Байланыс формасы

Пайдалы қазбалар қоры жөнiндегi ақпарат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 қазан 1993 ж. N 999

      Пайдалы қазбалар қоры жөнiнде ақпарат берудi тәртiпке келтiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы кодексiнiң 57-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жыл сайын 1 қаңтарға дейiнгi жағдай бойынша:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне пайдалы қазбалардың барлық түрлерi бойынша;
      Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне, Өнеркәсiп министрлiгiне, Су ресурстары жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - тиiстiлiгiне қарай пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк баланстарын берiп отырады деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады