Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны өзгерту тәртiбi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қаңтар 1993 ж. N 31. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 14 ақпандағы N 140 қаулысымен.

      Қуғын-сүргiн кезеңiнде бұрынғы Кеңес Одағының түрлi аймақтарынан күштеп көшiрiлген халықтар жөнiнде тарихи әдiлеттiлiктi қалпына келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Қуғын-сүргiн кезеңiнде Қазақстан Республикасының аумағына күштеп көшiрiлген азаматтардың төлқұжаттары мен азаматтық хал актiлерiндегi ұлты туралы жазбаны ерекшелiк ретiнде, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiн бекiту туралы" 1992 жылғы 17 тамыздағы N 684  қаулысымен (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 33, 499-бап) бекiтiлген Паспорттар мен азаматтық хал актiлерiндегi Қазақстан Республикасы азаматтарының ұлты туралы жазбаны өзгерту ережелерiне сәйкес арнайы көшiрiлгендерге iшкi iстер органдары берген анықтамалар негiзiнде өзгертуге рұқсат етiлсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады