БҰРЫНҒЫ СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚ ПОЛИГОНЫ АУМАҒЫНДА ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 7 қаңтар 1994 ж. N 44 1994 жылғы 7 қаңтар N 44

      Қазақстан Республикасы Ұлттық ядролық орталығының атом энергетикасын дамытып, ядролық сынақтардың зардабын жою және тиiстi аймақтарды әлеуметтiк-экономикалық оңалту жөнiндегi жұмысын ұлғайту мақсатында, сондай-ақ бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының аумағында тау-кен жұмыстары мен басқа да шаруашылық қызметiн қауiпсiз жүргiзудiң қосымша шараларын қолдану үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына пайдалы қазбаларды барлау мен өндiру, оларды ұқсату және сату үшiн бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны шеңберiнде жер қойнауын геологиялық зерттеудiң және жер қойнауын (пайдалануға объектiлерден басқасын) пайдаланудың бiрiншi кезектегi құқықтары Жер қойнауы және минералдық шикiзатты ұқсату туралы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Ведомостары, 1992 ж., N 9, 248-бап) көзделген тәртiппен Орталық қызметiнiң бүкiл мерзiмiне берiлетiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығына жеке адамдардың, жеке компаниялардың, оның iшiнде шет ел компанияларының қаражаты мен олардың материалдық құндылықтары енгiзiлетiн жарғылық әрi инвестициялық қорлары бар акционерлiк және басқа компанияларды белгiленген тәртiппен құруына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi бекiткен жұмыс бағдарламасына сәйкес бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аумағында жер қойнауын геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте тиiстi жылға арналып көзделген, минералды шикiзат ресурстарын молайту және жер қойнауын қорғау қорының қаржысы есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады