Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi Департаменттi құру және оның қызметi туралы

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1992 ж. N 812. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Дипломатиялық өкiлдiктер мен олардың қызметкерлерiнiң Қазақстан Республикасында жұмыс iстеуiне және тұруына қалыпты жағдай жасау, сондай-ақ оларға көрсетiлетiн қызмет ауқымын кеңейтiп, сапасын арттыру есебiнен валюталық және өзгедей қаржы алу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жанынан Алматы қаласында Дипломатиялық өкiлдiктермен жұмыс жөнiндегi Департамент (бұдан әрi-Департамент делiнедi) құрылсын. 
      2. Департаментке: 
      - Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық және шетелдерден тағайындалған басқа да өкiлдiктерге қызмет көрсету жөнiнде мемлекеттiк және шаруашылық органдардың күшiмен жүзеге асырылатын жұмыстарды үйлестiру; 
      - дипломатиялық өкiлдiктерге меншiк нысандарына қарамастан кәсiпорындар, ұйымдар мен министрлiктердiң мекемелерi қызмет көрсеткенде делдалдық мiндеттер атқару; 
      - Қазақстан Республикасының территориясында дипломатиялық өкiлдiктердiң ғимараттарын жобалау, салу, қайта жаңарту, жөндеу және жаңғырту жөнiнде контракттар жасасу; 
      - Қазақстан Республикасының территориясында дипломатиялық өкiлдiктердiң объектiлерiн салу және қайта жаңарту жөнiнде бiрден-бiр тапсырыс берушiнiң мiндетiн атқару; 
      - азаматтарды дипломатиялық және басқа шетелдiк өкiлдiктерге жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру жүктелсiн. 
      3. Дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсетудiң осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген барлық түрлерi тек Департамент арқылы ғана жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. 
      4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Департамент туралы Ереженi әзiрлеп, бекiтетiн болсын. 
      5. Департамент қызметкерлерiнiң штат саны, еңбекақы төлеу қоры 1992 жылдың аяғына дейiн 345 мың сом мөлшерiнде 52 адам болып бекiтiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiп, Департамент аппаратының құрылымы мен штат кестесiн және оны ұстауға жұмсалатын шығыс сметасын бекiту хұқығы берiлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне 1992 жылдың аяғына дейiн Департаменттi ұстауға қажет 6398 мың сом мөлшерiнде қаржы бөлсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi мен Сауда министрлiгi Департаменттiң жұмсақ және қатты мүкәммалға, ұйымдық техникаға, дыбысты-көрiнiстi аппаратураға және басқа керектi жабдықтарға деген қажетiн қамтамасыз етiп, 1992 жылдың II жарты жылдығында бұлардың бөлiнуiн қамтамасыз етсiн. 
      8. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша Қазақстан Республикасының Материалдық ресурстар министрлiгi Департаментке арнап, ГАЗ-2410 немесе 31029 "Волга" автомашинасын, РАФ шағын автобусын және УАЗ-452 жүк машинасын бөлсiн. 
      9. Алматы қаласының әкiмi Департаменттiң аппаратын орналастыру үшiн Желтоқсан көшесiндегi, 111а үйдi бiр ай мерзiмде оның балансына беретiн болсын. 
      10. Алматы қаласының әкiмi елшiлiктер ашылып, шетел өкiлдiктерi қызметкерлерiнiң тұруы мен жұмыс iстеуi үшiн қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн тұрғын үйлерге адамдардың орналастырылуына қарай жеке тұрғын ғимараттарды Департаменттен жалдау ақысы алынбайтындай етiп, одан әрi пайдалану үшiн Департаменттiң балансына беретiн болсын. 
      11. Алматы темiр жол басқармасы, Қазақ азаматтық авиация басқармасы елшiлер, дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi және олардың отбасыларының мүшелерi республика iшiнде және одан тыс жерлерде жүрiп-тұрғанда оларға авиабилеттер мен темiр жол билеттерiн алу жөнiнде Департаменттiң өтiнiмдерiн басымдықпен қанағаттандыруды қамтамасыз етсiн. 
      Бос орындар болмаған жағдайда Департаментке бiр жолғы өтiнiм бойынша тапсырыс рейстерiндегi ұшақты жалдау хұқығы берiледi. 
      Осы аталған басқармаларға шетел өкiлдiктерiне көлiк-экспедициялық қызмет көрсету, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiп бойынша олардың жүктерiн кедендiк ресiмдеу және осы мақсатта қажеттi өндiрiстiк жағдайларды қамтамасыз ету жүктелсiн. 
      12. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi, Мәдениет министрлiгi Департаменттiң өтiнiмдерi бойынша дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерiне арнап, келiсiлген мерзiмдерде мейманханаларда орын иемденудi және мiндеттi түрде тауып берудi, сондай-ақ театрлар мен ойын-сауық мекемелерiне қажеттi мөлшерде билеттер (немесе орындар) тауып берудi қамтамасыз ететiн болсын. 
      13. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Департаменттiң өтiнiмi бойынша дипломатиялық өкiлдiктерге қызмет көрсету үшiн қажеттi мөлшерде байланыс каналдарымен қамтамасыз ететiн болсын. 
      14. Алматы қаласының әкiмi, Қазақстан Республикасының Сауда министрлiгi Департаменттiң балансына дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiне азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларымен қызмет көрсетуге арналған дүкен беретiн болсын. 
      15. Қазақстан Республикасының Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi Департаментпен шарт жасасу арқылы дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiне спорт ғимараттарында, кешендерiнде және базаларында шұғылданып, демалуға мүмкiндiк жасайтын болсын. 
      16. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Емдеу-сауықтыру бiрлестiгi дипломатиялық өкiлдiктердiң қызметкерлерi мен олардың отбасыларының мүшелерiн ауруханада және емханада (ақылы және тегiн) емдеудi қамтамасыз етсiн, Департаментпен келiсiп оларды емдеудiң және оларға медициналық консультация берудiң коммерциялық шарттарын белгiлесiн. 
      17. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi дипломатиялық өкiлдiктердiң күзетiн қамтамасыз ету шараларын көздеп, Департаменттiң өтiнiмдерi бойынша арнаулы нөмiрлiк белгiлерiн бөле отырып, дипломатиялық өкiлдiктердiң автомашиналарының есебi мен тiркеуiн жүргiзсiн. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi 

Об оpганизации и деятельности Депаpтамента по pаботе с дипломатическими пpедставительствами в Республике Казахстан

Постановление Кабинета Министpов Республики Казахстан от 29 сентябpя 1992 года N 812 (Извлечение). Утратило силу - постановлением Правительства РК от 27 июля 2005 г. N 781

      В целях создания нормальных условий работы и пребывания в Республике Казахстан дипломатических представительств и их сотрудников, а также получения валютных и иных средств за счет расширения объема и повышения качества предоставляемых им услуг Кабинет Министров Республики Казахстан постановляет:
      1. Создать при Министерстве иностранных дел Республики Казахстан Департамент по работе с дипломатическими представительствами (далее Департамент) в г.Алма-Ате.
      2. Возложить на Департамент:
      координацию работ по обслуживанию дипломатических и других аккредитованных иностранных представительств в Республике Казахстан, осуществляемых силами государственных и хозяйственных органов;
      выполнение посреднических функций при обслуживании дипломатических представительств предприятиями, организациями и учреждениями министерств, независимо от форм собственности;
      заключение контрактов на проектирование, строительство, реконструкцию, ремонт и реставрацию объектов дипломатических представительств на территории Республики Казахстан;
      функции единого заказчика по строительству и реконструкции объектов дипломатических представительств на территории Республики Казахстан;
      организацию трудоустройства граждан в дипломатические и другие иностранные представительства.
      3. Установить, что все виды обслуживания дипломатических представительств, перечисленные в пункте 2 настоящего постановления, осуществляются только через Департамент.
      4. Министерству иностранных дел Республики Казахстан разработать и утвердить Положение о Департаменте.
      5. Утвердить штатную численность работников Департамента в количестве 52 единиц с фондом оплаты труда до конца 1992 г. 345 тыс.рублей.
      Предоставить право Министерству иностранных дел Республики Казахстан по согласованию с Министерством финансов Республики Казахстан утверждать структуру и штатное расписание аппарата Департамента и смету расходов на его содержание.
      8. Министерству материальных ресурсов Республики Казахстан выделить по заявке Министерства иностранных дел Республики Казахстан для Департамента автомашины "Волга" ГАЗ-2410 или 31029, микроавтобус РАФ и грузовой УАЗ-452.
      9. Главе Алма-Атинской городской администрации для размещения аппарата Департамента в месячный срок передать на его баланс здание по ул.Желтоксан, 111а.
      10. Главе Алма-Атинской городской администрации по мере открытия посольств, заселения жилых помещений, обеспечивающих необходимые для проживания и работы сотрудников иностранных представительств, передавать отдельно стоящие здания на баланс Департамента для дальнейшей эксплуатации без взимания с Департамента арендной платы.
      11. Управлению Алма-Атинской железной дороги, Казахскому управлению гражданской авиации обеспечивать приоритетное удовлетворение заявок Департамента на приобретение авиа- и железнодорожных билетов для послов, сотрудников дипломатических представительств и членов их семей при передвижении внутри республики и за ее пределами.
      В случае отсутствия свободных мест Демартаменту предоставляется право арендовать самолет на заказных рейсах по разовым заявкам.
      Возложить на указанные управления транспортно-экспедиционное обслуживание иностранных представительств, в установленном Кабинетом Министров Республики Казахстан порядке таможенное оформление их грузов и обеспечение в этих целях необходимых производственных условий.
      12. Главам областных и Алма-Атинской городской администраций, Министерству культуры Республики Казахстан обеспечивать по заявкам Департамента в согласованные сроки бронирование и обязательное предоставление мест в гостиницах для сотрудников дипломатических представительств, а также необходимое количество билетов (или мест) в театрально-зрелищные учреждения.
      13. Министерству связи Республики Казахстан обеспечивать по заявке Департамент необходимым количеством каналов связи для обслуживания дипломатических представительств.
      14. Главе Алма-Атинской городской администрации, Министерству торговли Республики Казахстан передать на баланс Департамента магазин для обслуживания сотрудников дипломатических представительств и членов их семей продовольственными и промышленными товарами.
      15. Министерству туризма, физической культуры и спорта Республики Казахстан предоставлять сотрудникам дипломатических представительств и членам их семей возможность для занятий и отдыха на спортивных сооружениях, комплексах и базах с заключением договора с Департаментом.
      16. Министерству здравоохранения Республики Казахстан и Лечебно-оздоровительному объединению при Кабинете Министров Республики Казахстан обеспечивать стационарное и амбулаторное (платное и бесплатное) лечение сотрудников дипломатических представительств и членов их семей, устанавливать по согласованию с Департаментом коммерческие условия их лечения и медицинских консультаций.
      17. Министерству внутренних дел Республики Казахстан предусмотреть меры по обеспечению охраны дипломатических представительств, вести учет и регистрацию автомашин дипломатических представительств с выделением специальных номерных знаков по заявкам Департамента.

         Премьер-министр
      Республики Казахстан