың, анықтау және тергеу органдардың іс жүргізгендегі едәуір шығындары өндірілмей қалады. 
      Кейбір соттар қолданылып отырған заңдарға және СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1963-жылғы N 4 "Азаматтық істерде және қылмыстық істерде сот шығындарын өндіру практикасындағы кемшіліктерді жою туралы" қаулысына (Пленумның 1968-жылғы 21-наурыздағы N 3 және 1986-жылғы N 5 қаулыларымен енгізілген өзгерістеріне) қарамастан талап өтініштерді және кассациялық шағымдарды қабылдағанда мемлекеттік бажды өндірмейді немесе оның мөлшерін дұрыс айырмайды; тараптардың куәлар мен сарапшыларға төлеуге немесе орынды қарауға жұмсалатын шығындарды төлеуге қажет жарналарды алдын ала салуларына әрекеттер қолданбайды; жауапкерден істі қарауға байланысты шығындарды және талапкер төлеуден босатылған мемлекеттік бажды мемлекет кірісіне өндірмейді. Тараптарды сот шығындарын төлеуден негізсіз босату фактілері кездеседі. Көптеген шешімдерде осы шығындардың мөлшерін азайтудың себептері көрсетілмейді. 
      Қылмыстық істерді қарағанда соттар сотталғандардан сот шығындарын өндіруге заңда көрсетілген барлық шараларды қолданбайды және алдын ала тергеуден айыптау қорытындысына сол шығындардың түрі мен мөлшері жөнінде анықтамаларды қосуды талап етпейді. 
      ҚІЖК-нің 291 және 301-статьяларының талаптарын бұзып, соттар үкімде кімге және қаншама мөлшерде сот шығындарын жүктеуге жататынын көрсетпейді және бұл мәселені талқыламайды, кейде оны үлесті емес ортақ ретте өндіреді. 
      Облыстық және Алматы қалалық соттар істерді кассациялық және бақылау тәртібімен қарағанда халық соттарының сот шығындары жөніндегі мәселені қаншалық дұрыс шешкендігін тексермейді және жіберілген қателіктерді заңда көрсетілген жолмен түзетуді талап етпейді. 
      Соттар сот шығындарын өндіру жөніндегі шешімдер мен үкімдерге бақылауды жеткіліксіз жүзеге асырады. 
      Көрсетілген кемшіліктерді жою мақсатында Қазақ ССР Жоғарғы соты Пленумы 
                        Қаулы етеді:  

      1. Соттардың назары сот шығындарын өндіру туралы заңдарды нақ және бұлжытпай орындау қажет екеніне аударылсын. 
      2. Соттар АІЖК-нің 79-статьясына сәйкес азаматтық істерде сот шығындары мемлекеттік баждан және істі қарауға байланысты шығындардан құралатынын ескерулері керек. Мемлекеттік бажбен алғашқы талап өтініші де, қарсы және үшінші адамның өз алдына тілектері мен өтініші де төленуге жатады. 
      АІЖК-нің 86-статьясында және ҚІЖК-нің 80-статьясында істі қараумен байланысты сот шығындарының саны толық көрсетілген, сондықтан ол кеңейтіп талқылауға жатпайды. 
      3. АІЖК-нің 194-статьясына және ҚІЖК-нің 291, 301-статьяларына сәйкес сот шешім, ұйғару немесе үкім қабылдағанда сот шығындары жөнінде мәселені шешіп, оны кімге және қанша мөлшерде жүктелетінін көрсетуі керек. 
      Азаматтық істерді қарағанда бұл жағынан жіберілген қателік жоғары тұрған соттың қосымша шешімімен немесе ұйғаруымен түзетілуі мүмкін. Ал жоғары тұрған сот тек АІЖК-нің 90-статьясының 3-тармағының және 304-статьясының 4-тармағының талаптарын сақтаса ғана сот шығындарын бөліп тарата алады. 
      Егерде сот шығындары туралы мәселе үкім шығарылғанда шешілмеген болса, ол СССР Жоғарғы Соты Пленумының 1963 жылғы 18-наурыздағы қаулысының 11-тармағында берілген түсінікке сәйкес үкім шығарған сотпен ҚІЖК-нің 356-статьясының тәртібімен шешілуге тиіс. 
      4. Соттар АІЖК-нің 80-статьясының және ҚІЖК-нің 82-статьясының талаптарына сәйкес судья немесе сот, прокурор, істі жүргізіп отырған алдын ала тергеу немесе анықтама органдары, азаматтың мүліктік жағдайын ескере отырып, оны сот шығындарын мемлекет кірісіне төлеуден толық немесе жартылай босатуға, шығындарды бюджеттің есебіне апаруға праволы екенін ескерулері керек. Шығындарды мемлекет есебіне апару туралы қорытынды дәлелденуі керек. 
      5. Сот шығындарын төлеуден толық немесе жартылай босатуға негіздер болмаған жағдайларда сот АІЖК-нің 81-статьясына сәйкес тараптардың мүліктік жағдайларына қарап біреуіне немесе екеуіне шығындарды төлеуді кейінге қалдыру немесе бөліп-бөліп төлеу мәселесін шешуге праволы. 
      6. Соттарға, егер шешім қабылдарда босатылған адам өзінің мүліктік жағдайы туралы жалған мәліметтер беру арқылы сотты адастырғаны анықталса сот істі қарауға дайындағанда ол азаматты сот шығындарын төлеуден босату туралы қабылдаған ұйғаруын қайта қарай алатыны түсіндірілсін. 
      7. Соттарға азаматтық және қылмыстық істерге келген куәлердің, жәбірленушілердің, сарапшылардың, мамандардың тілмаштардың және айғақ адамдардың шығындарын төлеу реттері және мөлшері Қазақ ССР Министрлер Советінің 1963-жылғы 13-қазандағы N 813 қаулысымен бекітілген және оған 1979-жылғы 13-шілдедегі N 283 қаулымен енгізілген өзгерістермен: "куәларға, жәбірленушілерге, сарапшыларға, тілмаштарға және айғақ адамдарға олардың анықтама жүргізуші адамға, тергеушіге, прокурорға немесе сотқа шақыруға байланысты шығындарын төлеу тәртібі туралы" Нұсқауымен анықталғаны көрсетілсін. 
      8. Істі алдыңғы шешім бұзылғаннан кейін қарағанда талап қою мерзімінен бастап барлық сот шығындары жинақталып және тараптардың арасына АІЖК-нің 90-статьясына сәйкес орындалған шешімдер бойынша төленген жиынтығы есептеліп бөлінуге тиіс. 
      9. Соттардың назары АІЖК-нің 88-статьясына сәйкес куәларға және сарапшыларға төлеуге немесе орында қарауды жүргізуге керекті шығындарды төлеуге жұмсалатын сомаларды тиісті тілек өтінген талапкер алдын ала салатынына аударылсын. 
      10. Судья немесе сот айыпкерді сотқа беру мәселесін шешкенде әрбір қылмыстық іс бойынша алдын ала тергеу органдарының КІЖК-нің 188-статьясының айыптау қорытындыға сот шығындарының түрі мен мөлшері жөнінде анықтаманы қосу туралы: талабының орындалғанын тексеруге міндетті. Егер ондай документтер жоқ болса олар істі қарауға дайындағанда анықтау немесе алдын ала тергеу органдарынан алдырылуға жатады. 
      11. Соттар ҚІЖК-нің 82-статьясының талабына байланысты анықтама, алдын ала тергеу жүргізгенде және сотта іс қарағанда шыққан сот шығындары мемлекет кірісіне айыптау үкім шығарылып жаза тағайындалып немесе жаза тағайындалмай сотталған адамдардан өндірілуге жататынын ескерулері қажет. Егер сотталушы ақталса немесе іс ақтау негізінде қысқартылса, сот шығындары мемлекет есебіне алынады. 
      Сотталушы тағылған айыптың статьяларының біреуінен ақталса, болмаса айыптан бір немесе бірнеше оқиғалар алынып тасталса осы айыпқа немесе оқиғаларға байланысты сот шығындары да мемлекеттің есебіне алынады. 
      12. ҚІЖК-нің 80-статьясының 3-тармағына сәйкес сот шығындарына соттың немесе анықтама және алдын ала тергеу органдарының айғақты заттарды сақтауға, жөнелтуге және зерттеуге жұмсалған сомалар кіреді. 
      13. ҚІЖК-нің 81-статьясына сәйкес жәбірленушілердің, куәлардың, сарапшылардың, мамандардың, тілмаштардың және айғақтардың келулеріне байланысты олардың төлеуді талап етуге правосы бар шығындарға: осы адамдардың процессуалдық әрекеттер жүргізілген жерге бару және қайту жолақысы, тұрғын үйді жалдауға жұмсалған шығындар және сөткелік жатады. 
      14. ҚІЖК-нің 23-статьясының мағынасында анықтамаға, алдын ала тергеуге және сотқа тағайындаумен қатысқан қорғаушылардың еңбек ақысын төлеуге байланысты шығындар дағдыдағыдай, сотталғанға жүктелетінін соттар ескерулері керек. 
      Егерде қорғаушы іске тағайындаумен қатысқан болса, ал азамат заңда көрсетілген ретпен заң көмегінен босатылмаған болса сотталғаннан мемлекет кірісіне финанс органының заң консультациясының пайдасына төлеген сомасы өндірілуге тиісті. 
      Азаматты заң көмегімен төлеуден босатқанда заң консультациясының бастығы немесе адвокаттар коллегиясының президиумы қорғаушының еңбегін адвокаттар коллегиясының қаржысының есебінен төлейді. Егерде осындай босату анықтама, алдын ала тергеу органдарынан, прокурордан немесе соттан болса заң консультациясына сомалар финанс органымен тергеушінің, прокурордың қаулысы немесе соттың ұйғаруы бойынша мемлекет есебінен төленіледі. 
      15. Жасы толмағандардың ісінде сотталған он бес жасқа толмаған жағдайда сот шығындары оның ата-анасына, қамқоршыларына немесе қорғаншыларына жүктеледі. 
      Он бес пен он сегіз жастың арасындағы жасы толмағандарға сот шығындары жалпы негіздермен жүктеледі. Егерде ондай жасы толмағанның шығынды төлеуге жеткілікті мүлкі немесе табысы болмаса, шығындар тиісті бөлшекпен ата-анасынан, қамқоршыларынан және қорғаншыларынан сотталғанның жасы толғанша немесе онда өз алдына еңбек ақы немесе мүлік пайда болғанша өндіріледі.
      16. Облыстық және Алматы қалалық соттар істерді кассациялық және бақылау тәртібімен қарағанда соттардың сот шығындары туралы заңдарды дұрыс қолдануына назар аударсын, қажетті болған жағдайда жіберілген қателерді жөндеуге шара қолдансын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады