Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығының мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 538. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 16 маусымдағы  N 1228  Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 жыл, N 19, 230-бап) және "Қазақстан Республикасында қылмысқа қарсы күрестiң және заң тәртiбiн нығайтудың 1993-1995 жылдарға арналған кезек күттiрмейтiн шараларының Мемлекеттiк бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1993 жылғы 23 қыркүйектегi  N 1352  қаулысына сәйкес, сондай-ақ тұтынушыларды құқықтық ақпарат қызметiмен және автоматтандырылған жүйелердi пайдалана отырып, оларды нормативтiк сипаттағы анықтама-әдiстемелiк материалдармен қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1.<*> 
      2.<*> 
       Ескерту. 1,2-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.06.15.  N 748  қаулысымен.  
      3. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы мен аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарына еңбек ақы төлеу шарттары, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң мәселелерi" жөнiндегi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 28 желтоқсандағы N 1478 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының әдiлет органдары мекемелерi және мемлекеттiк нотариат органдары қызметкерлерiнiң сыныптық шендерi және еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстеме ақы төлеу туралы ереженiң күшi қолданылатын болсын.<*> 
       Ескерту. 3- тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Үкiметiнiң 
1996.01.09.  N 31  қаулысымен.  
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарын қызметтiк үй-жаймен қамтамасыз етуде шаралар қабылдасын. 
      5.<*> 
      6.<*> 
       Ескерту. 5,6-тармақтардың күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.06.15.  N 748  қаулысымен. 
      7. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығын қосымша телефон байланысымен, оның iшiнде үкiметтiк байланыспен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ аймақтық құқықтық ақпарат орталықтарымен байланыс орнату үшiн "Искра-2" байланыс арнасын берсiн. 
      8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жанындағы Республикалық құқықтық ақпарат орталығы туралы Ереженi бекiтсiн.
      9. Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1977 жылғы 14 шiлдедегi N 402 өкiмiнiң;
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1985 жылғы 13 маусымдағы N 165 өкiмiнiң;
      Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 6 наурыздағы N 43 өкiмiнiң күшi жойылған деп танылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады