Шығыс Қазақстан облысындағы ормандардың қазiргi топқа бөлiнуiн дәлдеу туралы (Үзінді)

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 тамыз 1992 ж. N 712

      Қазақстан Алтайының таудағы ормандарын тиiмдi пайдалануды және олардың топырақ қорғаушылық, су реттеушiлiк және табиғатты қорғаушылық басқа да қызметiн сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Орман шаруашылығы комитетiнiң халық депутаттарының Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесiмен келiсiлген, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Орман шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы Шығыс Қазақстан облысының ормандарын N 1 қосымшаға сәйкес екiншi және үшiншi топтардан бiрiншi топтарға және үшiншi топтан екiншi топқа ауыстыру туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетi ұсынған, халық депутаттарының Шығыс Қазақстан облыстық Кеңесiмен келiсiлген, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi Орман шаруашылығы комитетiнiң қарамағындағы Шығыс Қазақстан облысындағы ормандарды N 2 қосымшаға сәйкес топтарға бөлуi бекiтiлсiн.
      3. Екiншi және үшiншi топтан бiрiншi топқа ауыстырылатын ормандар "Қоршаған ортаны сақтау үшiн маңызы зор шөл даладағы, шөлейттегi, далалардағы, орманды алқаптардағы және сирек орманды таулы аудандардағы басқа ормандар" деген қорғалу санатына жатқызылсын.
      4. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгiнiң Орман шаруашылығы комитетiне:
      бiр ай мерзiм iшiнде орман шаруашылығы кәсiпорындарының шегiнде орман орамдарының орман топтары мен қорғалу санаттары бойынша бөлiнiсiн бекiту;
      екi ай мерзiм iшiнде "Қазақстан Республикасының таудағы ормандарында ағаш кесудiң негiзгi пайдалану Ережелерi" жобасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тапсыру;
      1992 жылы Шығыс Қазақстан облысы әкiмiнiң келiсiмi бойынша Шығыс Қазақстан облысындағы ормандарды топқа бөлу және кесу ережелерiне енгiзiлген өзгерiстерге сәйкес орманды негiзiнен пайдаланудың мөлшерiн дәлдеудi жүргiзу, орман шаруашылығы кәсiпорындары бойынша кесiлетiн есептi ағаш мөлшерiн бекiту жүктелсiн.

       Қазақстан Республикасының
       Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы   

Министрлер Кабинетiнiң 1992 жылғы 28 тамыздағы N 712 қаулысына N 1-2 Қосымша

Об уточнении существующего деления лесов Восточно-Казахстанской области на гpуппы

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 28 августа 1992 года N 712 (Извлечение)

      В целях обеспечения рационального использования горных лесов Казахстанского Алтая и сохранения их почвозащитных, водорегулирующих и других природоохранных функций Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Принять предложение Комитета лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, согласованное с Восточно-Казахстанским областным Советом народных депутатов, о переводе лесов Восточно-Казахстанской области, находящихся в ведении Комитета лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, из второй и третьей групп в первую и из третьей - во вторую согласно приложению N 1.
      2. Утвердить представленное Комитетом лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, согласованное с Восточно-Казахстанским областным Советом народных депутатов распределение лесов Восточно-Казахстанской области, находящихся в ведении Комитета лесного хозяйства Министерства экологии и биоресурсов Республики Казахстан, по группам согласно приложению N
2.
      3. Леса, переводимые из второй и третьей групп в первую, отнести к категории защитности "Другие леса в пустынных, полупустынных, степных, лесостепных и малолесных горных районах, имеющих важное значение для защиты окружающей среды".

          Премьер-министр
        Республики Казахстан
                                           Приложения N 1 - 2

к постановлению Кабинета Министров Республики Казахстан от 28 августа 1992 г. N 712