Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешен салалары үшiн жаңа техникалар әзiрлеу және оны өндiрiске қою жөнiндегi ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 23 наурыз 1993 ж. N 225. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк кешен салалары үшiн жаңа техникалар әзiрлеу және оны өндiрiске қою жөнiндегi қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.      

     Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы        
Министрлер Кабинетiнiң        
1993 жылғы 23 наурыздағы       
N 225 қаулысымен           
Бекiтiлген              

             Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiптiк
            кешен салалары үшiн жаңа техникалар әзiрлеу
                 және оны өндiрiске қою жөнiндегi
                            Ереже

                    I. Жалпы ережелер  

          1. Ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, ұқсату және сақтау, сондай-ақ Қазақстан Республикасының агроөнеркәсiп кешенiнiң барлық меншiк нысанындағы кәсiпорындары мен шаруашылықтарында инженерлiк қызмет көрсету үшiн машиналар мен жабдықтар әзiрлеу және оларды өндiрiске қою тәртiбiн осы Ереже белгiлейдi. Аталған Ереже агроөнеркәсiп кешенi саласында техникалық саясатты мемлекеттiк реттеуге арналған және ГОСТ 15.001-88-бен бiрге қолданылуға тиiс. "Әзiрлеу жүйесi және өнiмдi өндiрiске қою. Өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өнiм". 
      2. Осы Ереженiң орындалуына бақылауды тұтынушылардың мүддесiн бiлдiретiн мемлекеттiк тапсырысшылар мен машиналардың жаңа үлгiлерiн әзiрлеушiлер (авторлық қадағалау) қамтамасыз етедi. 
      3. Әзiрленетiн және өндiрiске қойылатын машиналар мен жабдықтар тапсырысшылардың талаптарын қанағаттандыруға, дүниежүзiлiк стандартқа сай келуге, дүниежүзiлiк рынокта бәсекелестiк қабiлетi болуға және тұтынушылардың оны тиiмдi қолдану мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс. 
      4. Өнiмдi әзiрлеу мен дайындау тапсырысшылардың әзiрлеушiлер және дайындаушылармен шарттары бойынша жүзеге асырылады. 
      5. Тапсырысшылар, әзiрлеушiлер, дайындаушылар және техниканы тұтынушылар арасындағы дауларды төрелiк сот шешедi. 
      6. Осы Ереженi өзгертудi және оның күшiн тоқтатуды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi. 
 

                II. Жаңа техниканы әзiрлеуге тапсырыс 
                 беру тәртiбi, тапсырысшының қызметi 
 

        7. Мемлекеттiң мұқтажы үшiн жаңа техникаға тапсырыс берудi конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, агроөнеркәсiп кешенiнiң концерндерi мен басқа да ведомстволары жүзеге асырады. 
      Меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың ынталы жұмыстары агроөнеркәсiптiк кешеннiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесiнде ұсынылған жаңа техниканы шығару қажеттiлiгi негiзделген соң мемлекеттiк мұқтажға арналған тапсырысқа енгiзiледi. 
      8. Мемлекет мұқтажына арналған тапсырыс мынадай түрде хатталады: 
      - агроөнеркәсiптiк кешеннiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi бекiткен, өсiмдiк шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiруге арналған аймақтық технологиялар мен машиналар кешенiн әзiрлеу жөнiндегi мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар; 
      - ауыл шаруашылық өнiмдерiн ұқсату, сақтау дәстүрлi емес энергия көздерiн қолдану жөнiндегi жоғары тиiмдi экологиялық хауiпсiз технологиялар мен техникалық құралдар әзiрлеу бойынша мемлекеттiк ұлттық ғылыми-техникалық бағдарламалар; 
      - агроөнеркәсiптiк кешен салаларына сервистiк қызмет көрсетудiң ғылыми-техникалық бағдарламалары; 
      - агроөнеркәсiптiк кешеннiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесiнде негiзделгеннен кейiн меншiктiң барлық нысанындағы ұйымдардың ынталы жұмыстарының бағдарламалары. 
      Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен соң бағдарламалар мемлекеттiк мәртебеге ие болады. 
      9. Жаңа техникаларды жасау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыруды тапсырысшылар шарттар негiзiнде жүзеге асырады. 
      Жұмыстардың әр түрi бойынша қаржыландыру мерзiмi, тәртiбi мен көлемi тапсырысшы, жасаушы және дайындаушы арасында шартпен (контрактпен) келiсiледi. 
      10. Мемлекеттiк тапсырысшы Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен бiрлесе отырып, жаңа техника әзiрлеуге техникалық тапсырма бередi немесе шартқа сәйкес, әзiрлеушiге, осы тапсырманы тапсырысшымен, Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясымен және аталған басқа да тапсырысшы ұйымдармен келiсе отырып осы хұқықты жүктейдi, машина сынау станцияларында тәжiрибелiк үлгiлерге сынау, оларды өндiрiске қою және техникалық жайларына келiсу жөнiнде ұсыныстар бере отырып қабылдауды өткiзедi, жаңа техниканы әзiрлеушiлер және шығарушылармен бiрге рыноктағы машинаға сұранымды зерттеудi жүзеге асырады, машинаның бастапқы нарықтық құнын есептеп шығаруға және оның мөлшерiне келiседi, машина шаруашылығымен бiрге техниканы тұтынушыларға консультациялық қызмет көрсетудi ұйымдастырады. 
      Ынталы әзiрлеме жасау барысындағы тапсырысшының қызметiн жаңа техниканы әзiрлеушi орындайды. 
      Техникалық тапсырмаға хауiпсiздiкке, денсаулық және табиғат қорғауға қадағалау жасайтын органдардың стандарттар мен нормативтi құжаттарына қайшы келетiн талаптарды енгiзуге жол берiлмейдi. 
      Тапсырысшыда әзiрленген техникаға стандарттық талаптардан өзгеше, бiрақ оның келiсiлген жағдайдағы қолданылу тиiмдiлiгiн төмендетпейтiн жеке талаптар болған жағдайда оған осы техниканы шығаруға әзiрлеу мүмкiндiгi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi Бас басқарманың (Қазбасстандарт) қорытындысын алуға тура келедi. 
      11. Техникаларды жасау және шығару әзiрлеушiлер мен дайындаушылардың ынтасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкiн, олар тұтынушылар мен өндiрiс көлемiн дербес белгiлейдi. Мұндай техникаларды сатуға тек Қазақстан Республикасының "Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңына сәйкес мемлекеттiк сертификат болғанда ғана жол берiледi. 
 

                III. Жаңа техникаларды әзiрлеудi қаржыландыру 
                  мен шығаруды ынталандыру
 

          12. Жаңа техникаларды жасау жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру: 
      - белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк бюджет есебiнен жаңа жоғары тиiмдi технологиялар мен техникалар әзiрлеу жөнiндегi агроөнеркәсiптiк кешен салалары мен мемлекеттiк ғылыми-техникалық бағдарламалар үшiн мемлекет мұқтажына арналған машиналар кешенiн шығаруға тапсырыс бойынша; 
      - ведомстволық және ведомствоаралық ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкциялық жұмыстарды бюджеттен тыс қорлардан қаржыландырудың және министрлiктер, ведомстволар, концерндер, корпорациялар, ассоциациялар құрайтын өнiмдердiң жаңа түрлерiн игеру жөнiндегi шаралардың салалық ғылыми-техникалық бағдарламалары бойынша; 
      - әзiрлеушiлер мен дайындаушылардың жеке қаржысы есебiнен немесе осы Ереженiң 8 тармағында көзделген жағдайда, белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк бюджет есебiнен ынталы әзiрлемелер бойынша жүзеге асырылады. 
      13. Мемлекеттiк мұқтажға арналған тапсырыс және жаңа техника жасау жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру тапсырысшы, әзiрлеушi және дайындаушы арасындағы шарт (контракт) негiзiнде орындалады. Мемлекеттiк тапсырысқа кiрмеген ынталы әзiрлемелер әзiрлеушi мен дайындаушы арасындағы шарт бойынша орындалады. 
      14. Мемлекеттiк мұқтажға арналған тапсырыс немесе осы Ереженiң 8 тармағында көзделген жағдай бойынша жасалған техника шығаруды ынталандыру үкiметтiк шешiмдер: 
     - дайындаушы-кәсiпорындарды өндiрiстi игеру кезеңiнде жеңiлдiктi несиелендiру;
     - жүйенi фирмалық сервиспен қалыптастыруға жеңiлдiктi несиелендiру түрiмен мемлекеттiк қолдау;
     - жаңа техникалар мен машиналар кешенiн жасағаны және шығарғаны үшiн мемлекеттiк, басқа да сыйлықтар беру жолымен қамтамасыз етiлуi мүмкiн. 

            IV. Конструкторлық құжаттаманы ғылыми 
               қамтамасыз ету және әзiрлеу

      15. Агроөнеркәсiптiк кешен саласына арналған жаңа техника әзiрлеудi ғылыми қамтамасыз етудi Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы мен республиканың басқа да мемлекеттiк және өзге құрылымдары, күштерiмен олардың құрамына кiретiн ғылыми-зерттеу мекемелерi жүзеге асырады. 
      16. Ғылыми ұйымдардың ғылыми-техникалық өнiмдерi мыналар болып табылады; 
      - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiруге, сақтауға және ұқсатуға, инженерлiк қызмет көрсетуге арналған жоғары тиiмдi ресурс үнемдегiш және табиғат қорғаушы машиналы аймақтық технологиялар мен машиналар кешенi; 
      - еңбек өнiмдiлiгiн, жердiң құнарлылығын, малдың қоңдылығын арттыратын, энергия және басқа ресурстарды үнемдеудi қамтамасыз ететiн және өнiм сапасын арттырып, оның шығынын төмендететiн мүлде жаңа техника құралдарын әзiрлеудiң және қолда барларын жетiлдiрудiң, еңбектi қорғаудың, өртке қарсы хауiпсiздiктiң, экологияны сақтаудың талаптарына жауап беретiн бастапқы талаптар; 
      -жаңа техниканың тәжiрибелiк үлгiсiне және оны жаппай шығаруға техникалық құжаттама; 
      - техникаға сервистiк қызмет көрсету жөнiндегi нормативтi-техникалық құжаттама; 
      - ауыл шаруашылық өнiмдерiн өндiру, сақтау, ұқсату үшiн техникалық жүйелер мен тұтынушылардың техникаға сұранымын дамыту тенденциясын болжау. 
      17. Өндiрiстiң тазалығын есептеу және акт түрiндегi жаңа машиналар параметрлерiн негiздеу жөнiндегi ғылыми-техникалық өнiм бастапқы талаптарды тапсырысшы бекiткен соң әзiрлеушiлерге ("Қазавтоауылшармаш" корпорациясының ғылыми-техникалық орталығына, конструкторлық бюроларға, машина жасау кәсiпорындарына, бiрлестiктерге, ассоциацияландырылған машина жасау құрылымдарына өндiрiсiн конверсиялау негiзiнде қорғаныс өнеркәсiбi саласын қоса) одан әрi жүзеге асыру үшiн берiледi. 
      18. Конструкторлық құжаттаманы әзiрлеудi мыналар жүзеге асырады: 
      - "Қазавтоауылшармаш" корпорациясы ғылыми-техникалық орталығының мамандандырылған конструкторлық бюросы; 
      - ауыл шаруашылық кәсiптегi машина жасау кәсiпорындарының мамандандырылған конструкторлық бюросы; 
      - Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы ғылыми ұйымдарының конструкторлық бюросы; 
      - олардың мамандануының дұрыстығын тексеру негiзiнде Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы берген сертификаттар бойынша агроөнеркәсiптiк кешен жүйесi ғылыми ұйымдарының конструкторлық бөлiмшелерi; 
      - Қазақстан Республикасының конверсияланған қорғаныс кешенi кәсiпорындарының конструкторлық ұйымдары; 
      - республиканың машина жасау кәсiпорындарының конструкторлық бюролары, оның iшiнде жалға алынған, жекешелендiрiлген және меншiктiң басқа да нысанындағылары. 
      19. Жаңа техниканы жасау барысында, ереже бойынша, ғылыми-зерттеу әзiрлемелерiнiң нәтижелерi пайдаланылады, бұл орайда ғылыми ұйым мен оның нақты орындаушысының авторлық хұқы мен авторлық ынтасы сақталады, ғылыми ұйым, конструкторлық бюро және дайындаушы арасында шарт жасалады, онда аталған ереже нақтыланады. 
      20. Жаппай шығаруға ұсынылған бұйымдарды әзiрлеудiң техникалық шарттарын тапсырысшы немесе ынталы әзiрлеушi бекiтедi және оған Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы, әзiрлеушi-ведомство және "Қазбасстандарт" келiседi. 
 

                       V. Сынақ жүргiзу 
 

        21. Мемлекеттiң мұқтажына арналған тапсырыс бойынша әзiрленген машиналардың тәжiрибелiк үлгiлерi алдын ала және қабылдау сынағынан өтедi. 
      Алдын ала сынақ машиналардың техникалық тапсырма талаптарына сай келуi тексерiледi. Алдын ала сынау кезеңiнде әзiрлеушi машина сынау станциясының жарақтандырылған қызметiмен (жарық құралдары, стендтер, сынау жабдықтары, нормативтiк-техникалық құжаттамалардың болуы) бiрлесiп, түпкi мақсатты - оны өндiрiске енгiзу процесiн жеделдетудi көздей отырып, конструкцияны толық пысықтауға тиiстi. Сынау мерзiмiн қысқарту мақсатында бұрын алынған материалдарды пайдалана отырып, алдын ала және қабылдау сынақтарын бiрiктiруге болады. 
      Тәжiрибелiк үлгiлер олардың техникалық тапсырмалар талаптарына сай келу және жаппай шығаруға қою мүмкiндiгiн анықтау мақсатымен қабылдау сынақтарынан өткiзiледi. 
      Қабылдау сынақтары қолда бар стандарттар немесе типтiк бағдарламалар және сынақ әдiстемесiне сәйкес өткiзiледi. Олар болмаған немесе жеткiлiксiз болған кезде сынақ әзiрлеушiлер дайындаған және тапсырысшылармен келiсiлген бағдарлама мен әдiстеме бойынша өткiзiледi. 
      Тапсырысшы қабылдау сынағына келiскен жағдайда тәжiрибелiк машинаның орнына оның эксперименттiк үлгiсi ұсынылуы мүмкiн. Машинамен бiрге тиiстi нормативтiк-техникалық құжаттама ұсынылады. 
      22. Қабылдау сынағын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк машина жасау станциялары өткiзедi. 
      Қабылдау сынақтарына әзiрлеушi және еңбек хауiпсiздiгiне, денсаулық және табиғат қорғауға қадағалау жүргiзетiн органдар қатысады. 
      23. Сынаққа ұсынылған тәжiрибелiк үлгiлер әзiрлеушiнiң меншiгi болып табылады, оған машина сынау станциясы ақы төлемейдi, ал сынақ бiткен соң әзiрлеушiге қайтарылады. 
      24. Жаңа техниканың технологиялық процесi орындалуының сапалы көрсеткiштерi, олар аймақтық топырақ-климат жағдайларына тәуелдi болған жағдайда, машина сынау станциялары және Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы жүйесiнiң аймақтық ғылыми технологиялық орталықтарымен (технологиялық ғылыми мекемелер, облыстық ауыл шаруашылық тәжiрибелiк станциялар) бiрге бағаланады. 
      25. Мемлекеттiк машина сынау станциялары мен аймақтық технологиялық орталықтар сынақ нәтижелерi бойынша техниканың мемлекеттiк тапсырысшысына оны өндiрiске қою жөнiнде шешiм қабылдау үшiн ұсыныс бередi. 
      26. Жаңғыртылған техниканы мемлекеттiк сынау мемлекеттiк тапсырысшының шешiмi бойынша өткiзiледi. 
      27. Мемлекет мұқтажына арналған тапсырыс бойынша жасалған техниканы өндiрiске қою жөнiндегi шешiмдi (құрамына әзiрлеушi, дайындаушы және машина сынау станцияларының өкiлдерiн қоса отырып) мемлекеттiк тапсырысшы құрған құрған мемлекеттiк комиссия қабылдайды. Жекелеген жағдайларда машиналар мен жабдықтарды өндiрiске қою жөнiндегi шешiмдi агроөнеркәсiптiк кешеннiң ведомствоаралық ғылыми-техникалық кеңесi қабылдайды. Қажет болған жағдайда мемлекеттiк комиссияның жұмысына басқа да ұйымдардың сарапшылары, сондай-ақ хауiпсiздiктi, денсаулық пен табиғат қорғауды қадағалайтын органдар тартылуы мүмкiн. 
      28. Әзiрлеушi мемлекеттiк комиссияға әзiрлеу үшiн техникалық тапсырмалар, бiрлесiп қарауды қажет ететiн дайындауға техникалық шарт жобаларын, конструкторлық және технологиялық құжаттар, әзiрленген өнiмнiң осы құжатпен сәйкес келуiн айғақтайтын, оның техникалық деңгейiн қанағаттандыратын мемлекеттiк сынақ протоколдары мен басқа да материалдарды ұсынады. 
      29. Ұсынылған материалдарды қарау нәтижелерi бойынша мемлекеттiк комиссия тиiстi акт толтырады. Комиссия төрағасының актiнi бекiтуi әзiрлеудiң аяқталғанын, техникалық тапсырма әрекетiнiң тоқтағанын, ұсынылған нормативтiк-техникалық және пайдалану құжаттарының, сондай-ақ өнiмдi өндiруге рұқсаттың келiсiлгенiн бiлдiредi. 
      Тұтас алғанда әзiрлеу нәтижелерi терiс бағаланған жағдайда актiде одан арғы жұмыс бағыты және олардың нәтижелерiн ұсынудың шарттары немесе жұмысты жалғастырудың мақсатсыздығы көрсетiледi. 
      30. Әзiрлеушiнiң немесе дайындаушының ынтасы бойынша жасалған техниканы шығару туралы шешiмдi олар Қазақстан Республикасының "Стандарттау және сертификаттау туралы" Заңына сәйкес сертификаттық сынақтан кейiн дербес түрде қабылдайды. 
 

                VI. Өндiрiстi дайындау мен меңгеру 
                 жүйесiнiң негiзгi ережелерi 
 

        31. Мемлекет мұқтажына арналған тапсырыс бойынша жасалған техниканы өндiрiске дайындау, ереже бойынша, техникалық құжаттаманы әзiрлеу және тәжiрибелiк үлгiлердi дайындаумен қатар басталады. 
      Басқа жағдайларда мұндай техника шығаруды меңгеру бастапқы сериясын (алғашқы өнеркәсiптiк тобын) дайындау процесiнде жүргiзiледi. Бұл орайда технологияны пысықтау және тапсырылған көлемде тұрақты параметрлерiмен өнiмдi шығаруға қызметкерлердi дайындау жөнiндегi шаралар орындалады. 
      32. Шығаруға дайындықты аяқтау бастапқы серия (алғашқы өнеркәсiптiк тобы) үлгiсiндегi кәсiптiк сынау протоколымен (актiмен) хатталады. 
      33. Кәсiпорын жаңа техниканы шығаруға дайындығы туралы шешiмдi мемлекет мұқтажына арналған тапсырыс бұйымдары бойынша сертификаттары мен қабылдау комиссиясының шешiмi болғанда дербес қабылдайды. 
      34. Меншiк түрiне қарамастан, мемлекет мұқтажына арналған тапсырыспен әзiрленген конструкторлық құжаттама бойынша агроөнеркәсiптiк кешен салалары үшiн машиналар мен жабдықтар шығаратын кәсiпорындар ғылыми ұйымдар мен конструкторлық құжаттаманы әзiрлеушiлерге олармен арада жасасқан шартқа сәйкес (19 тармақ) ақшалай қаржы жiбередi. 
 

                 VII. Жаңа техникаға бастапқы нарық 
                   бағасын белгiлеу тәртiбi 
 

        35. Техникаға баға белгiлеу негiзi - агроөнеркәсiп кешенiне берiлетiн өнеркәсiп өнiмi мен осы өндiрiстердiң рентабельдiк деңгейiн теңестiру жолымен, техниканы қолдана отырып өндiрiлетiн ауыл шаруашылық өнiмдерiне баға тепе-теңдiгiн сақтау болып табылады. 
      Өнiмдердiң осы түрлерiнiң рентабельдiгiн теңестiрудi пайдаға (рентабельдiлiкке) мемлекеттiк салық салу, салық немесе жеңiлдiктi салық салынбайтын рентабельдiк деңгейiне үлес, машина жасаушылар немесе тұтынушыларға тiкелей мемлекеттiк жәрдем қаржы белгiлеу жүйесi жүзеге асырады. 
      36. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жеңiлдiктi қолдану мен оның мөлшерi туралы ұсынысты техниканың мемлекеттiк тапсырысшы дайындаушы - кәсiпорындар мен олардың басқару органдары бередi. 
 

                        VIII. Маркетинг 
 

        37. Маркетинг техниканы жасау мен пайдаланудың барлық сатысында жүзеге асырылады: 
      - сұранымды болжау мақсатындағы ғылыми-зерттеу мекемелерiнiң ғылыми-зерттеу жұмыстарын өткiзуге дейiн және соның барысында; 
      - бұйымның өзiндiк параметрлерi мен босатылу қиындығын (бағасын) анықтау үшiн әзiрлеушiлермен тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыс барысында; 
      - жаңа машиналар мен жабдықтардың аймақтар бойынша нақты қажеттiлiгiн қалыптастыру мақсатындағы машина сынау станциялары мен аймақтық ғылыми технологиялық орталықтардағы сынақтар кезеңiнде; 
      - бұйымның жылдық шығарылу көлемi мен мүмкiн болатын бағасын, сондай-ақ техниканы жаңғырту мен өндiрiстiң жалғасу бағытын және өнiмдi жаңа саласына немесе жаңа түрiне ауыстыру мерзiмiн анықтау үшiн дайындаушы-заводтардың оларды меңгеруi және жаппай шығаруы барысында; 
      38. Мемлекет мұқтажына арналған тапсырыс бойынша жасалған техника маркетингi ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкциялық жұмыстар сатысында, белгiленген тәртiппен, мемлекеттiк бюджет есебiнен, ал меңгеру және жаппай шығару сатысында - бюджеттен тыс қорлар немесе дайындаушының қаражаты есебiнен жүргiзiледi. 
 

                 IХ. Техникаға сервистiк қызмет көрсету 
 

        39. Жаңа техниканы дайындаушы- кәсiпорындар меншiктiң түрлi нысанындағы фирмалық құрылымдар, аралық кәсiпорындар және завод жанынан басқа да құрылымдар құра отырып, өз машиналарына сервистiк қызмет ұйымдастыруға тиiс. 
      40. Техника шығарушы-кәсiпорындар машина жасаудың құрылымдарының (Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiнiң, "Қазавтоауылшармаш" корпорациясының, "Қазагрожөнмаш-холдинг" компаниясының, "Қазагроөнеркәсiптехника" Республикалық бiрлестiгiнiң және басқаларының) машиналарына меншiктiң жеке, ұжымдық немесе мемлекеттiк нысанына негiзделген түрлi сервистiк құрылымдар ұйымдастыру үшiн, тұтынушыға тiкелей жақын сенiмдi сервис құруға басты назар аудара отырып, қызмет көрсету құрылымының, есеп айырысу әдiстемесiнiң, қызмет көрсетудiң бастапқы шартты құнының (тарифының), түрлi деңгейлерде сервистiк құрылымдары орналастырудың тiзбесiн анықтау үшiн сервиске қатысты бөлiгiнде өз мiндетiн жүктей алады. 
      41. Техника жасаушы-кәсiпорындар немесе олардың бiрлестiктерi агроөнеркәсiптiк кешеннiң қызмет көрсету құрылымдарына босалқы бөлшектердiң, тораптардың, агрегаттардың қажеттi саны мен сапасын дайындауға және беруге кепiлдiк етуге мiндеттi. 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бастапқы бағаның оларға қалыптасуына қатыса отырып, осы ереженiң, орындалуына бақылау жасайды, рынокты бөлшектермен, агрегаттармен толтыру деңгейiн ескерiп, кәсiпорындарды ынталандыру мен санкциялар енгiзу жөнiндегi қажеттi ұсыныстарды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзедi. 
 

            Х. Прогрестi машиналы технологиялар мен жаңа                техникаларды меңгеру үшiн кадрлар даярлау мен қайта 
                      даярлау жүйесi 
 

        42. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Қазақ ауыл шаруашылық ғылым академиясы техника жасаушылармен бiрлесiп, ауыл шаруашылық тауарын өндiрушiлерге консультациялық қызмет ұйымдастырады, қолда бар оқу орындарының (жоғары оқу орындары, техникум, училище), сондай-ақ құрылатын меншiктiң жеке және ұжымдық нысанындағы мемлекеттiк емес консультациялық, оқу ұйымдарының негiзiнде кадрларды жаңа техника мен жаңа машиналы технологиямен жұмыс iстеуге оқытуға даярлауды жүзеге асырады. 
      43. Басты назар аймақтық технологиялық ғылыми ұйымдар мен облыстық ауыл шаруашылық станциялардың негiзiнде тауар өндiрушi құрылымдарға - фермерлерге, кооперативтерге, колхоздарға, совхоздарға, ұқсату кәсiпорындарына тiкелей кiрiгетiн консультациялық-оқу құрамаларын құруға аударылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады