Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссиясының мәселелерi <*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 27 қаңтар 1995 ж. N 98. Қаулының атауына өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1058 қаулысымен. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.10.28. N 1369 қаулысымен. ~P011369

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1994 жылғы 20 наурыздағы N 1613  U941613_  Жарлығын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 15, 140-бап) орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      (1-шi тармақ)<*> 
      Ескерту. 1-тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995.08.01. N 1058 
               қаулысымен.  
      2. Ұлттық комиссия Төрағасына еңбекақы төлеудiң, материалдық-тұрмыстық қамтамасыз етудiң, көлiктiң және медициналық қызмет көрсетудiң шарты Министр деңгейiнде, ал Ұлттық комиссия мүшелерiне - Қазақстан Республикасы Министрiнiң бiрiншi орынбасары деңгейiнде белгiленсiн. 
      3.<*> 
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРҮ-нiң 1996.08.20. 
               N 1033 қаулысымен.  P961033_  
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң орталық аппаратының саны 8 адамға қысқартылсын. 
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Ұлттық комиссия мен оның атқарушы аппаратын ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн. 
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ұлттық комиссия мен оның атқарушы аппаратын Алматы қаласы, Тимирязов көшесi, 17 мекен-жайындағы қызмет ғимаратына орналастырсын. 
      7. Ұлттық комиссия мен оның атқарушы аппараты үшiн қызметке арналған 6 жеңiл автомобильге лимит белгiленсiн. 
      8. Қазақстан Республикасының көлiк және коммуникациялар министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Ұлттық комиссия мен атқару аппаратын қажеттi байланыс түрлерiмен белгiленген тәртiппен қамтамасыз етсiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi және Қаржы министрлiгi Ұлттық комиссия мен оның атқару аппараты үшiн тұрғын үй құрылысына, қызметтiк үй-жайға және әлеуметтiк тұрмыстық мақсаттағы объектiлерге арналған мемлекеттiк күрделi қаржыны және оларды қаржыландыруға арналған қажеттi қаражатты жыл сайын қарастыратын болсын.
     (10-шi тармақ)<*>
     Ескерту. 10-шi тармақ күшiн жойды - ҚРМК-нiң 1995.08.01.
              N 1058 қаулысымен.
     11. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi Ұлттық комиссиямен бiрлесiп бағалы қағаздар нарығы мәселелерiн реттейтiн қолданылып жүрген заң актiлерiне тиiстi өзгерiстер енгiзу туралы ұсыныс әзiрлейтiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады