Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы ереженi бекiту жайында

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 2 қыркүйек 1993 ж. N 773. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.30. N 1246 қаулысымен.(2005 жылғы 1 қаңтардан күшіне енеді)

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. 
      2. Министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да басқару органдарының бақылау-тексеру бөлiмшесiнiң басшылары қызмет жөнiнен тiкелей министрлерге, ведомстволар мен басқа да басқару органдарының бiрiншi басшыларына бағынатын болып белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Мемлекеттiк қаржы бақылау комитетi министрлiктердiң, ведомстволар мен басқа да басқару органдарының бақылау-тексеру жұмысы жөнiндегi есеп-қисабының нысанын, оны табыс ету мерзiмi мен тәртiбiн 1993 жылғы 1 қазанға дейiн анықтайтын болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюталық бақылау комитетiне министрлiктер мен ведомстволардың есептерiн және оларда жүргiзiлген бақылау-тексеру жұмысының жай-күйiн тексеру материалдарын қорыту негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ведомстволық тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi туралы дүркiн-дүркiн хабарлап отырсын.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 4-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031 қаулысымен.
      5. "Министрлiктердегi, ведомстволар мен басқа да басқару органдарындағы бақылау-тексеру жұмысын жақсарту жөнiндегi шаралар туралы" СССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 2 сәуiрдегi N 325 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1981 жылғы 6 мамырдағы N 213 қаулысының (Қазақ ССР қаулыларының жинағы, 1981 ж., N 12, 35-бап) күшi жойылған деп танылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi 

Қазақстан Республикасы  
Министрлер Кабинетiнiң  
1993 жылғы 2 қыркүйектегi
N 773 қаулысымен    
Бекiтiлген    

  Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiн ведомстволық бақылау туралы
Ереже 

      1. Министрлiктер, ведомстволар мен басқа да басқару органдары қарамағындағы кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң сметаларын, есеп айырысуларын, өтiнiмдерiн қарау, контракттар жасасу, қаржыландыру, есеп-қисаптарды қарау, т. б. кезiнде олардың қызметiн алдын-ала және ағымдағы бақылауды жүзеге асырады. 
      Шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiс жүргiзуден тұратын кейiнгi бақылауды министрлiктер, ведомстволар, басқа да бақылау органдары және оларға бюджеттен қаржыландырылатын бағынышты бөлiмшелер - Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн тiзбе бойынша жүзеге асырады. 
      Кәсiпорындар, ұйымдар, банкiлер, қауымдастықтар, концерндер, холдингiлер, кооперативтiк және қоғамдық ұйымдар мен басқа да шаруашылық органдары ведомстволық бақылауды құру мәселесiн дербес шешедi. 
      2. Қарамағындағы кәсiпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда ақшалай қаражаттың, оның iшiнде валюталық қаражаттың және материалдық құндылықтардың сақталуы мен дұрыс жұмсалуын, бухгалтерлiк есептiң дұрыс жүргiзiлуiн және есеп-қисаптың растығын бақылауды қамтамасыз ету ведомстволық тексерiстер мен тексерулердiң мақсаты болып табылады. 
      3. Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiстер мен тексерулердi әрбiр жеке жағдайда тиiстi органның басшысы тағайындайды және олар шаруашылық есепте тұрған кәсiпорындарда, бiрлестiктер мен ұйымдарда әрi кеткенде жылына бiр рет кешендi түрде, ал басқа ұйымдар мен мекемелерде әрi кеткенде екi жылда бiр рет жүргiзiледi. 
      Бiрақ барлық жағдайда әрбiр кәсiпорында, мекеме мен ұйымда тексерiстердiң мерзiмдiлiгi бухгалтерлiк құжаттарды сақтаудың белгiленген мерзiмiнен сирек бола алмайды. 
      Осы тармақтың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген мерзiм шегiнде кезектен тыс тексерiстер жүргiзуге кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың басшылары немесе бас бухгалтерлерi ауысқанда, оларда бұрмалаушылықтар мен қиянат жасау орын алғаны туралы хаттар мен дабылдар келiп түскенде, не құқық қорғау органдарының талап етуi бойынша жол берiледi. 
      4. Кәсiпорындардың, кеңшарлардың, бiрлестiктер мен ұйымдардың жанында жұмыс iстеп тұрған шағын кәсiпорындарда, шаруашылық серiктестiктерi мен шаруашылық жүргiзушi басқа да субъектiлерде тексерiстер қолданылып жүрген заңдарға сәйкес құрылтайшы кәсiпорындардағы тексерiстермен бiр мезгiлде жүргiзiледi.<*> 
       Ескерту. 4-шi тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995. 10.12. N 1320 қаулысымен.
      5. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзуде қосарланушылық пен қайталаушылыққа жол бермеу мақсатымен ведомстволық тексерiстердi жүргiзу жоспарлары басқа бақылаушы органдармен: 
      республикалық басқару органдары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетiмен, аймақтық және жергiлiктi бақылау органдары - аталған Комитеттiң тиiстi территориялық бөлiмшелерi мен келiсiледi.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 5-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031  қаулысымен .
      6. Министрлiктер, ведомстволар мен басқа да басқару органдары жүргiзетiн тексерiстер мен тексерулердiң негiзгi мiндеттерi: 
      а) шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық операциялар жасау және оларды белгiленген тәртiппен ресiмдеу кезiнде заңдылықтың сақталуын; 
      ә) бюджеттен бөлiнетiн қаржының, берiлген кредит пен жәрдем қаражаттың, материалдық және қаржы ресурстарының мақсатты да ұтымды пайдаланылуын, ақшалай қаражаттың, бағалы қағаздар мен материалдық игiлiктердiң сақталуы қамтамасыз етiлуiн; 
      б) өнiмнiң, қызметтер мен жұмыстардың бағасы мен тарифтерiн белгiлеудiң; товарлардың әкелiнуi мен республикадан сырт жерлерге әкетiлуiнiң белгiленген тәртiбiнiң сақталуын; 
      в) бухгалтерлiк есеп пен есеп-қисаптың, қаржы, кредит және есеп айырысу операцияларының дұрыс әрi айқын жүргiзiлуiн, бюджет алдындағы мiндеттемелердiң орындалуын; 
      г) валюталық қаражаттың белгiленген тәртiпке сәйкес дұрыс ресiмделуiн және тиiмдi пайдаланылуын, оның валюталық операцияларды жасауға лицензиясы бар республиканың банк мекемелерiнде есепке алынуы мен сақталуының қамтамасыз етiлуiн; 
      ғ) кәсiпорындарды, ұйымдарды және олардың мүлкiн жекешелендiрудiң қолданылып жүрген заңдар мен белгiленген тәртiпке сай келуiн, жекешелендiрiлетiн объектiлер құнының дұрыс есептелуiн; 
      д) тексерiлетiн мекемелер мен шаруашылықты жүргiзушi субъектiлердiң жанында жұмыс iстеп тұрған шағын кәсiпорындармен шаруашылығымен, серiктестiктермен, кооперативтермен және басқа кәсiпкерлiк нарықтық құрылымдармен толық және негiздi түрде есеп айырысуды және сонымен бiрге олардың қызметiнде тексерiлетiн объектiлер басшы қызметкерлерiнiң қатысуының, олардың сыйақы мен материалдық көмек алуының тексерiлуiн;<*> 
      е) бұрынғы тексерiсте немесе тексеруде анықталған жетiспеушiлiктердi жою жөнiндегi нұсқаулардың орындалуын анықтау. 
       Ескерту. 6-шы тармақтың "ж" тармақшасына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.10.12. N 1320  қаулысымен .
      7. Тексерiстер мен тексерулердi жүргiзу мерзiмi 30 күн шегiнде белгiленедi. Елеулi бұрмалаушылықтар мен қиянат жасау анықталған жағдайда барлық мәселелердi тереңдете тексерудi және тексерiс материалдарының сапалы ресiмделуiн қамтамасыз ету үшiн оның жүргiзiлуi мерзiмiн тексерiстi тағайындаған органның басшысы ұзарта алады. 
      8. Тексерiстiң немесе тексерудiң нәтижелерi тексерiс тобының жетекшiсi (тексерушiлер), тексерiс немесе тексеру жүргiзiлген кәсiпорынның, мекеменiң (ұйымның) басшысы мен бас бухгалтерi қол қойған актiмен ресiмделедi. 
      Егер бiрлестiктiң, кәсiпорынның, ұйымның, мекеменiң басшысы немесе бас бухгалтерi актiге қарсы болса және ескертпесi болса, онда олар қол қоюға және сонымен бiрге оған өздерiнiң қарсылығын немесе ескертпесiн жазбаша түрде қоса тiркеуге мiндеттi. 
      9. Тексерiсте немесе тексеруде анықталған бұрмалаушылықты немесе қиянат жасауды жою жөнiнде шұғыл шаралар қолдану және кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту қажет болған жағдайда тексерiс немесе тексеру барысында жеке (аралық) акт жасалады және қажет болған ретте тиiстi материалдар құқық қорғау органдарына жiберiледi. Бұл жайында тексерiстi немесе тексерудi тағайындаған органның басшысына хабарланады. 
      10. Бiрлестiктiң, кәсiпорынның, мекеме мен ұйымның басшысы анықталған бұрмалаушылықтарды тексерiстiң немесе тексерудiң аяқталуын күтпестен жою жөнiнде шара қолдануға мiндеттi. Бұл жайында тексерiс актiсiнде тиiстi жазу жазылады. 
      11. Тексерiстi немесе тексерудi тағайындаған органның басшысы тексерiс немесе тексеру материалдарын екi апта мерзiмде қарап, бұрмалаушылықтар мен жетiспеушiлiктердi жою, материалдық зиянның орнын толтыру, кiнәлi адамдарды жауапкершiлiкке тарту, анықталған бұрмалаушылықтар мен қиянат жасауды туғызған себептер мен жағдайларды жою жөнiнде және олардың алдын алуға байланысты қажеттi ұсыныстар әзiрлеу жөнiнде қажеттi шешiм қабылдауға, сондай-ақ тексерiстер мен тексерулердiң нәтижелерi бойынша қабылданған шешiмдердiң орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге мiндеттi. 
      12. Тексерiс (тексеру) жүргiзу кезiнде тексерушi: 
      кәсiпорындарда, бiрлестiктерде, ұйымдар мен мекемелерде жоспарларды, сметаларды, бухгалтерлiк және басқа құжаттарды қолда бар ақша мен құндылықтарды тексеруге, ал жалған құжаттар, көзбояушылықтар мен басқа да қиянат жасау анықталғанда қажеттi құжаттарды кейiннен құқық қорғау органдарына беру үшiн оларды белгiленген тәртiппен алып қоюға; 
      шикiзаттың, материалдардың, отынның, электр энергиясының және басқа материалдық құндылықтардың өндiрiс шығындарына дұрыс жатқызылуын, дайын өнiмнiң кiрiске толық алынуын тексеруге; 
      тексерiлетiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң басшыларымен бiрлесiп, орындалған жұмыстардың көлемiн бақылау мақсатымен өлшеудi, шикiзат пен материалдарды өндiрiске бақылау мақсатымен қосуды, негiзгi қорларды, тауар-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты түгендеуге және есеп айырысуды ұйымдастыруға, ал қажет болған жағдайда кассалар мен кассалық бөлмелердi, қоймаларды, шағын қоймаларды, архивтердi мөр басып жабуға; 
      басқа бiрлестiктерден, кәсiпорындардан, ұйымдардан, мекемелерден анықтамалар және тексерiлетiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң операцияларына байланысты құжаттардан көшiрмелер алуға; 
      лауазымды адамдардан тексерiстер мен тексерулер жүргiзу барысында туындаған мәселелер бойынша жазбаша түсiнiктер алуға құқылы. 
      13. Тексерушi: 
      - өзiнiң жұмысында қолданылып жүрген заңдар мен басқа да нормативтiк актiлердi қатаң басшылыққа алуға, бұра тартушылық пен әдiлетсiздiкке жол бермеуге; 
      - тексерiлетiн кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың қызметi жөнiнде алынатын мәлiметтердi тек қызмет мақсатында ғана пайдалануға, бұл орайда заңдарда белгiленген коммерциялық құпияны сақтауға мiндеттi. 
      Өзiнiң мiндеттерiн толық орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны, коммерциялық құпияны сақтамағаны, бұра тартушылық пен әдiлетсiздiк көрсеткенi үшiн тексерушi қолданылып жүрген заңға сәйкес тәртiптiк, әкiмшiлiк және қылмыстық жауап бередi. 
      14. Бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң қаржы-шаруашылық қызметiне тексерiстер мен тексерулердi ұйымдастыру және оларды жүргiзу тәртiбi әрбiр салаға орай Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары мен басқа да басқару органдары Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы қаржы-валюталық бақылау комитетiмен келiсе отырып бекiткен нұсқауларда анықталады.<*>
       ЕСКЕРТУ. 14-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. N 1031  қаулысымен .

Об утверждении Положения о ведомственном контроле за финансово-хозяйственной деятельностью объединений, предприятий, организаций и учреждений (извлечение)

Постановление Кабинета Министров Республики Казахстан от 2 сентября 1993 года N 773. Утратило силу - постановлением Правительства РК от 30 ноября 2004 г. N 1246 (P041246)

      Кабинет Министров Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить Положение о ведомственном контроле за финансово-хозяйственной деятельностью объединений, предприятий, организаций и учреждений согласно приложению.
      2. Установить, что руководители контрольно-ревизионного подразделения министерств, ведомств и других органов управления подчиняются по службе непосредственно министрам, первым руководителям ведомств и других органов управления.
      3. Государственному комитету Республики Казахстан по статистике и анализу и Комитету государственного финансового контроля при Кабинете Министров Республики Казахстан до 1 октября 1993 г. определить форму, сроки и порядок представления отчетности по контрольно-ревизионной работе министерств, ведомств и других органов управления.
      4. Комитету финансово-валютного контроля при Министерстве финансов Республики Казахстан на основе обобщения отчетов министерств и ведомств и материалов производимых в них проверок состояния контрольно-ревизионной работы периодически информировать Кабинет Министров Республики Казахстан о результатах ведомственных ревизий и проверок.<*>
      Сноска. Пункт 4 изменен - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      5. Признать утратившим силу постановление Совета Министров Казахской ССР от 6 мая 1981 г. N 213 "О реализации постановления Совета Министров СССР от 2 апреля 1981 г. N 325 "О мерах по улучшению контрольно-ревизионной работы в министерствах, ведомствах и других органах управления" (СП КазССР, 1981 г., N 12, ст. 35).

  Премьер-министр
Республики Казахстан

                                 УТВЕРЖДЕНО
                       постановлением Кабинета Министров
                             Республики Казахстан
                           от 2 сентября 1993 г. N 773

                              ПОЛОЖЕНИЕ
         о ведомственном контроле за финансово-хозяйственной
               деятельностью объединений, предприятий,
                       организаций и учреждений

      1. Министерствами, ведомствами и другими органами управления осуществляется предварительный и текущий контроль за деятельностью подведомственных предприятий, организаций и учреждений при рассмотрении их смет, расчетов, заявок, заключений контрактов, финансировании, рассмотрении отчетов и т.п.
      Последующий контроль, заключающийся в проведении ревизий финансово-хозяйственной деятельности хозяйствующих субъектов и учреждений, осуществляется министерствами, ведомствами, другими органами управления и подчиненными им подразделениями, состоящими за счет бюджетных ассигнований, по перечню, установленному Кабинетом Министров Республики Казахстан.
      Предприятия, организации, банки, ассоциации, концерны, холдинги, кооперативные и общественные организации и другие хозяйственные органы вопрос создания ведомственного контроля решают самостоятельно.
      2. Целью ведомственных ревизий и проверок является обеспечение контроля за сохранностью и правильным расходованием денежных, в том числе валютных средств и материальных ценностей, правильностью ведения бухгалтерского учета и достоверностью отчетности на подведомственных предприятиях, в учреждениях и организациях.
      3. Ревизии и проверки финансово-хозяйственной деятельности объединений, предприятий, организаций и учреждений назначаются в каждом отдельном случае руководителем соответствующего органа и проводятся на предприятиях, в объединениях и организациях, состоящих на хозяйственном расчете, комплексно не чаще одного раза в год, а в других организациях и учреждениях - не чаще одного раза в два года.
      Но во всех случаях периодичность ревизий на каждом предприятии, в учреждении и организации не может быть реже установленных сроков хранения бухгалтерских документов.
      Проведение внеочередных ревизий в пределах сроков, указанных в части первой настоящего пункта, допускается при смене руководителей или главных бухгалтеров предприятий, учреждений и организаций, при поступлении писем и сигналов о наличии в них нарушений и злоупотреблений, либо по требованиям правоохранительных органов.
      4. Ревизии на малых предприятиях, хозяйственных товариществах и других субъектах хозяйствования, функционирующих при предприятиях, совхозах, объединениях и организациях, проводятся одновременно с ревизиями на предприятиях-учредителях в соответствии с действующим законодательством.<*>
      Сноска. В пункт 4 внесены изменения - постановлением КМ РК от 12 октября 1995 г. N 1320.
      5. В целях недопущения параллелизма и дублирования в проведении ревизий и проверок с другими контролирующими органами планы проведения ведомственных ревизий согласовываются:
      республиканскими органами управления - с Комитетом финансово-валютного контроля при Министерстве финансов Республики Казахстан;<*>
      региональными и местными органами управления - с соответствующими территориальными подразделениями названного Комитета.
      Сноска. Абзац второй пункта 5 изменен - постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .
      6. Основными задачами ревизий и проверок, проводимых министерствами, ведомствами и другими органами управления, является выяснение:
      а) соблюдения хозяйствующими субъектами и учреждениями законности при совершении финансово-хозяйственных операций и их оформления в установленном порядке;
      б) целевого и рационального использования выделяемых из бюджета ассигнований, предоставленных кредитов и субсидий, материальных и финансовых ресурсов, обеспечения сохранности денежных средств, ценных бумаг и материальных ценностей;
      в) соблюдения установленного порядка формирования цен и тарифов на продукцию, услуги и работы; ввоза и вывоза товаров за пределы республики;
      г) правильности и достоверности ведения бухгалтерского учета и отчетности, финансовых, кредитных и расчетных операций, выполнения обязательств перед бюджетом;
      д) правильности формирования и эффективности использования в соответствии с установленным порядком валютных средств, обеспечения их учета и хранения в учреждениях банков республики, имеющих лицензию на совершение валютных операций;
      е) соответствия действующему законодательству и установленному порядку приватизации предприятий, организаций и их имущества, правильности расчетов стоимости приватизируемых объектов;
      ж) полноты и обоснованности расчетов с действующими при ревизуемых учреждениях и хозяйствующих субъектах малыми предприятиями, хозяйственными товариществами, кооперативами и другими предпринимательскими рыночными структурами с одновременной проверкой участия в их деятельности руководящих работников ревизуемых объектов и получения ими вознаграждений и материальной помощи;<*>
      Сноска. В подпункт "ж" внесены изменения - постановлением КМ РК от 12 октября 1995 г. N 1320.
      з) выполнения указаний по устранению недостатков, выявленных предыдущей ревизией или проверкой.
      7. Срок проведения ревизий и проверок устанавливается в пределах 30 дней. В случаях выявления серьезных нарушений и злоупотреблений для обеспечения глубокой проверки всех вопросов и качественного оформления материалов ревизии срок ее проведения может быть продлен руководителем органа, назначившего ревизию.
      8. Результаты ревизии или проверки оформляются актом за подписями руководителя ревизионной группы (ревизора), руководителя и главного бухгалтера предприятия, учреждения (организации), где проводилась ревизия или проверка.
      Если руководитель или главный бухгалтер объединения, предприятия, организации, учреждения имеют возражения и замечания по акту, то они должны подписать его и одновременно приложить к нему свои возражения или замечания письменно.
      9. В тех случаях, когда необходимо принять срочные меры к устранению выявленных ревизией или проверкой нарушений или злоупотреблений и привлечь к ответственности виновных лиц, в ходе ревизии или проверки составляется отдельный (промежуточный) акт, и соответствующие материалы направляются при необходимости в правоохранительные органы, о чем информируется руководитель органа, назначившего ревизию или проверку.
      10. Руководитель объединения, предприятия, учреждения и организации обязан принять меры к устранению выявленных нарушений, не ожидая окончания ревизии или проверки, о чем делается соответствующая запись в акте ревизии.
      11. Руководитель органа, назначившего ревизию или проверку, обязан в двухнедельный срок рассмотреть материалы ревизии или проверки и принять необходимое решение по устранению нарушений и недостатков, возмещению материального ущерба, привлечению к ответственности виновных лиц, устранению причин и условий, способствовавших выявленным нарушениям и злоупотреблениям, и по разработке необходимых предложений по их предупреждению, а также обеспечить контроль за выполнением решений, принятых по результатам ревизий и проверок.
      12. При проведении ревизий (проверок) ревизор имеет право:
      проверять на предприятиях, в объединениях, организациях и учреждениях планы, сметы, денежные, бухгалтерские и другие документы, наличие денег и ценностей, а при обнаружении подделок, подлогов и других злоупотреблений изымать в установленном порядке необходимые документы для последующей передачи их правоохранительным органам;
      проверять правильность списания сырья, материалов, топлива, электроэнергии и других материальных ценностей на издержки производства, полноту оприходования готовой продукции;
      организовывать совместно с руководителями ревизуемых объединений, предприятий, организаций и учреждений контрольные обмеры объемов выполненных работ, контрольные запуски сырья и материалов в производство, проведение инвентаризации основных фондов, товарно-материальных ценностей, денежных средств и расчетов, а в необходимых случаях опечатывать кассы и кассовые помещения, склады, кладовые, архивы;
      получать от других объединений, предприятий, организаций, учреждений справки и копии с документов, связанных с операциями ревизуемых объединений, предприятий, организаций и учреждений;
      получать от должностных лиц письменные объяснения по вопросам, возникшим в ходе проведения ревизий и проверок.
      13. Ревизор обязан:
      - строго руководствоваться в своей работе действующим законодательством и другими нормативными актами, не допуская проявлений предвзятости и необъективности;
      - использовать получаемые сведения по деятельности ревизуемых предприятий, учреждений и организаций исключительно в служебных целях с соблюдением установленной законодательством коммерческой тайны.
      За невыполнение или ненадлежащее выполнение своих обязанностей, несоблюдение коммерческой тайны, проявления предвзятости и необъективности ревизор несет дисциплинарную, административную и уголовную ответственность в соответствии с действующим законодательством.
      14. Организация и порядок проведения ревизий и проверок финансово-хозяйственной деятельности объединений, предприятий, организаций и учреждений применительно к каждой отрасли определяются инструкциями, утвержденными министерствами, ведомствами и другими органами управления Республики Казахстан по согласованию с Комитетом финансово-валютного контроля при Министерстве финансов Республики Казахстан.<*>
      Сноска. Пункт 14 изменен -постановлением Правительства РК от 20 августа 1996 г. N 1031 P961031_ .