"Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын қайта ұйымдастыру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 105

      Реформаларды жетiлдiру және экономикалық дағдарыстан шығу жөнiндегi Үкiметтiң iс-қимылы Бағдарламасына сәйкес, нарықтық қатынастарды қалыптастыру, бәсекелестiктi дамыту мен жекешелендiру процесiн тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң және "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы Бақылаушы кеңесiнiң осы компанияны "Астық" акционерлiк компаниясы етiп қайта ұйымдастыруы туралы шешiмi қабылдансын.
      2. <*>
      3. <*>
      Ескерту. 2,3 тармақтар күшiн жойған - ҚРМК-нiң 1995.11.06.
               N 1450 қаулысымен. P951450_
      4. "Астық" акционерлiк компаниясына астық және астық өнiмдерiн мемлекетке сатып алуға, сақтауға, ұқсату мен сатуға құқық берiлсiн.
      5. Мемлекет мұқтажы үшiн 1994 жылы астық сатып "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы арқылы орталықтандырылған қаражат есебiнен жүзеге асырылғаны ескерiлiп, аталған қаражаттың мұрагерi "Астық" акционерлiк қоғамы болып табылады деп белгiленсiн. Мемлекеттiк астық ресурстарының барлық көлемi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң тапсырмалары негiзiнде "Астық" акционерлiк компаниясы беретiн нарядтар бойынша ғана пайдалануға тиiс.
      Республиканың мемлекеттiк ресурстарындағы астықтың бөлiнуi мен пайдаланылуына облыс әкiмдерiнiң араласуына тыйым салынсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және "Астық" акционерлiк компаниясымен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде қайта ұйымдастырылған "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының мiндеттемелерi бойынша мұрагерлерiн белгiлесiн.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрге бұрын "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының құрамында болған Мемлекеттiк астық инспекциясының мәртебесi мен қызмет ету тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзсiн;
      нан өнiмдерiнiң саласы бойынша басқарудың мемлекеттiк функцияларын жүзеге асырсын, мыналарды:
      1) саланы дамытудың келешектегi жоспарларын-болжамдарын әзiрлеудi және бiрыңғай техникалық саясат жүргiзудi;
      2) мемлекеттiк астық ресурсының баланстарын, оның жұмылдырушылық және сақтандыру қорларын әзiрлеудi назарда ұстасын.
      8. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 10 қыркүйектегi N 865 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 37, 433-бап) күшi жойылған деп танылсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 31 қаңтардағы N 105 қаулысына N 1 қосымша


           Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi "Астық"

          акционерлiк компаниясының жарғылық қорында
              қалатын акционерлiк қоғамдардың     
                        тiзбесi

     Ақмола облысы
     "Атбасар" нан өнiмдерi комбинаты" АҚ
     "Ақбидай" АҚ
     "Қараадыр элеваторы" АҚ 
     "Адыр элеваторы" АҚ
     "Еркiншiлiк элеваторы" АҚ

     Ақтөбе облысы
     "Ақбидай" АҚ

     Алматы облысы 
     "Дән" АҚ
     "Дәулет" АҚ
     "Береке қола" АҚ
    
     Жамбыл облысы
     "Ел ырысы" АҚ
     "Малдыбай" АҚ

     Батыс Қазақстан облысы
     "Желаевск нан өнiмдерi комбинаты" АҚ

     Қарағанды облысы
     "Астық өнiмдерi" АҚ

     Қызылорда облысы
     "Шиелi астығы" АҚ
    
     Көкшетау облысы
     "Айыртау" АҚ
     "Куйбышева" АҚ
     "Шақшақ Жәнiбек" АҚ
     "Азат" АҚ
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады