"Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясын құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 17 маусым 1994 ж. N 666

      Шаруашылық және басқару функцияларын бөлу, телекоммуникациялар кәсiпорындарын басқару құрылымдарын одан әрi жетiлдiру, телекоммуникациялар желiлерiн жаңартудың iрi бағдарламаларын жүзеге асыру, меншiктi қаржы ресурстарын шоғырландыру, шет ел инвестицияларын тарту мақсатымен және "Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникация министрлiгiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1994 жылғы 13 маусымдағы N 1731 U941731_ Жарлығы негiзiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi жүйесiнiң қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындары, акционерлiк қоғамдары мен телекоммуникация ұйымдары құрамына кiретiн "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
      Компанияның:
      өз құрамына кiретiн телекоммуникация кәсiпорындарының халықаралық мiндеттемелерiнiң құқылық мұрагерi болып табылады;
      өз құрамына кiретiн кәсiпорындары мен ұйымдарға қажеттi құрылымдық өзгерiстер енгiзуге құқығы бар деп белгiленсiн.
      Компанияның атқарушы аппаратының тұратын жерi Алматы қаласы деп анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Компанияның мемлекеттiк және мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiнде жұмыс жүргiзiп, бiр ай мерзiм iшiнде құрылтай құжаттарын әзiрлесiн.
      Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiн және акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн басқару, иелену және пайдалану құқығын, ал мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерлiк қоғам болып қайта құрылуына қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында анықталған тәртiп бойынша акциялардың мемлекеттiк пакетiн басқару, иемдену және пайдалану құқығын оған табыстайтын болсын.
      Компанияның басшыларын тағайындау және бекiту "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысында анықталған тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
      3. "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясына:
      телекоммуникациялардың ұлттық операторы функциясын атқару, басқа елдердiң телекоммуникация операторларымен өзара қарым-қатынастар жасау;
      Қазақстан Республикасының осы заманғы техникалық құралдар мен телекоммуникация қызметтерiне деген қажетiн қамтамасыз ету;
      барлық байланыс түрiнiң желiсiн пайдалану, жоспарлау, дамыту және басқару;
      телекоммуникация кәсiпорындарында кадрларды қайта даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру жүктелсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi:
      "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясына оны қалыптастыруына қажеттi көмек көрсетсiн;
      телекоммуникация саласында Қазақстан Республикасының мүдделерiн қорғауды және мемлекеттiк саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етсiн;
      нарықты қалыптастыру мен дамытуға, телекоммуникация қызметiнiң монополияға қарсы саясатын жүргiзуге, республиканың телекоммуникация құралдарына деген мемлекеттiк мұқтажын уақтылы, сапалы қамтамасыз етуге жәрдемдесетiн болсын;

     телекоммуникация желiсiнiң жұмыс iстеуiнiң құқықтық және 
нормативтiк тәртiбiн анықтайтын заңдық және өзге де нормативтi
актiлердiң, стандарттар мен нормалардың жобалары әзiрленуiн
тездетсiн.
     5. 1994 жылдың соңына дейiн пошта байланысы мемлекеттiк 
қызметiн телекоммуникация желiсiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының
табысын қайта бөлу есебiнен iшiнара дотациялау сақталсын, бұл үшiн
Компанияда орталықтандырылған шот ашылсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 17 маусымдағы
                                       N 666 қаулысына қосымша

            "Қазақтелеком" ұлттық акционерлiк компаниясының
            құрамына кiретiн кәсiпорындардың, акционерлiк
                    қоғамдардың және ұйымдардың
                           Тiзбесi
     
Алматы облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Алматы қаласы
Ақмола облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны, 
Ақмола қаласы
Ақтөбе облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Ақтөбе қаласы
Атырау облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Атырау қаласы
Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Өскемен қаласы
Жамбыл облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Жамбыл қаласы
Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Орал қаласы
Қарағанды облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Қарағанды қаласы
Қызылорда облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Қызылорда қаласы
Көкшетау облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Көкшетау қаласы
Қостанай облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Қостанай қаласы
Маңғыстау облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Ақтау қаласы
Павлодар облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Павлодар қаласы
Солтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар
кәсiпорны, Петропавл қаласы
Семей облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны, Семей
қаласы
Талдықорған облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны,
Талдықорған қаласы
Торғай облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар кәсiпорны, 
Арқалық қаласы
Оңтүстiк Қазақстан облыстық мемлекеттiк телекоммуникациялар
кәсiпорны, Шымкент қаласы
Алматы қалалық "АЛТЕБА" телекоммуникациялар кәсiпорны, Алматы
қаласы
Ленинск қалалық байланыс торабы, Ленинск қаласы
N 11 аумақтық өндiрiстiк қалааралық байланыс және теледидар 
бiрлестiгi, Алматы қаласы
Республикалық радио және теледидар өндiрiс бiрлестiгi, Алматы
қаласы
Республикалық қалааралық халықаралық телефон станциясы, Алматы қаласы
Республикалық телеграф, Алматы қаласы

Алматы радио-телевизиялық тарату стансасы, Алматы қаласы Республикалық ғарыштық байланыс орталығы, Алматы қаласы "Қазбайланыс ҒЖИ" институты, Алматы қаласы

Республикалық байланыс қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру
институты, Алматы қаласы
"Арна-спринт" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
"БеСет" жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгi, Алматы қаласы
"Арна" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы
"Қазбайланыскомплект" республикалық мемлекеттiк бiрлестiгi, 
Алматы қаласы
Республикалық радиоландыру орталығы, Алматы қаласы
Алматы электр байланысы техникумы, Алматы қаласы
Ақтөбе электр байланыс техникумы, Ақтөбе қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады