Байланыс формасы

Әскери қызметшiлерге кооперативтiк тұрғын-жай, жеке тұрғын үй салуға өтемсiз қаржы көмегiн көрсету тәртiбi және осы мақсатқа бөлiнген ақшалай қаржының нысаналы түрде пайдаланылуын бақылау туралы нұсқауды бекiту жөнiнде

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қарашадағы N 1207 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 тамыздағы № 1091 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.08.28 N 1091 (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Әскери қызметшiлерге кооперативтiк тұрғын-жай, жеке тұрғын үй салуға өтемсiз қаржы көмегiн көрсету және осы мақсатқа бөлiнгенақшалай қаржының нысаналы түрде пайдаланылуын бақылау тәртiбi туралы осыған қосылған нұсқау бекiтiлсiн.
      2. Осы Нұсқау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi әскерлерiнiң, Республика ұланының және басқа әскери құрамаларының әскери қызметшiлерiне қолданылсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 30 қарашадағы
                                           N 1207 қаулысымен
                                              Бекiтiлген


            Әскери қызметшiлерге кооперативтiк
       тұрғын-жай, жеке тұрғын үй салуға өтемсiз
         қаржы көмегiн көрсету тәртiбi және осы
       мақсатқа бөлiнген ақшалай қаржының нысаналы
            түрде пайдаланылуын бақылау туралы
                         Нұсқау

      1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери бөлiмдерi, мекемелерi, әскери оқу орындары, кәсiпорындары мен ұйымдары офицер құрамындағы адамдарға шарт бойынша қызмет атқарып жүрген прапорщиктерге өз қызметiн үзiлiссiз және мiнсiз атқарып жүрген мерзiмнен тыс әскери қызметшiлерге, сондай-ақ жасына, науқастануына, денсаулығының шектеулi болуына, штаттың қысқаруына байланысты әскери қызметтен босаған 10 күнтiзбе жылдан 15 күнтiзбе жылға дейiн қызмет өткерген адамдарға - кооперативтiк тұрғын-жай құнының немесе Қазақстан Республикасының Тұрғын үй кодексiнде көзделген жалпы тұрғын алаң нормалары шегiнде жеке тұрғын үй салу үшiн алған банк несиесi мөлшерiнiң 30 процентi, 15 күнтiзбе жылдан 20 күнтiзбе жылға дейiн - 50 процентi, 20 күнтiзбе және одан да астам болса - 100 процентi мөлшерiнде өтемсiз қаржы көмегiн көрсетедi.
      2. Өтемсiз ақшалай қаржы көмегiн алу үшiн әскери қызметшiлер өз командасына, ал запасқа немесе әскери қызметтен мүлде босағандар - әскери комиссардың атына тұрғын үй-құрылыс немесе тұрғын үй кооперативi басқармасының құрылыс аяқталған кездегi нақты шығынын еске ала отырып (тұрғын үй сатып алуға несие берiлген жағдайда - берiлген несиенiң мөлшерi және оны өтеу мерзiмi туралы банк құжаттары) жеке тұрғын үй құрылысының құнын (берiлген тұрғын алаң құнын) айғақтайтын анықтамасын немесе басқа құжаттарды, сондай-ақ өтелмеген қарыздың сомасы туралы құжаттарды қоса тiркеп рапорт бередi.
      3. Тапсырылған құжаттар және әскери бөлiмнiң тұрғын үй комиссиясының қорытындысы негiзiнде кооперативтiк тұрғын үйдiң құнын немесе банк несиесiн төлеу жөнiндегi берешектi жартылай (толық) өтеу үшiн әскери қызметкерлерге өтемсiз қаржы көмегiн көрсету туралы шешiмдi әскери бөлiм командирi қабылдайды және оның бұйрығымен ресiмделедi, ал запасқа немесе әскери қызметтен мүлдем босағандарға - тұрғылықты жерiндегi әскери комиссарлар шешедi. Әскери командир (әскери комиссар) бұйрығынан алынған үзiндi әскери қызметшiнiң (запасқа шыққан не әскерден мүлде босаған адамның) жеке iсiнiң қосымша материалдар бөлiмiне тiркеледi.
      4. Өтемсiз ақшалай қаржы көмегiн көрсетуге арналған қаржы Қазақстан Республикасы банкiсiнiң тиiстi мекемелерiндегi тұрғын үй-құрылыс немесе тұрғын үй кооперативтерiнiң есепшотына қолма-қол ақшасыз есеп айырысу бойынша аударылады.
      5. Смета-бюджет тәртiбiмен қаржыландырылатын әскери бөлiмдердiң әскери қызметшiлерiне өтемсiз көмек көрсетуге байланысты шығындар республикалық бюджеттiң осы мақсатқа арнайы бөлiнген қаржысы есебiнен жасалады. Аталған ақшалай қаржыны үлес беретiн қаржы органдары iс жүзiнде жасалған шығындар сомасы мөлшерiнде, белгiленген тәртiппен табыс етiлген талаптама (өтiнiм) негiзiнде тағайындайды.
      6. Әскери қызметшiге өтемсiз қаржы көмегi көрсетiлгенi және оның мөлшерi туралы әскери бөлiмнiң қаржы қызметi әскери қызметшiнiң жеке iсiне және оның есеп айырысу кiтапшасының 12 бөлiмiнiң "Б" бөлiмшесiнде мынадай редакцияда жазба түзiледi: "199__жылғы "___""_________N________,_______әскери бөлiм командирiнiң бұйрығы негiзiнде кооперативтiк тұрғын үй құнын төлеу жөнiндегi берешегiн өтеуге (жеке тұрғын үй салуға берiлген банк несиесiн өтеуге) ---------------- сом мөлшерiнде өтемсiз қаржы
                     жазбаша көмегi көрсетiлдi".
      Жазба қаржы қызметi бастығының қолымен және әскери бөлiмнiң елтаңбалы мөрiмен айғақталады. Кiтапша ауыстырылған кезде әлгi жазба жаңа есеп айырысу кiтапшасына көшiрiледi.
      7. Әскери қызметшi Қарулы Күштер кадрынан қызметке сәйкессiздiгi бойынша, әскери қызметшi атағының беделiн түсiретiн iс-әрекетi үшiн немесе қылмыс жасағаны үшiн босатылуына байланысты шығарылған жағдайда оған өтемсiз қаржы көмегi ретiнде бөлiнген қаржы 5 жылға дейiнгi мерзiмде соңғы әскери қызмет атқарған әскери бөлiмге қайтарылуға тиiс. Бұл жағдайда ақшаны өндiрiп алу және мойнына жазып қою кiтапшасында (N 35 нысан) әрбiр әскери қызметшiге жеке есепшот ашылып, онда қайталауға жататын сома көрсетiледi. Мұндай жағдайда аталған әскери қызметшiлердiң жеке есепшотына арналып кiтабында жеке бөлiм белгiленедi.
      Қос есеп жүйесiмен бухгалтерлiк есеп жүргiзушi әскери бөлiмдерде бұл сом қарыз бойынша N 76 есепшотта "Әртүрлi дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысу", ал кредит бойынша N 83 есепшотта "Болашақ кезеңнiң кiрiстерi" көрсетiледi.
      Аталған мерзiмде қайтарылмаған қаржы қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өндiрiлiп алынады.
      Сметалық-бюджеттiк қаржыландыруда тұрған әскери бөлiмдерде қайтарылған қаржы көмегiнiң сомасы ағымдағы жылдың операцияларына - Қорғаныс министрлiгi сметасының қаржы көмегi көрсетiлген 5123 бабына - (өтемсiз қаржы көмегi) есептеледi, ал оның алдындағы жылғы операциялар бойынша - N 425 "Бұрынғы жылдың бюджеттiк сомалары" (сметалық-бюджеттiк қаржыландыруда тұрған және қос есеп жүйесiмен есеп жүргiзушi әскери бөлiмдерде - тиiстi есепшотқа) есептеледi және бюджет кiрiсiне тапсырылады.
      8. Офицер құрамындағы адамдар, прапорщиктер және мерзiмнен тыс қызметтiң әскери қызметшiлерi, оның iшiнде басқа тұрғылықты жерге ауысуына байланысты тұрғын үй-құрылыс немесе тұрғын үй кооперативтерiнен шығатындар, үлестiк жарнасын ала отырып, өтемсiз қаржы көмегiн алған сәттен бастап он жылдық мерзiм өткенге дейiн өтемсiз қаржы көмегiнiң сомасын ең соңғы әскери қызмет атқарған әскери бөлiмге қайтаруға мiндеттi.
      Егер, әскери қызметшiлер, оның iшiнде басқа мекен-жайға ауысатындар, өтемсiз қаржы көмегiн алған сәттен бастап онжылдық мерзiм өткенге дейiн жеке тұрғын үйiн сататын болса, онда өтемсiз қаржы көмегi ретiнде алған қаржыны олар ең соңғы қызмет атқарған әскери бөлiмiне қайтаруы тиiс.
      9. Аталған қаржыны әскери қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң (мерзiмнен тыс әскери қызметшiлерден басқа) уақтылы қайтаруын бақылауды пәтерлердi пайдалану және қаржы органдары, ал запасқа шыққан немесе әскери қызметтен мүлде босаған адамдардың қайтаруын - тұрғылықты жерiндегi әскери комиссариаттардың қаржы органдары жүзеге асырады (7-тармақта көрсетiлген адамдар үшiн).
      10. Әскери бөлiм командирлерi мен пәтерлердi пайдалану органдары өтемсiз қаржы көмегiн алған сәттен бастап онжылдық мерзiм өткенге дейiн тұрғын үй-құрылыс, тұрғын үй кооперативтерiнен шыққан немесе жеке тұрғын үйiн сатқан, бiрақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға мұқтаж әскери қызметшiлерге Қорғаныс министрлiгi қорынан тұрғын жай беру туралы шешiмдi олар өтемсiз қаржы көмегiн қайтарғанын дәлелдейтiн құжаттарды тапсырғаннан кейiн қабылдайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады