Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Республика экономикасын тұрақтандыруға қаржылық-банкiлiк ықпалды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 2 ақпандағы N 91

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Республика экономикасын тұрақтандыруға қаржылық-банкiлiк ықпалды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" қаулысын орындау, Мемлекеттiк бюджеттiң банкiлераралық операциялары мен кассалық орындауын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Коммерциялық банктер апталық мерзiм iшiнде 1988 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi КСРО Мемлекеттiк банкiнiң бұрынғы қызмет үйлерiн Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң балансына берiп, тиiстi сараптаудан кейiн олардың немесе олардың құрылтайшыларының бұрын сатып алынған немесе қайта жарақтандырылған үйлерi бойынша қаржыларын коммерциялық банктерге қайтаратын болсын.
      2. Қойма және касса тораптарымен қоса қызмет үйлерiн мына төмендегi коммерциялық банктердiң балансынан Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң балансына беру қамтамасыз етiлсiн:
      - Қазақ акционерлiк коммерциялық Агроөнеркәсiп банкiсiнен - филиалдары селолық жерлерде және Арқалық қаласында.
      1988 жылдан 1991 жылға дейiнгi кезеңде салынған қызмет үйлерiнен екi жақтың келiсiмi бойынша қойма және касса тораптары бар Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң есептеу-кассалық орталықтарын орналастыру үшiн қажеттi алаң жалға берiлсiн;
      - акционерлiк коммерциялық "Кредәлеуметбанк" банкiсiнен Алматы қаласындағы Калинин және Алатау филиалдары, Қарағанды қаласындағы Киров филиалы және Семей қаласындағы Киров филиалы;
      Жезқазған облысының Сәтбаев қаласында қойма және касса тораптары бар есептеу-кассалық орталықтарын орналастыруға қажеттi алаң Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiне жалға берiлсiн.
      - акционерлiк-коммерциялық "Тұранбанк" банкiсiнен - Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы филиалы.
      "Тұранбанк" акционерлiк-коммерциялық банкiнiң қызмет үйлерi ғана орналасқан қалалар мен аудандарда Мемлекеттiк бюджеттiң банкiлераралық есептеулер мен кассалық орындалуын қамтамасыз ету үшiн қойма және касса тораптары бар Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң есептеу-кассалық орталықтарын орналастыруға қажеттi алаң берiлетiн болсын;
      - Алматы облысының селолық аудандарында орналасқан "Алтындәнбанктiң" филиалдары;
      - Қаскелең аймақтық акционерлiк коммерциялық агроөнеркәсiпбанкiнiң үйi.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiне екi апта iшiнде барлық аудандарда, қалаларда, облыс орталықтары мен Алматы қаласындағы қалалық аудандарында Мемлекеттiк бюджеттiң банкiлераралық есептеулерiн, кассалық орындалуын, коммерциялық банктер және бюджеттiк ұйымдар мен мекемелердi кассалық қамтуды қамтамасыз ететiн есептеу-кассалық орталықтарын құру ұсынылсын.
      Жаңадан қабылданған үйлерде коммерциялық банктердi орналастыруға қажеттi алаң жалға берiлiп, олардың жұмыс iстеуiне қажеттi жағдайлар жасалсын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай iшiнде бюджеттiк мекемелердiң барлық шоттарын қамту үшiн Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттiк банкiнiң есептеу-кассалық орталықтарына көшiретiн болсын.
      5. Облаткомдар, Алматы, Ленинск қалааткомдары Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiсiнiң облыстық басқармаларына есептеу-кассалық орталықтар құру, оларды орналастыру және қажеттi материалдық ресурстармен қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi көмек көрсететiн болсын.
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады