ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУШЫЛАРДЫ АТТЕСТАТТАУДЫҢ ТӘРТIБI ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 2 ақпан N 128. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.01.09. N 18 қаулысымен.~P010018

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже мен жер қойнауын пайдалануға арналған Аттестат нысаны бекiтiлсiн.
 
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                        1994 жылғы 2 ақпандағы
                                            N 128 қаулысымен
                                             Бекiтiлген
             Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың
                          тәртiбi туралы
                              Ереже
      1. Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбi туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексiне сәйкес әзiрлендi әрi жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттаудың тәртiбiн айқындайды.
      2. Меншiктiң барлық нысандарындағы жер қойнауын пайдаланушы кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, азаматтар, қызмет нысандарының бiрi жер қойнауын пайдалану болып табылатын шетелдiң қатысуындағы кәсiпорындар, сондай-ақ жер қойнауын контракт немесе концессия шартымен пайдаланатын шетелдiң заңды және жеке тұлғалары аттестаттауға жатады.
      3. Аттестаттау, жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi, жер қойнауын геологиялық зерттеу, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу немесе жер қойнауын өзге де мақсаттарға пайдалану жөнiндегi техникалық, бiлiктiлiк және қаржы-экономикалық мүмкiндiктерiнiң Қазақстан Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексi мен басқа да заңдарының талаптарына олардың сәйкестiгiн орнықтыру мақсатында жүргiзiледi.
      4. Жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттауды:
      - геологиялық зерттеулер, геологиялық, гидрогеологиялық, геофизикалық, маркшейдерлiк, байқап көру-талдау жұмыстары үшiн - Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы;
      - пайдалы қазбаларды өндiру, минералдық шикiзатты өңдеу және өзге мақсаттар үшiн - Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң аттестаттау комиссиялары жүргiзедi.
      - кең таралған пайдалы қазбаларды өндiрiстiк мақсатта өндiру үшiн - Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiнiң аттестаттау комиссиясы жүргiзедi.
      Ескерту. 4-тармақ толықтырылды - ҚРМК-нiң 1994 ж. 19 мамыр
               N 538 қаулысымен.
      5. Аттестаттау жер қойнауын пайдаланудың:
      геологиялық зерттеу;
      пайдалы қазбаларды өндiру;
      пайдалы қазбаларды өндiруге байланысы жоқ жер асты құрылғыларын салу мен пайдалану, соның iшiнде мұнайды, газды және басқа заттар мен материалдарды жер астында сақтауға арналған құрылғылар, өндiрiстiң зиянды заттары мен қалдықтарын, сарқынды суларды көму;
      өзге де мұқтаждық түрлерi бойынша жүргiзiледi.
      Жер қойнауын пайдаланудың әрбiр түрiне тиiстi мазмұндағы аттестат берiледi.
      Жер қойнауын геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды өндiру, минералдық шикiзатты өңдеу, өзге де мақсаттарға пайдалану үшiн берiлген аттестаттарды тiркеудi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жүргiзедi.
      6. Аттестаттау комиссиясы аттестаттауға табыс етiлген құжаттарды олардың түсуiне қарай қажет болған жағдайда аттестаттаудан өтетiн жер қойнауын пайдаланушылардың өкiлiн қатыстыра отырып қарайды.
      7. Жер қойнауын пайдаланушылардың жұмыстың жекелеген түрлерiн жүргiзу жөнiндегi мүмкiндiктерiн бағалау үшiн комиссия қажет болған жағдайда сарапшылар шақырады.
      8. Геологиялық зерттеу үшiн жер қойнауын пайдаланушыларды аттестаттау геологиялық зерттеу жөнiндегi жұмыстың түрлерi немесе жиынтығы бойынша, минералдық шикiзатты өндiру мен өңдеу және өзге мақсаттар бойынша жүргiзiледi.
      Аттестаттау үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының аттестаттау комиссияларына мынадай құжаттар тапсырылады:
      аттестаттауға өтiнiм;
      кәсiпорынның жарғысы немесе ережесi;
      құрылтайшылық шарты (жеке және акционерлiк кәсiпорындар үшiн);
      кәсiпорын жарғысының жергiлiктi өкiмет органдарында тiркелгенi туралы куәлiк;
      техникалық жағынан қамтамасыз етiлгенi туралы мәлiметтер;
      басшылар және негiзгi орындаушылар туралы мәлiметтер;
      лабораториялық талдау негiзi туралы мәлiметтер.
      Шет елдiк заңды және жеке тұлғалар жоғарыда аталған құжаттардан бөлек жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған контрактiлердiң немесе концессиялардың көшiрмесiн тапсырады.
      9. Осы ереже күшiне енгiзiлгенге дейiн жер қойнауын геологиялық зерттеумен, минералдық шикiзатты өндiрумен және өңдеумен айналысқан жер қойнауын пайдаланушылар, ол бекiтiлгеннен кейiн үш ай iшiнде өздерiнiң жер қойнауын пайдалануға құқын растауы қажет. Бұл үшiн олар Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының аттестаттау комиссияларына осы Ереженiң 8 тармағында көрсетiлген құжаттарды табыс етедi.
      10. Аттестаттың жарамдылық мерзiмi аттестаттау комиссиясының шешiмiмен белгiленедi.
      11. Аттестаттың күшi:
      аты немесе меншiк нысаны өзгерген кәсiпорын, не болмаса өзге де шаруашылық қызмет субъектiсi таратылған немесе қайта құрылған кезде;
      кәсiпорын аттестатта көзделген жұмыстарды жүргiзуден бас тартқан жағдайда;
      мемлекеттiк бақылау органдары белгiленген Қазақстан

 

Республикасының жер қойнауы және минералдық шикiзатты өңдеу Кодексi

мен жер қойнауын пайдалану жөнiндегi өзге де заң актiлерi

бұзылғанда;

     аттестатты алған сәттен бастап бiр жылдан астам мерзiмде

жұмыстардың тiркелген жобасы болмағанда;

     аттестатты алған сәттен бастап бiр жылдан астам мерзiмде

жұмыстардың басталу мерзiмiн өткiзiп алғанда мерзiмiнен бұрын

тоқтатылуы мүмкiн.

     12. Аттестаттың күшiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы:

     пайдаланушы жердi пайдалануға шарт жасасқан жергiлiктi өкiмет

органдарына;

     жоба тiркелген органдарға хабарланады.

     Аттестат оны берген министрлiктегi және ведомстводағы

аттестаттау комиссиясына қайтарылады.

     13. Кәсiпорын аттестаттың күшi тоқтатылғаны туралы шешiммен

келiспеген жағдайда ол шешiмге белгiленген тәртiппен шағым жасай

алады.

     14. Аттестат жұмыс түрiне қарай жер қойнауын пайдаланушылардың

құқын айқындайды және оны басқа кәсiпорындарға, соның iшiнде

еншiлестерiне де беруге болмайды.

     15. Аттестат халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерiмен

келiсе отырып оған геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды өндiру

үшiн бөлiнiп берiлген жердi пайдалану құқын куәландырады.

     16. Аттестаттауға байланысты шығындарды аттестаттау

жүргiзiлген ұйым төлейдi.

                                       Қазақстан Республикасы

                                       Министрлер Кабинетiнiң

                                       1994 жылғы 2 ақпандағы

                                           N 128 қаулысымен

                                            Бекiтiлген

            Жер қойнауын пайдалануға арналған

                        Аттестат


Қазақстан Республикасы _____________________________________________

                                  министрлiктiң,

___________________________________________аттестаттау комиссиясының

      ведомствоның аты

199___жылғы "____" ____________N______________хаттамасының шешiмiмен


____________________________________________________________________

               кәсiпорынның, ұйымның аты, орналасқан жерi

жер қойнауын________________________________________________________

                 жер қойнауын пайдаланудың жұмыс түрлерi


____________________________________________________________________


пайдалану құқы берiлдi.



Тiркеу N

Аттестаттау комиссиясының

төрағасы                    ________________________________________





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады