Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1992 жылғы 16 маусымдағы N 532. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.04.14. N 357 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден қызметi қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары N 1,2 қосымшаларға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Еңбек министрлiгiне Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен бiрлесiп, кеден мекемелерiн еңбек ақы төлеу жөнiнен топтарға жатқызу көрсеткiштерiн әзiрлеп, бекiту тапсырылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Президентi "Қазақстан Республикасында жалақыны өсiру және бағаны реттеу туралы" 1992 жылғы 25 сәуiрдегi N 730 Жарлығымен бюджеттiк қаржыландырудағы мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерiне еңбек ақы төлеудiң, үстемақы, қосымша, сыйлық және ынталандыру мен өтем сипатындағы басқа да төлемдер мөлшерiн қоса, қолданылып жүрген басқа да шарттарын сақтап қалғаны еске алынсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады